Назарбаева Дарига
Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Приветственное слово Заместителя Председателя Мажилиса Парламента

Приветственное  слово  Заместителя Председателя Мажилиса Парламента
Республики Казахстан Назарбаевой Д.Н.
на Правительственном
часе в Мажилисе Парламента РК 23 июня 2014 года на тему
«О ходе создания космической отрасли в Республике Казахстан»

 

 

Құрметті әріптестер!

 

Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа  Жолдауында  ғарыштық технология саласын дамыған  ғылым  базасы арқылы жетілдіру жөнінде міндет қойды.

Ғарыш қызметін дамыту үшін барлық ресурсын салатын мемлекет – ол өз болашағын тікелей инвестициялайтын мемлекет. Қазақстан солардың қатарында.

Өздеріңізге белгілі, космос қызметін дамыту үшін  барлық жағдай жасалған:

-салалық Заң қабылданған;

-ғарышты дамыту бағдарламалары бар;

-қомақты бюджет қаражаты бөлінген (соңғы төрт жылда 118,5 млрд. теңге);

-орбитада қазақстандық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигі жұмыс істейді.

Таяуда үш ғарыштық аппарат ұшырылды – оның біреуі байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесі және екеуі –жерді қашықтықтан зондтау аппараты.

Сондай-ақ, біздің ғарыш саласының  қорында  дәлдігі  жоғары спутниктік навигация жүйесі, ғарыш аппараттарын басқарудың жерүсті кешендері және ғылыми база бар.

Сонымен қатар, орасан зор ресурс – Байқоңыр космодромы бар.

 

Ендігі ортақ мақсат – қолда барды ұқсатып, ел игілігіне жарату.

Осы отандық спутниктер бос тұрып қалуына жол беруге болмайды, олардың ресурсын экономиканың барлық саласында барынша тиімді қолданып, халықтың әлеуметтік деңгейін көтеруге  пайдалану керек.

 

Құрметті әріптестер, сондықтан бүгінгі Үкімет сағатының тақырыбы Қазақстанда ғарыш саласын құру барысына арналып отыр.

 

Баяндама жасау үшін сөзді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш  агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа беруге рұқсат етіңіздер.

 

Талғат Амангелдіұлы, сөз сізде.

        

(перевод) 

Уважаемые коллеги!

 

Глава Государства в Послании народу «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» поставил задачу основать отрасль космических технологий на базе развитой науки.

Ведь, как известно, государства, вкладывающие ресурсы в развитие космической деятельности, напрямую инвестируют в свое будущее.  И Казахстан не исключение.

Для этого у нас созданы все условия:

-принят отраслевой Закон;

-есть программы развития космической деятельности;

-выделены значительные бюджетные средства  (118,5 млрд. тенге за последние четыре года);

-на орбите работает казахстанский спутник связи и вещания «КаzSat-2».

Недавно запущено еще три космических аппарата - один космической системы связи и вещания, два - дистанционного зондирования земли.

Также в арсенале отечественной космической отрасли система высокоточной спутниковой навигации, наземные комплексы управления космическими аппаратами и  научные базы. 

Более того, есть колоссальный ресурс - Космодром Байконур.

 

Нам только остается эффективно использовать весь этот мощный  потенциал.

Нельзя допускать, чтобы наши спутники простаивали, а нужно максимально использовать их ресурсы по назначению - во всех отраслях экономики и для повышения благосостояния населения.

 

Уважаемые коллеги, поэтому тема сегодняшнего Правительственного часа посвящена созданию космической отрасли в Казахстане.

 

Заключительное слово Заместителя Председателя Мажилиса

Парламента Республики Казахстан Назарбаевой Д.Н.

 на Правительственном часе в Мажилисе Парламента РК 23 июня 2014 года

 на тему «О ходе создания космической отрасли в Республике Казахстан»

 

 

Уважаемые коллеги!

 

Талгат Амангельдиевич осветил основные аспекты создания отечественной космической отрасли.

 

Следует отметить, что своевременная и четкая реализация задач позволит повысить вклад космической отрасли в развитие экономики страны. Где важным должен быть перенос фокуса внимания на эффективное использование космических продуктов и услуг во всех секторах экономики.

 

Я полагаю, что сегодня прошло очень хорошее обсуждение, прозвучали обоснованные, интересные предложения депутатов и соответствующие ответы по всем поднятым вопросам.

Поэтому разрешите, от имени депутатов, поблагодарить Талгата Амангельдиевича за содержательность темы правительственного часа. Мы, в свою очередь, уверены, что у Национального космического агентства имеются все возможности по достижению качественного и своевременного выполнения намеченных мероприятий, в том числе предложений, озвученных сегодня депутатами,

В свою очередь, те важные для развития космической отрасли вопросы, требующие законодательного обеспечения,  нами – депутатами, будут поддержаны.

 

Уважаемые депутаты, всем роздан проект рекомендаций.

Есть ли необходимость их обсуждения.

Уважаемые коллеги, если не будет других вопросов и пожеланий, разрешите на этом завершить правительственный час. 

 

Спасибо всем за совместную плодотворную работу.

 

 

(перевод)  Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Д.Н. Назарбаеваның

2014 жылғы 23 маусымдаҚР Парламентінің Мәжілісінде

«Қазақстан Республикасында ғарыш

саласының құрылу барысы туралы» тақырыпта өтетін

 Үкіметсағатындағы қорытынды сөзі

 

 

Құрметті әріптестер!

 

Талғат Амангелдіұлы отандық ғарыш саласының негізгі бағыттарын айтып өтті.

Міндеттерді уақтылы әрі нақты іске асыру ел экономикасын дамытудағы ғарыш саласының үлесін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Мұнда ғарыштық өнімдер мен қызметтерді экономиканың барлық секторында тиімді пайдалануға айырықша назар аудару қажет.

 

Бүгінгі талқылау жақсы өтті деп есептеймін, депутаттар негізді әрі дұрыс ұсыныстар айтты және барлық көтерілген сұрақтарға тиісті жауап берілді.

 

Сондықтан, депутаттар атынан Талғат Амангелдіұлына мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.

Біз өз кезегінде, Ұлттық ғарыш агенттігінің жоспарланған іс-шараларды, оның ішінде бүгін депутаттар айтқан ұсыныстарды сапалы әрі уақтылы орындауға барлық мүмкіндігі бар деп сенеміз.

Сонымен бірге, ғарыш саласы үшін маңызы бар және заңнамалық қамтамасыз етуді қажет ететін мәселелерді біз – депутаттар қолдаймыз.

Құрметті депутаттар, ұсынымдар жобасы барлығыңызға таратылып берілген.

Оларды талқылау қажет пе?

Құрметті әріптестер, егер басқа сұрақтар мен ұсыныстар болмаса, осымен Үкімет сағатын аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Барлығыңызға бірге атқарған жұмыстарыңыз үшін рахмет.

Сау болыңыздар. 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поиск



www.akorda.kz
www.government.kz
www.religions-congress.org
http://adilet.minjust.kz/