Назарбаева Дарига
Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан

 

Под председательством Заместителя Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан НАЗАРБАЕВОЙ Д.Н. состоялся Правительственный час на тему «РАСТЕНИЕВОДСТВО. ПРОБЛЕМЫ ДИВЕРСИФИКАЦИИ И МЕХАНИЗАЦИИ

 

 

Вступительное слово Заместителя Председателя Мажилиса

 Парламента Республики Казахстан НАЗАРБАЕВОЙ Д.Н.

 

 

Құрметті әріптестер!

Уважаемые коллеги!

 

Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттегі жаңа саяси бағыт» атты Жолдауында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі қазіргі адамзат тап болған ХХI ғасырдағы  ең өзекті он шақырудың біріне кіретіндігі атап өтілген.  

 

Қазақстан әлемдегі шешуші астықты өлкенің бірі бола отырып, тек өзі үшін ғана емес, барлық әлем үшін азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуге белсенді түрде қатысуы керек.

 

Бұл үшін біздің еліміздің барлық керекті алғышарттары  бар: атап айтқанда, орасан жер қоры, табиғи жағдайлардың әртүрлілігі, сонымен қатар өткізетін түпсіз терең нарығы бар тиімді географиялық орналасу. Бұндай артықшылықтар қазіргі кезде барлық елдерде бар деп айта алмаймыз.

 

Сондықтан Президент ауылшаруашылығын жаппай модернизациялау міндетін қойды, бұның мәнісі – егістік көлемін ұлғайту, ауылшаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын көтеру, өнімді қайта өңдеуді дамытуда мал шаруашылығы үшін жем-шөп базасын құру.

 

Осылайша, мемлекет алдында елімізде азық-түлік өндірісін тұрақты арттыру мақсатында жер өңдеу мәдениетін түбегейлі өзгерту міндеті тұр. 

 

Осыған байланысты бүгінгі Үкімет сағатының тақырыбы өсімдік шаруашылығындағы диверсификациялау мен механикаландыру мәселелеріне және оларды шешу жолдарына арналады.

 

 

 

 

 

 

Заключительное слово Заместителя Председателя Мажилиса

Парламента Республики Казахстан НАЗАРБАЕВОЙ Д.Н.

 

          

Құрметті әріптестер!

Уважаемые коллеги!

 

Ауыл шаруашылығы министрінің баяндамасында айтылғандай, бізде ауыл шаруашылығын диверсификациялау саласында жұмыстар жасалуда. Айтарлықтай болмаса да, жұмыстың нәтижесі бар.

Егер де күтілетін астықтың көлеміне сенімділік болмаса және жағдай табиғатқа тәуелді болса,  мемлекетке де, кәсіпкерге де бірнәрсені алдын ала жоспарлау қиын.

Табиғи жағдайларға тәуелділікті төмендету үшін жаңа технологияларды енгізу және ауылшаруашылығын диверсификациялау керек. Өздеріңіз білесіздер, арабтар шөл далада астық, көкөністер мен жемістерді, тіпті пальма ағашын өсіруді де үйреніп алды емес пе! Бірақ елімізде жаңа технологияларды енгізу және диверсификациялау қарқыны біз күткен деңгейден төмен.

Ауылшаруашылығын жаңғыртуды жылдамдатуға кедергі болатын мәселелерді қалай шешеміз? Аграрлық кәсіпкерлерге өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруге қалай көмектесеміз? Ең бастысы, оларға өз өнімдерін ішкі және сыртқы нарықта сатуға қалай көмек бере аламыз?

 

Біз ауыл шаруашылығын субсидиялау деңгейінің төмен екендігі ең басты проблема дегенді жиі естиміз. Бірақ мемлекет тарапынан қазіргі қаржылай қолдау көлемі қаншалықты тиімді қолданылып жатыр?

Субсидиялау көлемінің қандай екенін қалай білуге болады, егер әлі күнге дейін ішкі нарықтың қажеттілігі және отандық өнімдердің сыртқы нарықта өткізу мүмкіндігі туралы негізделген есептер жоқ болса?

Жалпы, бізде ауылшаруашылығы өнімдерін сыртқа сату жайы қалай жолға қойылған? Бұған қандай ұйым жауапты және олар өз міндеттерін дұрыс атқарып жүр ме?

Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау қоймалары қандай күйде? Астық мол шыққан жылдары сақтау қоймалары мен мұздатқыштардың жетіспеушілігінен диқандар зардап шегеді. Қоймалар қанша және қай жерде болуы керек? Бұл инфрақұрылымға кім инвестиция салады?

Өсімдік шаруашылығындағы тәуекелді сақтандыру бағдарламасын жетілдіру керек. Үстіміздегі жыл Солтүстік және Орталық Қазақстан үшін өте ауыр болды.  Алайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін сақтандыру төлемақысының көлемі, мерзімі мен шығындары туралы ешқандай мәліметтер жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде мал шаруашылығына (жем-шөпке), қайта өңдеуге, машина жасауға арналған бірнеше бағдарлама бар.   Бірақ осы айтылғандар өсімдік шаруашылығы саласының министрліктің басқа бағдарламаларымен өзара байланысын көрсетпейді. 

Осы саладағы кадрларға қажеттілік, мамандарды дайындау сапасы және ғылыми потенциалдың дамуы  туралы ақпараттар жоқ.

Бұл саланы Экономикалық одақ аясында не күтіп тұр? Ал Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен соң ше?

         Министрлікке біз қоятын күрделі сұрақтар осындай және біз жақын уақытта осыларға жауап күтеміз.

Дискуссиялар кезінде депутаттар бірталай ұсыныстар мен тілектерін білдірді, бұларды министрлік назарына алады деп ойлаймын және осы мәселеге арналған келесі Үкімет сағатында жауап беріледі деген ойдамын. Өсімдік шаруашылығы проблемаларына біз тағы да тоқталатын боламыз және біздің салалық комитет бұл мәселелерді өз бақылауына алады.

Құрметті әріптестер, сіздердің қолдарыңызда бүгінгі Үкімет сағатының қорытындылары бойынша Мәжіліс ұсынысының жобасы бар, қолдауларыңызды өтінемін.

         Осымен, Үкімет сағаты аяқталды.

      

         Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Поиск



www.akorda.kz
www.government.kz
www.religions-congress.org
http://adilet.minjust.kz/