Назарбаева Дарига
Заместитель Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІ

№ исх: 20-53/4380   от: 03.10.2014

 

 

                                                                       Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаттарына

2014 жылғы 4 қыркүйектегі

№ДС-174 хатқа

        

Құрметті депутаттар!

 

         Сіздердің депутаттық сауалдарыңызға төмендігіні хабарлаймыз.

«Білім туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес Білім және ғылым министрлігі жыл сайын білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК) тізбесін бекітеді.

Заңның 6-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жоғарыда көрсетілген тізбеге енген оқулықтар мен ОӘК-ні сатып алуды және барлық білім беру ұйымдарына дейін жеткізуді ұйымдастырады.

Бүгінгі күні оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізудің мынадай тәртібі қолданылады:  

1) қаңтар-ақпан айларында облыс бойынша келесі жылы білім алатын   оқушылардың болжамды саны анықталады;

2) мамыр-маусым айларында мектептерден оқулықтар және ОӘК бойынша ұсыныстар жиналады және баспаларға алдын ала тапсырыс беріледі. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;

3) шілде айында баспалармен шарттарға қол қойылады, оқулықтарға бөлінген қаржылай қаражаттан 30% алдын ала төлеу жүзеге асырылады;

4) 1 қыркүйекке дейін оқулықтар мен ОӘК-лер білім беру ұйымдарына жеткізіледі.

2014 жылы оқулықтар мен ОӘК-ні сатып алуға жергілікті бюджеттен              9 млрд.-тан астам теңге бөлінген (2012 жылы 7 млрд. 158 млн. теңге,                   2013 жылы – 8 млр. 308 млн. теңге).

Ағымдағы жылы Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Астана, Алматы қалаларында оқушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген.

Қалған өңірлерде жұмысты дұрыс ұйымдастырмаудың және ақшалай қаражаттың толық аударылмауы салдарынан мектептерге оқулықтардың уақтылы жеткізілмегендігін Білім және ғылым министрлігі анықтады (Ақмола облысында -  Сандықтау, Жақсы, Шортанды аудандары және Степногор қаласы, Шығыс Қазақстан облысында – Тарбағатай, Ұлан аудандары және Өскемен қаласы, Қызылорда облысында – Қызылорда қаласы, Қостанай облысында – Жетіқара ауданы мен Лисаков қаласы, Солтүстік Қазақстан облысында – Аққайың, Айыртау, Шал ақын, Жамбыл, Ақжар, Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев аудандары және Петропавл қаласы және т.б.).

Көрсетілген аудандар мен қалалардың әкімдері білім беру бөлімдері басшыларына жұмысты сапасыз ұйымдастырғаны үшін  тәртіптік шара қолданған.

Мысалға, Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің 2014 жылғы                10 қыркүйектегі № 67 д/в өкімімен аудандық білім бөлімінің басшысы                 Қ.Т. Едігеноваға сөгіс жарияланған, Қызылорда қаласы әкімінің 2014 жылғы  15 қыркүйектегі № 772-Ө өкімімен қалалық білім бөлімінің басшысы                  М.С. Аралбаевқа сөгіс жарияланған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 225-р өкімімен білім бөлімінің басшысы С.Қ. Жақыповқа сөгіс жарияланған, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 249-р өкімімен білім бөлімінің басшысы З.Б. Сағындықоваға ескерту жарияланған және т.б.

Мектептерде оқулықтардың жетіспеуіне басты себеп – жергілікті бюджет есебінен сатып алу кезінде көші-қон факторларының (оқушылардың бір мектептен екінші мектепке ауысуы, ауылдан қалаға көшуі және т.с.с.) жеткілікті ескерілмеуі және жергілікті бюджеттен бұл мақсаттардың толық қаржыландырылмауы, оқулықтарды мектептерге уақытылы жеткізбеу болып отыр.

Жоғарыда баяндалғанды, сондай-ақ Сіздер көтеріп отырған мәселені ескере отырып, Білім және ғылым министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың мектептерді оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз ету жүйесіне тыңғылықты талдау жасау, оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу тетігін әзірлеу тапсырылды.

Соңғы 3 жылдағы оқулықтармен және ОӘК-пен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты Сіздерге Білім және ғылым министрлігі беретін болады.

 

 

         Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                        К. Мәсімов

 

№ исх: 5488-1-1630-Д-7/02-2   от: 28.11.2014

 

                                                                                    Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісі

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы

Г.М. Иксановаға

2014 жылғы 4 қыркүйектегі

№ ДС - 174 хатқа қосымша

 

Құрметті Гүлнар Мұстахымқызы!

 

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздің  оқулық мәселесіне қатысты сауалыңызға сәйкес берілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің 2014 жылғы22 қарашадағы № 20-53/4380 тапсырмасын орындау мақсатындаоқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен білім беру ұйымдарын қамтамасыз етубойынша қабылданған шешімдер туралыхабарлайды.

Оқулықтардың жетіспеушілігі мынадай себептерге байланысты болып отырғандығы анықталған.

         Біріншіден, жыл сайын оқулықпен камтамасыз ету кезінде жергілікті атқарушы органдар жеткіліксіз қаржы бөледі және оқулықтарды жеткізу  мерзімі дұрыс ұйымдастырылмайды.

Екіншіден, оқулықтармен қамтамасыз етуді жоспарлау кезінде оқушылардың қозғалысы мен халықтың өсімі ескерілмейді. 

Үшіншіден,жергілікті бюджет тозған, жарамсыз немесе кітапхана есебінен шығарылатын оқулықтардың шығысын есепке алмайды.

«Тозған» оқулықтардың үлесі шамамен 21-24%-ды құрайды. Осы шығынның орнын толтыруға жұмсалатын қаражат ескерілмейді.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрамына облыстық және аудандық деңгейдегі кітапхана қорына жауапты мамандар, баспалардың өкілдері енген жұмыс тобы құрылған болатын.

Жұмыс тобы төмендегідей регламент белгіленгенБілім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету тетігінәзірледі және жергілікті атқарушы органдарға, баспаларға жолдады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі:

10 қаңтарға дейін Пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) бекітеді;

оқулықтармен қамтамасыз етудің әр кезеңінде бақылау процесін орнатады;

25 тамызға дейін  білім беру ұйымдарының оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты Министрліктің сайтына орналастырады.

Баспалар:

1 ақпанға дейін Тізбеге енген оқулықтар мен ОӘК прайс-парақтарын өз ұйымының сайтында орналастырады;

30 мамырға дейін жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы негізінде оқулықтар мен ОӘК-ні басып шығарады және тиісті орынға уақытылы жеткізу үшін дайындайды;

Оқулық басып шығарылғаннан және таратылғаннан кейінгі анықталған кателер үшін баспалар жауапты болады және оны қайта басып шығаруға, білім беру ұйымдарына дейін жеткізуге жұмсалатын шығындар баспаның есебінен жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдар:

1 қаңтарға дейін демографиялық көрсеткіштерді ескере отырып келесі оқу жылына қажетті оқулықтар туралы мәліметтерді жинақтайды;

қажетті оқулықтарды болжанған білім алушылардың санынан кем дегенде жиырма пайыз артық қосымша сатып алуды жүргізеді;

1 сәуірге дейін баспаларға тапсырыс береді және шарт жасайды;

1 мамырға дейін оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізудің конкурстық рәсімдерін өткізеді;

10 тамызға дейін оқулықтар мен ОӘК білім беру ұйымдарына жеткізіледі.

Кітапхана қорын жинақтау процесін дұрыс ұйымдастыру және басқару мақсатында жергілікті атқарушы органдар мектеп кітапханасының облыстағы, аудандағы немесе қаладағы басқа кітапханалармен қызметін үйлестіре алады.

15 тамызға дейін Білім және ғылым министрлігіне оқулықтармен және ОӘК-мен білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету туралы есепті жолдайды.

Қазіргі кезде Министрлік ҚР Парламенті Мәжілісінің ұсынымдамаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Сонымен қатар, «Қатесіз оқулық» республикалық акциясын өткізу туралы қағида әзірленіпбілім беру ұйымдары арқылы мұғалімдердіңжәне ата-аналардың назарына жеткізілді.

 

 

         Министр                                                                         А. Сәрінжіпов

 

Т. Жакенов, 74-20-48

 

Поиск



www.akorda.kz
www.government.kz
www.religions-congress.org
http://adilet.minjust.kz/