ЖУМАДИЛЬДАЕВА
Наталья
Васильевна

Член Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан

Обращение к депутату
Депутатский запрос заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан

№ исх: ДЗ-106   от: 20.06.2019

Оглашен 19 июня 2019 года

Заместителю Премьер-Министра 

Республики Казахстан 

Г.Н. Абдыкаликовой

Депутатский запрос

Уважаемая Гульшара Наушаевна!

В Послании народу Казахстана «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни» были даны четкие поручения по повышению доступности массового спорта и физкультуры на региональном уровне.

В настоящее время центральные ведомства республики и акиматы областей приступили к исполнению поручения Первого Президента–Елбасы по строительству 100 физкультурно-оздоровительных центров.

В соответствии с принятым планом в 2019 году за счёт местного бюджета запланировано строительство 23-х физкультурно-оздоровительных центров, 8 объектов будет построено в рамках «Ауыл – ел бесігі» и 49 проектов введено за счёт софинансирования 30% из бюджета республики, a 70% – за счет бюджетов областей. Кроме этого, областям-донорам бюджета          предложено на региональном уровне изыскать средства на строительство еще 20 ФОКов.

Обращает на себя внимание то, что все возводимые ФОКи будут строиться с возможностями для игровых видов спорта, с тренажёрными залами, залами борьбы и бокса с трибунами для зрителей.

Вместе с тем, всего в Казахстане действуют 336 плавательных бассейнов, которые в основном расположены в областных центрах и крупных промышленных городах. Их катастрофически не хватает в сельской местности.

Медициной доказано, что занятие плаванием является эффективным средством укрепления иммунитета, снижения заболеваемости. Но самое главное – организованное плавание в бассейне послужит одним из факторов снижения смертности на водоемах республики. С начала этого года в Казахстане жертвами водной стихии стали 74 человека, 33 из них – дети. Самой распространённой причиной трагедий на воде стало неумение плавать, несоблюдение правил безопасности и плавание в неустановленных местах. 66% погибших на воде – жители сельской местности.

В связи с изложенным, просим Вас дать указание местным исполнительным органам предусмотреть строительство ФОКов, совмещенных с бассейнами, что позволит удовлетворить потребности сельской молодежи в полноценном перечне спортивных занятий.

Ответ просим предоставить в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

С уважением, депутаты, избранные от Ассамблеи народа Казахстана в Мажилисе Парламента Республики Казахстан       

Н. Жумадильдаева, С. Абдрахманов, В. Божко, Р. Ким, Н. Микаелян, А. Мурадов, Ш. Нурумов, Ю. Тимощенко, Ш. Хахазов

          исп: А. Юсупова р.т.746106, с.т.7029891818, yusupova@parlam.kz


Ответы

№ исх: 21-8/1537 дз   от: 16.07.2019

№ вх.3195//21-8/1537дз/ДЗ-106  от: 16.07.2019

                                                                       

Депутатам Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по списку)

На № ДЗ-106 от 19.06.2019г.

Уважаемые депутаты!

Рассмотрев Ваш депутатский запрос по вопросу строительства в регионах физкультурно-оздоровительных комплексов (далее – ФОК) с плавательными бассейнами сообщаем следующее.

Министерством культуры и спорта в рамках формирования республиканского бюджета на 2020-2022 годы сверх доведенных лимитов заявлены расходы на софинансирование из республиканского бюджета в размере 30% строительства ФОКов в субвенциальных регионах страны в сумме 8 400 000 тыс. тенге, из них:

на 2020 год – 3 915 000 тыс. тенге;

на 2021 год – 4 485 000 тыс. тенге.

При уточнении республиканского бюджета на 2019 год в рамках проекта «Ауыл-Ел бесігі» предусмотрены средства в сумме 8 497 685 тыс. тенге на строительство 13-и физкультурно-оздоровительных комплексов - 4 779 748 тыс. тенге; строительство крытого плавательного бассейна в селе Курчум Курчумского района Восточно-Казахстанской области - 200 000 тыс. тенге; строительство плавательного бассейна в селе Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области -  316 919 тыс. тенге, которые будут рассмотрены в установленном законодательством порядке с учетом предусмотренных средств на инвестиционные проекты, финансируемые в рамках проекта «Ауыл – Ел бесігі», и вынесены на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии.

В целях унификации Министерство индустрии и инфраструктурного развития готово разработать типовой проект ФОКа с плавательным бассейном.

В настоящее время ведется строительство ФОКов и дворцов спорта с плавательными бассейнами в Акмолинской, Павлодарской и Туркестанской областях. При этом, в Акмолинской и Павлодарской областях строительство планируется завершить в этом году, в Туркестанской области - в 2020 году.

В городах Жезказган и Шахтинск Карагандинской области строительство ФОКов с бассейнами начнется в 2020 году. На сегодняшний день разработана проектно-сметная документация ФОКов, которая прошла государственную экспертизу.

Акиматы Акмолинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Северо-Казахстанской и Павлодарской областей поддержали предложение об обязательном включении бассейнов в проекты новых спортивных комплексов. Данные регионы включили в перечень объектов, требующих финансирования в течение 5-летнего периода, проекты строительства бассейнов в сельской местности. В Акмолинской и Актюбинской области к строительству приступят в 2020 году, в Восточно-Казахстанской и Кызылординской областях – в 2021 году и в Западно-Казахстанской области – в 2023 году.

Учитывая вышеизложенное, Министерству культуры и спорта поручено совместно с акиматами областей изучить возможность строительства ФОКов с плавательными бассейнами или отдельных плавательных бассейнов в рамках государственно-частного партнерства или за счет привлечения спонсоров.

На основании изложенного, по итогам проведенных мероприятий Министерство культуры и спорта проинформирует депутатский корпус.

Г. Абдыкаликова

Исп: Имакова Ж.Д.

Тел.750037

№ исх: 21-8/1537 дз   от: 16.07.2019

№ вх.3195//21-8/1537дз/ДЗ-106  от: 16.07.2019

                                                                       

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына (тізім бойынша)

2019 жылғы 19 маусымдағы № ДЗ -106 хатқа

Құрметті депутаттар!

Өңірлерде жүзу бассейндері бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін (бұдан әрі – ДШСК) салу мәселесі бойынша Сіздің депутаттық сауалыңызды қарап келесіні хабарлаймыз.

Мәдениет және спорт министрлігі 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде жеткізілген лимиттерден тыс  8 400 000 мың теңге сомасында елдің субвенциялық өңірлерінде ДШСК салуға 30% мөлшерінде республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыруға арналған шығыстарды өтінген, оның ішінде:

2020 жылға – 3 915 000 мың теңге;

2021 жылға – 4 485 000 мың теңге.

2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде «Ауыл-Ел бесігі»  жобасы аясында 8 497 685 мың теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысына - 4 779 748 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылында жабық жүзу бассейнінің құрылысына - 200 000 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылында жүзу бассейнінің құрылысына - 316 919 мың теңге, олар «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға көзделген қаражатты ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын болады.

Үйлестіру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзу бассейні бар ДШСК үлгі жобасын әзірлеуге дайын.

Қазіргі уақытта Ақмола, Павлодар және Түркістан облыстарында жүзу бассейндері бар спорт сарайларының мен ДШСК құрылысы жүргізілуде. Бұл ретте, Ақмола және Павлодар облыстарында құрылысты биылғы жылы, Түркістан облысында 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қарағанды облысының Жезқазған және Шахтинск қалаларында бассейндері бар ДШСК-нің құрылысы 2020 жылы басталады. Бүгінгі күні мемлекеттік сараптамадан өткен ДШСК-нің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдіктері бассейндерді жаңа спорт кешендерінің жобаларына міндетті түрде енгізу туралы ұсынысты қолдады. Бұл өңірлер 5 жылдық кезең ішінде қаржыландыруды талап ететін объектілер тізіміне, ауылдық жерлердегі бассейндер құрылысының жобаларын енгізді. Ақмола және Ақтөбе облысында 2020 жылы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында-2021 жылы және Батыс Қазақстан облысында – 2023 жылы құрылыс басталады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Мәдениет және спорт министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде немесе демеушілерді тарту есебінен жүзу бассейндері немесе жеке жүзу бассейндері бар ДШСК салу мүмкіндігін зерделеу тапсырылды. 

Баяндалғанның негізінде, өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі депутаттық корпусты хабардар етеді. 

Г. Әбдіқалықова

Орынд: Ж.Д.Имақова Тел.750037

№ исх: 21-8/1537 дз   от: 16.07.2019

№ вх.3195//21-8/1537дз/ДЗ-106  от: 16.07.2019

Қосымша

Тізім

Н.В. Жұмаділдаева

С.А. Абдрахманов

В.К. Божко

Р.У. Ким

Н.Г. Микаелян

А.С. Мурадов

Ш.У. Нурумов

Ю.Е. Тимощенко

Ш.Х. Хахазов


№ исх: 14-10-04/6959//21-8/1537дз   от: 16.08.2019

№ вх.3195-1/ДЗ-106  от: 16.08.2019

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына (тізім бойынша)

2019 жылғы 19 маусымдағы ДЗ-106 сауалға

Құрметті депутаттар!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Өңірлерді жүзу бассейндері бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік немесе демеушілерді тарту шеңберінде зерделеу мәселесі бойынша Сіздердің депутаттық сауалыңызды қарап, тиісті ақпаратты жолдайды.

Қосымша: «6» бетте.

Министр                                                                                          А. Райымкұлова

Орынд.Әбілқаева Т.Т..

тел.: 74-08-96


№ исх: 14-10-04/6959//21-8/1537дз   от: 16.08.2019

№ вх.3195-1/ДЗ-106  от: 16.08.2019

Қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 70 бұйрығымен бекітілген статистикалық деректеріне сәйкес республикада 336 жүзу бассейні тіркелген, оның ішінде 136 жүзу бассейні спорт мектептерін қоса алғанда, білім беру мекемелеріне тиесілі және 200 жүзу бассейні спорттық мақсаттағы объектілерге жатады.

             Аталған деректер негізінде 2018 жылмен салыстырғанда жүзу бассейндерінің жалпы саны 16 бірлікке артып отыр, оның ішінде Ақмола облысында 1 жүзу бассейні,  Ақтөбе облысында 5 жүзу бассейні, Алматы қаласында 9 жүзу бассейні, Шығыс Қазақстан облысында 1 жүзу бассейні, Павлодар облысында 1 жүзу бассейні іске қосылды, ал Алматы облысы бойынша 1 жүзу бассейні техникалық талаптарға сай болмауына және мақсатымен қолданбауына байланысты жабылды. Қалған 12 өңірде жүзу бассейндерінің саны артпады.

Қазіргі таңда облыс көлеміндегі ауылдық елді-мекендерде спорттық кешендер құрылысы жанынан бассейн құрылыстарын салу бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр.

Дегенмен, өңірлерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы және демеушілер есебінен жүзу бассейндерін салу жұмыстары жалғасын тауып келеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2015 жылы жалпы ауданы 1 601,4 кв.м. бес климаттық кіші аудан бойынша 100 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (бұдан әрі – ДШСК) үлгілік жобасын әзірлеген болатын. Аталған үлгілік жобада жүзу бассейндері қарастырылмаған. Кешендерді бассейндермен біріктіру үшін жобалық сметалық құжаттаманы түзету талап етіледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2015 жылы жалпы ауданы 1 601,4 кв.м. бес климаттық кіші аудан бойынша 100 көрерменге арналған ДШСК үлгілік жобасы әзірленді, ол жергілікті жерге байланыстыра отырып, іске асыру үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органдарға берілгендігін қайта хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МЖӘ туралы заң)                      10-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы ДШСК жобаларын іске асыру туралы шешім қабылданған жағдайда мынадай дәйекті сатылардан өту қажет:

1) мемлекеттік әріптестің инвестициялық ұсынысты не жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуі;

2) жекеше әріптесті айқындау;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;

4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы.

МЖӘ туралы Заңның 23-бабына сәйкес тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы өз құзыреті шегінде МЖӘ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты және тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Ақтөбе облысы бойынша 14 жүзу бассейні тіркелген. Қазіргі уақытта Қобда ауданында жүзу бассейні бар ДШСК жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2019-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттен Байғанин ауданданында жүзу бассейні бар ДШСК құрылыс жұмыстарын бастады.

Алдағы уақытта Ойыл және Мұғалжар аудандарында жүзу бассейндері бар ДШСК жобалық сметалық құжаттамаға енгізу жоспарлануда.

Алматы облысы бойынша 47 жүзу бассейні тіркелген. Ағымдағы жылы Қарасай ауданы Шамалған ауылында мемлекеттік жекешелік әріптестігі желісі шеңберінде 320 орынды ДШСК салынды. Аталған ДШСК-де екі жүзу бассейіні бар. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейіннің құрылысы басталды, аталған құрылыс нысанында үш жүзу бассейінің жобасы қарастырылған.

Ал жоғарыда аталған ДШСК 180 орынға арналған болғандықтан ол жерде бассейіннің құрылысы қарастырылмаған. Аталған жобаларда бассейінді салу үлкен қаражатты талап етуіне байланысты және жергілікті өңірлік стандартар талаптарына сай аталған ДШСК ауылды жерлерде салынуына байланысты жергілікті стандарттарда көрсетілмегендігін хабарлайды.

Атырау облысы бойынша 10 жүзу бассейні тіркелген. Жыл соңына дейін Махамбет ауданының Ақжайық, Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылынан және Жылыой ауданының Майкөмген ауылынан спорт кешендерінің құрылыстарын аяқтап, тапсыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Мақат ауданының Мақат кентінен, Исатай ауданының Тұщықұдық, Жанбай, Исатай, Х.Ерғалиев, Индер ауданының Жарсуат, Көктоғай ауылдарынан спорт кешендерінің құрылыстарын салу қарастырылуда.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 30 жүзу бассейні тіркелген қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде немесе демеушілерді тарту есебінен жүзу бассейндері бар ДШСК немесе жеке жүзу бассейндерін салу мүмкіндігін зерделеу ұсынылғаны бойынша хат жолданғаны туралы хабарлайды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

           Батыс Қазақстан облысы бойынша 6 жүзу бассейні тіркелген, оның ішінде 1 бассейн Бөрлі ауданының Ақсай қаласында және Орал қаласында 5 бассейн. Орал қаласындағы бес бассейннің ішінде үшеуі жұмыс істейді. Олар қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатырған «Жайық Самалы» бассейні (25 м.), «Энергия» фитнес-орталығының бассейні (25 м., жеке) және Оқушылар және жастар сарайының бассейні (19 м.).

2023 жылға дейінгі 5 жылғы кезеңде қаржыландыруды талап ететін БҚО объектілері тізіліміне Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы бассейннің құрылысы енгізілді.

Маңғыстау облысы бойынша 12 жүзу бассейні тіркелген. 2019 жылдың маусым айында 2 спорт кешенінің құрылысы аяқталды, олар:

Бейнеу ауылында жүзу бассейні бар ДШСК құрылысы аяқталды. Пайдалануға беру актісі дайын емес, қаржыландыру көзі - «Түпқарағанстройсервис» ЖШС болып табылады;

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-5 ауылында спорт кешені аяқталды. Пайдалануға беру актісі дайын емес, қаржыландыру көзі – «NCOC» компаниясы.

Сонымен қатар Қарақия ауданының Сенек ауылында жаттығу залының құрылысы аяқталды, ашылуы 2019 жылдың тамыз айының аяғына жоспарланған.

Желтоқсан айында Ақтау қаласы 17 ш.а. «Бокс орталығының» құрылысы аяқталады, құрылысты қаржыландырған «NCOC» компаниясы болып табылады.

Сонымен бірге, облыс әкімдігі тарапынан 2020 жылға ДШСК салу құрылысының тізіміне Маңғыстау облысы елді мекендеріндегі 5 спорт нысанын енгізу туралы ұсыныс Министрлікке хат жолданды. Олар:

Мұнайлы ауданы Атамекен және Қызылтөбе ауылдарынан спорт залдарының құрылысы;

Қарақия ауданы, Мұнайшы кентінде спорт кешенінің құрылысы;

Қарақия ауданы Жетібай ауылында сауықтыру кешенінің құрылысы, құрылыс 2021 ж.    аяқталады;

Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы 160 орындық ДШСК құрылысы – құрылыс 2021 жылы аяқталады.

2018 жылы төмендегі спорт нысандарының құрылысы Мәдениет және спорт министрлігінде қаралып, Қаржы министрлігінен қолдау таппады, олар:

Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында 2 спорт залының құрылысы, нысанның сметалық құны 516,3 млн.теңге;

Қарақия ауданы Бостан ауылындағы спорт зал құрылысы, нысанның сметалық құны 158 млн. теңге;

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында спорт кешенінің құрылысы, нысанның сметалық құны - 365,6 млн. теңге;

3 жобаның жалпы құны – 1,039 млн. теңге құрап отыр, осыған байланысты аталған жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуіңізді сұрайды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 27 жүзу бассейні тіркелген. Қазіргі уақытта «Көктал-2», «Ильинка», «Өндіріс», «Железнодорожный» төрт тұрғын алабындағы ДШСК салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Аталған жобаларда жүзу бассейндері құрылысы қарастырлмаған.

Аталған объектілер «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде Елбасының қаланың шет аймақтарын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жобалар тізбесіне енгізілді, бұған 6 400 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6 208 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 192 млн.теңге (2019 жыл –  2 775 млн.теңге, оның ішінде: РБ – 2 692 млн.теңге, ЖБ – 83 млн.теңге; 2020 жыл – 2 594 млн.теңге, оның ішінде: РБ – 2 516 млн.теңге, ЖБ – 78 млн.теңге; 2021 жыл – 1 031 млн.теңге, оның ішінде: РБ – 1 000 млн.теңге,                               ЖБ – 31 млн.теңге) қарастырылды. 

Павлодар облысы бойынша 19 жүзу бассейні тіркелген. Ағымдағы жылғы 1 маусымда Павлодар облысы полиция департаментінің базасында (25 м.) жүзу бассейнінің салтанатты ашылуы өтті, оның қайта жаңартылуына облыстық бюджеттен 400,0 млн.теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы пайдалануға берілуі жоспарланған, Павлодар қаласының Павлодарское ауылында ДШСК және Железин ауданының Железинка ауылында спорт кешенінің және 2020 жылы – Павлодар қаласының Ленин кентінде ДШСК құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар аяқталуда.

Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында жүзу бассейні бар ДШСК құрылысына оң сараптамасы бар жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.

Сонымен қатар, ДШСК құрылысы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жобалардың республикалық тізбесіне қосу үшін жергілікті бюджет қаражатынан жобаның құнынан 70% бірлесіп қаржыландыру арқылы бюджеттік өтінімдер жолданды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 13 жүзу бассейні тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 14 ДШСК жұмыс істейді, соның ішінде 1 ДШСК ауылда орналасқан және жүзу бассейнімен біріктірілген.                

Солтүстік Қазақстан облысы субвенциялық аймақ болып табылады, осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жолдауын сапалы орындау мақсатында бір ДШСК құнының 70% көлемінде республикалық бюджеттен қолдау қажет.

Бірлескен бассейндері бар ДШСК салу мәселесі назарға алынды және кейіннен тиісті қаржыландыру көздері болған жағдайда ДШСК құрылысын жобалау кезінде қарастырылатын болады.  

Түркістан облысы бойынша 24 жүзу бассейні тіркелген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде немесе демеушілерді тарту есебінен жүзу бассейндері және жеке жүзу бассейндері бар ДШСК салу мүмкіндігін зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде іске қосылатын нысандар тізбесі бекітілді. Қазіргі таңда Түркістан қаласында «Жабық бассейні бар спорт сарайының» құрылысы «AKFA BREND» ЖШС-і демеушілігімен салынып жатыр, нысан 2020 жылға өтпелі.   

Қостанай облысы бойынша 18 жүзу бассейні тіркелген. ДШСК типтік жобалары бассейндерді қарастырмайды, осыған байланысты кешендердің құны 400,0 млн.теңгені құрайды. Кешендерді бассейндермен біріктіру үшін жобалық сметалық құжаттаманы түзету талап етіледі, бұл жобаларды іске асыру мерзімдеріне әсер етеді. Бұдан басқа бассейндер салу жобалар құнының 800,0 млн.теңгеге дейін айтарлықтай қымбаттауын болжайды. Бұл шығыстар жергілікті бюджеттерде көзделмеген.

              Осыған байланысты, жүзу бассейндермен біріктірілген ДШСК салу жобаларын іске асыру мүмкін емес.

                  Шымкент қаласы бойынша 8 жүзу бассейні тіркелген. Қазіргі таңда, «Металлург» спорт кешені құрылысының жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2020-2021 жылдарға арналған бюджетке ұсынылды. Аталған спорт кешендердің жобалық сметалық құжаттарында бассейн қарастырылмаған. Алдағы уақытта құрылысы жүргізілетін ДШСК бассейн қарастырылатын болады.

              Қызылорда облысы бойынша 7 жүзу бассейні тіркелген. Қазіргі таңда, «Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «№4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт  мектебі» КММ-нің теңгеріміндегі «Евразия» спорт кешенінде жүзу бассейні жұмыс жасайды, сондай-ақ «Мұз айдыны» ШЖҚ МКК-да 2018 жылы жазғы ашық бассейн іске қосылды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2019 жылы Қызылорда қаласында жүзу бассейні бар ДШСК құрылысын салуға ұсыныс түсті.  

          Аудандық және ауылдық жерлерде жүзу бассейндері құрылыстарын соғуға  байланысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып облыстың Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарында жүзу бассейндері бар ДШСК салуға кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар түсіп отыр. Басқа да аудандармен зерделеу жұмыстары жасалынып тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Алдағы уақытта аталған жобалардың іске асырылуына жұмыстар жасалынып, барлық мүмкіндіктер қарастырылатын болады. 

№ исх: 14-10-04/6959//21-8/1537дз   от: 16.08.2019

№ вх.3195-1/ДЗ-106  от: 16.08.2019

Тізім

Н.В. Жұмаділдаева

С.А. Абдрахманов

В.К. Божко

Р.У. Ким

Н.Г. Микаелян

А.С. Мурадов

Ш.У. Нурумов

Ю.Е. Тимощенко

Ш.Х. Хахазов