Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.01.2012

Парламент Мәжілісінің жаңа құрамын сайлауға дайындық шаралары бойынша 2011 жылғы 1 – 31 желтоқсан аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдарға ШОЛУ


Парламент Мәжілісінің жаңа құрамын сайлауға дайындық шаралары бойынша 2011 жылғы 1 – 31 желтоқсан аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдарға

ШОЛУ

 

Ақпарат-талдау бөлімі дайындаған осы шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналар мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Атап айтқанда, осы шолуда «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Дала мен Қала», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Ел», «Халық сөзі» газеттерінің, «ҚазАқпарат», «Kazakhstan today», «Қазақстан жаңалықтары», «BNews.kz» ақпараттық агенттіктері мен «Қазақстан» ТРК, «Хабар»,              «7 арна» телеарналарының жаңалықтар қызметінің материалдары жинақталды.

 

Аталған кезең ішінде бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылықты сайлауалды шараларының барысын сипаттайтын материалдармен таныстырды.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Заңға сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында құжаттарды тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасты.

«Қазақстан» ТРК-ның хабарлауынша, осы уақытқа дейін саяси партиялар кезектен тыс съездерін өткізіп, сайлауалды тұғырнамаларын бекітті. Сөйтіп, 8 партия түгел өз жиындарында алдағы саяси аламанға қосатын кандидаттарының тізімін жариялады.

Сонымен, 2011 жылғы 15 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы 8 партияның 386[1] кандидаттан тұратын партиялық тізімдерін тіркеді, деп жазады «Егемен Қазақстан». Бір депутаттық мандатқа шамамен 4 адам бәсекелеседі. Тіркелген кандидаттардың арасында 12 ұлттың өкілі бар. Үміткерлердің орташа жасы – 54 жас. Кандидаттардың 21 пайызын әйелдер құрайды.

Үміткерлердің 99 %-ы жоғары білімді. Олардың 35 %-ның заңгерлік немесе экономикалық білімі бар, 30 %-ға жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары болып табылады. Тіркелген кандидаттардың 13 %-ы төртінші сайланған Парламенттің депутаттары. Төрттен бірі коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, ал 12 %-ға жуығы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16 %-дайы ғылым, мәдениет және білім саласында жұмыс істейді.

14 желтоқсан күні партиялардың дауыс беру бюллетенінде орналасу тәртібін айқындайтын жеребе тартылды, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі. Оның нәтижесі бойынша партиялар бюллетеньде мынадай ретпен орналасатын болды: 1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы; 2. Қазақстанның Патриоттары партиясы;                            3. «Руханият» партиясы; 4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;                           5. Жалпыұлттық социал-демократиялық халық партиясы; 6. Қазақстанның Коммунистік халық партиясы; 7. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы; 8. «Әділет» демократиялық партиясы.

Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілетті органдардың сайлауын бір мезгілде өткізу шарасы 4 млрд. теңге бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат», Орталық сайлау комиссиясы өкілдеріне сілтеме жасай отырып. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу үшін барлығы 8,2 млрд. теңге жұмсалады деп күтілуде. Бұл шамамен алғанда, 55 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржы.

Сайлаудың объективті өткізілуін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жан-жақты шаралар қабылдану үстінде. Атап айтқанда, сайлаудағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылып, оның ережесі бекітілді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қоғамдық кеңестің құрамына елімізге танымал заңгерлер мен саясаттанушылар, аймақтық және республикалық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары енген. Сондай-ақ олардың арасында уәкілетті органдар мен Орталық сайлау комиссиясының, Байланыс және ақпарат, Әділет министрлігінің өкілдері де бар.

Бұған қоса, «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасының Президенті                       Н. Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қоюды ұсынды. Бұл бастама партиялар тарапынан қолдау тапты. Ал «Бас редакторлар клубының» алдағы сайлау науқанын насихаттауда журналистердің заң шеңберінде жұмыс істеуі, этикалық нормаларды ұстануы туралы Хартия қабылдау жөнінде бастамасы да құжат түрінде қабылданды.

Сонымен бірге, Мәжіліс пен мәслихат сайлауын бақылау үшін республикалық қоғамдық комиссия да құрылды. Алдағы сайлау науқанының әділ өтуін қадағалауды көздейтін бірлестік Алматыда өз штабын ашып отыр, деп хабарлайды «Қазақстан» ТРК.

Дегенмен, бұл сайлауалды процесі оқыс оқиғалардан құралақан болған жоқ.

Оның біріншісі, 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік салдарынан қала аумағында төтенше жағдайдың енгізілуі. Бұл тәртіптің                 2012 жылғы қаңтар айының соңына дейін ұзартылуы қалада Мәжіліс және мәслихаттар сайлауын өткізу жұмысын шектеді.  

Ал екіншісі, «ҚазАқпарат» хабарлағандай, 26 желтоқсанда «Руханият» партиясының негізін қалаған танымал саясаткер А. Жағанова саяси мәлімдеме жасап, «Руханият» партиясын сайлау тізіміне тіркеуден алып тастауды және партияның басшысы С. Мәмбеталинді бұрмалауға жол бергені үшін жауапкершілікке тартуды талап етті. Жағанованың мәлімдемесі отандық ақпарат құралдарының барлығында дерлік қызу талқылау тақырыбына айналды. Тіпті, «Руханият» партиясының басшылығы мәлімдеме иесін сотқа беретінін де айтып үлгерді. Алайда, А. Жағанованың мәлімдемесінде айтылған фактілер расталып, 28 желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы шешімінің күшін жоятын қаулы қабылдады. Бұған негіз болған фактілердің тексеруілуі туралы Бас прокуратура өкілдері түсінік берді.

«Интерфакс-Қазақстанның» хабарлауы бойынша, тиісті қаулының 2-бабында «Руханият» партиясы Парламент Мәжілісі сайлауының бюллетеньдерінен сызып тасталсын» деп жазылған. Сөйтіп, сайлауға қатысушы саяси күштер тізімі 1 партияға азайды.

Жалпы алғанда, желтоқсан айында сайлауалды процесі ақпарат құралдарында кеңінен жазып-көрсетілді. Оның нәтижелері 31 желтоқсан күні «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тең жағдайда және бірдей мөлшерде» атты материалда айтылған.

Баспасөз материалдары партиялардың сайлауалды шаралары, олардың отырыстарында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер, жұртшылықпен кездесулер барысы, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан жүргізілген жұмыс, ол қабылдаған шешімдер мен құжаттар, шетелдік және халықаралық байқаушылармен кездесу секілді кең тақырып аясын қамтыды.

 

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас консультанты М. Садықов дайындады.

 

 

 

 

 

 

 

Партиялық тізімін тапсырды

 

/«Егемен Қазақстан», 01.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні «Нұр Отан» басқа партиялардың ішінде алғашқысы болып тіркеуден өту үшін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін тапсырды. Бұрын мәлім болғандай, партияның ХІV съезінің шешімі бойынша оған 127 адам кірді.

Бүгін партия өкілдері ОСК-ға барлық қажет құжаттарды тапсырды. Заңнама талаптарына сәйкес, тіркеу үшін қажет құжаттар тізіміне үміткерлердің аты-жөні көрсетілген съезд хаттамасы көшірмесінен басқа өтініштер, салық органдарынан берілген анықтама, әрбір үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) биографиялық мәліметтеріне қатысты барлық құжаттар да кіреді.

Заңға сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында құжаттарды тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

Павлодарда Парламент Мәжілісінің

сайлауына дайындық қызу жүруде

 

/«Хабар» агенттігі, 01.12.2011 ж./ - Сайлау комиссиясы да жаңартылды. Кандидаттар ұсынылып, бүгінгі тізім бойынша олардың қатары 17 адам болды.

Сайлауалды дайындық мәселесі кеңінен қаралды. Жиынға барлық аумақтан комиссия мүшелері мен өкілдерінің бірі қалмай келіпті. Ертіс жағалауында электронды дауыс беруге 470 адамның құқы бар. Дегенмен, дауыс берушілердің тізімі әлі де анықталуда. Мұнымен жергілікті атқару билік органдары айналысады. Дәл қазіргі жағдайда ешбір қателік жібермеу қажет дейді аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері. Қазір, комиссия мүшелерінің барлығы тұтас Орталық сайлау комиссиясы бекіткен құжаттармен танысуда. Анықталған мәліметтерге сүйенсек, қазір кезде облыстық мәслихат кандидаттығына 5, аудандық және қала аумағынан 12 үміткер тіркелген. Олар әртүрлі партиядан түсіп отыр, алайда жекелегендері де бар. Кандидаттар арасында әйелдер қатары көп. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың қаңтар айының ортасында болатын сайлау науқанына деген қызығушылығы басым, - дейді жергілікті билік өкілдері.

Сансызбай ӘКІМБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОСК БАС САРАПШЫСЫ:

- Бізде 14 территориалдык комиссия жұмыс істейді, сонымен 206 округтық сайлау комиссиялар жұмыстарын бастады. Біздің қатысушылар соған қызықтанып, не звондайды, не өздері келіп сұрайды, қалай, қайсы жаққа бару керек, қандай документтерді, мысалы, дайындау керек деген сияқты.

 

 

«Руханият»

 

/«Егемен Қазақстан», 01.12.2011 ж., А. Есали/ - Сейсенбі күні сайлауалды додаға «Руханият» партиясы да ілесіп, кезектен тыс VIII съезін өткізді. Жиынды партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин ашып, съезге Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 203 делегат қатысып отырғандығын мәлімдеді. Бұл партияның басты жаңалығы – тіркелмеген «Халық рухы» партиясымен біріккендігі.

Ендігі жерде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына «Руханият» партиясы мен тіркелмеген «Халық рухы» партиясы үміткерлерді бірлесіп ұсынбақ. Кешегіге дейін жетекшілері Алтыншаш Жағанова болып келген партияның «Руханият» жасылдар партиясы деген де атауы бар.

Сонымен, сегізінші съездің төрағасы болып сайланған композитор Қалдыбек Құрманәлі жиында Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі және басқа да заңдарымен енгізілген өзгерістерге сүйеніп, тіркелмеген «Халық рухы» партиясымен қосылғалы отырғандықтарын айтып, сөзді осы партияның төрағасы Мұхтар Шахановқа берді.

Қоғамымыздың бүгінгі жай-күйін саралай келе, әрі бізге сенім білдірген «Халық рухы» партиясы мүшелерінің бізді саяси күрес науқанына шақырған талап-тілектеріне орай және партияның Орталық кеңесі төралқасының шешімімен «Руханият» партиясына қосылғанды жөн көрдік. Рас, бізге республикамыздағы өзге де саяси партиялардан Парламент сайлауы науқанына байланысты бірлесе күресу туралы ұсыныстар түсті. Алайда, біз ақылдаса келе, «Руханият» партиясына тоқталдық, деді Мұхтар Шаханов. Оның айтуынша, «Руханият» партиясының тізгіні Серікжан Мәмбеталиннің қолына өткелі бері бұл партия жаңа бағыт ұстана бастаған.

Осыдан кейін Серікжан Мәмбеталин екі партияның қосылуына байланысты туындайтын заңдық кедергілер туралы Шахановтың айтып өткенін, соған орай «Руханият» партиясының Жарғысына өзгеріс енгізілгенін атап көрсетті. Мен өздеріңіздің сүйікті ақындарыңыз Мұхтар Шахановты «Руханият» партиясының қоғамдық көшбасшысы және рухани лидері етіп сайлауды ұсынамын, деді Мәмбеталин. Бұл ұсыныс та дауысқа түсіп, партия мүшелері танымал ақынды бірауыздан өздерінің жетекшісі деп қабылдады. Жаңа көшбасшыларын төрге оздырған партия одан әрі Парламент Мәжілісі сайлауына орай, сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Бағдарламамен партия мүшесі, белгілі ғалым Жанұзақ Әкім таныстырып шықты.

Партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілгеннен кейін, құрылтайшылар күн тәртібі бойынша, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады. 35 адам Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.

«Руханият» партиясы өздері ұсынған кандидаттардың барлығы дерлік жоғары білімді, саясаттан хабары бар, көзі ашық адамдар екендігін алға тартты.

 

 

«Әркім өз саяси алаңында жүруі керек»

 

/«Егемен Қазақстан», 01.12.2011 ж., Л. Еділқызы/ - Кеше Астанада Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының хатшылары Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатын өткізудегі мақсатымыз мынау – біздің сайлауалды тұғырнамамыздың алғашқы нұсқасы партия съезі бекітпей жатып-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіліпті. Әрине, мұны біз жаман деп отырғанымыз жоқ. Себебі, кейбір азаматтар тұғырнамамен танысқан да болар. Алайда, бұл сайлауалды бағдарлама басылымдарда басылып, әр жерде, кейбір партия арасында талқыға түсіп жатқанға ұқсайды. Біз мұндай әңгімелерді тізгіндегіміз келеді. Себебі, мұндай әрекеттерді Орталық сайлау комиссиясы, я болмаса билік үгіт-насихат жұмысы деп бағалауы мүмкін. Осы орайда мынаны мәлімдейміз: біз сайлауалды тұғырнамамыз бен бағдарламамызды әдейі таратқан жоқпыз. Бұл тұғырнаманы біздің партия атынан депутаттыққа түсетін кандидаттар үшін үгіт-насихат жұмыстары басталған кезде ғана тарататын боламыз, деді В. Косарев.

Біз қазіргі қоғамның түйткілді сауалдарына қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын ескере отырып жауап іздеуге ұмтылдық. Бірақ, басқа азаматтар да, саяси партиялар да сайлаушылардың ұсыныстарын ескере отырып, өздерінің сайлауалды тұғырнамасында біз көтеріп отырған мәселелерге ұқсас идеяларды алға тартқан. Мәселен, әлеуметтік салаға қатысты. Сондықтан, саяси партиялар өзара келісіп, өздерінің саяси ұстанымдарын айқындап алуы керек. Әркім өз алаңын айқындап, сол жерде жұмыс істеуі тиіс. Мәселен, біз әлеуметтік сала бойынша жұмыс атқарып келеміз. Болашақта да осы алаңда жұмыс атқарғымыз келеді, сол себепті өзгелердің біздің алаңға бас сұғып, біздің мәселелерімізге араласуларын қаламаймыз. Бұл ретте, қандай да бір партияның атын атап, түсін түстегенді жөн көрмейміз. Біз тек ескертеміз, деді В.Косарев.

Ал ҚКХП хатшысы Жамбыл Ахметбеков біздің Коммунистік халықтық партия өзінің тұғырнамасында ең алдымен әлеуметтік мәселелерді назарда ұстағысы келеді. Бұл ретте, өзге партиялар да өздерінің бұрыннан келе жатқан идеяларында тұрып, өзгенің алаңына ауыспаса екен дейміз. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу – олардың түпкілікті көздеген мақсаты емес. Бұл – тек сайлау алдындағы ұпай жинаудың бір көрінісі, деді.

Журналистердің: «Сіздердің партияларыңыз алдағы Парламент Мәжілісі сайлауында қанша дауысқа ие болады деп ойлайсыздар?» деген сауалына В.Косарев: «Егер ондай мүмкіндік болса, өзім де біреуден сұрап алар едім. Бірақ, бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда жоғары дауыс жинаймыз ғой деп ойлаймыз. Біздің көздеген мақсатымыз да осы. Партиядан сайлауға ұсынылған 23 азаматтың әрқайсысы депутаттыққа лайық. Арасында 3 ғылым докторы, 6 жұмысшы, 6 әйел азаматша, 4 кәсіпкер бар. Съезде олардың кандидатураларын ешбір кедергісіз бекіттік», деп жауап берді.

 

 

 

 

Амантай қажы тағы да сайлауға түсуге дайын

 

/«7 арна» телеарнасы, 02.12.2011 ж./ - Мәжіліс депутаты болудан Амантай қажы да үмітті. Бұған дейін үш мәрте сайлауға түскен «Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі бүгін Парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Депутаттыққа зағиптар қоғамы атынан түспек. Сондықтан сайлауда жеңіске жетсе, еліміздегі жиырма мыңнан астам зағип жанға қол ұшын созбақ. Тіпті депутат болсам, алатын айлығымды да жарымжан жандарға бөліп беремін — дейді.

АМАНТАЙ ҚАЖЫ АСЫЛБЕК — «АТТАН ҚАЗАҚСТАН» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Мен 600 мың теңгенің 100 мыңын қалдырамын да жарты миллионын зағиптарға бөліп тұрамын. Әлі 15 желтоқсанға дейін уақыт бар ғой. Мен оны өткіземін. Сайлаудан қашып тұрғаным жоқ. Бірақ мен депутат боламын деп армандап тұрғаным жоқ. Бірақ мына клеткалар қойып қойған одан ана саясатшылар өтіп кетуі мүмкін. Мен оғанда өкпелемеймін. Бірақ білсін мен Алланың жолында жүрген адаммын».

Дегенмен заң бойынша Мәжіліс сайлауына түсу үшін қандайда бір партиялық тізімде болу қажет. Амантай қажы болса «Әділет» пен «Ауыл» партиялары оны өз үміткерлеріңің тізіміне қосып, депутаттыққа ұсынамыз — деп уәде еткенін айтады.

 

 

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы

сайлауалды тұғырнамасын бекітті

 

/«ҚазАқпарат», 02.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада «Ауыл» социал-демократиялық партиясының 18 съезі болып өтті.

Онда съезд делегаттары партияның сайлауалды тұғырнамасын бекітті.

«Біздің партияның мақсаты айқын әрі халыққа түсінікті: еліміздің барлық азаматтарының жоғары өмір сүру деңгейіне қол жеткізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету. Тұрғылықты мекенжайына қарамастан  барлық азаматтардың саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік қорғалуын, халықтық дәстүрлерді сақтау мен дамыту, өмір сапасын жаңа деңгейге арттыру. Осының бәрі әлемдегі социал-демократияның ұстанған берік құндылықтары болып табылады», -делінген тұғырнамада.

 

 

«Ауыл» партиясының VIII съезі өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 02.12.2011 ж., Г. Марқабай/ - «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы сайлаушылардың 15 пайызы бізді қолдайды», - деп отыр. Бүгін Астанада партияның VIII съезі өтті. Кезектен тыс өткен құрылтайға 200-дей делегат қатысты. Жиылғандар партияның сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Мәжіліске ұсынылатын үміткерлер тізімін бекітті.

«Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы 2002 жылдың қаңтар айында құрылды. Партия содан бері 7 съезд өткізіпті. «Ауыл» 2004 жылы Парламент сайлауына қатысты, алайда, ұсынылған үміткерлердің біреуі де депутаттық мандатты ала алмады. 2007 жылдағы Парламент сайлауында да жолы болмады. Енді келер жылдың қаңтар айында өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуға бел шеше кіріскен партия, бүгінгі 8-ші құрылтайда сайлауалды бағдарламасын бекітті. «Ауылдықтар» алдағы сайлауда 15 пайыздан артық дауыс жинаймыз деп межелеп отыр. 

Ғани Қалиев, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясының төрағасы:

Біз енді өткен науқандарда 2004 жылы 7 проценттен асқанбыз. Келесі жылы 16 процентке жуық болдық. Ал, енді, ол мәселе дауысты қанша алғанда емес, қалай санағанда болып тұр ғой.

Партия Мәжіліске 22 үміткер ұсынбақ. Солардың бірі - жазушы-драматург Дулат Исабеков. Кезінде саяси ұйымды құруға ұйытқы болған қайраткер әлі де белсенді. Дегенмен: «Депутат болуға құмартып отырған жоқпын», - дейді.

Дулат Исабеков, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясының мүшесі:

Тіпті, мен өте қалған күннің өзінде де орнымды бір жастарға беретін шығармын. Өйткені, бізден гөрі қолыннан іс келетін жастар баршылық. Мен бұрын болғым келді, қазір құлқым жоқ.

Ауылды гүлдендіру, ауыл шаруашылығының шырайын енгізу. Партия қызметінің басым бағыты осылар. Сондай-ақ, саяси ұйым сайлау платформасында шынайы халықтық билік, саяси ашықтық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік мәселелерге де баса мән беріп отыр.

Исмат Тұрсынқұлов, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы ОҚО филиалының төрағасы:

Елімізде тұрмыстық деңгей әлі де төмен. Халықтың еңбекке жарамдыларының үштен бірі «күнкөріс» қамымен жүр, шамамен 7 пайызы жұмыссыздар санатында. Әрбір төртінші қазақстандық – кедейшілік шегінде, әрбір екіншісі - соған таяу халде.

Қазір «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясының 207 мың мүшесі бар. Саяси партия сайлау додасында ешкімге есе жібермесіне сенімді.

 

 

Бүгін Астанада «Ауыл» социал-демократиялық

партиясының съезі өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 02.12.2011 ж./ - Жиынға келген делегаттар партияның сайлауалды тұғырнамасын бекітіп, Мәжіліс сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттардың тізімі бекітілді.

«Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев ауылдық жерлердің дамуына жан-жақты тоқталып, агроқалашықтар құру идеясын ұсынды. Күн тәртібіндегі ең басты мәселе алдағы Мәжіліс сайлауына партия атынан кандидаттарды ұсыну және бекіту болды. Жиын барысында партияның ортақ тізімі жасалып ол алдағы күндері Орталық сайлау комиссиясына тапсырылатын болды.Ауыл партиясының тұғырнамасы тек аграрлық мәселелермен шектелмей, ел өмірінің барлық жағын қамтыған дейді ауылдықтар.

Ғани ҚАЛИЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ауыл партиясы біздің қоғамның дамуына атсалысады. Осы біздің қоғамның жетістігі, кемшілігі неде? Осыған Ауыл партиясының, ауыл тұрғындарының қатысы бар. Сол проблемалардың бәрін бүгін біз қарастырамыз. Ол біздің платформамызда айтылған.

«Ауыл» партиясы 2000 жылы құрылған болатын. Оған қазір 200 мыңнан астам адам мүше. Сьез барысында азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуды қолға алу керектігі айтылды. Сөз алған делегаттар Ауыл партиясының ерекшелігі мен басым тұстарын да назардан тыс қалдырмады.

Дулат ИСАБЕКОВ, ЖАЗУШЫ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Ауылдан шыққан адамдар Ауылға мүше болуы керек деп ойлаймын. Қандай болса да. Ғалым бола ма, академик бола ма? Жазушы бола ма...

Сьезде партиялық тізімге ілінгеназаматтар Мәжіліс сайлауына тыңғылықты дайындық жұмыстың басталатынын айтады. Олардың пікірінше «Ауыл» партиясының заң бойынша көрсетілген жеті пайыздық межеден асып түсуге толық мүмкіндігі бар.

Көпмағамбет ЕЛЕМЕСОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Сайлауға қатысамыз. Заңдарға неше түрлі өзгерістер енгізу керек шығар. Сол үшін Парламентте өзіміздің депутаттар жақсы болар еді.

Енді«Ауыл» партиясы Орталық сайлау комиссиясында өз партиялық тізімін тіркегеннен соң, елдегі басқа партиялар сияқты ресми түрде үгіт-насихат жұмыстарына кірісетін болады.

 

 

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы ауыл

еңбеккерлерінің табысын айына 100 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынады

 

/«BNews.kz», 02.12.2011 ж./ - Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы ауыл еңбеккерлерінің табысын айына адам басына  100 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынады. Бұл туралы бүгін өткізілген «Ауыл» социал-демократиялық партиясының  кезектен тыс  VIII съезінде парияның сайлау алды тұғырнамасында айтылған.

«Ауылда жұмыс орнын  2,5-3 есе өсіруді қамтамасыз ету қажет.  Сонымен қатар ауыл еңбеккерлерінің  табысы адам басына айына  100 мың теңгеден кем болмауы тиісті. Ауыл тұрғындары жақсы өмір сүру үшін жасалатын барлық  мүмкіндіктерге  ие болуы қажет. Олар ешқандай әлеуметтік қысымшылықтарды  көрмеу керек», - делінген сайлау алды тұғырнамасында.

Партия төрағасы Ғани Қалиев  таяу уақытта  40 млн. гектар мал жайылымы мен  5 млн. га егіс алқабын айналымға енгізу қажеттігін тілге тиек етті.

 

 

Сайлаушылар тізімі[2]

 

/«Айқын», 02.12.2011 ж./ - Конституция мен сайлау туралы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының жасы он сегізге толған азаматтары, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы.

Әрбір сайлаушы осы құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылар тізімін жасайды. Бұл ретте әкімдіктердің лауазымды адамдары олардың дұрыстығы үшін жауапты болады.

Сайлау тағайындалған сәттен бастап азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдікке барып, сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Нақтылы сайлау учаскесінде азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады.

Азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін нақтылайтын құжат азаматтарды тіркеу кітабы (бұрын ол «үй кітабы» деп аталатын) болып табылады.

Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, оның өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқығы бар.

Жатақханаларда тұратын күндізгі бөлімдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тізіміне жатақхананың орналасқан жері бойынша енгізіледі.

Әскер бөлімдеріндегі сайлаушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ әскер бөлімдері орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелері мен басқа сайлаушылардың тізімі әскер бөлімдерінің командирлері берген мәліметтер негізінде жасалады.

Егер сайлаушы уақытша болу орындарында, мысалы: демалыс үйлерінде, санаторийлерде немесе вахталық жұмыста болса, онда сайлаушылардың тізімдері сол мекемелердің басшылары берген деректер негізінде жасалады. Бұл тізімдер дауыс беруге бір күн қалғанда міндетті түрде нақтылануға тиіс.

Шет мемлекеттерге жеке шақырулар бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапармен келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болса, шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміне енгізіледі. 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап әрбір сайлаушы сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексере алады.

Сайлаушының аты-жөні тізімде болмай шықса немесе ол туралы деректерде жаңсақтықтардың бар екені анықталса, сайлаушы тиісті құжаттардың негізінде өзін тізімге енгізуді немесе қажетті түзетулер жасауды талап етуге құқылы. Бас тартылған жағдайда сайлаушының сотқа шағымдануға құқығы бар.

Құрметті сайлаушылар!

Сайлаушылар тізімінің дәлдігі мен дұрыстығы көп жағдайда Сіздердің өздеріңізге байланысты. Белсенді әрі жауапкершілікті болыңыздар!

Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

/«Егемен Қазақстан», 02.12.2011 ж./:

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының қаулысы №62/108

 

Астана қаласы,  2011 жылғы 21 қараша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы Нұсқаулық облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының төрағасы Қ. Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.

 

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының

 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108  қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулық

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың (бұдан әрі – кандидаттар), партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың (бұдан әрі – саяси партиялар) сенім білдірілген адамдарын тіркеуді нақтылайды.

2. Кандидаттар, саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үштен аспайтын сенім білдірілген адамдары болады.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қалада­ғы ауданда бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамы болады.

3. Кандидаттар олардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкестігін тиісті сайлау комиссиялары анықтағаннан кейін өздерінің сенiм бiлдiрiлген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.

Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімдерін ұсынғаннан кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.

4. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына, Парламент Сенатының және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың өздері не нотариаттық куәландырылған сенімхаттың негізінде өзге адамдар беріп, қол қояды.

Саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішті «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңына және саяси партияның жарғысына сәйкес уәкілетті адам беріп, қол қояды.

5. Сенім білдірілген адамдарын тіркеу үшін кандидаттар, саяси партиялар тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

1) сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі өті­ніш. Өтініште азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), атқаратын лауазымы, туған күні, айы және жылы көрсетіледі;

2) азаматтың кандидаттың, саяси партияның сенім білдірілген адамы болуға келісетіні туралы өтініші.

6. Аумақтық сайлау комиссиялары Президенттікке, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асырады.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді Астана немесе Алматы қаласының сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

7. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы шешімді тиісті сайлау комиссиясы екікүндік мерзімде қабылдайды.

Сенім білдірілген адамдарды тіркеу не тіркеуден бас тарту тиісті сайлау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

Тиісті сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға Орталық сайлау комиссиясы белгілеген нысан бойынша куәліктер береді.

8. Тиісті сайлау комиссиясы кандидаттың, саяси партияның сенім білдірілген адамын тіркеуден мынадай жағдайларда, егер ол:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса;

2) Конституциялық заңға сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі болып табылса;

3) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарса, бас тартады.

Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде, осы тармақтың 1) –                        3) тармақшаларында аталғандарға қоса, Қазақстан Республикасы мәслихатының де­путаты сенім білдірілген адам болып тіркеле алмайды.

9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкестік осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес кандидат, саяси партия ұсынған құжаттардың негізінде анықталады.

10. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған, Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.

 

 

Мәжіліс депутаттарының сайлауына әзірге тек

«Нұр Отан» партиясы ғана үміткерлерін ұсынды – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 02.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін  Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 30 қарашада ОСК-ға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімі ұсынылғандығын мәлім етті.

Қазір тізімге енгізілген депутаттықтан кандидаттыққа үміткерлердің Конституция мен сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкестігіне тексеру шаралары жүріп жатыр. «Басқа саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына тізімдерін ұсынған жоқ. ОСК бекіткен күнтізбелік жоспарға  сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында депутаттыққа кандидаттықтан үміткерлерді ұсыну 5-ші желтоқсанда аяқталады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

 

 

 

 

 

Саяси партиялар Парламент сайлауына

қатысушылар тізімін беруге асығар емес

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 02.12.2011 ж./ – «Нұр Отаннан» басқа бірде-бір партия Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттығы үшін бақ сынайтын үміткерлер тізімін өткізген жоқ. Бұл туралы ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, билік партиясы тізімді 30-қарашада өткізіп қойған. Қазір тізімді тексеру жүріп жатыр.

«Үміткерлерді Мәжіліс сайлауына ұсыну желтоқсанның бесінде аяқталады», деп қосты ОСК төрағасы.

 

 

ОСК-на бір ғана партия кандидаттарының тізімін ұсынды

 

/«Қазақстан» ТРК, 02.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Келер жылы өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысу үшін әзірге елімізде бір ғана партия өз кандидаттарының тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынған. Қалғандары өз кандидаттарының тізімін жариялағанмен, ОСК-на әлі ұсыныс жасамаған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өзі жетекшілік ететін комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, партиялардың партиялық тізімдерін ұсыну 5 желтоқсанға дейін ғана жалғасады. Комиссия бүгін «Сайлау учаскелеріндегі дауыс беруге арналған мекемелерді жабдықтау туралы» Қаулыға да тың өзгерістер енгізді. Тиісті түзетулерге сай дауыс беру мен дауыстарды санау үрдісі анағұрлым ашық түрде өтетін болады.

Сонымен қатар, комиссия Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Учаскелік сайлау комиссиялары құрамына кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберу мерзімін ұзартуды сұраған өтінішін қарады. Нәтижесінде, комиссия мүшелері барлық партиялар үшін Учаскелік сайлау комиссиялары құрамына кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберу мерзімін 15 желтоқсанға дейін ұзартты.

Қуандық Тұрғанқұлов ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

30 қарашада ОСК-на «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі ұсынылды. Басқа саяси партиялар ОСК-на өз тізімдерін әлі ұсынған жоқ. Мәслихаттар депутаттарының сайлауында қазіргі сәтте 489 кандидат ұсынылған. Олардың 63-і облыстық мәслихаттарға, 371-і аудандық мәслихаттарға, 57-сі қалалық мәслихаттарға. Мәслихаттарға кандидат ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының алдағы саяси науқанға дайындығы туралы толығырақ жаңалықтарымыздан кейін шығатын «Сайлау жаршысы» бағдарламасының кезекті санын көре аласыздар.

 

 

«Нұр Отан» партиясынан басқа ешқандай партия

Парламенттік сайлауға үміткерлер тізімін ОСК-ге берген жоқ

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 02.12.2011 ж./ - Әзірге мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясы ғана алдағы 2012 жылдың 15 қаңтарында болатын Парламенттік (Парламенттің төменгі палатасы) сайлауына үміткерлер тізімін ұсынған жоқ, деп хабарлады ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

«Нұр Отаннан» басқа партиялар

тізімдерін әлі ұсынған жоқ

 

/«Егемен Қазақстан», 03.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылы қабылданған «Сайлау учаскелеріндегі, пункттеріндегі дауыс беруге арналған үйлерді жабдықтау туралы» қаулыға үй-жайларды дауыс беру күніне дайындау тәртібін неғұрлым анық реттеу мақсатында толықтырулар мен өзгерістер енгізді.

Бұл мәселе жөнінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов хабарлама жасады. Комиссия хатшысының хабардар етуінше, енгізілген түзетулер дауыс беру және дауыстарды санау үдерісін неғұрлым айқынырақ етуді, сайлаушылар, байқаушылар, сайлау комиссияларының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді.

Отырыста, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық  партиясының Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберуі үшін белгілеген мерзімдеріне қатысты өтінішін де қарады. Комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы партияның өтінішіне қатысты хаттамалық шешім қабылдады. Қабылданған шешімге сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберуі мерзімі 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін ұзартылады. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларына саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерінің сайлау туралы заң талаптарына сәйкестігін тексеруді жедел түрде, яғни 5 күн ішінде өткізуді ұсынды.

Отырыстан кейін өткен БАҚ өкілдерімен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті. Комиссия төрағасының атап өткеніндей, 30 қарашада Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімін ұсынды. Қазіргі уақытта тізімге енгізілген кандидаттарды, олардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігіне тексеру рәсімі жүргізіліп жатыр. Басқа саяси партиялар Ортсайлаукомға өз тізімдерін әлі ұсынған жоқ. Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында кандидататтар ұсыну 5 желтоқсанда аяқталады.

Ал мәслихаттар депутаттарының сайлауына қазіргі кезде 489 кандидат ұсынылған. Олардың 63-і облыстық мәслихаттарға, 371-і аудандық мәслихаттарға және 55-і қалалық мәслихаттарға кандидат ретінде ұсынылып отыр. Мәслихаттарға кандидаттар ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр. Сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жөніндегі жұмыстар да жалғасуда. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін мейлінше қамту мақсатында аудан деңгейінде бірлескен семинарлар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілу үстінде.

Комиссия төрағасы брифинг барысында 2011 жылғы 16 қараша мен 1 желтоқсан арасындағы кезеңде Орталық сайлау комиссиясына түскен өтініштерге де тоқталып өтті. Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, аталған кезең ішінде Орталық сайлау комиссиясына 12 өтініш түскен. Олардың 8-і саяси партиялардан, 1-еуі мәслихаттан, тағы 3-еуі бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардан түскен өтініштер. Келіп түскен 11 өтініш сайлау заңнамаларының ережелерін түсіндіруге қатысты. Олар бойынша қажетті түсініктемелер уақытында жолданған. Ал тағы бір өтініш Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан түскен екен. Төрағаның хабардар етуінше, ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында қаралатын болады.

 

 

2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат

депутаттарының кезекті сайлауына 489 үміткер ұсынылды – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 02.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына 489 үміткер ұсынылды.

Бұл деректерді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Ұсынылған азаматтардың 63-і - облыстық мәлихат депутаттығынан, 371-і - аудандық мәслихат депутаттығынан, 55-і қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. «Мәслихаттарға үміткерлерді ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр», - деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, осы уақытта сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту жөніндегі жұмыстар да жалғасуда. Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін мейлінше толық қамту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде аудан деңгейінде бірлескен семинарлар жүріп жатыр.

 

 

Қазақстанда мәслихат депутаты болуға

489 адамның үміткерлігі ұсынылған

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 02.12.2011 ж./ - Қазақстанда алдағы 2012 жылдың 15 қаңтарында болатын сайлауда мәслихат (жергілікті орган өкілдері) депутаты болуға 489 адамның үміткерлігі ұсынылған, деп хабарлады Қазақстан Орталық сайлау комитетінің басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Қазіргі кезде мәслихат (жергілікті орган өкілдері) депутаты болуға 489 адам үміткерлігін ұсынған. Олардың ішінде облыстық мәслихатқа - 63, аудандық мәслихатқа - 371, және қалалық мәслихатқа 55 үміткер ұсынылған», - деп хабарлады Тұрғанқұлов жұма күнгі брифингте.

Оның бағалауынша, көбінде Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында мәслихат депутаты болуға үміткерлер саны артып отыр.

 

 

ҚР ОСК: Мәслихат депутаттарының

кезекті сайлауына 489 үміткер ұсынылды

 

/«BNews.kz», 02.12.2011 ж./ – Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына 489 үміткер ұсынылды. Бұл туралы бүгін Астанада брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

«Дәл қазір 489 үміткер ұсынылды. Олардың 63-і облыстық мәлихат депутаттығынан, 371-і аудандық мәслихат депутаттығынан, 55-і қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. Мәслихаттарға үміткерлерді ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

 

 

Биылғы жылдың 16 қарашасы мен

1 желтоқсаны аралығында ОСК-ға 12 өтініш түсті

 

/«ҚазАқпарат», 02.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Биылғы жылдың 16 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Орталық сайлау комиссиясына 12 өтініш түсті»,-деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның мәліметтерінше, өтініштердің 8-і - саяси партиялардан, 1-і -мәслихаттан, тағы 3-уі бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардан. «Келіп түскен 11 өтініш заңның кейбір баптарын түсіндіруге қатысты. Олар бойынша өтініш иелеріне тиісті түсініктемелер жолданды»,-деді ОСК төрағасы.

Осы отырыс барысында ОСК мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан келіп түскен тағы бір өтінішті қарады.

 

 

Астанада ОСК отырысы өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 02.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберу үшін белгіленген мерзімге қатысты өтініші қаралды.

Нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы хаттамалық шешім шығарып, учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың аталған өкілдерін жіберу мерзімін 2011 жылдың он бесінші желтоқсанына дейін ұзартты. Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына мәслихаттар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдардан 12 өтініш келіп түссе, олар бойынша 11 заңдық түсініктеме берілген. Сондай-ақ комиссия мүшелері 1999 жылы қабылданған «Сайлау учаскелеріндегі дауыс беруге арналған үйлерді жабдықтау туралы» қаулыға толықтырулар мен өзгертулер енгізді. Аталған өзгерістер азаматтардың дауыс беруін анағұрлым ыңғайлы етіп ұйымдастыруды көздейді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлау науқанының өту барысы туралы ақпарат берді.

 

 

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- 30 қарашада ОСК Нұр Отан ХДП партиялық тізімі ұсынылды. Басқа саяси партиялар әзірге өздерінің тізімдерін тапсырған жоқ. Мәслихат сайлауына келер болсақ қазіргі сәтте 489 кандидат ұсынылған. Олардың 63 облыстық мәслихаттарға, 371 аудандық мәслихаттарға және 55 қалалық мәслихаттарға ұсынылып отыр. Мәслихаттарға үміткерлер ұсыну Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында белсенді жүріп жатыр.

 

 

ҚР ОСК: ЖСДП-ның сайлау комиссиялары құрамына партия

өкілдерін жіберуі мерзімі 2012 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылады

 

/«BNews.kz», 02.12.2011 ж./ – ЖСДП-ның учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзінің партия өкілдерін жіберуі мерзімі 15 желтоқсанға дейін ұзартылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз парағында айтылады. 

«Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберуі үшін белгілеген мерзімдеріне қатысты өтінішін қарады», - делінген баспасөз парағында. 

Нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы хаттамалық шешім қабылдады. Соған сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жіберуі мерзімі 15 желтоқсанға дейін ұзартылады.

 

 

ОСК учаскелік сайлау комиссияларының құрамына

партиялар атынан ұсынылатын кеңесші дауыс беру

құқығы бар азаматтарды ұсыну мерзімін ұзартты

 

/«ҚазАқпарат», 02.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін еліміздегі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының учаскелік сайлау комиссияларына кеңесші дауыс беру құқығы бар өкілдерді ұсыну мерзіміне қатысты өтінішін қарады.

Комиссия мүшелері кеңесе келе, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына партиялар атынан ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтарды ұсыну мерзімін барлық партиялар үшін 2011 жылдың 15-ші желтоқсанына дейін ұзартты.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында осы мәселеге қатысты баяндама жасаған аталмыш комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, аймақтық сайлау комиссияларына саяси партиялар атынан учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтардың тиісті заңдарға сәйкестігін 5 күннің ішінде жедел түрде тексеріп шығуды тапсырды.

 

 

ОСК дауыс беруге арналған ғимараттарды

дайындау шараларын жетілдіруде

 

/«ҚазАқпарат», 02.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті отырысы барысында 1999 жылы қабылданған

«Сайлау учаскелеріндегі, пункттердегі дауыс беруге арналған үйлерді жабдықтау туралы» қаулыға дауыс беруге арналған ғимараттарды дауыс беру күніне дайындау тәртібін нақтылау мақсатында бірқатар өзгерістер енгізді.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, енгізілген түзетулер дауыс беру және дауыстарды санау үдерісін неғұрлым айқынырақ етуді, сайлаушылар мен байқаушылар және сайлау комиссияларының мүшелері мен бұқаралық ақпаарт құралдары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

 

 

 

 

 

ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерінде

дауыс беруге арналған бөлмелердің жабдықтауын жақсартты

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 02.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерінде үрдісті айқындау ету үшін дауыс беруге арналған бөлмелердің жабдықтауын жақсартты, деп хабарлады ОСК-ның хатшысы Бахыт Мельдешов.

Жұмада Орталық сайлау комиссиясы 1999 жылғы «Сайлау учаскесінде, пунктінде дауыс беруге арналған бөлмелерді жабдықтау туралы» қаулығы өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

«Дауыс беруге аранлған бөлмелер жасырын дауыс беру үшін кабиналардың жеткілікті санымен жабдықталып, сайлау бюллетендерін беру орындары белгіленуге тиіс. Дауыс беруге арналған жәшік дауыс берушілер оған жақындағанда міндетті түрде жасырын дауыс беруге аранлаған кабиналар арқылы өтетіндей болып орналасуға тиіс», - деп түсіндірді Мельдешов Комиссия отырысында түзетулердің мәнін.

 

 

Сайлаудың ашық та жариялы өтуі –

мемлекетіміз үшін үлкен сын

 

/«Алаш айнасы», 03.12.2011 ж., Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұловпен сұхбат/:

 

– Қуандық Тұрғанқұлұлы, Елбасы жарлығымен Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалғаны белгілі. Осынау үдеріске білек сыбана кірісіп те кеттік. Десе де, кезектен тыс сайлау өткізудің өзектілігін, заңнамалық негіздерін қалай түсіндіріп берер едіңіз?

– 2012 жылғы 15 қаңтарда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетінінен қазақстандық қоғам хабардар. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға Парламент Мәжілісі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіз болатыны, мұндай сайлау депутаттардың өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі ай мерзім ішінде тағайындалатыны сайлау заңнамасымен көзделген. Соған орай, алдағы сайлау кезектен тыс деп аталғанымен, Мәжіліс депутаттарын сайлау рәсімдері кезекті сайлаулар өткізілетін тәртіпте, рет-ретімен, «Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес өткізілетін болады.

– Алдағы сайлаудың басты ерекшелігі – партиялық тізіммен сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауында мәслихат сайлауы да қосарланады. Екі сайлауды бір күнде өткізудің негізгі басымдығына тоқталсаңыз?

– Иә, Президенттің Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығы жарияланғаннан кейін, Конституцияда және сайлау туралы заңда көзделген құқықтарын пайдалана отырып, Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын да 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындады. Бұл жерде біз сайлау туралы заңның сайлауды тағайындау мен өткізуге қатысты нормаларын толық сақтап отырмыз. Заң талаптары бойынша бұл сайлаулар Президент сайлауы мен Парламент Сенаты депутаттарының сайлауымен бір мерзімде өткізіле алмайды. Бұдан басқа ешқандай шектеулер жоқ. Оның үстіне Мәжіліс пен мәслихат сайлауын бір күнде өткізудің науқанды қаржылық қамтамасыз ету және ұйымдастыру тұрғысынан тиімділігі зор. Мәселен, сайлауды осылайша біріктіру 4 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал жалпы, алдағы сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге шамамен 8,2 млрд. теңге жұмсалады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Мәжіліс  депутаттарын сайлауда тек қана саяси партиялар өздерінің партиялық тізімдерін қалыптастыру арқылы қатысатынын жақсы білесіз. Ал мәслихат депутаттарын сайлаудың тәртібі басқаша. Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуды республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен жүзеге асырады. Бұл процесс 2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан аралығындағы кезеңде өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін, яғни 21 желтоқсаннан бастап үміткерлер сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізе алады. Мемлекет жергілікті өкілді органның депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа радиода, теледидарда және баспасөзде заңмен көзделген көлемде үгіт шараларын жүргізу үшін тең дәрежеде қаржы бөлінуіне кепілдік береді.

– Сайлауға әзірлік қандай деңгейде? Әсіресе, өңірлік сайлау комиссияларының науқанды өткізудегі дайындығы, кадрлық және материалдық қамтылу жағдайлары қалай?

– Елбасы Жарлығы шыққан күннен бастап біз дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік. Расында да, дүниежүзінің елдері де, әлемдік қоғамдастықтар да көз тігіп отырған сайлаудың ашық та жариялы өтуі – мемлекетіміз үшін үлкен сын. Сайлауды өткізу үшін қажетті барлық кадрлық және материалдық ресурстарымыз бар. Сондықтан сайлауды тиісті ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге, азаматтардың және барлық сайлау процесіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын ерікті әрі тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге дайын деп айтуға болады. Бүгінгі таңда барлық аймақтарда белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Біз құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету үшін атқарылуы тиіс мәселелерді жүйелі түрде шешіп келеміз. Ең алдымен, күнтізбелік іс-шаралар жоспары мен сайлау құжаттарының үлгілерін бекіттік. Заңда қарастырылған сайлауды өткізу тәртібі, сайлау рәсімдері мен сайлау процесіне қатысушылардың қызметін реттейтін қажетті нормативтік актілерді қабылдадық. Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының құрамы толықтай қалыптастырылған және қажетті деңгейде қызмет атқаруға қабілетті. Нақты мәліметтерді келтірер болсам, сайлаудың әзірлік жұмыстарын ұйымдастыру мен осы науқанды өткізуге барлығы 13315 сайлау комиссиясы қатысатын болады. Олардың 16-сы аумақтық, 207-сі аудандық және қалалық, 550-і облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік, 2160-ы аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік және 9757-і учаскелік сайлау комиссиялары. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асырады. Бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқан сайлау комиссияларының құрамын мәслихаттар 2009 жылы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде сайлаған болатын.

Сайлау заңнамасына сәйкес, аумақтық, округтік немесе учаскелік сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқаны кезеңiне өзінің кеңесшi дауыс құқығына ие өкiлiн тиiстi сайлау комиссиясына жiберуге құқылы. Әрине, бұл кезде заңмен көзделген бірқатар рәсімдер сақталуы тиіс.

Тағы бір айта кететін мәселе, бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерін жедел оқытуға баса назар аударып отыр. Жалпы, бүгінгі сайлау комиссияларының құрамы бұған дейінгі сайлау науқандары барысында өздерінің кәсіби дайындықтарын көрсете білген, тәжірибелері бар екендігін айта кеткенім жөн. Дегенмен де, сайлауды ұйымдастырушылардың біліктілік деңгейін арттыру процесі ұдайы жүргізіліп отырады. 25 қараша күні біздің ұйымдастыруымызбен республикалық семинар-кеңес өтті. Оған облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларын, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырдық. Кеңес аясында алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелері талқыға салынды. Еліміздің өңірлерінде сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша аймақтық семинарлар мен тренингтер де өткізілетін болады. Бұл ежелден қалыптасқан тәртіп. Сайлау комиссияларын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар тиісті деңгейде, уақтылы шешілуде.

– Сайлаудың негізгі өзегі – үгіт. Осы ретте ОСК бекіткен күнтізбелік жоспарға шолу жасап өтсеңіз? Додаға түспекші саяси партиялардың қаперіне салатын маңызды мәселелерге газет арқылы құлаққағыс жасасаңыз?

– Жоғарыда атап өткенімдей, 16 қараша күні арнайы қаулымен күнтізбелік жоспарды, нақтырақ айтсақ, партиялық тізімдер бойынша, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау рәсімдерін өткізу шаралары және мәслихат депутаттарын сайлаудың дайындық жоспарын жеке-жеке бекіттік. Аталған күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 16 қарашадан бастап 5 желтоқсанға дейін, ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялар ұсынады. Бұл барлық партияларға заңмен бірыңғай талаптар қойылып отырғанын білдіреді. Тек қана Қазақстанның Коммунистік партиясы бұл сайлау процесіне қатыса алмайды. Өйткені сот шешімімен оның қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі кезеңде республиканың бірқатар саяси партиялары форумдарын өткізіп, сайлауға партиялық тізімдерін ұсынуға қатысты шешімдерін қабылдап жатқаны белгілі. Орталық сайлау комиссиясы заңмен белгіленген тәртіпте келіп түскен партиялық тізімдерді тіркеу рәсімін 5 желтоқсаннан бастайды. Жалпы алғанда, сайлауға қатысты қандай шаралар атқарылуы керек болса, соның барлығы заң аясында орындалатын болады.

– Осыдан біраз жыл бұрын «Сайлау» электрондық жүйесі енгізіліп еді. Көп пайдаланылмастан сайлау үдерістеріне бұл жүйе араластырылмайтын болып жүр. Алдағы сайлауда да электрондық жүйенің қолданылмайтыны белгілі секілді. Ендеше, қыруар ақша шығындалған бұл жүйенің тағдыры осымен аяқталды деп есептеуге бола ма?

– «Сайлау» электрондық жүйесінің әу бастағы мақсаты сайлаудың барлық кезеңдерін, яғни сайлаушылар тізімін енгізу, дауыс беру, дауыстарды санау, нәтижелерін шығару, қорытынды хаттама алудың бәрін компьютерлендіруге бағытталған болатын. Сонымен қатар бұл – бүкіл Қазақстан бойынша жаппай компьютерлендіруді талап ететін үлкен жоба. Сондықтан да кең-байтақ еліміздің барлық аймағынан бір уақытта жедел мәліметтер алып, оны орталық жүйеге енгізіп, сол сәтте жария ету ыңғайлы болғанымен, оны ұйымдастыру мәселесінде қиындықтар аз емес. Елімізде сайлау науқандары сайлау туралы заңнамаға сәйкес уақытылы, жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Сол себепті де, келешекте «Сайлау» электрондық жүйесі де қолданылатын сайлаулар болатыны сөзсіз. Ал бұл сайлауды біздің сайлаушыларымыз үшін дәстүрлі тәсіл қағаз бюллетеньдері арқылы өткізуді жөн деп шештік.

Осы орайда айта кетейін, жаңа жылдың 15 қаңтары күні сайлау учаскелерінде сайлаушылар үш түрлі бюллетень алатын болды. Бюллетеньдердің біреуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень арқылы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге болады. Ал үшінші бюллетень аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ.

– Қазақстандағы сайлау науқандарына қатысты халықаралық ұйымдардың, шетелдік қауымдастықтардың ұсынымдары болып тұратыны белгілі. Бұндай сырт көзден жасалған ескертпелер алдағы сайлау барысында қаншалықты ескеріліп жатыр?

– Соңғы жылдары елімізде өтіп келе жатқан сайлауларға халықаралық беделді ұйымдардың өкілдері, шетелдік байқаушылар қатысатыны, олардың тәуелсіз қорытынды жасайтыны дәстүрге айналып келеді. Расында, әрбір сайлаудан кейін халықаралық байқаушылар тарапынан Қазақстанға сайлау заңнамасын және жекелеген сайлау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады. Ал сондай ұсыныстарды сараптай отырып, тиімді деп танылғандары бойынша «Сайлау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Еліміз өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезде, Қазақстанның сайлау туралы заңнамасының ұдайы жетілдіріліп келе жатқанын шетелдіктер атап өтті. Сонымен қатар осы бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын да атап өткім келеді.

– Халықаралық байқаушылар тарапынан Қазақстандағы сайлауға қызығушылық қалай?

– 2007 жылғы Парламенттік сайлауда 1 129, ал осы жылғы президенттік сайлауда 1 059 халықаралық байқаушы тіркеліп, өз жұмыстарын атқарды. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің Қазақстанда өткізілетін сайлауларға осындай жоғары деңгейде қызығушылық танытуы кездейсоқтық емес. Олар Қазақстанды Орталық Азиядағы зайырлы, демократиялық және жедел экономикалық қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет ретінде бағалап, Қазақстанға құрметпен қарайтынын айтар едім. Қазіргі кезде халықаралық байқаушылардың қызметіне қатысты Қазақстанның сайлау туралы заңнамасының ережелері ЕҚЫҰ кеңістігінде барынша дамып келе жатқандардың бірі болып табылады.

Алдағы сайлауға келетін болсақ, 16 қарашада Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халықаралық байқаушылар институтын ресми түрде ашты. «Сайлау туралы» заңымызға сәйкес халықаралық байқаушыларды аккредиттеу үшiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне өз байқаушыларының, өкiлдерiнiң тiзiмiн ұсынады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша халықаралық байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясы тіркеуден өткізіп, қолдарына құжат береді. Осы жолы тіркеуден өткізу 2012 жылғы 9 қаңтарға дейін жүргізіледі. Еліміздің қай өңіріне, қай қалаға барамын десе де, еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Халықаралық байқаушылардың қатарында кездейсоқ адамдар болмайды, көбі бұрыннан тәжірибесі бар сарапшылар болуы тиіс.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделерi бар немесе халықаралық құқық нормаларын бұзғаны үшiн тіркеуі қайтып алынған, сонымен қатар қылмыстық iс, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық немесе сайлау кезеңiнде заңсыз қызмет жасауда кiнәлi деп танылған адамдар тіркеуден өткізілмейді.

Сонымен қатар халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де тіркеуден өтеді. Сәуір айында өткен президенттік сайлауда 200-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері тіркеліп, сайлаудан тікелей репортаждар жасады.

Халықаралық байқаушылар және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау процесінің барлық сатысына, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының отырыстарына қатысуға құқылы.

– Алдымызда болғалы тұрған мемлекеттік маңызы зор сайлау науқанының жүргізіліп жатқан жұмыстары мен бірқатар мәселелері жөнінде толыққанды әңгімелеп бергеніңізге рақмет.

 

Айтайын дегенім:

Сайлау мәселесіне қатысты шетелдік қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардан ұсыныстар жасалды. Бірақ та заңдарға енгізілген барлық түзетулер Қазақстанның ұлттық және қоғамдық ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылды. Оның үстіне барлық ұсынысты заңдарға енгізу бір күннің, бір айдың жұмысы емес. Сондықтан да мұндай мәселелер маңызды отырыстарда, дөңгелек үстелдерде қаралып, талқыланып жатыр. Конституцияға сәйкес келетін және елдің демократиялық дамуына ықпал ететін ұсыныс, пікірлер жерде қалмайды.

 

 

«Әділет» партиясы сайлауалды тұғырнамасы мен

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бекітті

 

/«ҚазАқпарат», 03.12.2011 ж., М. Жиембай/ - Бүгін елордада «Әділет» демократиялық партиясы саяси кеңесінің VII кезектен тыс съезі өтіп, сайлауалды тұғырнамасы мен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті.

«Елімізде кезектен тыс сайлау өткелі жатыр. Бұл Қазақстан үшін шынайы құқықтық, шынайы әлеуметтік, шынайы демократиялы, демек, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының әділдік негізінде қызмет жасауларына мүмкіндік туындатады деген ұғым бар», деп атап өтті алқалы жиын барысында сөз сөйлеген партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев.

Сонымен қатар жиын алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген М.Нәрікбаевтың атап өтуінше, партияның «Әділдікке жол» атты сайлауалды тұғырнамасында әділдікке апарар жолдың төрт басымдығы мен 17 қадамы айқындалған. Атап айтқанда, елімізде саяси күштердің барлығы тең дәрежеде қол жетімді болатын қоғамдық телеарна ашу, саяси партиялардың әділ бәсекеге түсуін қамтамасыз ету, қосымша құн салығын  6 пайызға, әлеуметтік салықты 7 пайызға төмендету, газ, электр энергиясы, темір жол тасымалдарының тарифтерінің өсуіне жол бермеу сынды мәселелерді көтеру көзделген.

Жалпы «Әділет» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидат 61 үміткер ұсынбақ. Ал бүгінгі кезектен тыс съез барысында 46 кандидат бекітілді. Қалған 15-і бесінші желтоқсан күні бекітілетін болады.

 

 

Әділет партиясының кезектен тыс съезі өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 03.12.2011 ж., Б. Омаров/ - Парламенттегі орынға үміткерлерді бірі – «Әділет» партиясы бүгін 7-ші съезін өткізді. Қазақ гуманитарлық заң университетінде өткен партия жиынына республиканың әр түкпірінен келген 100-ден аса делегат қатысты. Сьезде олар «Әділеттіктердің» сайлауалды бағдарламасын қабылады.

Парламенттен орын алуға үміт етіп отырған партия бүгін «Әділеттілікке жол» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын қабылдады. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, «Әділеттіктер» депутаттықта 61 адам ұсынады. Бүгінгі съезде 46 кандидат бекіді. Саяси бюро қалған 15 үміткерді желтоқсанның 5-не дейін тіркейді. Сөйтіп, партия сайлауда дауыс берушілердің 10 пайыздан астам дауысына ие боламыз деп отыр.

 

 

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» партиясының төрағасы:

Сайлауымыз заңдылық тұрғыда, солай деп сенеміз биылғы жылғы сайлаудың солай өтетініне. Таза әділетті өтетін болса, әділетте өтетін болса, ең кем дегенде 12-15 пайызды аламызба деген ойымыз бар.

Бүгінгі съезге республиканың әр қиырынан 100-ден аса делегат келді. Партияның аймақтардағы мүшелері сайлаудың оңай болмайтынын айтады. «Сондықтан, жұдырықтай жұмылып, науқанға белсене ат салыусымыз қажет», - дейді.

Нұрасыл Әбділов, «Әділет» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы:

Жалпы бұл жерде партия мүшесі болғаннан кейін бәріміз ат салысып жатырмыз. Партия ұсынымдарын халыққа жеткізе білуіміз керек. Бұқаралық ақпарат құралдарына алғыс айтамыз. Бүгінгі съезде партияның алған, қойған бағдарламасын іске асырамыз.

Қосымша құн салығын 6, ал әлеуметтік салықты 7 пайызға дейін төмендету. Бұл «Әділет» партиясының алға қойған жоспарларының бірі. Білім беру, денсаулық сақтау, жеморлықпен күрестің төңірегінде туындаған түйіткілді мәселелерді шешуді партия алдына мақсат етіп қойды.

 

 

«Әділет» партиясы саяси ұйымның

сайлауалды тұғырнамасын қабылдады

 

/«Хабар» агенттігі, 03.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада Әділет партиясының съезі өтіп, саяси ұйымның сайлауалды тұғырнамасы қабылданды. Қоғамда әділеттілікті орнатуды басты міндеті санайтын партияның жиналысына барлық аймақтардан өкілдер келді.

Партияның сайлауалды тұғырнамасында әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, саяси жүйені жетілдіру қажеттілігі де айтылыпты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік саланы жетілдіру және мемлекеттік басқару моделін жаңарту «Әділеттіктердің» сайлаудағы басты ұсыныстары болмақ. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев алдағы сайлауға дайын екендіктерін жеткізді.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жалпы, біздің бүгінгі тізімімізде 61 біздің мүшеміз. Ал Мәслихатқа одан да көп болып отыр. Сондықтан, біз тізімнің тоқ етерін тіркеуден өткеннен кейін айтамыз. Ең кемінде 12-15 пайызды аламыз ба деген ойымыз бар.

«Әділеттіктер» Қазақстанда құқықтық мемлекет принциптерін нығайту керектігін баса айтты. Жиынға Қазақстанның барлық аймақтарынан өкілдер шақырылыпты. Олар жер жерлерде партияның жұмысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, сол себептен де біз Мәжіліс пен мәслихаттан тиісті орындарды аламыз дейді.

Нұрасыл ӘБДІЛОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- «Әділеттік» партиясы Қазақстандағы заң саласындағы кемшіліктердің орнын толтыратын болса онда қоғамды түзетуге мүмкіндік болады. Сондықтан, Маңғыстау облысындағы партия мүшелері мен делегаттарды жұмсап, жұмысын жалғастыруға сенім артты.

«Әділет» партиясы да өзінің партиялық тізімін толық анықтап алған соң оны алдағы күндері Орталық сайлау комиссиясына тапсырады. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңы бойынша партиялық тізімдерді тапсыру мерзімі 5 желтоқсан күні аяқталады.

 

 

Сайлауалды дайындығын жария етті

 

/«Егемен Қазақстан», 06.12.2011 ж., Қ. Ескендір/ - 3 желтоқсанда «Әділет» демократиялық партиясының кезектен тыс VII съезі болып өтті. Съезд делегаттары алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауында жеңіске жететіндіктеріне сенімдері мол екендіктерін мәлімдеді.

«Бұл жеңіске жету үшін біздің қолымызда барлығы: тәжірибе, бірлік және болашаққа деген талпыныс бар» деген ұран аясында өткізілген съезд өз жұмысын Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдерін еске түсіру мен «Әділет» партиясының қол жеткізген жетістіктерімен көпшілікті таныс ету шарасынан бастады.

Съезге қатысушылар «Әділетке барар жол» атты партияның сайлауалды бағдарламасын қабылдады және 61 адамнан тұратын Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті.

Форумға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 246 делегат қатысты. Сайлау алдындағы бағдарламаның алдына қойған нақты мақсат-міндеттерін партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев «Бәрінен де жоғары тұратын әділдік» деп аталатын баяндамасында таныстырып өтті. Сайлауалды бағдарламасының идеологиялық негізі әділеттілік орнату және онсыз құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет құру мүмкін еместігі, әрбір қазақстандықтың заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Біздің съезд Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде атқарылған іс-әрекеттерді қорытындылау кезінде өтіп отыр, деді өзінің сөзінде М.Нәрікбаев. Бүгінгі күні бүкіл әлем экономикалық дағдарыстың қайталану қаупі төнгендіктен, өздерінің дағдарысқа төтеп беру мүмкіндіктерін қарастыруда. Елбасы бір сөзінде «Дағдарыстың туындау себебі – әділдіктен тартыну» деген болатын. Әділеттіліксіз ауқатты әрі қуатты еліміздің барлық жетістіктерінің мағынасы мен мәні жойылады. Онсыз даму мен көркею, тұрақтылық пен тыныштық болмайды. Әділдікті әділеттілік ретінде барлық салаларда қалыптастыру үшін құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құруымыз қажет.

Партияның сайлауалды бағдарламасында болашақ жаңа Мәжіліс депутаттары орындауы тиіс мәселелер мен саяси-экономикалық және әлеуметтік салада жүзеге асуы кезек күттірмейтін бірқатар ұсыныстар бар екен. Атап айтқанда, егер «Әділет» партиясы Парламенттен орындарға ие болған жағдайда саясат саласында кең көлемдегі конституциялық реформа жүргізу, Парламенттің өкілеттілігін арттыру, қала және аудан әкімдерін сайланбалы ету, тәуелсіз арбитр болатын сот жүйесін енгізу, қоғамдық телеарна ашу, сондай-ақ саяси партиялардың әділ бәсекеге түсуін қамтамасыз ету секілді, ал экономика саласында табиғи монополияның мемлекеттендірілуі, қосымша құн салығын 6 пайызға, әлеуметтік салықты 7 пайызға дейін төмендету, бағалы, құнды заттарға салық салу секілді мәселелер жүзеге асырылмақ көрінеді. Сонымен қатар, бұл бағдарламада әлеуметтік саясатта реформа жүргізу, зейнетақы жүйесіне тиімді тәртіп енгізу, газ, электр энергиясы, темір жол тарифтерінің өсуіне шектеу қою, барлық қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларының қолжетімді болуын қамтамасыз ету секілді біршама жәйттер қамтылыпты.

Партия съезінде ұйымдық мәселелер де қаралды: партияның бас хатшысы болып Мұрат Раев, партия төрағасының орынбасары болып Мәди Артығалиев және Артықбай Үкібаев сайланды.

Сонымен қатар, «Әділет» партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында Төлеген Сыдыхов өз қызметін әрі қарай жалғастыратын болды. «Әділет» партиясы төрағасының идеология жөніндегі бірінші орынбасары деген қосымша лауазым бекітіліп, оған Уәлихан Қайсаров тағайындалды.

Партия басшылығы мен съезд делегаттарының атына тілек білдірген бірқатар хаттар келіп түссе, олардың қатарында О.Сүлейменовтің, сондай-ақ «Справедливая Россия» партиясының төрағасы Н.Левичевтің, Украина Социалистік партиясының төрағасы А.Мороздың, Беларусь Республикасының Еңбек және әділет республикалық партиясының төрағасы В.Заднепрядныйдың және сол сияқты ТМД елдері саяси партиялары өкілдерінің жеделхаттары бар екен. Олар съезд барысында қатысушылардың назарына ұсынылды.

 

 

Коммунистер сайлау комитетіне

үміткерлер тізімін тапсырды

 

/«Қазақстан» ТРК, 03.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тапсырды. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы атынан алдағы саяси аламанға 23 үміткер ат қосуға ниет еткен. Олардың қатарында ғалымдар, кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер тіпті зейнеткерлер де бар. Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы Орталық сайлау комиссиясына өз тізімдерін тапсырған екінші партия. Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы өздерінің партиялық тізімін тапсырған. Ал Орталық сайлау комиссиясы, партиялық тізімдерді 5 желтоқсанға дейін ғана қабылдайды.

 

Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының хатшысы:

Біз жаңа ғана ОСК-на ҚКХП-ның атынан бекітілген тізімді әкеліп тапсырдық. Тізім бойынша Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат ретінде 23 адам тіркелді. Сол 23 адамның құжаттарын әкеп тапсырдық. ОСК тарапынан ешқандай кемшіліктер, не болмаса түзетулер болған жоқ.

 

 

ҚХКП депутаттыққа үміткерлердің тізімін берді

 

/«Хабар» агенттігі, 03.12.2011 ж./ - Бүгін Қазақстан халықтық коммунистік партиясы Орталық сайлау комиссиясына партия атынан ұсынылған 23 үміткердің тізімін тапсырды.

Партия хатшысы Жамбыл Ахметбеков: «іріктелген үміткерлер – әр саланың мамандары, сондықтан тізімдегі азаматтардың білімі мен білігі жоғары», - деді.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

- Тізімдер бойынша Парламент Мәжілісіне депутат ретінде 23 тіркелді. Сол 23 адамның құжаттарын әкеліп тасырдық. ОСК жағынан ешқандай кемшіліктер мен түзетпелер болған жоқ. Тізім сапалық жағынан өте тиімді. Өйткені, біз әр салаға қатысты мамандарды алғанбыз. Оның ішінде ғылым докторы, жұмыскерлер де бар, мұғалімдер де бар және кәсіпкерлер де бар. Өзіміздің партия қызметкерлері мен белсенділері де кірген.

 

 

Ауыл тағдыры – халық тағдыры

 

/«Егемен Қазақстан», 03.12.2011 ж., Л. Еділқызы/ - Кеше Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының кезектен тыс VIII съезі өтті. Оған партияның аймақтық өңірлер төрағалары, ауылшаруашылығы мен өнеркәсібінің, экономиканың басқа да салаларының еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттері қатысты.

Жиын кезінде екі мәселе қаралды. Бірі – Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасын бекіту, екіншісі – 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісіне «Ауыл» партиясынан кандидаттар тізімін ұсыну және бекіту.

Партия төрағасы Ғани Қалиев «Ақ қар, көз мұзға қарамастан, біздің кең байтақ жеріміздің төрт бұрышынан түгел съезге жиналғандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз», деп сөзін бастай келе, бұл жиынның Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырғанына, тәуелсіздіктің мәні мен мазмұнынына тоқталып өтті. Біздің еліміз егемен ел ретінде өзін әйгіледі, дәлелдеді. Еліміздің үлкен халықаралық беделі бар. Бұл – шындық. Осы орайда, сіздерді ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаймын. Біздің партияның қатарында 200 мыңнан астам азамат бар. Біз еліміздің жетістіктері мен кемшіліктерінің жай ғана куәгерлері емеспіз. Әрине, әр нәрсеге сыни көзқараспен қарағанымыз дұрыс. Біз – көпэтносты және көпконфессиялы елміз. Әлеуметтік те, экономикалық та салаларда қиындықтар бар. Сондықтан, неге қол жеткіздік, болашағымыз қандай болмақ деген сауал бізді мазалайтыны анық, деді партия жетекшісі. Ғани Қалиевтың айтуынша, 2000 жылы негізі қаланған партияның Парламентте ауқымды фракциясы болған. Енді, міне, жаңа сайлау өтпекші. Демек, елдің азаматтары, саяси партия өкілдері ретінде Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін алаңдау – заңдылық. Біз осы мақсат жолында бірігіп отырмыз, деді Ғ. Қалиев.

Бұл күні партия өкілдері әлеуметтік-экономикалық бағдарға өздерінің сайлауалды тұғырнамасын жария етті. Онда «Ауыл» партиясының мақсат-міндеттері көрініс тапса, партия жетекшісінің ауыл мәселесіне қатысты айтқан ой-пайымымен партия мүшесі, жазушы Дулат Исабековтің пікірі үндес шықты. Біз биліктің сөзін көп сөйлеп кеттік. Аузымыздан билік түспейтін болды. Халық ащыға құмар, тәттіден жерініп бітті. Бала емес ол. Мен биліктің жағасынан алайық деп үгіттеп тұрған жоқпын. Бірақ халықтың тұрмысын ашығырақ айтуымыз керек, деді жазушы.

Сондай-ақ, ол өзіне басқа партияға мүше болуға ұсыныс түсіп жатқанын, алайда ол «Ауыл» партиясында қалатынын жеткізді. Ауылдың өте қиын кезінде басымыз қосылған. Әбдіжәміл Нұрпейісов, марқұмдар Зейнолла Қабдолов, Зейнолла Серікқалиев, көптеген ғалымдар осы партияның төңірегіне топтасты. Ауыл деген тас қараңғы, кебек жеп, лай су ішіп отырған кезінде жанымыз шырқырап, арашашы болдық. Ауылдан шыққандардың барлығы «Ауылға» мүше болуы керек. Мәселе, партияның жеңіске жетіп, ертең Парламентте отыруында ғана емес. Өз басым «Ауылдың» беделі үшін күресемін. Қолымнан келгенше. Ал ендігі Парламент Мәжілісіне мүше болатын адамдардың ішінде құрығанда ұлттың мүддесін қорғайтын 10 адам керек. «Ауыл» партиясы сайлауда өту үшін ғана құрылмаған болатын. Маған ұнағаны да сол еді. Сайлау өткеннен кейін келесі жылы құрылды. Егер де елге, ауылға деген белгілі бір бағдарламалар жүзеге асып жатса, бұл, сөз жоқ, «Ауыл» партиясының жетістігі, деді Д.Исабеков.

Съезд кезінде жазушыдан басқа, партияның жергілікті өңірлердегі өкілдері де сөз алып, партияның мақсат-мүдделері жайында таратып айтып берді. Бұл мақсат-мүдделер «жер – оны өңдейтін шаруа адамдарына берілуі тиіс», «ұрпақтар сабақтастығы – Қазақстан дамуы», «Мемлекеттік тіл – мемлекет тұғыры», «халық денсаулығы – Қазақстанның басты құндылығы», «Қазақстан азаматтары алаңсыз өмір сүруі тиіс» деген ұстанымдарға сайды.

Съезд соңында партия мүшелері сайлауалды тұғырнаманы және партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың тізімін бекітті. 15 қаңтарда өтетін сайлауға Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясынан 23 адам қатысады.

 

 

Партиялар бәсекесі

 

/«Дала мен Қала», 03.12.2011 ж., Н. Әубәкір/ - Алдағы жылы өтетін Парламент Мәжілісі сайлауының күні белгіленгелі бері еліміздегі саяси партиялар саяси додаға қатысатынын білдіріп, кезектен тыс съездерін өткізіп, тартысқа түсетін үміткерлердiң тізімдерін жария етті.

Жұрттың алды болып Астана төрінде кезектен тыс XIV съезін өткізген «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына тас түйін дайын екендерін дүйім жұртқа жария етті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген партия құрылтайына еліміздің әр аймағынан 600 делегат қатысып, «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Мәжіліске ұсынылатын үміткерлер тізімін бекітті. «Қазақстан–2017. Мақсаттары. Ұлттық іс-әрекет жоспары» деп аталатын жаңа құжат партияның «Халықтың дауысы» шарасы кезінде жинақталған қазақстандықтардың өтініші негізінде жасалған. Яғни, «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасын нағыз халықтық құжат деп атауға болады. Бағдарламаның басты мақсаты – әрбір қазақстандықтың бай-қуатты өмір сүруін қамтамасыз ету. 850 мыңнан аса мүшесі бар еліміздегі іргелі ұйым алдағы Мәжіліс сайлауына партия атынан қатысатын 127 үміт­кердің тізімін жариялады. Үміткерлердің арасында салиқалы ой айта алатын зиялылардан бастап, аудандық партия ұйымының өкілдері, беделді әкімдер және басқа да жоғары лауазым иелері өнерде, спортта өзіндік тұлғалары сомдалып үлгерген танымал жастарға дейін бар. Айта кетейік, олардың қатарында Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының әкімдері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев, Дариға Назарбаева, белгілі спортшылар Ольга Шишигина, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ өнер қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Әлібек Дінішев бар. Сондай-ақ, бұрын сайланған Мәжіліс депутаттарының бірқатары да тізімге енген.

Парламент сайлауына үлкен дәмемен қатысып отырған саяси ұйымның бірі – «Ақ жол» партиясы. Құрылғанына 10 жылға таяу уақыт болған саяси ұйым соңғы кадрлық, басшылық жағынан көп өзгеріске ұшырағаны баршаға мәлім. Азат Перуашев келгелі бері Алаш идеясына бет бұрған саяси ұйым өзінің кезектен тыс Х съезін бастамас бұрын, Алматыдағы А.Байтұрсынов мұражайына гүл шоғын қойып, мінәжат етуден бастады. Еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық делегат қатысқан құрылтай басқосуда, «Ақ жол» партиясы заң шығарушы органға депутат ретінде ұсынылатын партиялас әріптестерінің тізімін жария етті. Партияның үміткерлер тізіміне үңілгенімізде партия басшысы Азат Перуашев және оның екі орынбасары Людмила Жуланова мен Бөріхан Нұрмұхамедов, экс-депутат Амангелді Айталы, бір топ кәсіпкерлермен бірге Смағұл Елубай, Исраил Сапарбай, Қазыбек Иса, Ибрагим Иса сынды қазақ әдебиетінің қаймақтарын да көзіміз шалды. Бейжің Олимпиадасында атой салған Бақыт Сәрсекбаев та «Ақ жол» атынан сынға түспекші. Тізімде ұзын саны 79 адамның аты аталған.

«Қазақконцерт» залында ХІ съезін өткізген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 2012 жылы қаңтардың 15-іне белгіленген кезектен тыс Мәжіліс сайлауына арналған тұғырнамасын айқындап, 57 адамнан тұратын партиялық сайлау тізімін бекітті. Партия съезіне Қазақстанның барлық аймақтарынан 475 делегат қатысқан. ЖСДП атынан Парламенттік сайлауға тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, саясаткерлер Болат Әбілов, Балташ Тұрсынбаев, Жармахан Тұяқбай, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Серікбай Әлібаев, Петр Своик қатыспақ.

Алматыда «Руханият» пен тіркелмеген «Халық рухы» партиясының жиыны болып, қос ұйым алдағы Парламент Мәжілісіне бірігiп түсетіндіктерін жария етті. 200 мыңға тарта мүшесі бар екі ұйымның делегаттары жиын барысында «Руханияттың» сайлау бағдарламасын талқылады. Жиырма баптан тұратын саяси тұғырнамада ұлттық құндылықтар мен руханиятқа баса назар аударылған. Сонымен қатар, саяси додаға қатысатын Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді. «Ұстанымдары ұқсас екі ұйым мүшелері ойларымыз бір жерде тоғысты деп отыр» деп тарқасты.

Кезектен тыс ХI съезін өткізген «Патриоттар» партиясы да сайлауалды тұғырнамасын жариялап, сайлауға қатысатындықтарын жариялады. «Патриоттар» партиясының тұғырнамасында экологиялық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес, шағын және орта бизнесті қолдау, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, медициналық қызметкерлердің және мұғалімдердің жалақыларын көтеру сынды әлеуметтік мәселелер қамтылған. Партия съезінде алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын 22 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді. «Патриоттар» партиясы атынан сайлауға түсетіндердің арасында әлемнің бірнеше чемпионы Людмила Воронина, Халық артисі Хафиз Есімов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов сынды танымал азаматтар бар.

«Өз күшімізге нық сенеміз» деп ұрандатып кезектен тыс VI съезін өткізген Қазақстан Коммунистік Халық партиясы да Мәжіліс сайлауына қатыспақшы. Жиынға коммунистерді қолдап, еліміздің 14 өңірінен, 64 делегат келген. Олар бірінші кезекте партияның сайлауалды бағдарламасын пысықтап, үміткерлердің тізімін реттеді. Ұсынып отырған бағдарламасында коммунистер әлеуметтік мәселелер мен жемқорлыққа баса назар аударып отыр. Тізімге енген 23 адамды сайлауға партия төрағасы Владислав Косарев пен бас хатшысы Жамбыл Ахметбеков бастап баратын болды.

Астанада «Ауыл» социал-демократиялық партиясының 18 съезі болып партияның тұғырнамасы бекітілді. Жиында сөз сөйлеген «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев Қазақстанның Кеден одағы шеңберінде Беларусь елінің тәжірибесіне көңіл бөліп, алдағы уақытта елмізде ірі агроқалашықтар құрып, сол арқылы ауыл тұрғындары­ның әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуді «Ауыл» партиясы қолдайтынын жеткізді. Съезд барысында азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де сөз болды. Құрылтай соңында 15 қаңтарда өтетін сайлауға Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясынан 23 адам қатысатын болып келісілді.

Еліміздегі саяси ұйымдардың соңын ала «Әділет» демократиялық партиясы да кезектен тыс VII съезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамасы мен саяси додаға қатысатын үміткерлерін жұртқа жария етті. Құрылтай жиында партия жетекшісі сайлауда халықтың 13-15 пайыз дауысына ие болатын мүмкіндіктері бар екенін алға тартқан. 125 мың мүшесі бар «Әділет» партиясының атынан Мәжіліске депутаттықтан үміткер 61 адам қатыспақшы.

 

 

 «Бас редакторлар клубы» сайлау науқанына

қатысты Хартия қабылдады[3]

 

/«ҚазАқпарат», 05.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін  «Бас редакторлар клубы» сайлау науқанын баяндаулар барысында этикалық нормаларды ұстану туралы хартияны қабылдады.

Бұл туралы елордадағы Ұлттық баспасөз орталығында өткен брифинг барысында «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Ережепов мәлім етті.

«Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары алдағы сайлауға қатысты өздерінің партиялық тізімін бекіткен барлық партиялар үшін, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін, олардың саяси көзқарастарына еш қарамастан  БАҚ-тағы еркін қолжетімділіктеріне жол берулері және жәрдемдесулері керек. Соған орай, қабылданып отырған Хартия алдағы саяси науқан барысын БАҚ-тың кәсіби және объективті түрде көрсетулеріне шақырады», - делінген Хартияда.

 

 

Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын

сайлау бойынша электораттық науқанды көрсету кезінде

этикалық нормаларды ұстану туралы Хартия

 

«2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша электораттық науқанды көрсету кезінде этикалық нормаларды ұстану туралы ХАРТИЯ»

Сөз бостандығы адамның ажырағысыз құқығы болып табылатынын назарға ала отырып;

бостандық құқын жариялайтын Адам құқының жалпыға ортақ декларациясының ақпараттарды іздеу, алу және тарату жөніндегі 19-бабының ережесін есепке ала отырып;

Қазақстан Республикасы Конституциясының ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, конституциялық құрылысты, республиканың тұтастығын күштеп өзгертуге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты,  әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық үстемдікті, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынушылыққа тыйым салу ережелерін басшылыққа ала отырып;

ақпараттың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде бірінші кезекті рөл атқаратынын атап көрсете отырып:

біздер, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сайлаулар өткізу кезеңінде аталған Хартия қағидаттарын сақтауды міндеттенеміз.

1. Бұл Хартия Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Сайлаулар туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарына сәйкес жасалған.

2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау үдерісі, сондай-ақ партиялар мен мәслихаттар депутаттарына кандидаттардың қызметтері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында адекватты, толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

                3. БАҚ-тар, саяси көзқарастарына қарамастан, өздерінің партиялық тізімдерін тіркеткен барлық партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттарға теңдей қолжетімділікке ықпал ете алады және солай етуге тиісті.

4. Бұл Хартия БАҚ-тарды сайлау үдерістерін оның барлық көпқырлылығы бойынша кәсіби және объективті көрсетуге ықпал етуге шақыруы керек.

5. Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауларды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстанатындарымызды мәлімдейміз:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұлжытпай сақтау;

2) сайлау тақырыбына арналған барлық  редакциялық материалдардың объективті, алалаусыз, сондай-ақ барлық партиялар мен мәслихат депутаттарына қатысты әділ болуларына ықпал ету;

3) сөз қозғалған адамның жеке басына нұқсан келтіруі ықтимал ақпараттарды таратпау;

4) лауазымды тұлғалардың қызметі мен кандидаттардың, саяси партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстарының аражігін нақты ажырата білу;

5) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса тексеруге алу;

6) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар арасындағы айырмашылықты нақты ажырату;

7) сайлау учаскелерінен шыққан бетте сұрау салулар нәтижелері туралы немесе сайлауға бес күн қалғандағы және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер туралы материалдарды таратпау.

6. Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүдделерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәдениетті қарастырады.

Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей танылған құқықтары мен бостандықтарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проблемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, күш қолдану пішіндерін болдырмауды арқауланған саяси өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.

 

 

 

 

Хартияға қосыл!

 

/«Дала мен Қала», 10.12.2011 ж., Е. Әбдіжаппарұлы/ - «Бас редакторлар клубы» алдағы сайлау науқанын насихаттауда журналистердің заң шеңберінде жұмыс істеуі, этикалық нормаларды ұстануы туралы Хартия қабылдау жөнінде бастама көтерді.

Астанадағы Ұлттық баспасөз орталығында өткен брифингте Хартияның мақсатын мәлім еткен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Ережепов аталмыш құжатты барлық БАҚ қолдайтынынан үмітті екенін жеткізді. Ал, «7-ші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбайдың сөзіне қарағанда, қазір Хартияға 130-ға жуық бұқаралық ақпарат құралдары қосылып отыр. «Оның қатары көбеюі мүмкін. Жалпы еліміздегі барлық БАҚ қосылады деген үміттеміз. Хартияда сайлау кезінде саяси партиялар, үміткерлер туралы ақпарат жариялауды заңға сәйкес жүргізу, шынайы ақпарат тарату, этикалық нормаларды сақтау және кез келген ақпарат көздерінің дұрыс жеткізілуін қамтамасыз ету көзделген. Бұл заңға сәйкес жасалып отырған шара. Хартияға қол қойған БАҚ-тар сайлаудың әділ өтуіне өзіндік үлес қосады деп ойлаймын», – дейді Б.Жексенбай.

 

 

Партиялар сайлауға дайын

 

/«Қазақстан» ТРК, 04.12.2011 ж., Б. Омаров/ - Сайлауға қатысатын 8 партия да қазір сайлауалды тұғырнамасын тас түйін бекемдеп, съездерін түгелдей өткізіп бітті. 5-ші шақырылымның көппартиялық сипатын ескерер болсақ, алдағы саяси науқанның қаншалықты тартысты өтерін болжап біле беріңіз. Өз өкілдерін Парламент орынтағынан көруге ынталы саяси ұйымдар ендігіде электоратқа төл бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихатын бастап та кетті.

Тұғырнамаға келсек, партиялардың ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес бір-бірінен өзара ерекшеліктері болуы заңдылық. Әйткенмен, сайлауда жеңсе, жүзеге асыруға бекініп отырған құндылықтар бәріне бірдей ортақ десек, шындықтан қағыс кетпейміз. Ол құндылықтар – әлбетте, әлеуметтік саланың әлеуметін арттыру, экономиканың дамуының оң қадамдарын қолға алу, саяси тұрақтылықты одан ары нығайту. Бұл 8 партияның қай-қайсының бағдарламасында бекем орын алған игі шаралар. Бірақ әрқайсысы ел үшін стратегиялық салалардағы түйткілдердің түйінін тарқатуды әр қырынан, өз деңгейінің биігінен көреді. Партиялар паш еткен тұғырнамалардың тұшымды тұстарына Бақытжан Бауыржанұлы үңілді.

***

Қаңтардың 15-і күні өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына барлық партиялар тыңғылықты дайындалып, белді бекем буып отырғаны белгілі. Өткен аптада барлық партиялар сайлауалды тұғырнамаларын бекітіп, кезек-кезектен құрылтайларын өткізді. Съезді алғаш болып ұйымдастырғандың бірі – «Ақ жол» демократиялық партиясы. Азат Перуашов бастаған топ бұл жолғы саяси науқанға 79 үміткер ұсынып отыр. Партия делегаттары Мәжілістің мерзімнен тыс сайлауында 15-20 пайыз орын алатындарына сенімді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

12-15 адам Парламентке кіру керек. Жергілікті мәслихаттар бойынша қазіргі таңда біз оларды ұсына бастадық облыстық конферециялардың арқасында. Менің білгенімше, қазірде 200-дей, 200-ден астам үміткерлер осы жергілікті мәслихаттардың сайлауына қатысайын деп отыр.

Өздерінің кезектен тыс съезін «Ақжол» демократиялық партиясымен бір күнде Қазақстан Коммунистік халық партиясы өткізді. «Өз күшімізге нық сенеміз» деген ұранмен. 6-шы құрылтайға Қазақстанның 14 өңірінен 64 делегат келген. Белсенділер алдымен партияның сайлауалды бағдарламасын пысықтап, үміткерлердің тізімін реттеді. Ұсынып отырған тұғырнамаларында олар әлеуметтік мәселелер мен жемқорлыққа баса назар аударып отыр.

Жамбыл Ахметбеков, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» орталық комитетінің хатшысы:

Жұмыссыздықтың орын алуы, бағаның ауыздықталмай, ары қарай асып кетуінің барлығын ескере отырып, бағдарламамызға енгізгенбіз. Яғни, біздің бағдарламамызда – өздігінен жұмыс істеу, 2,5 млн. халықты жұмыспен қамту, олардың статусы, яғни, олардың мәртебесін өзгерту мәселесі.

11 жылдық тарихы бар «Патриоттар» партиясы Мәжіліс сайлауына 22 үміткер ұсынып отыр. Тізімді «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бастап тұр. Сайлауалды бағдарламасында олар экологиялық қауіпсіздік, адам денсаулығы, ауылды көркейту сынды мәселелерді көтерген. Партия көшбасшысы Ғани Қасымов Мәжіліске өтетіндіктеріне сенімді екенін өзінің ғаламтордағы «Фэйсбук» парақшасында жазған. Парламентке қажетті 7 пайыз дауысты еш қиналмастан жинаймыз деп отыр.

Алдағы сайлау додасынан «азаттықтар» да сырт қалмайды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына 57 үміткер ұсынып отыр. Бұл туралы партия белсенділері кезектен тыс өткен IX құрылтайында мәлімдеді. Жиынға «азаттықтарды» қолдап, елдің барлық аймағынан 500-ге тарта делегат келді.Алдымен партияның өз тұғырнамасы талданып, үміткерлердің тізімі жинақталды. Құрылғанына 5 жыл толып отырған партия демократиялық-құқықтық, ашық қоғам құруды көздейді. Сондықтан да, сайлауалды бағдарламасында негізінен үш мәселені көтереді.

Болат Әбілов, «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы:

Біздің ұсыныста, біріншіден, экономика. Әлеуметтік жағдайды шешу керек. Исламдық экстремизм. Сондықтан, көп мәселелер бар шешілетін.

«Руханият» пен тіркелмеген «Халық рухы» партиясы сайлауға бірігіп түседі. Жазушы Мұхтар Шаханов бастаған «Халық рухының» мүшелері «рухнияттықтардың» құрамына енді. Екі саяси ұйымның 200 мыңға жуық мүшесі бар. Осы аптада «Руханият» партиясы мүшелерін жинап, өз бағдарламасын талқылады. Жиырма баптан тұратын саяси тұғырнамада ұлттық құндылықтар мен руханиятқа баса назар аударылған. Сонымен қатар, саяси додаға қатысатын Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді. «Ұстанымдары ұқсас екі ұйым мүшелері ойларымыз бір жерде тоғысты», - деп отыр.

Құдияр Біләл, жазушы, «Руханият» париясының мүшесі:

Рухани мәселенің алға шығуы осыған дейін экономикалық мәселені көтеріп келсек, «Руханияттың» қордаланып қалғандығын біз ғана емес, өзге партиялар да біз көтерген мәселелерде тоғыстас болып, бізбен бірге үн қатуға тырыса бастады.

«Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы 2002 жылдың қаңтар айында құрылды. Партия содан бері 7 съезд өткізіпті. Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуға бел шеше кіріскен партия 8-ші құрылтайда сайлауалды бағдарламасын бекітті. Ауылдықтар: «Алдағы сайлауда 15 пайыздан артық дауыс жинаймыз», - деп межелеп отыр. Ауылды гүлдендіру, ауыл шаруашылығының шырайын енгізу. Партия қызметінің басым бағыты осылар. Сондай-ақ, саяси ұйым сайлау платформасында шынайы халықтық билік, саяси ашықтық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік мәселелерге де баса мән беріп отыр.

Ғани Қалиев, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясының төрағасы:

Біз енді өткен науқандарда 2004 жылы 7 проценттен асқанбыз. Келесі жылы 16 процентке жуық болдық. Ал, енді ол мәселе дауысты қанша алғанда емес, қалай санағанда болып тұр ғой.

Парламенттен орын алуға үміт етіп отырған партиялардың бірі – «Әділет». Олардың осы аптада қабылдаған бағдарламасы «Әділеттілікке жол» деп аталады. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, «әділеттіктер» депутаттықта 61 адам ұсынады. Бірақ осы жолғы съезде 46 кандидат бекіді. Саяси бюро қалған 15 үміткерді желтоқсанның 5-не дейін тіркейді. Сөйтіп, партия: «Сайлауда дауыс берушілердің 10 пайыздан астам даусына ие боламыз», - деп отыр.

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» партиясының төрағасы:

Сайлауымыз заңдылық тұрғыда солай деп сенеміз, биылғы жылғы сайлаудың солай өтетініне. Таза, әділетті өтетін болса, әділетте өтетін болса, ең кем дегенде 12-15 пайызды аламыз ба деген ойымыз бар.

Қосымша құн салығын – 6, ал әлеуметтік салықты 7 пайызға дейін төмендету. Бұл «Әділет» партиясының алға қойған жоспарларының бірі. Білім беру, денсаулық сақтау, жемқорлықпен күрестің төңірегінде туындаған түйіткілді мәселелерді де шешуді партия алдына мақсат етіп қойды. Тізім бекіді, тұғырнама дайын. Алда партияларды сайлау науқаны күтіп тұр.

 

 

Сайлау комиссиясы мәлімдейді

 

/«Қазақстан» ТРК, 04.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Келер жылы өтетін Мәжіліс сайлауына орай елдегі саяси партиялар өткен аптадан бастап кезектен тыс съездерін өткізді, сайлауалды тұғырнамаларын бекітті. Сөйтіп, 8 партия түгел өз жиындарында алдағы саяси аламанға қосатын кандидаттарының тізімін жариялады. Саяси партиялар съез өткізген соң, Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімге енген үміткерлердің келісімі туралы өтініштерін тапсыруы тиіс.

Сайлау комиссиясы өз тарапында партиялар ұсынған тізімдерді қабылдайтын соңғы күн - желтоқсанның 5-і. Әзірге елдегі «Нұр Отан» мен «Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы» ғана Мәжіліске өтуден үмітті өкілдерінің тізімін бас комиссияға тапсырды. Сайлау науқанының қызу қарқынын саяси шолушымыз Айбек Қобдабай ары қарай былай тарқатады.  

***

Келер жылы өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысу үшін, әзірге елімізде екі партия ғана өз кандидаттарының тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Қалғандары үміткерлердің тізімін жариялағанмен, сайлау комиссиясына әлі ұсыныс жасаған жоқ. Ал ертең - бекітілген тәртіп бойынша саяси партиялардың партиялық тізімдерді тапсыру мерзімі аяқталатын күн.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Басқа саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына өз тізімдерін әлі ұсынған жоқ. Мәслихаттар депутаттарының сайлауында қазіргі сәтте 489 кандидат ұсынылған. Олардың 63-і облыстық мәслихаттарға, 371-і аудандық мәслихаттарға, 57-сі қалалық мәслихаттарға. Мәслихаттарға кандидат ұсыну Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында белсенді жүріп жатыр.

Кезектен тыс өтетін  Мәжіліс сайлауына «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы 127 үміткер, «Ақ жол» партиясы 79 үміткер, «Патриоттар» партиясы 22 үміткер, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» 57 үміткер, «Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы» атынан 23 кандидат, «Руханият» партиясы 36 үміткер, «Ауыл» партиясы 23 үміткер және «Әділет» партиясы 40-тан астам үміткерді алдағы аламанға қосуға ниет етті.

Осы аптада ОСК «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» учаскелік сайлау комиссиялары құрамына дауыс беру құқығы бар өкілдерін жіберу мерзімін ұзартуды сұраған өтінішін қарады. Нәтижесінде, комиссия мүшелері барлық партиялар үшін учаскелік сайлау комиссиялары құрамына кеңесші дауыс беру құқығы бар өкілдерін жіберу мерзімін 15 желтоқсанға дейін ұзартты. Сонымен қатар, комиссия «Сайлау учаскелеріндегі дауыс беруге арналған мекемелерді жабдықтау туралы» Қаулыға тың өзгерістер енгізді. Тиісті түзетулерге сай дауыс беру мен дауыстарды санау үрдісі анағұрлым ашық түрде өтетін болады.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіру, олардан шығу, сондай-ақ, олардың сайлау жәшігіне дейінгі жол учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің және қатысып отырған БАҚ өкілдері мен байқаушылардың көз алдында болуы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен де кездесу өткізді. Онда сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлауды ұйымдастыру шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы кадрлық, материалдық және техникалық жағынан сайлауға сақадай сай. Әрі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына мыңнан аса шетелдік бақылаушылар келеді деп жоспарланған.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

2004 жылы 1200-дей байқаушы қатысқан, биыл да сол шамада болады деп ойлаймын.

Қазір еліміздің барлық аймақтарында алдағы саяси науқанға дайындық қыза түсті. Мәселен, бір ғана Жамбыл облысында 12 аумақтық, 205 округтық және 450 учаскелік сайлау комиссиялары құрылып, олардың құрамы қайта бекітілді. Ал қостанайлық сайлаушыларға облыста барлығы 1183 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда бұл аймақта дауыс беру құқығына ие 555 мың азамат тіркелген. Облыстық сайлау комиссиясындағылар өз үміткерлерін ұсынуда әзірге билік партиясы белсенділік танытып отырғанын айтады.

Асқар Абдуалы, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазіргі таңда атқарылған жұмыстардың ішінде ең бастысы – сайлау комиссиясы мүшелерінің тізімін және сайлау учаскелерінің аумағын анықтау және баспасөз беттерінде жариялау жұмыстары өз уақтысында сапалы атқарылды. Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясы мүшелері арасында бірлескен сайлауды өткеру жөніндегі заңнамалық, нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, оқыту семинарларын жүргізу жүріп жатыр.

Алдағы Мәжіліс сайлауына барлығы 107 депутат сайланады. Оның 98-і партиялық тізіммен, қалған депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сонымен қатар, еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3335 депутаттар сайлануы тиіс. Оның 550 депутаты 14 облыстық және Астана мен Алматы шаһарының мәслихаттарына сайланса, 2160 депутат аудандық мәслихаттарға, ал 325 депутат 37 қалалық мәслихаттарға сайланады.

 

 

Депутаттыққа үмтікерлерді ұсынудың соңғы күнінің

таңына ОСК-ға үш партияның тізімі келіп түсті

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 05.12.2011 ж./ - 15 қаңтарға белгіленген  кезектен тыс Парламенттік сайлауға қатысу үшін Қазақстанның Орталық  сайлау комиссиясына үш партия өтініш берді, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Қазақстанның Орталық сайлау комиссия баспасөз қызметінің қызметкері.

«ҚКХП сенбі күні өтініш беріп, қазір Патриоттар партиясы келді», - деді баспасөз қызметінің қызметкері.

Биліктегі «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы өтінішін өткен аптада беріп қойған.

Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 5 желтоқсан күні аяқталды. Партиялық тізімді тіркеу 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында жасалады.

 

 

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға

әзірге 4 партия ниет танытып отыр

 

/«ҚазАқпарат», 05.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына партиялар атынан үміткерлерді ұсыну мерзімі бүгін аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметтерге қарағанда, осы уақытта ОСК-ға барлығы 4 партия өзінің үміткерлерін ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі маңызды саяси науқанға ең алғашқылардың бірі болып, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы өзінің үміткерлерін ұсынды. Билік партиясының ізін алып, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы белсенділік танытты.

Ал бүгін, үміткерлер ұсыныс білдіретін соңғы күні ОСК-ға «Ауыл» партиясы мен «Патриоттар партиясы» саяси науқаннан тыс қалмайтындықтарын білдірді.

Ал сайлауға қатысатын мүмкіндіктері бола тұрғандықтарына қарамастан «Руханият», «Ақ жол», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен «Әділет» партиялары әзірге үміткерлерін ұсынған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Әділет министрлігінде елімізден барлығы 10 партия ресми тіркелген. Алайда Қазақстанның Коммунистік партиясының қызметі сот шешіміне байланысты уақытша тоқтатылуына байланысты аталмыш партияның өкілдері бұл жолғы саяси науқаннан тыс қалғалы отыр. Ал «Азат» бұл жолғы сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық  партиясымен күш біріктіріп отырғаны белгілі.

 

 

Төрт партия ОСК-ге өтініш берді

 

/«BNews.kz», 05.12.2011 ж./ –  Төрт партия 15 қаңтарға белгіленген мерзімінен бұрын Парламент сайлауына қатысуға Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді, деп хабарлайды Новости-Казахстан АА ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ҚКХП сенбі күні өтініш берді, қазір Патриоттар партиясы келіп отыр», - деді баспасөз қызметінің қызметкері. 

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өткен аптада өтініш берген болатын. 

Кейінірек «Ауыл» партиясы 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін сайлауға өз өкілдерін тіркеу үшін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімін бергені белгілі болды.    

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 5 желтоқсан сағ. 24.00-ге дейін созылады. Партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

 

 

 

 

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы

ОСК-ға өз үміткерлерінің тізімін өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясына бүгін «Ауыл» социал-демократиялық партиясы өз үміткерлерінің тізімін өткізді. Биылғы кезектен тыс Парламент сайлауына партия атынан 22 кандидат сайлауға түспек.

Ауыл тұрғындары мәселесі мен азық-түлік қауіпсіздігіне мән беретін саяси ұйымның 7 пайыздық межені бағындырарына сенімі мол. Тізімде зиялы қауым өкілдері және ғалымдармен қатар ауыл шаруашылығы саласында көп жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандар бар. Партиялық тізімдерді ұсыну мерзімі бүгін Астана уақытымен түнгі 00.00-де аяқталады.

Ғалымжан МӘДИЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Тізімді өткізу барысында бәрі дұрыс болды. Оған анау-мынау деген сөз жоқ. Біздің ойлауымыз бойынша және біздің жұмысымыз бойынша біздің партия 15 пайызға дейін дауыс алады деп есептейміз.

 

 

Мәжілістің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін

«Әділет» партиясы да өз үміткерлерін ұсынды

 

/«ҚазАқпарат», 05.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Әділет» партиясының өкілдері үміткерлерін ұсынды.

Бүгін аталмыш партия өкілдері Орталық сайлау комиссиясына келіп өздерінің үміткерлерін тіркетті.

Осылайша ел Парламентінен өздерінің өкілдерін көргісі келетін саяси партиялар саны 5-ке жетті. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысатындықтарын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы және «Патриоттар партиясы» білдірген  болатын. Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясына  өз үміткерлерін ұсыну үшін «Руханият» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері де келді.

 

 

«Әділет» партиясының партиялық тізімі

бүгін Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - Оған 61 үміткер енген. Саяси жүйені жетілдіру, Сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік саланы дамыту және мемлекеттік басқару моделін жаңарту әділеттіктердің сайлаудағы басты ұсыныстары болмақ.

Партия мүшелері алдағы сайлауда 15 пайыз дауыс жинаймыз деген болжам жасап отыр. Жер-жерлерде партияның жұмысы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, сол себептен де біз Мәжіліс пен Мәслихаттан тиісті орындарды аламыз, - дейді олар. Партия алдағы уақытта құқықтық жүйені жетілдіріп, азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін одан әрі нығайта түсу қажет деген пікірде. Партиялық тізімге тек заңгерлер ғана емес, сонымен қатар, басқа саланың өкілдері де көптеп тартылған, - дейді «әділеттіктер».

Төлеген СЫДЫҚ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тізім бойынша заңгерлер, экономистер, ғылым саласында жүрген азаматтар, бұрын құқық қорғау органдарында істеген азаматтар бар.

 

 

«Әділет» демократиялық партиясының жиыны

 

/«7 арна» телеарнасы, 05.12.2011 ж./ - «Әділет» демократиялық партиясы Мәжіліс сайлауында электораттың 15 пайызының қолдауына ие болмақ. Бұл туралы партия сьезінде Мақсұт Нәрікбаев мәлім етті. Төменгі палатаға осы бірлестік атынан ұсынылғандардың тізімінде 40-тан аса азамат, ал Мәслихатқа 70-тен астам үміткер бар. Жиынға барлық бөлімше басшылары қатысты.

ОНАЙБЕК ӘБДІЛОВ — «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Партия мүшесі болғандықтан барлығымыз ат салысып жатырмыз. Негізгі біз осы партияның ұстанымдарын халыққа жеткізе білуіміз керек. Съезде партияның алға қойған юағдарламасын іске асырамыз».

Қазір партия құрамында 125 мың адам бар. Сайлауда жеңіске жетсе, олар қоғамда әділдік орнатуға күш салмақ.

 

 

«Әділет» партиясы Қазақстанның Орталық сайлау

комиссиясына партиялық тізімін ұсынды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 06.12.2011 ж./ - «Әділет» партиясы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына,  сайлауы  2012 жылдың 15  қаңтарына белгіленген Мәжіліс депутаттығына өз өкілдерін үміткер ретінде тіркеу үшін  партиялық тізімін ұсынды.  

Осылайша партиялардың өз партиялық тізімдерін өткізудің соңғы күні ОСҚ-ға бес партия: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы,   Патриоттар партиясы, «Ауыл» және «Әділет» партиялары тізімдерін берді.

Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 5 желтоқсан саған 24.00-ге дейін жалғасады. Партиялық тізімдерді тіркеу 16 қараша мен 15 желтоқсан арасында жүргізілуде.

 

 

«Руханият» партиясының өкілдері

Мәжіліс депутаттығына үміткерлерін ұсынды

 

/«ҚазАқпарат», 05.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Паламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына «Руханият» партиясының өкілдері үміткерлерін ұсынды.

Осымен Мәжіліс сайлауында бақтарын сынап көруге 6 партия өкілдері ниет білдіріп отыр. Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Патриоттар партиясы» және «Әділет» партиясы.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі бүгін түнгі 24-00-ге дейін жалғасады.

 

 

«Руханият» партиясы ОСК-ға

өз партиялық тізімін ұсынды

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - Бүгін танымал ақын Мұқтар Шаханов жетекшілік ететін «Руханият» партиясы өз тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Партиялық тізімге танымал қоғам қайраткерлері, журналист, режиссер, ғалымдар мен кәсіпкерлер енген.

Саяси партия шетелдерден келген қандастарымыздың әлеуметтік мәселелерін шешу, жергілікті өзін-өзі басқару және сот жүйесін жетілдіруді көздейді. Өткен аптада, яғни қарашаның отызы күні саяси партияның құрылтайы өтіп, негізгі бағыт бағдар анықталған болатын. Руханият партиясы 1995 жылы құрылып, содан бері елдің саяси өміріне араласып келеді. Ұйым экологиялық білім беру мектеп қабырғасынан бастап енгізіп, қоршаған ортаға зиянын тигізетін кәсіпорындарға бақылау күшейтілуі тиіс деген пікірді ұстанады.

Серікжан МӘМБЕТАЛИН, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- 15 желтоқсан күніне біз кандидаттар құжаттарды аламыз. Сосын сайлау науқаны басталады. Каспий құтқару мәселесін көтереміз. Әуелі 37 адам ұсындық. Бірақ, бүгін құжаттарды 27 адам тапсырды.

 

 

 

 

 

 

Патриоттар партиясы ОСК-ға партиялық тізімін ұсынды

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан патриоттары партиясы өзінің партиялық тізімін ұсынды. Тізімде 22 кандидат белгіленген. Олардың қатарында танымал тұлғалар және қоғам өмірінің барлық салаларынан өкілдер бар.

Тізімге саяси ұйымның ең беделді және тұғырнамада айтылған мәселелерді іске асыруға лайық азаматтар енген, - дейді партия белсенділері. Аталған саяси ұйым халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және бизнеске қолдау көрсету мәселелерін алға тартады. Орталық сайлау комиссиясы Патриоттар партиясы атынан сайлауға қатысатын 22 кандидаттың эаңдық талаптарға сәйкестігін тексеріп, өз шешімін шығарады.

Болат БЕЙСЕНБАЕВ, ҚПП АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:

- Осы ойлап отырмыз 7 пайыздық барьерді өтеміз аман-есен. Сосын 22 адам өзіміздің болғанмен, сол тағы таңдап, Мәжіліске өтетіндей ойлап тұрмыз.

 

 

Саяси партиялар ОСК-на

партиялық тізімдерін тапсырды

 

/«Қазақстан» ТРК, 05.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясына еліміздегі бірқатар саяси партиялар өздерінің алдағы Мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелген үміткерлердің партиялық тізімдерін тапсырды. Ал Орталық сайлау комиссиясы партиялардың партиялық тізімдерін бүгін сағат түнгі 12-ге дейін қабылдайды. Ал бұған дейін «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстанның коммунистік-халықтық партиясы өз кандидаттарының тізімдерін тапсырған болатын.

Бүгін ОСК-на алдымен «Ауыл» партиясының өкілдері өздерінің кезекті съезінде бекіткен Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін әкеп тапсырды. «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясы 2002 жылы құрылған. Осыған дейін жеті рет құрылтай өткізген партия алдағы Мәжіліс сайлауына қатысуға 22 үміткердің кандидатурасын өткен аптадағы сегізінші съездерінде бірауыздан мақұлдады.

Ғалымжан Мәдиев, «Ауыл» партиясының мүшесі:

Орталық сайлау комиссиясына тапсырдық. Ішінде белгілі адамдар бар. Біздің мақсатымыз өзіміздің тұғырнамамызда бәрінде көрсетілген. Негізі ауылда тұратын халықтың саны 47 пайыз. Сондықтан да, ауылдың ерекшелігі мол. Оның өзінің алдында тұрған күрделі мақсаттары тұр. Оны білікті де, түсінікті де жеткізу үшін Парламентке ұсынып отырған кандидаттарымыз соны лайықты түрде алып шығады деген мүддедеміз.

Өткен аптада Алматыда 11 съезін өткізген «Патриоттар» партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын 22 адамнан тұратын партиялық тізімді бекіткен. Бүгін олар осы тізімді ОСК-на әкеп тапсырды. Бір ерекшелігі «Патриоттар» партиясының партиялық тізіміне «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов те еніп отыр.

Болат Бейсенбаев, «Патриоттар» партиясының мүшесі:

Жаңадан Мәжіліске сайланатын партиялық мүшелері бар. Сол себептен біздің өзіміздің арамызда 22 адам сайланып отыр біздің съезбен. Сол съездің басында ең жақсы азаматтардың күллісі атап берсек, бәрі елді білетін азаматтар. Енді оның арасында өздеріңіз білесіздер біздің партия басшысы Ғ.Қасымов – сенатор. Соның өзінде де біз осы партияға келе жатқан күнімізбен ойлап отырмыз, 7 пайыз барьерден өтеміз аман-есен. Сосын өткен соң өзіміздің депутат 22 адам болғанмен өзіміз тағы таңдап, сол Мәжіліске өтетіндей ойлап тұрмыз.

«Руханият» пен тіркелмеген «Халық рухы» партиясы сайлауға бірігіп түседі. Оларда бүгін өздерінің партиялық тізімін ОСК-на тапсырды. Ақын Мұхтар Шаханов бастаған «Халық рухының» мүшелері «Рухнияттың» құрамына кіргендігінен жұрт хабардар. Олар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында жиырма баптан тұратын тұғырнамасын бекіткен. Оның ішінде ұлттық құндылықтар мен рухани дүниеге баса мән берілмек.

Серікжан Мәмбеталин, «Руханият» партиясының төрағасы:

Бүгін «Руханият» партиясы құжаттарды тапсырды. 15-желтосқан күні кандидаттар құжатын аламыз. Сосын сайлау науқаны басталады. Осы партияның ішінде «Халық рухымен» бірігіп, елде қазақ тілінің мәселесін көтереміз. Қазақтардың құныдылықтарын, сосын «Жасылдар» бағыты бойынша біз Каспий теңізінің құқықтық мәселесін көтереміз. Сосын антиядролық мәселелерді көтереміз.

 «Әділет» партиясы да бүгін өздері бекіткен партиялық тізімді сайлау комиссиясына әкеліп тапсырды. Бұл партия өткен аптада қабылдаған бағдарламасын «Әділеттілікке жол» деп атаған. «Әділеттіктер» депутаттықта 61 адам ұсынып, әлбетте, олардың қаншасы құжат жинап үлгерсе, сонша адамды партиялық тізімге енгіземіз деген.

Төлеген Сыдық, «Әділет» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Енді тізімнің ішінде әрине, кейбіреулер айтады заңгерлер ғана мүшелік болатын шығар деп. Олай емес. Ол дұрыс емес. Біздің тізіміміз бойынша заңгерлерде бар, экономистер де бар, ғылым ортасында жүрген азаматтар да бар және бұрын құқық органдарында істегеп, қазір өзіміздің мына әділеттің жолына түсіп, үлесін қосатын азаматтар бар. Сондықтан, әр саладан біз енді таңдауға әрине, бізде тізім бойынша жаңа 61 деп отырмыз ғой. Жалпы біздің тізімде мен сіздерге шынымды айтайын, ол 100-ден асып отыр. Бірақ сонда да болса әлгі саннан гөрі, сапасы дұрыс деп сол 61-ге біз тоқтап отырмыз.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» кезектен тыс өтетін Мәжіліс сайлауына 57 үміткер ұсынып отыр. Олар бұл тізімді партияның кезектен тыс өткен 9-съезінде бекітті. Құрылғанына 5 жыл толып отырған партия – демократиялық, құқықтық, ашық қоғам құруды көздейді.

Серікбай Әлібаев, ЖСДП-ның Астана бөлімшесінің жетекшісі:

Біз енді расында да біріншіден қазақ айтады ғой болғанынан болатыны қызық. Сондықтан, біз сайлауға дайындық кезінде көп елді мекендерді аралап, кісілермен кездесу. Сосын басқада егер жарты есеппен біздің ойымыз іске асса, мына бір-ақ мысал келтірейін: Ерейментауда өткен сайлауда біз 2007-де 35 пайыз алған мөрмен участіктер болды – 35. Астананың өзінде 25-30 болды. Біздің протоколдарымыз бар. Бірақ дұрыс бергенде.

Өз құрылтайларын алғашқылардың бірі болып өткізген «Ақ жол» демократиялық партиясы өздерінің партиялық тізімін ОСК-на ең соңғы болып тапсырды. Азат Перуашов бастаған топ, бұл жолғы саяси науқанға 79 үміткер ұсынып отыр. Партия делегаттары Мәжілістің мерзімнен тыс сайлауында 15-20 пайыз орын алатындарына сенімді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Біз «Ақ жол» демократиялық партиясының 13-ші съезінде ұсынған кандидаттарды бүгінгі күні ОСК-на ұсындық. Осы тізім бойынша 79 үміткерлерді ОСК-сы қарауынан өту қажет. Өз тарапымыздан біз ел алдында жариялаған сайлауалды тұғырнамасын атқаруға ат салысамыз. Бұл әлеуметтік проблемалар, бұл жұмыссыздық проблемасын жою, бұл деген шағын және орта бизнеске қолдау көрсету.

Сонымен еліміздегі барлық партиялар өздерінің алдағы саяси додаға атқосатын кандидаттар тізімін тапсырды. Енді ОСК-ы осы ұсынылған тізімдерді Ата заң мен сайлау туралы заңдардың талаптарына сай он күннің ішінде тексеріп шығуы тиіс.

 

 

Тағы жеті партия партиялық тізімін тапсырды

 

/«Егемен Қазақстан», 06.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясының ақпараттары бойынша, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін тіркеуден өту үшін Орталық сайлау комиссиясына 3 желтоқсанда Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы, ал кеше Қазақстан Патриоттар партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы партиялық тізімдерін тапсырды.

Заңнама талаптарына сәйкес тіркеу үшін қажетті құжаттар тізіміне кандидаттардың аты-жөні көрсетілген партиялар съездері хаттамаларының көшірмелерінен басқа өтініштер, салық органдарынан берілген анықтамалар, әрбір кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) өмірбаяндық мәліметтеріне қатысты барлық құжаттар да кіреді.

Еске сала кетейік, 30 қарашада алғашқы болып Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» ХДП кандидаттардың партиялық тізімін тапсырған еді. Сонымен, кеше саяси партиялардың партиялық тізімдерін тапсыру мерзімі аяқталды. Ал заңға сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында құжаттарды тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына

7 партия үміткерлер тізімін тапсырды

 

/«ҚазАқпарат», 05.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына үміткерлер тізімін Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының өкілдері ұсынды.

Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаевтың айтуынша, аталмыш партия өкілдері кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауында сайлаушылардың  30 пайыздан кем болмайтын дауысын аламыз деген ниетте.

Бұл осымен Мәжіліс сайлауына қатысуға ниниет білдіріп отырған 7-ші партия. Осыған дейін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы,  Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Әділет» партиясы және «Руханият» партиясы Мәжіліс депутатығынан үмітті екендіктерін білдіріп, Орталық сайлау комиссиясына өздерінің партиялық тізімдерін тапсырған болатын. Бүгін, Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына саяси партиялар атынан үміткерлер ұсынылатын соңғы күн. Осы уақытта Орталық сайлау комсисиясына үміткерлер тізімін ұсыну мақсатында «Ақ жол» партиясының өкілдері  де келді.

 

 

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер

тізімін ұсыну бүгін аяқталады

 

/«7 арна», 05.12.2011 ж./ - Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді ұсыну мерзімі бүгін түнгі сағат он екіде аяқталады. Сондықтан құрылтайларын кештетіп өткізген партиялар қарбаласып қалды. Кешқұрым бірнеше саяси бірлестік орталық сайлау комиссиясына партия атынан түсетін үміткерлерінің тізімдерін бір уақытта әкелді.

Естеріңізге салайық, ең алғашқы болып осыдан 10 күн бұрын өз тізімін ұсынған «Нұр Отан» партиясы болатын. Мұнан соң бүгін таң ата Қазақстан коммунистік халықтық партиясы өз тізімдерін ұсынса, көп ұзамай ізінше патриоттар да үміткерлерінің аты-жөндерін тапсырды. Ал кешқұрым «Ауыл» мен «Әділет» партиялары кандидаттардың тізімдерін әкелді. Бұдан соң «Руханият» партиясы да тізімді ұсынды. Қазіргі уақытта «Азат» жалпы ұлттық социал-демократтиялық партиясы құжаттарын тапсырып жатыр. Ал, Ақ жолдықтар жоспар бойынша тізімдерін кешкі жеті жарымда әкелуі тиіс дейді мамандар.

 

 

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партия

өз тізімдерін ұсынды, комиссия тек «Ақжолдың» құжаттарын күтуде

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 06.12.2011 ж./ - Қазақстанның жеті саяси партиясы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына мерзімнен бұрын сайлауға қатысу үшін құжаттар тапсырды. Сайлау науқанына қатыса алатын Республиканың тіркелген партиялары арасында, әлі өтініш бермеген «Ақжол» партиясы ғана, деп хабарлады Қазақстанның ОСҚ хатшысы Бахыт Мельдешов.

«Бүгін ОСК-ға өздерінің тізімдерін ұсынудың соңғы күні, қазіргі уақытқа өз тізімдерін: «Нұр Отан», Қазақстанның партиоттар партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық демократиялық партиясы, «Әділет» және «Руханият» партиялары ұсынды. Енді жалғыз Ақжол партиясын күтудеміз», - деді Мельдешов тілшілерге.

Оның айтуынша, партиялар үшін ұсыну мерзімдері ұзартылмайды. «Ақжолдан» басқа барлық партиялар өз тізімдерін ұсынып қойғанда, ұзартудың қажеті не», - деді ол.

Қазір «Ақжолды» күте тұрамыз, егер олар келсе, мерзімдерді кім үшін ұзартамыз, барлықтары ұсынып қойды», - деді Мельдешов.

 

 

 

«Ақ жол» Мәжіліс сайлауына түсуге

ниет білдіріп отырған соңғы партия

 

/«ҚазАқпарат», 05.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Алдағы жылдың басында өткелі отырған кезектен тыс Мәжіліс сайлауына «Ақ жол» партиясы да қатысуға ниет білдірді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына партия бекіткен үміткерлер тізімін  партия төрағасы Азат Перуашев ұсынды.

Оның айтуынша, партия ОСК-ға тіркеу үшін 79 үміткерін ұсынған.

Ал партия өкілдерінің тізімін неге кештетіп өткізгенін сұраған журналистердің сауалына  төраға партия тізіміндегі азаматтардың 70 пайызы кәсіпкер екендігін жеткізді. «Ал кәсіпкерлер үшін декларация тапсыру мәселесі оңай шаруа емес», - деді А.Перуашев.

Оның айтуынша, «Ақ жол» партиясы сайлаушылардың  15-20 пайыз даусын жинауға ұмтылмақ. «Біздің партиямыздың тұғырнамасында ауқымды әлеуметтік мәселелер бар. Оның ішінде жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласын нығайту сияқты маңызды мәселелер бар. Тұғырнамамыздың үлкен бір бөлігі индустриялизацияландырумен байланысты. Экономиканы дамытып, кәсіпкерлерге қолайлы мүмкіндік жасау да басым бағыттарымыздың бірі», - деді А.Перуашев журналистерге берген сұхбатында.

Осылайша Мәжіліс депутаттарының сайлауында бақ сынасуға бел буған партиялар саны 8-ге жетті. Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы,  Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Әділет» партиясы, «Руханият» партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Еліміздің әділет органдарында ресми тіркелген партиялар саны - 10. Оның ішінде Қазақстанның коммунистік партиясы қызметінің сот шешіміне байланысты уақытша тоқтатылғандығын, ал «Азат» партиясының осы сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық  партиясымен күш біріктіріп отырғандығын ескерсек, «Ақ жол» Мәжіліс сайлауына түсуге ниет білдіріп отырған соңғы партия.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі 24-00-де Мәжіліс депутаттарының сайлауына саяси партиялар атынан тізімдерді ұсыну мерзімі аяқталады.

 

 

«Ақ жол» демократиялық партиясы

өз партиялық тізімін ұсынды

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімінде экс-депутаттар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, кәсіпкерлер мен жас ғалымдар бар. Өткен аптада партияның құрылтайы өтіп, онда сайлауалды тұғырнама бекітілген болатын.

Аталған партия бүгін Орталық сайлау комиссиясына өзінің партиялық тізімін өткізді. «Ақжолдықтар» тізімді дайындау ісінің аса мұқият және үлкен жауапкершілікпен атқарылғанын айтады. Партиядағылар ұйымның кадрлық құрамын сапалық жағынан біршама жаңартып, аз уақыттың ішінде оның ұстанымдары мен қағидаларын қоғамға толықтай жеткізе алдық деген ойда. «Ақжолдықтар» елде кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасап, оған бұқаралық сипат беру керек, - дейді.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Осы тізім бойынша біздің 79 үміткерлеріміз енді Орталық сайлау комиссиясының қарауынан өтуі қажет. Өз тарапымыздан біз еліміз алдында сайлауалды тұғырнаманы атқаруға тырысамыз.

 

 

Саяси додада 8 партия бақ сынайды

 

/«Дала мен Қала», 10.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Әділет» партиясы, «Руханият» партиясы, «Ақжол» партиясы өздерінің партиялық тізімдерін ұсынды.

Айта кетелік, еліміздің әділет органдарында ресми тіркелген партиялар саны – 10. Оның ішінде Қазақстанның коммунистік партиясы қызметі сот шешіміне байланысты уақытша тоқтатылса, «Азат» партиясы бұл сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясымен күш біріктіріп отыр. Ал мәслихат депутаттарына үміткер болып 5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 мың 161 азамат өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, сайлауға түсуге өтініш білдіріпті.

ОСК мәліметіне қарағанда, комиссияға келіп түскен 12 арыз-шағымның 11-і «Сайлау туралы» заңға түсініктеме беруді қажет етсе, біреуі ЖСДП басшылығы тарапынан болған. Сайлау комиссияларының құрамында кеңесші дауыс беру құқығына ие комиссия мүшелерін енгізумен байланысты бұл шағым ОСК отырысында талқыланып, назарға алынған. Сөйтіп, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына партиялар атынан ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтарды ұсыну мерзімі 2011 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды.

 

 

Ақтөбе облысында сайлау науқанына

қызу дайындық жүріп жатыр[4]

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - Ақтөбе облысында Парламент Мәжілісі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға депутаттар сайлау науқанына қызу дайындық жүріп жатыр. Қазір облыста 14 аумақтық, 204 округтық сайлау комиссиялары жұмыс жасауда.

Ақтөбе облысында бүгінгі күнге дейін жергілікті мәслихаттарға депутаттыққа үміткер ретінде 18 адам өтініш тапсырған. Олардың 8-і әйел. 11-нің жоғары білімі, 7-уінің орта арнаулы білімі бар. Орта жастары 40-қа жетпеген. Мамандықтарының дені – мұғалім, дәрігер, заңгер. Сондай-ақ, үміткерлер арасында 4 жұмыссыз бар. Облыста 15-желтоқсаннан кейін 521 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыстарына кіріседі. Қазір аудан, ауылдарда семинар-тренингтер ұйымдастырылуда. Сайлаушылардың нақты тізімін анықтау және бәрін бірізге келтіру мақсатында жуырда қалалық әкімдік жанынан арнайы телефон желісі ашылған. Ол таңертеңгі сағат 9-дан, кешкі 19-ға дейін қала тұрғындарына қызмет етеді. Соңғы кездері Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны күрт артқан. Қалаға қарасты селолық округтарда сырттан көшіп келушілер көп. 400 мыңнан астам тұрғын қалада ресми тіркелген.

Гүлнәр КҮНБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Әрбір азамат өзін спискіде, жаңағы осы тізімде барлығын барып, қай учаскеге бару керек екенін, я болмаса қай округке бару керек екенін осыны, звондап, өзінің фамилиясын айтып, анықтап алуға болады.

 

 

Ақмола облысында сайлауға дайындық қызу жүруде

 

/«Хабар» агенттігі, 05.12.2011 ж./ - Ақмола облысында ҚР Парламенті Мәжілісіне 4, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына 119 үміткер тіркелген.

Олардың арасында облыс әкімі Сергей Дьяченко, облыстық мәслихат хатшысы Өмірсерік Мұсабаев, Парламент Мәжілісінің 4-ші шақырылымында депутат болған Валерий Котович пен Жексенбай Дүйсебаев та бар. Олардың барлығы «Нұр отан» партиясының тізімі бойынша, ұсынылған кандидаттар. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметовтың айтуынша, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелгендер өзін-өзі ұсынғандар. Бүгінде аймақтағы сайлаушылар тізімі нақтылануда.

Әділхан ШАЯХМЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ақмола облысында бүгінде 1113 сайлау комиссиясы құрылған. Онда жұмыс істеуге 7 мыңнан астам адам тартылды. Жуырда біз, аймақтағы барлық сайлау комиссиясының төрағаларының басын қосып, арнайы жиын өткіздік. Басқосуда алдағы саяси науқанды жоғары деңгейде өткізу үшін ұйымдастыру мәселелерін талқыладық.

 

 

 

 

 

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Дауыс беру - әр адамның азаматтық парызы

 

/«Айқын», 06.12.2011 ж., Қ. Махамбет/: 

 

- Қуандық Тұрғанқұлұлы, келер жылдың 15 қаңтары күні Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетіні белгілі. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аймақтағы өкілдіктері осы саяси науқанды өткізуге сақадай сай ма?

- Үстіміздегі жылдың 16 қарашасы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққан сәттен бастап сайлауды әзірлеу жұмыстары жедел қолға алынды.

Сайлауды талап деңгейінде өткізуге, азаматтардың конституциямен кепілдендірілген сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруын қамтамасыз етуге Орталық сайлау комиссиясының кадрлық және материалдық ресурстары жеткілікті. Сайлауды ұйымдастырып өткізуге барлығы 13315 сайлау комиссиясы қатысады. Олар - орталық, облыстық, қалалық, аудандық, округтік сайлау комиссиялары.

Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының құрамы толықтай қалыптастырылған, бұл құрамдар БАҚ-та жарияланды. Жүз мыңға тартатын комиссия мүшелерінің негізінен мұндай электоралдық науқанды өткізуде жинақтаған тәжірибесі бар адамдар.

- Сайлауға қатысты құжаттар мен қажетті нормативтік актілер қабылданып болды ма?

- Сайлау өткізуге қатысты негізгі құжаттар қабылданды және іске асырылуда. Сайлау құжаттарының үлгісі бекітілді. Негізгі заңдарда қарастырылған сайлау өткізу тәртібін, сайлау процедурасы мен сайлау процесіне қатысушылардың қызметін реттейтін қажетті нормативтік актілер қабылданды.

16 қараша күні Орталық сайлау комиссиясы Күнтізбелік жоспарды бекітті. Осы жоспарға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында кандидаттарды ұсыну 2011 жылғы 16 қарашадан бастап 5 желтоқсанға дейін, ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Күнтізбелік жоспарда дайындық пен сайлауды өткізуге қатысты барлық іс-шаралар қамтылған.

- Мәжіліске партиялық тізімдер бойынша үміткерлерді ұсыну қалай жүргізіледі? Сайлауға қатысуға ұмтылып отырған саяси партияларға қандай да болмасын алдын ала қойылатын шарттар бар ма? Мысалға, саяси партия мүшелерінің санына, оның қаржылық мүмкіндіктеріне, тағы сол сияқтыларға қатысты шектеулер қойыла ма?

- 2007 жылғы конституциялық реформадан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутаты пропорционалдық сайлау жүйесі негізінде, яғни партиялық тізімдер бойынша сайланады. Ал 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды саяси партиялар ұсынады. Бұл ретте саяси партияларға қойылатын басты талап - оның республика заңнамасымен белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партия болуы.

Ал алдын ала қойылатын шарттарға келетін болсақ, біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізілуі тиіс. Саяси партиялар партиялық тізімдеріне тек қана өз саяси партиясының мүшелерін кіргізуге құқығы бар.

Саяси партияның жоғарғы органының шешімі қабылданған соң, тізімге енген әрбір азамат партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініш беруі тиіс. Осы құжаттың барлығы Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Содан соң біз партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың Конституция мен «Сайлау туралы» конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін тексеріп барып, партиялық тізімді тіркеу туралы сұрақты қараймыз.

- 2007 жылғы Парламенттік сайлауда саяси партиялар кемінде жеті пайыздық межеден өтуі тиіс болып еді. Бұл ереже осы сайлауда да қолданыла ма? Сайлаушылар дауыстары қалайша депутаттық мандаттарға айналады? Меніңше, депутаттық орындарды бөлудің механизмдері қазіргі кезде көпшілікті қызықтырып отырған сұрақ.

- Дұрыс айтасыз. Қазіргі заңнамада сол жеті пайыздық меже сақталып отыр. Яғни біздің елімізде пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша дауыс беру нәтижесінде сайлаушылар дауысының кемінде 7 пайызын алған партиялар арасында депутаттық мандаттар бөлінеді. Мұндай тәжірибе шет мемлекеттердің Парламенттерін қалыптастыруда кеңінен қолданылады.

Бұл үшін жеті пайыздық межеден өткен саяси партиялардың барлығын жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына, яғни 98-ге бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады. Осы квота әрбір партия алған дауысқа бөлінгенде мандаттар саны шыға келеді.

2007 жылғы Парламенттік сайлауда бұл межеден тек «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ғана өтті, сайлауға қатысқан басқа бір де бір партия сайлаушылардың 7 пайызының дауысын ала алмады. Нәтижесінде, елімізде бір партиялы Парламент қалыптасты. Осыны ескере отырып, Елбасы Қазақстан Парламентін кем дегенде екі партияның өкілдерінен қалыптастыру тетіктерін заңдастыруды тапсырған болатын. Осылайша, сайлау туралы заңның 97-1-бабы келесідей мазмұндағы тармақпен толықтырылды: «Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі».

Егер 15 қаңтардағы сайлаудың нәтижесінде 2007 жылдағыдай жағдай қалыптасса да, мандаттарды бөлу осы тәртіпке сай жүзеге асырылады. Бірақ 7 пайыз межеден өтпеген партия үшін қарастырылған коэффициент бар.

- Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын өткізілетін Парламенттік сайлау шынайы демократиялық қоғамның көрінісі бола ала ма?

- Ұйымдастырушылық тұрғыдан алғанда кезектен тыс сайлаудың кезекті сайлаудан еш айырмашылығы жоқ. Әрбір сайлау науқанын әлемде жалпы мойындалған демократиялық сайлау стандарттарына сәйкес өткізу - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Еліміздің сайлау заңнамасының демократиялық әлеуетіне отандық және халықаралық сарапшылар жоғары баға беріп отыр. Мысалы, біздің елде баламасыз сайлау өткізуге тыйым салынған. Кандидаттар мен саяси партиялардың сайлауалды үгіт жүргізуінің тең жағдайы кепілдендірілген. Ол үшін саяси партиялар мен кандидаттардың өздерінің сайлау тұғырнамасымен бұқаралық ақпарат құралдарына заңмен белгіленген көлемде шығуына, көрнекі жарнаманы пайдалануына, сайлаушылармен кездесулер өткізудегі көліктік шығындарына республика қазынасынан тең мөлшерде қаржы бөлу көзделген.

Сондай-ақ сайлау органдары қызметінің алқалылық, жариялылық және ашықтық негізде жүргізілуін талап ететін бірқатар нормалар бар. Біз қашанда бұл талаптарды бұлжытпай орындауға тырысамыз. Десек те, сайлаудың шынайы демократиялық сипат алуы тек сайлау органдарына ғана емес, барлық сайлауға қатысушыларға да байланысты. Әрбір сайлау процесіне қатысушы, мейлі ол сайлау комиссиясының мүшесі болсын, мейлі сайлау заңнамасы бойынша белгілі бір жауапкершілік арқалаған атқарушы билік өкілі болсын, мейлі ол қандай да болмасын саяси партия өкілі болсын, заңға жүгініп, Конституция мен заң талаптарын бұлжытпай орындаса, сонда алдағы сайлау қоғамның демократиялық дамуына өзіндік үлесін қоса алады.

- Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға әзірлік қалай жүріп жатыр? Қазір мәслихаттар сайлауы Мәжіліс сайлауының көлеңкесінде қалып қойған жоқ па? Келешекте мәслихаттар да партиялық-пропорционалдық жүйеге көшу керек деп ойламайсыз ба? Қараңызшы, сайлаулар бір мезгілде өтетін болғандықтан, халық кімді қандай жүйемен сайлау керек екенін айыра ала ма? Сіздің пікіріңіз?

- Мәслихаттар депутаттарын сайлаудың Мәжіліс депутаттарын сайлаудың көлеңкесінде қалып қою қаупі жоқ, өйткені барлық деңгейдегі сайлауларда болатын міндетті рәсімдер нақтылы заң нормаларымен белгіленген.

Осы нормалар негізінде, жоғарыда айтылғандай, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауындағы, мәслихаттар депутаттарының сайлауындағы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарларын жеке-жеке бекіткен болатын.

Электоралдық науқанды өткізуде біз осы Күнтізбелік жоспарда көзделген тәртіпті және мерзімдерді басшылыққа аламыз. Сондықтан қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттарын сайлауға әзірлік өз ретімен жүріп жатыр.

Ал мәслихаттар депутаттарын партиялық тізімдер арқылы сайлау мәселесі - біздің қоғамда талқыланып жүрген тақырыптың бірі. Жалпы, көптеген елдер тәжірибесінде өкілді биліктің барлық деңгейде партиялық тізім арқылы сайлануы нормаға айналған. Біздің елімізде бұл жүйенің мәслихаттар сайлауында енгізілуі не енгізілмеуі туралы әзірге болжау айту қиын.

Қазіргі уақытта мәслихат депутаттары үшін дауыс беру сайлау округтері бойынша жүреді. Облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша елімізде 3335 сайлау округтері құрылған. Демек, әрбір кандидат белгілі бір сайлау округі бойынша ғана дауысқа түседі.

Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктермен қатар азаматтарға да берілген. Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен де сайлауға үміткер ретінде қатыса алады. Олай болса, азаматтық қоғамның мәслихаттар арқылы өз мүдделерін қорғауы үшін қажетті заңнамалық мүмкіндік қалыптастырылған деп айтуға негіз бар.

- Осы орайда, сайлаушыларға бірқатар түсініктеме бере кетсеңіз. Биылғы сайлау бюллетеньдері туралы не айта аласыз? Дауыс беру күні әрбір сайлаушының қолына қандай бюллетеньдер тиеді?

- Өте орынды сұрақ. Бұл - сайлаушылар үшін де маңызды мәселе. 2012 жылы 15 қаңтар күні сайлау учаскелерінде сайлаушылар үш түрлі бюллетень арқылы дауыс беретін болды. Бюллетеньдердің біреуі Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партия үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень арқылы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге болады. Ал үшінші бюллетеньмен аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беріледі. Ескеретін бір жайт, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені бұл қалаларда аудандық деңгейдегі мәслихаттар жоқ.

Осы бюллетеньдер туралы түсіндіру жұмыстары БАҚ-тар арқылы да жүргізіліп жатыр. Әрине, ең бастысы, біздің сайлаушыларымыздың саяси партиялар мен депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды тұғырнамаларымен жіті танысып, 15 қаңтар күні өз таңдауын жасауында.

- Саяси науқанға мемлекет қазынасынан қанша қаржы қарастырылды?

- Сайлау науқанына 8,2 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Орайы келген соң айта кетейін, мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын да Мәжіліс депутаттарының сайлауымен бір күнде - 2012 жылғы 15 қаңтарда өткізудің экономикалық тиімділігі бар. Бұл 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

- Кезектен тыс және кезекті сайлауда үміткер ретінде тіркелу үшін қойылатын шарттар қандай?

- Біріншіден, Мәжіліс сайлау бойынша партиялық тізімге енгізілген әрбір азамат, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған әрбір үміткер республиканың Конституциясы мен «Сайлау туралы» конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Нақты айтатын болсақ, Мәжіліс депутаттығына жасы 25-ке толған, республика аумағында соңғы он жыл тұрғылықты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы, ал мәслихат депутаттығына еліміздің жасы 20-ға толған азаматы үміткер бола алады. Бұл жерде сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Парламенттің, мәслихаттың депутаттығына кандидат бола алмайтынын айта кету керек.

Партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың аталған талаптарға сәйкестігін біз партиялық тізім ұсынылған сәттен бастап 15 желтоқсанға дейін, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттардың сәйкестігін 16 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейін уәкілетті мекемелерге сұрау салу арқылы тексереміз.

Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың Конституция мен «Сайлау туралы» заңда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тиісті округтік сайлау комиссиясы заңмен белгіленген мерзімде анықтайды.

Үміткерлерді тіркеу осы тексерістердің нәтижесі бойынша және заңнамамен белгіленген құжаттардың негізінде жүргізіледі.

- Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету мәселесі реттелді ме?

- Орталық сайлау комиссиясы, әдеттегідей, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді түрде бірігіп жұмыс істеуде. Барлық отырыстарымыз бен өзге де шаралар бұрынғысынша масс-медиа өкілдері шақырыла отырып, ашық түрде өткізіледі. Отандық және шетелдік журналистер еркін жұмыс істейтін, жаңа технологиялық жетістіктермен қамтамасыз етілген баспасөз орталығы тұрақты жұмыс істейді.

Сайлау науқанына ақпараттық қолдау көрсету жөніндегі арнайы медиа-жоспар жүзеге асырылуда. Басты мақсат - өтетін сайлау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әрбір сайлаушыға жеткізу. Яғни сайлау туралы толыққанды мәлімет алған әрбір дауыс беруші өз сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасауы керек. Сонымен қатар барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары қызметінің ашықтығы да сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Ал сайлауға қатысатын саяси партияларға және мәслихат депутаттығына кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуі - заң талабы.

- Сайлау учаскелерін жасақтағанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасала ма?

- Әрине. Мүмкіндігі шектеулі адамдар назардан тыс қалмайды. Біріншіден, жергілікті сайлау комиссиялары олардың санын, тұрғылықты жерін мұқият анықтап жатыр. Шынын айту керек, мұндай адамдар жергілікті биліктің де, сайлау комиссияларының да назарында. Сайлаушылар тізімін қалыптастыру кезінде сайлау учаскесіне келе алмайтын сайлаушылар негізінен белгілі болады. Олардың жазбаша өтініштерінің негізінде 15 қаңтар күні сайлау жәшігі үйлеріне жеткізіліп, дауыс беруіне жағдай жасалады. Сондай-ақ өзі жүруге шамасы жоқ, төсекте жатқан қарияларға да осындай қызмет көрсетіледі.

- Қаңтардың сақырлаған аязы мен үскірігі сайлаушылардың белсенділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп қауіптенбейсіздер ме? Бұл сайлауда сайлаушылардың белсенділігі қандай болады деп ойлайсыз? Қандай да бір болжам бар ма?

- Тәуелсіздік алған кезден бергі ел тарихына үңілсек, жылдың қай мезгілінде де сайлаулар өтіп жүр. Өзіңізге белгілі, осы уақытқа дейін президенттік және Парламенттік сайлаулардың бірқатары қыста өткені анық. Мәселен, осы қос Палаталы Парламенттің бастауы болған 1995 жылғы сайлау желтоқсан айында өтті. Сондықтан сайлаудың қаңтар айында өтуі сайлаушылардың белсенділігін төмендетеді деп ойламаймын. Өйткені дауыс беру, ерікті түрде өз таңдауын жасау - әр адамның азаматтық парызы.

- Жат жердегі қандастарымыз қалай дауыс береді?

- Бұл жерде ашып айтатын бір жайт, еліміздегі өтетін қандай сайлауда да тек Қазақстан азаматтары ғана дауыс беру құқығына ие. Яғни өзге елдерде оқып жатқан, жұмыс істеп жүрген отандастарымыз саяси партияларға дауыс беру арқылы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасай алады. Сайлаушыларды тіркеу жұмыстарын, дауыс беру рәсімдерін Қазақстанның шетелдегі елшіліктері ұйымдастырады.

- Біздің Парламент күні бүгінге дейін бір партиялық жүйемен жұмыс істеді. Енді «Бірпартиялы емес, көппартиялы жүйеге көшеміз» деп жатыр. Бұл қалай?

- Көппартиялық Парламентті қалыптастыру туралы пікір бұрыннан да айтылып келді. Жоғарыда айтып кеттік, 2007 жылғы сайлаудың нәтижесінде Парламенттің Мәжілісі бірпартиялық Палата болып қалыптасты.

Ал енді 15 қаңтарда өтетін сайлаудан кейін қалыптастырылатын бесінші шақырылымдағы Мәжілістің партиялық құрамы жағынан өзгеріске түсетіні анық. 2011 жылы 1 қыркүйек күні Парламенттік сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Келесі сайлаудан кейін, заңға сәйкес, Мәжіліс кем дегенде екі партиялы болады. Осылайша біздің жас демократиямыздың дамуындағы жаңа саты басталады» деген еді. Елбасы айтып өткен осы жаңа кезеңнің басталуы 2012 жылғы 15 қаңтардан басталғалы тұр.

Сонымен, ел Парламенті бірпартиялық жүйеден көппартиялық жүйеге көшеді. Сол арқылы партиялар арасындағы бәсекелестіктің артуы көптеген мемлекеттердің басып өткен баспалдағы. Бұл елдің дамуы кезеңіндегі келесі бір белес. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстан Республикасының осындай қадамға баруы - демократиялық дамуының көрінісі.

- Ел ішінде «Парламенттің екі партиядан тұру ықтималдығы басым. Алғашқы орында «Нұр Отан», екінші орында «Ақ жол» партиясы тұрады. Сайлаудың шынайылығын арттыру үшін «Азат» партиясы да тізімге енуі мүмкін» деген әңгіме кезіп жүр. Осыған алып-қосарыңыз бар ма?

- Жаңа айтып кеткендей, Парламенттің құрамы екі партиядан кем болмауы «Сайлау туралы» заңмен негізделген. Ал Парламентте одан да көп партияның өкілдері болуы халықтың берген дауысына байланысты болады.

- Қазіргі билік партиясы тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін төленетін жарнадан босатылған деген мәліметті естідік. Мұны қалай түсіндіресіз, басқа партиялар мұны қалай қабылдайды?

- Сайлау туралы заң талаптарына сәйкес, саяси партия партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Биылғы жылы бұл сома 240 мың теңгеге жуық.

Мұндай міндеттілік «Нұр Отан» партиясына қолданылмайды. Өйткені «Сайлау туралы» заңның 88-бабының 2- тармағында «Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді» деп анық көрсетілген.

Сонымен қатар өзге партияларға да жеңілдіктер бар. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бестен жетіге дейінгі пайызын алған саяси партия сайлау жарнасы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде, ал сайлаушылар дауысының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Соған орай ЖСДП және «Ақ жол» КДП Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың үштен беске дейінгі пайызын алған партия ретінде сайлау жарнасын жетпіс пайыз мөлшерінде төлейді. Осылайша, осы екі саяси партия үшін сайлау жарнасы әрбір кандидат үшін 168 мыңға жуық теңгені құрайды. Бұл «Сайлау туралы» заңмен белгіленген талап.

Дауыс жинауда аталған пайыздық межеден асса, қай партия да осындай жеңілдікке ие болады.

- Мәжіліс сайлауына Қазақстанның Коммунистік партиясы қатыстырылмайды екен ғой...

- Сайлау туралы заңнамаға сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы елімізде белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға ғана тиесілі. Қазақстанның Коммунистік партиясының қызметі сот шешімімен тоқтатылғандықтан, бұл жолғы сайлау процесіне қатыса алмайды. Заң талабы солай.

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Мәжіліс сайлауына ұсынатын 9 депутаттың тізімін қашан береді?

- Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 желтоқсанда басталып, 26 желтоқсанда аяқталады, кандидаттарды тіркеу 2001 жылғы 26 - 31 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Сайлау алдындағы үгіт 2012 жылғы 1 қаңтарда басталып, 14 қаңтарда аяқталады. Дауыс беру 2012 жылғы 16 қаңтарда болады.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі кандидаттар ұсынған соң, үш күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы мәліметтерді жария етеді.

- Саяси партиялардың сайлауға жұмсайтын қаржысының шектік мөлшері бар ма, әлде әр партия «көрпесіне қарай» көсіле ме? Сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорының мөлшері қандай?

- 16 желтоқсаннан бастап партиялар сайлауалды үгіт жұмысына кірісе алады. Саяси партиялардың барлық үгіт кампаниясы партияның сайлау қоры есебінен жүзеге асырылады. Саяси партиялардың сайлау қорының ең жоғарғы көлемі 261 585 000 теңгені құрайды.

Сайлау заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттығына кандидат болғандар өздерінің сайлау қорын құруына құқығы бар. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының ең жоғарғы көлемі 10,5 млн теңгені құрайды. Соның ішінде кандидаттың өз қаражатынан, кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің және де Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылығынан құралатын қаржы.

Сонымен қатар мәслихат депутаттығына кандидаттарға мемлекет тарапынан газетте материал жариялауға, теледидар мен радиода сөйлеуі үшін қаражат бөлінеді.

Сөзімнің соңында алдағы сайлаудың үгіт жүргізу кампаниясы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұрғанын айтар едім. Осы орайда, барлық сайлаушыларды, бұл науқанды ұйымдастырушыларды және мыңдаған оқырмандарды мемлекетіміздің ең басты мейрамымен құттықтаймын! Азат еліміздегі барлық шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

- Әңгімеңізге рақмет.

 

 

 

 

Үміткерлерді тіркеу кезеңі басталды

 

/«Егемен Қазақстан», 06.12.2011 ж., Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.СҮЛЕЙМЕНМЕН әңгіме/:

 

– Ләззат Жаңылысқызы, ел назарындағы басты науқан – сайлау үдерістері қалай жүріп жатыр?

– Сайлау науқаны басталғанына жарты айдан асты. Осы уақыт ішінде Орталық сайлау комиссиясы «Сайлау туралы» Заң талаптарына сәйкес атқарылуы тиіс барлық жұмыстар мен іс-шараларды өз уақытында және белсенді түрде жүргізіп келеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен сайлау тағайындалған күннен бастап Орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттігін жүзеге асыра отырып, мәслихаттар депутаттарының сайлауын да тағайындаған болатын. Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы және мәслихаттардың кезекті сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленгенін Қазақстан жұртшылығы жақсы біледі. Екі сайлаудың да бір күнге тағайындалуы еліміз үшін қаржылық жағынан да, ұйымдастырушылық жағынан да аса тиімді. Сондықтан да екі сайлау қатар өткізіліп отыр.

– Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының өзіне тән ерекшеліктері қандай?

– Мәжіліс сайлауының да, мәслихаттар сайлауының да өзіндік ерекшелігі мен талаптары бар. Мысалы, Мәжіліс депутаттарын сайлауда тек саяси партиялар ғана кандидаттар ұсынатын болса, ал мәслихаттар депутаттарына республикалық, жергілікті қоғамдық бірлестіктермен қатар, жекелеген азаматтардың да өзін өзі ұсынуына құқығы бар.

Қазіргі кезде елімізде тіркелген саяси партиялар съездерін өткізіп, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну үдерісін аяқтады. Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан», «Ақ жол», Патриоттар партиясы, ЖСДП, Руханият, Әділет, Ауыл, Коммунистік халықтық партия партиялық тізімдерін ұсынды. Ал мәслихаттар сайлауына келсек, 5 желтоқсандағы мәліметтер бойынша 1161 азамат өз құқықтарын пайдалана отырып, мәслихаттар сайлауына түсуге өз өтініштерін берді. Қазіргі кезде елімізде сайлау науқаны қалыпты жағдайда өтіп жатыр.

– Сайлаудың іс-шараларына қатысты өтініштер де түсіп жатқан шығар?

– Сайлау саяси науқан болғандықтан, әрқилы қиын мәселелердің туындайтынын тәжірибеден көріп жүрміз. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясына 12 өтініш келіп түсті. Олардың 8-і саяси партиялардан, 1-еуі мәслихаттан, 3-еуі бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардан түсіп отыр. Түскен өтініштердің 11-і сайлау туралы заңнаманы түсіндіруге байланысты. Оларға қажетті түсініктемелер дер шағында жолданды. Тағы бір өтініш Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан түскен еді. Бұл өтініш Орталық сайлау комиссиясының 2 желтоқсандағы отырысында қаралып, партияның өтініші қанағаттандырылды.

Осы жерде тоқталып өтейін, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы учаскелік сайлау комиссиялары құрамына партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін енгізу мерзімін ұзартуды сұраған еді. Комиссия өзінің отырысында ЖСДП-ның өтінішін қарап, нәтижесінде бұл мерзімді 15 желтоқсанға дейін ұзарт­ты. Тек сайлау болатын күні ғана емес, кеңесші дауыспен қатысатын учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау науқаны басталғаннан бастап осы саяси кезеңнің барлық рәсімдеріне түгелдей қатысып, ондағы жұмыстарды бірлесе атқаруы тиіс.

– Ал сайлаушылардың тізімдерін жасау да маңызды іс-шара. Осы бағыттағы үдерістер қалай жүргізілуде?

– Бұл мәселеде Орталық сайлау комиссиясының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тәжірибесі бар. Себебі, осы жылдың сәуірінде елімізде президенттік сайлау өтті. Онда сайлаушылардың сайлау учаскелері бойынша тізімдері қалыптастырылды. Дегенмен, еліміздің аумақтарында ішкі көші-қонның белсенді болуына байланысты бүгінде сайлаушылар тізімдері қайта тағы да пысықталып жатыр. Ондағы мақсат – кәмелеттік жасқа толған әрі Қазақстан азаматы болып табылатын тұрғындардың барлығын сайлаушылар тізіміне енгізу. Сол арқылы азаматтардың Конституциямен кепілдендірілген сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беріледі. Ал сайлау күні тізімге енгізілген сайлаушылардың өз учаскелеріне келіп, дауыс бергендері жөн демекпін. Өйткені, бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

– Сайлаушылар тізіміне енбей қалып, өкпе-реніш орын алатын жағдайлар да кездесетіні жасырын емес…

– Еліміздің Конституциясы мен сайлау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жасы 18-ге толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы. Әрбір сайлаушы өзінің осы құқығын іске асыру үшін аудандық, қалалық әкімдіктер сайлаушылар тізімін қалыптастырады. Бұл ретте әкімдіктердің лауазымды адамдары олардың дұрыстығы үшін жауапты болады. Сайлау тағайындалған күннен бастап азаматтар тұрғылықты жері бойынша әкімдікке барып сайлаушы ретінде тіркеле алады.

Ал 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап әрбір сайлаушы сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді, сондай-ақ өзінің сайлаушылар тізімінде бар не жоқ екендігін білуіне толық құқылы. Жасыратыны жоқ, біздің сайлаушылардың көпшілігі осы мәселеге бей-жай қарайды. Соның салдарынан түсініспеушіліктер, дау-дамайлар туындап жатады. Оны болдырмаудың ең басты жолы – 30 желтоқсаннан бастап сайлаушылар өздерінің сайлау учаскелеріне барып, тізімдегі өздері туралы мәліметтерді тексеруі тиіс. Тегі, өз есімі және әкесінің аты, туған жылы, айы мен күні дұрыс жазылған ба, соның бәріне мән бергені жөн. Бұл, әрине, азаматтың белсенділігін талап ететін жәйт.

– Тіркеуден өткен саяси партиялардың үгіт жұмыстары қай күннен басталады?

– Жалпы, сайлау тағайындалғаннан кейін сайлау үдерістері кандидаттар ұсыну, тіркеу және сайлау өтетін күні кезеңдерінен тұрады. Қазіргі уақытта сайлаудың кандидаттар ұсыну кезеңі аяқталып, тіркеу кезеңі басталды. Ол 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал үгіт-насихат жұмыстары 16 желтоқсаннан бастап, келесі жылдың 13 қаңтары күнгі сағат 24.00-ге дейін жүргізіледі.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

 

Сайлаудың басты мақсаты - сайлаушыларға өз таңдауын

жасауына мүмкіндік беру - ОСК мүшесі Л.Сүлеймен

 

/«ҚазАқпарат», 06.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығы шыққалы, аталмыш науқан қалың көпшіліктің жіті назарында. Мұның өзіндік себебі де бар.

Осы жолғы сайлауда Парламенттегі халық қалаулыларының қатары екі немесе одан да көп партия өкілдерінен жасақталады деген үміт бар. Яғни мемлекетіміз ашық, жариялы, демократиялық қоғам құру бағытында тағы бір маңызды қадам жасағалы отыр. Оның үстіне бір мезгілде екі сайлау өткізу Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесінде алғаш рет орын алғалы отырған шара. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, елдегі сайлау науқаны тиісті заңдарға сай әрі ешқандай қайшылықтарсыз жүріп жатыр.

«Кезектен тыс сайлау өтетіні белгілі болған уақыттан бастап Орталық сайлау комиссиясы өзінің өкілеттігін жүзеге асыра отырып, мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындады. Бұл шара да 15 қаңтарға белгіленді. Яғни келесі жылдың 15-ші қаңтарында елде бірден екі сайлау өтеді. Бұл қай жағынан алып қарағанда да мемлекет үшін тиімді шара. Өйткені сайлауды осындай жолмен ұйымдастыру арқылы айтарлықтай қаржы үнемдеуге болады. Әрине жоспарланып отырған екі сайлаудың өзіндік ерекшеліктері, талаптары бар. Айталық, Мәжіліс депутаттарының сайлауына тек елімізде ресми түрде тіркелген саяси партия өкілдері ғана үміткерлерін ұсынуға құқылы болса, мәслихат депутаттығынан үміткерлерді жергілікті, республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуымен қатар жекелеген азаматтар да өздерін ұсына алады», - дейді ОСК мүшесі.

Оның айтуынша, осы уақытта елде тіркелген саяси партиялар өздерінің съездерін өткізіп, партиялық тізімдерді бекіткені белгілі. Нәтижесінде осы уақытта Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Патриоттар партиясы», «Әділет» партиясы, «Руханият» партиясы, «Ақжол» партиясы өздерінің партиялық тізімдерін ұсынды. Ал мәслихат депутаттарына үміткер болып 5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 мың 161 азамат өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, сайлауға түсуге өтініш білдірді. Әзірге сайлау науқаны қалыпты жағдайда өтуде.

Бүгінде  ОСК-ға барлығы 12 арыз-шағым келіп түсті. Олардың  11-і «Сайлау туралы» заңға түсініктеме беруді қажет етсе, тағы біреуі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының басшылығынан келіп түсті. Бұл шағым сайлау комиссияларының құрамында кеңесші дауыс беру құқығына ие комиссия мүшелерін енгізумен байланысты болып отыр. ОСК бұл мәселені өзінің отырысында талқылап, ЖСДП-ның шағымын назарға алды. Нәтижесінде учаскелік сайлау комиссияларының құрамына партиялар атынан ұсынылатын кеңесші дауыс беру құқығы бар азаматтарды ұсыну мерзімі 2011 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды. Осы ретте айта кететін мәселе, елде әрбір сайлау комиссиясының мүшесіне қойылатын талаптар бар. Яғни сайлау комиссиясына мүше болатын адам Қазақстан Республикасының  азаматы болуы керек және ол өзі мүше болғалы отырған сайлау комиссияға қарайтын аймақта тұруы керек. Тағы осы сияқты заңда бірнеше талап бар. Сайлау комиссиясына мүше болатын азаматтардың тиісті талаптарға сәйкестігін тексеру мерзімін ұзаққа созып жібермеу үшін, ұсынылған азаматтарды тексеру мерзімі 5 күнге дейін қысқартылды», - деді Л.Сүлеймен.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдегі саяси партия өкілдерінде сайлау комиссиясында кеңесші дауыс құқығы бар мүше болу, сол азаматтың сайлау учаскесіне сайлау өтетін күні ғана келіп, дауыс беру шарасын бақылап, іс сонымен бітеді деген түсінік бар сияқты. Ал шын мәнінде ол өзінің қызметін бүкіл сайлау науқаны бойынша атқаруға міндетті. Ал сайлау науқанында атқарылатын істер өте көп. Соның ең  күрделілерінің бірі - сайлаушылардың тізімдерін нақтылау. «Бүгінгідей қыс мезгілінің «қаһарына мініп тұрған» шағында үй-үйді аралап жүру оңай шаруа емес. Ал егер біз кеңесші дауыс беру құқығына ие азаматтарды тек дауыс беру күні ғана сайлау барысын бақылауға мүмкіндік берсек, онда ол азамат сайлау комиссиясының мүшесі емес, байқаушы болып шығады. Тағы бір айта кететін мәселе - атқарушы билік осы уақытта сайлаушылардың тізімдерін жасақтаумен айналысуда. Сайлаушылардың тізімі биылғы жылдың сәуір айында ғана, яғни кезектен тыс Президент сайлауының алдында ғана сүзгіден өткен болатын. Біз алдағы болатын сайлауда өткен сайлауда атқарылған шаралардың да көмегі тиеді деген үміттеміз. Бірақ сайлаушылардың дауыстарын реттеу үздіксіз жүретін жұмыс. Сондықтан бұл мәселе ұдайы біздің назарымызда», - дейді ОСК мүшесі.

Оның мәліметтерінше, осындай кешенді жүргізілген жұмыстарға қарамастан, саяси науқан барысында сайлаушылардың өздерін тізімнен таппай қалуы сияқты түрлі келеңсіз жағдайлар да болып тұрады. Ұйымдастыру жұмыстары барысында осындай олқылықтар болуы мүмкіндігін де жасырмаймыз. Екінші жағынан бұл проблеманы азаматтардың белсенділігінің аздығы деп те түсінуге болады. Яғни, тізімде өзінің болу-болмауы сайлаушының сайлауға деген республиканың азаматы ретіндегі жауапкершілігімен байланысты.  Өйткені азаматтар алдын ала өзінің тізімде бар-жоғын тексеріп білетін  болса, мұндай кемшілік азая түсер еді. Мысалға, сайлаушы дауыс беруден 30 күн бұрын басқа жерде болатын болса, сол аймақтың әкімдігіне барып өтініш бергені жөн. Сондай-ақ азаматтар сайлауға 15 күн қалған мерзімде өз сайлау учаскесінде дауыс бере алмайтын болса, сайлау комиссиясынан есептен шығару куәлігін алып, барған жерінде өз таңдауын жасай алады. Осы ретте айта кететін мәселе - бүгінгі таңда елде сайлаушыларды тіркеуге байланысты шаралар да айтарлықтай жеңілдетіліп отыр. Сондықтан да осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы еліміздің сайлаумен байланысты заңдарын халыққа түсіндіру мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. «Ендігі кезек сайлаушыларда. Біз олар мүмкіндігінше белсенді болып, еліміздің сайлау заңнамасымен кепілдендірілген мүмкіндіктерді пайдаланып, сайлау науқанына жауапкершілікпен қараса деген ниеттеміз», - дейді Л.Сүлеймен.

 

 

Сайлауға дайындық

 

/«Қазақстан» ТРК, 06.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Сайлау ел тағдырының ертеңін саралайтын аса жауапты елдік шара. Елдік шараны абыроймен атқару елдік сананы сіңірген әрбір Қазақстан тұрғынының міндеті. Саяси науқанға жұртты жұмылдырып, үгіт-насихат жүргізу партиялардың міндеті. Депутаттық мандаттың неғұрлым көп бөлігіне ие болуды көздеген саяси ұйымдардың жұмысының нәтижелі болуы да насихаттың қарқындылығына, әрі-беріден соң пәрменділігіне көп байланысты. Партиялар қазір саяси додаға дайындықты қыздырғанда, сайлау комиссиялары да әзірден қам-қарекетсіз жатқан жоқ. Сайлауға қажетті құрал-сайманды сақадай-сай етіп, партияларды тіркеп, бақылаушылардың жұмысын үйлестірмек оларға артылар жауапкершілік жүгі зор болмақ.

Келер жылы өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында тұрғындар үш бюллетеньмен дауыс береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы  осы аптада өткен кезекті отырысында мәлім етті. Мәжіліс сайлауына қажетті бюллетеньдерді Ұлттық банктің «Банкнот фабрикасы» даярласа, мәслихаттар сайлауының парақшаларын төрт аймақтық баспахана басып шығарады. Орталық сайлау комиссиясының жұмысына қанығып қайтқан журналист Айбек Қобдабай.  

 Алдағы сайлауда сайлаушылар үш түрлі бюллетеньмен дауыс береді. Олар саяси партияларды анықтауға, сосын облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың кандидаттарын сайлау үшін енгізіліп отыр. Бұндай тәсіл елімізде бұған дейін өткен сайлау шараларында да қолданылған. Әрі осы аптада Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының облыстық сайлау комиссиялары мен Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жаңа мүшелер тағайындалды.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Алдағы сайлауда сайлаушылар үш бюллетень алатын болады. Олардың біреуі ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған. Екінші бюллетень - облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге. Ал үшінші бюллетень- аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллетень алады. Өйткені, бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ.

Күні кешеге дейін елімізде жергілікті мәслихаттар депутаттығына 10 кандидат  ұсынылды. Олардың 9-ы өзін өзі ұсынса, біреу қоғамдық ұйымнан атынан атсалыспақ. Саяси науқанға дайындықты күн сайын пысықтайтын Орталық сайлау комиссиясы жергілікті мәслихаттарға депутаттықтан үміткерлерге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылық шығынның нормативтерін де бекітті. Осы құжатқа сай облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әрбір үміткерге үгіт шаралары мен көлік шығынына қазынадан 349 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 179 мың теңге бөлінген. Оның сыртында әр кандидаттың сайлауалды үгіт-насихат шараларына қажетті қор құруларына болады.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Біздің ақпарат бойынша  қазіргі сәтте ұсынылған кандидаттар бар. Олардың саны - 10. Олардың 9-ы  Маңғыстау облысынан, біреуі Қызылорда облысынан.

Еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттарға 3335 депутаттар сайлануы тиіс. Оның 550 депутаты 14 облыстық және Астана мен Алматы шаһарының мәслихаттарына, 2160 депутат аудандық мәслихаттарға, ал 325 депутат 37 қалалық мәслихаттарға сайланады.

Орталық сайлау комиссиясында келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға дайындық шараларын пысықтауға арналған республикалық семинар кеңес ұйымдастырылды. Құзырлы органдар мен жауапты министрліктердің және облыстық, қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының басын қосқан кеңесте - сайлауды ұйымдастырудың заңдық нормалары мен оны өткізу ережелері, халықаралық бақылаушылар мен шетелдік ақпарат құралдарын аккредитациялау мәселелері, саяси науқанды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету тетіктері және сайлау шараларын қажетті қаржымен қамтамасыз етуге қатысты тақырыптар талқыланды.

Гүлнәр Күнбаева, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Жылдың аяғы болған соң, келесі жылдың бюджеті бекітіліп жатқандықтан, көптеген қаржы мәселелеріне сұрақтарымызға жауаптар алдық. Енді облыстарымызда аумақтық сайлау комиссиялары  жұмыстарына кірісті.

Алдағы сайлаудың ерекшелегі сол, электоралдық үрдістің негізгі кезеңдері әсіресе, үгіт-насихат науқаны ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгелі отыр. Осыны ескерген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, сайлау алды әзірлік жұмыстары кезінде барлық  деңгейдегі сайлау органдарына ерекше жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.

 

 

Астана әкімдігі сайлау учаскелері туралы мәліметтер

алуға болатын Байланыс орталығын құрды

 

/«ҚазАқпарат», 06.12.2011 ж., Г. Алякпарова/ - Алдағы жылдың 15-16 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжілісіне және жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтеді.

Осы орайда, Астана қаласының әкімдігі тұрғындар үшін сайлау учаскелері туралы ақпараттар алуға болатын  Байланыс орталығын құрды.

Сайлаушылардың тізімін нақтылау мақсатында сондай-ақ, қала тұрғындарының қосымша сұрақтары үшін құрылған Байланыс орталығының телефон нөмірі (7172)55 75 75. Ақпараттық қызмет күнделікті таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері - 10.00-ден 20.00-ге дейін.

Операторларға қоңырау шалу арқылы сайлаушылар қай сайлау учаскесіне қарайтындығын оңай және жылдам анықтай алады сондай-ақ, «Сайлау учаскесін іздеу» электронды қызметі арқылы оның байланыс мәліметтерін сұрата алады. Сұратылған ақпарат табылмаған, не қате болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мекен-жай туралы мәліметтерді анықтау қажет.

Онымен бірге, елордалықтар сайлау учаскелерінің шекаралары мен олардың орналасқан мекен-жайларын электронды картадан көре алады: maps.astana.kz/election.htm.

Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылуы тиіс құжаттар: жеке басты куәландыратын құжат және үй кітапшасының түпнұсқасы.

 

 

Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық

қоғамдық комиссия жұмысын қайта бастады

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 06.12.2011 ж./ - Қазақстан Парламенті Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссиясы жаңа сайлау кезеңінде өз жұмысын қайта бастады. 

Комиссия сайлау науқаны барысына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін, әртүрлі саяси пікірлері бар белсенді азаматтарды сайлауды бақылауға тарту үшін құрылды. 

«Қоғамдық комиссия өз жұмысында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, әділетті сайлау процесін қамтамасыз ету бойынша транспарентті сайлауды ұйымдастыруға мүдделі азаматтар, бүкіл халықаралық және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық етуді жоспарлауда», - делінген сейсенбіде таратылған комиссияның хабарламасында.

 

 

Астанада «Сайлау 2012: рейтингілер және болжамдар» тақырыбында

брифингі және дөңгелек үстел өтеді

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты журналистер үшін брифинг және «Сайлау 2012: рейтингілер және болжамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің барысында ағымдағы электоральдық цикл, электоральдық зерттеулер және Exit poll өткізу әдістемесі, саяси алаңдағы негізгі ойыншыларды анықтау мәселелері талқыланбақ.

«Дөңгелек үстел» жұмысына саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, ғалымдар және сайлау үдерісінің мамандары, сарапшылар қатысады.

 

 

Жік шықты үлкен «Азатта»,

кімдер қалмақ мазаққа?

 

/«Ел», 06.12.2011 ж., Н. Әлімтегі/ - Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауынан оппозиция тағы да тыс қалатын түрі бар. Жалғыз оппозициялық партия Қазақстан коммунистік партиясының жұмысы алты айға тоқтатылды. «Парламент сайлауына қатысамыз», деп құрылған «Халық Майданы» қозғалысының «Халық партиясы» әлі тіркелген жоқ. Социал демократтар әліптің артын күтіп отыр. Ал, Парламент сайлауы қарсаңында «Азат» ЖСДП-да жік шықты. «Жаңа Толқын» фракциясының мүшелері «Азат» партиясында демократиялық құндылықтар жоқ деп айыптады. Мұнымен қоймай, «Азат» партиясының елордалық филиалын басқаратын Серікбай Әлібаевты «Партияда авторитарлық режим орнатты» деп кінәлап отыр. Әлібаев айыптаушы тараптың бұл әрекетін арандатушылық деп бағалап отыр.

«Жаңа Толқын» фракциясының мүшелері «Азат» ЖСДП бағдарламасын қолдағанымен, жекелеген партия басшыларына қарсы екенін жеткізді. Әсіресе, Астана қалалық филиалының басшысы Серікбай Әлібаевқа өшіккен. Айтуларынша, партияның елордалық төрағасы мемлекеттік тілге қарсы шығып, партия ішінде авторитарлық режим орнатқан. Бұл жағдай – «Азат» партиясының Астана филиалы төңірегіндегі бірінші жанжал емес. Естеріңізде болса, осыған дейін дәл президент сайлауы қарсаңында Серікбай Әлібаев пен Уалихан Қайсар арасында араздық туып, кейін Уалихан Қайсар партия құрамынан кетіп қалған-ды.

«Біз партияға қарсы шығып отырған жоқпыз, бағдарламасын да жамандамаймыз, тек партия басшысына ғана қарсымыз» деп жар салып жүрген «Жаңа толқын» фракциясының белсендісі Болатбек Біләловқа қоңырау шалып, көкейіміздегі бірнеше сауалдарды қойған болатынбыз. Біз не мақсатпен хабарласып отырғанымызды айтпай-ақ түсінген Болатбек мырза бірден ақтарыла жөнелді: «Бұл фракцияны құруға біз мәжбүр болдық, – деп бастады ол әңгімесін. Себебі, партия төрағасы С.Әлібаев авторитарлық режим орнатқан. Шындығына келсек, оның бұлай істеуіне еш қақысы жоқ. Ол бізге «Егер сендерге менің партияны басқаруым ұнамаса, онда партиядан кетіңдер» деп шарт қойды. Біз неге кетеміз? «Азат» ЖСДП Әлібаевтың «жеке меншік» партиясы емес. Ол сайланған партия мүшелерімен еш санаспайды. Өзі не шешеді, соны орындайды. Ол үшін партия мүшелерінің құны көк тиын. Біз оның диктаторлығына қарсы шықтық. Ол да өз дегенінен таймады. Біз барынша жанжалдасудан қашқанбыз. Бірақ мұнымыз бекер екен. Әлібаев бізге балағат сөздер айтып, намысымызға тиді». Одан әрі біздің «Қазіргі уақытта белгілі болғандай, С. Әбілов пен Ж. Тұяқбай «Азат» ЖСДП мен тіркелмеген «Алға» партиясының бірігетінін мәлімдеді. Осыған сіздің пікіріңіз қандай? Бұл неге алып келуі мүмкін? Екі партия біріккен жағдайда аймақтардағы филиал жетекшілері қандай қадамға барады?» деген сауалымызға Б.Біләлов былай жауап берді: «Бұл кезде «винегред» пайда болады. Екі партия біріккен жағдайда, олардың бір шешімге келуі қиын болады. Өйткені, «Азаттың» өзінің ұстанған жолы да бағдарламасы да бөлек. Сол секілді, «Алғаның» ұстанған жолы тіптен бөлек. Ал, аймақтардағы филиал жетекшілерінің арасында «қырқыс» пайда болады. Олар дара билікке ұмтылады. Осылайша, бәрінің күл-талқаны шығады…»

«Жас толқыншыл» Болатбек Біләлов мырзамен жарты сағатқа созылған телефон арқылы әңгімеміздің бас-аяғы осылай болды. Біз оқиғаның ақ-қарасына тағы да көз жүгірте түсу үшін «Азат» ЖСДП-ның Астана қаласындағы филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаев мырзаға хабарластық. С. Әлібаев мырза тұтқаны ала салысымен сауалымызды аяғына жеткізбей жауап берді: «Менде қазір олармен («Жас толқын» фракция мүшелерімен) алысып жататын уақыт жоқ. Бір минутым да. Мен Сізге бір-ақ нәрсені айтайын. Олардың бұл әрекеттері заңсыз. Олар (Б.Біләлов пен Д.Боқан) баяғыда-ақ партия қатарынан шығарылған. Олар партияның ішкі тәртібін бұзды. Жарғы көрсетілген міндеттерді орындамады. Көшеден адамдарды жинап әкеліп, бір рет емес, бірнеше рет заңсыз жиналыстар өткізген. Ал, партияның Жарғысы бойынша олардың былай жасауларына мүлдем қақысы жоқ. Осындай заңсыз әрекетке барып отырған оларды неге партия қатарында қалдыруымыз керек? Оларды партия қатарынан шығару туралы ұсыныстарымызды партияның саяси кеңесі қолдады. Өйткені, кеңес мүшелері олардың «былықтары» туралы жақсы біледі. Олар өздеріне жақсы болса, солай жүре берсін. Пресс-конференция өткізудің 1 сағаты 840 доллар тұрады. Егер ақшалары көп болса, өткізе берсін…». С. Әлібаев мырзаның осылай мәлімдемесінен кейін, келесі сауалымызды партияға қатысты өрбіттік. Серікбай мырзадан көптен бері айтылып келе жатқан тең төрағалық туралы сұрадық: «Қазақта «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген жақсы мақал бар. Мен тең төрағалықты қолдамаймын. Тең төрағалық көптеген кикілжіңдерге әкеліп соғады… Сізге айттым ғой. Менің уақытым аз деп. Онсыз да бір кісі заңды екінші рет бұзып, Мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізейін деп жатыр. Сондықтан да уақытым жоқ». Ал, біз партия төрағасы Жармақан Тұяқбай мырзаға хабарласа алмадық. Ұялы телефондары байланыс аясынан тыс жерде. Есесіне, оған қойғымыз келген сауалға С. Әлібаев жауап берді: «Астанадағы филиалда орын алып жатқан шиеленістерден Ж. Тұяқбай мырза, әрине, хабардар. Ол кісі кімнің-кім екенін біледі…».

Міне, екі қарсы жақтың пікірі осындай. Бірі екіншісін «авторитарлық жүйе орнат-қан диктатор» деп айыптаса, екіншісі «заңсыз әрекет жасаған» деп бетбақтырмай отыр. Біз әзірше кімнің ақ, кімнің қара екенін ашып та айта алмаймыз. Тек кімнің ақ сөйлегенін, ал кімнің «пәлеқор» екенін дәл көрсетіп беретін бір-ақ нәрсе бар. Ол уақыт. Бәрі уақыттың еншісінде. Ендеше, әліптің аяғын күтейік…

 

 

 

 

 

«Нұр Отан» партиясы ұсынған 127 азаматтың барлығы

Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатын болды

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа үміткер ретінде ұсынған барлық 127 азамат тізімге енді.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин журналистермен болған брифингте мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, партия ұсынған 127 азаматтың барлығы арнайы тексеруден өтіп, сайлау заңнамаларына сай деп танылды. «Енді 16-шы желтоқсаннан бастап, «Нұр Отан» партиясы еліміздің барлық аймақтарында өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастайды»,-деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

 

 

Қазақстанның ОСК-сы сайлауға қатысу үшін

«Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімін тіркеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 07.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы атынан Мәжіліс (Парламенттің төменгі палатасы) депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі. 

Тиісті қаулы комиссияның сәрсенбідегі отырысында қабылданды.

Қазақстанның ОСК-сы «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-шы бабына сәйкес, қаулы етті: «Нұр Отан» ХДП тізімі тіркеліп, тіркелген үміткерлерге партиялық тізім бойынша үміткерлер куәлігі  берілсін,  «Нұр Отан» ХДП атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін», - деді Қазақстан ОСК-сының хатшысы Бахыт Мельдешов. 

Партия тізіміне жалпы 127 адам кірген. Олардың қатарында мемлекет басшысының қызы Дариға Назарбаева, Мәжілістің бұрынғы спикері Орал Мұхамеджанов, партия жетекшісі орынбасарының өзі Нұрлан Нығматуллин, сондай-ақ бірқатар облыстардың қазіргі әкімдері, министрлер, спортшылар, әншілер және актерлер бар.  «Нұр Отан» атынан соңғы Мәжіліс шақырылымның 30 депутаты ұсынылған.

 

 

«Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі тіркелді

 

/«Қазақстан» ТРК, 07.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бірінші болып «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының тізімін тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, билік партиясы өздерінің кезектен тыс съезінде алдағы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде 127 үміткерді партиялық тізімге енгізген. Осы тізімді Орталық сайлау комиссиясы түгел тексеріп, ресми түрде тіркеді. Партия атынан тіркелген кандидаттардың арасында 6 ұлттың өкілдері бар. Әрі «Нұр Отанның» партиялық тізіміне енгізілгендердің басым көпшілігінің жасы – 55-ке жетпеген. Ең жас кандидат – 35 жаста. Партия атынан ұсынылған кандидаттардың 40 пайызға жуығы заңгерлер мен экономистер, ал 35 пайыздан астамы халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек еткен мамандар. Партиялық тізімге енген үміткерлердің – 49-ы бұған дейін Мәжіліс депутаты, біреуі сенатор болған. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясынының тізімінде ғылым-білім, мәдениет пен өнер, спорт пен кәсіпкерлік құрылымдарда және мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген азаматтар да бар.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгін сәрсенбі күні – сәтті күнде «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Орталық сайлау комиссияда ресми тіркеуден өтті. Біздің партиялық тізімге кірген барлық 127 үміткеріміз де осы тіркеуден өтті. Сондықтан  16-шы желтоқсаннан бастап, «Нұр Отан» ХДП заң бойынша  барлық аймақтарда өзіміздің насихат жұмыстарымызды бастайтын боламыз.

 

 

 

 

 

ОСК «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімін тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 07.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Нұр отан» халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді.

Партиялық тізімге енгізілгендердің жартысынан көбі жасы елу беске дейінгі азаматтар. Ең жас үміткер отыз бес жаста. Партия ұсынған елу кандидат бұрын Парламент депутаты болған. Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар. Олардың қырық пайызға жуығы заңгерлер мен экономистер, отыз бес пайыздан астамы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, партиялық тізімдерді тіркеу он бесінші желтоқсанға дейін жалғасады, ал 16 желтоқсаннан бастап партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, сайлау алды штабтың жетекшісі:

- Бүгін сәрсенбі күні сәтті күнде «Нұр Отан» ХДП ОСК ресми тіркеуден өтті. Сонымен бірге барлық біздің 127 үміткерлер де осы тіркеуден өтті. Сондықтан 16 желтоқсаннан бастап заң бойынша Нұр Отан ХДП өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.

Бүгін сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясында алдағы сайлаулардағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің құрылып, ережесі қабылданғаны жөнінде мәлім болды. Кеңес құрамына танымал заңгерлер, саясаттанушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы кандидаттарды ұсынудың жүру барысы туралы ақпарат берді.

Қуандық Тұрғанқұлов, ОСК төрағасы:

- Партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар ұсыну аяқталды. ҚР ОСК барлығы 8 саяси партияның тізімі ұсынылды. Мәслихаттар депутаттығына 1861 үміткер ұсынылған.

 

 

ОСК «Нұр Отан» партиясы атынан

сайлауға түсетіндер тізімін бекітті

 

/«7 арна» телеарнасы, 07.12.2011 ж., А. Әдепбай/ - Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін бекітті. Сөйтіп билік партиясы атынан Мәжіліс сайлауына 127 адам түсетін болды. Олардың арасында алты ұлттың өкілдері бар. Тіркеуден өткендердің 20 пайызы әйелдер. Жартысынан астамы жасы 55-ке жетпеген үміткерлер. Ал, ең жасы 35 жаста. Барлығы да жоғары білімді. Мамандықтары бойынша 40 пайызы заңгерлер мен қаржыгерлер. 35 пайыздан астамы түрлі сала мамандары. Бұрын депутат болған 49 адам Мәжілістегі орындарынан тағы да үміттеніп сайлауға түсіп жатыр. Сонымен қатар түрлі-деңгейдегі мәслихаттарға да кандидаттар тізімі реттеліп жатыр. Барлығы 1861 үміткер ұсынылған. Оның 188-і облыстық мәслихаттарға. Астана қаласына 17, Алматы қаласына 12, қалалық мәслихаттарға 324 үміткер, ал аудандық мәслихаттарға 1349 үміткер өтініш білдіріпті. Саяси науқанға барлығы сегіз партия қатысады.

 

 

ОСК «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімін тіркеді

 

/«BNews.kz», 07.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімін тіркеді.

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулинге сәйкес куәлігін табыс етті.

«Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізіміне 127 адам енді.

«Нұр Отан» ХДП-ның тіркелген кандидаттарының ішінде 6 түрлі ұлт өкілдері, 20%-дан астам әйелдер қауымы бар. Кандидаттардың бәрі жоғары білімді. 40% - дипломы бар заңгерлер мен экономистер. 35% - халықтық шаруашылығы түрлі салаларының мамандары», - делінген ОСК баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар хабарламада партия ұсынып отырған 50 кандидаттың бұған дейін Парламент депутаты болғаны ескерілген: 49 – бұрынғы Мәжіліс депутаттары, 1 сенатор.

«2011 жылы 7 желтоқсанда ОСК тұңғыш партиялық тізімді тіркеді – «Нұр Отан» ХДП. Партиялық тізімге енгендердің жартысына жуығы 55 жас шамасында. Олардың арасындағы ең жасы 35 жаста», -деп хабарлады ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

Бірінші болып тіркеуге алынды

 

/«Егемен Қазақстан», 08.12.2011 ж./ - Кеше ОСК-да комиссия отырысы болып өтті, отырыс барысында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдеріне партиялық тізімді бекіту туралы қаулы тапсырылды. 127 адамды қамтитын тізім сайлау комиссиясымен бірінші болып тіркелді.

Тіркеу туралы қаулыны алған партия Төрағасының бірінші орынбасары, Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Бүгін, сәрсенбінің сәтті күні, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірінші болып, Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркеуден өтті. Біздің партиялық тізімге кірген барлық 127 үміткеріміз заңға сәйкес, тексеруден өтті. Енді, 16 желтоқсаннан бастап, біз  барлық қала мен аудандарда, аймақтарда өзіміздің насихат жұмыстарымызды бастайтын боламыз», – деді.

Сондай-ақ кеше Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасағанын айтты.

Нұротандықтардың ойынша, алдағы сайлау науқаны біздің еліміздегі демократиялық құндылықтарды, заңдылықты, ойын білдірудегі еріктілік, сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын көрсету алаңына айналуы тиіс. Сондықтан олар сайлау үдерісінің барлық қатысушыларын саяси төзімділік пен өзара сыйластық қағидаттарын сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Конституциясы мен сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізуге шақырып отыр.

 

 

Партиялық тізім тіркеуден өтті

 

/«Дала мен Қала», 10.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді. Партиялық тізімге енгізілгендердің жартысынан көбінің жасы елу беске дейінгі азаматтар. Ең жас үміткер отыз бес жаста. Партия ұсынған елу кандидат бұрын Парламент депутаты болған. Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар. Олардың қырық пайызға жуығы заңгерлер мен экономистер, отыз бес пайыздан астамы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, партиялық тізімдерді тіркеу он бесінші желтоқсанға дейін жалғасады, ал 16 желтоқсаннан бастап партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады.

– Бүгін сәрсенбінің сәтті күні «Нұр Отан» ХДП Орталық сайлау комиссиясының ресми тіркеуінен өтті, – деді «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлан Нығматулин. – Партия съезінде тізімге енген біздің барлық 127 үміткер де осы тіркеуден өтті. Сондықтан 16 желтоқсаннан бастап заң бойынша «Нұр Отан» партиясы өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясында алдағы сайлаулардағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңестің құрылып, ережесі қабылданғаны жөнінде де мәлім болды. Кеңес құрамына танымал заңгерлер, саясаттанушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Отырыс соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы кандидаттарды ұсынудың жүру барысы туралы ақпарат берді. Жалпы партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар ұсыну аяқталды. ҚР ОСК барлығы 8 саяси партияның тізімі ұсынылды. Мәслихаттар депутаттығына 1861 үміткер ұсынылған.

 

 

 

 

 

Жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына

1 мың 861 азамат қатысқысы келеді – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Қаңтардың 7-дегі мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезекті сайлауына қатысу үшін 1 мың 861 үміткердің кандидатурасы  ұсынылды.

Бұл мәліметтерді бүгін Орталық сайлау комссиясының кезекті отырысында  комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, аталған үміткерлердің 17-сі Астананың, 12-сі Алматы қаласы мәслихаттарының депутаты болғылары келеді. Ал аудандық мәслихаттардағы орындардан 1 мың 349 азамат дәмелі. Сондай-ақ 324 азамат облыстық мәслихаттардың депутаттағына ұмтылып отыр.  ОСК осы уақытта мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 24 азаматты тіркеген.

 

 

Қарашаның 16-сы мен желтоқсанның 6-сы аралығында ОСК-ға

сайлау процесіне байланысты азаматтардан 24 шағым мен өтініш келіп түсті

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Қарашаның 16-сы мен желтоқсанның 6-сы аралығында Орталық сайлау комиссиясына сайлау процесіне байланысты азаматтардан 24 шағым мен өтініш келіп түсті», деді бүгін Орталық сайлау комссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол келтірген деректерге қарағанда, өтініштердің 18-і сайлау заңнамаларын түсіндірумен байланысты. Ал қалған 6 өтініш сайлау комиссиялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты болып отыр.

«Осы уақытта сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін жетілдірумен қатар еліміздің аймақтарында сайлаушылардың дауыстарын реттеу жұмыстары да жүріп жатыр. Сайлау заңнамаларына сәйкес, сайлаушылардың тізімдеріне жергілікті атқарушы органдар жауап береді. Жергілікті атқарушы органдар толықтай тексеріліп, реттелген сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына 25-ші желтоқсаннан қалдырмай берулері керек.

Ал 30 желтоқсаннан бастап, азаматтарға сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімімен танысуға мүмкіндік жасалады»,-деді ОСК төрағасы.

 

 

ОСК-да кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауында

ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясында бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәліметтеріне қарағанда, осы уақытта Қоғамдық кеңестің ережесі де бекітіліп үлгерген. Қоғамдық кеңестің құрамына елімізге танымал заңгерлер мен саясаттанушылар, аймақтық және республикалық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары енген. Сондай-ақ олардың арасында уәкілетті органдар мен Орталық сайлау комиссиясының, Байланыс және ақпарат, Әділет министрлігінің өкілдері де бар.

«Қоғамдық кеңес сайлау науқаны барысында туындаған ақпараттық дауларды алқалы түрде қарайды және Орталық сайлау комиссиясының жанындағы кеңесші-консультативті орган болып табылады. Кеңестің басты мақсаты - сайлауға қатысушылардың барлығының бірдей ақпарат алып, сайлау үдерісін объективті түрде насихатталуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар кеңес Ақпарат құралдары өкілдерінің сайлауға қатысушылармен қарым-қатынас барысында заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұған қоса кеңес бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби ұстанымдар мен этикалық нормаларының сақталуына ықпал етеді», - деді ОСК төрағасы.

 

 

 

ОСК-ның жанынан Парламент Мәжілісіне сайлаудағы

ақпараттық дауларды қарайтын қоғамдық кеңес құрылды

 

/«Kazakhstan Today», 07.12.2011 ж./ - ОСК-ның жанынан Парламент Мәжілісіне сайлаудағы ақпараттық дауларды қарайтын қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, «ОСК жанынан қоғамдық кеңес құрылады, ол консультациялық-кеңес органы болады», - деп мәлім етті ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен сәрсенбі күні комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, кеңеске белгілі заңгерлер, саясаттанушылар, алдыңғы қатарлы және аймақтық БАҚ басшылары енді.

«Бұл (ақпараттық дауларды шешу бойынша қоғамдық кеңестің құрылуы - ҚазТАГ) барлық сайлау науқандарында бар тәжірибе. Біз объективтілікке үміттенеміз», - деді һз кезегінде ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

Сайлауды бақылайтын

қоғамдық комиссия құрылды

 

/«Қазақстан» ТРК, 07.12.2011 ж., Ә. Мусина/ - 15 қаңтарда болатын Мәжіліс пен мәслихат сайлауын бақылау үшін республикалық қоғамдық комиссия құрылды. Алдағы сайлау науқанының  әділ өтуін қадағалауды көздейтін бірлестік Алматыда өз штабын ашып отыр.

Бүгінгі баспасөз жиынында комиссия мүшелері: «Сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етіп, барлық кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында тең дәрежеде насихатталуын  бақылауға аламыз», - деді.   

Сайлау науқанының әділетті өтуін қадағалайтын, республикалық қоғамдық комиссия құрамында 10 адам бар. Олардың қатарында саясаткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, заң қызметкерлері де бар. «Алдағы сайлау науқанында ешбір әділетсіздікпен күштеуге жол бермей, әрбір қазақстандық демократиялы түрде өз таңдауын жасайтынына сенімдіміз», -  дейді олар.

Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы:

Үгіт-насихат жұмыстарда шегі жоқ, бірақ адам ертең кабинаға кіргенде ол өзімен өзі қалады. Ойында тек қана өзі болады. Оның қолын ешкім алып, мына жерге нүкте қой деп айтпайды.

Сайлау науқанындағы әділеттілікті меңзейтін комиссия бүгін жұмысқа кірісіп кетті. Әрбір партияның үгіт-насихат шараларын жіті қадағалап, кандидаттардың тізімінің дұрыстығына баса назар аудармақ. Сондай-ақ, партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында тең насихатталуын бақылайды. Ал сайлау аяқталысымен, науқанға қатысты әлеуметтік сараптама жасап, есеп беруді жоспарлап отыр.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Сайлау күні біздер, енді, Қазақстанның әрбір облысында «изетбол (пул болар)» деген технологияны жақсы білесіздер. Сондай, «изетбол» технологиясы арқылы қоғамның пікірі қандай? Яғни, сайлау өткеннен кейін, процесс аяқталған кезде, біздікілер кешке таман шығып, біздің нәтижеміз осындай деген тұрғыдағы өзіміздің ой-пікірімізді айтатын боламыз.

Сонымен қатар, сайлау науқаны барысында республикамыздағы ірі қалалар мен аймақтарда еріктілер жұмыс істейтін болады. Олар сол жерлердегі үгіт-насихат шаралары туралы комиссия мүшелерін құлағдар етіп отырмақ.

 

 

Сайлауды бақылайтын

қоғамдық комиссия құрылды

 

/«Хабар» агенттігі, 06.12.2011 ж./ - Елімізде кезектен тыс өтетін Парламенттік сайлауды бақылау үшін тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылды.

Олардың құрамында елге танымал азаматтар, қоғам қайраткерлері мен белгілі саясаттанушылар бар. «Сайлауды бақылау жөніндегі» қоғамдық комиссия мүшелері бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, өз жоспарларын ортаға салды. Іске бүгіннен бастап білек сыбана кіріскен тәуелсіз қоғамдық комиссия үшін – сайлауды бақылау таңсық емес. Олар – биыл өткен Президенттік сайлауда біраз тәжірибе жинап үлгірген. Парламенттік сайлау –қоғамдық тәуелсіз бақылаушылар үшін 2-сынақ болмақ. Басты ұстанымдары – елде әділ әрі ашық саяси доданың өтуіне мейілінше ықпал ету.

Айдос САРЫМ, САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:

- Ең басты мәселе – ұлттың мүддесі, жаңа саяси мәдениет қалыптастыру, жаңа саяси дәстүр қалыптастыру алдыңғы кезекте тұр. Сайлаудың өту барысы, баспасөзде қалай жарық көріп жатыр, кандидаттардың, партиялардың мүмкіндіктері тең бе – оған баға беру, партиялар бір наразылық айтып жатса – оны билікке жеткізу.

Құрылған қоғамдық комиссияның бір ерекшелігі – олар Қазақстанның танымал әлеуметтанушы ұйымдарымен келіссөз жүргізіп, сайлаудың өту үдерісі мен халықтың сайлауға деген ықыласы, саяси партиялардың өзара бәсекелестігі жөнінде толыққанды зерттеу жұмысын жариялайтын болады. Ал сайлау күні барлық ірі қалаларда «экзитпол» арқылы сауалнама жүргізілмек.

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, САЙЛАУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:

- Менің арманым – ертең біздің сайлау аман-есен өтсе екен. Ешкімнің шешімдеріне, нәтижелеріне ешкімнің күмәні болмаса екен деген ойымыз бар. Себебі, барлық елде әртүрлі қиын жағдайлар болып жатыр. Біз елімізді алдымыздағы ағаларымызбен бірге елді алып шығуымыз керек.

 

 

Парламент сайлауын тәуелсіз сарапшылар қадағаламақ

 

/«7 арна» телеарнасы, 06.12.2011 ж./ - Алдағы Парламент сайлауы ашық та, әділ өтуі тиіс. Оған отандық саясаттанушылар, заңгерлер мен әлеуметтанушылар ат салыспақ. Бүгін осындай азаматтардан құралған топ Алматыда бас қосып, сайлауды қадағалайтын Қоғамдық кеңестің жұмысы басталғанын мәлімдеді.

Қоғамдық кеңес өткен жылы Президент сайлауын да қадағалаған болатын. Ендігі мақсаттары Парламент Мәжілісі мен Мәслихат сайлауының ашық та шынайы өтуін қамтамасыз ету. Ел азаматтарын сайлау науқанына белсенді қатысуға шақыру. Оған қоса, тәуелсіз сарапшылар тобы сайлау күні елдегі ірі қалаларда бақылау жүргізбек.

АЙДОС САРЫМ — САЯСАТТАНУШЫ:

«Біздің мақсат — осыған дәнекер болу. Барынша сайлаудың әділ, таза, әр сайлаудан сайлауға дейін кішкентай болсын демократиялық жетістіктіктерге жетуін қамтамасыз ету. Барынша қолымыздан келгенше ең ірі қалаларда өзіміздің азаматтарды дайындап, осы сайлау күні бақылауға шығарамыз біріншіден».

Сайлау күні Қоғамдық кеңес дауыс беру аяқтала салысымен өз нәтижелерімен бөліспек. Кейін Орталық сайлау комиссиясының нәтижелерімен салыстырмақ. Айта өтейік, алдағы сайлаудан елдегі 7 бірдей партия үмітті. Қазір олардың барлығы дерлік үміткерлер тізімін өткізген.

 

 

ОСК-ның жанынан Парламент Мәжілісіне сайлаудағы

ақпараттық дауларды қарайтын қоғамдық кеңес құрылды

 

/«Kazakhstan Today», 07.12.2011 ж./ - ОСК-ның жанынан Парламент Мәжілісіне сайлаудағы ақпараттық дауларды қарайтын қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, «ОСК жанынан қоғамдық кеңес құрылады, ол консультациялық-кеңес органы болады», - деп мәлім етті ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен сәрсенбі күні комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, кеңеске белгілі заңгерлер, саясаттанушылар, алдыңғы қатарлы және аймақтық БАҚ басшылары енді.

«Бұл (ақпараттық дауларды шешу бойынша қоғамдық кеңестің құрылуы - ҚазТАГ) барлық сайлау науқандарында бар тәжірибе. Біз объективтілікке үміттенеміз», - деді өз кезегінде ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

Кезектен тыс сайлаудың

талапқа сай болуы маңызды

 

/«Егемен Қазақстан», 07.12.2011 ж., Б. Балғарина/ - Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның штабы өз жұмысын бастады. Бұл жөнінде республикалық қоғамдық комиссияның мүшелері осы мәселеге арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.

Сонымен, аталған комиссияның құрамына он адам енгізілді. Олардың арасында ҚР ҰҒА академигі, белгілі ғалым Төрегелді Шарманов, «АйтПАРК» қоғамдық-саяси клубының құрушысы және модераторы Нұрлан Ерімбетов, саясаткер Айдос Сарым, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Игорь Вовнянко, белгілі заңгер Тагир Сисембаев, Қазақстан саясаткерлері ассоциациясының жетекшісі Есенжол Алияров, «Бас редакторлар клубының» президенті Болат Ережепов және басқалар бар.

«АйтПАРК» қоғамдық-саяси клубының жетекшісі Нұрлан Ерімбетовтің пікірінше, «қоғамдық комиссияның басты мақсаты жаңа саяси мәдениетті, жаңа саяси дәс­түрлерді қалыптастыру, ал мұның өзі Қазақстандағы сайлаудың әрдайым әділ, таза және ашық өтуіне ықпал етпек».

«Президенттік сайлауды өткізу кезінде біршама тәжірибе жинақталды. Қазір де бірқатар саяси партиялардың көшбасшыларымен әңгімелер өткізіп, оларды қандай мәселелер толғандыратыны және қынжылтатындығы туралы да әңгіме қоз­ғадық. Қалай болғанда да кезектен тыс өтетін сайлаудың көпшілік сайлаушылар күткендегідей талап деңгейінде болуының маңызы зор», деді ол.

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия штабы мүшелерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында сөз алған Б.Ережепов өз кезегінде клуб мүшелерінің атқарған бірқатар ауқымды істеріне тоқталды. Бұл, ең алдымен, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың сайлауларына қатысты Хартияның қабылдануына тікелей байланысты. Көпшіліктің есінде болса, мұндай Хартия 2007 жылғы Парламент Мәжілісінің сайлауы үдерісі кезінде де қабылданған еді. Ол кезде бұл құжатқа бұқаралық ақпарат құралдарының 65 жетекшісі қол қойған болатын. Қазірде осы клубта 200-ге жуық БАҚ басшылары бар және де олар қол қойған бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді түрде қолдайтындығына үлкен сенім білдіреді.

Б.Ережеповтің пайымынша, ел өміріндегі елеулі оқиғалар – сайлаулар мен өзге де маңызды саяси науқандарға қатысу барлық журналистердің қоғамдық міндеті екендігі сөзсіз. «Біздердің бұл комиссияға бірігуіміздің өзіндік себептері де жеткілікті, өйткені, комиссия биылғы жылғы президенттік сайлауда да жұмыс істеді. Атқарылған істер және оны өткізу табысқа қол жеткізгендігі көңілге қуаныш ұялатады. Мәселен, ЕҚЫҰ байқаушылары өздерінің есептерінде бұл комиссияның жұмысын ойдағыдай бағалады. Бір құптарлығы, БАҚ туралы бөлімге өздерінің есептерінде олардың ешқандай сын-ескертулер енгізбеуі көп нәрседен хабар берсе керек. Ал, бұдан шығатын қорытынды – Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары сайлау туралы нақты және ақиқатты түрде әрі ашық жазатындығы іс жүзінде дәлелденіп отыр», деді Б.Ережепов өз сөзінде.

Қазіргі таңда республика бойынша 10 мың сайлау учаскесі бар, мұның өзі әрбір партияға осындай көлемде бақылаушылар қажет екендігін айқындайды. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың есептеуінше, бүгінде тіркеуге арналған 40 мың қолды жинастырудың қажеттілігі зор. Соның нәтижесінде алдағы Парламенттік сайлау партия мүшелерінің жұмыс істеу қабілеттілігін сынға салмақ.

Сөз реті келгенде атап айтарлығы, қоғамдық комиссия жұмысында бірқатар жаңалықтар да бар. Комиссия әлеуметтік ұйымдармен әріптестік жөнінде келісімге келген. Мұндай әріптестік, ең алдымен, сайлау кезінде әлеуметтік зерттеу өткізу үшін өте қажет. Сөйтіп, республикалық қоғамдық комиссияның штабы Орталық сайлау комиссиясы мен сайлауға қатысушылар арасындағы тиімді байланыстың негізгі буыны болып табылмақ.

 

 

Сайлаудың ресми нәтижесі тексеріледі

 

/«Алаш айнасы», 08.12.2011 ж., А. Асқар/ - 2012 жылы қаңтардың 15-і күні өтетін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны барысында қоғамдық пікірді бақылау жөніндегі зерттеу орталығы құрылады. Қазақстанның саяси-әлеуметтік зерттеулер институты негізінде жұмыс істейтін бұл орталықтың мамандары арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, оның нәтижелерін сайлаудың ресми мәліметтерімен салыстыратын болады.

Сауалнаманың негізгі мақсаты – сайлау науқаны кезіндегі халықтың белсенділігін анықтап, Мәжіліс депутаттығына үміткер азаматтардың рейтингісі мен сайлаудың алдын ала нәтижелерін болжау. Ол сайлаудың басында және аяқ кезінде жүргізіледі: арнайы мамандар сайлау учаскелерінде Exit Pool барлық дауыс берушілерге тікелей сұрақ қою арқылы олардың қоғамдық пікірін анықтайды. Жалпы, сауалнамаға 41 мыңға жуық адам қатысады деген жоспар бар. Бұл жұмыс Қазақстанның барлық облыстарында, Алматы және Астана қалаларында атқарылады. Ал сауалнаманың қорытындысы қаңтардың 15-і күні түнгі сағат 12:00-ден кейін жарияланады.

Айгүл СӘДУАҚАСОВА, Саяси-әлеуметтік зерттеулер институтының директоры:

– Негізі, қазір басқа партиялардың өз бағдарламаларын өзгертіп, жаңаша белсенділік танытып жатқандығын көруге болады. Демек, сайлауға дейін біраз өзгерістер болуы әбден мүмкін. Дәл қазір бізде нақты болжам жоқ. Бірақ онсыз да «Нұр Отан» партиясының айқын басымдылығы байқалады. Ол электораттың басым дауысына ие болып отыр.

 

 

ҚР ОСК Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы

ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес

туралы қаулы қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 08.12.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы қаулы қабылдады.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

 

Астана қаласы                                                        2011 жылғы 7 желтоқсан     №65/124

 

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республи­касы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының төрағасы Қ. Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.

 

 

 

 

/«Егемен Қазақстан», 08.12.2011 ж./:

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының қаулысы №65/124

 

Астана қаласы                                                                                    2011 жылғы 7 желтоқсан     

 

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының төрағасы Қ. Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.

 

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының  2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 65/124 қаулысына 1-қосымша

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес

 

1. Бәшімов Марат Советұлы - Еуропалық құқықты және адам құқықтарын сараптау институтының директоры, «Человек и закон» республикалық апталық заң газетінің бас редакторы, заң ғылымдарының докторы, Төраға (келісім бойынша);

2. Ережепов Болат Төлегенұлы - «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті, «Око» газетінің бас редакторы, Төраға орынбасары (келісім бойынша);

3. Сүлеймен  Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі;

4. Аманбаев Әмірхан Тапашұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары (келісім бойынша);

5. Танысбай Ләззат Мұратқызы - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі (келісім бойынша);

6. Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы - «Айқын» республикалық газетінің               бас редакторы

7. Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы - «7 Арна» телеарнасы Қадағалау кеңесінің төрайымы;

8. Пан    Алексей Владимирович - «Экспресс К» газетінің редакциясы» ЖШС бас директоры;

9. Рыжков Владимир Иванович - «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің бас редакторы;

10. Ерімбетов     Нұрлан Кенжебекұлы - «АйтPARK» қоғамдық-саяси клубының модераторы, «Открытая студия» саяси ток-шоу жүргізушісі, саясаттанушы;

11. Сарым Айдос Әміроллаұлы - «Абай-Ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті, саясаттанушы.

               

 

 

               

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 65/124 қаулысына 2-қосымша

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес туралы ереже

 

1. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық Кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық Кеңес) сайлау науқаны уақытында туындайтын ақпараттық дауларды алқалы қарау үшін құрылды және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Қоғамдық Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Қоғамдық Кеңестің негізгі міндеттері:

1) барлық сайлау процесіне қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі – БАҚ) тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге және сайлау алдындағы науқан барысын БАҚ-та объективті жария етуге жәрдемдесу;

2) БАҚ пен олардың қызметкерлерінің сайлау процесіне қатысушылармен өзара қарым-қатынастардағы мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;

3) БАҚ қызметінде әдеп нормалары мен кәсіби принциптердің сақталуына ықпал ету, сайлау процесіне қатысушылар мен БАҚ арасындағы дауларды және өзге де жағдайларды шешуге қатысу болып табылады.

4. Қоғамдық Кеңестің құзыретіне сайлау процесіне қатысушылардың және олардың сайлау науқаны уақытында сайлау заңнамасын сақтауы туралы өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кіреді.

5. Қоғамдық Кеңес өз құзыретінің шегінде:

1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

 2) Ортсайлаукомға ақпараттық дауларды шешу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардан және қоғамдық бірлестіктерден, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан Қоғамдық Кеңестің міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;

4) өз отырыстарында сайлау процесіне қатысушыларды, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, БАҚ өкілдерін сайлау туралы заңнама талаптарының сақталуы жөнінде тыңдауға;

5) сайлау алдындағы кезеңде БАҚ-қа ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмекті көрсетуге;

6) өз қызметіне сарапшылар мен мамандарды тартуға;

7) Қоғамдық Кеңестің қызметі туралы материалдарды Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында жариялауға құқылы.

6. Қоғамдық Кеңес отырыстарын оның төрағасы сайлау науқаны кезеңінде қажеттілік шамасына қарай шақырады.

Қоғамдық Кеңес отырыстары Қоғамдық Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды.

Қоғамдық Кеңестің шешімдері қатысып отырған Қоғамдық Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және ұсынымдық сипатта болады.

7. Қоғамдық Кеңестің шешімдері жұртшылықтың назарына материалдарды БАҚ-та жариялау немесе Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы жеткізіледі.

Қоғамдық Кеңес төрағасы Қоғамдық Кеңестің шешімдеріне және басқа да құжаттарына қол қояды, отырыстарға енгізілетін мәселелерді айқындайды, өзге де ұйымдастырушылық-өкімгерлік функцияларды орындайды.

8. Қоғамдық Кеңес төрағасы болмаған кезеңде отырыстарда оның тапсыруы бойынша Қоғамдық Кеңес мүшелерінің біреуі төрағалық етеді.

9. Қоғамдық Кеңес қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуді Ортсайлауком аппараты жүзеге асырады.

 

 

Мәслихат депутаттары сайлауында қолданылатын бюллетеньдер

еліміздің 7 аймағында дайындалатын болды

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттары сайлауында қолданылатын бюллетеньдерді, алдын ала мәлім етілгендей еліміздің 4  аймақтық ұйымдары емес, 7 ұйымы дайындайтын болды.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзінше, барлық бюллетеньдер қажетті деңгейде қорғаныс шараларымен қамтамасыз етілген.

 

 

Талдықорғанда сайлауға дайындық

шаралары арнайы семинарда талқыланды

 

/«Хабар» агенттігі, 06.12.2011 ж./ - Республика Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты Талдықорғанда аймақтық семинар-кеңес болып өтті.

Семинар-кеңеске Алматы облысының барлық аудан-қалаларындағы сайлау учаскелерінің жауапты өкілдері қатысты. Орталық сайлау Комиссиясының бас сарапшы-өкілі Венера Жексембекова ел өміріндегі аса маңызды саяси кезең туралы айта келіп, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Қазір Орталық Сайлау Комиссиясы арнайы жоспар жасап, оның тармақтары бойынша атқарылуға тиісті жұмыстардың бәрін жүйелі түрде қадағалап отыр. 18 бейнеролик пен ақпараттық бильбордтар жасалып, облыстарға таратылды. Жас сайлаушыларға арналған методикалық құралдар шығарылуда, - деді ол. Алматы облысында 918 сайлау учаскесі бар. Оның жұмысына сайлау өткізуден тәжірибесі бар адамдар қамтылып отыр. Ал, істің барлығы заң талаптарына сәйкес атқарылуда, дейді облыстық сайлау комиссиясының өкілдері.

Венера ЖЕКСЕМБЕКОВА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАС САРАПШЫ-ӨКІЛІ:

- Ары қарай да өзіміздің Орталық Сайлау Комиссиясының жоспары бойынша жұмыс атқарылады. Енді бәріміз бірдей болып, бірдей атсалысып жаңағы біздің учаскелік сайлау комиссиясынан бастап Орталық Сайлау Комиссиясына дейін бәрі қатыссақ, заңды түрде болса, ертең сайлау өтеді. Бәрі дұрыс болады деп ойлаймын.

 

 

ОСК-нің кезекті отырысы өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 07.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Күні бүгінге дейін еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттарға – 1 мың 861 кандидат ұсынылса, олардың 24-і тіркеуден өткен. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өзі басқаратын комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді. Бүгінгі отырыста комиссия мүшелері мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша бюллетеньдерді бұған дейін қабылданғандай төрт емес, жеті аймақтық баспаханалардың басып шығаратыны туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, бүгін - Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы кезінде туындайтын ақпараттық дауларды қарайтын Қоғамдық кеңес құрып, оның ережесін бекітті. Аталған кеңестің құрамына елдегі танымал заңгерлер, саясаттанушылар, республикалық және жергілікті ақпарат құралдарының басшылары мен Орталық сайлау комиссиясының, Байланыс және ақпарат министрлігінің және Әділет министрлігінің өкілдері кіріп отыр. Қоғамдық кеңестің құзыретіне сайлау процессіне қатысушылардың және олардың сайлау науқаны кезінде сайлау заңнамасын сақтауы туралы өтініш-тілектерін қарап, тиісті шешім қабылдау міндеті жүктелген.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Орталық сайлау комиссиясына  түсіп  жатқан мәліметтерге сәйкес, 2011 жылғы 7-желтоқсандағы жағдай бойынша мәлихаттар депутаттығына – 1861 үміткер ұсынылған. Олардың ішінде облыстық мәслихаттарға – 188, Астана қаласының мәслихатына – 17, Алматы қаласының мәслихатына – 12, аудандық мәслихаттарға – 1349, қалалық мәслихаттарға – 324 кандидат. Қазіргі сәтке дейін, мәслихаттар депутаттығына 24 кандидат тіркелген.

 

 

«Нұр Отан» партиясынан ұсынылған азаматтардың 50-і

бұрын Мәжіліс депутаттығына сайланбаған

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған үміткерлердің барлығының жоғары білімі бар.

Олардың 40 пайызға жуығы арнайы дипломы бар заңгерлер мен экономистер. Ал 35 пайызы халық шаруашылығының түрлі саласында еңбек етіп жүрген мамандар. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті Мәжілісінде аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осындай деректер келтірді.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, 2011 жылдың 5-ші желтоқсаны күні Мәжіліс депутатының кандидаттығынан үміткер ретінде саяси партиялар атынан ұсынылатын азаматтарды тіркеу мерзімі аяқталды. Барлығы ОСК-ға 8 партия үміткерлер тізімін ұсынды. Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы.

«7-ші желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы алғашқы партиялық тізім - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының тізімін тіркеді. Аталмыш партия атынан тіркелген кандидаттардың арасында 6 ұлттың өкілі бар. Сондай-ақ кандидаттардың 20 пайыздан астамы әйелдер. Партиялық тізімдегі азаматтардың басым көпшілігі 55 жаста. Олардың ең жасы 36-да. Кандидаттардың 50 пайызы бұрын Мәжіліс депутаттығына сайланбаған. Сонымен қатар кандидаттардың арасында ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар мен коммерциялық құрылымдардың және мемлекеттік огандар мен мекемелердің қызметкерлері бар»,-деді ОСК төрағасы.

Оның мәліметтерінше, күнтізбелік жоспарға сәйкес, саяси партиялардың тізімдерін тіркеу 15-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

Ал 16-шы желтоқсанан бастап, партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады.

 

 

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы:

«ӨТПЕЙ ҚАЛАМЫН-АУ», – ДЕП КҮДІКТЕНЕМ

 

/«Халық сөзі», 06.12.2011 ж., Ж. Қаржан/:

 

– Парламент сайлауына «Ауыл» партиясы атынан түскелі отырсыз. Партия қолқалады ма, өзіңіз ынталы болдыңыз ба?

– Мен еш уақытта ұсыныс жасамаймын (күлді). Олар маған ұсыныс жасады. 1999 жылы академик Ғани Қалиев Экономика институтының директоры болған кезде «Ауыл» партиясын құрамын деп шешті. Себебі, оның қарамағындағы мамандардың бәрі ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері-тін. Бәріміз қуанып, сол партияға мүше болайық деп алғашқы съезіне Әбдіжәміл Нұрпейісов, марқұм Зейнолла Қабдоллов, Зейнолла Серікқали, Илья Жақанов тағы біраз адамдар қатыстық. Бір жағынан бұл партия сайлау өткеннен кейін құрылған соң ба, сенімсіздікпен қарамадық. Алғашқы съезде бүкіл жазушылар мені Президиумға ұсынып, төрге шығарды. Содан бері партия қатарындамын. Басқа партиялардан сайлау сайын осындай ұсыныс түседі. Тіпті, билік партиясы да ұсыныс жасаған болатын. Бірақ келіспедім.

– Неге?

– Ол кезде бір партияға кіріп, екіншісінен шығып жатқанымызға, «Тек мансап қуып жүр екен», – деп сенімсіздікпен қарайтын еді.

– «Сайлаудан қалайда өтем» деп сенім артып отырсыз ба?

– Шамалы. Сайланам дегеннен гөрі өтпей қаламын-ау деген күдік әлдеқайда басым. Қазір билік партиясы, одан бөлек «Ақ жол» дегені шығып жатыр. Билік соларға көбірек көңіл бөлетін түрі бар секілді. Ол жағы белгілі ғой.

– Егер депутат болып жатсаңыз қандай мәселелерді көтересіз?

– Экономист болмасақ та, шамамыз келгенше бетке шығып жатқандарын айтамыз. Ірі кен орындарымыз шетелдіктердің қолына өтті. Солар салық төлеп жатыр ма? Кедендік одақ, Еуразиялық кеңістік құрылды. Осылар біз үшін тиімді ме? Ауыл шаруашылығында пәленбай миллион астық жинады. Соның 4 млн. тоннадайы көтерме бағамен өтеді екен. Орылмай қалған астық көлемі және элеватордың жоқтығынан шіріп жатқаны қанша? Мұнайдың үстінде отырып, жанармай неге қымбат? Нанның сапасыз бола бастағаны сонша, ағаш ұнынан дайындалғаны сатылады дей ме, Құдай білсін?! Осындай нәрселер бізде көбейіп кетті. Жемқорлық дегенмен күресіп жатырмыз. Соған қарамастан күшейіп барады. Жұрттар ақшаны жейді де, қашып кетеді. Біздің құқық қорғау органдарымыз ұстамай қайда қарап отырады? Шетелдіктерге жер беру мәселесі тағы бар. Ұзақ жылға жалға беруді тоқтатып, әрі кеткенде 5-10 жылға ұсынсақ... 49 жылға дейін оған дейін кім бар, кім жоқ? Өзбекстан шекарасындағы түйткілдер. Қазақ саны демографиялық жағынан құлдырап барады. Бүгінгімен емес, келешекпен өмір сүрсек. Міне осыларды айтам!

– Жақында «Нұр Отан» партиясы жариялаған тізімді қарасақ, әнші де бар, спортшы да бар. «Бұлбұл жоқта байғыз сұңқылдайдының» кері емес пе екен бұл?» деген де пікір айтылып қалып жатады осындайда...

– Парламентте депутаттардың саны өте аз. Халық санына қарай Мәжілісте 170-180 депутат болуы тиіс. Біз осы жағын жасанды түрде азайтып отырғандаймыз. Әртіс, спортшы ағайындар көп нәрсені айта бермейді. Елдің мақтанышы шығар, ал мінберде салиқалы әңгіме айту керек. Елдің әдебиет, мәдениет, тарихын білетін саяси сауаты, бағыты, ұстанымы бар адамдар Парламентке ауадай қажет.

– Әдебиетте қамшы салдырмайтын Дулат Исабеков саясатқа қаншалықты жүйрік?

– Біраз нәрсені білген сияқтымын. «Айтсам, білген соң айтам» депті біздің ауылдағы біреу (күлді). Сол айтпақшы, көзбен көргеннің бәрін айтқың-ақ келеді. Мақаланы жазғанмен, жұрт одан да шаршағандай. Осыларды тегіс мінберден айтсам... Біздікілер сақал қою, екі әйел алу туралы бірдеңелерді айтып кетеді. Ондайдың еш керегі жоқ. Депутат болған соң өзекті мәселелерді айтып, талап ету керек.

– Зиялы қауымның саясатқа келуі нені көрсетеді?

– Зиялылардың саясатқа ойысуы бұрынғымен салыстырғанда белсенділік жағынан азайып бара жатқан сияқты, қайта. Негізі зиялы қауым белсенді болуы тиіс. Парламентке саясаткер болып емес, елдің жағдайын айту үшін барғаны жөн. Әрі-беріден сол бұл саясат емес, ел қамын жеу болып табылады. Үлкен саясатпен басқалары айналысып, зиялылардың дауысы мінберден көбірек естілсе. Сол секілді сайлауда мына жақтан Мұхтар Шаханов секілді жігіттер өтіп кетсе, Парламенттегілер «мыналар не дер екен?» деп алаңдап отырар еді.

– Шерхан Мұртаза «Халық сөзіне» берген сұхбатында «Парламентте Байгелді мен Айталылар жоқ, Ирак деген батыр шықты» деп еді. Ұлттық мүддемізге шын жаны ашитын, тырнақша ішіндегі емес, есімін ел біліп, құрметтейтін, сөзін тыңдайтын нағыз тұлғалар азайып кеткенін меңзегені болар. Сіз бұған не дейсіз?

– Мұхтар Шаханов депутат болып отырғанда тілді айта бастаса, депутаттардың дені: «Тоқтатшы осы әңгімені», деп шуылдайтын. Амангелді Айталы салиқалы ой айта білген азаматтардың бірі. Ал Өмірбек Байгелдінің ұлт үшін шырылдап, араша түсіп жатқанын естімеппін. Ол кісі ұлттан гөрі рудың мәселесін соңғы кезде көбірек айтып кеткен секілді. «Қытайдың Либай деген ақыны Шуда туылған, руы Дулат екен» деп жеке куәлігін көргендей сенімді түрде айтты. Осының бәрі менің арқамды аяздай қаритын. Үлкен саясатпен айналысып, облыс әкімі болған адам. Ал қытайлықтар үшін бәрібір. Егер ағамыз Мао Цзедун Атырауда туған десе, қытайлар тарапы қуанады. «Атырауда туса, ол жер біздікі» дер еді.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

 

 

 

«Ақ жол» партиясының сайлауалды

тұғырнамасы қабылданды

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің отырысы болып өтті. Онда партияның сайлауалды тұғырнамасы қабылданды.

Кеңесте Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медальдарымен марапатталған «ақжолдықтарға» құрмет көрсетілді. Олар - А.Айталы, «Ақ жол» партиясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы; С.Байдалы, «Ақ жол» партиясы Орталық аппараты идеология бөлімінің жетекшісі; Ш.Жарасова, «Меланж» АҚ президенті, «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің мүшесі; Л.Жуланова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары; Иса Қазбек, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; М.Пәттеев, «Ақ жол» партиясы Түркістан қалалық бөлімшесінің төрағасы; Ә.Сұлтанов, «Ақ жол» партиясы Орталық аппаратының жетекшісі.  «Қазақстан аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалы елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түсті. Әрине, барлық проблемалар шешімін тапты деп айтуға болмас. Соның ішінде, ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отандастардың мәселесі және т.б. бар. Алайда, бұл дүниеде барлық проблеманы 100 пайыз шешіп берген мемлекет жоқ екенін де мойындауымыз қажет», - деді «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашев. Сонымен қатар, кеңесте «Ақ жол» партиясының Сайлауалды Тұғырнамасы бекітілді. Орталық Кеңес құрамы өзгертілді. Кеңесте партияның сайлауалды ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

 

 

«Ақжол» партиясы

сайлауалды тұғырнамасын бекітті

 

/«Қазақстан» ТРК, 07.12.2011 ж., Ж. Досмағанбет/ - «Алға өрлететін өзгерістер», - деп ұрандатқан «Ақжол» партиясы бүгін сайлауалды тұғырнамасын бекітті. Құжатқа сәйкес партия алдағы 5 жылда он басым міндетті іске асыруды көздеп отыр. Олардың қатарында: жұмыссыздықты жою, қолжетімді тұрғын үй, медициналық көмек, сапалы білім беру секілді көкейкесті мәселелер бар. «Бұл тек сайлауалды ғана емес, саяси науқаннан кейін де назардан түспейтін іс-қимыл жоспарымыз», - дейді ақжолдықтар. Басқосу барысында партияның бірқатар мүшелері Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медальдарымен марапатталды. Жиынды қорытындылаған партия төрағасы Азат Перуашевтің пікірінше, «Ақжолдың» халық арасында қолдаушылары жетерлік.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

Соңғы социологиялық зерттеулер 15-20 пайыздай қолдауды көрсетіп отыр. Бірақ бұл деген потенциал. Біз сол патенциалды қаншалықты ақтаймыз, қаншама оны іске асырамыз деген барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан, сайлаушыларымызға, азаматтарымызға, отандастарымызға біз кім екенімізді, елімізге қаншалықты пайдалы боламыз, қаншалықты жақын екенімізді дәлелдеуіміз керек.

 

 

«Ақ Жол» партиясы

сайлауалды тұғырнамасын бекітті

 

/«7 арна» телеарнасы, 07.12.2011 ж., И. Жылқайдарова/ - «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңес мүшелері-де бүгін бас қосты.Партия төрағасы Азат Перуашев сегіз адамға «Қазақстан Республикасына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Жиында сайлауалды тұғырнаманың соңғы нұсқасы талдап-талқыланды. Партияның кейбір мүшелері экология және әлеуметтік төлемдерге қатысты өзгерістер енгізуді сұрағанмен, 5 жылдық бағдарлама бекітілді. Құжатқа соңғы құрылтайдан кейін 100 түзету енгізіліпті. Азат Перуашевтің айтуынша, партия мүшелерінің бағдарламаны әзірге халыққа насихаттауына құқы жоқ. Өйткені сайлауалды науқан басталған жоқ.

 

 

 

АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫ — «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Бұл тұғырнаманың негізгі ерекшелігі — бұл Алаш идеясы. Ұлттық құндылықтарды, тілді, дінді қолдау. Кәсіпкерлікті қолдау. Оның өзі патриоттыққа, халықтың тұрмысын жақсартуға өделуі тиіс».

АЗАТ ПЕРУАШЕВ — «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Ақ жолдың негізін қалаушылар — интеллигенция, идея ғана емес, оны іске асыратын адамдар бар. Қалай болса да мемлекеттің мүмкіншілігін ұлт мүддесіне айналдыру біздің мақсатымыз».

 «Ақ жол» демократиялық партиясы Мәжіліс депутаттығына 79 кандидат және жергілікті мәслихаттарға 200-ге жуық үміткерін ұсынған. Қазір партияның 10 мыңнан астам мүшесі бар.

 

 

Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі

өз тағдырын өзі таңдау мүмкіндігіне қол жеткізу

 

/«Kazakhstan Today», 07.12.2011 ж./ - Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі өз тағдырын өзі таңдау мүмкіндігіне қол жеткізу, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның Орталық Кеңесінің салтанатты Мәжілісі өтті.

«Қазақстан аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалы елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түсті. Әрине, барлық проблемалар шешімін тапты деп айтуға болмас. Соның ішінде, ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отандастардың мәселесі және т.б. бар. Алайда, бұл дүниеде барлық проблеманы 100 пайыз шешіп берген мемлекет жоқ екенін де мойындауымыз қажет», - деп мәлім етті «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашев, Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған Орталық Кеңестің отырысында.

«Ең бастысы, ел тағдыры - өзіміздің қолымызда. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі, меніңше, осы. Сондықтан осы жылдары атқарылған шаруаға әділ баға беруіміз қажет. Ол баға, әрине, өте жоғары»,- деді төраға.

Ол сондай-ақ, «Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі - үлкен тарихи, мақтанарлық оқиға. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі тұңғыш мемлекет. Мұның бәрі де елдің бірлігінің, еңбекқорлығының және Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаевтың арқасы», - деп атап өтті.

Кеңесте Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медальдарымен мараппатталған «ақжолдықтарға» құрмет көрсетілді. Олар - А.Айталы, «Ақ жол» партиясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы; С.Байдалы, «Ақ жол» партиясы Орталық аппараты идеология бөлімінің жетекшісі; Ш.Джарасова, «Меланж» АҚ президенті, «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің мүшесі; Л.Жуланова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары; Иса Қазбек, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; М.Пәттеев, «Ақ жол» партиясы Түркістан қалалық бөлімшесінің төрағасы; Ә.Сұлтанов, «Ақ жол» партиясы Орталық аппаратының жетекшісі.

Кеңесте «Ақ жол» партиясының Сайлауалды Тұғырнамасы бекітілді. Орталық Кеңес құрамы өзгертілді. Кеңесте партияның сайлауалды ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

 

 

Сайлауалды тұғырнама соңғы сараптан өтті

 

/«Егемен Қазақстан», 07.12.2011 ж., Ж. Самрат/ - Қарашаның соңғы жексенбісінде Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының Х съезі болып, онда сайлауалды тұғырнаманың алғашқы нұсқасы тыңдалып және Парламент сайлауына түсетін адамдар тізімі белгіленген болатын.

Жалпы саны 79 адамды тізімге енгізген ақжолдық үміткерлердің арасында кәсіпорын басшылары, ірі бизнесмендермен қатар, елге барынша танымал әрі ұлт жанашыры болып жүрген талай ғалымдар мен ақын-жазушылар, журналистер, спортшылар бар. Солардың ішінде Амангелді Айталы, Смағұл Елубай, Исраил Сапарбай, Қазбек Иса, Бақыт Сәрсекбаев және т.б. белгілі қазақстандықтар бар.

Кеше «Ақ жол» партиясының Астанадағы Орталық кеңсесінде отырыс болып, онда съезд барысында талқыланған сайлауалды тұғырнаманың соңғы нұсқасы бекітілді. Съезде барлығы 22 адам шығып сөйлеп, ұсынылған тұғырнамаға 100-ден артық өзгерістер мен толықтыруларды қосу қажеттігін айтқан-тын. Біз солардың бәрін есепке ала отырып, сайлауалды тұғырнаманы толықтырып әрі барынша пысықтап шықтық. Енді ол сіздердің бекітулеріңізге ұсынылады, деді партия төрағасы Азат Перуашев. Сонымен бірге, ол кіріспе сөзінде Қазақстанның аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалы елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түскенін атап өтті.

– Азия елдері арасынан бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық еттік. Қазір ядросыз әлем жолындағы халықаралық қозғалыстың көшбасшысы болып келеміз. Осының бәрі елімізді сыртқа таныту жолындағы өлшеусіз тиімді қадамдар болып отыр. Әрине, бізде барлық проблема шешімін тапты деп айта алмаймыз. Әсіресе, ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мәселесі бізді қатты алаңдатады, – деді төраға.

Одан әрі сайлауалды тұғырнаманың соңғы нұсқасы бойынша Орталық кеңес мүшелерінен пікірлерін айту сұралды. Алғашқы болып сөйлеген Амангелді Айталы жетілдірудің шегі жоқ екенін айта келіп, бүгінгі таңда осы тұғырнаманың жарайтындығын атап өтті. Біздің басқалардан бөлектігіміз – осы заманға сай кәсіпкерлікті дамытуға, соның ішінде олардың ұлттық мүддені, халыққа жанашырлығын жақтау жағына үлкен мән беріп отырмыз. Сайлауалды тұғырнамада соның бәрі көрсетілген, дей келіп, А.Айталы сайлаушылар дауысын алу жолындағы күрестің кейбір әдістері туралы өзінің ойларын ортаға салды.

– Біз БАҚ мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға тиістіміз. Соның ішінде өзіміздің «Жас қазақ үні» газетінің тиражын арттырып, оның кеңінен таралуына мүмкіндік тудыруымыз керек. Америкада некрологтан басқа дүниенің бәрі сайлау үшін тамаша дейді екен. Сондықтан жеңуге мүмкіндік тудыра алатын дүниенің бәрін қолдана білуіміз керек, – деді ол.

Осыдан кейін де Орталық кеңестің бірнеше мүшесі сөйлеп, тұғырнаманың соңғы нұсқасын бекіту қажеттігін айтты. Отырыс қорытындысында «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы бекітілді.

Сонымен бірге, осы отырыста Азат Перуашев партияның бірнеше байырғы әрі белсенді мүшелеріне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен берілген «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарын табыс етті. Наградталғандардың арасында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Айталы, партия төрағасының орынбасары Людмила Жуланова, «Жас қазақ үні» газетінің редакторы Қазбек Иса, «Меланж» АҚ президенті Шолпан Жарасова және т.б. болды. Марапатталғандарды партия мүшесі, танымал әнші Кенжеғали Мыржықбаев әнмен құттықтады.

 

 

«Ақ жол» сайлауалды тұғырнамасын бекітті

 

/«Алаш айнасы», 08.12.2011 ж., Қ. Қазы/ - Бұған дейін оңтүстікте құрылтай ашып, съезд жасаған «Ақ жол» партиясы алдағы ұлы додаға үкілеген үміткерлерін тіркеп үлгерген болатын. Сол съезде сайлауалды тұғырнама жобасы талқылауға шығарылған да еді. Кеше Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің пленумында тұғырнаманың түпкі редакциясы қабылданды.

Съездің барысында тұғырнамаға қатысты 100-ден аса ұсыныстар түсіп, оның жобасы мен басты бағыт-бағдары ғана айқындалған болатын-ды. Кейіннен делегаттар ұсынымы негізінде тұғырнаманың соңғы нұсқасын қабылдау президиумға жүктеліпті. Орталық кеңестің құзыреті президиумнан жоғары болғандықтан, «ақжолдықтар» сайлауалды тұғырнамасын осы деңгейде бекітуді құп көрген. Кешегі басқосуда саяси ұйым үшін маңызды саналатын құжатты қарамас бұрын, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Тәуелсіздікпен байланысты тың жаңалықты жариялады. Атап айтқанда, жақында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мемлекеттік медалімен марапаттау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шыққан болатын. Солардың қатарында жұртына беделді, еліне еңбегі сіңген «ақжолдықтар» да бар болып шықты. Партия төрағасы мұндай марапаттау шарасын Тәуелсіздікке тәу етер алғы сөзбен бастады. «Қазақстан аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалық елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түсті. Әрине, осы кезеңде барлық проблемалар шешімін тапты деп айтуға болмас. Соның ішінде ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отандастар мәселесі және басқа да жайттар баршылық. Алайда мына әлемде жұртының проблемасын 100 пайызға тауысып тастаған мемлекет жоқ екенін де мойындауымыз қажет. Ең бастысы, ел тағдыры – өзіміздің қолымызда. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі, меніңше, осы. Сондықтан өткен жылдары атқарылған шаруаға әділ баға беруіміз қажет. Ол баға, әрине, жоғары», – дейді «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашев.

Сөйтіп, Елбасы Жарлығымен партия мүшелері А.Айталы, С.Байдалы, Л.Жуланова, Қ.Иса, М.Пәттеев, Ә.Сұлтановтар жоғары марапатқа ие болды. Осынау марапаттаудан соң, Тәуелсіздіктің тәтті тілегін партияның ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Айталы айтты. «Шын мәнісінде Тәуелсіздік – ең қастерлі де құрметті мерекеміз. Біз соған кейде тіпті мән де бермейтіндейміз. Мәселен, осыдан 20 жыл бұрын поштаға барып, қазақ тілінде жеделхат бергіңіз келсе, сізге ақылы дұрыс адам деп қарамас еді. Себебі бұл – біздің тәжірибемізде тіпті болмаған дүние. Осыдан 20 жыл бұрын қазақ мектебін ашамыз дегендер «ұлтшыл» атанып, қудаланатын. Осыдан 20 жыл бұрын Ресей Қазақстанға басқаша қараған еді. Демек, өткен 20 жылда біздің әрқайсымыздың ой-санамызда, психологиямызда үлкен өзгеріс болды. Біз бұрынғы Кеңес Одағы азаматтығынан өзіміздің Қазақстан, Қазақ елі азаматына айналдық. Ендеше, біздің ең үлкен жетістігіміз – санамыздағы өзгеріс», – деді Амангелді Айталы.

Бұдан соң, сайлауалды платформаны талқылаған «ақжолдықтар» соңғы редакцияны бекітті. Алдағы саяси науқанға бел шеше кірісіп, бірліктің бекемдігін танытуға уағдаласты. Ең бастысы, кеше қабылданған тұғырнаманы халықтың жүрегіне жеткізу үшін қамдану қажеттігіне баса назар аударысты. Тоқтала кететін жайт, сайлауалды бағдар екі басты ерекшелікті қамтыпты. Оның бірі – «Ақ жол» партиясы «Алаш» қозғалысының идеясымен ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарды – тілді, дінді мемелкеттік деңгейде қолдауды көздейді. Екінші ерекшелік – Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау. Осындай екі негізге тұрақталған «Ақ жол» саяси платформасы өмірге келді. Енді сайлаушыларға аттанбақ. «Біздің партиямыз ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысы ізбасарларының бірі болып табылады. Ол қазақ қоғамын біртіндеп өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеуді өзінің мақсаты етіп қойды. Бұл қозғалыстың негізгі құндылығы – либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандығы, этностар мен діннің тең құқықтылығы – біздің де ұстанған бағдарымыз осы», – делінген партия тұғырнамасында. Сондай-ақ «Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста» деген принципті басшылыққа алған «Ақ жол» партиясы өзінің бағытында Парламентке өтіп, алдағы бес жылда 10 басым міндетті шешуге жұмыс істеуді меже етіп діттепті.

Амангелді Айталы, «Ақ жол» партиясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

– Басқа партиялардан болмаса өзіміздің бұрынғы тұғырнамадан бүгінгі тұғырнаманың ерекшелігі баршылық. Бұл – ұлттық мүддені ашық қолдау, қорғау. Оның ішінде тіл, мәдениет, рухани құндылық туралы ашық айтылып отыр. Біздің саяси партиялар күні бүгінге дейін ұлттық құндылықтарды бағалай бермейді, әлі де болса халық санасында «ұлт» десе «ұлтшылдық» дейтін психология баршылық. Бұл ретте біз «Алаш» идеясын басшылыққа алып отырмыз. Әрине, бұл партияға үлкен жүк, үлкен сын. Екінші ерекшелік – қазақ буржуазиясын, кәсіпкерлікті қолдау. Өйткені кәсіпкерлік те ұлттық құндылық бола алады, егер сол кәсіпкерлік имандылыққа, ұлттық мәселеге, мәдениетке негізделсе ғана. Кезінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлы орыстың «не обманешь не продашь» дегенін «алдамасаң сатпассың» деп аударып, «осы сөзге құл болып қалмайық, таза, адал кәсіпкерлікпен айналысайық, бұл ұлтымызды дамыту үшін аса қажет» деп ұран тастаған болатын. Бұл пайым бүгін де аса өзекті. Сондықтан да қазақтың жаңа кәсіпкерлік бейнесі қалыптасуы керек. Кәсіпкер ұлтын сыйлайтын, елін құрмет тұтатын болуы керек. Сол тұрғыдан алғанда, мемлекетшіл кәсіпкер тұлғасын қалыптастыру – біздің алдымызда тұрған мәселе.

Қазыбек Иса, партия мүшесі:

– Барлық партиялардың ішінде ұлттық концепцияны «Ақ жол» партиясы алғашқы болып жасап отыр. Оның ішінде кезінде «Алаш» қозғалысы көтерген, кейін жалғасын таппай қалған идеяларды біз одан әрі алға жылжытуға күш салатын боламыз. Тұғырнаманың негізі – мемлекет ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс. Мәселен, мемлекеттік тіл мәртебесі тұғырлы болуы керек. Сол үшін мемлекеттік тіл туралы заң қабылдануы керек. Ал Қазақстанның азаматтығын алуы үшін, қазақтың тілін, тарихын, Ата Заңын білетіндігі туралы емтихан тапсыру керектігін алға тартамыз. Мұндай тұжырымды ешқандай партия осы уақытқа дейін партиялық тұғырнамаға көтеріп көрген емес.

 

 

Мәслихат депутаттығына екі мыңға

жуық кандидат ұсынылды

 

/«BNews.kz», 07.12.2011 ж./ – Мәслихат депутаттығына 1861 кандидат ұсынылды. Бұл туралы брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

«2011 жылдың 7 желтоқсанындағы жағдай бойынша, мәслихат депутаттығына 1861 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде облыстық мәслихаттарға - 188, Астана қаласы мәслихатына – 17 және Алматы қаласының мәслихатына – 12 кандидат ұсынылды. Аудандық мәслихаттарға – 1349 кандидат, қалалық мәслихаттарға – 324 кандидат», - деп әңгімеледі Қ.Тұрғанқұлов.

Қазіргі уақытта мәслихат депутаттығына 24 кандидат тіркелді.

 

 

ОСК-ге 8 партияның партиялық

тізімі ұсынылды – Қ.Тұрғанқұлов

 

/«BNews.kz», 07.12.2011 ж./ – ОСК-ге 8 партияның партиялық тізімі ұсынылды. Бұл туралы брифингте сөз алған Орталық сайлау комссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

«5 желтоқсанда партиялық тізім бойынша сайланатын, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комссиясына барлығы 8 саяси партияның тізімі ұсынылды: олар «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы, «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы», - деп хабарлады Қ.Тұрғанқұлов. 

Күнтізбелік жоспарға сәйкес партия тізімін тіркеу 15 желтоқсанға дейін ұзартылады, ал ағымдағы жылдың 16 желтоқсанынан партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады. 

 

 

Орталық Сайлау комиссиясында

 

/«Егемен Қазақстан», 08.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысында Комиссия «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді.

5 желтоқсанда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталған болатын. Ал Орталық сайлау комиссиясына барлығы сегіз саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылған еді. Олар: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, Қазақстан Патриоттары партиясының, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, «Руханият» партиясының, «Әділет» демократиялық партиясының, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының және Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының тізімдерi.

Орталық сайлау комиссиясы бірінші партиялық тізім – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының тізімін тіркеді. «Нұр Отан» партиясынан тіркелген кандидаттар арасында 6 ұлттың өкілі бар, кандидаттардың 20 пайыздан астамы әйелдер. Партиялық тізімге енгізілгендердің жартысынан көбінің жасы 55-ке дейінгі азаматтар, ең жас үміткер – 35 жаста. Барлық кандидаттардың жоғары білімі бар. Олардың 40 пайызға жуығы заңгерлер мен экономистер, 35 пайыздан астамы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары.

Партия ұсынған 50 кандидат бұрын Парламент депутаты болған (49-ы бұрынғы Мәжілісмен, 1-еуі сенатор). Сондай-ақ ғылым, мәдениет пен білім қайраткерлері, белгілі спортшылар, коммерциялық құрылымдардың, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері де бар. Күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады, ал 16 желтоқсаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.

Кеше Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрды және тиісті ережені бекітті. Қоғамдық кеңестің құрамына елімізге танымал заңгерлер, саясаттанушылар, беделді республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен қатар, тиісті өкілетті органдар – Орталық сайлау комиссиясы, Байланыс және ақпарат министрлігі және Әділет министрлігінің өкілдері кіріп отыр.

Қоғамдық кеңес сайлау науқаны кезінде туындайтын ақпараттық дауларды алқалы қарау үшін құрылған және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері: барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге және сайлау алдындағы науқан барысын БАҚ-та шынайы жария етуге жәрдемдесу; БАҚ пен олардың қызметкерлерінің сайлау үдерісіне қатысушылармен өзара қарым-қатынастардағы мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау; БАҚ қызметінде әдеп нормалары мен кәсіби қағидаттардың сақталуына ықпал ету, сайлау үдерісіне қатысушылар мен БАҚ арасындағы дауларды және өзге де жағдайларды шешуге қатысу.

Кеңестің құзыретіне сайлау үдерісіне қатысушылардың және олардың сайлау науқаны уақытында сайлау заңнамасын сақтауы туралы өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кіреді. Олар жұртшылықтың назарына материалдарды БАҚ-та жариялау немесе Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы жеткізіледі.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша бюллетеньдер бұрын белгіленгендей төрт емес, жеті өңірлік ұйымда басылып шығатыны туралы шешім қабылданды. Бұл ретте барлық бюллетеньдер қажетті қорғалу деңгейімен қамтамасыз етілетін болады.

Ортсайлаукомның отырысынан кейін өткен брифингте Комиссия төрағасы Қ.Тұрғанқұлов масс-медиа өкілдерін сайлау науқаны барысы туралы хабардар етті. Орталық сайлау комиссиясына түсіп жатқан мәліметтерге сәйкес, 2011 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 1861 үміткер ұсынылған. Олардың ішінде облыстық мәслихаттарға – 188, Астана қаласының мәслихатына – 17, Алматы қаласының мәслихатына – 12, аудандық мәслихаттарға – 1349, қалалық мәслихаттарға 324 кандидат бар. Ал мәслихаттар депутаттығына 24 кандидат тіркелген.

2011 жылғы 16 қараша мен 6 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға 24 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 18 өтініш сайлау заңнамасын түсіндіру туралы, тағы 6-уы сайлау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты. «Сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту бойынша жалғасып отырған жұмыспен қатар, өңірлерде сайлаушылар тізімдерін жасау және нақтылау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлаушылар тізімдерін жасау үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Олар толығымен салыстыра тексерілген және нақтыланған сайлаушылар тізімдерін сайлау учаскелеріне 25 желтоқсаннан кешіктірмей тапсыруы тиіс. Ал 30 желтоқсаннан бастап сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімдермен танысуына мүмкіндік берілетін болады», – деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.

 

 

Қазақстандықтардың электоралды

белсенділігі 61,3 пайызды құрады

 

/«Қазақстан» ТРК, 07.12.2011 ж., Г. Марқабай/ - Қазақстандықтардың электоралды белсенділігі 61,3 пайызды құрады. Демек бұл елдегі сайлаушылардың жалпы саны 9 миллион болса, оның 6 миллионы 15-ші қаңтардағы сайлауға қатысады деген сөз. Әлеуметтік зерттеулер институтының мамандары сайлау жақындағанда бұл көрсеткіш арта түседі деген пікірде. Бүгін Астанада өткен «Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты жиында зерттеулерді жүргізу әдістемесі жан-жақты талқыланды. Келесі жылғы сайлау науқанының алдында және ол аяқталғаннан кейін халықтың электоралдық көңіл-күйін анықтайтын сауалнама жүргізіледі. Шара еліміздің барлық облыстарын, Алматы мен Астана қалаларын қамтиды, 4 мың респондент тартылмақ. Сондай-ақ, дәл сол күні сайлау учаскелері жанында «Exit pool» сауалнама әдісі жүргізілмек. Оның негізгі мақсаты – Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметтеріне дейінгі нәтижелеріне қол жеткізу.

Айнұр Мәжитова, Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының сарапшысы:

«Exit pool» зерттеуі еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында сайлау учаскелерінің шекараларын ескере отырып, іріктеме әдісімен жүргізілетін болады. Іріктемеге қалалық, ауылдық та сайлау учаскелері кіреді. Жалпы, ел ішінде барлығы 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізіледі. Дауыс беру күніндегі сауалнама қорытындысы 2012 жылы 15 қаңтардағы 24.00 сағаттан кейін жарияланатын болады.

 

 

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты «Сайлау 2012: рейтингтер

мен болжаулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

 

/«BNews.kz», 07.12.2011 ж./ – Бүгін, 7 желтоқсанда, Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты журналистерге арналған брифинг пен «Сайлау 2012: рейтингтер мен болжаулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел барысында ағымдағы сайлау желісі талықаланып, саяси алаңның негізгі ойыншылары, сайлау зерттемелерін жүргізу тетігі мен Exit poll анықталатын болады.

«Дөңгелек үстел» жұмысына саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сайлау үдерісінің практиктері, сарапшылар қатысады.

 

 

Мәжіліс сайлауы күні Әлеуметтік-саяси зерттеулер

институты 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізеді

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., М. Жиембай/ - ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау күні Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізеді.

Бұл туралы бүгін елордада аталған институттың директоры, саяси ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова мәлім етті.

«Экзит-пулл» әдістемесіне сәйкес интервьюер сайлау учаскесінен шыға берісте тұрады және дауыс беріп шыққан сайлаушыларға сауалнама жүргізеді. «Экзит-пулл» жүргізу «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңын бұзбайды. Аталған заңға сәйкес сайлау өтетін күні сайлаушыларға сауалнама жүргізуге сайлау пунктінен тыс жерде рұқсат беріледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, жүргізілген сауалнама сайлаушылардың ерік-жігеріне, сонымен қатар сайлау комиссияларының жұмысына ықпал етпейді.

«Экзит-пулл» зерттеуі  еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы сайлау учаскелерінің шекараларын ескере отырып, ірктеу әдісімен жүргізіледі. Іріктеуге қалалық та, ауылдық та сайлау учаскелері кіреді. Жалпы респубилка бойынша барлығы 41 мың сайлаушыға сауалнама жүргізіледі», - деді А.Сәдуақасова.

 

 

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты Мәжіліс сайлауын

әлеуметтік сүйемелдеу науқанын бастайды

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., М. Жиембай/ - Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлау науқанын әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарын бастайды.

Бұл туралы бүгін елордада аталған институттың директоры, саяси ғылымдар докторы Айгүл Сәдуақасова мәлім етті.

«Сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік зерттеулер әлеуметтік зор маңызға ие. Бұл зерттеулердің функциялары кең жұртшылықты халықтың сайлау белсенділігі, сайлауалды додаға қатысушылардың рейтингі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз етуді және дауыс беру нәтижелерін  болжамдауды қамтиды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, институт электоралды әлеуметтік зерттеулер әдістемесіне сай көңіл-күйдің жағдайын сайлаудың басында және оның аяқталуы кезінде жүргізбек. Әрбір толқында екі мың адам сұралады. Іріктемеге Қазақстанның барлық облыстары, Алматы мен Астана қалалары кіреді. Іріктеме сайлау жасындағы республика халқын жынысы, жасы, этносы, білімі, қоныстану бойынша репрезентациялайтын болады. Бұл аталған әлеуметтік-демографиялық параметрлер бойынша электоралдық көңіл-күйді талдауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Демократия институтының болжамынша, Мәжіліс сайлауында

«Нұр Отан» 75,7 пайыз дауыс алады

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., М. Жиембай/ - Демократия институтының болжамынша, Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» 75,7 пайыз дауыс алады.

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Сайлау 2012: рейтингтер және болжаулар» атты дөңгелек үстел барысында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

«Егерде электоралды ерекше ықылас тұрғысынан айтар болсақ, онда партиялар арасындағы көшбасшылық орынды «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы 75,7 пайыздық рейтингпен иеленеді. Одан кейінгі екінші орынға қолдаудың 7,5 пайызын иеленген «Ақ жол» партиясы жайғасады. Үшінші орында 2,1 пайыздық рейтингпен «Азат» партиясы болады. Ал төртінші орынды 2 пайыздық көрсеткішпен Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы иеленеді», - деді ол.

Оның пайымынша, «Әділет», «Ауыл», «Руханият» және Қазақстан патриоттары партиясының рейтингі 1 пайыздық межені де еңсере алмайды.

Бұндай рейтинг қарашаның соңында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша алынған.

 

 

Қазақстанның Азаматтық альянсы мен Демократия институты

қазақстандықтардың сайлау алды көңіл-күйлеріне әлеуметтік зерттеу жүргізеді

 

/«BNews.kz», 08.12.2011 ж./ - Қазақстанның Азаматтық альянсы мен Демократия институты ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы барысында қазақстандықтардың сайлауалды көңіл-күйлеріне әлеуметтік зерттеу жүргізеді. Бұл туралы «Демократия институты» ҒЗА жобалар директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Юлия Кучинская мәлімдеді.

«Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша аталмыш сайлау кезеңінде институт елдің сайлауалды көңіл-күйін анықтау мақсатында 2 әлеуметтік зерттеу жүргізеді. Бірінші өлшем саяси партиялар үгіт-насихат компанияларының алғашқы кезеңіне жасалады, екіншісі үгіт-насихат компаниясының орта тұсында жүргізіледі. Бұл сайлауалды көңіл-күй қарқыны мен үгіт-насихат жұмыстарының халыққа әсерін бақылауға мүмкіндік береді», - деп әңгімеледі Ю.Кучинская.

Зерттеу жұмыстары қала және ауыл тұрғындарын түгел қамти отырып, барша Қазақстан бойынша жүргізіледі. Сауалнамашылардың саны 1,5 мың адамды құрайды.

Әлеуметтанушының айтуына қарағанда, соңғы жылдары Қазақстанда үгіт-насихат жұмысының барысы мен нәтижелерін бақылаушы қоғамдық институттар кеңінен даму үстінде. Сондай үлгілердің бірі ретінде дәл сайлау күні әлеуметтік мониторинг жасау, экзит-пул жүргізуді атап өтуге болады.

Ю.Кучинская дауыс беру күні (15 қаңтарда) «Exit Poll» технологиясы бойынша сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушылар арасында сауалнама жүргізілетіндігін хабарлады. Бұл күні шамамен 50 сайлаушыдан жауап алу жоспарланған.

Сауалнаманың қорытындысы «Сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес, 15-інен 16 қаңтарға қараған түні жарияланады.

 

 

Мүгедектігі бар әйелдер ҚР Парламент Мәжілісі мен

 мәслихаттарда орын алуға дайын - Ләззат Қалтаева

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., Н. Елеухан/ - Мүгедектігі бар әйелдер ҚР Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарда алдағы сайлауға қатысу үшін арнайы оқудан өтті.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, «ТБРЖ» ҚҚ мен «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің «Демократиялық комиссиясы», «Кюннюс» қауымдастығы және Финляндия үкіметінің қолдауымен биылғы жылдың 21 қыркүйегінен бастап «ҚР мүгедектігі бар әйелдердің сайлау құқықтарын (сайлау және сайлану құқықтарын) жүзеге асыруға үйрету арқылы саяси қатысу дағдыларын қалыптастыру» жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын.

«Жобаны жүзеге асыру шеңберінде жақында 5-6 желтоқсан аралығында  Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында  еліміздің 14 аймағынан келген, сондай-ақ Алматы қаласынан 30-дан аса мүгедектігі бар әйелдер үшін екі күндік жаттығу өткізілді. Жаттығу нәтижесінде қатысушылар мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, сонымен бірге республикалық референдумға қатысу арқылы мемлекеттік істерді басқаруға қатысу, еркін және әділ сайлауға қатысу құқықтарын жүзеге асыру саласында теориялық және тәжірибелік білім алды. Дәрістерді елеулі тәжірибесі бар халықаралық және жергілікті сарапшылар өткізді. Енді,  ерекше мұқтаждары бар әйелдер алған білім мен дағдыларды алдағы сайлауда қолданып, өз үміткерлерін ұсына алатын болады», - деді «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева.

Оның айтуынша, мүгедектігі бар әйелдер  ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда орын алуға дайын. «Біз осы мақсатта жоспарлы түрде жұмыс істеп келеміз. Сондықтан біздің  10 үміткеріміз жетістікке жетуге кепіл бере отырып, кәсіби деңгейді үміткерлігін ұсынуға және сайлауға түсеге дайын»,-деп атап өтті Ләззат Қалтаева.

Оның пікірінше, билікте осындай жандар отырмайынша, мүгедектікке байланысты және мүгедек әйелдердің мәселесіна қатысты проблемалар шешімін таппайды.

«Мүгедектігі бар әйелдер мүгедек әйелдердің мәселесінен басқа көп нәрсені  айта алады. Олардың білімі өте терең және әлеуеті жоғары. Ондай жандар мемлекеттік деңгейде көп мәселелерді шешіп, елдің гүлденуі мен жетістікке жетуіне ықпал ете алады», - деді Л. Қалтаева.

 

 

Сайлауға қатысуға дайын

 

/«Айқын», 09.12.2011 ж., Н. Аманжол/ - Алда өтетін мәслихат сайлауына үміткер ретінде бір мүмкіндігі шектеулі жан тіркеліпті. Тағы екеуі - тіркеу шараларынан өтіп жатса, және екеуінің тағдырын жүргізіліп жатқан келіссөздер шешпек. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін «сайлауға қатысуға дайынбыз» деп есептеп отыр. Олар, тіпті, екі күн бойы халықаралық жаттықтырушылармен бірге «Мүгедек әйелдердің сайлау құқығын қалыптастыру» атты арнайы тренинг-семинарынан да өтіпті. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының президенті Ләззат Қалтаева әңгімеледі.

Айта кету керек, таяуда ғана бас қосқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұйымдарының басшылары келер жылдың басында өтетін сайлауға мүгедектердің қатысуына қолайлы жағдайлар жасалуын талап еткен болатын. Сонымен бірге олар партия басшыларынан, оның ішінде, әсіресе, жетекші «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдерінен Мәжіліс пен мәслихатқа үміткер ретінде мүгедектерді де ұсынуды сұраған болатын. Дегенмен «Мұндай ауыр қызметке олардың қарым-қабілеті, мүмкіндігі жете ме?» деп қауіптенгендер де болған. Енді, міне, мүмкіндігі шектелген жандардың да жауапты қызметті өте сапалы түрде атқара алатынын дәлелдемек болған «Шырақ» қауымдастығы мен республикалық Тәуелсіз бақылаушылар жүйесі 40-қа тарта мүгедек әйелді арнайы оқытудан өткізіпті. Олармен жұмыс жасаған халықаралық жаттықтырушылар - Александр Черненко мен Андрей Шевченко тренинг қатысушыларының жоғары белсенділігін атап өтіп, олардың сайлауға қатысу дайындығы өте биік деңгейде екенін мәлімдеді.

- Қазақстан 2008 жылы мүгедектер құқықтары жайлы халықаралық конвенцияға қол қойып, енді оны ратификациялаудың қарсаңында тұр. Бұл халықаралық құжаттың басты талаптарының бірі - мүгедектердің дауыс беру ісіне қатысып, сайлауға қатысу құқығына ие болуы боп табылады. Демек, конвенцияны ратификациялағаннан кейін, Қазақстан мүгедек жандардың саяси белсенділігін арттыруда түрлі шараларды жүзеге асыруды халықаралық қауымдастықтар алдында өз мойнына алады деген сөз. Қазір біз осы бағытта жұмыс жасап, алдымызға - 10 мүмкіндігі шектелген әйел азаматын Мәжіліс және мәслихат сайлауында жеңіске жеткізуді мақсат қып қойып отырмыз. Алайда бұл үшін, әлбетте, қолдау қажет. Мемлекет тарапынан, БАҚ тарапынан. Ал біздің өзіміз ұсынғымыз келетін үміткерлеріміз бұл саяси додаға қатысуға әбден дайын. Олар - тек мүгедектер мәселесін ғана емес, еліміздің көкейкесті проблемаларын да көтеріп, заң шығару ісіне сапалы үлес қоса алатын жандар деп толық айта аламыз, - деді Л.Қалтаева.

Рас, мүгедектер ұйымдарының белсенділігіне қарап, олардың барлық тобы қоғамдық-саяси өмірге толықтай араласып отыр деп айта алмаймыз. «Шырақ» қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, еліміздегі жарты миллионға жуық мүгедек жандардың 48 пайызы, яғни шамамен, 240 мыңы - әйелдер. Олардың 70 пайызы түрлі ұйымдарға мүше болғанымен, бар болғаны 2-3 мыңы ғана - қоғамдық-саяси өмірге белсене араласады деген сөз. Бұл жайт тағы бір мәрте - мүгедек жандардың мәселесі қоғамда шешімін таппай жатқанын көрсетеді.

- Мүгедек жандар өз мұңын Мәжіліс, мәслихат мінберлеріне көтеріліп айтпайынша, бұл мәселе нақты шешімін таппайды. Сондықтан бұл іске қоғам болып қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз, - деді, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының президенті Ләззат Қалтаева.

 

 

Мәжіліс сайлауындағы электоралды белсенділік

өткен сайлауға қарағанда жоғары болады

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж., М. Жиембай/ - 2012 жылы өтетін Мәжіліс сайлауындағы электоралды белсенділік 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауынан жоғары болады.

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Сайлау 2012: рейтингтер және болжаулар» атты дөңгелек үстел барысында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

«Қарашаның соңында сауалнамаға қатысқан респонденттердің шамамен 10 пайызы Мәжіліс сайлауына келуге дайын еместігін білдірді. Олар саяси партияларды таңдауда қиналыс білдірді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстандағы электоралды белсенділік 2011 жылғы президенттік сайлауға қарағанда төмен. Дегенмен, 2007 жылғы Мәжіліс салауынан төмен болып отырған жоқ. Ю.Кучинскаяның пайымынша, электоралды белсенділік алдағы уақытта арта түспек.

 

 

Астанада сайлауға қатысты дөңгелек үстел өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 07.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» деген дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа Орталық сайлау комиссиясының және азаматтық қоғам институттарының өкілдері шақырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – электоралды циклды, экзит полл, саяси алаңның негізгі субьектілерін, азаматтық қоғам институттары тарапынан сайлау науқанын қамтамасыз етуді талқылау. Жиын қорытындысы бойынша сарапшылар қауымдастығына арнап сайлау науқанының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету бойынша үндеу қабылданды.

Айгүл Сәдуақасова, Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры:

- Әлі де сауалнамаларды жүргіземіз. Барлық нәтижелерді қорытқаннан кейін айта аламыз.

 

 

«Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты дөңгелек үстелге

қатысушылардың сарапшы қоғамдастыққа үндеуі қабылданды[5]

 

/«ҚазАқпарат», 07.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада өткен «Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты дөңгелек үстелге қатысушылардың сарапшы қоғамдастыққа үндеуі қабылданды. ҚазАқпарат үндеудің мәтінін жариялайды.

«Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты дөңгелек үстелге қатысушылардың сарапшы қоғамдастыққа үндеуі

2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлауды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, ашық та әділ бәсекелестікпен өткізу - бұл еліміздегі демократияны одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Осыған байланысты біз сайлау науқанына қандай да бір дәрежеде қатысатын сарапшы қоғамдастыққа үндеу жолдаймыз.

1. Сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау.

«Сайлау туралы» ҚР Заңының 27-бабы 9-тармағы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалдамаларының нәтижелерін жариялау кезінде сақталуы тиіс нормалар көзделгені белгілі. Атап айтқанда, сауалдама жүргізген ұйым, тапсырыс берген және ақысын төлеген адамдар, ақпарат жинау әдісі, сұрақтың нақты тұжырымдамасы, сұрақ берілгендер саны мен сауалдама нәтижелерінің қателік коэффициенті міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікір сауалдамасының нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға қатысты өзге де зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратты сайлауға дейінгі бес күннің ішінде жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе сайлау пунктінде қоғамдық пікірді сұрауға тыйым салынады.

2. Сайлау процесін әлеуметтанулық сүйемелдеу ғылымилық, кәсіби шеберлік және ашықтық принциптері негізінде жүзеге асырылуы керек. Тек сол кезде ғана өз жұмысымыздың нәтижелеріне деген сенім деңгейін қамтамасыз ете аламыз.

3. Ынтымақтастық, сайлау процесінің барлық субъектілеріне деген өзара сыйластық пен сенім атмосферасын құруға ықпал ету керек. Сайлауға жұмылдырылған сарапшылар, әлеуметтанушылар, саяси технологтар бірінші кезекте сайлаушының құқығын сыйлауға тиіс, ол ашықтық, объективтілік және ақпаратқа қол жетімділік жағдайында іске асырылуға тиіс.

Сарапшы қоғамдастықтың жоғарыда аталған нормалар мен принциптерді сақтауы әділ де ашық сайлау өткізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Астана қаласы, 2011 жылғы 7 желтоқсан

 

 

Әлеуметтік зерттеушілер бас қосты

 

/«Егемен Қазақстан», 08.12.2011 ж., А. Төлеухан/ - Кеше «Рамада Плаза» қонақүйінің «Ыстамбұл» залында «Сайлау 2012: беделбағалар мен болжамдар» атты дөңгелек үстел отырысы болып, оның алдында еліміздегі Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова журналистерге арнап брифинг өткізді.

Брифингте институт директоры сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтану зерттеулерінің рөліне тоқталып, оның негізінде халықтың сайлауға деген белсенділігі, сайлауалды додаға қатысушылардың беделбағалары туралы объективті ақпарат жинақталып, олардың халыққа жеткізіліп отыратынын және дауыс беру нәтижелері бойынша болжаулар қамтылатынын айтып, әлеуметтік зерттеулердің сайлау науқаны барысында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын тетіктердің бірі екендігін қаперге салды.

Бұл жұмыстар үгіт-насихат науқаны кезіндегі өзгерістердің динамикасын байқап отыруға көмектесіп, үгіт-насихат әсерінен электоралдық өрістің құбылмалығын бағалауға мүмкіндік береді, деген Айгүл Кәкімбекқызы сауал жүргізу екі дүркін өткізілетінін, оның алғашқысы сайлау науқанының басында, екіншісі, сайлау аяқталуы кезінде екенін айтты. Әр толқында 2000 адамға сауал жүргізіліп, іріктемеге еліміздің барлық облыстары, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары еніп, онда сайлау жасындағы республика халқының жынысы, жасы, этносы, білімі репрезентацияланады, әлеуметтік зерттеулер нәтижелері көпшілік қауымға таныстырылады, бұл біздің зерттеулеріміздің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.

Осылай деген ол институттың сайлау өткізілетін күнгі жұмыстарынан да хабардар етті. Ол бойынша әлеуметтік сауалдама жүргізушілер сайлау учаскелерінен шығаберіс жерлерде  «Exit Pool» сауалдамаларын жүргізіп, сайлау барысындағы дауыс беруді  Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметтері жарияланғанша өз қолдарындағы деректердің нәтижелерін жұртшылыққа жеткізеді және ол «Сайлау туралы» Заңға, яғни 27-баптың 9-тармағына сәйкес жүргізілетінін баяндады. Сауалдама жүргізу сайлаушылардың ерік-жігеріне қандай да бір әсерін тигізбейді және сайлау комиссияларының жұмысына да ықпал етпейді, деді А.Сәдуақасова.

Дөңгелек үстел басындағы кеңеске модераторлық етуші Айгүл Сәдуақасова  2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауын қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, ашық та әділ бәсекелестікпен өткізудің маңызына тоқталып, бұл еліміздегі демократияны одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылатынын атады. Содан кейін Бүкілресейлік қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығы Бас директорының бірінші орынбасары Константин Абрамовқа сөз берді.

Шешен жиналғандар назарына өздері жүргізген әлеуметтік сауалдамалардың қорытындыларын, оларды жүргізу әдістемелерін және қай өңірде қандай партиялардың көп дауыс алғандарын, әрі Мәскеу, Санкт-Петербург сынды ірі мегополистерде «Единая Россия» партиясының басым, бірақ доминатты партия саналмайтынын алға тартты. «ЦЕССИ-Қазақстан» директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботакөз Рақышева елімізде 90 жылдардың аяғында басталған «Exit Pool» сауалдамаларының алғашында қандай қиындықтарға кезіккенін, ал кейін халықтың оған деген қызығушылығы артып, қазіргі күні оның сайлаудың маңызды бір бөлшегіне айналып бара жатқанын көлденең тартты.

Мұнан соң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күлайша Ақтаева, «Демократия институтының» жобалар директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Юлия Кучинская сияқты ғалымдар өз ойларын ортаға салды.

2007 жылы Парламент Мәжілісіне сайлау өткізілгенде де біздің институт өз зерттеулерін жүргізді, деді ол. Ол уақытта біз күн сайын телефон арқылы сауалдама өткізіп, нәтижесінде, халықтың сайлауға деген белсенділігі біз бағамдаған өлшемнен алшақ кетпеген болатын. Ал қазіргі зерттеулер бойынша партиялардың беделбағалары төмендегідей: әрине, бірінші орында халықтың 75 пайызы сенім артатын билік басындағы «Нұр Отан» ХДП тұр. Екінші орында 7,5 пайызбен «Ақ жол» келеді. Үшінші орынға 2,1 пайызбен «Азат» партиясы орныққан. Ал 2 пайызбен Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы соңғы орындардың бірін алып отыр. Бесінші және алтыншы орындарда «Әділет», «Руханият» партиялары, деген Ю.Кучинская 18-19 қарашада жүргізілген зерттеулерді назарға ұсынды. Ол бойынша сұралғандардың 61,3 пайызы электоралды белсенділік танытып, оның 52,1 пайызы міндетті түрде дауыс беретінін, 9,2 пайызы дауыс берулері мүмкін екендіктерін айтқан.

Отырысқа қатысқан ғалымдар өз пайымдарымен ортақтаса келіп, еліміздегі сайлау науқанына қандай да бір дәрежеде қатысатын сарапшы қоғамдастыққа үндеу жолдады.

 

 

Алдағы сайлауда халық

белсенділігі қалай болмақ?

 

/«Алаш айнасы», 09.12.2011 ж., А. Бақытұлы/ - Қандай сайлау болсын оның әділ әрі ашық өткені маңызды. Осы шарт мейлінше толық қамтылғанда ғана сайлау нәтижелерінің әділдігі мен сайлаушылардың шын қалауы турасында айтуға болады. Ал сайлау ашық әрі таза, қиянатсыз өтуі үшін оған қоғамдық бақылау қажет. Мұндай қоғамдық бақылауды, әлбетте, елдегі азаматтық ұйымдар атқаратыны белгілі.

Бір күн бұрын ғана Астанада өткен «Сайлау – 2012: рейтингілер мен болжамдар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, өз болжамдарымен бөліскен «Демократия институты» ғылыми зерттеулер қауымдастығының жобалар директоры Юлия Кучинская кеше Ұлттық баспасөз клубында алдағы сайлауда атқарар іс-шараларынан да хабардар етті.

«Дауыс беретін күні, яғни 2012 жылдың 15 қаңтарында сайлау учаскелерінде дауыс беріп шыққан азаматтарға Exit Pool технологиясы бойынша сұрау салынады. Бұл күні шамамен 50 мыңға жуық сайлаушыны сауалға тарту жоспарлануда. Сауалнамаға ауылдық және қалалық елді мекендердегі электорат бірдей кең ауқымда тартылмақ», – деген Ю.Кучинскаяның сөзіне қарағанда, Exit Pool нәтижелері, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, қаңтардың 15-інен 16-сына қараған түні арнайы баспасөз мәслихатында таныстырылады.

Осы орайда «сайлау нәтижелеріне қатысты оқырманның ойында Exit Pool желісі арқылы алынған мәліметтер қаншалықты нақты немесе оның жалпы сайлау барысын көрсете алатындай мүмкіндігі бар ма» деген сауал туындайтын да болар. Бірақ біз сөз етіп отырған институт – нарықта 16 жыл істеп келе жатқан, еліміздің барлық аймағында тарамдалған желісі бар ұйым. Оның үстіне олардың сайлауға қатысты жүргізетін сауалнамаларына қаржылық жағынан Қазақстанның азаматтық альянсы қолдау білдіретіндіктен, басқадай мүдделерге бұруына да негіз жоқ. «Ал Exit Pool бірінші кезекте сайлаудың ресми қорытындылары қаншалық нақты болғандығын салыстыру үшін керек. Екінші жағынан, ол сайлаудың қаншалық ашық, транспарентті өткендігін саралауға да мүмкіндік береді», – дейді «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Алина Хаматдинова.

Юлия КУЧИНСКАЯ, «Демократия институты» ғылыми зерттеулер қауымдастығының жобалар директоры:

– Бізде қарашаның 18-19 күндері жүргізген сауалнаманың нәтижелері бар. Онда біз «егер таяу жексенбіде Мәжіліске сайлау өтетін болса, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берер ме едіңіз» деген сауал қойған едік. Оған жауап бергендердің 61 пайыздан астамы «иә» деді. Демек, бұл елдің басым көпшілігі сайлауда белсенді болып, дауыс беруге келетінін көрсетеді.

Ал қалған 40 пайызға келсек, 9 пайызы «жоқ» десе, тағы 9 пайыз азаматтар «келмейтін шығармызға» саятын жауап берген көрінеді. Негізінде, қай елде болсын электораттың 20 пайыздайы сайлауға қатыспай жатады. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе.

 

 

Азаматтық Альянс пен «Демократия институты»

қауымдастығы бірлесіп, Мәжіліс пен мәслихат

депутаттарының сайлауын бақылап отыратын болады

 

/«ҚазАқпарат», 08.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы бірлесіп, келесі жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты жағдайды бағалап отыратын болады.

«Ашық та әділ сайлау өткізу Қазақстандағы демократиялық үдерістердің дамып келе жатқандығының жарқын көрсеткіші. Біздіңше,

Сайлау еліміздің азаматтарының еркін таңдау жасауына берілген ең басты мүмкіндік. Сондай-ақ бұл қоғам өкілдерінің көңіл-күйінің индикаторы іспеттес. Біздіңше азаматтық қоғам елдегі сайлаулардан тыс қалмаулары керек. Осыдан болу керек соңғы уақытта азаматтық институттар мемлекет атқарып жатқан істерге бағалау жұмыстары мен әлеуметтік зертеулерге  көптеп атсалысуда»,- дейді «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Атқарушы директоры Алина Хаматдинова.

Оның айтуынша, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін іргелі ұжым болып табылады. «Осыған қарай біз алдағы олатын сайлаулар барысындағы зерттеу, бағалау жұмыстарына да қатысамыз деген ойдамыз. Яғни біз дауыс беру күні «Екзит пул» шарасын ұйымдастырамыз. Сонымен қатар біз осы сайлауда қалың көпшіліктің электроралды кезеңге деген және олардың осы сайлаумен байланысты өзге де бірқатар мәселелер бойынша көңіл-күйінің де жағдайын біліп отырсақ деген ойдамыз. Бұл іске біз бұрыннан бірге жұмыс істеп келе жатқан «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдерін тартып отырмыз. Бұл міне, 16 жылдан астам уақыт бойы елімізде түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқан ұйымдардың бірі», - деді атқарушы директор.

 

 

Біз бірлесіп қимылдаймыз

 

/«Егемен Қазақстан», 09.12.2011 ж., А. Төлеуханқызы/ - Кеше «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы бірлесіп, электоралды кезеңде біріге қимылдайтын жобаларын журналистерге таныстырды.

Баспасөз мәслихатында «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан сөз алған оның атқарушы директоры Алина Хаматдинова: «Сайлау – еліміздің азаматтарының еркін таңдау жасауына берілген ең басты мүмкіндік. Сондай-ақ, бұл қоғам өкілдерінің көңіл-күйінің индикаторы іспетті. Біздіңше, азаматтық қоғам елдегі әрбір маңызды істен, сайлаулардан тыс қалмаулары керек. Осыған байланысты соңғы уақытта азаматтық институттар мемлекет атқарып жатқан жұмыстарға бағалау жұмыстары мен әлеуметтік зерттеулерге көптеп атсалысуда», дей келіп, өздерінің осы іске ғылыми-зерттеу қауымдастығымен бірлесе қимылдау мақсатында жоба әзірлегендіктерін алға тартты. Оның айтуынша, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктірген іргелі ұжым болып табылады.

«Осыған қарай біз алдағы болатын сайлаулар барысындағы зерттеу, бағалау жұмыстарына да қатысамыз деген ойдамыз. Яғни, біз дауыс беру күні «Экзит пул» шарасын ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, осы сайлауда қалың көпшіліктің электоралды кезеңге және олардың осы сайлаумен байланысты өзге де бірқатар мәселелер бойынша көңіл-күйінің де жағдайын біліп отырсақ деген ойдамыз. Қазақстанда соңғы жылдары сайлау науқанының барысы мен нәтижелеріне қоғамдық бақылау институттары кеңінен қатысып келе жатқанын білесіздер. Әлеуметтік мониторинг, тікелей сайлау өтіп жатқан мезілде экзит-пул өткізу осындай нысандардың бірі болып табылады», деді Альянс өкілі.

Жалпы, «Демократия институты» ҒЗА «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ тапсырысы бойынша осы сайлау кезеңі шеңберінде электораттың сайлауалды көңіл-күйін зерттеу бойынша екі әлеуметтік өлшем жүргізетін көрінеді. Бірінші зерттеу кандидаттардың үгіттеу науқанының бірінші кезеңінде өткізілсе, екінші зерттеу үгіттеу циклының ортасында ұйымдастырылады.

Зерттеулер қала және ауыл халқын қамтиды, Қазақстанның барлық аймағы бойынша өткізіліп, оған іріктелген 1500 респондент қатысады. Нәтижесінде, ауытқушылығы ±2,8% шегіндегі деректер алынатын болады.

Сайлау күні, яғни 2012 жылғы 15 қаңтарда сайлау учаскелерінен шығу кезінде сайлаушыларға «Еxit poll» технологиясы бойынша сауалдама жүргізіліп, осы күні барлығы 50 000 сайлаушыға сауал қойылады. Оған Қазақстанның барлық өңірлері және қала мен ауыл халқы теңбе-тең қамтылатын болады.

«Зерттеулер жүргізудің әдістемесі мен техникасы қазақстандықтардың электоралдық көңіл-күйі бойынша маңызды, сенімді деректер алуға мүмкіндік береді. 16 жыл ішінде бізде әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жүргізетін тәжірибелі де білікті мамандар жинақталды. Сонымен бірге, ұйым осы жылдар ішінде біздің орталықтарымызда оқып, жұмысты қалай жүргізу әдістерін үйренген интервьюрер желісін дамытты. Енді соның арқасында біз бұл жұмыстарды еліміздің барлық аймақтарында жүргізе аламыз.

«Демократия институты» сондай-ақ, еліміздегі іргелі академиялық және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Әрине, электоралды кезеңде әлеуметтік зерттеумен айналысатын ұйымдарға деген сұраныс арта түсетіні аян. Алайда, біз өзіміз жинақтаған бай тәжірибемізге сүйеніп, маңызды науқанда біліктілігімізді дәлелдейміз деген сенімдемін», – деді «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская.

 

 

500 мың дауыс беруші сауалнамаға қатысады

 

/«Қазақстан» ТРК, 08.12.2011 ж., Ж. Біркенов/ - Мәжіліс сайлауының электоралды кезеңінде 500 мың дауыс беруші сауалнамаға қатысады. Қаңтардың 15-і, яғни сайлау күні өтетін шара саяси науқанның қаншалықты ашық өтіп жатқанын, қай әлеуметтік саланың азаматтары сайлауға белсенді ат салысқанын көрсетеді. Бұл – Қазақстанның азаматтық альянсы мен Демократия институтының бірлескен жобасы.

Сұрақ-жауаптың қорытындылары көпшілікке сол күні жарияланады. Айту керек, Демократия институты жүргізген соңғы әлеуметтік зерттеу бойынша респонденттердің 61,3 пайызы сайлауға барамын десе, 9 пайызы сайлауға қатысуым мүмкін деп жауап берді. Ал қалғаны саяси науқанға бармайтынын жеткізді. Бұл сауалнамаға 1,5 мың дауыс беруші қатысты.

 

 

Еxit-pool сауалнамасына 50 мың сайлаушы қатысады

 

/«Хабар» агенттігі, 08.12.2011 ж./ - «Қазақстанның азаматтық альянсы» мен «Демократия институты» бірлесіп электоральді компанияның жұмысы жайында сауалнама жүргізбек.

Сауалнаманың қорытындысы Мәжіліс сайлауы аяқталған түні Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерімен салыстырылатын болады. «Еxit-pool» технологиясы бойынша үгіт – насихат жұмыстарының басында және ортасында екі сауалнама ұйымдастырылады, бұған Қазақстанның бүкіл аймағынан шамамен 1,5 мың респондент, ал, сайлау күні өтетін сауалнамаға 50 мыңнан астам адам қатысады күтілуде. Соңғы сауалнаманың қорытындысы қаңтардың 15-нен 16 қараған түні баспасөз мәслихатында жарияланатын болады.

Алина ХАМАТДИНОВА, «Қазақстанның Азаматтық Альянсының» атқарушы директоры:

– Біз сол кезде қандайда бір заң бұзушылық немесе сайлаудың қорытындысын бұрмалау сияқты деректерді көретін боламыз. Азаматтық қоғам елімізде өтетін сайлау науқанын тыс қалмайды. Сондықтан да, біз соңғы кезде әлеуметтік зерттеулерге мән беріп, атқарылған жұмыстарды бағалауға мән беріп келеміз.

 

 

 

Меморандум қабылдауға шақырды

 

/«Егемен Қазақстан», 09.12.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қою ұсынысын жасап отыр.

Алдағы сайлау науқаны біздің еліміздегі демократиялық құндылықтарды, заңдылықты, ерік білдіруді, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын көрсетудің алаңына айналуы тиіс.

Сондықтан біз сайлау процесінің барлық қатысушыларына саяси төзімділік пен өзара сыйластық принциптерін сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Ата Заңының және сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізуге дайындығын, ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға әкеліп соқтыратын радикалды ұрандар мен іс-әрекеттерге жол бермейтіндігін растауға шақырамыз.

Алдағы жоғары және жергілікті өкілді органдарға сайлау қазақстандық демократия дамуының жаңа мәресіне айналарына, азаматтық бастаманы арттыруға ықпал етеріне, мемлекеттік саясатты жүргізуге азаматтардың қатысу деңгейін кеңейтеріне біз сенімдіміз, дейді нұротандықтар.

 

 

«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

 

/«Дала мен Қала», 10.12.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қою ұсынысын жасап отыр.

Алдағы сайлау науқаны біздің еліміздегі демократиялық құндылықтарды, заңдылықты, ерік білдіруді, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын көрсетудің алаңына айналуы тиіс.

Сондықтан біз сайлау процесінің барлық қатысушыларына саяси төзімділік пен өзара сыйластық принциптерін сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Ата Заңының және сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізуге дайындығын, ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға әкеп соқтыратын радикалды ұрандар мен іс-әрекеттерге жол бермейтіндігін растауға шақырамыз.

Алдағы жоғары және жергілікті өкілді органдарға сайлау қазақстандық демократия дамуының жаңа мәресіне айналарына, азаматтық бастаманы арттыруға ықпал етеріне, мемлекеттік саясатты жүргізуге азаматтардың қатысу деңгейін кеңейтеріне біз сенімдіміз.

 

 

«Нұр Отан» ХДП барлық партияларды әділ де ашық сайлау

өткізу туралы меморандумға қол қоюға шақырды

 

/«BNews.kz», 08.12.2011 ж./ – «Нұр Отан» ХДП барлық партияларды әділ де ашық сайлау өткізу туралы меморандумға қол қоюға шақырды, деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасады», - деп көрсетілген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Нұротандықтардың ойынша, алдағы сайлау науқаны біздің еліміздегі демократиялық құндылықтарды, заңдылықты, ойын білдірудегі еріктілік, сайлау процесінің ашықтығы мен айқындығын көрсету алаңына айналуы тиіс. Сондықтан олар сайлау процесінің барлық қатысушыларын саяси төзімділік пен өзара сыйластық принциптерін сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Конституциясы мен сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізуге шақырады.

 

 

Сайлау әділ әрі ашық өтуі тиіс

 

/«Қазақстан» ТРК, 08.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ -  Сайлау әділ әрі ашық өтуі тиіс. «Нұр Отан» ХДП осындай үндеу жасады. Осыған орай бүгін Қазақстан коммунистік халық партиясы өкілдері шұғыл брифинг өткізіп, билік партиясы жариялаған үндеуді толық қолдайтындарын мәлімдеді.

Саяси науқанға әзірлік, оны өткізу барысында әкімшілік қысымға жол бермеу, тіркелген үміткерлер құқының ескерілуі, сайлау комиссияларының жұмысына заңсыз араласуға шектеу қою, жалпы сайлау заңының бұзылмауын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер меморандумда анық көрсетілген.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:

«Нұр Отан» партиясынан ұсыныс келіп түсті. Менің қолымда меморандумның жобасы бар. Өз тарапымыздан әр тармақтарын талқылай келе, шын мәнінде келісе отыра біз осыған қол қоюды жөн көрдік. Ондағы негізгі мақсат - алдағы сайлауды әділ әрі ашық өткізу.

 

 

ҚКХП «Нұр Отанның» бастамасын қолдайды

 

/«Хабар» агенттігі, 08.12.2011 ж./ - «Нұр Отанның» Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әділ де ашық түрде өткізу туралы бастамасын Қазақстан Коммунистік халық партиясы қолдайды.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында партияның Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков меморандумға қол қоятындықтарын айтты. Сайлау уақытында төзімділік пен сыйластық қағидаларынан аттамай, үгіт-насихат жұмыстарын Конституция мен заңға сәйкес ұйымдастыру мақсатында кеше «нұротандықтар» үндеу тастаған болатын.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:

- Қазіргі кезде қара пиар немесе жамандау арқылы жүргізудің заманы өтті. Қазір сайлаушылар кім қайсы екенін, қайсы ақ, қайсы қара екенін бәрі біледі. Сондықтан, саяси бәсекелестікте ғана жүргізу, яғни, тұрғырнамалардың Қазақстанның алға басуына ықпал ете алатынына байланысты болуы тиіс. Міне, осыны ұмытпай, саяси партияларды мен де меморандумға қол қою шақырамын.

 

 

Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі

сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ

 

/«Kazakhstan Today», 09.12.2011 ж./ - Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Ақ жол» ҚДП басқа партиялардың сайлаудың әділ өтуі туралы ұсынысын қолдай отырып, өзіндік ерекше «Fair play» ережесін қабылдау қажет деп санайды», - деп мәлім етті партия төрағасы Азат Перуашев Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімді тіркеу барысында.

«Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ»,- деген сенімде «Ақ жолдықтар».

Осыған байланысты «Ақ жол" партиясы «алдағы сайлау Қазақстанның әділ, ашық та айқын сайлау өткізе алатындығының тағы бір дәлелі болуға тиіс», деп санайды.

«Біз бұл сайлаудың ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтің ел саясатын жаңғырту жөніндегі бастамасының жалғасы болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың демократиялық дамуының жаңа кезеңінің бастамасы болғандығын қалаймыз. Сондықтан да «Ақ жол» партиясы сайлау процедуралырының әділ өтуі ғана емес, сайлаушылардың дауыс беруге деген белсенділіктері қажет деп санайды»,- деп мәлім етті ҚДП.

«Әрбір азамат дауыс бере отырып өзінің мемлекетті басқаруға қатысатын конституциялық құқығын жүзеге асыра білуі өте маңызды. Сонда ғана берілген дауыс саны ең маңызды болып табылатын процедураның айқын да ашық болатындығы туралы айтуға болады»,- деп атап көрсетті Азат Перуашев.

 

 

Қызылорда облысында сайлауға дайындық қызу жүруде

 

/«Хабар» агенттігі, 08.12.2011 ж./ - Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына әзірлік жан жақты жүргізілуде.

Облыстық Ішкі істер департаменті мен халыққа қызмет көрсету орталықтары бірлесіп, сайлаушылардың мекен жайы бойынша сәйкестендіру жұмыстарын бастады. Мамандардың есебі бойынша, аймақтағы сайлаушылардың саны 380 мың. Қазір оларды тұрғылықты және уақытша мекен жайы бойынша тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Себебі облыста 11 мыңға жуық адамда әлі сәйкестендіру нөмірі жоқ. Осы бағыттағы шараларды жеделдету үшін арнайы топтар құрылды. Сондай-ақ сайлау комиссияларының жас мүшелері үшін арнайы семинар-тренингтер өткізілуде. Дегенмен үміткерлер қатары әзірге аз. Бүгінге дейін облыстық мәслихат депутаттығына 4, қалалық мәслихат депутаттығына екі, ал аудандық мәслихаттарға 23 кандидат тіркелді. Олардың ішінде білім беру саласының қызметкері, кәсіпкерлер, заңгер және журналист те бар.

Қорғанбек Қайроллаұлы, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Облыста осы мәслихаттардың 147 округі құрылған. Округтердің шекаралары белгіленді. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдары желісінде жарияланды. Және округтік сайлау комиссияларының құрамдары мәслихаттарда сайланды. Олардың құрамы да газет бетінде халықтың танымына жарияланды.

 

 

Қостанай облыстық сайлау комиссиясы сайлауға дайын

 

/«Хабар» агенттігі, 08.12.2011 ж./ - Қостанай облыстық сайлау комиссиясы алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына дайын екендіктерін айтады.

Парламент депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Олар желтоқсанның 15-не дейін тіркеуден өткеннен кейін үгіт-насихат жұмыстары бастау алады. Бұл шараға Тобыл өңірі толық дайын. Кездесу орындары, үгіт парақшалары ілінетін жерлер анықталып, белгіленіп қойылған. Қостанай облысы бойынша 301 сайлау округы бар. Мәслихат депутаттығына әр округтан кем дегенде 2 кандидаттан тіркелуі тиіс. Бүгінде үміткерлер саны 548. Олардың 152-сі саяси партиялар, 1-і қоғамдық ұйым өкілі, қалғандары өзін-өзі ұсынғандар.

Антонина МАРКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- 20-шы желтоқсанға дейін кандидаттар тиісті құжаттарды тапсырса, тіркеуден өтеді. Келесі күннен бастап, үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. Ал сайлау участкілері дайын. Сайлау округтары мен участкілердің шекаралары, комиссия құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, халыққа жеткізілді.

 

 

ОСК «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісінің

депутаттығына ұсынылған кандидаттарды тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 08.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынған 63 мүшесін кандидат етіп тіркеді.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.

Отырыста «Ақ жол» партиясын тіркеу жөніндегі қаулымен таныстырған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, «Ақ жол» партиясынан тіркелген кандидаттардың арасында 4 ұлттың өкілдері бар, 15 пайызға жуығы әйелдер. «Партиялық тізімге енгізілгендердің жартысына жуығы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Олардың ең жасы 26-да. Барлық кандидаттар жоғары білімді, 35 пайызға жуығы жоғары білімді заңгер, немесе экономист. 25-тен астамы халық шаруашылығының түрлі саласында қызмет етіп жүрген мамандар»,-деді Б.Мелдешов.

Оның деректерінше, «Ақ жол» партиясынан ұсынылған үміткерлердің жартысынан көбі коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері. Сондай-ақ тізімде ғылым, білім, мәдениет, саласының қызметкерлері және мемлекеттік органдар мен өзге де құрылымдардың өкілдері бар.

 

ОСК «Ақ жол» демокартиялық

партиясының партиялық тізімін тіркеді

 

/«BNews.kz», 08.12.2011 ж./ - ОСК «Ақ жол» демокартиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді. Сәйкес құжаттарды Азат Перуашевқа бүгін ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов табыс етті.

«ОСК «Ақ жол» партиясының ҚР Мәжілісі депутаттығына ұсынып отырған 63 кандидатынан құралған партиялық тізімін тіркеді. Тіркелген кандидаттардың арасында 4 түрлі ұлт өкілі, 15% әйел қауымы бар. Тізімге енгендердің жартысына жуығы – 55 жас шамасындағы азаматтар. Олардың арасындағы ең жасы 26 жаста», -делінген ОСК-де таратылған баспасөз хабарламасында.

Кандидаттардың бәрі жоғары білімді: 35% - экономикалық немесе заңгерлік, 25%-дан астамы – халық шаруашылығының түрлі саладағы мамандары.

Осылайша, Қазақстанның «Ақ жол» демокартиялық партиясы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) партиялық тізімін тапсырған соңғы, сегізінші партия болды.

 

 

«Ақ жол» партиясының тізімі тіркелді

 

/«Қазақстан» ТРК, 08.12.2011 ж., А. Қобдабай/ -  Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына үміткер 63 кандидатты қамтитын партиялық тізімін тіркеді. Тіркелген кандидаттардың арасында төрт ұлттың өкілдері бар. Әрі партия ұсынған тізімдегі үміткерлердің көбінің жасы 55-ке жетпеген.

«Ақжолдықтардың» арасындағы ең жас кандидаттың жасы 26-да. Барлық кандидаттардың жоғары білімдері бар. Олардың 35 пайызы заңгерлер мен экономистер. Ал 25 пайызға жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек ететін мамандар.

Сонымен қатар, партия ұсынған үміткерлердің жартысынан көбі кәсіпкерлер. Араларында ғалымдар, өнер иелері мен мемлекеттік қызметте істейтін үміткерлер де бар.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

63 үміткеріміз тіркелді. 79 ұсынсақ соның 63-і тіркелді. Бұл деген немен байланысты? Біздің партияның тізімінің ішінде көбі кәсіпкерлер болатын. Олардың кейбіреулері осы қысқа мерзім ішінде өз салық декларацияларын толтыруға үлгермеді. Сондықтан, тізіміміз 63 адам болады. Бұл да аз емес. Бұл да лайықты тізім.

 

 

 «Ақ жол» партиясының партиялық тізімі тіркелді

 

/«Хабар» агенттігі, 08.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Ақ жол демократиялық партиясының партиялық тізімі тіркеуден өтті.

Мәжіліс депутаттығына 63 кандидат тіркелді. Ақ жолдан ұсынылған үміткерлердің 50 пайызынан астамы коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері болып табылады. Сондай-ақ тізімде ғылым, мәдениет, білім саласының және мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері бар. Ең жас кандидат 26 жаста.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Тізіміміз 63 адам болады. Бұл да аз емес. Бұл да лайықты тізім. Біздің қолдаушыларымыздың саны 15-20 пайыздай болса біз солкөрсеткішті ақтауымыз керек деп есептеп отырмын.

Орталық сайлау комиссиясына Мәслихаттар сайлауы бойынша 3056 үміткер ұсынылған. Ал қазіргі уақытқа дейін 39 кандидат тіркеуден өткен.

 

 

ОСК «АҚ ЖОЛ» партиясы атынан

сайлауға түсетіндер тізімін бекітті

 

/«7 арна» телеарнасы, 08.12.2011 ж., К. Кәрібаева/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін «Ақ жол» партиясы атынан сайлауға түсетін үміткерлердің тізімін тіркеді.

Партия Мәжіліс сайлауына 79 үміткерін ұсынған. Бірақ, олардың он алтысының құжаты дұрыс болмағандықтан, кері қайтарылды. Ал, ұсынылған үміткерлердің арасында төрт ұлттың өкілі бар. Сондай-ақ, кандидаттардың 15 пайызын әйелдер қауымы құрап отыр. Партиядағы ең жас үміткердің жасы 26-да екен.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ — «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Біздің тізімде көп кәсіпкерлер болатын. Олардың ішінде осы қысқа мерзім ішінде салық декларациясын толтыруға үлгермеді. Сондықтан, тізіміміз 63 адам болады, бірақ бұлда аз емес, лайықты тізім».

Сондай-ақ, қазір маслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну барысы да қарқынды жүріп жатыр. Соңғы дерек бойынша, осы уақытқа дейін сайлау комиссиясына үш мыңнан астам үміткерден өтініш келіп түсіпті.

 

 

Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі

сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ

 

/«Kazakhstan Today», 09.12.2011 ж./ - Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Ақ жол» ҚДП басқа партиялардың сайлаудың әділ өтуі туралы ұсынысын қолдай отырып, өзіндік ерекше «Fair play» ережесін қабылдау қажет деп санайды», - деп мәлім етті партия төрағасы Азат Перуашев Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімді тіркеу барысында.

«Сайлаушылардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың әділетті өтуінің кепілі болып табылмақ»,- деген сенімде «Ақ жолдықтар».

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы «алдағы сайлау Қазақстанның әділ, ашық та айқын сайлау өткізе алатындығының тағы бір дәлелі болуға тиіс», деп санайды.

«Біз бұл сайлаудың ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтің ел саясатын жаңғырту жөніндегі бастамасының жалғасы болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың демократиялық дамуының жаңа кезеңінің бастамасы болғандығын қалаймыз. Сондықтан да «Ақ жол» партиясы сайлау процедуралырының әділ өтуі ғана емес, сайлаушылардың дауыс беруге деген белсенділіктері қажет деп санайды»,- деп мәлім етті ҚДП.

«Әрбір азамат дауыс бере отырып өзінің мемлекетті басқаруға қатысатын конституциялық құқығын жүзеге асыра білуі өте маңызды. Сонда ғана берілген дауыс саны ең маңызды болып табылатын процедураның айқын да ашық болатындығы туралы айтуға болады»,- деп атап көрсетті Азат Перуашев.

 

 

«Ақ жолдың» партиялық тізімін тіркеді

 

/«Егемен Қазақстан», 09.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Орталық сайлау комиссиясының кеше өткен отырысында Комиссия «Ақ жол» демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 63 кандидатты қамтитын партиялық тізімін тіркеді.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан тіркелген кандидаттардың арасында төрт ұлттың өкілі бар, олардың 15 пайызға жуығы – әйелдер. Партиялық тізімге енгізілгендердің жартысына жуығы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Олардың ең жасы 26 жаста. Барлық кандидаттар жоғары білімді, 35 пайызға жуығының білімі заңгер, не экономист. 25 пайыздан астамы түрлі халық шаруашылығы салаларының мамандары.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан ұсынылған үміткерлердің жартысынан көбі коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері болып табылады. Сондай-ақ тізімде ғылым, мәдениет, білім саласының және мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері де бар.

Соңғы тәулікте мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну айтарлықтай белсенді жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясына түсіп жатқан мәліметтерге сәйкес, 2011 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутатты­ғына 3056 үміткер ұсынылған. Олардың арасында облыстық мәслихаттарға – 300, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына – 25 және Алматы қаласының мәс­лихатына – 37 кандидат, аудандық мәслихаттарға – 2252, қалалық мәслихаттарға – 504 кандидат бар.

Ұсынылған кандидаттардың 830-ы – «Нұр Отан» партиясының, 17-сі – Коммунистік халық партиясының, 12-сі – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 7-уі – Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 3-уі Қазақстан Патриоттары партиясының және 1-уі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшесі. Ал 812 үміткер өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген, 1374-і партияда жоқтар.

Қазіргі сәтке дейін мәслихаттар депутаттығына 39 кандидат тіркелген.

 

 

Сайлаушылар тізімі жасалуда

 

/«Қазақстан» ТРК, 08.12.2011 ж., Б. Тойболдыұлы/ - Сайлаушылар тізімін жасау - кез келген саяси дода алдындағы басты жұмыстың бірі. Қазір бұл шаруа еліміздің барлық аймақтарында қызу жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы билік өзіне тиесілі аумақта тұратын адамдардың аты-жөні, көшіп-қонуы туралы деректі анықтап жатыр. 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болған азаматтар жайлы мәлімет те пысықталу үстінде. Жауапты іске жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, волонтерлар, басқа да бос адамдар жұмылдырылды. Шаруаның шығыстағы қарқыны туралы келесі бейнематериалда.

Өзіне бекітілген аумақты аралап, тұрғындарды сайлаушылар тізіміне енгізу - Данияр Қалиевтің қазірдегі басты міндеті. Жұмысы таңғы сағат 9-да басталып, түнгі 10-да аяқталады. Әрбір пәтер және үй тұрғынымен жүздесіп, қажет болса қолындағы тізімге түзету жасайды.    

Мадияр Қалиев, Өскемен қаласының №8 Өзін-өзі басқару комитетінің қызметкері:

Кейбіреулері жарқын қарсы алады. Толық аты-жөндерін беруде. Кейбіреулері есікті ашпай, есіктің ар жағынан сөйлеседі. Ондай адамдарды міндетті түрде тізімге кіргіземіз бірақ. Учаскелік полициямен әрі қарай жұмыс атқарамыз, ол кісілермен.

Тізім жасау пәтержәне жекеүйді аралаумен бітпейді. Келесі кезек өзгерген ақпаратты электронды базаға енгізу. Мәселен, бұл үшін Өскеменде арнайы орталық ашылған. Мұндағы қызметші-қыздардың да жұмысы қызып тұр. Сайлаушылар тізімін нақтылау үшін Еңбекпен қамту орталығынан 15 адам жұмысқа келіпті.

Айжан Ғадылғазықызы, Өскемен қаласы №8 Өзін-өзі басқару комитетінің қызметкері:

Біздің учаскеде 21 мыңнан астам адам бар, избирательдер. Ал біз күніне орташа есеппен алғанда 800-ден аса адам енгізіп, қараймыз.

Сайлаушылар тізімі бұндай науқанда аса маңызды. Сондықтан, оны жасауға облыстағы барлық органдар қатысып жатыр.

Индира Қалжабаева, Өскемен қаласы әкімдігінің бас инспекторы:

Біз ақпаратты көші-қон полициясынан аламыз, яғни, көшіп келген-кеткендер туралы. Әділет департаменті қайтыс болған адамдар жөнінде және 18 жасқа толған азаматтар туралы мағлұмат жолдайды. Сондай-ақ, сот бас бостандығынан айырылғандар туралы мәлімет береді және дауыс бере алмайтын, яғни, денсаулығы бойынша қабілеті жоқ тұрғындар туралы ақпарат береді.

Сөйтіп, тізімді бекітумен қатар, түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Ал мамандар болса, сайлаушылар тізімі белгіленген уақытқа дейін дайын болатынына сенімді.

 

 

ОСК мәслихат депутаттығына

кандидат ретінде 39 азаматы тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 08.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Cоңғы тәуліктерде 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну белсенді жүрді.

Нәтижесінде, биылғы жылдың 8-ші желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, мәслихат депутаттығына ұсынылған азаматтар саны 3 мың 56-ға жетті»,-деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның мәліметтерінше, тіркелген азаматтардың 300-і облыстық мәслихаттарға депутат болғылары келеді. Ал 25 азамат Астана қалалық, 37 азамат Алматы қалалық мәслихатының депутаттығынан дәмелі. Ал аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміттеніп отырғандар саны 2 мың 252, сондай-ақ қалалық мәслихатқа 504 адам ұсынылған.

«Депутаттықа кандидат ертінде ұсынылған азаматардың 830-ы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 17-сі Коммунистік халық партиясының, 12-сі «Ақ жол» демократиялық партиясының, 7-уі социал-демократиялық «Ауыл» партиясының,  3-уі Патриоттар партиясының,  1-уі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі. Ал 812 үміткер өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген. Осы уақытқа дейін мәслихат депутаттығына кандидат ретінде барлығы 39 азамат тіркелді», деді ОСК төрағасы.

 

 

Мәслихаттар депутаттығына 3056 кандидат ұсынылды

 

/«BNews.kz», 08.12.2011 ж./ – Бүгінгі күні мәслихаттар депутаттығына 3056 кандидат ұсынылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хабарламасында айтылған.

ОСК-ге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, 2011 жылы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 3056 кандидат ұсынылды.

Солардың арасында облыстық мәслихаттарға – 300 адам, соның ішінде: Астана қаласы мәслихатына -25 кандидат, Алматы қаласы мәслихатына – 37 кандидат; аудандық мәслихаттарға – 2 мың 252 кандидат; қалалық мәслихаттарға – 504 кандидат ұсынылды.

«..Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 830 – «Нұр Отан» ХДП; 17 – ҚКХП; 12 –«Ак жол» ҚДП; 7 – «Ауыл» ҚСДП; 3 – Қазақстан патриоттары партиясы; 1 – Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясының мүшелері», - делінген ОСК баспасөз хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, 812 үміткер қай партияға қатысты екендігін көрсетпеген, 1374 – партиясыз кандидаттар.

Бүгінгі күні мәслихат депутаттығына 39 кандидат тіркелді.

 

 

ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының

Мәжіліс сайлауына ұсынған тізімін тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 09.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы келесі жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған, Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде ұсынылған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 54 адамнан тұратын тізімін тіркеді.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, ЖСДП-ның партиялық тізімінде 5 ұлттың өкілдері бар. Тізімнің  24 пайызы - әйелдер. Тізімдегі азаматтардың 40 пайызының жасы 55-те. Ең жас үміткер 25-те. «Үміткерлердің 96 пайызы жоғары білімді. Олардың үштен біріне жуығы жоғары білімді экономист не заңгер. 25 пайыздан астамы халық шаруашылығындағы түрлі салалар бойынша қызмет етіп жүрген мамандар», - деді ОСК хатшысы.

Оның айтуынша, ЖСДП-нан ұсынылған азаматтардың жартысынан көбі партиялық құрылымдардың немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Олардың 18- пайызы коммерциялық ұйымдарда, 7,5 пайызы ғылым, мәдениет және білім салаларында қызмет етеді. 

 

 

Партия тізімі тіркелді

 

/«Қазақстан» ТРК, 09.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» партиялық тізімін тіркеді. Естеріңізге сала кетейік, бұл партия өздерінің кезектен тыс өткен съезінде алдағы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде 57 үміткерді партиялық тізімге енгізген. Алайда, олардың үшеуі өз еріктерімен тізімнен бас тартқан. Ал қалған тізімдегілерді Орталық сайлау комиссиясы түгел тексеріп, ресми түрде тіркеді. Партия атынан тіркелген кандидаттардың арасында – 5 ұлттың өкілдері бар. Әрі «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» партиялық тізіміне енгізілгендердің басым көпшілігінің жасы 55-ке жетпеген.

Ең жас кандидат – 25-те. Партия атынан ұсынылған кандидаттардың көпшілігі партиялық құрылымдардың немесе қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері. Араларында: қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар да бар. Әрі кәсіпкерлік саласы және білім мен мәдениет саласында еңбек ететін мамандардан да кенде емес. Сонымен қатар, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» партиялық тізіміне енгендердің 24 пайызы – әйелдер.

Жармахан Тұяқбай, ЖСДП-ның төрағасы:

ЖСДП осы сайлауға қатысу бағытында съезін өткізіп, 54 адамнан тұратын тізімді ОСК-на ұсынған. Соның бәрі, құжаттарын тексеріп, бәрі дұрыс деп, бүгін соның ресми тіркеуі болды. Тіркеу құжаттарын, кандидаттардың, депутаттыққа үміткерлердің соңы жаңа тапсырды. Әрине, қазір сайлауға қатысу ғана емес, сайлауға келген соң онда жеңу.

 

 

ЖСДП-ның партиялық тізімі ОСК-да тіркелді

 

/«Хабар» агенттігі, 09.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның 54 кандидат енгізілген партиялық тізімін тіркеді. Ондағы үміткерлердің 40 пайызы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Ең жас үміткер 25 жаста.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан ұсынылғандардың жартысынан көбі партиялық құрылымдардың немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болып табылады. Кандидаттардың 26 пайызға жуығы коммерциялық ұйымдар мен ғылым, мәдениет және білім салаларында жұмыс істейді.

Жармахан ТҰЯҚБАЙ, ЖСДП ТӨРАҒАСЫ:

- Мәжіліске келгенде бір партиялық Мәжіліс болмай әртүрлі саяси күштердің көзқарасын білдіретін Парламент болуы керек. Сонда ғана сын да болады, мін де түзеледі.

 

 

ОСК ЖСДП атынан түскен

үміткерлер тізімін бекітті

 

/«7 арна» телеарнасы, 09.12.2011 ж., Х. Молдабаев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлер тізімін бекітті. Оған ұсынылған 57-і кандидаттың, 54-і енгізілген. Қалған 3-уі өз еріктерімен сайлауға қатысаудан бас тартыпты. Олардың ішінде 5 ұлттың өкілі бар. 24 пайызы әйелдер. Үміткердің ең жасы 25 те. Кандидаттардың қатарында белгілі саясаткерлер мен танымал қоғам қайраткерлері бар.

ЖАРМАҚАН ТҰЯҚБАЙ — ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ-СЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Бізде өте көп ел білетін халық білетін тұлғалар, ол Әубәкіров Тоқтар еліміздің батыры, ғарышкер, ол Тұрсынбаев Балташ бұрыңғы елдің вице-премьері болған ауыл шарушылығының ең үлкен маманы».

Социал демократтар атынан сайлауға түскен үміткерлердің 96 пайызының жоғары білімі бар. Үштен бірі заңгерлер мен экономистер. Қалған 25 пайызы әртүрлі мамандық иелері.

 

 

Үшінші болып ЖСДП тіркелді

 

/«Егемен Қазақстан», 10.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 54 кандидат енгізілген партиялық тізімін тіркеді.

ЖСДП-ның тіркелген партиялық тізіміндегі кандидаттардың құрамында бес ұлттың өкілі бар. Олардың 25 пайызын әйелдер құрайды. Тізімге енгізілген кандидаттардың 40 пайызы жасы 55-ке дейінгілер. Ал ең жас үміткердің жасы – 25-те. Білімдеріне келсек, кандидаттардың 96 пайызы жоғары білімді. Олардың үштен біріне жуығының мамандықтары заңгер және экономист болып келеді. Үміткерлердің 25 пайыздан астамы түрлі халық шаруашылығы салаларының мамандары.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған кандидаттардың жартысынан көбі партиялық құрылымдардың немесе басқа да қоғамдық ұйымдар­дың қызметкерлері болып табылады. Атап айтқанда, 18 пайызы коммерциялық ұйымдарда, 7,5 пайызы ғылым, мәдениет және білім салаларында жұмыс істейді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабардар етуінше, 9 желтоқсан күнгі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сай­лауына барлығы 4500 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға ұсынылған 407, аудандық мәслихаттарға – 3392, қалалық мәслихаттарға – 701 кандидат бар. Кешегі күнге дейін мәслихаттар депутаттығына 63 кандидат тіркелген.

 

 

ОСК-ның мәслихат депутаттығына кандидат

етіп тіркеген азаматтар саны 63-ке жетті

 

/«ҚазАқпарат», 09.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Желтоқсанның 9-ы күнгі мәліметтер бойынша, елімізде келесі жылға жоспарланып отырған мәслихат депутаттарының сайлауында 4 мың 500 үміткер ұсынылды.

Бұл мәліметтерді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, депутаттыққа ұсынылған азаматтардың 407-і облыстық және Астана мен Алматы қалаларының депутаттары болғылары келеді. Сондай-ақ 3 мың 392 азамат аудандық мәслихаттың, 701 адам қалалық мәслихаттың депутаттығынан үмітті. Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 63 адамды тіркеді.

 

 

Мәлихаттарға үміткерлерді

ұсынуда белсенділік басым

 

/«Қазақстан» ТРК, 08.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Кешеден бері еліміздегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну айтарлықтай белсенді жүргізіле бастады. Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен соңғы ақпараттар бойынша бүгінгі күні мәслихаттар депутаттығына 3056 үміткер ұсынылған.

Олардың 300-і облыстық мәслихаттарға, 25-сі Астана қаласының мәслихатына, 37-сі Алматы қаласының мәслихатына, 2252-сі аудандық мәслихаттарға және 504-і қалалық мәслихаттарға ұсынылған үміткерлер.

Барлық ұсынылған кандидаттардың 830-ы «Нұр Отан» партиясының, 17-сі Коммунистік халықтық партиясының, 12-сі «Ақ жол» партиясының, 7-і «Ауыл» партиясының, 3-і «Патриоттар» партиясының, біреуі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері. Ал 812 үміткер өздерінің қай партияға мүше екендіктерін көрсетпесе, 1347-і ешқандай партияда жоқ кандидаттар. Бүгінгі күнге дейін мәслихаттар депутаттығына 39 кандидат тіркелді.

 

 

ОСК кезекті отырысы өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 09.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында келер жылы өтетін мәслихаттар сайлауына қатысты тың деректер жария етілді. Мәселен, сайлау комиссиясына келіп түскен соңғы ақпараттарға қарағанда барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысу үшін дәл бүгінге дейін елімізде барлығы 4500 үміткер ұсынылған.

Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына 407 үміткер, аудандық мәслихаттарға 3392 үміткер және қалалық мәслихаттарға 701 кандидаттар ұсынылған. Сонымен қатар, осы ұсынылғандардың ішінен мәслихат депутаттығына 63 кандидат тіркелді.

 

 

«Нұр Отан» партиясынан Орал қалалық

мәслихатының депутаттығына 20 үміткер түседі

 

/«ҚазАқпарат», 10.12.2011 ж., Е. Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалының кезектен тыс бесінші конференциясында партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланды.

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының басты мақсаты әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету екені белгілі. «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық мақсатын жүзеге асыруда «Нұр Отанның» басты саяси орталық екенін атап өтті. Конференция делегаттары, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж директоры Шалқыма Құрманәлина, Жастар мәдениет сарайының директоры Феликс Баюканский және басқалар оралдық партия мүшелерінің «Нұр Отанның» сайлауалды тұғырнамасын қолдайтынын жеткізді.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясынан Орал қаласы мәслихатының депутаттығына 20 үміткер ұсынылды.

 

 

ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына

«Ауыл» партиясынан ұсынылған азаматтарды тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 10.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясынан ұсынылған 18 адамнан тұратын тізімді тіркеді.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссияның хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.

Оның сөзінше, «Ауыл» партиясынан кандидат ретінде тіркелген азаматтардың арасында 4  ұлттың өкілдері бар және олардың 22 пайызы әйелдер. Сондай-ақ тізімдегі азаматтардың 20 пайызының жасы 55 жас шамасында. Кандидаттардың  ең жасы 41-де.

«Кандидаттардың барлығы жоғары білімді және олардың үштен бірі жоғары білімді заңгер немесе экономист. Ал 40 пайызы халық шаруашылығының түрлі салаларында қызмет етіп жүрген мамандар. Сондай-ақ тізімдегі азаматтардың үштен бірі коммерциялық құрылымдарда, тағы үштен бірі ғылым, білім және мәдениет салаларында еңбек етеді»,-деді ОСК хатшысы.

 

 

ОСК «Ауыл» партиясын тіркеді

 

/«Қазақстан» ТРК, 10.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан cоциал-демократиялық «Ауыл»  партиясының партиялық тізімін тіркеп, партия атын сайлау бюллетеніне енгізді. Бұл партия өздерінің кезектен тыс өткен съезінде алдағы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде  23 үміткерді партиялық тізімге енгізген.

Алайда, олардың тек 18-і ғана ресми тіркеуден өтті. Партия атынан тіркелген кандидаттардың арасында 4 ұлттың өкілдері бар. Әрі Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының партиялық тізіміне енгізілгендердің басым көпшілігінің жасы 55-ке жетпеген.

Ең жас кандидат – 41 жаста. Партия атынан ұсынылған кандидаттардың барлығы жоғары білімді. Олардың үштен бір бөлігі заңгерлер мен экономистер. Ал 40 пайызға жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етеді. Сонымен қатар, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының партиялық тізіміне енгендердің – 22 пайызы әйелдер.

Ғани Қалиев, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы:

23 адам ұсынылып еді, оның енді кейбіреулері Конституция бойынша Қазақстанда 10 жыл тұруы керек екен. Ондай болмай қалды. Кейбіреуінің құжаттары уақытында дайын болмай қалды. Сондықтан, 18-і өтті, тексеруден. Міне, мандаттарын алып шықтық.

 

 

ҚР ОСК «Ауыл» партиясының партиялық тізімін тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 10.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттығына «Ауыл» социал-демократиялық партиясынан ұсынылған 18 үміткерден тұратын тізімді тіркеді.

Партиядан тізім бойынша 23 адам ұсынылған. Алайда 5 үміткердің құжаттары сәйкес келмегендіктен, тек 18-іне ғана мандат беріліп отыр. Тізімге енгізілген кандидаттардың барлығының білімі жоғары. Үміткерлердің 20 пайыздан астамы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Заңгер, экономист және ауыл шаруашылығы мамандарымен қатар ғалымдар мен өнер адамдары да тізімде бар. Партия мүшелерінің алдағы сайлаудан үміті зор.

Ғани ҚАЛИЕВ, «АУЫЛ» СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Кандидаттар ғалымдар, фермер қожалықтары, жазушылар, әртістер, ішімізде 7-8 ғалым бар. Солардың бәрі ауылда туды, қалада тұрады, бірақ ауылдың мүддесін қорғайды. Ауылдың жағдайын жақсы біледі. Біздің енді ойымыз, осы елдің заңына бағынамыз. Бірақ сол заң бұдан да жақсы болсын, біздің егеменді еліміз бұдан да нығайсын! Сол заң халықтың көпшілігін қорғасын деп осы науқанға қатысып отырмыз.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, бүгінге дейін мәслихат депутаттарының сайлауына 5 259 үміткер ұсынылды. Әзірге, 298 кандидат тіркелген.

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясының хабары

 

/«Егемен Қазақстан», 13.12.2011 ж., Ф. Бықай/ - 10 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 18 кандидаттан тұратын партиялық тізімін тіркеді.

 «Ауыл» ҚСДП-дан тіркелген кандидаттардың құрамында 4 ұлттың өкілі бар, олардың 22 пайызға жуығы әйелдер. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың 20 пайыздан астамы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Ең жасы – 41-де. Барлық кандидаттардың білімі жоғары. Олардың үштен біріне жуығы – заңгерлік не экономикалық, 40 пайызы халық шаруашылығы түрлі салаларының мамандары. «Ауыл» ҚСДП-дан кандидаттардың үштен бір бөлігі коммерциялық ұйымдарда, тағы үштен бір бөлігі ғылым, мәдениет және білім салаларында жұмыс істейді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

 

Байқаушылар тіркелді

Кеше Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан алғашқы байқаушыларды аккредиттеді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 31 байқаушы аккредиттелді. Олардың 30-ы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының байқаушылары. Соның ішінде миссияның негізгі тобының 16 мүшесі мен 14 ұзақ мерзімді байқаушысы бар. Тағы бір байқаушы ТМД байқаушылар миссиясының өкілі.

2011 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауына барлығы 6275 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарына – 711, аудандық мәслихаттарға – 4395, қала­лық мәслихаттарға – 1169 үміткер бар. Кандидаттар ұсыну 14 желтоқсанда аяқталады. Қазіргі сәтте 1074 кандидат тіркелген.

 

Тұрғындардың дайындығы тексерілді

Облыс бойынша 4 мыңнан астам тұрғынның жеке құжаттарында  жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ, ал 9 мыңнан астам тұрғынның жеке бас куәліктерінің мерзімі бітіп кеткен.

Бұл туралы  өңірдегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары бас қосқан отырыста айтылды.

Жалпы, бұл күндері облыста жергілікті жердегі аумақтық сайлау комиссиясына қарасты 3 қалалық, 10 аудандық сайлау комиссиясы жұмыс жасауда. Сайлау кезінде 588 бөлімше дауыс берушілерге қызмет көрсетпекші.

Осы күндері белгілі болғанындай, облыстық мәслихатқа 32 депутат, қалалық мәслихатқа – 25, Екібастұз, Ақсу қалалық мәслихаттарына тиісінше 17 және 13 депутат сайланады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттардың әрқайсысында 12 орынан, ал Май ауданында аумақтық әкімшілік ерекшелігіне орай 11 депутат болады. Мәслихаттардың кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жалпы күнтізбесіне орай кандидаттарды ұсыну бүкіл еліміздегідей 16 қарашада басталса, 14 желтоқсанда аяқталады. Бұл туралы өңірдегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары бас қосқан отырыста облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әлия Сабырханова мәлімдеді. Яғни, әрбір сайлау комиссиясының мүшесі саяси науқанға тыңғылықты әзірленіп, жауапкершілік жүгін толық түсінуі керек.

Кандидаттарды тіркеу, олардың тізімін жасау, арнайы куәлік беру, дауыс беретін орындарды әзірлеу – барлығы да сайлау заңнамаларына сәйкес жүргізілуі қажет. Ал, облыс әкімінің бас инспекторы Владимир Ульяновтың айтуынша, өңірдегі кейбір қалалар мен аудандарда дауыс берушілердің мәліметтер базаларын толыққанды түрде жасау керек. Бастысы, сайлаушылар тізімін жасауда кемшілік болмауы тиіс. Мысалы, Май ауданында тізімге 18 жасқа толмаған бірнеше жасөспірімді қосып жіберген жайлар да кездескен.

Өмір болған соң тұрғындардың бір жерден екінші жерге көшіп кетуі, көшіп келуі сияқты жағдайлар орын алатыны сөзсіз. Сайлаушылар санынан жаңылысу дауыс беруге әсер етпей қомайды. Бұл жергілікті сайлау комиссияларынан тізімді әрқашан нақтылап отыруды талап етеді.

 

 

ОСК мәслихат депутаттарының сайлауына

298 адамды кандидат етіп тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 10.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 10-шы желтоқсандағы мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауына республика бойынша 5 мың 259 азамат ұсынылған.

Бұл мәліметтермен бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов  таныстырды.

Төраға келтірген деректерге қарағанда, мәслихат депутаттығына ұсынылған азаматтардың 556-сы облыстық және Астана мен Алматы қалаларының депутаттары болғылары келеді. Ал 3 мың 774 азамат аудандық мәслихат депутаттығынан үмітті. Сондай-ақ 919 азамат қалалық мәслихаттың депутаты болсам дейді.

ОСК осы уақытқа дейін республика бойынша мәслихат депутатының кандидаттығынан үміткер ретінде ұсынылған азаматтардың 298-ін тіркеп үлгерді.

 

 

САЙЛАУ[6]

 

/«Айқын», 09.12.2011 ж./:

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының барысы туралы

 

ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ТІРКЕУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

2011 жылғы 5 желтоқсанда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына барлығы сегіз саяси партияның:

1. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының;

2. Қазақстан Патриоттары партиясының;

3. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының;

4. «Руханият» партиясының;

5. «Әділет» Демократиялық партиясының;

6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның;

7. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының;

8. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімдері ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 7 желтоқсанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 8 желтоқсанда «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімдерін тіркеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялардың тізімдерін тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады, ал 16 желтоқсаннан бастап партиялар үгіт жұмысына кірісе алады.

 

АҚПАРАТТЫҚ ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ

Сондай-ақ 2011 жылғы 7 желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес құрды және тиісті Ережені бекітті.

Қоғамдық кеңестің құрамына елде танымал заңгерлер мен саясаттанушылар, жетекші республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органдарының, Орталық сайлау комиссиясының, Байланыс және ақпарат министрлігі мен Әділет министрлігінің өкілдері енгізілген.

Қоғамдық кеңес сайлау науқаны кезінде туындайтын ақпараттық дауларды алқалы қарау үшін құрылған және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері:

1) барлық сайлау процесіне қатысушылардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге және сайлау алдындағы науқан барысын БАҚ-та объективті жария етуге жәрдемдесу;

2) БАҚ пен олардың қызметкерлерінің сайлау процесіне қатысушылармен өзара қарым-қатынастардағы мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;

3) БАҚ қызметінде әдеп нормалары мен кәсіби принциптердің сақталуына ықпал ету, сайлау процесіне қатысушылар мен БАҚ арасындағы дауларды және өзге де жағдайларды шешуге қатысу болып табылады.

Қоғамдық кеңестің құзыретіне сайлау процесіне қатысушылардың және олардың сайлау науқаны уақытында сайлау заңнамасын сақтауы туралы өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кіреді.

Олар жұртшылықтың назарына материалдарды БАҚ-та жариялау немесе Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы жеткізіледі.

 

МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР ҰСЫНУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

2011 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 3056 үміткер ұсынылған.

Олардың ішінде облыстық мәслихаттарға - 300, соның ішінде Астана қаласының мәслихатына - 25 және Алматы қаласының мәслихатына - 37 кандидат, аудандық мәслихаттарға - 2252, қалалық мәслихаттарға - 504 кандидат.

Ұсынылған кандидаттардың 830-ы - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының; 17-сі - Коммунистік Халық партиясының; 12-сі - Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының; 7-еуі - Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының; 3-еуі - Қазақстан Патриоттары партиясының және 1-еуі - Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшесі.

812 үміткер өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген, 1374-і - партияда жоқтар. Қазіргі сәтке дейін мәслихаттар депутаттығына 39 кандидат тіркелген.

 

ОРТСАЙЛАУКОМҒА КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ТУРАЛЫ

2011 жылғы 16 қараша мен 6 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға 24 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде 18 өтініш сайлау заңнамасын түсіндіру туралы, тағы 6 - сайлау органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты.

Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясы

 

 

Партия не дейді?

 

/«Халық сөзі», 06.12.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

1. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламасында мемлекеттік тілге қандай маңыз берілген? Болашақта қазақ тілінің керегесін кеңейту мақсатында қандай қадамдар жасалады?

2. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, демография мәселесіне қандай үлес қосасыздар?

3. Қоғамдық күш ретінде партия Шағын және орта бизнесті дамыту үшін не істей алады?

 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы орталық комитетінің хатшысы:

Үкімет басында «мэн сизди билмэймин!» дейтін шала қазақ шенеуніктер отырғанда, министрлер кабинеті қазақша сөйлемейді

1. Тілді дамыту мәселесі қазіргі бағдарламамызда жоқ. Алдағы бағдарламада болады. Біздің ең басты мақсатымыз – халық билігін орнату. Ол үшін халықтың бірлігі қажет. Бірлік үшін тіл керек. Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін дейді емес пе? Әрине, біз көпұлтты мемлекетпіз. Бірақ мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болуы керек. Өкінішке қарай, тіліміз көп саладан кенжелеп қалды. Тілге деген құрметті оятатын, оның қолдану аясын кеңейтетін нақты шаралар жоқтың-қасы. Бұны жүзеге асыратын жауапты мекемелер, соның ішінде министрліктер көңіл аудармай отыр. Керек болса, Парламент, Үкіметтің өзі қазақша сөйлемейді. Бізде мемлекеттік қызметкерлерге нақты талап қойылмаған. Мемлекеттік мекемелерде мемлекет қаржысын шығындап аудармашылар ұстаудың қажеті қанша? Оның орнына екі тілде жетік меңгерген мамандар отыруы тиіс. Біз осыны үнемі айтып келеміз. Сонда мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейер еді. Бұл партиямыздың бағдарламасында жеке қарастырылған мәселе. Әр ұлт өз тілін дамытуға құқылы. Оған қолдау білдіру міндетіміз. Өз кезегінде олар қазақ тіліне құрметпен қараулары керек. Мемлекеттік тіл туралы Ата заңымызда жазылған. Алайда билік өкілдері өздері белден басып отыр. Жоғарыда тілді менсінбейтін адамдар отырғанда ештеңе өзгермейді. Оларды түбірімен өзгерту қажет. Үкімет басында «мэн сизди билмэймин!» дейтін шала қазақ шенеуніктер отырғанда министрлер кабинеті қазақша сөйлемейді. Оны көрген кейінгі өскелең ұрпақ мемлекеттік тілді осындай деңгейде білсем жетеді деп ойлайды. Эталон санайды. Осы деңгейден аса алмайды. Бұл қалыптасып кететін құбылыс. Осымен күресу керек. Тілдер туралы заңға екі тілді білу міндет деген норма енгізу жайын қолға алатын боламыз.

 

Түскен пайданың барлығын тек әлеуметтік жағдай мен халықтың санын өсіруге жұмсау қажет

2. Бүгінде халықтың санын өсіру және әлеуетін арттыру үшін мемлекеттік маңызы зор орындарды – кен байыту, мұнай-газ саласын ерекше дамыту қажет. Бұл сала қарқынды түрде дамып келеді. Алайда, бұның барлығы жекенің қолында. Оны 100 пайызға мемлекет қорына қайтару керек. Қазіргі таңда бұндай алпауыттардың барлығын шетелдіктер басқарып отыр. Бүкіл қаржы шет елге кетіп жатыр. Ал бізге келіп жатқандары пайыздық үлес және салық арқылы ғана келеді. Оның өзі аз. Кәсіпорындардың барлығын Үкіметке қайтарып, қайтадан құрылымдау қажет. Түскен пайданы кәсіпорындарға да қарапайым халыққа да пайдалы болатындай жолын қарастыру маңызды. Оны тек әлеуметтік жағдай мен халықтың санын өсіруге жұмсау қажет. Өйткені, жеріміздің асты-үстіндегі күллі байлықтың бәрі халықтікі. Бәрі халықтың игілігіне жұмсалсын. Әлеуметтік төлемдерді жылдан-жылға пайызбен көтеру бос әурешілік. Ол нарық заңын қуып жете алмайды. Түскен пайданың бәрі осы мақсатта жұмсалуы тиіс. Әлеуметтік жағдай жақсармай халықтың саны өспейді. Біздің ойымыз осы.

 

Біз идеоялогиялық тұрғыда өте үлкен қолдау жасайтын боламыз

3. Біздің бағдарламамызда жазылған: «Біз социализмді қолдасақ та, капитализм заңдарын жүзеге асырамыз» деп. Біз осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыта аламыз. Бүгінде өздігінен жұмыс табушылар дегенді шығарып алдық. 2 млн. 700 адам бар екен. Бұларға қолдау жасау керек. Пайыздық үстемесі алты пайыздан аспайтын несие берсе, көп дүние жақсарар еді. Осы жолмен олар өздерін қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекетке пайдасын тигізеді. Өзін зейнетақысын қамтамасыз етіп дегендей. Бүгінде осылардың 10-20 пайызы ғана өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Қалғандары өлместің күнін кешіп отырғандар. Бірі балық сатады, бірі тапқанын азын-аулақ тиынға сатады. Бұны өзін-өзі қамту деуге бола ма? әрине, жоқ! Ал Үкімет жұмыспен қамтыдық деп есеп беріп жатады. Шағын және кәсіпорын деп саналады. Бірі металл сынықтарын жинап күн көреді. Үкімет үшін бұның бәрі бизнес болып саналады. Ауылдың жайын өздерінің қалтасымен есептеуге болмайды. Біз шағын және орта бизнесті қолдаймыз. Бәрін халықтың өзі басқаруы тиіс. Ұлттық қордағы қаржы игілікке пайдаланылмайды. Дағдарысқа жұмсалатын қаржы емес ол. 2007 жылы бәрін дағдарысқа жұмсадық. Енді тағы келе жатыр сол дағдарыс. Соған жинап отырмыз ба бәрін. Біз әрине, қолдан келсе, бәрін реттеуге тырысамыз. Бірақ қолымыздан келетін күш бола ма деген ой туындайды. Біз идеологиялық тұрғыда өте үлкен қолдау жасайтын боламыз.

 

 

 

 

 

Партия не дейді?

 

/«Халық сөзі», 09.12.2011 ж., Б. Нұрасыл/:

 

1. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламасында мемлекеттік тілге қандай маңыз берілген? Болашақта қазақ тілінің керегесін кеңейту мақсатында қандай қадамдар жасалады?

2. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, демография мәселесіне қандай үлес қосасыздар?

3. Қоғамдық күш ретінде партия Шағын және орта бизнесті дамыту үшін не істей алады?

 

Ғани ҚАСЫМОВ, «Қазақстан патриоттары» партиясының төрағасы:

 

Мемлекеттік тілді дамыту үшін арнайы академия құрылуы керек

1. Партияның бағдарламасында мемлекеттік тілге қатысты арнайы үлкен бөлім бар. Мемлекеттік тілді дамыту үшін арнайы академия керек туралы айтылады. Онсыз болмайды. Сондай-ақ, осы салаға мемлекет қорынан үлкен қаржылай қолдау қажет деп есептейміз. Бұл қаржы тіл үйрететін мамандарды дайындауға, үйренушілердің деңгейіне қарай ақшалай ынталандыруға жұмсалу қажет. Ол қаржы жалақыға қосымша, бонус түрінде төленуі тиіс. Ауызекі деңгейде үйренгендерге бес пайыз, аударма жасайтын еркін деңгейге жеткендерге он пайыз үстеме қосу қажет. Ал кәсіби деңгейде меңгеріп шыққан мамандарға жиырма пайыздық үстеме төленсе көп дүниеге есік ашады деп ойлаймыз. Жалпы партияның бағдарламасында мемлекеттік тілге қатысты көптеген мәселелер айтылған. Мәселен, даурыққан іс-шаралармен, дөңгелек үстелдермен ештеңе шешілмейді. Арнайы бағдарлама жасалуы керек екенін көтеретін боламыз. Сондай-ақ, ұстаздардың біліктілігін көтеретін институттардың дәрежесін көтеру керек деп санаймыз. Мектептерді айтпағанның өзінде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйрететін мамандардың деңгейі жоғары деп айта алмаймыз. Мамандар жетіспейді. Осыларды қайта дайындау қажет. Жалақының аздығынан білікті мамандардың көбі басқа салада жүр. Оларды үймен қамтамасыз етіп, мемлекеттік тілді үйретуші мамандардың статусын өзге саланың мамандарынан басқаша етіп көтеру керек.

 

Дәл қазіргі жағдаймен халықтың санын өсіру мүмкін емес

2. Әрбір саяси партияның негізгі көтеретін мәселесі – халықтың әлеуметтік жағдайы. Бір ерекшелігі, партиямызда осы салаға қатысты арнайы комиссия ұйымдастырылған. Әлеуметтік және халықтың демографиялық жағдайына байланысты көптеген ұсыныстарымызды ұсынып жатырмыз. Дәл қазіргі жағдаймен халықтың санын өсіру мүмкін емес. Халық саны әлеуметтік жағдайға тікелей байланысты. Әлеуметтік төлемдер мен жалақының өсімі пайызбен емес, қымбатшылыққа қарай, инфляция деңгейіне қарай қосылуы керек. Онсыз тағы мүмкін емес. Бағаның өсімі көп жағдайда жалақыға сәйкес келмей жатады. Мемлекетімізде ақша жетеді. Қалай жұмсаса да болады. Тек жүйелі құрылым керек. Сондай-ақ, зейнет жасын төмендетуді ұсынып келеміз. Айтып келе жатқанымызға жиырма жылға жуықтады. Әлі де айтатын боламыз. Ерлердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа емес 60-қа, әйелдерді 58 жасқа емес 50-ге түсіру қажет. Жастарды жұмыспен қамти алмай жатырмыз. Жас отбасылар шаңырақ көтерген соң алдымен үй, тірлік мәселесімен бас қатырып жатады. Ал бала табу мәселесі кейінге қалады. Өстіп жүріп уақытын өткізіп алады. Халықтың саны тұрақты түрде өсу үшін, әр отбасында үш баладан кем болмауы тиіс. Сонда ғана халық саны өседі.

 

Тексеруші органдар кәсіпкерлерге емін-еркін көсіліп жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр

3. Бүгінгі таңда ең маңызды мәселенің бірі осы Шағын және орта кәсіпті дамыту болып отыр. Мемлекет тарапынан да қолдау жасалып жатыр. Алайда тексеруші органдар кәсіпкерлерге емін-еркін көсіліп жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр. Бүгінгі таңда елімізде елу тексеру органдары бар екен. Ішінде өрт сөндіру қызметі, Салық комитеті, СЭС, прокуратура, акимат тағы басқа процедуралық кедергілер бар. Басқа мемлекеттерде, ең кемі,бес жылға дейін салық төлеуден босатылады. Пайызы төмен несиелер беріліп жатады. Ал біздегі жүйе басқаша қалыптасқан. Елімізде кәсіпкерлерге оңай емес. Осыған байланысты жұмыстар жүргізіп отырамыз. Мәселен, ай сайын кәсіпкерлер күнін өткіземіз. Тексеруші органдар немесе әкімшілік кедергілерге байланысты кеңес беріп, жұмыс жасап жатамыз. Осы салаға қыруар қаржы бөлінді деп айтып жатады. Алайда бұл қаржы дер кезінде жетті ме? жетпеді ме? ешкім білмейді. Біз осы мәселені көтеретін боламыз.

 

 

Сайлауға қатысуға дайын

 

/«Айқын», 09.12.2011 ж., Н. Аманжол/ - Алда өтетін мәслихат сайлауына үміткер ретінде бір мүмкіндігі шектеулі жан тіркеліпті. Тағы екеуі - тіркеу шараларынан өтіп жатса, және екеуінің тағдырын жүргізіліп жатқан келіссөздер шешпек. Дегенмен мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін «сайлауға қатысуға дайынбыз» деп есептеп отыр. Олар, тіпті, екі күн бойы халықаралық жаттықтырушылармен бірге «Мүгедек әйелдердің сайлау құқығын қалыптастыру» атты арнайы тренинг-семинарынан да өтіпті. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының президенті Ләззат Қалтаева әңгімеледі.

Айта кету керек, таяуда ғана бас қосқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұйымдарының басшылары келер жылдың басында өтетін сайлауға мүгедектердің қатысуына қолайлы жағдайлар жасалуын талап еткен болатын. Сонымен бірге олар партия басшыларынан, оның ішінде, әсіресе, жетекші «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдерінен Мәжіліс пен мәслихатқа үміткер ретінде мүгедектерді де ұсынуды сұраған болатын. Дегенмен «Мұндай ауыр қызметке олардың қарым-қабілеті, мүмкіндігі жете ме?» деп қауіптенгендер де болған. Енді, міне, мүмкіндігі шектелген жандардың да жауапты қызметті өте сапалы түрде атқара алатынын дәлелдемек болған «Шырақ» қауымдастығы мен республикалық Тәуелсіз бақылаушылар жүйесі 40-қа тарта мүгедек әйелді арнайы оқытудан өткізіпті. Олармен жұмыс жасаған халықаралық жаттықтырушылар - Александр Черненко мен Андрей Шевченко тренинг қатысушыларының жоғары белсенділігін атап өтіп, олардың сайлауға қатысу дайындығы өте биік деңгейде екенін мәлімдеді.

- Қазақстан 2008 жылы мүгедектер құқықтары жайлы халықаралық конвенцияға қол қойып, енді оны ратификациялаудың қарсаңында тұр. Бұл халықаралық құжаттың басты талаптарының бірі - мүгедектердің дауыс беру ісіне қатысып, сайлауға қатысу құқығына ие болуы боп табылады. Демек, конвенцияны ратификациялағаннан кейін, Қазақстан мүгедек жандардың саяси белсенділігін арттыруда түрлі шараларды жүзеге асыруды халықаралық қауымдастықтар алдында өз мойнына алады деген сөз. Қазір біз осы бағытта жұмыс жасап, алдымызға - 10 мүмкіндігі шектелген әйел азаматын Мәжіліс және мәслихат сайлауында жеңіске жеткізуді мақсат қып қойып отырмыз. Алайда бұл үшін, әлбетте, қолдау қажет. Мемлекет тарапынан, БАҚ тарапынан. Ал біздің өзіміз ұсынғымыз келетін үміткерлеріміз бұл саяси додаға қатысуға әбден дайын. Олар - тек мүгедектер мәселесін ғана емес, еліміздің көкейкесті проблемаларын да көтеріп, заң шығару ісіне сапалы үлес қоса алатын жандар деп толық айта аламыз, - деді Л.Қалтаева.

Рас, мүгедектер ұйымдарының белсенділігіне қарап, олардың барлық тобы қоғамдық-саяси өмірге толықтай араласып отыр деп айта алмаймыз. «Шырақ» қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, еліміздегі жарты миллионға жуық мүгедек жандардың 48 пайызы, яғни шамамен, 240 мыңы - әйелдер. Олардың 70 пайызы түрлі ұйымдарға мүше болғанымен, бар болғаны 2-3 мыңы ғана - қоғамдық-саяси өмірге белсене араласады деген сөз. Бұл жайт тағы бір мәрте - мүгедек жандардың мәселесі қоғамда шешімін таппай жатқанын көрсетеді.

- Мүгедек жандар өз мұңын Мәжіліс, мәслихат мінберлеріне көтеріліп айтпайынша, бұл мәселе нақты шешімін таппайды. Сондықтан бұл іске қоғам болып қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз, - деді, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының президенті Ләззат Қалтаева.

 

 

Мәслихаттар депутаттығына

сайлауға 6275 үміткер ұсынылды

 

/«BNews.kz», 12.12.2011 ж./ – Мәслихаттар депутаттығына сайлауға 6275 үміткер ұсынылды. Бұл туралы бүгін брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады. 

«2011 жылдың 12 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттығына сайлауға 6275 үміткер ұсынылды. Оның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттар - 711; аудандық мәслихаттар- 4395 кандидат; қалалық мәслихаттар - 1169 кандидат», - деп хабарлады Қ.Тұрғанқұлов.  Кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанда аяқталады.

«Дәл қазір мәслихаттар депутаттығына1074 үміткер тіркелді», - деп атап өтті ОСК төрағасы.

Мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу 20 желтоқсанға дейін созылады.  

 

 

ОСК мәслихаттар депутаттығына

кандидат етіп 1 мың 74 азаматты тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 12.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 12  желтоқсандағы мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына 6 мың 275 үміткер ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, мәслихат сайлауына ұсынылған азаматтардың 711-і облыстық, Астана мен Алматы қалалары мәслихаттарының депутаттары болғылары келеді. Ал 4 мың 395 азамат аудандық мәслихаттардың депутаттығынан үмітті. Сондай-ақ 1 мың 169 үміткер қалалық мәслихаттардың депутаттығынан дәмелі. Осы уақытқа дейін ОСК ұсынылған азаматтардың 1 мың 74-ін мәслихат депутаттығына кандидат етіп тіркеген.

Естеріңізге сала кетейік, мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну биылғы жылдың 14 желтоқсанында аяқталады. Ал ұсынылған үміткерлерді тіркеу шарасы биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады. «Ал 21 желтоқсаннан бастап, мәслихат депутаттығына кандидаттар өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарын бастай алады»,-деді ОСК төрағасы.

 

 

Сайлауға дайындық

 

/«Қазақстан» ТРК, 12.12.2011 ж., М. Құлмырзаева/ - Қызылорда облысында жергілікті мәслихат депутаттығына 225 үміткер ұсынылып, бүгінге дейін оның 31-і тіркелді. Алдағы саяси науқан ел тағдырын саралайтын аса жауапты іс. «Ал оны абыроймен атқару әрбір қазақстандықтың міндеті», - дейді қызылордалық Ақерке Әбуова. Ол сайлау учаскесіне келіп, өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексерген алғашқы тұрғын.

Ақерке Әбуова, сайлаушы:

Былтыр еліміздің Президентін сайлағанда Шиелі ауданында дауыс бергенмін, биыл, енді, Қызылорда қаласына көшіп келіп жатырмын. Сол, енді, тізімде бармын ба, жоқпын ба соны нақтылауға келдім. Мәжіліс депутаттарын сайлау бұл - еліміз үшін, барлық Қазақстан халқы үшін жауапты істің бірі деп есептеймін. Әрқайсымыз өзіміздің ойымызды,пікірімізді айтып, қалауымызды білдіргеніміз ол менің тағдырыма әсер етеді деп есептеймін.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша – бұрын 91 сайлау учаскесі болса, қазір  қосымша төрт сайлау орны ашылып, шекаралары қайта жасақталды. Әр учаскеде сайлаушылардың саны үш мыңнан аспайды. Ал олардың тізімдерін жасау жауапкершілігі жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Мамандардың есебінше, облыс орталығында сайлау құқығына ие 135 мың 658 адам бар.    

Пірмұхаммед Сыздықов, тізімдерді нақтылау жөніндегі жұмысшы топтың төрағасы:

Әділет басқармасы арқылы, мысалы, қайтыс болғандардың тізімі алынып жатыр, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жаңадан жеке куәлік алып жатқан азаматтардың тізімдері алынып жатыр. Ал жалпы сайлау учаскелері бойынша үйлерді аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

 

 

Қазақстаннан тысқары жерлерде қосымша

21 сайлау учаскесі ашылады - ҚР СІМ

 

/«ҚазАқпарат», 12.12.2011 жМ. Жиембай/ - Қазақстаннан тысқары жерлерде қосымша 21 сайлау учаскесі ашылады. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев мәлім етті.

Еліміздің сыртқы саясат ведомствосының Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу құқығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына тоқталған ол: «ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен және Астана қаласының әкімдігімен бірге елімізден тысқары мемлекеттерде қосымша 21 сайлау учаскесін ашу туралы шешім қабылдады. Осы уақытқа дейін сайлау 35 учаскеде өтетін. Олардың жалпы саны 56-ға жетті», деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған шаралардың басты мақсаты Қазақстан аумағынан тысқары жерде уақытша немесе іссапарда жүрген ел азаматтарының Конституциялық құқығын толығымен қамтамасыз ету болып табылады.

«Сыртқы істер министрлігі 15 қаңтарда өтетін сайлауды шет мемлекеттерде өте сапалы және жоғары деңгейде өткізу жөнінде Қазақстанның  барлық сыртқы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларына тиісінше тапсырма берген болатын», деді А.Абибуллаев.

 

 

Қазақстан шетелде қосымша 21 сайлау учаскесін ашты

 

/«BNews.kz», 12.12.2011 ж./ – Қазақстан шетелде қосымша 21 сайлау учаскесін ашты. Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлімдеді.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен және Астана қаласының әкімдігімен бірге елімізден тысқары мемлекеттерде қосымша 21 сайлау учаскесін ашу туралы шешім қабылдады. Осы уақытқа дейін сайлау 35 учаскеде өтетін. Олардың жалпы саны 56-ға жетті», - деді ол.

Оның атап өткеніндей, аталған шаралардың басты мақсаты Қазақстан аумағынан тысқары жерде уақытша немесе іссапарда жүрген ел азаматтарының Конституциялық құқығын толығымен қамтамасыз ету болып табылады.

«Сыртқы істер министрлігі 15 қаңтарда өтетін сайлауды шет мемлекеттерде өте сапалы және жоғары деңгейде өткізу жөнінде Қазақстанның барлық сыртқы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларына тиісінше тапсырма берген болатын», - деп ескерді А.Әбиболлаев.

 

 

Шетелдерде сайлау учаскелері ашылады

 

/«Қазақстан» ТРК, 12.12.2011 ж., Ж. Біркенов/ - Бүгін осы мәселе Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте де айтылды. Шетелдерде жүрген Қазақстан азаматтарына алдағы сайлауға қатысуы үшін барлық жағдай жасалады. Өзге мемлекеттерде қосымша 21 сайлау  учаскесі ашылмақ.

Бұл – Сыртқы істер министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы және Астана қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі. Бұған дейінгі сайлауларда шетте жүрген азаматтар  35 учаскеде таңдау жасаған болса, биыл елден жырақтағы сайлау учаскелерінің саны 56-ға жетті.

Алтай Әбибуллаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Сыртқы істер министрлігі шетелдерде сайлауды сапалы әрі жоғары деңгейде өткізу жөнінде еліміздің бүкіл дипломатиялық өкілдіктердің басшыларына тиісті тапсырма берді.

 

 

ОСК Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына

қатысатын алғашқы байқаушыларды тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 12.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысатын алғашқы байқаушыларды тіркеді.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында қаралған осы мәселе бойынша баяндама жасаған ОСК-ның мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін елімізде Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен барлығы 31 байқаушы тіркелген. Олардың 30-ы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары бюросынан.  Бұл байқаушылар миссиясының негізгі тобының  16 мүшесі қысқа мерзімге, 14 мүшесі ұзақ мерзімге келген. Тағы бір байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының миссиясынан келіп отыр. «Барлық байқаушылардың куәліктері дайын»,-деді ОСК мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, ОСК-нің бүгінгі отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын бақылау  жөніндегі комитетінің байқаушысы Пәтима Матжанова мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының байқаушысы Талғат Омаров және «Әділет» демократиялық партиясының байқаушысы Ғалымжан Құдайбергенов қатысып отырды.

 

 

ҚР ОСК шет елдік байқаушыларды тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 12.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында алдағы Мәжіліс пен Мәслихаттар сайлауына қатысатын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан алғашқы байқаушылар аккредитацияланды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 31 байқаушы тіркелді. Олардың отызы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның өкілдері. Оның құрамына миссияның негізгі тобының 16 мүшесі мен 14 ұзақ мерзімді байқаушы кірген. Отырыс соңында комиссия төрағасы Мәслихаттар сайлауына кандидаттарды ұсыну және тіркеу жұмысының жүру барысы туралы ақпарат берді.

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ:

- 2012 жылдың 12 желтоқсанындағы жағдай бойынша Мәслихат сайлауында 6275 кандидат ұсынылған. Соның ішінде облыстық, Астана, Алматы қалалық мәслихаттарына 711, аудандық мәслихаттарға 4395, қалалық мәслихаттарға 1169 үміткер ұсынылған. Естеріңізге сала кетейін, кандидаттарды ұсыну 14 желтоқсанда аяқталады. Қазіргі сәтте 1074 кандидат тіркелген. Тіркеу 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

ОСК халықаралық бақылаушыларды тіркей бастады

 

/«Қазақстан» ТРК, 12.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Күні бүгінгі дейін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына еліміз бойынша 6 мың 275 кандидат ұсынылып, оның – 1 мың 74-і ресми түрде тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы  Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша 31 шетелдік бақылаушыны аккредитациялады. Олардың отызы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының өкілдері болса, біреуі ТМД бақылаушылар миссиясының өкілі. Бұл бақылаушылар келер жылы өтетін Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сайлау барысын бақылайтын болады.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

2011 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауында барлығы 6275 кандидат ұсынылған. Соның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына – 711, аудандық мәслихаттарға – 4395, қалалық мәслихаттарға – 1169 үміткер. Естеріңізге сала кетейін, кандидаттар ұсыну 14 желтоқсанда аяқталады. Қазіргі сәтте 1074 кандидат тіркелген. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

11 елден 15 бақылаушы келді

 

/«Қазақстан» ТРК, 12.12.2011 ж./ - Парламент сайлауына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 11 елден 15 бақылаушы келген. 15-ші қаңтарға дейін олар кандидаттармен жүздесіп, сайлауалды саяси үгіт-насихат жағдайын бақыламақ және де сайлаудың әділ өтуін республика бойынша 18 елден 28 бақылаушы қадағаласа, қаңтардың 10-ы күні тағы 400 бақылаушы ОБСЕ-нің Парламенттік Ассамблеясынан келмек.

 

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Еуропадағы қауіпсіздік

және ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 13.12.2011 ж./ - Кездесу барысында Кезектен тыс Парламент сайлауына дайындық барысы сөз болды.

Сондай-ақ бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросы өз миссияларының басталғанын жариялады. Миссия офисі Астана мен Алматы қалаларында орналаспақ. Оған он бір мемлекеттен 15 сарапшы мүше. Бұдан бөлек ұзақ әрі қысқа мерзімге келетін бақылаушылар да бар. Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюро ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің атынан қосымша 400 қысқа мерзімді бақылаушы жіберулерін сұрамақшы. Олар сайлау учаскелерінің ашылуын, сайлау барысын, дауыс санауды бақылайды. Сондай-ақ ЕҚЫҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Парламенттік Ассамблеясының өкілдері де келеді. Жалпы Адам құқықтары жөніндегі бюро өз миссиясы барысында әртүрлі саяси партиялардың өкілдерімен, үміткерлермен және қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесу ұйымдастыруды көздеп отыр.

Дуглас УЕЙК, ЕҚЫҰ ДИАҚБ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сарапшылардың басым бөлігі Қазақстандағы бұған дейінгі сайлауларда да жұмыс істеді. Тәжірибелері жеткілікті. Біз мемлекеттің Сайлау туралы заңының, халықаралық талаптардың орындалуын қадағалаймыз. 16 желтоқсанда алдын-ала есеп жарияланады. Ал миссияның қорытынды есебі мен арнайы мәлімдемесі сайлау өткен соң 6-8 апта аралығында шығады. Сөз соңында барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесімен құттықтаймын! Үлкен табысқа жете беріңіздер!

 

 

ОСК мүшелері ЕҚЫҰ-ның байқаушылар

миссиясының өкілдерімен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 13.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен комиссия мүшелері елімізге Парламент  Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын байқау мақсатында келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) директорының бірінші орынбасары Даглас Брюс Уэйс бастап келген байқаушылармен кездесті.

Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдерін сайлау науқанының барысымен таныстырды. Бұл ретте төраға саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу, сайлау процесіне қатысушылар мен сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту шараларын  ұйымдастыру, сайлау науқанына ақпараттық қолдау көрсету сияқты мәселелерге ерекше тоқталды. Сондай-ақ, ОСК басшысы кездесуге қатысушыларға республика мәслихаттарының депутаттығынан үміткерлерді ұсыну шарасы жөнінде баяндады.

Бұдан әрі Қ.Тұрғанқұлов Орталық сайлау комиссиясының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 2011 жылғы 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау қорытындылары бойынша ұсынымдарын іске асыру жөнінде бірқатар қаулылар қабылдағанын айтап өтті. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау рәсіміне қатысты қаулы қабылданды. Жүйелі сипаттағы және сайлауға әсер ете алатын шағымдар алқалы, ОСК-ның отырыстарында қаралатын болады.

«Біз сайлаудың айқын және ашық, сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуіне күш салатын боламыз»,-деп баса айтты орталық сайлауком басшысы.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы делегациясының басшысы, өз кезегінде, сайлауды байқауға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Орталық сайлау комиссиясымен арадағы ынтымақтастықты ескере отырып, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстанға толыққанды миссия жолдауды ұйғарғанын атап өтті. «Біз мәслихаттар сайлауының Мәжіліс сайлауына ықпалын ғана байқаймыз. Мәслихат депутаттарының сайлауына да біздің қызығушылығымыз бар, өйткені ол Қазақстандағы саяси процестердің белсенділігін көрсетеді»,- деді Уэйс мырза.

 

 

 

 

Миссия байқаушыларымен кездесті

 

/«Егемен Қазақстан», 14.12.2011 ж./ - Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Комиссия басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) миссиясы негізгі тобының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының бірінші орынбасары Даглас Брюс Уэйс бастап келген байқаушылармен кездесті.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдерін сайлау науқанының барысымен таныстырып өтті және бұл ретте саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу, сайлау үдерісіне қатысушылар мен сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуды ұйымдастыру, сайлау науқанына ақпараттық қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Ортсайлауком басшысы кездесуге қатысушыларды республика мәслихаттары депутаттығына кандидаттар ұсыну барысы туралы қысқаша хабардар етті.

Қуандық Тұрғанқұлов әрі қарай Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 2011 жылғы 3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау қорытындылары бойынша ұсынымдарын іске асыру жөнінде бірқатар қаулылар қабылдағанын атап өтті. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау рәсіміне қатысты қаулы қабылданды. Жүйелі сипаттағы және сайлауға әсер ете алатын шағымдар ОСК-ның отырыстарында қаралатын болады. «Біз сайлаудың айқын және ашық, сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуіне күш салатын боламыз», – деді Ортсайлауком төрағасы.

Ал ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы делегациясының басшысы өз кезегінде сайлауды байқауға шақырғандары үшін ризашылығын білдірді және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен арадағы ынтымақтастықты ескере отырып, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстанға толыққанды миссия жолдауды ұйғарғанын атап өтті. «Біз мәслихаттар сайлауын оның Мәжіліс сайлауына жасайтын ықпалына қатысты ғана байқайтын боламыз. Мәслихат депутаттарының сайлауына да біздің қызығушылығымыз бар. Өйткені, ол Қазақстандағы саяси үдерістердің белсенділігін көрсетеді», – деді Уэйс мырза.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы негізгі тобының 15 халықаралық байқаушысының келгеніне, 15 желтоқсанда тағы 28 сарапшының келетініне және олардың елдің барлық өңірлеріне жіберілетініне тоқталды. Сайлау күні қарсаңында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 400-дей қысқа мерзімді байқаушылары келетін болады. «Сайлау қорытындылары бойынша біз екі аралық есеп ұсынатын боламыз, ал қорытынды есеп сайлау өткен соң 2 ай мерзім ішінде беріледі. Одан әрі біздің ұсыныстарымыздың зерделенуі мен іске асырылуы тұрғысында ынтымақтаса жұмыс істейтін боламыз, өйткені, ешбір елде мінсіз сайлау болмайды», – деп атап өтті ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директорының орынбасары.

Кездесу соңында тараптар дәстүрлі қалыптасқан ынтымақтастық пен тілектестік қарым-қатынастар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында да жалғасын табатынына сенім білдірді.

 

 

Сайлауға іскер әйелдер де белсенді қатысады

 

/«Хабар» агенттігі, 13.12.2011 ж./ - 15 қаңтарда өтетін Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарының сайлауына еліміздің іскер әйелдері де белсенді қатысады.

Ол үшін республика өңірлеріндегі саяси көшбасшылық мектептердің қызметі жандана түспек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды.

Сондай-ақ жиында қала мен өңірлердің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттырып жүрген азаматшыларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ Ұлттық комиссияның төрайымы: Бизнестің жол картасы, шағын және орта бизнесті дамыту сынды мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкер әйелдерді көптеп қатыстыру тетігін тілгі тиек етті.

Айжан ОРАЛБЕКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- Біздің алдымызға сайлауда барлық деңгейдегі депутаттардың Мәжіліске сайлау кезінде осы әйелдердің өкілеттілігін арттыруға одан ары қарай жұмыс жасау деп ойлаймыз. Ол үшін осы біздің ұйымдастырып отырған әйелдедің көшбасшылық мектебін осы әйелдерді жылжытудың механизмі болып табылады. Бұл мектептерде әйелдердің жаңағы саясатта, экономикада, өзін қалай көрсету керек, қалай үлгеру керек оның қандай механизмі бар және қазіргі күні Республикадағы қолданыстағы заңдарды түсіндіру жұмыстары болады, оқулар, семинар, тренингтер өтеді.

 

 

ОСК «Әділет» демократиялық партиясы мен Патриоттар партиясының Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына ұсынған тізімдерін тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 13.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» демократиялық партиясының, Қазақстанның патриоттар партиясының 2012 жылғы 15 қаңтарына тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына ұсынған тізімдерін тіркеді.

Отырыста осы мәселелер бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, «Әділет» демократиялық партиясынан 59 адам, Қазақстанның патриоттар партиясынан 20 адам тіркелді.

Ал бүгінгі отырыстың күн тәртібіне енгізілген Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы мен «Руханият» партиясының тізімдеріндегі азаматтарды тексеру барысында олардың кейбірінің жеке бастарына қатысты мәліметтерінде біршама нақтыланбаған мәселелердің пайда болуына байланысты аталмыш партияларды тіркеу Орталық сайлау комиссиясының ертең өтетін отырысында қаралатын болып шешілді.

 

 

ОСК «Әділет» демократиялық партиясын тіркеді

 

/«BNews.kz», 13.12.2011 ж./ – Қазақстан орталық сайлау комиссиясы «Әділет» демократиялық партиясын тіркеді. Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді.

«Партияның 59 адамнан тұратын тізімі тіркелді», - деді Б.Мелдешов.

«Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевқа сәйкес құжаттарды Қуандық Тұрғанқұлов табыстады.

«Біздің тіркеу нәтижесіне көңіліміз толды. Тізімге енген 61 партия мүшесінің екеуі ғана өтпей қалды. Бір мүшеге байланысты біздің еш қарсылығымыз жоқ, себебі ол құжаттарын толық дайындап үлгермей қалды», - деді партия төрағасы М.Нәрікбаев.

 

 

ОСК Қазақстан патриоттары

партиясының партиялық тізімін тіркеді

 

/«BNews.kz», 13.12.2011 ж./ – ОСК Қазақстан патриоттары партиясының партиялық тізімін тіркеді. Бұл туралы бүгін журналистермен өткен брифинг барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді.

«Қазақстан патриоттары партиясының 20 адамнан тұратын партиялық тізімі тіркелді», - деп хабарлады ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сәйкес құжаттарды Қазақстан патриоттары партиясы сайлауалды штабының аппарат жетекшісі Болат Бейсембаевқа ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ұсынды.

«Біздің партиямыздың тізіміне 20 адам енді. Олардың бәрі құжаттарын дұрыс тапсырған, сондықтан оларды сөзге келмей тіркеді. Енді біздер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына дайындалатын боламыз», - деп қорытты Б.Бейсембаев.

 

 

ОСК 2 партияны тіркеді

 

/«Қазақстан» ТРК, 13.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» демократиялық партиясы мен «Патриоттар» партиясының партиялық тізімдерін ресми түрде тіркеді. Екі партияның да өз съездерінде бекіткен тізімдерге онша көп өзгерістер енгізілмеген. Сонымен қатар, сайлау комиссиясының төрағасы бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросынан келген халықаралық бақылаушылармен кездесті.  

Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеп, партия атын сайлау бюллетеніне енгізді. Бұл партия өздерінің кезектен тыс өткізген съезінде алдағы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде 61 үміткерді партиялық тізімге енгізген. Алайда, олардың 59-ы ресми тіркеуден өтті. Екі үміткердің құжаттары заң талаптарына сай болмай шыққан. Партия атынан тіркелген кандидаттардың барлығы жоғары білімді. Олардың басым көпшілігі заңгерлер.

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы:

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітуді алдық. 61 адам ұсынған едік, екеуі ғана жолдан түсіп қалды. Оның себебі бар. Жалпы біздің ойымызша бұл 59 адамның өзі де біздің партия үшін өте жақсы көрсееткіш деп ойлаймын. Солай деп есептейміз.

Бүгін «Патриоттар» партиясының атауы да сайлау бюллетеніне енгізіліп, олардың партиялық тізімі тіркелді. Патриоттар партиясы Мәжіліс сайлауына 22 үміткерді ұсынған. Олардың тізіміне кіргендер түгел тіркелді. Араларында «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов те бар. Партия ұсынған тізімдегілердің дені жоғары білімді, әрі әр саланың мамандары қамтылған.

Болат Бейсембаев, Қазақстан патриоттар партиясының мүшесі:

Бүгінгі күнді біз қуанышты деп есептеп отырмыз. Біздің партияға өткен съездің басында 22 мүше партияның адамдары тіркелген. Сонда тіркелген өзіміздің 22 адамның түгелі өтіп отыр список бойынша партияның. Соған біз қуаныштымыз деп ойлаймыз.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғақұлов бүгін ОБСЕ-нің демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының өкілдерімен кездесті. Олардың бәрі алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын қадағалауға келген халықаралық бақылаушылар. Кездесу кезінде олар Қазақстанның алдағы сайлауға дайындығы туралы ақпараттарға қанықты.

Даглас Брюс Уэйк, ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюро директорының бірінші орынбасары:

Біздің бюроның өкілдері Қазақстанда өтетін сайлауға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейінде сіздердің елдегі бірқатар саяси науқандарды қадағалағанбыз. Ең бастысы барлық сайлау процестері кезінде біз ешқашандай да заң бұзушыларды байқаған жоқпыз. Осы жолғы сайлауда өткен сайлаулар секілді ашық, әрі сапалы өтетініне сенімдіміз.

Жалпы бүгінгі таңға дейін елімізде барлық деңгейдегі мәлихаттарға – 7883 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарына 1230, аудандық мәслихаттарға 5134 ал, қалалық мәслихаттарға 1519 үміткерлер ұсынылса, солардың бүгінге дейін 3775-і кандидат ретінде тіркелген.

 

 

ОСК екі партияның партиялық тізімін тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 13.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы Әділет және Қазақстан патриоттары партиясының партиялық тізімдерін тіркеді.

Әділеттің атынан сайлауға 59, ал патриоттардан 20 кандидат түсетін болды. Партиялық тізімдерді тіркеу жұмысы желтоқсанның он бесіне дейін жүреді. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында бұл екі саяси ұйыммен қатар Руханият және Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының да партиялық тізімдері тіркелуі қажет еді. Алайда аталған партиялар ұсынған кейбір азаматтарға қатысты мәліметтерде әлі нақтыланбаған мәселелердің пайда болуына байланысты аталмыш екі партияны тіркеуді ертеңгі отырысқа қалдыру жөнінде шешім шығарылды. Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясы Әділет партиясы ұсынған партиялық тізімдегі 61 үміткердің елу тоғызын тіркеуден өткізді. Партия жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевқа кандидат куәлігі мен тиісті құжаттар салтанатты жағдайда табыс етілді. «Әділеттіктер» партиялық тізімге халық сенімін арқалауға лайық азаматтар енген дейді.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біздің партияның тізімінде өзінің кешегісі де бүгіні де таза, білімді, мемлекетіміздің бүгінін ғана емес, ертеңін ойлайтын заңгерлер, экономистер және қоғамға еңбегі сіңген азаматтар мен азаматшалар бар.

Әділеттіктерден кейін Қазақстан патриоттары партиясы тіркеуден өтіп, тиісті құжаттар партия өкіліне тапсырылды. Патриоттарөз үміткерлерін іріктеуде өте мұқият болғанын және алдағы үгіт-насихат науқанына дайын екендіктерін жеткізді.

Болат БЕЙСЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТТАР ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 22 адам түгелдей өтіп отыр списоктен. Соған біз қуаныштымыз деп ойлаймыз. Сол 7 пайызды өтеміз ба деп ойлаймыз. Сол себептен Парламентте орнымыз бар деп санап отырмыз.

Отырыс соңында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мәслихаттар сайлауына кандидаттардың ұсынылуы мен оларды тіркеу жұмысына қатысты ақпарат берді.

Қуандық Тұрғанқұлов, ОСК ТӨРАҒАСЫ:

- Мәслихаттар депутаттарының сайлауында 7883 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға 1230, аудандық мәслихаттарға 5134, қалалық мәслихаттарға 1519 кандидат бар. Қазіргі сәтке дейін мәслихаттар депутаттығына 3775 кандидат тіркелген.

 

 

Екі партияның тізімін тіркеді[7]

 

/«Егемен Қазақстан», 14.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» демократиялық партиясының және Қазақстанның Патриоттары партиясының партиялық тізімдерін тіркеді.

Жекелеген кандидаттар бойынша Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау жөнінде қосымша тексеріс өткізудің қажеттілігіне байланысты «Руханият» партиясының және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының партиялық тізімдерін тіркеу туралы мәселе күн тәртібінен алынып тасталды. Ал 13 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауына 7883 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 1230, аудандық мәслихаттарға – 5134, қалалық мәслихаттарға 1519 кандидат бар. Мәслихаттар депутаттығына 3775 кандидат тіркелген.

 

 

Осы уақытқа дейін ОСК мәслихат сайлауына

барлығы 3 мың 775 адамды кандидат етіп тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 13.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгінгі мәліметтер бойынша, 2012 жылғы 15  қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына үміткер ретінде 7 мың 883 азамат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында мәлім болды.

ОСК мәліметтеріне қарағанда, ұсынылған үміткерлердің 1 мың 230-ы  облыстық, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына, 5 мың 134-і аудандық мәслихаттарға депутат болғылары келеді. Ал 1 мың 519 азамат қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. Осы уақытқа дейін ОСК мәслихат сайлауына барлығы 3 мың 775 адамды кандидат етіп тіркеген.

 

 

ОСК «Ақ жол» партиясының тізімінен

үш азаматты алып тастады

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясының 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына партия атынан ұсынған тізімінен үш үміткерді алып тастады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында осы мәселе жөнінде баяндаған ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, «Ақ жол» партиясының тізімінен алынып тасталған Смағұл Елубай пен Бақыт Сәрсекбаевтың соңғы он жылда елімізде тұрғандығы дәлелденбеген. «Ал тізімнен шығарылған үшінші азамат Марғұлан Тұрғанов мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдіруіне байланысты, өз өтініші бойынша «Ақ жол» партиясының тізімінен шығарылды», - деді ОСК хатшысы.

 

 

ОСК халықаралық ұйымдардан

тағы 16 байқаушыны тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын қадағалау мақсатында елімізге келген тағы 16 байқаушыны тіркеді. Бұл туралы бүгін ОСК-ның кезекті отырысында ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

Ол келтірген деректерге қарағанда, келесі жылы өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысу үшін тіркелген барлық байқаушылардың саны осы уақытта 47-ні құрап отыр. Олардың

46-сы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары институты бюросының миссиясынан. Тағы бір байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының байқаушылар мисссиясынан өкілдік етіп отыр.

 

 

ОСК тағы 16 шетелдік бақылаушыны тіркеді

 

/«BNews.kz», 14.12.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын қадағалау үшін шет мемлекеттердің атынан 16 бақылаушыны тіркеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«14 желтоқсанда Орталық сайлауком шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан тағы 16 бақылаушыны тіркеді», - делінген ОСК хабарламасында.

Жалпы алғанда қазір 47 халықаралық бақылаушы тіркелді, оның ішінде 46-сы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамына, қалған біреуі БҰҰ бақылаушылар миссиясының құрамына кіреді.

 

 

ОСК мәслихат депутаттарының сайлауына

барлығы 5 мың 66 азаматты кандидат етіп тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Биылғы жылдың 14-ші желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына барлығы 8 мың 335 үміткер ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпараттарға қарағанда, ұсынылған үміткерлердің 1 мың 392-сі облыстық және Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына депутат болғылары келеді. Ал 5 мың 339 адам аудандық мәслихаттың депутаттығынан, 1 мың 604 адам қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. Осы уақытқа дейін мәслихат депутаттығына жалпы саны 5 мың 66 адам кандидат ретінде тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәслихат депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталады.

 

 

Мәслихат депутаттығына

8335 кандидат ұсынылды – ҚР ОСК

 

/«BNews.kz», 14.12.2011 ж./ – Мәслихат депутаттығына 8335 кандидат ұсынылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«14 желтоқсанда мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну науқаны аяқталады. Қазіргі уақытта 8335 кандидат ұсынылды. Олардың қатарында облыстық, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына – 1392; аудандық мәслихаттараға – 5339 кандидат; қалалық мәслихаттарға – 1604 кандидат ұсынылды», - делінген комиссияның баспасөз хабарламасында.

ҚР ОСК мәліметтеріне сәйкес, мәслихат депутаттығына 5066 кандидат тіркелді.

 

ОСК «Руханият» партиясының Мәжіліс депутаттарының

сайлауына қатысу үшін ұсынған партиялық тізімін тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті отырыс барысында 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтетін кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысу үшін «Руханият» партиясының атынан ұсынылған партиялық тізімді тіркеді.

Отырыс барысында осы мәселе бойынша баяндаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, «Руханият» партиясының тізімі 27 адамнан тұрады. Б.Мелдешов сонымен қатар тіркелген партия тізіміндегі азаматтардың барлығына олардың Мәжіліс депутаттығына кандидат екендігін растайтын куәліктердің берілетіндігін және партия тізімін тіркеумен байланысты қаулының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатындығын атап өтті.

 

 

ОСК Мәжіліс депутаттарының сайлауына Қазақстанның

коммунистік халық партиясынан ұсынылған тізімді тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстанның коммунистік халық партиясынан ұсынылған тізімді тіркеді.

                Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында осы мәселе жөнінде баяндаған комиссия хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, Қазақстанның коммунистік халық партиясының тізімі 21 адамнан тұрады. Сондай-ақ хатшы аталмыш партия өкілдеріне олардың Мәжіліс депутаттығына кандидат екендігін растайтын куәліктер табыс етілетіндігін атап өтті.

 

 

ОСК ҚКХП мен «Руханияттың» партиялық тізімдерін тіркеді

 

/«BNews.kz», 14.12.2011 ж./ - ОСК ҚКХП мен «Руханияттың» партиялық тізімдерін тіркеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«2011 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» пен Қазақстан комунистік халықтық партияларының партиялық тізімдерін тіркеді», - делінген ОСК баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар Орталық сайлауком Конституция мен сайлау туралы заң ұсынған талаптарға сәйкес келмеуі салдарынан «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының партиялық тізімінен үш кандидатты алып тастады.

 

 

ОСК екі партияның партиялық тізімін тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 14.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы Руханият және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімдерін тіркеді.

Руханият партиясының 27 үміткері және коммунистердің 21 мүшесі сайлауға түсетін болды. Орталық сайлау комиссиясы осы арқылы саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу жұмысын аяқтады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға қатысатын сегіз партияныңсоңғы екеуін тіркеуден өткізді. Руханият партиясынан алдағы сайлауға қатысатын 27 кандидат ресми түрде бекітілді. Осыған орай комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Руханият партиясының төрағасына тиісті құжаттарды тапсырды. Партия жетекшілері партиялық тізімге ең лайықты азаматтар енген дейді.

Мұхтар Шаханов, «Руханият» партиясының мүшесі:

- Партиялық тізімнің құрамына белді-белді адамдар енді. Енді соларменен бірге жұмыс жасаймыз.

Бұдан соң Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі тіркеуден өтті. Тиісті құжаттар партия өкілдеріне табыс етілді. Коммунистер тіркеу жұмысының ойдағыдай өткенін айтып, алдағы сайлауға дайын екендіктерін жеткізді.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП Орталық Комитетінің хатшысы:

- Егер біз Парламентке өтетін болсақ біз Парламентті халықтық етуге барамыз деген сөз. Яғни біз қарапайым халықтың өкілі болып сол мінберден сөйлей аламыз.

Бұған қоса бүгінгі Орталық сайлау комиссиясының отырысында тіркеуден өткен «Ақ жол» демократиялық партиясыныңпартиялық тізіміненүш үміткер алынып тасталды. Осы жөнінде баяндама жасаған комиссия хатшысы Бақыт Мелдешов: «Тізімдегі Смағұл Елубай мен Бақыт Сәрсекбаевтың соңғы он жылда елімізде тұрғандығы дәлелденбеген. Ал тізімнен шығарылған үшінші азамат Марғұлан Тұрғанов мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдіруіне байланысты, өз өтініші бойынша «Ақ жол» партиясының тізімінен шығарылды»деп мәлімдеді. Сондай ақ бүгінгі отырыс барысында шет елдік 16 байқаушы тіркеуден өтті.

 

 

«Руханият» және Коммунистік халық партиялары тіркелді[8]

 

/«Егемен Қазақстан», 15.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында Комиссия «Руханият» партиясының және Қазақстанның Коммунистік халық партиясының партиялық тізімдерін тіркеді.

Отырыста сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізімінен екі кандидатты олардың Конституция мен сайлау туралы заң қоятын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталуына байланысты және тағы бір кандидатты оның мәслихат сайлауына кандидат ретінде сайысқа түсу ниетіне орай шығарып тастады. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабардар еткеніндей, жалпы алғанда, Ортсайлауком 8 партияның 386 кандидаттан тұратын партиялық тізімдерін тіркеді. Бір депутаттық мандатқа шамамен 4 адам бәсекелеседі. Тіркелген кандидаттардың арасында 12 ұлттың өкілі бар. Үміткерлердің орташа жасы – 54 жас. Кандидаттардың 21 пайызын әйелдер құрайды.

Үміткерлердің 99 пайызы жоғары білімді. Олардың 35 пайызының заңгерлік немесе экономикалық білімі бар, 30 пайызға жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары болып табылады. Тіркелген кандидаттардың 13 пайызы төртінші шақырылған Парламенттің депутаттары. Төрттен бірі коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, ал 12 пайызға жуығы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16 пайыздайы ғылым, мәдениет және білім саласында жұмыс істейді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, 14 желтоқсанда Ортсайлауком шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағы 16 байқаушысын тіркеді. Қазіргі сәтке дейін барлығы 47 халықаралық байқаушы аккредиттелген, олардың 46-сы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының және біреуі ТМД байқаушылар миссиясының құрамына кіреді.

14 желтоқсанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталды. Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына 8335 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға – 1392, аудандық мәслихаттарына – 5339, қалалық мәслихаттарға 1604 кандидат бар. Кешегі күнге дейін мәслихаттар депутаттығына 5066 кандидат тіркелген.

 

 

Барлық саяси партиялар тіркелді

 

/«Қазақстан» ТРК, 14.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Руханият пен Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының партиялық тізімдерін тіркеп, олардың жетекшілеріне тиісті құжаттарды тапсырды. Сонымен қатар, Сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында халықаралық бақылаушыларды тіркеу мен алдағы саяси науқанға атсалысатын партиялардың реттік санын белгілеу үшін жеребе тартылды.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін өздерінің бұған дейін 8 желтоқсан күні қабылдаған 66-да 125-ші Қаулысына қайта өзгерту енгізді. Аталған құжатқа сай «Ақ жол» партиясының тіркелген партиялық тізімінен үш азамат алынып тасталды. Олардың екеуі Ата заң мен сайлау туралы заң талаптары бойынша қазақ елінде тұрақты он жыл тұрмаған азаматтар болса, біреуі өз өтінішімен партиялық тізімнен бас тартқан. Сонымен қатар, «Руханият» партиясының атынан келіп түскен хатты Сайлау комиссиясы құзырлы органның қарауына жібергендерін айтты.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Руханият партиясының мүшесінен бір хат түскен. Осы партияның саблюдение Устава. Сол үшін бір хат түскен. Ол хатты біз Бас прокуратураға жібердік. Тексеру нәтижесін тағыда Сіздерге хабардар етеміз.

Алдағы саяси аламанға қатысатын барлық партиялар негізінен тіркеуден толық өтті. Бүгін солардың бірі - «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеген Орталық сайлау комиссиясы партия жетекшілеріне тиісті құжаттарды табыстап, партияның атауын сайлау бюллетеніне енгізу туралы Қаулы қабылдады. Сөйтіп, «Руханият» партиясы ұсынған 36 үміткердің 27-сі ресми түрде тіркелді.

Мұхтар Шаханов, «Руханият» партиясының рухани көшбасшысы:

Партияның тізімінің құрамына белді-белді адамдар енді. Енді солармен бірігіп жұмыс жасаймыз.

Бүгін, сонымен қатар, Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы да тіркеліп, саяси ұйымның атауы сайлау бюллетеніне енгізілді. Алғашында 23 адамды партиялық тізімге енгізген Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының сайлау комиссиясы 21-ін тіркеді. Ал екі үміткер өздерінің тиісті құжаттарын дер кезінде жинап үлгермеген.

Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының хатшысы:

ОСК-сында 21 кандидат біздің партияның атынан тізімге ілігіп, бүгін тіркеуден өтті. Енді бұның ішінде өзіміздің ойлағанымыздай Қазақстандағы қоғамды дамытудағы әр салада қызмет атқаратын, әр салаға белгілі тұлғаларды алып бекітеміз деген ойымыз орнына келді.

Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы 8 партияның 386 кандидаттан тұратын партиялық тізімдерін тіркеді. Олардың арасында 12 ұлттың өкілдері бар. Үміткерлердің 99 пайызы жоғары білімді әрі олардың орташа жастары - 54 жаста. Кандидаттардың 35 пайызы –  заңгерлер мен экономистер. 12 пайызы – мемлекеттік қызметкерлер. 16 пайызы – білім-ғылым, мәдениет саласының мамандары. Саяси партиялардың тізімдерін бекіткен соң, Сайлау комиссиясы олардың сайлау бюллетендерінде орналасу ретін жеребе арқылы анықтады.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Мәжіліс сайлауы бойынша саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетендеріне төмендегідей тәртіппен орналастырылсын! Бірінші - «Нұр Отан» ХДП, екінші - «Патриоттар» партиясы, үшінші - «Руханият» партиясы, төртінші - «Ақ жол» партиясы, бесінші - «ЖСДП», алтыншы - «ҚКХП», жетінші - «Ауыл» партиясы, сегізінші - «Әділет» партиясы.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 37-бабына сай саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетендеріне енгізу арнайы ереже бойынша барлық партия өкілдерінің қатысумен ашық түрде жүргізіледі.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

Меніңше баршаңызға белгілі біз тек қана бюллетенді ғана емес, алдағы сайлауда да бірінші боламыз.

Ғани Қалиев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

Бірінші болсын, жетінші болсын реттік сан онда тұрған ештеңе жоқ. Біз бұл сайлауға өз платформамызбен келдік. Біздің партияны барлық жерде біледі.

Серікжан Мәмбеталин, «Руханият» партиясының төрағасы:

Біздің партияның саны үшінші болды. Сондықтан, осы сайлауда алдыңғы орын аламыз деген ой бар. Үмітіміз көп. Жалпы Қытай пәлсапасында 3 деген сан дамуды білдіреді.

Бүгін еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттарды тіркеудің соңғы күні. Яғни, бұл процесс түнгі сағат 24:00-ге дейін жалғасады. ОСК-на келіп түскен соңғы ақпараттарға қарағанда еліміз бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға 8335 кандидат ұсынылып, оның 5066-сы тіркелген.

 

 

ОСК –да жеребе тартылды

 

/«Хабар» агенттігі, 14.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың жетекшілері мен өкілдері және байқаушылардың қатысуымен жеребе тарту рәсімі өтті.

8 партияға бірдей етіп бөлінген парақшаларды әр партияның басшысы немесе өкілі өздері келіп таңдады. Жеребе тартудың қорытындысы бойынша дауыс беру бюллетенінде бірінші орында «Нұр Отан» партиясы орналасатын болды. Екінші орынға Қазақстанның патриоттар партиясы, үшінші орынға «Руханият» партиясы, төртінші орынға «Ақ жол» демократиялық партиясы, бесінші орынға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, алтыншы орынға Қазақстанның коммунистік халық партиясы, жетінші орынға социал-демократиялық «Ауыл» партиясы орналасады. Ал сегізінші орын «Әділет» демократиялық партиясына бұйырды.

 

 

Жеребе тарту рәсімі өтті

 

/«Егемен Қазақстан», 15.12.2011 ж./ - Кеше кешкісін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тарту рәсімі болып өтті. Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жеребе тарту Орталық сайлау комиссиясының отырысында жүзеге асырылды.

Жеребе тарту рәсіміне партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өкілдері қатысты. Ал рәсім мынадай тәртіп бойынша өткізілді. Түсі мен мөлшері бірдей конверттерге Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ОСК партиялық тізімдерін тіркеген партиялардың санына сәйкес реттік сандары бар парақтарды салды. Бұл ретте бір конвертке нөмірі бар бір ғана парақ салынды.

Конверттер желімделіп, араластырылды және барлық қатысушылардың көз алдындағы үстелге жайылып тасталды. Одан кейін әрбір саяси партияның өкілі кезек-кезек үстелден кез келген конверттің біреуін таңдап, оны ашты. Ішіндегі парақты алып, ондағы нөмірді жариялады. Конверттегі нөмір саяси партияның сайлау бюллетеніне енгізілетін реттік саны болып табылады.

Ал жеребе тарту рәсімінің нәтижелері бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіппен орналасатын болады:

1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы.

2. Қазақстанның Патриоттары партиясы.

3. «Руханият» партиясы.

4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы.

5. Жалпыұлттық социал-демократиялық халық партиясы.

6. Қазақстанның Коммунистік халық партиясы.

7. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.

8. «Әділет» демократиялық партиясы.

 

 

ОСК Мәжіліс депутаттарының сайлауына

8 партиядан 386 адамды кандидат етіп тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын саяси партиялар атынан ұсынылатын соңғы тізімдерді тіркеді. Осылайша Мәжіліс депутаттарының сайлауына барлығы 8 партиядан 386 адам қатысатын болады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, келесі жылғы сайлауда Парламент Мәжілісі депутаттарының 1 мандатына 4 адам  бәсекеге түседі. Тіркелген кандидаттардың арасында 12 ұлттың өкілдері бар. Олардың орташа жастары 54-те, әйелдер 21 пайызды құрайды. Кандидаттардың 99 пайызы жоғары білімді. Олардың 35-і жоғары білімді заңгер немесе экономист. 30 пайызға жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларында қызмет етіп жүрген мамандар. Сондай-ақ кандидаттардың 13 пайызы төртінші шақырылған Парламенттің депутаттары. Төрттен бірі - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 12 пайызға жуығы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16 пайызға жуығы ғылым, білім, мәдениет салаларында еңбектеніп жүр.

 

 

 

 

Мәжіліс депутаттарының сайлауында пайдаланылатын

бюллетеньде «Нұр Отан» партиясы бірінші тұратын болды

 

/«ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында қолданылатын бюллетеньдерде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының атауы бірінші тұратын болды.

Бүгін алдағы жылы елімізде өтетін Мәжіліс сайлауына партиялық тізімдерін тапсырған 8 партияның өкілдері жеребе тарту рәсімін өткізді. Оның нәтижесі бойынша дауыс беру бюллетенінде бірінші орында  «Нұр Отан» партиясының атауы орналастырылатын болды. Екінші орынға Қазақстанның патриоттар партиясы, үшінші орынға «Руханият» партиясы, төртінші орынға «Ақ жол» демократиялық партиясы, бесінші орынға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, алтыншы орынға Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, жетінші орынға социал-демократиялық «Ауыл» партиясы орналасады. Ал ең соңғы сегізінші орын «Әділет» демократиялық партиясына бұйырды.

Айта кетейік, жеребе тарту шарасына саяси партиялардың басшылары, өкілдері мен байқаушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 8 партияға бірдей етіп бөлінген парақшаларды әр партияның басшысы немесе өкілі өздері келіп таңдады.

 

 

Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатын

саяси партиялардың сайлау қорының ең жоғары мөлшері

1 млн 800 мың АҚШ доллары көлемінде болуы тиіс – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 15.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партия өкілдерінің үгіт-насихат науқаны партияның сайлау қорларынан қаржыландырылады.

Бұл туралы бүгін 2012 жылға жоспарланып отырған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына байланысты Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында аталмыш комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, саяси партиялардың сайлау қорларының ең жоғары мөлшері 261,6 миллион теңге болуы керек. Бұл 1 миллион 800 мың АҚШ доллары. «Ал Орталық сайлау комиссиясы өзінің тарапынан саяси партияларға ақпараттық қолдау көрсетеді және бұл ақпараттар барлық партияларға бірдей таратылады. Бұған қоса ОСК республикалық, теле және радиоарналардан ақпараттық бейне және аудиороликтер  көрсетуде. Біз сонымен қатар еліміздің аймақтарындағы сайлау үдерісіне қатысатын азаматтарға арнап,  ақпараттық - оқыту кітапшаларын тараттық. Ал республика азаматтарын елде өтіп жатқан сайлау науқаны мен барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметінен толыққанды хабардар ету үшін  ОСК жанынан баспасөз орталығы ашылды»,-деді ОСК төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында сайлау науқанының барысын жөнінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттар орналастырылып отырады. «Ал баспасөз басылымдарында сайлауға байланысты арнайы айдарлар ашылған. Осы айдарлар мен телеарналарда ОСК мүшелері еліміздің сайлау заңнамаларына байланысты және сайлау науқанындағы қалың көпшілік тарапынан ең көп сұрақ тудырып жүрген мәселелер жөнінде сұхбаттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді»,-деді  В.Фоос.

 

 

Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына

үміткерлер саны 9 мың 619 адамға жетті – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 15.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Кеше, 14-ші желтоқсан күні 2012 жылдың 15-ші қаңтарына жоспарланып отырған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталды.

Мәслихат сайлауына үміткерлерді ұсыну үшін берілген мерзімде республика бойынша 9 мың 619 адам ұсынылды. Бұл мәліметтермен бүгін елімізде өткелі отырған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос таныстырды.

Оның деректерінше, мәслихат депутаттарының сайлауына ұсынылған азаматтардың  1 мың 784-і облыстық және Астана мен Алматы қалаларының мәслихат депутаттары болғылары келеді. Ал 5 мың 820 адам аудандық мәслихаттың депутаттығынан үмітті. Сондай-ақ 2 мың 15 адам қалалық мәслихат депутаты болсақ деп отыр. «Осы уақытта еліміз бойынша мәслихат депутаттарының сайлауына кандидат ретінде 6 мың 773 адам тіркелді. Кандидаттарды тіркеу шарасы 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал 21-ші желтоқсаннан бастап, сайлауалды үгіт жұмыстары басталады»,-деді В.Фоос.

Мемлекет жергілікті өкілетті органдарға депутат болу үшін кандидат болып тіркелген әрбір азаматтың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін радио, телеарна мен баспасөзден бірдей көлемде уақыт бөледі. «Бұған қоса мәслихат депутаттығына кандидаттар баспасөз беттерінен немесе электронды ақпарат құралдарынан көріну үшін өзінің жеке сайлау қорын құра алады. Мәслихат депутаттығынан кандидаттардың сайлау қорларының ең жоғары көрсеткіші 10,5 миллион теңгеден аспауы керек. Бұл шамамен алғанда 71 мың АҚШ доллары»,-деді ОСК төрағасының орынбасары.

 

 

Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына

үміткерлер саны 9 мың 619 адамға жетті – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 15.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Кеше, 14-ші желтоқсан күні 2012 жылдың 15-ші қаңтарына жоспарланып отырған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталды.

Мәслихат сайлауына үміткерлерді ұсыну үшін берілген мерзімде республика бойынша 9 мың 619 адам ұсынылды. Бұл мәліметтермен бүгін елімізде өткелі отырған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос таныстырды.

Оның деректерінше, мәслихат депутаттарының сайлауына ұсынылған азаматтардың  1 мың 784-і облыстық және Астана мен Алматы қалаларының мәслихат депутаттары болғылары келеді. Ал 5 мың 820 адам аудандық мәслихаттың депутаттығынан үмітті. Сондай-ақ 2 мың 15 адам қалалық мәслихат депутаты болсақ деп отыр. «Осы уақытта еліміз бойынша мәслихат депутаттарының сайлауына кандидат ретінде 6 мың 773 адам тіркелді. Кандидаттарды тіркеу шарасы 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал 21-ші желтоқсаннан бастап, сайлауалды үгіт жұмыстары басталады», - деді В.Фоос.

Мемлекет жергілікті өкілетті органдарға депутат болу үшін кандидат болып тіркелген әрбір азаматтың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін радио, телеарна мен баспасөзден бірдей көлемде уақыт бөледі. «Бұған қоса мәслихат депутаттығына кандидаттар баспасөз беттерінен немесе электронды ақпарат құралдарынан көріну үшін өзінің жеке сайлау қорын құра алады. Мәслихат депутаттығынан кандидаттардың сайлау қорларының ең жоғары көрсеткіші 10,5 миллион теңгеден аспауы керек. Бұл шамамен алғанда 71 мың АҚШ доллары»,-деді ОСК төрағасының орынбасары.

 

 

Депутаттыққа үміткерлердің тізімі белгілі болды

 

/«Қазақстан» ТРК, 15.12.2011 ж., Ә. Изатқызы/ - Келер жылдың 15-ші қаңтарына белгіленген мәслихат депутаттығына сайлануға үміткерлердің ұсынылу мерзімі кеше түнгі 24.00-де аяқталды. Алматы бойынша  депутаттыққа 201 кандидат тіркелген. Оның ішінде 87 адамды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынып отыр. Саяси партиялардан 66, ал бірлестіктерден 26 кандидат бар. Бұлардан бөлек 114 үміткер өзін-өзі ұсынған. Кандидаттардың ішінде 153 ер адам, 48 әйел адам бар. Айта кету керек, Алматыда 2 бюллетень таратылатын болады. Біреуі саяси партияларға, екіншісі жергілікті мәслихат депутаттарына дауыс беруге арналған.

 

 

Сағат Ерғали, Алматы қалалық сайлау комиссиясының мүшесі:

Белсенділік былтырға қарағанда өте күшті. Жаңа 160 болса, өткенде, қазір 200-ден аса адам келіп отыр. Ал бұның өзі тартысты өтеді деген сөз. Сондықтан да, ол халықтың өзіне байланысты. Өзі ұсынып отырған қалалық мәслихат депутатын қалай таниды ол. Оның мемлекетке көзқарасы, халыққа көзқарасы, сол мәселелерді көтере ала ма, көтере алмай ма, таңдау сол жердің тұрғылықты сайлаушыларының өздеріне байланысты.

 

 

Мәжіліс пен жергілікті өкілетті органдардың сайлауын бір мезгілде

өткізу 4 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берді – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 15.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Парламент Мәжілісі мен жергілікті өкілетті органдардың сайлауын бір мезгілде өткізу шарасы 4 миллиард теңге бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік берді»,- дейді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос. Бұл туралы ол бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтарына жоспарланып отырған Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының барысына байланысты журналистермен болған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу үшін барлығы 8,2 миллиард теңге жұмсалады деп күтілуде. Бұл шамамен алғанда, 55 миллион АҚШ долары көлеміндегі қаржы.

 

 

ОСК-ға Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы

өтетін күн жария етілгеннен бастап, 39 шағым мен өтініш түскен

 

/«ҚазАқпарат», 15.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетін күн жария етілгенен бастап, 39 шағым мен өтініш түскен.

Олардың 38-і Орталық сайлау комиссиясының отырыстарында қаралып, тиісті түсініктеме берілді. Ал бір арыз әлі қаралу үстінде. Бұл мәліметтермен бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтарына жоспарланып отырған Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының барысына байланысты журналистермен болған баспасөз мәслихатында

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос хабардар етті.

Оның сөзінше, Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударып отыр. «Бұл ретте саяси партиялар мен олардың қызметтері жөніндегі ақпараттарды таратуда заңға қайшы кедергілердің жоқтығын ерекше атап өту керек»,-дейді В.Фоос.

 

 

ОСК мүшелері шетелдік тілшілермен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 15.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарына арнап арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Кезектен тыс Парламент Мәжілісінің сайлауынан төрткүл дүниеге хабар таратуға көптеген елдердің журналистері ниет білдіріп отыр. Әзірге еліміздің Сыртқы істер министрлігінің тіркеуінен 80-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы өткен. Олардың арасында аты дүйім жұртқа таныс Рейтер, Би Би Си, Дейли телеграф, Жин минь жибао, Россия сынды алыс жақын шет мемлекеттерден келген ақпарат құралдары бар. Бүгін солардың жартысына жуығы арнайы баспасөз мәслихатына қатысты. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері шетелдік тілшілерге Қазақстанның Сайлау туралы заңының барлық тұстарын түсіндіріп, сайлау науқаны туралы толық мағлұмат берді. Кеше барлық саяси ұйымдарды тіркеу жұмыстары аяқталып, жеребе тартылды. Ертең ресми түрде үгіт-насихат жұмыстары басталады. 13 қаңтарға дейін жалғасатын сайлауалды бәсекені бақылауға шетелдік байқаушыларда бірінен соң бірі келіп жатыр.

 

 

Бақыт МЕЛДЕШОВ, ҚР ОСК ХАТШЫСЫ:

- Дәл қазір 15 желтоқсан күні ОСК 47 шетелдік бақылаушыларды тіркеді. Оның ішінде 46 адам ОБСЕ-ден, бір адам ТМД елдерінен. Бұл енді бастамасы ғой. Жаңа жылдың алдында, жаңа жылдан кейін өте көп болады деп ойлаймын.

 

 

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы

елде демократияны дамытуға бағытталған жаңа, тың қадам болады

деген үміттеміз - ОСК төрағасының орынбасары В.Фоос

 

/«ҚазАқпарат», 15.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Кеше 14 ақпан күні 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталды. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Мәжіліс сайлауына саяси партияның атынан ұсынылатын соңғы тізімдерді тіркеді. Осылайша, еліміздің басты саяси науқандарының бірі Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының бастапқы, маңызды кезеңдерінің бірі артта қалды.

Осыған қарай  бүгін Орталық сайлау комиссияларының өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бастарын қосып, баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Онда ОСК өкілдері сайлау науқанының барысы мен науқан барысында туындаған мәселелер төңірегінде және өздері атқарып жатқан істер жөнінде қалың көпшіліктің сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар басқосуда Мәжіліс депутаттары сайлауына ұсынылған үміткерлерге қатысты атқарылған жұмыстар да қорытындыланды. ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос мырзаның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясында сайлауды өткізуге қажетті барлық кадрлық және материалдық ресурстар бар. Сондықтан комиссия келесі жылға жоспарланып отырған сайлауды барлық талаптарға сай өткізуге дайын. Басқаша айтсақ, ОСК ел азаматтары мен сайлауға қатысушылардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды жасайды. «Түптеп келгенде Парламент пен жергілікті өкілетті орган депутаттарының сайлауын бір күнде өткізу жөніндегі шешімнің өзі бізге өте тиімді болып отыр. Себебі осы шара арқылы мемлекет 4 миллиард теңге қаржы үнемдеді», - деді ОСК төрағасының орынбасары баспасөз мәслихатында айтқан сөзінде.

Оның деректерінше, келесі жылға жоспарланып отырған сайлауларды өткізуге бөлінген қаржы көлемі 8,2 миллиард теңгені немесе 55 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Яғни бір мезгілге тағайындалған екі бірдей сайлауға қажетті ең басты алғышарттардың бірі жасалды. Ендігі кезек сайлауда заң аясында, ашық та әділ етіп өткізу міндеті ғана тұр. Ал бұл мәселеге жауапты Орталық сайлау комиссиясы мен оның өңірлердегі өкілдіктері және аймақтық сайлау комиссиялары. Осы уақытта еліміздегі сайлау комиссияларының саны 13 мың 315-ке жетіп отыр. Олардың құрамында 93 мың адам жұмыс істеуде. Орталық сайлау комиссиялары мен оның аймақтағы өкілдіктері сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің күнтізбесін жасап, сол жоспарға сай әрекет етуде. Әзірге бұл жоспар сайлау комиссиясы мүшелерінің жүрістерінен жаңылмай, ұйымдастыру шараларын талапқа сай жүзеге асыруға мүмкіндік жасап отыр. Бұлай дейтініміз, Орталық сайлау комиссиялары келесі жылы Парламент депутаты атану үшін бәсекеге түсетін партиялардың өкілдерінің тізімін тап-тұйнақтай етіп тіркеді. Ең бастысы6 бұл іс ашық әрі жариялы түрде өтті. Нәтижесінде сайлауға қатысуға құқы бар барлық 8 партия да елдегі басты саяси науқаннан тыс қалмайтын болды. Осы уақытта олар тіпті жеребе тартып, дауыс беру бюллетеньдерінде қай партияның қандай орында орналасатындығын да шешіп алды. Осылайша Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы күні азаматтар дауыс беретін бюллетеньнен бірінші кезекте «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясын көреді. Ал екінші орынға Қазақстанның патриоттар партиясы, үшінші орынға «Руханият» партиясы, төртінші орынға «Ақ жол» демократиялық партиясы, бесінші орынға Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, алтыншы орынға Қазақстанның коммунистік халық партиясы, жетінші орынға Социал-демократиялық «Ауыл» партиясы орналасты. Ең соңғы орында «Әділет» демократиялық партиясы тұр.  

Ертең саяси партия атынан жарысқа түсетін азаматтар  өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарын бастайды. Осы ретте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәжіліс сайлауына саяси партиялар атынан түсетін кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарының толықтай партияның сайлау қорларынан қаржыландырылатындығын атап көрсетті. Алайда сайлауға түсетін әрбір партияның сайлауалды қоры 261,6 миллион теңгеден асып кетпеуі керек. Орталық сайлау комиссиясы болса, өзінің тарапынан партиялардың барлығына теңдей дәрежеде ақпараттық көмек көрсетеді. Бұдан бөлек ОСК аймақтық және республикалық электронды ақпарат құралдары мен мерзімді басылымдарда сайлау науқанына байланысты түрлі материалдарды жариялауда. Ал сайлау жұмыстарын еліміздің аймақтарында жүзеге асыратын азаматтар үшін арнайы кітапшалар дайындалып таратылды. Сайлау барысында болып жатқан оқиғалардан қалың көпшілікті дер кезінде хабардар етіп отыру үшін Орталық сайлау комиссиясынан арнайы баспасөз орталығы да қызмет етуде. Осы мақсатпен елдегі бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар да ашылып, тиісті жұмыстар жүргізуде. 

Орталық сайлау комиссиясы сонымен қатар сайлау үдерісіне қатысушы азаматтардың құқықтық сауаттарының жоғары болуына да көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта жуырда ғана елордада сайлауды ұйымдастырушыларға арнап, республикалық семинар ұйымдастырылды. Кейінірек бұл шаралар еліміздің аймақтарына ойысты. «Сайлау науқанындағы маңызды жұмыстардың бірі сайлаушылардың тізімін жасақтаумен байланысты.  Осы ретте айта кететін мәселе - еліміздің сайлау заңнамалары бойынша, жергілікті атқарушы органдар желтоқсанның 25-інен қалдырмай сайлаушылардың тізімдерін жасап бітірулері керек. Себебі бұл тізім сайлау өтетін күнге 15 күн қалғанда тұрғындардың назарына ұсынылуы тиіс. Сайлаушылар дауыс беру күніне дейін өздерінің тізімде бар екендіктеріне көздерін жеткізулері қажет»,- дейді В.Фоос.

Сондай-ақ мәслихат депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну мерзімінің аяқталуына байланысты осы жұмыстарды қорытындылаған ОСК басшысының орынбасары мәслихат сайлауына еліміздегі 3 мың 335 сайлау округінен барлығы 9 мың 619 адам ұсынылғандығын мәлім етті.  Бұл азаматтардың 1 мың 784-і облыстық, Астана мен Алматы қалаларының депутаттары болғысы келсе, 5 мың 820 адам аудандық мәслихат депутаттығынан үмітті.  2 мың 15 адам қалалық мәслихаттың депутатты боламын деп құлшынып отырған көрінеді. ОСК әзірге олардың тек 6 мың  773-ін ғана кандидат етіп тіркеген. Өзге үміткерлердің де болашақта кандидат болып қалулары   мүмкін. Себебі кандидаттарды тіркеу шаралары 20-шы желтоқсанға дейін жалғасады. Ал 31 желтоқсаннан бастап мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт науқаны басталады. Бұл бағыттатағы жұмыстарға, яғни мәслихат депутаттығынан кандидаттардың  ақпарат құралдарынан көрінуі үшін ОСК барлығына бірдей уақыт бөліп бермек. Мәслихат депутаттары үгіт жұмыстарын өздерінің жеке сайлау қорлары арқылы да жүргізе алады. Ең бастысы, бұл қорлардың мөлшері 10,5 миллион теңгеден асып кетпеуі керек.

Ал әзірге сайлау науқаны ың-жыңсыз тыныш өтуде. Соған қарамастан Орталық сайлау комиссиясының жанынан Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі консультативті кеңес беру жөніндегі қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеуде. Бұл кеңес осы уақытқа дейін тұрғындардан түскен 38 шағымдар мен өтініштерді қараған. Олардың дені сайлау науқанына байланысты кейбір мәселелерді түсінбеушіліктен туындаған. Сондықтан бұл шағымдар мен өтініштердің иелеріне тиісті жауаптар берілді. Ал тағы бір өтініш әлі қаралу үстінде. Сондай-ақ ОСК кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге де баса көңіл бөліп отыр. Ал жақында Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері сайлау туралы мәліметтерді таратқанда тиісті талап-тілектердің барлығын назарды ұстайтындықтарын айтып, арнайы Хартия қабылдаған. Оның үстіне ОСК-ның өзі де елдегі 53 баспасөз басылымдары мен  13 республикалық телеарнаның және 7 ақпарат агенттігінің 19 танымал интернет-ресурстарға мониторинг жүргізіп отыр. «Ал сайлаудың ашық та жариялы, яғни демократия ұстанымдарына сай болуын қамтамасыз ету үшін елде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары жұмыс істеуде. Осы уақытта ОСК 47 халықаралық байқаушыны тіркеген. Олардың 46-сы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының миссиясынан болса, 1 байқаушы ТМД-ның байқаушылар миссиясынан тіркелген. Байқаушыларды тіркеу шаралары келесі жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады. Сондықтан олардың саны алдағы уақытта арта түсуі де мүмкін. Осы ретте айта кететін мәселе - еліміздің «Сайлау туралы» заңы қабылданғалы оған 12 рет 780 өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Біз ынтымақтасуға қашан да дайынбыз және біз осы сайлау науқаны елде демократияны дамытуға бағытталған жаңа тың қадам болады деген үміттеміз», - дейді ОСК төрағасының орынбасары.

 

 

 

 

 

ОСК мүшелері брифинг өткізді

 

/«Қазақстан», 15.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Орталық сайлау комиссиясына осы күнге дейін алдағы сайлау науқанына байланысты барлығы 39 арыз шағым келіп түскен. Бұл туралы бүгін отандық және шетелдік ақпарат құралдарымен және бақылаушылардың қатысуымен өткен брифингте орталық сайлау комиссиясының мүшелері мәлімдеді. Сайлау комиссиясына келіп түскен хаттарға комиссия мүшелері дер кезінде жауап берген.

Сонымен қатар, брифингте сайлау комиссиясының мүшелері келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға дайындық пен оны ұйымдастыру шаралары туралы жан-жақты баяндады. Ең бастысы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауын бір мезетте өткізе отырып, ел Үкіметі қазынаның 4 миллиард теңгесін үнемдеуге қол жеткізген.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Көбінесе консультация ретінде қандай заңдармен байланысты, ол қалай қолдану керек «Сайлау» заңында, қайсысы дұрыс, қалай істеу керек, әртүрлі бір проблемалар туған кезде сондай-сондай өтініштер көбінесе. Ал былай шағымдар, проблема туғызды, келіспеді, заңмен байланысты әрекеттер істелінбеді деген ондай шағымдар жоқ.

 

 

Күмәнді парақшаларға «Нұр Отанның» қатысы жоқ!

 

/«Хабар» агенттігі, 15.12.2011 ж./ - Парламент сайлауына үгіт-насихат жұмыстары басталмай жатып, Алматыда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының беделіне нұқсан келтіретін лас саяси технологиялар қылаң бере бастады.

Бұл туралы бүгін жедел арнайы брифинг өткізген қалалық партия төрағасының орынбасары Махамбет Бейдәлі мәлімдеді. Махамбет Бейдәлінің мәліметінше, бүгін түнде қаланың кейбір аудандарында алматылықтарды 16-шы желтоқсанда өткізетін арнайы концертке шақырған парақшалар таратылыпты. Күмәнді парақшада «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырып отырған бұл шараға келушілерге қымбат сыйлықтар таратылады делінген екен. Бірақ, Бейдәлі мырза бұл концерт пен қатемен жазылған бұл парақшаларға «Нұр Отан» партиясының еш қатысы жоқтығын айтып, қала тұрғындарын мұндай жалған ақпаратқа сенбеулерін сұрайды.

Махамбет БЕЙДӘЛІ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Үгіт-насихат жұмыстары 16 желтоқсаннан басталады. Халыққа дұрыс емес мәлімет таратылған. «Нұр Отанға» күйе жағуда. Халық өз құқықтарын біледі. «Нұр Отанның» бұл листовкаларға еш қатысы жоқ.

 

 

Сайлауға дайындық қарқынды жүріп жатыр

 

/«Қазақстан», 16.12.2011 ж., Б. Көшербаев/ -  Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті маслихаттардағы 321 депутат орнына 1012 үміткер тіркелді. Оның ішінде 347 адам партиялар атынан болса, 665 адам өзін-өзі ұсынған.

Сайлау кезінде облыс бойынша 1096 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мамандардың есебінше, облыста сайлау құқығына ие 861 368 адам бар. Қазір жергілікті атқарушы органдар олардың тізімдерін жасап жатыр. Сайлау комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, облыс тұрғындарының электоралды белсенділігі жоғары деңгейде.

Жанат Әкімова, Орталық сайлау комиссиясының облыстағы өкілі:

Жылдан жылға, сайлау сайын шығысқазақстандықтардың электоралды мәдениеті жоғарлап келеді. Сайлау күні белгіленгеннен-ақ, тұрғындар қай жерде дауыс беретіндерін анықтап, саяси науқанға қатысудан белсенділік танытады.

Сондай-ақ, бүгін жұмыспен немесе басқа себеппен тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алмайтын адамдарға, сайлау күні болатын аймақтың әкімдігіне арнайы арыз жазудың соңғы күні. Аян Қабиолданов – Зайсан ауданының тумасы. Тіркеуде туған қаласында тұрғанымен, қазір Өскеменде жұмыс істеп жүр. Сондықтан, ол қалалық әкімдікке арыз жазып, облыс орталығындағы сайлаушылар тізіміне енді.

 

 

Аян Қабиолданов, Өскемен қаласының тұрғыны:

Жергілікті тұрып жатқан жерде, сайлау құқығын алу үшін Өскемен қаласы әкіміне арыз жаздым. Маған барлығын түсіндіріп берді, 15 қаңтар күні №7 сайлау учаскесіне сайлау құқығына ие болдым. 15 қаңтар  күні өзімнің сайлау борышымды атқарам.

 

 

БҚО-да барлық деңгейдегі маслихаттардың

депутаттығына үміткерлер ұсыну аяқталды

 

/«Хабар» агенттігі, 15.12.2011 ж./ - Барлығы 666 үміткер ұсынылып, содан 413 депутаттық мандаттан үміткерлер тіркелді.

Ұсынылған үміткерлердің басым бөлігі өздерін ұсынғандар. Олардың саны 430. Басқаларын партиялар және қоғамдық бірлестіктер ұсынған. Үкіткерлердің арасында елдегі барлық саяси ұйымдардың өкілдері барын айта кету керек. Басым көпшілігі «Нұр Отан» ХДП, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы және Қазақстан халықтық коммунистік партиясынан. Облыста 523 сайлау бөлімшелері жұмыс істейді. Олардың бәрі қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Қазіргі уақытта облыстық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін нақтылаумен айналысуда. Олар бұл жұмысты 25-желтоқсанға дейін аяқтауға тиіс. Соңғы деректерге қарағанда, 390 мың батыс қазақстандық сайлау құқығына ие. Облыстық сайлау комиссиясы аймақтың барлық он екі ауданымен телефон және интернет байланыс орнатқан, ақпараттық түсіндіру материалдары таратылуда. Облыстың кез келген тұрғыны телефон арқылы алдағы сайлауға қатысты кез келген ақпаратты және өзінің сайлаушылар тізімінде бар екенін анықтай алады.

 

 

Қарағандыда Парламент сайлауына

дайындық кестеге сай жүргізілуде

 

/«Хабар» агенттігі, 15.12.2011 ж./ - Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағанбетов штабтың кезекті басқосуында мәлімдеді.

Осы уақыт аралығанда облыстық сайлау комиссиясына ешқандай шағым түспеген. Барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына 797 адам өз кандидатураларын ұсынған. Олардың 300-дейі әртүрлі саяси партиялар мен бірлестіктерден. Қалғандары өздерін өздері ұсынғандар. Әзірге 400 үміткер тіркеуден өтті. Қалғандарының тіркеуден өтуіне сайлау заңына сәйкес 5 күн уақыттары бар. Облыстық қалалық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу 20 желтоқсанда аяқталады. 21-нен бастап сайлауалды насихат шарасы басталады. Облыстық сайлау комиссисының хатшысы Наталья Баталованың айтуынша, бақылаушыларды тіркеу жұмысы да қатар жүргізілуде. Бұл ретте нұротандықтар белсенділік танытуда. Партияға мүше 2 мыңнан аса адамнан өтініш түскен. Қазір сайлаушылар тізімін нақтылау жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Тізімдер әлі де нақтылануда. Бұл жұмыс 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан біз бұл тізімді аудандық, қалалық комиссияға жібереміз. Бес күннен кейін барлық сайлау учаскелері өздерінің сайлаушыларының тізімін ілетін болады.

 

 

Партиялар үгіт жұмыстарына кірісті

 

/«Егемен Қазақстан», 16.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясында қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг болып өтті. Брифингте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос журналистерді сайлау науқаны барысынан, оның негізгі кезеңдерінен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар жөнінен, сондай-ақ сайлауларды ұйымдастыруға және өткізуге бюджеттен бөлінген қаржы көлемінен хабардар етті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы 16 қарашада өз Жарлығымен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2012 жылғы 15 қаңтарға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың сайлауын 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындаған болатын. Сол күні Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын да 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындаған-ды.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың атап өтуінше, екі сайлауды бір күнде өткізу 4 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал сайлау науқандарын ұйымдастыруға және өткізуге шамамен жалпы көлемі 8,2 миллиард теңгедей қаржы жұмсалады. Бұл 55 миллион АҚШ долларын құрайды. Сайлау туралы заңдарға сәйкес Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттар белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткізіледі және партиялық тізімдер бойынша сайланады.

Сайлауларды бір мезгілде өткізу дайындықтарын орталық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. «Алда тұрған сайлау науқандары барысында құрамы 93 мыңнан астам адамды қамтыған 13315 сайлау комиссиялары жұмыс істейді, – деді Владимир Фоос осы туралы. – Орталық сайлау комиссиясы нақты кезеңдер бойынша сайлауларды ұйымдастыру және өткізудің Күнтізбелік жоспарын бекітті. Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына кандидаттар ұсыну 2011 жылғы 16 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтті. Ал партиялық тізімдерді тіркеу 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Аталған мерзім ішінде Орталық сайлау комиссиясы 8 партияның партиялық тізімдерін тіркеді. 16 желтоқсаннан бастап партиялар сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауына болады».

ОСК төрағасының орынбасары бұдан кейін үгіт шаралары кезінде саяси партиялардың сайлау қорларына тоқталды. Оның айтуынша, үгіт шаралары партиялардың сайлау қорлары есебінен жүзеге асырылады. Партиялардың сайлау қорларының төменгі мөлшері 261,6 миллион теңгені құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өзі тарапынан партияларға ақпараттық қолдау көрсететін болады. Бұл мәселеде Орталық сайлау комиссиясы қандай да бір саяси партияға артықшылық бермейді. Яғни, бейтарап сипат ұстанады. Сонымен қатар, Орталық сайлау комис­сиясы республикалық және өңірлік телерадио арналарына ақпараттық және жұмылдыру сипатындағы бейне-аудиолар әзірлеп, орналастырды. Бұған қоса еліміздегі сайлау үдерістеріне қатысушылар үшін ақпараттық және жадынамалық нұсқаулықтарды да өңірлерге жіберді. Сондай-ақ қазіргі кезде Комиссия мүшелері мен аппарат қызметкерлері басылымдар беттерінде, телерадио эфирлерінде сұхбаттар беру арқылы сайлау заңнамаларын түсіндіру шараларын да қолға алып отыр.

«Осы жылдың қарашасында Астанада сайлауларды ұйымдастыруға байланысты республикалық семинар-кеңес болып өтті, – деді Владимир Фоос. – Одан кейін бұл шара еліміздің аймақтарында да ұйымдастырылды. Мұндай семинар-кеңестер еліміздің барлық облыстарында өткізілді. Оның жұмысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды».

ОСК төрағасының орынбасары тағы бір аса маңызды мәселе ретінде сайлаушылар тізімін анықтау және салыстыру жұмыстары екендігін атады. Оның хабардар етуінше, сайлау заңнамаларына сәйкес сайлаушылар тізімін жасау және оларды акті бойынша тиісті сайлау комиссияларына тапсыру жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) 25 желтоқсанға дейін толық аяқтауы қажет. Ал учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімдерін сайлаушылардың танысуы үшін сайлауға 15 күн қалғанға дейін, яғни 2011 жыл­дың 30 желтоқсанынан қалдырмай ұсынуы тиіс.

Жергілікті өкілетті органдардың сайлауына депутаттыққа кандидаттар ұсыну 14 желтоқсанда аяқталған еді. «Барлық 3335 сайлау округтері бойынша 9619 үміткер ұсынылды, – деді В.Фоос осыған байланысты. – Олардың ішінде облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 1784, аудандық мәслихаттарға – 5820, қалалық мәслихаттарға 2015 кандидат бар. Қазіргі уақытқа дейін мәслихаттар депутаттығына 6773 кандидат тіркелді. Кандидаттарды тіркеу 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал 21 желтоқсаннан бастап сайлауалды үгіт жұмыстары басталады. Тіркелген депутаттыққа кандидаттардың әрқайсысына телерадио және баспа басылымдарында үгіт шараларын жүзеге асырулары үшін бірдей қаржы бөлінетін болады. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының ең төменгі мөлшері 10,5 миллион теңгені құрайды. Кандидаттар сондай-ақ осы мақсатқа өздерінің жеке сайлау қорларын құруларына да болады».

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы орынбасарының атап өтуінше, ОСК сайлаушылардың өздерінің конституциялық құқығын тиімді және еркін жүзеге асыруына барлық мүмкіндіктер жасайды. Сонымен бірге, Комиссия сайлауларды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті кадрлық және материалдық ресурстарға ие. Саяси партиялармен, сайлау үдерісіне қатысушылармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді қатынастар орнатуға әзір. Осыған байланысты Ортсайлауком жанынан алқалық консультативті кеңесші орган – Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. «Қазіргі кезде Орталық сайлау комиссиясына 93 өтініш түсті, – деп жалғастырды сөзін Владимир Фоос. – Олардың 38-і біздің тарапымыздан қаралды және тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді. Бір өтініш қарастырылу сатысында тұр».

Бұдан кейін ол сайлау үдерістері барысында қазақстандықтарды нақты және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету жайына тоқталды. ОСК төрағасы орынбасарының атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы сайлау кампаниясының барлық кезеңінде 53 баспа басылымына, 13 республикалық телеарнаға, 7 ақпарат агенттігіне және кеңінен танымал 19 қоғамдық-саяси интернет ресурстарына мониторингі жасауды жүзеге асырады. Осыған байланысты жергілікті жерлерде партиялар мен кандидаттардың баспалық үгіт материалдарының еркін таралуына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, еліміздің барлық елді мекендерінде үгіт материалдарын орналастыру үшін арнайы орындар, ақпараттық қалқалы жабдықтар, тағы басқалар дайындалады. Және саяси партиялар мен кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізулеріне тең жағдайлар берілетін болады.

Сөзінің қорытындысында Владимир Фоос сайлауларды байқауға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына қатысты мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, 2005 жылы кезектен тыс Президент сайлауына шет елдер мен халықаралық ұйымдардан – 1227 байқаушыны, 2007 жылғы кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына – 1179, осы жылдың сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауына – 1059 байқаушы және 212 шет ел БАҚ-тарының өкілдері аккредиттелген. Ал осы сайлауға шетелдік байқаушыларды Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеуден өткізеді. «Қазіргі кезге дейін Орталық сайлау ко­миссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 47 байқаушысын аккредиттеді, – деді ол. – Оның 46-сы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан, 1-еуі ТМД байқаушылар миссиясынан. Байқаушыларды аккредиттеу 2012 жылдың 9 қаңтарына дейін жалғасады».

Брифинг соңынан Владимир Фоос журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

 

 

Н.Назарбаев Астанада «Нұр Отан» ХДП републикалық

сайлауалды штабында селекторлық кеңес өткізді

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, селекторлық кеңес өткізді.

Бүгін ҚР Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаев Астанада партияның републикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізді. Штабқа барысымен Президент ең алдымен барлық аймақтармен тікелей байланыс орнатылған сараптама-талдау тобының, баспасөз орталығының, логистикалық орталықтың жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге Партия төрағасы республикалық штабта барлық аймақтағы партияның штабтарымен бейнеМәжіліс түрінде кеңес өткізді.

«Ең бірінші баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, осы мереке барлығымыз үшін зор қуаныш, бұған көптен әзірлендік және кеше салтанатты жиын өткіздік. Ендігі алдымызда тұрған үлкен мақсат тура 1 айдан соң өтетін Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы. Бүгін ресми түрде осы науқанды ашайын деп отырмыз. Соған орай «Нұр Отан» ХДП штабына арнайы келіп, барлық дайындықпен таныстым. Бұның жұмысын жоғары бағалаймын», -  деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ кеңес барысында Президент республика өңірлеріндегі барлық штабтардың жұмысына байланысты штаб басшыларының баяндамаларын тыңдап, нақты міндеттер жүктеді.

 

 

Н.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП

сайлауалды штабының жиналысын өткізді

 

/«BNews.kz», 16.12.2011 ж./ - Бүгін Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның републикалық қоғамдық штабында болып, партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.

Селекторлық кеңесті ашып, Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс сайлауы бойынша сайлауалды науқанның 16 желтоқсанда ресми түрде басталғанының терең мәні барын атап өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Қазақстанның дамуының жаңа тарауын ашып беріп отыр.

«Мәжіліс сайлауы қазақстандық саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңі болуы керек. Сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжіліс құрамында кемінде екі саяси партия болады», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин Мемлекет басшысын «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабының сайлауға толық дайындығынан хабардар етті. Еліміздің барлық өңірінде 226 штаб құрылған. Қазақстанның тиісті сайлау заңнамасына толық жауап беретін сайлауалды науқанның желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленіп, заң сараптамасынан өтті.

Селекторлық кеңес барысында партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.

Мемлекет басшысы барлық партиялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сайлауалды науқан кезеңінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды.

«Біздің алдымызда әділетті және таза сайлау өткізу міндеті тұр. Барлық билік органдары тек қана өз істерімен айналасып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек. Бас прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды, заңнаманың бұзылу фактілері туралы шағымдар мен өзге де өтініштерге жедел жауап қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлауды бақылауды және қоғамдық тексеруді қамтамасыз ету қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Байланыс және ақпарат министрлігіне Орталық сайлау комиссясымен бірлесіп барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

«Нұр Отан» мен өзге де партиялардың негізгі басымдықтары бірлікті және қоғамның тыныштығын нығайту болуы тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» халықтық партия екенін атап көрсетті. Соңғы президенттік сайлау қазақстандықтардың жүргізіліп отырған саясатты толық қолдайтынын және ұлттың стратегиялық бағытпен жүруге дайын екенін анық көрсетті.

«Біздің партиямызға 850 мыңнан астам адам мүше. Еліміз бойынша 7 мың бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Сондықтан біз адамдарға не керектігін, елімізге не қажет екендігін білеміз. Сайлауалды науқан кезеңінде болашақ дамуымыздың стратегиясын, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру маңызды. Ол басымдықтар партияның «Ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан. Мақсаттар 2017» сайлауалды тұғырнамасында және менің «Нұр Отан» ХДП-сының XIV съезінде сөйлеген сөзімде көрініс тапқан. Бұл партияның сайлауалды штабының басты міндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Президент «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабында болып, сараптамалық-талдау тобының жұмысымен танысып, баспасөз орталығын, логистикалық орталығы мен Мәжіліс залын көрді, барлық өңірлермен тікелей байланыс орнатылғанына көз жеткізді.

 

 

Сайлау елді ажыратпай, қайта бірлікті

нығайта түсуі шарт - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Алдағы сайлау елді ажыратпай, қайта бірлікті нығайта түсуі шарт. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Республикалық штабтағы селекторлық кеңес барысында аймақтармен бейнебайланыс арқылы штаб басшыларының баяндамаларын тыңдаған Президент, сайлауалды әзірлікті жоғары бағалады. Жиынды қорытындылау барысында жұртшылықты ең алдымен мерекемен құттықтады. «Алдағы дүбірлі додаға сәттілік пен жеңіс тілеймін. Біз көктемде өткен Президент сайлауында  елдің көңіл-күйін көрдік, білдік. Ол сайлау мен алдағы сайлаудың айырмашылығы болса да, алдағы науқанды өткендегі сарында жүргізу қажет деп білемін және солай істесек барлығы дұрыс болады деп ойлаймын. Біз осы ғасырдың екінші онжылдығына қарай аяқ басқалы тұрмыз. Алдымызда кезең-кезеңімен атқаратын жұмыстар мен қиындықтар баршылық», - деген Президент кешегі Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында көтерген мәселелеріне тағы тоқталды. «Алдағы онжылдық барша әлемге де оңай болайын деп тұрған жоқ. Біз де дүниенің бір мүшесі ретінде өзгерістерден тыс қала алмаймыз», - деді Президент.

«Сайлау бәйге секілді. Ендеше, бәсекенің көрігі қызатын уақыт та келді. Сол бәйгенің басты жүлдесін біз алуымыз керек. Ал бұл аламанға ешқандай да «көлеңке» түспейтіндей, барлық іс заң жүзінде өрбуі шарт. Сонымен қатар, халқымызда «Береке бастауы - бірлік» деген сөз бар. Ендеше сайлау елді ажыратпай, қайта бірлікті нығайта түсуі шарт. Бұны барлық партияларға айтқым келеді. Біз бір-бірімізді қанша сынасақ та, елдің бірлігі мен халықтың татулығын, Қазақстанның ішіндегі тұрақтылықты сақтауды ең бірінші назарда ұстауымыз керек. Бұл тек «Нұр Отанның» ғана емес, барлық партиялардың, қазақстандықтардың алдында тұрған жауапты міндеті. Ендеше біздің парасатты жұртымыз бұл сайлауды да жоғары деңгейде өткізеді деп сенемін», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент алдағы Парламент Мәжілісінің көппартиядан тұратындығы туралы Конституция қағидасын еске салып, басқа партиялардың жұмыстарына да сәттілік тіледі.

 

 

Елбасы Н. Назарбаев: Сайлау барысына мемлекеттік

органдар ешқандай да араласпауы керек

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Барлық мемлекеттік органдар, оның ішінде әсіресе атқарушы билік органдары тек қана өздерінің ісімен шұғылданып, сайлау науқанына араласпауы керек. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Жиынды қорытындылаған Президент алда әділ, шыншыл және мөлдір сайлау өткізу міндеті тұрғанын және ондай сайлау ағымдағы жылдың сәуірінде өткенін атап өтті. Алдағы Мәжіліс сайлауына қатысты да өткен тәжірибеде мойындалған бағытта жұмыс жасау қажеттігін ескерткен Н. Назарбаев, бірқатар маңызды міндеттерге тоқталып өтті. «Біріншіден, сайлау науқаны барысында ең алдымен қолданыстағы заңнамалардың қатал сақталуын қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мемлекеттік органдар, оның ішінде әсіресе атқарушы билік органдары тек қана өздерінің ісімен шұғылданып, сайлау науқанына араласпауы керек», - деді Елбасы.

Осыған байланысты Президент барлық деңгейдегі әкімдердің қаперіне сайлау заңнамасының қатаң сақталуы тиістігін ерекше салып өтті. «Бүгінгі селекторлық кеңес барысында есеп берген барлық облыстардағы штабтар жұмыс істейтін болса, оған әкімшіліктің кірісуінің қажеттілігі қандай?», - деді Президент Н. Назарбаев.

 

 

Елбасы Н. Назарбаев Бас прокуратураға сайлау

заңнамасының сақталуын қадағалауды тапсырды

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуратураға алдағы сайлау барысында заңнаманың сақталуын қадағалауды жүктеді.

«Атқарылған маңызды шараларға қарамастан, мен Бас прокуратураға сайлау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуді, заңнаманың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды тапсырамын. Бас прокуратура сайлау барысында туындауы мүмкін шағымдарға шапшаң жауап қатулары және егер заңнаманың бұзылғандығы туралы фактілер орын алып жатса бағасын беріп отырулары керек», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент барлық қажетті шаралар уақытылы жүзеге асып, заңның орындалмауының жолын кесетін жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертті.

 

 

 

 

Сайлаудың үгіт науқаны барысында барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігі қамтамасыз етілуі керек - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Сайлаудың үгіт науқаны барысында барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігі қамтамасыз етілуі керек. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Байланыс және ақпарат министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, сайлау үгіт науқаны барысында барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігін қамтамасыз етулері керек. Бұдан бөлек, сайлау барысын қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Біздің партияның өзі барлық сайлау учаскелерінде басқа партиялар тарапынан заңнаманы бұзу орын алмасы үшін, осындай бақылауды жүзеге асырғаны абзал», - деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы заң бұзушылықтар уақытылы құқық қорғау органдарына хабарлануы тиістігін және ол бойынша шапшаң шаралар қабылдануы керектігін атап өтті.

 

 

«Нұр Отан» партиясы сайлау науқаны барысында жетістіктеріміз бен стратегиялық жоспарларымызды халыққа жеткізе білуі керек - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отан» партиясы сайлау науқаны барысында біздің жетістіктерімізді және болашаққа деген стратегиялық жоспарларымызды  халыққа жеткізе білуі керек. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі күні сайлауға қатысты ұйымдастырушылық шаралары аяқталды. Мен оның барлығымен танысып шықтым. Біз 25 қарашада партияның съезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамамызды бекіткен едік. Ал сайлаудың штабы - бұл сайлау кампаниясын жүргізудегі басты және негізгі орталық. Сондықтан бұның жұмысы да жоғары болуы керек», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент «Нұр Отанның» нағыз халықтық партия екендігін, бұл ретте елімізде өткен соңғы сайлауда қазақстандықтардың басым бөлігі партия саясатын қолдағанын атап өтті. «Партиямызда 850 мыңнан астам адам бар. Ал қолдаушылар барлық дерлік Қазақстан халқы. Бізде бастапқы ұйымдардың жеткілікті саны бар, елдің барлық өңірлерінде 500-ден астам филиалдарымыз жұмыс істейді. Қоғамдық қабылдаулар өткізіп, түрлі акцияларды жүзеге асырдық. Осының барлығының арқасында біз халықтың нені қалайтынын білеміз, қарапайым жұртшылыққа өмір сапасын көтеру үшін қалай көмек беру керектігін де білеміз. Сондықтан да, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқаны барысында біздің жетістіктерімізді және болашаққа деген стратегиялық жоспарларымызды  халыққа жеткізе білуі керек», - деді Президент.

Сонымен қатар, Елбасы өзінің келер жылғы Жолдауы алдағы онжылдықтар бойынша өмір сапасын арттыру мәселелеріне арналатынын мәлімдеді.

 

 

2017 жылға қарай экономиканың шикізаттық емес секторына

инвестицияны 15 пайызға дейін жеткізу керек - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - 2017 жылға қарай біз экономиканың шикізаттық емес секторына инвестицияны 15 пайызға дейін жеткізуіміз керек. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

 «Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі де осы уақыт аралығында айтарлықтай артуы қажет. Әрине, бұл үлес қазір де өсіп келеді, бірақ біздің міндет оны 40 пайызға жеткізу. Бұда бөлек, 2017 жылға қарай өнеркәсіптің еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға тиіспіз. Оның ішінде ауыл шаруашылығына баса назар аударылуы шарт», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент Халықтық ІРО жүйесі арқылы халық еліміздегі стратегиялық активтердің меншіктесі бола алатынын атап өтті.

 

 

Алдағы бес жылда 3 мыңнан астам балабақша мен

400-ден астам жаңа мектеп салынады - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Алдағы бес жылда 3 мыңнан астам балабақша мен 400-ден астам жаңа мектеп салынады. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Барлық құқық қорғау органдарына қатысты реформаларды тереңдету міндетін біз ары қарай жалғастыратын боламыз. Сыбайлас жемқорлықпен де күрес күшейе түседі», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент алдағы бес жыл барысында 3 мыңнан астам балалар бақшасы мен орталықтары ашылатынын, 400-ден кем болмайтын мектептер салынатынын атап өтті. Елбасының айтуынша, осы нысандар еліміздегі білім беру жүйесінің 12 жылдық кезеңге көшуін қамтамасыз ететін болады. Ал денсаулық сақтау саласы бойынша 300-ден астам жаңа нысандар салынады.

«2017 жылы базалық зейнетақылық төлем, атаулы мемлекеттік көмек күн көрістің ең төменгі мөлшерінің 60 пайызынан кем болмайды. Алдағы 5 жылда ауылға арналған шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асады. Осы уақыт аралығында кем дегенде 24 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, осы кезең барысында барлық қалалар 90 пайызға дейін орталық сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі», - деді Президент.

 

 

Біз «жалқау адамдар қоғамын» тәрбилеп

шықпауымыз керек - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Біз «жалқау адамдар қоғамын» тәрбилеп шықпауымыз керек. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Елбасының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда қалыптасып отырған жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайыздың төңірегінде және бұл жағымды көрсеткіш. Тіпті дамыған елдердің өзінде бұл көрсеткіш 10 пайызға дейін қалыпты ретінде саналады. «Дегенмен, біздің бірегей жағдайымызды жұмыссыздықты мүлдем болдырмауға да болады. Мәселен, жүздеген мың мигранттар жұмыс істеп жатыр, оның есесіне біздің жұртшылық жұмысшы жалдауға марқаймауы қажет. Ендеше біз де «жалқау адамдар қоғамын» тәрбиелеп шықпауымыз керек», - деді Н. Назарбаев.

 

 

Н. Назарбаев: Дінге сене отырып, өз салтымыз

бен ғұрпымызды сақтауымыз керек

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Дінге сене отырып, оны біле отырып, өз салтымызды, ғұрпымызды сақтауымыз керек. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Баршамыз үшін Құдай жалғыз, бірақ оған барар жол әртүрлі. Меніңше, осы тұжырым дұрыс секілді. Егер исламды алатын болсақ, біз дінге жан-жақты жағдай жасаудамыз. 3 мыңнан астам мешіт салынды. Жастарымыз мешітке барып та жатыр. Алайда, солардың ниеті шын болса екен. Әйтпесе жұмада намаз оқып, ертесінде арақ ішіп, ұрлыққа баратын болса, бұл екіжүзділік емес пе?!», - деді Н. Назарбаев өз пікірін білдіре отырып.

Бұдан бөлек, Президент әр елдің ықылымнан қалыптасқан өз әдет-ғұрыптары бар екендігін, дін мәселесінде олардың да сақталуы керектігін еске салды. «Мен басына орамал салып жүргендерге еш қарсы емеспін. Біздің аналарымыз да ақжаулық салып жүретін. Алайда, арабтардың бетпердесін жамылып жүру, бұл біздің салтымыз емес. Басында Құранның өзі араб тілінде түскен соң, барша мұсылман сол тілде сөйлесін деген де қағида болған болуы керек. Біз ондай ел емеспіз. Өзіміздің салт-ғұрпымыз бар. Бала туғаннан бастап, оның үйлегеніне, жаназасына дейін де өз салтымыз бар. Сол секілді киіміміз де басқа. Дінге сене отырып, оны біле отырып, өз салтымызды, ғұрпымызды сақтауымыз керек. Бұны да сайлаудың үгіт науқаны барысында жұртшылыққа түсіндірген ләзім. Әрине, бұл өте нәзік мәселе», - деді Н. Назарбаев.

 

 

Ұлттық қор әрқашанда кездейсоқ жағдайлар

үшін сақталуы тиіс - Н. Назарбаев

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Ұлттық қор қаражаты қашанда кездейсоқ жағдайлар үшін сақталуы тиіс. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында болып, онда селекторлық кеңес өткізгеннен соң партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Сайлау барысында әдетте көңілі толмайтын адамдардың мәселелері де бірге көтеріліп шығады. Рас, ондай адамдар баршылық. Біз 100 пайыз бәрін бақытта ете алмаймыз, ондай тәжірибе әлемде де жоқ. Ал ондай көңілі толмайтындар әрбір елде де бар. Ең бастысы қуатты мемлекет ондайлардың терең құлдырамаулары үшін желілер ашады, көмектеседі, жәмдемақы тағайындайды. Дегенмен жәрдемақыға қатысты да менің өзімнің жеке пікірім бар», - деген Елбасы бұл ретте қашанда мемлекеттік шығыстарға абай болу қажеттігін еске салды. Өркениетті елдерде орын алып жатқан проблемаларға да тоқталып, бірқатар мысалдар келтірді.

«Бүгін біздің оппозиция шығып «біз бірден зейнетақыны 5 есе, жалақыны 10 есе көтереміз» деп айтуы мүмкін. Ал қаражатты қайдан аламыз? Олар бұған біздің Ұлттық қордың қаражатын жұмсау керектігін айтуы мүмкін. Ал егер ертең дағдарыс қайта басталса, онда азаматтардың зейнетақысын, мұғалімдердің жалақысын немен төлейміз, армияны немен ұстап тұрамыз? Міне, мәселе қайда жатыр. Резерв - бүгін таратып, ертең құр қол отыру үшін емес, бұл кездейсоқ жағдайлар үшін», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.

 

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы жетістіктер «Нұр Отанның»

үгіт-насихат жұмысының негізгі тақырыбына айналады - Н. Нығматулин

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы Қазақстанның жетістіктері «Нұр Отан» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысының негізгі тақырыбына айналады. Бүгін партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабында өткен селекторлық кеңес барысында Төрағаның бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин осылай мәлімдеді.

Н. Нығматулиннің айтуынша, партияның сайлауалды қоғамдық штабы алдағы науқанға әзір. Бүкіл аймақтар бойынша елге танымал, беделді азаматтар кірген 226 штаб өз жұмыстарына кіріскен.

«Еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде жеткен жетістіктер біздің үгіт-насихат жұмысымыздың негізгі тақырыбына айналады. Сонымен бірге, Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат артықтышылқтарына да баса назар аударылатын болады. Барлық сайлаушыға сайлауалды тұғырнамада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жеткізетін боламыз», - деді Н. Нығматулин.

 

 

Мәжіліс сайлауы қазақстандық саяси жүйені

демократияландырудың жаңа кезеңі болуы керек – Елбасы

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж./ - Бүгін Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның републикалық қоғамдық штабында болып, партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Селекторлық кеңесті ашып, Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс сайлауы бойынша сайлауалды науқанның 16 желтоқсанда ресми түрде басталғанының терең мәні барын атап өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Қазақстанның дамуының жаңа тарауын ашып беріп отыр.

- Мәжіліс сайлауы қазақстандық саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңі болуы керек. Сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжіліс құрамында кемінде екі саяси партия болады, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин Мемлекет басшысын «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабының сайлауға толық дайындығынан хабардар етті. Еліміздің барлық өңірінде 226 штаб құрылған. Қазақстанның тиісті сайлау заңнамасына толық жауап беретін сайлауалды науқанның желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленіп, заң сараптамасынан өтті.

Селекторлық кеңес барысында партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.

Мемлекет басшысы барлық партиялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сайлауалды науқан кезеңінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды.

- Біздің алдымызда әділетті және таза сайлау өткізу міндеті тұр. Барлық билік органдары тек қана өз істерімен айналасып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек. Бас прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды, заңнаманың бұзылу фактілері туралы шағымдар мен өзге де өтініштерге жедел жауап қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлауды бақылауды және қоғамдық тексеруді қамтамасыз ету қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Байланыс және ақпарат министрлігіне Орталық сайлау комиссясымен бірлесіп барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

- «Нұр Отан» мен өзге де партиялардың негізгі басымдықтары бірлікті және қоғамның тыныштығын нығайту болуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» халықтық партия екенін атап көрсетті. Соңғы президенттік сайлау қазақстандықтардың жүргізіліп отырған саясатты толық қолдайтынын және ұлттың стратегиялық бағытпен жүруге дайын екенін анық көрсетті.

- Біздің партиямызға 850 мыңнан астам адам мүше. Еліміз бойынша 7 мың бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Сондықтан біз адамдарға не керектігін, елімізге не қажет екендігін білеміз. Сайлауалды науқан кезеңінде болашақ дамуымыздың стратегиясын, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру маңызды. Ол басымдықтар партияның «Ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан. Мақсаттар 2017» сайлауалды тұғырнамасында және менің «Нұр Отан» ХДП-сының XIV съезінде сөйлеген сөзімде көрініс тапқан. Бұл партияның сайлауалды штабының басты міндеті, - деді Мемлекет басшысы.

Президент «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабында болып, сараптамалық-талдау тобының жұмысымен танысып, баспасөз орталығын, логистикалық орталығы мен Мәжіліс залын көрді, барлық өңірлермен тікелей байланыс орнатылғанына көз жеткізді.

 

 

Алдағы сайлау әділ өтуі тиіс - Елбасы

 

/«Қазақстан» ТРК, 16.12.2011 ж., Қ. Әміржанова/ - Дүбірлі саяси додаға тура бір ай қалды. 30 күннен кейін елімізде мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің сайлауы өтеді. 30 күн бойы саяси партиялар барын салады, ел-елді аралап, көпке сөзін жеткізуге тырысып бағады. Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда, «Нұр Отанға» барып, партияның бағыт-бағдарын саралаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бәріне ортақ міндеттерді анықтап берді. Ең бастысы - бұл бәсеке әділетті, ашық, айқын болуы керек.

Бұл сайлау еліміздің саяси жүйесін демократияландырудың жаңа кезеңі болмақ. «Доданың қорытындысы бойынша, Мәжіліс құрамында кем дегенде 2 саяси партия болады», деп атап өтті президент. Қанша жерден тартыс болса да, елдің бірлігі мен тұтастығы  басты құндылық.    

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті :

Аламан жарысқа ешқандай көлеңкесіз, заңмен бәрін жасауымыз керек. Халқымызда «береке басы-бірлік» деген бар. Сайлау елімізді ажыратпау керек. Еліміздің бірлігін нығайта түсу керек. Барлық партияларға айтайын деп отырмын, қанша бір-бірімізді сынасақ та, риторика болса да, елдің бірлігін, халықтың татулығын, Қазақстанның ішіндегі тұрақтылықты ең басты ұстауымыз керек.

Бірлігіміздің арқасы - бүгінгі тірлік. Президент бұл саяси додада ешкімге басымдылық жоқ деді. Сайлау әділ, ашық болуы шарт. Осы орайда, барша бұқараға ортақ міндетті айшықтап берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:    

Все государственные органы, особенно исполнительные власти должны заниматься исключительно своими делами  и не вмешиваться в избирательной кампаний. Обращаю внимание акимов всех уровней на не укоснительное соблюдение выборного законодательства. Аймақтағы барлық штабтар жұмыс істейтін болса, оған әкімшіліктердің араласып қандай қажет бар?

Сайлау кезінде арыз-шағым түсіп жатса, бас прокуратура уақытылы шара қолдануы керек. Бүге-шегесін анықтап, тексеру арқылы сайлау туралы заңның бұлжымай орындалуын қадағалуы қажет. Байланыс және Ақпарат министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе, 8 партияға бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізуіне тең мүмкіндік берілуін қадағалайды. Мемлекет басшысы барлық партиялардың, мемлекеттік органдардың сайлауалды науқан кезеңінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды. Селекторлық кеңес барысында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.

Партияның өңірлерде 226 штабы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның тиісті сайлау заңнамасына толық жауап беретін сайлауалды науқанның желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленіп, заң сараптамасынан өтті. 850 мыңнан астам мүшесі бар билік партиясы қыруар жұмыс атқарды. Әлі де талай шаруа тұр. Мәселен, алдағы 5 жылда 400-ден астам мектеп, 3000 мыңға жуық балабақша бой көтеріп, халықтың игілігіне тапсырылады. Демек, халықтың әлеуметтік ахуалына үлкен мән береді партия. Осы уақытқа дейін партияның қоғамдық қабылдаулары белсенді қызмет етті. Яғни, біз халыққа не керегін білеміз деді мемлекет басшысы. Бұл партияның тұғырнамасында орнын тауып, айшықталды.

Нұрлан Оразалин, «Нұр Отан» ХДП Республикалық штабының мүшесі:

Әдебиеттің, мәдениеттің, рухани кеңістігіміздің тұтастығы тікелей ұлттық тұтастығына қызмет етуі тиісті. Біздің басты ұранымыз осы.

Осылайша, президент партияның алдағы міндет-мақсатын анықтап берді. Саяси дода сара жолын таңдаған еліміздің заңына сай өтуін талап етті Елбасы.

 

 

Елбасы «Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабында болды

 

/«Хабар» агенттігі, 16.12.2011 ж./ - Бүгін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын саяси партиялар үшін насихат жұмысы басталды. Дәл осы күні Елбасы, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Республикалық сайлауалды штабында болып бейнеМәжіліс режимінде селекторлық кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы штабтың дайындық жұмысына жоғары баға беріп, насихат жұмысына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Республикалық штаб мүшелері партия жетекшісіне өздерінің сайлауға дайындықтарын көрсетті. Елбасы барлық аймақтармен тікелей байланыс орнатылған сараптама-талдау және баспасөз орталығының жұмыстарымен танысып, селекторлық кеңес барысында аймақтардағы штабтардың есебін тыңдады. Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев сайлау науқанының дәл 16 желтоқсан күні басталғанына ерекше назар аударды. Бұл тәуелсіздікке 20 жыл толған күні ел дамуының жаңа кезеңге өткенің айшықты белгісі дей келе үгіт-насихат жұмыстарына қатысты өз ойын ортаға салды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұл аламанға ешқандай да «көлеңке» түспейтіндей, барлық іс заң жүзінде өрбуі шарт. Сонымен қатар, халқымызда «Береке бастауы - бірлік» деген сөз бар. Ендеше сайлау елді ажыратпай, қайта бірлікті нығайта түсуі шарт. Бұны барлық партияларға айтқым келеді. Біз бір-бірімізді қанша сынасақ та, елдің бірлігі мен халықтың татулығын, Қазақстанның ішіндегі тұрақтылықты сақтауды ең бірінші назарда ұстауымыз керек. Бұл тек «Нұр Отанның» ғана емес, барлық партиялардың, қазақстандықтардың алдында тұрған жауапты міндеті.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлау науқанында сайлау туралы заң талаптарының қатаң орындалу қажеттігін баса айтып, сайлауды өткізуге қатысты тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Барлық мемлекеттік органдар, әсіресе, атқарушы билік өкілдері тек өз жұмыстарымен араласып, сайлау кампанияларының өту барысына араласпауы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдердің сайлау туралы заңды бұлжытпай орындауы қажет. Атқарылған маңызды шараларға қарамастан, мен Бас прокуратураға сайлау заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуді, заңнаманың орындалуын қадағалауды жүзеге асыруды тапсырамын. Бас прокуратура сайлау барысында туындауы мүмкін шағымдарға шапшаң жауап қатулары және егер заңнаманың бұзылғандығы туралы фактілер орын алып жатса бағасын беріп отырулары керек. Байланыс және ақпарат министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, сайлау үгіт науқаны барысында барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігін қамтамасыз етулері керек. Бұдан бөлек, сайлау барысын қоғамдық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Біздің партияның өзі барлық сайлау учаскелерінде басқа партиялар тарапынан заңнаманы бұзу орын алмасы үшін, осындай бақылауды жүзеге асырғаны абзал.

Бұдан соң Елбасыға Партия Төрағасының Бірінші орынбасары және республикалық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин атқарылған жұмыс туралы баяндады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, «НҰР ОТАН» ХДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

- Еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері біздің үгіт-насихат жұмысымыздың негізгі тақырыбына айналады, сонымен бірге, Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат артықшылықтарына да баса назар аударылатын болады. Және барлық сайлаушыларымызға біз сайлауалды тұғырнамада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жеткізетін боламыз. Насихат жұмыстары барысында халыққа әсіресе, жергілікті жерлердегі тұрғындарға 20 жылдық дамудың негізгі табыстарын, ең бастысы осы жетістіктердің әрбір қазақстандыққа, әрбір отбасына қалай оң әсерін тигізгенін түсіндіру біздің негізгі міндетіміз.

Нұротандықтар алдағы Мәжіліс сайлауы ел өміріндегі маңызды саяси оқиға, сондықтан партия жұмысы барлық деңгейде ойластырылып, лайықты дәрежеде ұйымдастырылған дейді. Партия мүшелерінің пікірінше тәуелсіздік пен елдік идеясы төңірегінде қоғам болып топтасу қажет.

Бақытжан ЕРТАЕВ, «НҰР ОТАН» ХДП РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- 42 жыл әскер сабында қызмет істеп келе жатырмын. Енді уақыты келгенде ары қарай енді «Нұр Отанмен» бірге болайын деп «Нұр Отан» партиясындамын. Сондықтан мен ойлаймын, әркімнің борышы Отанның болашағы жастардың болашағы.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, «НҰР ОТАН» ХДП САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Жиырма жылдың соңғы 10 жылында жетіп келе жатқан жетістіктеріміздің бәрі «Нұр Отан» партиясы мен оның жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Біз сайлауалды платформамыз анық. Осының бәрі айналып келгенде әдебиеттің, мәдениеттің, рухани кеңістігіміздің тұтастығы ұлттың тұтастығына қызмет етуі тиіс деген ойдамыз. Біздің басты ұранымыз, ұстанымымыз осы.

Нұротандықтардың сайлауалды тұғырнамасы Қазақстанның алдағы 5 жылдық даму жоспарын қамтыған. Бүгіннен бастап «Нұр Отан» партиясы да басқа саяси бірлестіктер сияқты бүкіл Қазақстан бойынша өз үгіт-насихат жұмыстарын қолға алмақ.

 

 

Президент сайлауалды штабына келді

 

/«Айқын», 17.12.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның сайлауалды штабында селекторлық кеңес өткізіп, оның жұмысына жоғары баға берді.

Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толған күні, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын саяси партиялар үшін насихат жұмысы басталды. Дәл осы күні Елбасы, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Республикалық сайлауалды штабына келді.

Елбасын барлық аймақтармен тікелей байланыс орнатылған сараптама-талдау тобының, баспасөз орталығының, логистикалық орталықтың жұмыстарымен таныстырды. Сонымен бірге осы жерде аймақтармен бейнеМәжіліс түрінде селекторлық кеңес өтті.

Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев сайлау науқанының дәл 16 желтоқсан күні басталғанына ерекше назар аударды. Бұл тәуелсіздікке 20 жыл толған күні еліміз дамуының жаңа кезеңі басталғанының айшықты белгісі.

«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық штабы сайлауға толық дайын екендіктерін көрсетті. Сонымен бірге, бүкіл аймақтар бойынша елге танымал, беделді адамдар кірген 226 штабтың жұмысы да кеңінен қанат жайды. Науқанның медиа-жоспарлары мен жүйелік жоспарлары жасалып, заңдық сараптамадан өтті.

Елбасын сайлауалды науқан барысымен Партия Төрағасының бірінші орынбасары және республикалық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин хабардар етті.

- Еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері біздің үгіт-насихат жұмысымыздың негізгі тақырыбына айналады, сонымен бірге Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат артықшылықтарына да баса назар аударылатын болады. Және барлық сайлаушыларымызға біз сайлауалды тұғырнамада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жеткізетін боламыз. Насихат жұмыстары барысында халыққа, әсіресе, жергілікті жерлердегі тұрғындарға 20 жылдық дамудың негізгі табыстарын, ең бастысы осы жетістіктердің әрбір қазақстандыққа, әрбір отбасына қалай оң әсерін тигізгенін түсіндіру біздің негізгі міндетіміз, - деп атап өтті.

Президент штабтың дайындық жұмысына жоғары баға беріп, насихат жұмысына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Және 15 қаңтар күні сайлауда «Нұр Отан» партиясының басым түсетініне сенім білдірді.

Сайлау науқанына қатысушылар, жеңіс тұғырына жеткізетін ауқымды жұмыстарды еңсеруге дайын. Өз ойын ортаға салған халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, - Отан қорғау менің бала кезімнен бойыма сіңген қасиет және осы уақытқа дейін жасаған қызметім де бар күш-жігерімді жұмсап, Отанымды қорғау мақсатымен үндес болды. Сондықтан бұл жолы да жаңа 2012 жылдың саяси пердесін ашатын, сайлауға қатыса отырып, «Нұр Отан» партиясының мүддесін қорғау азаматтық міндетім деп білемін, - деді.

Ал Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Саяси кеңес мүшесі Нұрлан Оразалин: «Кез келген мемлекеттің басты құндылығы әдебиеті, мәдениеті, руханияты» дей келіп, «Нұр Отан» партиясының осы құндылықтардың қанат жаюына, заманға сай дамуына барынша көңіл бөліп, тиісті шараларды қолға алып келе жатқанын, сөзі мен ісін дәлелдеген халықтық партия екенін, сол үшін өнер адамдарының «Нұр Отанды» қолдап дауыс беретініне және «Нұр Отанның» жеңіске жететініне сенетіндіктерін білдірді.

«Сауап» республикалық қоғамдық қорының президенті, жазушы Бақытбек Смағұл «Біздің осы 20 жыл ішінде қол жеткен ең үлкен жетістіктеріміздің бірі - тұрақтылық, бейбітшілік, татулық деуге болады. Ол тек қана тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саястының арқасында қол жетіп отырған табыстар. Ал «Нұр Отан» партиясы Президентіміздің маңызды бастамаларын жүзеге асырып, елімізді көркейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға зор үлес қосып келе жатқан халықтық ұйым. Сондықтан бүкіл халқымыздың, барша ауған соғысы ардагерлерінің таңдауы - тек қана «Нұр Отан» партиясы» деді.

Нұротандықтар өз мақсаттарын әрбір үйге кіріп, әрбір сайлаушыға жеткізуге дайын. Себебі партияның сайлауалды тұғырнамасы, Қазақстанның алдағы 5 жылдық даму жоспары бар. Оның негізін Президент стратегиясы мен «Халықтың дауысы» акциясы арқылы жиналған халықтың тілегі құрайды. Сондықтан да «Нұр Отан» 15 қаңтар күні жеңіске жететініне сенімді.

 

 

ЕЛДІҢ БІРЛІГІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

 

/«Дала мен Қала», 17.12.2011 ж./ - Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында алдағы атқарылар жұмыстың бағыт-бағдары сараланды, бәріне бірдей ортақ міндеттер алға қойылды.

Іс-шараның шымылдығын түрген Мемлекет Басшысы Мәжіліс сайлауы бойынша сайлауалды науқанның 16 желтоқсанда ресми түрде басталғанының маңызы мен мәніне баса тоқталды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы еліміздің дамуының жаңа тарауын ашып беріп отыр. «Мәжіліс сайлауы қазақстандық саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңі болуы керек. Сайлаудың қорытындысы бойынша Мәжіліс құрамында кемінде екі саяси партия болады», – деді өз сөзінде Н.Назарбаев. Сондай-ақ, партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Мемлекет Басшысын «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабының сайлауға толық дайын­дығынан хабардар етті. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде 226 штаб құрылған. Қазақстанның тиісті сайлау заңнамасына толық жауап беретін сайлауалды науқанның желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленіп, заң сараптамасынан өткен. Кеңес барысында, сонымен қатар партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Елбасы осы арада барлық партиялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сайлауалды науқан кезеңінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды. Расымен де, қанша жерден алапай тартыс болса да, елдің бірлігі мен тұтастығы басты құндылық. Бірлігіміздің арқасы – бүгінгі тірлік. Президент бұл саяси додада ешкімге басымдылық жоқ деді. Сайлау әділ, ашық болуы шарт. Осы орайда, барша бұқараға ортақ міндетті де айшықтап берді.

– Біздің алдымызда ең бастысы әділетті әрі шынайы сайлау өткізу міндеті тұр. Барлық билік органдары тек қана өз істерімен айналасып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек. Бас прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды, заңнаманың бұзылу фактілері туралы шағымдар мен өзге де өтініштерге жедел жауап қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлауды бақылауды және қоғамдық тексеруді қамтамасыз ету қажет, – деді Мемлекет Басшысы. Ал, Байланыс және ақпарат министрлігіне Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Жалпы, бұл сайлауда еліміздің бас партиясы ретінде «Нұр Отан» ХДП-ға жүктелген жауапкершілік ауыр. Өйткені «Нұр Отан» халықтық партия. Соңғы президенттік сайлау қазақстандықтардың жүргізіліп отырған саясатты толық қолдайтынын және ұлттың стратегиялық бағытпен жүруге дайын екенін анық көрсетті. Бұл ретте Елбасы партияның халықтық тұғырнамасын баса көрсетіп: «Біздің партиямызға бүгінгі күні 850 мыңнан астам адам мүше. Еліміз бойынша 7 мың бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Сондықтан біз адамдарға не керектігін, елімізге не қажет екендігін білеміз. Сайлауалды науқан кезеңінде болашақ дамуымыздың стратегиясын, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру маңызды. Ол басымдықтар партияның «Ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан. Мақсаттар – 2017» сайлауалды тұғырнамасында және менің «Нұр Отан» ХДП-ның XIV съезінде сөйлеген сөзімде көрініс тапқан. Бұл партияның сайлауалды штабының басты міндеті», – деді.

Осылайша, партияның алдағы міндет-мақсатын анықтап берген Н. Назарбаев шара соңында «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық штабындағы сараптамалық-талдау тобының жұмысымен танысып, баспасөз орталығын, логистикалық орталығы мен Мәжіліс залын аралады, барлық өңірлермен тікелей байланыс орнатылғанына көз жеткізді.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасы ҚКХП таратқан

мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтіндігін және

анық теріс хабар екендігін жауапкершілікпен мәлімдейді

 

/«ҚазАқпарат», 16.12.2011 ж./ - Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Коммунистік халық партиясының Web-сайтында Алматы қаласының полиция органдарымен сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін осы партияның қырық үгітшісі ұсталғаны жөнінде ақпарат таратылған.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің шынайылығы Ішкі істер департаменті және қала прокуратурасымен тексерілген болатын, деп хабарланады ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан Алматы қалалық прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

Бостандық ауданы тұрғындарының арыздары негізінде полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында үгіт материалдарын аталған аудан аумағында жапсырып жүрген бір ғана үгітшінің құжаттары тексерілгені анықталды. Ешқандай ықпал шаралары, оның ішінде бұл тұлғаны ұстау жөніндегі шаралар қолданылмаған.

Полиция органдарымен 2011 жылдың 16 желтоқсанында осы және басқа партиялардың үгітшілерін Алматы қаласында ұстау фактілері орын алмаған.

Сол себептен, Алматы қаласының прокуратурасы жоғарыда аталаған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтіндігін және анық теріс хабар екендігін жауапкершілікпен мәлімдейді, делінген ресми мәлімдемеде.

 

 

ҮНДЕУ

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабының тәртібі бойынша

 

/«Егемен Қазақстан», 17.12.2011 ж./:

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2012 жылдың 15 және 16 қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісіне және Қазақстан Республикасы­ның мәслихаттарына сайлауға байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң) сай 2011 жылдың 16 желтоқсаны мен 2012 жылдың 13 қаңтары аралығында кандидаттармен, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялармен сайлау алдындағы үгіт жүргізіледі.

Осыған байланысты, заңдылықты қамтамасыз етіп, заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың назарын сайлау алдындағы шараларға қатысты келесі заңнама нормаларына аударамыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн.

Конституциялық заңның 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына сай сайлау алдындағы үгiт сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім бiлдiрген адамдары­ның сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткізу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Жариялы сайлау алдындағы шаралар кезінде, соның ішінде сайлау алдындағы жиналыс және сайлаушылармен кездесу кезінде формалары жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар болып табылатын қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдіру орын алады.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен реттеледі.

Бұл заң қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың денсаулықтары мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталуына байланысты, жаппай жария шаралар алдын ала ескертіп, жергілікті атқару органдарының рұқсатымен арнайы белгіленген жерлерде көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтіретін бөгеттерді жоя отырып өткізілуі тиіс.

Жоғарыдағылардың негізінде Бас прокуратура сайлау процесіне қатысушылардың назарына жабық ғимараттардан тыс жерлердегі Конституциялық заңның 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жариялы сайлау алдындағы шаралар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте өткізілуі тиіс екендігін жеткізеді.

Белгіленген жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу заңнамалық актілермен көзделген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Сайлау алдындағы шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде Конституциялық заңның 6-тарауына сәйкес партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын және Қазақстан Республикасының мәслихат депуттарын сайлау, соның ішінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу екі көзден қаржыландыратындығын ескеру қажет:

1) сайлау комиссияларымен республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік қаржыландыру;

2) кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан мемлекеттік емес қаржыландыру.

Конституциялық заңның 34-бабына сәйкес кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті сайлау қорлары қаражаттарынан қаржыландырылады. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi.

Сайлау қорларынан тыс сайлау науқанын қаржыландыру немесе кандидаттарға басқа материалдық көмек көрсету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алды қызметіне байланысты олардың жазбаша келісімінсіз қызмет көрсетуге тыйым салынады. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 108-1, 109-1 баптарымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамын құрайды.

Бас прокуратура барлық сайлау процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаппай жариялы шараларды өткізу тәртібі туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бос­тандықтарының, сондай-ақ қоғамның мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Астана қаласы, 2011 жылғы 17 желтоқсан.

 

 

/«Егемен Қазақстан», 17.12.2011 ж./:

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының барысы туралы

 

Партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу қорытындылары туралы

2011 жылғы 15 желтоқсанда партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сегіз саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылды және тіркелді:

1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының;

2. Қазақстанның «Ак жол» демократиялық партиясының;

3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның;

4. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының;

5. «Әділет» демократиялық партиясының;

6. Қазақстанның Патриоттары партиясының;

7. «Руханият» партиясының;

8. Қазақстанның Коммунистік халық партиясының.

Жалпы алғанда, Ортсайлауком 386 кандидатты тіркеді. 1 депутаттық мандатқа шамамен 4 адам бәсекелеседі.

Тіркелген кандидаттардың арасында  12 ұлттың өкілдері бар.

Үміткерлердің орташа жасы – 54 жас.

Әйелдер – 21%.

Кандидаттардың 99% жоғары білімі бар. Олардың  35% заңгерлік немесе экономистік білім. 30% жуығы халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандары болып табылады.

Тіркелген кандидаттардың 13%-ы –  төртінші шақырылған Парламенттің депутаттары. Төрттен бірі – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 12%-ға жуығы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16%-ға жуығы  ғылым, мәдениет және білім саласында жұмыс істейді.

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында  саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тарту өтті.

Жеребе тарту нәтижелері бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіпте орналасатын болады:

1. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы.

2. Қазақстанның Патриоттары партиясы.

3. «Руханият» партиясы.

4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы.

5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

6. Қазақстанның Коммунистік халық партиясы.

7. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.

8. «Әділет» демократиялық партиясы.

16 желтоқсаннан бастап партиялық тізімдері тіркелген саяси партиялардың барлығы үгіт жұмысына кірісе алады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну және тіркеу барысы туралы

14 желтоқсанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша 9990 кандидат ұсынылған.

Соның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарға – 1912; аудандық мәслихаттарға – 5949; қалалық мәслихаттарға – 2129 кандидат ұсынылған.

Мәслихаттар депутаттығына 7554 кандидат тіркелген.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2011 жылғы 20 желтоқсанда аяқталады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың  байқаушыларын аккредиттеу туралы

15 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы негізінде 47 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, олардың 46-сы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының және 1-і ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді.

Ортсайлаукомға келіп түскен өтініштер туралы

2011 жылғы 16 қараша мен 14 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға  39 өтініш келіп түскен. Олардың 27-і  сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойынша өтініштер, тағы 11-і – сайлау комиссияларының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

 

 

Бәсеке кезеңі басталып кетті

 

/«Заң газеті», 21.12.2011 ж., Ш. Рақымқызы/ - Өткен аптада Орталық сайлау комитеті бірқатар істің басын қайырып тастады. Алдымен, саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу тәртібі туралы жеребе тарту шарасы ұйымдастырылса, одан кейінгі күні Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен шетелдік БАҚ өкілдері үшін арнайы брифинг берілді. Аталмыш комиссияның 1999 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес, жеребе тарту Орталық сайлау комиссиясының отырысында жүргізілді. Сайлау ережесіне тән өткізіліп отырған бұл шараға партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өкілдері қатысты.   Жеребе тарту нәтижелері бойынша 2012 жылғы 15 қаңтарда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіпте орналасатын болады:

1. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы.

2. Қазақстанның Патриоттары партиясы.

3. «Руханият» партиясы.

4. Қазақстанның «Ақжол» Демократиялық партиясы.

5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

6. Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы.

7. Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.

8. «Әділет» демократиялық партиясы.

 «Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау әділ және шынайы өтеді» деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос. Ал, саясаттанушы Айдос Сарым: «Бұл жолы қай партия болмасын, өзінің сайлауалды тұғырнамасына қазақ ұлтының мұрат-мақсатын бірінші кезекке қоюда. Өйткені, еліміз өз жұртында басым ұлтқа айналып, сан сапаға шықты», – деп есептейді. Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов: «Біздің барлығымыз әділ сайлауды қолдаймыз және де барлық партиялар өздерінің өкілдері арқылы сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қамтамасыз етулері тиіс. Біздің барлығымыз сайлау науқанында теңбіз, және дауыс санау қорытындысы біздің елдегі саяси тіршілік жағдайы қандай екенін көрсетулері тиіс. Бұған бәріміз де мүдделіміз. Қалай дауыс берсе – нәтиже сондай болуы тиіс. Ол аз десеңіз, ешқандай тәртіпбұзушылық болмауы тиіс, оның ішінде кездейсоқ заңбұзушылықтар», – деді «Сайлау 2012: транспоренттік, толеранттық, лигитимділік» атты дөңгелек үстелде. Бұл ретте, С. Сейдуманов сайлау науқанына қатысып отырған барлық тараптарды Конституцияны, «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» заңды қатаң сақтауға және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру мен мемлекеттілікке нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер мен әдістерден бас тартуға шақырды.

Тіркеуден өткен партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына 16 желтоқсаннан бастап кірісіп кетсе, мәслихат депутаттығына үгіт-насихат 21 желтоқсан, яғни, бүгіннен басталды. «Мәжіліс пен маслихат сайлауын қоса өткізу шешімі қазақстандық бюджетке 4 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді», – дейді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

 

 

«Ақ жол» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 16.12.2011 ж./ - «Ақ жол» партиясы үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы күнін қорытындылады. Партия көсемдері республикалық штабтың отырысында бас қосып саяси додаға дайын екенін жеткізді.

Бүгінде орталық штабтан басқа 14 өңірде, Алматы мен Астана қалаларында 16 аймақтық сайлауалды штабтары жұмыс жасап жатыр. Бұл додаға ақжолдықтар сақадай-сай дайын. Тұғырнамасы да көңіл көншітерлік 10 бағыттан тұрады. Көбіне, әлеуметтік мәселелерді шешуді ұйғарыпты. Жұмыссыздықпен күрес, тұрғын үй мәселесі мен өңірдегі халықтың ахуалын көтеру басты міндеттердің бірі. Оның үстіне, кәсіпкерлерді қолдау да тұғырнамадан ерекше орын тауып отыр. Бүгін партиялықтар үгіт-насихат жұмыстарын шалғай ауылдардан бастады. Бұл бағдарламанаың бастыпқы бөлігі, - дейді төраға.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Сегіз облыстарда мобильді топтар біраз ауылдарды аралап шығып, сайлаушылармен кездесті. Сол кездесулерде айтылған алдымен өзіміздің көзқарастарымызды, өзіміздің ұсыныстарымызды сайлауалды тұғырнамамызды айтып, және де сайлаушылардан аманат алуда. Және де сұрақтарға жауап беруде.

Партияның бұл сайлаудан үміті зор. Кейбір әлеуметтік зерттеулер бойынша «Ақ жолдың» көрсеткіші 15 пайыздан кем түспейді. Дегенмен, кімнің оза шабарын уақыт көрсетпек. Бастысы - халық сенімін ақтау, - дейді Азат Перуашев.

 

 

«Ақ жол» партиясының республикалық және

16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті

 

/«Kazakhstan Today», 17.12.2011 ж./ - Республикалық және 16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 204 жеке штабы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Республикалық және 16 өңірлік сайлауалды штабтары жұмысқа кірісті, мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 204 жеке штабы құрылды. Республикалық желілік график негізінде өңірлік штабтардың графиктері жасалып, бекітілді»,- деді сайлау науқаны бірінші күнінің қорытындысы шығарған «АҚ ЖОЛ» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының бүгін өткен отырысында сайлау науқаны бірінші күнінің қорытындысы шығарылды»,- деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Берілген ақпараттарға сүйенсек, «штаб мүшелері арасынан жедел үгіт топтары құрылды. Республикалық желілік график бойынша науқанның 3 толқыны көзделген. Бұл толқынның жалпы бағыты - ауылдардан, ауылдық аудандардан орталыққа»,- деп атап айтты штаб басшысы А.Перуашев. Өңірлік штабтардан түскен ақпараттар бойынша, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының еңбек ұжымдарында және ауылдық елді мекендерде сайлаушылармен кездесу өткізілген. Кездесулерде партияның сайлауалды тұғырнамасы түсіндіріліп ғана қоймай, келіп түскен сұрақтарға жауаптар да берілген. Келіп түскен сұрақтарды қорыту мен талдау және жедел топтарды қолдау үшін штабтарда бағыттар бойынша талдау топтары құрылған. Бүгінгі түскен сұрақтарға талдау, негізінен, бағаның өсу проблемасына, азаматтардың табыстарына, жұмысқа орналастыруға, қолжетімді тұрғын үйге байланысты. Салық салуға және кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына, сыбайлас жемқорлық пен мәжбүрлеп алуға, сот шешімдерінің даулылығына қатысты сұрақтар жеке блокпен келіп түсуде».

«Республикалық желі кестесі бойынша науқан 3 толқында өтеді. Осы толқындардың ортақ бағыты - ауылдар мен аудандардан бастау алып, орталыққа бет бұрмақ», - деп атап өтті партия төрағасы.

«Партия басшылығы Орталық сайлау комиссиясының әрекеті туралы штаб мүшелерін хабардар етіп, оның партияны ресми түрде хабардар етпей, олимпиада чемпионы Б.Сәрсекбаевтың және жазушы Смағұл Елубайдың кандидатурасын партиялық тізімнен алып тастағаны туралы БАҚ арқылы жариялағанын айтты», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

«Заңды мүлтіксіз орындайтын азаматтар ретінде біз қандайда бір қорытынды шығармастан бұрын осы мәселе бойынша ОСК-нің ресми хатын күтеміз», - деп мәлімдеді А. Перуашев. Солай бола тұрса да, Жарғыға сәйкес партияның Орталық Кеңесі Бақыт Сәрсекбаевтың штаб құрамында қалатындығын, Орталық Кеңестің құрамы оның кандидатурасымен толықтырылғандығын және ол сайлауалды жарысқа басшылықтың мүшесі және партияның сенім білдірілген адамы ретінде қатысатыны туралы шұғыл шешім қабылдады. Бұл орайда Бақыт Сәрсекбаев жастар саясаты мен спорт мәселелерін басқаратын болады».

Баспасөз қызметі «АҚ ЖОЛ» партиясы тек адал рәсімдерге ғана емес, ең алдымен - сайлаушыларды дауыс беруге белсенді түрде қатысуға шақыру қажет, деп есептейтіндігін еске сала кетті. «АҚ ЖОЛ» партиясы, осы сайлау Қазақстанның адал, ашық және әділ сайлау өткізуге қабылеттілігінің айғағы, өскелең саяси мәдениеттің және біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығынан кейін халықаралық демократиялық дәстүрлер мен стандарттарға бейімділігінің көрінісі болуға тиіс деп есептейді. Бұл сайлау Елбасының бастамасымен елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы және тәуелсіз Қазақстан тарихында демократиялық дамудың жаңа дәуірінің басталуы болуға тиіс.

Штаб мүшелерін Тәуелсіздіктің 20-жылдығымен құттықтай отырып, «Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз бен біздің қоғамымыз айтарлықтай табыстарға қол жеткізді және зор мүмкіндіктерге ие болды. Табысқа ілесе біздің мемлекеттігіміздің уақтылы және лайықты назар аударуды талап ететін қажеттіліктері де пайда болды. Қазақстан атқарылған істермен мақтанып қана қоймай, қатардағы азаматтардың өмірін жақсарту жолында жұмыс істеп, қоғам мен мемлекеттің тыныс-тірішілігінің барлық салаларында жаңа көзқарастар іздеуі қажет. Дәл осы мақсатпен «АҚ ЖОЛ» партиясы Парламентаризмнің демократиялық институттары арқылы әрбір қазақстандықтың және әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасының тұрақты әрі қарқынды жақсаруына қол жеткізу үшін осы сайлауға түсіп отыр»,- деп атап көрсетті партия төрағасы Азат Перуашев.

 

 

Социал-демократтар да сайлау науқанына кірісті

 

/«Хабар» агенттігі, 16.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда Қоғамдық социал-демократиялық партияның 16 облыстан келген өкілдерінің қатысуымен, сайлау алдындағы алғашқы съезі өтті. Олардың пікірінше, біздің елімізде Парламент міндетті түрде көппартиялы болуы шарт.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды тұғырнамасында экономикалық жаңаруларға көп көңіл бөлінген. Социал-демократтар еліміздегі ірі кәсіпорындар, әсіресе, кен өндіру саласындағы компанияларды мемлекет меншігіне қайтару керек деп есептейді. Бұған қоса, партияшылар ШОБ субъектілерін 5 жыл бойына салықтан босату қажет деген ұсыныс жасап отыр. Әлеуметтік мәселелерді маңызды деп есептейтін демократтар үшін «Парламент сайлауы - тек үлкен оқиға емес, ол кез келген партияға үлкен сын».

Әміржан ҚОСАНОВ, ЖСДП ПАРТИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: 

- Осы сайлауда өркениетті, білімді, көрегенді саясат жүргізіп, біз халыққа өз бағдарламаларымызды жеткізуіміз керек. Халық өз таңдауын жасауы керек. Құдайға шүкір, қазір халықтың таңдауы бар. Қай партияға, қай бағдарламаға, қай тұлғаға дауыс беретінін өзі біледі. Президент айтқандай көп партиялы Парламент болуы үшін оған қазіргі билікке пікірін ашық, орынды ретті айтып жүрген партия кіруі керек. Егер де біз осындай көппартиялы Парламент құра алатын болсақ, онда халқымыздың, қоғамымызың демократиялық дамуының бір үлкен кезең болмақ.

Социал-демократтардың сайлау алды тұғырнамасында әлеуметтік салаға көп мән берілген. Енді олар өздері дайындаған бағдарламамен еліміздің барлық облыстарын аралауға шықпақ. Мақсатымыз - үлкен саяси оқиғаға дейін халықпен етене араласып, олардың пікірін білу. Осы кездесулерден түйгендеріміз болашақ Парламенттегі бағдарламамызға әсер етеді, - дейді Әміржан Қосанов. Әділетті, еркіндік қағидаларын баянды ету жолында бел шешіп күресуге қашанда дайынбыз деп отыр.

 

 

 

 

ҚКХП насихат жұмыстарын бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 16.12.2011 ж./ - Бүгін Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы сайлауалды насихат жұмыстарын бастады. Коммунистер еліміздегі жұмыссыздықпен күресіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді қолға алмақ.

Ең төменгі күнкөріс деңгейін қайтадан есептеп, соның негізінде зейнетақы, жалақы, әлеуметтік төлемақылардың көтерілуіне себепкер болуды көздеп отыр. Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы Алматы қаласындағы арнайы жерлерге насихат қағаздарын іле бастады. Алайда, партия өкілдері қалада насихат парақшаларын жапсыруға рұқсат берілген жерлердің аз екендігін айтуда. Қазақстан бойынша Партияның 21 мүшесі Мәжіліс депутаттығына үміткер. Олар шағын және орта бизнеске 6 пайыздық жеңілдетілген несие беріп, экономиканың дамуына жағдай жасауды талап етпек. Сонымен қатар, патриот ұрпақ тәрбиелеуге ат салысуды, білім беру жүйесін жетілдіруді қолға алмақ. Партияның «Біз болашақ үшін» атты сайлауалды тұғырнамасы мұнымен шектелмейді.

Галина БАЙМАХАНОВА, ҚКХП ӨКІЛІ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің партия еңбекші халықтың мүддесін қорғайтын болады. Мақсатымыз - елдегі кедейлікпен күресу. Біз ең жоғарлы және ең төменгі жалақы әлемдік талапқа сай болғанын қалаймыз. Әрі соғыс ардагері мен зейнеткерлерге қолайлы жағдай жасауға атсалысамыз.

Коммунистер жаңа еңбек кодексін қабылдау қажет деп есептейді. Сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, жекеменшік зауыттар санын арттыруға атсалысуды көздеп отыр. Осылайша, ұжымдық меншік ұғымын енгізбек. Сонымен қатар, баспанасыз қазақстандықтарды үймен қамтуды, медициналық қызмет сапасын көтеруді, коммуналдық қызмет тарифінің тұтынушылар қалтасына сай болуын талап етпек.

 

 

«Әділет» партиясы сайлауалды үндеуін жариялады

 

/«Хабар» агенттігі, 16.12.2011 ж./ - Алда келе жатқан кезектен тыс Парламент сайлауы мемлекет үшін шынайы құқықтық, әлеуметтік және демократиялы жағынан тиімді болады.

Бүгін Елордада «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев осындай пікір білдірді. Сондай-ақ, аталмыш партия халыққа сайлауалды үндеуін жариялады.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бағдарламамыздың 4 бағытпен қамтамасыз еттік. Әрқайсысы жаңағы әлеуметтік тұрғыда, білім саласында, қарттарымыздың жағдайы, еңбекақы жағдайы. Міне, осының барлығын 17 қадамға бөліп отырмыз.

Партияның ұстанымы қоғамда әділдік орнату. Еліміздің 2,5 млн тұрғыны өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер қатарында екен. Мұндай тұлғалар әлеуметтік жеңілдіктердің басым көпшілігіне қолдары жете бермейді.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Мысалы, үй сыпырушылар, бала бағушылар, күзетшілер жеке байлардың, сондайда ғой, не болмаса базарда күнделікті күнін көріп жүрген соның барлығы өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етушілердің қатарына қосылған. Соны біз заңдастырамыз. Заңдық тұрғыда басқа азаматтармен, тікелей құқықтық тұрғыда жұмыс істеп жүрген азаматтармен олардың жағдайын теңестіру керек.

Бүгінге дейін дауыс берушілердің 10 пайыздан астам дауысына ие боламыз деп келген Мақсұт Нәрікбаев, енді бұл көрсеткіш 40 пайыздан кем болмайтындығына сенімді.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз әділеттілікті, лайықты өмірді, реформаны, бірақ дүбірсіз реформаны, шаңырағымызды шайқалтпайтын, есігімізді, босағамызды берік ұстайтын ғана реформаны қолдаймыз.

 

 

Партиялар сайлау науқанына дайын

 

/«Қазақстан» ТРК, 17.12.2011 ж./ - Келер жылы қаңтардың 15-не белгілеген Парламент Мәжілісінің депутаттар сайлауына қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Додаға қатыстатын саяси партиялар әр жерде түрлі шаралар өткізіп жатыр.

Бүгін «Патриоттар» партиясы Алматы халқымен кездесіп, оң бастамаларға бағыттайтын жоспарларымен бөлісті. «Патриоттар» партиясы, Мәжіліс сайлауына 22 үміткер ұсынып отыр. Сайлауалды бағдарламасында  партия экологиялық қауіпсіздік пен адам денсаулығы, ауылды көркейту сынды мәселелерге аса назар аудармақ.

Биыл «Желтоқсан оқиғасына» - 25 жыл.  Атаулы күнге орай «Руханият» партиясының мүшелері Тәуелсіздік таңы монументіне гүл қойды. Партия төрағасы бастаған белсенділер ел егемендігі жолында жанын қиған қазақтың ұл-қыздарын еске алып естеліктер айтты. Алдағы Парламент Мәжілісінің депутаттығына  бұл партиядан 22 үміткер додаға түседі.

Бүгін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» белсенділері  де Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл қойды. Желтоқсанда қаза болғандарды еске алып, құрбандардың аруағына  құран бағыштады.

Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының өкілдері   Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті. Ақмола бойынша 12 жарым мың мүшесі бар саяси ұйымның атынан алдағы Мәжіліс сайлауына осы өңірден бір үміткер қатысады. Партияның облыстағы 19 бастауыш ұйымы қазір сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.

 

 

Сайлауға дайындық жалғасуда

 

/«Қазақстан» ТРК, 17.12.2011 ж., Н. Мергенбай/ - Жамбыл облысында алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына әзірлік қызу жүріп жатыр. Мұнда жергілікті мәслихаттарға 582 үміткер ұсынылыпты. Олардың ішіндегі 235-і саяси партиялар атынан сайлауға түсетіндер. 3 үміткер қоғамдық бірлестіктер мүшелері, ал қалған 344-і өзін-өзі ұсынғандар. Бүгінгі күнге үміткерлердің басым бөлігі тіркеуден өтті.

Тіркеу жұмысы желтоқсанның 20-сына дейін жалғасатын болады. Жалпы, облыс бойынша 12 аумақтық, 205 округтық және 450 учаскелік сайлау комиссиясы құрылды. Оларға  сайлауға қажетті заңнамалық, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілді.

Асқар Абдуалы, Жамбыл облыстық территориялық сайлау комиссиясының төрағасы:

Басты міндеттердің бірі - ол жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, сайлаушылардың тізімдерін анықтау мәселесі. Бұл жерде айта кететін жағдай сайлаушылар тізімін анықтауда осы азаматтардың өз тараптарынан берілетін мүмкіндікті толық пайдалануға үлкен мән бергендері дұрыс қой беп ойлаймыз.

 

 

Үгіт жұмыстары басталды

 

/«Айқын», 17.12.2011 ж./ - «Әділет» демократиялық партиясы кеше өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Партия Парламентке өтер болса, олар өз бағдарламасында көрсетілген басты мәселелерді шешуге атсалыспақ. Нақтырақ айтсақ, жемқорлықпен ымырасыз күрес, конституциялық, әлеуметтік және сайлауалды реформа «Әділет» партиясының сайлауалды басым бағыты болмақ. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, соттар тәуелсіздігін, атқарушы билікке тәуелсіз облысаралық аумақтық соттар құру - күн тәртібінде тұр.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткендей, «Әділет» партиясының тізімінде 59 кандидат бар. Тізімде Мақсұт Нәрікбаев, Уәлихан Қайсаров, Мұрат Райев секілді танымал тұлғалар тұр. Сайлауалды бәсекелестіктің табысты боларына партия мүшелері сенімді. Олар жақында өз мәлімдемелерінде 15 пайыз дауысқа ие болатындығын мәлімдесе, ендігі көрсеткіш 40 пайызға жуықтаған. Қазір «Әділеттің» аймақтарда бірнеше партиялық штабтары жұмыс істейді.

***

«Ақ жол» демократиялық партиясының Астанадағы республикалық штабы үгіт кампаниясының алғашқы күнінің қорытындысын шығарды. Мереке күні партия мүшелері сайлаушылармен кездесулер өткізді. Партия мүшелері жұртшылыққа өз платформаларын айтып қана қоймай, қазақстандықтардың өтініштерін де тыңдады. Бұл ұсыныстардың бәрін «Ақ жол» Парламент жұмысында назарда ұстамақшы. Партия платформасында білім және медицина, кәсіпкерлер құқын қорғау және салық, жемқорлық пен бопсалау, терроризм мен экстремизмге қарсы тұру секілді мәселелер бар. Сегіз облыстағы кездесулер барысында әлеуметтік мәселелер көтерілді. Ең алдымен бағаның өсуі, коммуналдық қызметке тарифтердің көтерілуі, жұртшылықтың табысы, жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі секілді сауалдар басты назарда болды.

«Ақжолдықтардың» айтуынша, бұл сайлау - тәуелсіз Қазақстан тарихындағы демократиялық дамудың жаңа ғасырының басталуы болмақ. Партия сайлаушылардың 15-16 пайызының дауысын жинаудан үмітті.

***

«Руханият» партиясы бүгін бүкіл елде бастау алған үгіт-насихат жұмыстарын патриоттық фильмнің тұсаукесерінен бастады. Жуырда ғана түсірілген «Айша» фильмінің режиссері Еркін Рақышев 7 сериялы туындысын «Руханият» партиясына арнайтындығын айтады.

Режиссер Еркін Рақышев «Руханият» партиясына күні кеше мүшелікке қабылданыпты. «Осы партияға кірген себебім, «Руханият» - рухы мықтылардың партиясы. Халық мүддесін көп қорғайды, жұмыссыздық, тіл мәселесін көтеріп отырады» дейді ол.

7 сериялы «Айша» фильмінде қаршадай қазақ қызының қайсар мінезі баян етіледі. Өз өмірі мен жалғыз ұлына қауіп төніп тұрса да, Отанға деген шексіз махаббатын Айша асқан ерлікпен дәлелдейді. «Руханият» партиясы рухы мықты жастарды осындай фильмдермен жігерлендірмек. Оның айтуынша, қазақ қызының образын беру арқылы жастарды елін сүюге, мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоюға тәрбиелеуге болады.

 

 

Павлодардың «Нұр Отан» қалалық бөлімшесі қоғамдық штаб

пен өкілетті органдардың сайлау бойынша қабылдау бөлмесін ашты

 

/«ҚазАқпарат», 17.12.2011 ж., В. Ливинцова/ - Кеше Павлодар қаласында ҚР Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша қалалық қоғамдық штаб және биліктің жергілікті өкілетті органдары ашылды, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық бөлімшесі.

Бұл жерде депутаттыққа үміткерлер мен олардың сенімді адамдары қалалықтармен, қоғамдық, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесті.

Сайлауалды штаб мүшелері сайлаушыларды партияның ХIV съезінде қабылданған сайлауалды тұғырнамасы туралы ақпараттандыруды, «Нұр Отан» партиясының атынан депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан 39 үміткердің бағдарламасы туралы айтып беруді өздерінің басты мақсаты деп санайтынын мәлімдеді. .

Павлодарда азаматтарды күн сайын қабылдайтын нұротандықтардың қоғамдық қабылдау бөлмесі де жұмыс істей бастады. Бұл жерде тіркеу жүргізіліп, сайлаушылардан түсетін талап-тілектер мен ұсыныстар жинақталып, сарапқа салынады.

 

 

Өскеменде «Нұр Отан» партиясының

облыстық сайлауалды штабы ашылды

 

/«Хабар» агенттігі, 17.12.2011 ж./ - Ол бүкіл облыс аумағында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысатын болады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық деңгейдегі маслихаттарға 410 үміткер ұсынылған. Олардың 312-сі «Нұр Отан» ХДП өкілдері.

Партия бағдарламасы таяудағы 10 жылдықта жүзеге асырылатын жұмыстарды қамтиды және басым бағыттар бұрынғыша – әлеуметтік салаларды дамыту мен экономиканы одан әрі жаңғыртуға арналған. Нұротандықтардың айтуынша, олардың қолдарында ұзақ мерзімдік стратегияны жүзеге асыруға қажет интеллектуалды мамандар да, қомақты еңбек тәжірибесі де жеткілікті. Штаб қызметкерлері, биыл өздерінің интернет-кеңістікті белсенді игеруге кірісетінін айтады. Шаралар, ең алдымен жастар аудиториялары мен ғаламтордың белсенді пайдаланушыларына бағытталатын болады. Өйткені, сайлауда берілетін әрбір дауыс аса маңызды әрі құнды. Жалпы облыс бойынша «Нұр Отан» 800 үгіт-насихат шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

Түсіпхан ТҮСІПБЕКОВ, «НҰР ОТАН» ХДП ӨКІЛІ:

- Қалалық штабтан бастап, барлығы сайлауға дайын. Байланыс құралдары орнатылды, барлығы көлікпен қамтамасыз етілген, яғни біздің үгіт-насихат жұмыстарын белсенді бастау үшін қажеттінің бәрі бар. Барлығымыз мерекелік көңіл-күйдеміз. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтағым келеді. Мен халқымыздың 15 қаңтар күні өте дұрыс таңдау жасайтынына сенемін.

Жанат ӘКІМОВА, ШҚО БОЙЫНША ОСК ӨКІЛІ:

- Сайлауға қатысатын 8 партияның 4-еуі үміткерлерін ұсынды. Олардың ішінде ең көбі 312 адамды ұсынған «Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» – 21, ҚХКП – 11 және «Ауыл» – 9 кандидат ұсынды, оған қоса 2 үміткерді қоғамдық ұйымдар ұсынды.

 

 

Қазақстан тұрғындарының Мемлекет басшысына деген сенімінің

деңгейі тұрақты түрде жоғары болып қалуда - Ени Әзербайжан

 

/«ҚазАқпарат», 17.12.2011 ж., Б. Хамидов/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы күні, 16 желтоқсанда Әзербайжанның жетекші басылымдарының бірі «Ени Әзербайжан» газеті Қазақстандағы мерзімінен бұрын Парламенттік сайлауы туралы мақала жариялады.

ҚазАқпарат аталған мақала ішінен кейбір үзінділерді жариялайды.

Британдық Ernst&Young аудиторлық компания болжамдарына сәйкес, жақын арадағы 5 жылда Қазақстан ЖІӨ-нің 7 пайыздық деңгейіндегі жыл сайынғы өсімімен әлемдегі экономикасы тез өсетін елдердің алғашқы үштігінде қалады.

Бүгінде республика - «ТМД елдері арасында бизнес жүргізу үшін ең жылы қолайлы жер болып табылады». «Біз Қазақстанның ғаламдық әлемдік инвесторларға екі нәрсе - мүмкіндіктер мен болжай алушылықты ұсына алады деп есептейміз.

Соңғы онжылдықта Парламенттік және президенттік сайлау алдында, соның ішінде халықаралық ұйымдар жүргізетін әлеуметтік сұрау жүргізулер тұрғындардың Мемлекет басшысына деген сенімінің деңгейі тұрақты түрде жоғары болып қалып отырғанын көрсетуде. Бірінші кезекте, бұл мемлекет саясатының орысша сөйлесетін тұрғындарға қатысты, ал бұл, жақында өткен халық санағы бойынша - 30 пайыз. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылатын Қазақстанда орыс тілі кең қолданымға ие, «ұлтаралық қатынас тілі» болып қалуда. Бұның өзінде билік көздері тілдік немесе ұлттық белгілер бойынша ешқандай дискриминацияға жол бермейді, мұндай жағдай бұрын КСРО-ның ыдырауы кезінде болған.

Бұл ел 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болып сайланып, Астанада «онжылдық саммитін» өткізе алды. Ал 2011 жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуде.

 

 

«Патриоттар» партиясы халықпен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 17.12.2011 ж./ - «Патриоттар» партиясы сайлауалды насихат жұмысына белсенді кірісіп кетті. Бүгін саяси ұйым атынан Парламент депутаттығына ұсынылған үміткерлер алматылық тұрғындармен кездесіп, өз бағдарламаларын таныстырды.

Сондай-ақ, халықтың талап-тілегін тыңдады. Сайын мен Жұбанов көшесі қиылысында орналасқан 73-і көпқабатты тұрғын үй ауласы талай жылдан бері жөндеу көрмепті. Ойын алаңындағы әткеншек-сырғанақтар тозған, аулаішілік жолдар шұрық-тесік. Жергілікті тұрғындар «Патриоттар» партиясы өкілдерімен болған кездесуде бірінші кезекте осы мәселені көтерді. Алдағы Парламент сайлауына «Патриоттар» партиясы атынан 20 үміткер ұсынылды. Олардың арасында мұғалімдер, мүгедектер ұйымының өкілдері, спорт шеберлері бар. «Патриоттар» партиясы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда бірінші кезекте жемқорлықпен күресті қолға алмақ. Сондай-ақ, олар зейнет жасын төмендетіп, зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесін ұсынып отыр. Және патриоттықтар халықтың әлеуметтік жағдайын әлі де жақсартуға күш салмақ.

Гүлдана НҰРПЕЙІСОВА, ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫНА ҮМІТКЕР:

- Халықтың әлеуметтік жағдайын одан да жақсы дәрежеге көтеру. Көп мемлекеттер бар ғой Біріккен Араб Әмірлігі, Сингапур дейміз біз де кем емеспіз. Қазақстан кең байтақ жер бар, барлық бар технология бар, халық потенциалы бар, осы қысқа мерзімде үлкен мемлекет болуға тиіспіз. Ол үшін ел болып, партия болып күресуіміз керек.

 

 

ЖСДП сайлауға дайындалуда

 

/«Хабар» агенттігі, 17.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда Тәуелсіздік Монументіне «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері гүл шоқтарын қойды. Және партия тұғырнамасының басты бағыттары жайлы журналистер сауалдарына жауап берді.

Алматының дәл ортасындағы еңселі екі ескерткіш – Тәуелсіздік монументі мен «Тәуелсіздік таңы» кешені бір-бірінен шамамен 100 метрдей жерде орналасқан. Бүгін таңертең олардың екеуінің жанында да адамдар көп жиналып, гүл шоқтарын қойды.

Әміржан ҚОСАНОВ, «АЗАТ» ЖСДП БАС ХАТШЫСЫ:

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бірқатар аса маңызды мәселелерді қамтыған нақты бағдарламасы бар. Біз экономикалық салада елдің барлық табиғи ресурстары халық игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуіміз керек.

Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, оған байланысты іс-қимылды кешенді түрде жүргізу қажет,-деп санайды Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері.

Әміржан ҚОСАНОВ, «АЗАТ» ЖСДП БАС ХАТШЫСЫ:

- Қазақстанның өмір жолын енді бастаған мектеп түлегінен бастап, ұзақ жылдар ел игілігіне еңбек еткен зейнеткерлерге дейінгі әр азаматының ауқатты өмір сүруіне шығыс Еуропа елдеріндегідей мүмкіндіктері болуға тиіс.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сондай-ақ Парламент рөлін күшейтуді қолдайды және партияның сайлауалды бағдарламасы әрбір сайлаушының ой-пікіріне мейлінше жақын деп мәлімдейді.

 

 

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмысын бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 17.12.2011 ж./ - Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Саяси ұйым атынан Парламент Мәжілісінің сайлауына 18 адам түсетін болды.

Ал жергілікті Мәслихаттардың сайлауына партия атынан кемінде 3-4 адамнан қатыспақ. «Ауыл» партиясы ауылдықтар тарапынан үлкен қолдау табатынына үмітті. Өйткені, сайлау учаскелерінің басым бөлігі ауылды жерлерде орналасқан. Саяси ұйымның республикалық штабында жұмыс қызып тұр. Мақсат - біреу, электораттың сенімін ақтап, көбірек дауыс жинау.

Көпмағамбет ЕЛЕМЕСОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Облыстарда біздің бөлімшелерімз бар. Солармен тікелей байланысып отырмыз. Мына сайлау учаскелеріне өзіміздің бақылаушы адамдарымызды қойып дегендей. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін көптеген құжаттарды жібердік. Әлде де болса жетіспейтін жеріне жіберіп жатырмыз.

Ғани Қалиев жетекшілік ететін партия шаруаларға арзан несие беруді, мал шаруашылығын дамытуды ұсынады. Жайылым және суармалы жерлерді жандандырып, агроқалашықтар құру идеясын ұсынады.

Ғани ҚАЛИЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз басынан ауыл үшін құрылған партиямыз. Ауыл үшін жұмыс істейміз. Біз өзіміздің ауылдың проблемаларын жақсы білеміз.

Партия атынан 18 адам Парламент сайлауына қатысады. Бүгінгі таңда саяси ұйымның 200 мыңдай мүшесі бар.

 

 

СЕГІЗДІК сайлауға сақадай сай

 

/«Егемен Қазақстан», 17.12.2011 ж./:

 

Әділетті сайлау – басты міндетіміз

Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабына осындай міндет қойды

Кеше ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген мерекелік шаралармен қатар, Мәжіліс және мәслихат сайлауларына қатысатын саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары басталып та кеткен-ді. Осы күні Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның республикалық қоғамдық штабында болды.

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Елбасы  сараптама-талдау тобының, баспасөз және логистикалық орталықтары жұмысымен жан-жақты танысты. Сонымен бірге, осы жерде өңірлермен бейнеМәжіліс түрінде партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерімен селекторлық кеңес өтті. Кеңесті ашқан партия Төрағасы  Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауына дайындық барысын жоғары бағалап, оның дәл 16 желтоқсан күні басталғанында терең мән жатқандығын жеткізді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Қазақстанның дамуының жаңа тарауын ашып беріп отыр. Мәжіліс сайлауы қазақстандық саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңі болуы керектігін тілге тиек еткен Нұрсұлтан Әбішұлы оның қорытындысы бойынша төменгі палата құрамында кемінде екі саяси партия болуы керектігін ерекше атады.

«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық штабы кеңесінің отырысында Елбасы ерекше көтеріңкі көңіл күйде болды. Залға жиналған партия мүшелерімен  емен-жарқын әңгіме-дүкен құрып, ара-арасында әзілдеп те отырды. Алдымен сөз «Родина» ЖШС төрағасы Иван Сауэрге берілді. Ол жекешелендіру кезінен бері өз шаруашылығындағы 480 үлесшінің әлі бірде-біреуі ұжымнан шықпағанын, оның әрқайсысының үлесі 600 есе өскендігін ортаға сала отырып, осының барлығы да Елбасының сарабдал саясаты арқасында мүмкін болғандығын жеткізді.

Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаттары Айткүл Самақова мен Дарья Клебанова қарапайым тұрғындар тарапынан Елбасыға деген ерекше ілтипаттың сақталып отырғандығын айта келіп, сондықтан да қолдауға әзір екендігіне сендірді. Ал «Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Отан қорғау өзінің бала кезінен арманы болғанын, сол арманына қол жеткізгенін мәлімдеп, осы уақытқа дейін жасаған қызметі Отанымызды қорғау мақсатымен үндес шыққанын жария етті. Ол сондай-ақ қазіргі таңда ардагерлерге көптеген қолдаулардың болып жатқандығын атап көрсетті.

Ал «Сауап» республикалық қоғамдық қорының президенті, жазушы Бақытбек Смағұл тіпті мерекеге орай бір шумақ өлең де оқып берді. Ол өз сөзінде біздің 20 жыл ішінде қол жеткен ең үлкен жетістіктеріміздің бірі – тұрақтылық, татулық және бейбітшілік екенін баса айтты. Ол тек қана Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қол жетіп отырған табыстар. Олай болса, «Нұр Отан» партиясы Президенттің маңызды бастамаларын жүзеге асырып, елімізді көркейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға зор үлес қосып келе жатқан халықтық ұйым, деген ұстанымымен де бөлісе кетті.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысын республикалық қоғамдық штаб сайлауға толық дайын екендігінен хабардар етті.  Ол сайлауға дайындық барысы оның өтетін мерзімі анықталған күні-ақ басталып кеткендігін жеткізді. Еліміздің барлық өңірінде 226 штаб құрылған. Қазақстанның тиісті сайлау заңнамасына толық жауап беретін сайлауалды науқанның желілік кестесі мен медиа-жоспары әзірленіп, заң сараптамасынан өткендігін де ортаға салды. Сайлауалды штабтар құрамына қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кірсе, одан басқа тағы 64 мыңдай ерікті тартылғаны белгілі болды.

– Еліміз тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері біздің үгіт-насихат жұмыстарымыздың негізгі тақырыбына айналады, сонымен бірге, Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат артықшылықтарына да баса назар аударылатын болады, – деді республикалық штаб жетекшісі өзінің сөзінде. – Және барлық сайлаушыларға сайлауалды тұғырнамада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жеткізу көзделуде. Насихат жұмыстары барысында халыққа, әсіресе, жергілікті жерлердегі тұрғындарға 20 жылдық дамудың негізгі табыстарын, ең бастысы – осы жетістіктердің әрбір қазақстандыққа, әрбір отбасына қалай оң әсерін тигізгенін түсіндіру  негізгі міндет болып табылады.  Сондықтан да үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық аймақтарын қамтып, әр түрлі аудитория үшін нақты жүргізілмек.

Селекторлық кеңес барысында, сонымен қатар, партияның сайлауалды өңірлік штабының жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Мемлекет басшысы барлық партиялардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың сайлауалды науқан кезеңінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды. «Біздің алдымызда әділетті және таза сайлау өткізу міндеті тұр. Барлық билік органдары тек өз істерімен айналысып, сайлау науқанының барысына кедергі келтірмеулері керек, – деді Мемлекет басшысы қатаң ескертіп. – Осыған орай  Бас прокуратураға заңнаманың сақталуын қадағалауды, оның  бұзылуы фактілері туралы шағымдар мен өзге де өтініштерге жедел жауап қайтаруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сайлауды бақылауды және қоғамдық тексеруді қамтамасыз ету бағытында Байланыс және ақпарат министрлігіне Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді жүктеймін. «Нұр Отан» мен өзге де партиялардың негізгі басымдықтары бірлікті және қоғамның тыныштығын нығайту болуы тиіс.

Елбасы келесі кезекте қазіргі таңда  «Нұр Отан» өзінің халықтық партия екенін дәлелдегенін атап өтті.  Президенттік сайлау қазақстандықтардың жүргізіліп отырған саясатты толық қолдайтынын және ұлттың стратегиялық бағытпен жүруге дайын екенін анық көрсетті. Біздің партиямызға 850 мыңнан астам адам мүше. Еліміз бойынша 7 мың бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Сондықтан біз адамдарға не керектігін, елімізге не қажет екендігін білеміз. Сайлауалды науқан кезеңінде болашақ дамуымыздың стратегиясын, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру маңызды, деді. Аталған басымдықтар партияның «Ұлттық іс-қимыл жоспары. Қазақстан. Мақсаттар 2017» сайлауалды тұғырнамасында және Елбасының «Нұр Отан» ХДП-ның XIV съезінде сөйлеген сөзінде көрініс тапқан. Бұл – партияның сайлауалды штабының басты міндеті.

Жалпы, нұротандықтар өз мақсаттарын әрбір үйге кіріп, әрбір сайлаушыға жеткізуге дайын. Себебі, партияның сайлауалды тұғырнамасы – Қазақстанның алдағы 5 жылдық даму жоспары. Оның негізін Президент стратегиясы мен «Халықтың дауысы» акциясы арқылы жиналған халықтың тілегі құрайды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

 

Шеруін Алматыдан бастады

Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар үшін насихат жұмыстарын жүргізу бастау алса, одан Қазақстан Патриоттары партиясы да сырт қалған жоқ. Аталған партия мүшелері алғашқы шараларын кеше Алматыда өткізді.

Алматы тұрғындары еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуді «Тәуелсіздік монументіне» гүл шоқтарын қою арқылы азаттық жолында құрбан болған ұлт батырлары рухына тағзым етуден бастады. Қолдарына гүлдесте ұстап келе жатқан Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер арасында партия төрағасы Ғани Қасымов та болды.

– Біз еліміздің прогресс және демократия жолымен ілгері жүруін қалаймыз. Тәуелсіздік, азаттық жолында жандарын пида еткендер осы күнді көре алмай кетті. Сондықтан бүгінгі ұрпақ егемендіктің қадірін түсіне білулері тиіс… Жалпы, Отанымыз жиырма жылда толайым табыстарға қол жеткізді, болашақта осы бағыттан таймай, экономикасы дамыған, іргелі мемлекет болып қалыптасу жолында жұмыс істеуіміз керек, – деді Ғ.Қасымов.

Айнаш ЕСАЛИ.

 

 

«Руханиятқа» арналған фильм

Кеше сайлау науқанына қатысатын партиялардың бірі – «Руханият» сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті. Партия ел экономикасын көтеруді, әлеуметтік мәселелерді шешуді, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамытуды өзінің басты бағдары етіп алған.

Партияның кезектен тыс VІІІ съезінде партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин «Руханият» партиясының Жарғысына өзгеріс енгізілгенін атап өте келе, партия ұсынған кандидаттардың барлығы дерлік жоғары білімді, саясаттан хабары бар, көзі ашық адамдар екендігін алға тартқан болатын.

«Руханият» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын кеше Алматыда патриоттық фильмнің тұсаукесерімен бастады. Жуырда ғана түсірілген «Айша» фильмінің режиссері Еркін Рақышев 7 сериялы туындысын «Руханият» партиясына арнай­тындығын жеткізді. Режиссер Еркін Рақышевтің «Руханият» партиясына қабылданғаны күні кеше ғана екен. «Бүгінгі таңда ең бастысы, халықтың мүддесін қорғау, солар үшін жұмыс істеу. Бұған қоса, тіл мәселесі, жұмыссыздық мәселесі де бар», – деді режиссер.

Мамадияр ЖАҚЫП.

 

Ұсыныс-пікірлер де тыңдалады

Кеше Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының саяси басшылығы партияның Астана қаласындағы республикалық штабында бас қосып, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауындағы саяси бәсекеге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Партия өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарын ең алдымен еліміздің шалғайдағы елді мекендерінен бастап отыр. Бұл бағдарламаның бастапқы бөлігі болса керек. Сондықтан да кездесулерде партия өкілдері сайлаушыларды өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып қана қоймай, сайлаушылардың да ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастырмақ.

«Біздің партия сайлауалды үгіт жұмыстары басталған күні еліміздің бірқатар елді мекендерінде болып, сайлаушылармен кездесулер өткізді, – деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бізбен әңгімесінде. – Еліміздің 8 облысындағы сайлаушылармен кездесу барысы көрсеткендей, көпшілікті әлеуметтік мәселелер толғандырады екен. Бұлар негізінен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің қымбатшылығына, жұмыссыздыққа, тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты».

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

 

Кез келген партияға үлкен сын

Кеше Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының еліміздің 16 өңірінен келген өкілдерінің қатысуымен партияның сайлауалды алғашқы жиыны болып өтті. Партия басшыларының пікірінше, еліміздің Парламенті міндетті түрде көппартиялы болуы тиіс.

«Еліміздің Президенті айтқандай, көппартиялы Парламент болуы үшін оған қазіргі билікке пікірін ашық, орынды және дәлелді айтып жүрген партия кіру керек деп ойлаймын, – деді Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов. – Осындай көппартиялы Парламентті құра алатын болсақ, онда халқымыздың, қоғамымыздың дамуының үлкен кезеңі болмақ».

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасында, жоғарыда атап өткеніміздей, әлеуметтік салаға баса мән берілген. Енді олар өздері дайындаған әрі қабылдаған тұғырнама аясында еліміздің барлық өңірлеріне барып, сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізетін болады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізіммен 54 кандидат тіркелген еді. Кандидаттардың құрамында бес ұлттың өкілі бар.

Қанат ЕСКЕНДІР.

 

Халық жақсы өмірге лайықты

Кеше Алматы көшелерінде таңсәріден бастап халықшыл коммунистерді қолдауға арналған үнпарақтар таратылып, ұрандар мен түрлі-түсті плакаттар ілінді. Партия атынан Парламент Мәжілісінің сайлауына 21 адам қатысуда. ҚКХП биылғы сайлауға тұғырнамасын жан-жақты әзірлеп, алға қойған мақсат-міндеттерін айқындап келіп отыр. Партия алға қойған міндеттердің барлығы ҚКХП-ның «Қазақстанның болашағы үшін» деп аталатын бағдарламасында нақты көрсетілген.

Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткерлердің бірі Галина Баймұханованың айтуынша, қазіргі кезде халықтың әл-ауқатын жақсарту – өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан біз еңбекші халықтың мүддесін қорғай отырып, байлармен емес, кедейшілікпен күресуді де мақсат етудеміз. Біздің елдің әрбір азаматы жақсы өмір сүруге лайықты. Депутаттыққа кандидаттардың ішінде дәрігерлер, педагогтар, ғалымдар, бизнесмендер, шаруалар мен басқа да мамандық иелері бар. Осылайша біз Парламент Мәжілісіне қарапайым халықтың арасынан суырылып шыққан азаматтардың да сайлануы керек екенін көрсеткіміз келеді, дейді Г.Баймұханова.

Қорғанбек АМАНЖОЛ.

 

Басты бағдарлары айқын

Кеше Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Алдағы саяси додада өз күш-қайратын сынайтын мұндай партиялардың бірі – Қазақстанның Социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.

2 желтоқсан күні Қазақстанның Социал-демократиялық «Ауыл» партиясының кезектен тыс VIII съезі өткен болатын. Бұл жиында партияның сайлауалды тұғырнамасы бекітіліп, «Ауыл» партиясының атынан кандидаттар тізімі ұсынылған-тын. Ғани Қалиев жетекшілік ететін бұл партияның негізі 2000 жылы қаланса, бүгінде оның құрамына 200 мыңнан астам азамат топтасып үлгерген.

Партияның VIII съезінде: «Мен «Ауыл» партиясының беделі үшін қолымнан келгенше күресемін. Ендігі Парламентке мүше болатын адамдардың ішінде құрығанда ұлттың мүддесін қорғайтын 10 адам керек», деп сөз сөйлеген «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы Дулат Исабековтің, сондай-ақ, «Ауыл» партиясы мүшелерінің көздеген мақсат-міндеттерінің қаншалықты деңгейде жүзеге асатыны уақыт еншісінде. Әзірге, «Ауыл» партиясы ел-елді аралап, үгіт-насихат жұмыстарына батыл кірісіп кетті.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

 

 

40 пайыз дауыс жинамақ

Кеше Астанада «Әділет» демократиялық партиясы сайлау науқанын бастап кетті. «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, Парламент Мәжілісіне сайланған жағдайда олар кең көлемді конституциялық реформаларды жүргізіп, заң шығарушы органның өкілеттігін арттыруға, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырып, атқарушы биліктен тәуелсіз облысаралық округтік және халықтық бейбіт сот билігін, яғни билер сотын орнатуға күш салатын болады.

– Қазіргі кезде елімізде азаматтардың еңбек құқын заң жүзінде қорғау қажеттілігі туындап отыр, – дейді М.Нәрікбаев. – Олардың арасында аула сыпырушы, бала бағушы, базарда сатушы болып жұмыс істейтін адамдар көп. Біздің партияның мақсаты – әрбір азаматтың заңды мүддесі мен құқын қорғап, олардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау.

Бұған дейін Әділет партиясы сайлаушылардың 10 пайыз дауысын жинайтынына сенімді болса, қазір өздерінің бағдарламасында көрсетілген басым бағыттардың нәтижесінде халықтың 40 пайыз дауысын жинайтындарына үміттенетіндерін білдіруде.

Қазір партиялық тізімдегі 59 үміткердің ішінде Мақсұт Нәрікбаев, Уәлихан Қайсаров пен Мұрат Раев сияқты елімізге белгілі азаматтар бар.

Дастан КЕНЖАЛИН.

 

 

Жаңаөзендегі жағдай: партиялар пікірі

 

/«Қазақстан» ТРК, 18.12.2011 ж./ - Жаңаөзенде орын алған оқиғаға еліміздегі саяси партиялары да алаңдаулы. Партия жетекшілері бүгін біздің тілшілерге сұхбат беріп, өз ойларын жеткізді.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

Жаңаөзен қаласында болған оқиғаларды ұйымдастырғандар және жасағандар өз жазасын алуға тиіс деп есептейміз. Себебі, біздің Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде қол жеткен ең үлкен жетістігіміз ол – халқымыздың бейбіт өмірі, бірлігі мен ынтымағы. Сондықтан, Қазақстанымыздың одан әрі тұрақты дамуы үшін, осы ұлы қасиеттерді сақтау, қорғау – баршамыздың негізгі міндетіміз.

Мұхтар Шаханов, «Руханият» партиясының рухани көшбасшысы:

Жаңаөзендегі жағдайды естіп жатырмыз. Соның біз қазір анық-қанығына жете алмай отырмыз. Бірақ бұл мәселені жайдан-жай қалдыруға болмайды. Бұл бәріміздің ортақ мүддеміз.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

Біз бірде-бір адам немесе адамдар тобы өзінің шамшылдығымен адамдардың тыныштығын құрбан етуге, Тәуелсіз мемлекет құрып жатқан миллиондаған қазақстандықтардың еңбегін елемеуге құқылы емес екенін нық сеніммен айтамыз. Біз құқық қорғау органдарынан заңдылықты қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар барысында тікелей Жаңаөзен қаласында, сондай-ақ, Қазақстанның бүкіл аумағында азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуді талап етеміз. Біз барлық саяси бірлестіктерді алауыздықты қоя тұрып, әрбір қазақстандық үшін қастерлі қоғам тыныштығы мен қауіпсіздік мәселесін қарауға қатысуға шақырамыз.

Әміржан Қосанов, «ЖСДП» республикалық сайлауалды штабының жетекшісі:

Осы күнге дейін Жаңаөзендегі және «Қаражамбас мұнай-газдағы» шаруаны шешуге болатын еді. Осыдан бірнеше ай бұрын онда бардық. Әкім, мұнай-газдың басшылығы ереуілшілерді отырғыздық бір столдың басына. Біз солардың отырғанына қуандық. Әңгіме басталды, бірақ, өкінішке орай, әр жақ өзінің позициясын 100 пайыз ұстанамын деп, келіссөз жүрмей қалды. Меніңше, бұл жерде екі жақ та бір-біріне қадам жасауы керек. Бірақ бұндай оқиғадан кейін, қан төгілгеннен кейін, бас жарылғаннан кейін, меніңше, жағдайды басқаша қарау керек және Елбасы-Президенттің өзі тікелей араласпай, мына оның маңайындағы күштер, бәлкім, бұл оқиғаны одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін.

Мәди Артығалиев, демократиялық «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

Жаңаөзендегі оқиғаны кешеден бері бүкіл халық естіп жатыр. Бұл, әрине, өте өкінішті жағдай. Бауырларымыздың арасындағы қантөгістің болып жатқаны. Жастар десек, әрине, жастар кішкене қызбалыққа, қозғалысқа, ашуды тоқтата алмайтын қимылдарға баруы мүмкін. Сондықтан, қадірлі бауырлар, қадірлі отандастар, жас жеткіншектер Қазақстанның, бүгінгі мына қиын күнде ақылға тоқтап, ақылға келіп, өздеріңізді бірінші өздеріңіз қорғауға күш салыңыздар деп айтықым келеді.

 

 

Саяси партиялардың үгіт-насихаты басталды

 

/«Қазақстан» ТРК, 18.12.2011 ж., Д. Мұхаметкәрім/ - Алаңдамаңыз, ағайын, Жаңаөзендегі жағдай реттелер. Мемлекет түйткілді мәселенің түйінін тарқатар. Біздің тілшілеріміз бүгінде сол жақта жұмыс істеп жатыр. Яғни, деміл-деміл Маңғыстау облысындағы ахуал туралы өздеріңізді хабардар ететін боламыз. Енді өзге тақырыптарға ойыссақ. Осы апта – еліміздегі сайлау науқаны басталған апта. Қаңтардың 15-ші жұлдызында өтетін Парламент Мәжілісі сайлауына сегіз партия қатысатыны белгілі. Барлығы желтоқсанның 16-ы күні үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Әр партияның өкілдері аймақтарда жергілікті халықпен кездесіп, өздерінің бағдарламаларын таныстырып жатыр. Саяси аламанына ат қосқан сегіздік туралы ақпараттар топтамасында.

***

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы осы аптада Астанада Селекторлық кеңес өткізді. Өңірлік штаб жетекшілерінің сайлауалды баяндамалары тыңдалды. Еліміз бойынша «Нұр Отанның» 226 штабы жұмыс істеп тұр. 850 мыңнан астам мүшесі бар билік партиясы қыруар жұмыс атқарды. Әлі де талай шаруа тұр. Мәселен, алдағы 5 жылда 400-ден астам мектеп, 3000 мыңға жуық балабақша бой көтеріп, халық игілігіне тапсырылады.

«Ұлы мереке» күні Патриоттар партиясының өкілдері Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Партия төрағасы бастаған белсенділер ел егемендігі жолында жанын қиған ұлдарымыз мен қыздарымызды еске алып, тағзым етті. «Қазақ елі бүгінгідей жарқын өмірге өз елінің өрендері, патриоттарының ерен ерлігі арқасында қол жеткізді», - деді жиналғандар. Алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына партия атынан 22 үміткер додаға түседі. Олардың барлығы өз серіктестері мен бірлестік мүшелерінің қолдауын тапқан.

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының республика бойынша 200 мыңнан астам мүшесі бар. «Ауыл» партиясы атынан алдағы Мәжіліс сайлауына 18 үміткер тіркелген. Олардың арасында ауыл шаруашылығы саласының мамандары, академик-ғалымдар бар. Сегіз партия додаға түсетін саяси жарыста ауылдықтар қомақты дауыс алатындықтарына сенімді. Қазір облыстық филиалдар мен Астана және Алматы қалаларындағы бас кеңселерде қарқынды жұмыс жүргізілуде.

«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Парламент сайлауына 60 үміткер түседі. Бүгіннен бастап ел аймақтарында сайлауалды 16 аймақтық штаб өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, мәслихат депутаттығына үміткерлердің 204 жеке штабы іске кірісті. Партия белсенділері осы аптада Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай обылыстарында болып, ауылдық мекендерді аралап, тұрғындарды «ақжолдықтардың» сайлауалды тұғырнамаларымен таныстырды.

Ал «Руханият» партиясы үміткерлерінің қатысуымен Алматыда мерекеге орай «Айша» фильмінің тұсауы кесілді. 7 сериядан тұратын фильмде қаршадай қазақ қызының өршіл рухы, қиындыққа қасқая қарсы тұрған қайсар бейнесі, Отанға, сүйген жарға деген ыстық махаббаты қатар өріледі. Фильмнің режиссері – «Руханият» партиясының белді мүшесі Еркінбек Рақышев. Партия серкелерінің айтуынша, ұлтымыздың тағылымды тарихынан сыр шертетін бұл туынды – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының басы.

Ал Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ресейлік «қызылдардың» ізін баспақ. Алдағы саяси науқанда олар да 18 пайыз дауыс жинауды көздеп отыр. «Өйткені, Президенттік сайлаудан кейін партия қатары артты», - дейді коммунистер. Негізі елімізде 90 мыңнан аса коммунист бар. Партия атынан депутаттыққа 21 үміткер ұсынылды. Коммунистер де Мәжіліске өтсе, ең алдымен ауылдың мәселесін көтеруді жоспарлап отыр.

«Әділет» демократиялық партиясы Тәуелсіздік күні Астанада баспасөз мәслихатын өткізді. Партия басшылары сайлауалды тұғырнамаларын таныстырып, халыққа үндеу жолдады. «Әділеттің ақ жолы» атты бағдарламасын таныстырып өтті. Парламентке өтсе партия белсенділері елдің құқықтық саласын реформадан өткізбек. «Әділет» демократиялық партиясының атынан саяси додаға 59 үміткер қатысады.

Еркіндік пен әділеттілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық – «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» басты бағыты осы. Партия жетекшілігі алдағы күндерде республиканың барлық облыстарын аралап, халықпен жүздесуді жоспарлап отыр. Ел тілегін тыңдап, партиялық бағдарламасына түзету мен толықтырулар енгізбек.

 

 

Сайлауға дайындық

 

/«Қазақстан» ТРК, 19.12.2011 ж., М. Құлмырзаева/ - Қызылорда облысында жергілікті мәслихат депутаттығына 225 үміткер ұсынылып, бүгінге дейін оның 31-і тіркелді. Алдағы саяси науқан ел тағдырын саралайтын аса жауапты іс. «Ал оны абыроймен атқару әрбір қазақстандықтың міндеті», - дейді қызылордалық Ақерке Әбуова. Ол сайлау учаскесіне келіп, өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексерген алғашқы тұрғын.

Ақерке Әбуова, сайлаушы:

Былтыр еліміздің Президентін сайлағанда Шиелі ауданында дауыс бергенмін, биыл, енді, Қызылорда қаласына көшіп келіп жатырмын. Сол, енді, тізімде бармын ба, жоқпын ба соны нақтылауға келдім. Мәжіліс депутаттарын сайлау бұл - еліміз үшін, барлық Қазақстан халқы үшін жауапты істің бірі деп есептеймін. Әрқайсымыз өзіміздің ойымызды,пікірімізді айтып, қалауымызды білдіргеніміз ол менің тағдырыма әсер етеді деп есептеймін.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша – бұрын 91 сайлау учаскесі болса, қазір  қосымша төрт сайлау орны ашылып, шекаралары қайта жасақталды. Әр учаскеде сайлаушылардың саны үш мыңнан аспайды. Ал олардың тізімдерін жасау жауапкершілігі жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Мамандардың есебінше, облыс орталығында сайлау құқығына ие 135 мың 658 адам бар.    

Пірмұхаммед Сыздықов, тізімдерді нақтылау жөніндегі жұмысшы топтың төрағасы:

Әділет басқармасы арқылы, мысалы, қайтыс болғандардың тізімі алынып жатыр, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жаңадан жеке куәлік алып жатқан азаматтардың тізімдері алынып жатыр. Ал жалпы сайлау учаскелері бойынша үйлерді аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

 

 

Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымы «Ақ жол» партиясының

Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған мәлімдемесін қолдады

 

/«Kazakhstan Today», 19.12.2011 ж./ - Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымы «Ақ жол» партиясының Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған мәлімдемесін қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Астанада «Ақ жол» ҚДП-ның үгіт-насихат тобының аймақтағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі - Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесуі болды. Партия төрағасы Азат Перуашев кәсіпорынның мамандары мен жұмысшыларын партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелерімен таныстырды, сайлаушылардың сауалдарына жауап берді. Әңгіме барысында Жаңаөзен қаласында орын алған оқиға да қозғалды, осыған байланысты Азат Перуашев 16 желтоқсан күні кешкілік ҚДП-ның шұғыл шақырылған Президиумымен қабылданған осы сұрақ бойынша партияның арнайы мәлімдемесін оқып берді (қосымша). Көрсетілген мәлімдемеде «Ақ жол» ҚДП Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаны айыптады, болған жағдайды қоғам үшін толық және ашық түрде тергеуге шақырды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

«Ақ жол» ҚДП-ның үгіт-насихат тобымен кездесу кезінде Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымы Жаңаөзендегі оқиғаны айыптаған мәлімдемесін бірауыздан дауыс беріп қолдады»,- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

«Кездесуге қатысқандардың пікірінше, кез келген мемлекет үшін өмір қауіпсіздігінің, азаматтардың жеке және мүліктік құқының, қоғамдық тыныштықтың кепілі ең бастысы болып табылады. Егер олар қамтамасыз етілмесе, барлық қалған мәселелер екінші деңгейлі болып табылады, себебі халық пен қоғамда ертеңгі күнге және туған-туыстарының қауіпсіздігіне сенімі болмаса, даму, алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою туралы айту мүмкін емес»,- деп атап көрсетті ҚДП.

Сонымен қатар баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «жиналғандарды әсіресе ҚДП-ның жас отбасыларды әлеуметтік қолдау, қолжетімді баспана, экономикалық саясат және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша ұсыныстары қызықтырған».

Кездесу барысында партияның Орталық кеңесінің мүшелері Меруерт Қазбекова, Хаджи-Мурат Льянов, Еркебұлан Ілиясов, Бақыт Сәрсекбаев, Талғат Ерғалиев, сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлері Әсем Әбенова, Абулкасен Балтабаев, Марат Калауденов, сонымен бірге партияның ОК мүшесі, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ қаржы директоры Асқар Смағұлов сөз сөйледі.

 

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының мәлімдемесі

Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында БАҚ-тың хабарлауы бойынша Жаңаөзен қаласының қалалық алаңында Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеп жатқан азаматтарға шабуыл жасалғаны белгілі болды. Қалалық әкімдіктің және қалаға негіз болған кәсіпорынның ғимараты өртелген, тұрғын үйлер және коммерциялық объектілер тонаушылық пен талаушылыққа ұшыраған.

Ең қорқыныштысы: қан төгіліп, адамдар өліп, зардап шекті.

Бұл акцияның тура Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу үстінде жасалуы, олардың әрекетінің қыр көрсету сипатын байқатады және олардың ұйымдастырушылары мен орындаушыларының Қазақстан мемлекеттілігімен бірге еместігін көрсетеді. Оның үстіне: олар өздерінің көзқарасын 20 жыл бойы өз еңбегімен тәуелсіз мемлекетті құрған миллиондаған қазақстандықтардың құндылықтарына қарсы қойып отыр.

Осыған байланысты Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы мыналарды мәлімдейді:

1. Біз тәртіпсіздіктің бастамашыларының құқыққа қайшы іс-әрекетін үзілді-кесілді айыптаймыз.

2. Біз бірде-бір адам немесе адамдар тобы өзінің шамшылдығымен адамдардың татулығы мен тыныштығын құрбан етуге; тәуелсіз мемлекет құрып жатқан миллиондаған қазақстандықтардың еңбегін елемеуге құқылы емес екенін нық сеніммен айтамыз.

3. Біз Республикамыздың Тәуелсіздігіне, конституциялық құрылысына және демократьиялық институттарына бейіл екендігімізді білдіреміз және еліміздің кез келген нүктесінде билікті күшпен басып алуға жол беруге болмайтындығын мәлімдейміз.

4. Біз мемлекеттік органдарды саяси ерік-жігер көрсетуге және Жаңаөзен қаласында заңдылықты қалпына келтіруге шақырамыз.

5. Біз құқық қорғау органдарынан Жаңаөзен қаласында, жалпы Қазақстан аумағында заңдылықты қалыптастыру барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді талап етеміз.

6. Біз осы оқиғаға орай атқарушы органдардың іс-әрекетіне баға беруді қоса алғанда, оған тиісті дәрежеде құқықтық және саяси баға бере отырып, әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізуін талап етеміз.

Қоғам болған жайлар, оның шынайы себептері және ұйымдастырушылары туралы, тіпті ұйымдастырушылар Қазақстанның шегінен тыс жерлерде жүрген болса да, толық ақпарат алуға тиіс.

7. Заңдылықты қалпына келтіруден басқа, біз адамдарды құқықтық нигилизмге итермелейтін әлеуметтік алғышарттарды тұрмыс деңгейін көтеру, жұмысқа орналастыру проблемасын шешу, қолжетімді тұрғын үй, жастар үшін өмірлік перспектива жасау жолымен еңсеру жөнінде батыл шаралар қолдануға шұақырамыз. Күнкөрісі төмен отбасыларды әлеуметтік қорғауды айтарлықтай күшейту, әлеуметтік әділеттілік принциптерін іске асыру арқылы ең байлар мен ең кедейлер арасындағы табыс деңгейінің алшақтығын азайту жөнінде қадамдар жасалуы қажет.

8. Біз экстремизм мен құқықтық нигилизм проблемаларын талқылау үшін «Қазақстан-2020» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының кезектен тыс отырысын шақыруды қайтадан талап етеміз.

Біз барлық саяси бірлестіктерді алауыздықты қоя тұрып, әрбір қазақстандық үшін қастерлі қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі мәселесін қарауға қатысуға шақырамыз»,- деп мәлімдеді Қазақстанның «Ақ жол» демокартиялық партиясы.

 

 

«Нұр Отан» штабы сайлауалды науқанын бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» Республикалық қоғамдық штабы кең ауқымды сайлауалды науқанын бастап кетті.

Бүгін штаб мүшелері, Ақмола облысы, Ақкөл ауданының Наумовка елді мекенінде болып, ауыл тұрғындарымен партия Тұғырнамасының ұстанымдарын талқылады. Ауыл шаруаларымен жүздесіп, елді-мекендегі дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасымен танысты. Ақмола облысы, Ақкөл ауданының Наумовка елді-мекенінде «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық штабы өкілдерімен кездесуге бүгін тұрғындар көп жиналды. Олар ауыл мәселелеріне ерекше назар аударылған партияның сайлауалды тұғырнамасын қызығушылықпен тыңдап, талқылады. Партия тұғырнамасына сәйкес, ауылда лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалу керек. Нұротандықтардың пікірінше, ең бірінші, ол үшін ауылда кәсіпкерлік саласын жандандыру керек. Осы мақсатта олар жылдық мерзімге 3 млн-ға дейінгі микронесиелер бөлуді ұсынды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, «НҰР ОТАН» ХДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ШТАБ ТӨРАҒАСЫ:

- Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан да ауылды көтеруге ерекше назар аударып, жыл сайын ауылға бөлінетін инвестициялар мен шағын несиелер көбейіп келеді. Ол Қазақстанымыздың әрбір ауылының белсенді дамуына, әлеуметтік жағынан толықтай қорғалуына зор ықпал ететін болады. Сондықтан сіздер, «Нұр Отанды» қолдай отырып, ауылдың өсуіне, еліміздің болашағына дауыс беретін боласыздар!

Людмила КЕК, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

- «Нұр Отан» әрқашан ауылға көмектесіп отырады. Ол әрқашан нақты нәтижелерге қол жеткізетінін білеміз. Сондықтан барлығымыз «Нұр Отан» үшін дауыс береміз.

Наумовка елді мекенінде бір жарым мыңнан астам адам тұрады. Биыл ауылда егін бітік шығып, ауыл шаруалары алқаптардан бұрын соңды болмаған мол астық жинаған. Ауылда соңғы жылдары тұрмыс түзеліп, әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып келеді. Мұнда мектеп, бала-бақша жұмыс істейді. Ауыз су да бар. Көшелер көркейтіліп көгалдандырылған. Қоғамдық штаб жетекшілері ауыл тұрғындарымен сұхбаттасып, дүкендердегі бағалармен танысты.

Хабдулла ӘБДІРАХМАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Әрине, қиындықтарымыз болды. Қазір, Құдайға шүкір бәрі де өз орнына келді. Біз аяғымызға нық тұрдық. Мемлекет бізге көмектесіп жатыр. Президент еңбегіміздің лайықты бағасын беруде. Сондықтан мен барлығын 15 қаңтарда өтетін сайлауда «Нұр Отан» үшін дауыс беруге шақырамын!

Нұротандықтар ауылдардың болашағына, олардың одан әрі гүлденуіне ықпал жасайтынын айтады. Оған Наумовка селосының тұрғындары сенімді. Сондықтан олар алдағы сайлауда – «Нұр Отан» үшін дауыс береміз,- деді.

 

 

«Ақжолдықтар» еңбек ұжымымен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Ақмола вагон жөндеу зауытының ұжымымен кездесіп, сайлауалды тұрғырнамасын таныстырды.

Партия төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, кәсіпорын ел дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазір таңда зауытта жылына 2,5 мыңнан астам вагон жөнделеді. Ақмола вагон жөндеу зауытының 70 жылдан астам тарихы бар. Жүк вагондарын қайтадан қалпына келтірумен айналысатын кәсіпорын қызметінің ауқымы кеңейді. Енді бұл жерде дәнді дақылдар таситын вагондар дайындалмақ. «Ақ жолдың» төрағасы Азат Перуашев еңбек ұжымымен кездесу кезінде партияның сайлауалды тұғырнамасын жан-жақты түсіндіріп берді. Елімізде атқарылған жұмыстарға тоқмейілсімей, мемлекетті одан әрі дамыту үшін тың жолдар қарастыру қажет дейді ол.

Азат Перуашев, «Ақ Жол» партиясының төрағасы:

- Алдымен өзіміздің сайлауалды тұғырнамамызды жариялап, екіншіден сайлаушыларымыздың аманатын жинап отырмыз, олардан да түрлі сұрақтар түсіп, тапсырма түсуде. Соны жинап, Парламентке кіргеннен кейін іске асыратын боламыз.

Асқар Смағұлов, Ақмола вагон жөндеу зауытының қаржы директоры:

- Біздің зауытта көп жастар істейді, сол жастарға доступное жилье бағдарламасы керек. Ақжол партиясы сонымен айналысып, сондай жағдайларды көтере береді деп ойлаймын.

«Ақ Жол» партиясының 16 аймақтық штабы құрылған, олар қазіргі таңда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

 

 

«Ақ жол» аманат қабылдады

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - Қазақстанның бір топ қоғамдық ұйым өкілдері бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясына сайлауалды «аманат» құжатын тапсырды.

Қоғам, мемлекет қайраткерлері әзірлеген аманатта: «елдің тәуелсіздігін, саяси, экономикалық дербестігін сақтау; қазақ жерінің бар байлығын халықтың әлеуметтік, рухани қажеттігіне жарату; халықтың тарихи құндылықтары мен ұлттық мүддені дәріптеу» сынды мәселелер қозғалған. Ұсынған аманатты қабылдап алған партия төрағасы Азат Перуашев: «Ақ жол» Парламенттен орын алған күнде, биік мінберден аманат еткен істерді орындаймыз, - деді.

Дос КӨШІМ, «ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз өзіміздің Аманатымызға негізгі-негізгі принципті түрдегі мәселені кіргізіп отырмыз. Оның ішінде экономикалық тәуелсіздігіміздің дербестігін сақтау мәселесі бар.

Айдос САРЫМ, «ҰЛЫ ДАЛА» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Осы сайлаудың кем дегенде 50 пайызы қазақ тілі мен қазақ тақырыбына арналары анық. Заман көші, тарих дөңгелегі айналып келе жатыр. Менің ойымша ішінде тарихи жағы, ұлттың зерде, ұлттық мәселе жақсы қойылған сияқты. Ол сөзсіз біздің тағдырымыздың, руханиятымыздың, бүгініміз бен болашағымыздың үлкен бағыты.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Мемлекет деген ұлттық мүддеге қарай жұмыс істеу керек деген, еліміздің қолындағы бар байлықты еліміздің пайдасына пайдалануға, оның ішінде табиғи байлықтар, экономикалық ресурстар болсын, еңбек ресурстары, оның ішінде ұлттық өндірушілерге ерекше қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің орнын көтеру, оны пайдалану саласын кеңейту таға да басқа оннан да көп тапсырма бар аманатқа қосылған. Дөңгелек үстелде тағы бірқатар маңызды мәселе қосылды, біз оны бірігіп атқаруға ат салысамыз.

 

 

«Ауыл» партиясы үгіт-насихатқа кірісті

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - «Ауыл» партиясы алдағы сайлауға дайын. Қазір өңір-өңірлерде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді атқаруда.

Партияның облыстық басшыларымен жүздесіп, ауыл аймақтарға күш салып жатыр. Сайлауалды тұғырнамасы да ауыл мүддесін көздейді. Еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту, өндіріс тиімділігін көтерумен қатар, ауылдықтардың жағдайын жақсарту мақсаты да алдыңғы қатарда. Диқандар, егіншілер мен малшылардың жөні бөлек болғанмен, ауыл мұғалімдері мен дәрігерлері де назардан тыс қалмақ емес.

Көпмағамбет Елемесов, «Ауыл» партиясы сайлауалды штабының жетекшісі:

- Үгіт-насихат жұмысын жақсылап өткізіп сайлауға сайлаушылардың қатысуын өтініш жасап жатырмыз. Ауа-райы қолайсыз болып тұр, дегенменен, сайлау жақса өтеді ғой деген ойымыз бар. Ауыл партиясының негізгі мақсаты сол ауыл шаруашылығын көтеру, сондағы өндірістің тиімділігін арттыру. Мен ойлаймын бізге тек қана ауыл шаруашылығының еңбеккерлері емес, бізге қаланың да тұрғындары дауыс береді деген үміттеміз.

 

 

Үгіт-насихат жұмыстарына кірісті

 

/«Егемен Қазақстан», 21.12.2011 ж., С. Әліпбай/ - Тіркеуден өтіп, алдымыздағы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау додасына белсене қатысуға ұмтылған партиялар қатарында ауылдықтар да өздерінің сайлауалды жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде кірісіп кетті.

Партияның сайлауалды штабына хабарласып, штаб басшысы, ауыл шаруашылы­ғы ғылымдарының докторы, академик Көпмағамбет Елемесовпен сөйлесудің сәті түсті.

– Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанында өзіміздің съезімізді өткізіп, онда партияның сайлауалды жұмыстарының тұғырнамасын бекіттік. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде арнайы тіркеуге 23 адамды ұсыну жөнінде шешім қабылдап, олардың тізімін жасаған едік. Осылардың ішінен 18 адам тіркеуден өтті. Енді халықпен кездесіп, сайлауалды жұмыстарымызды жүргізуге кірісіп жатырмыз. Барлық жерде облыстық штабтарымыз құрылып, кімнің қайда барып, қандай ұйымдармен кездесетіндігі айқындалуда. Мен өзім күні ертең Атырау облысындағы Махамбет ауданының халқымен кездесуге сапарға шықпақ­пын. Мұнан кейін Ақтауда және басқа да жерлерде боламын. Партиямыздың төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ғани Қалиев бас болып, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып жатырмыз, – деді бізбен әңгімесінде Көпмағамбет Елемесұлы.

Партия штабына біз сөйлескен сәтте телефондар шылдырлап, жан-жақпен хабарласу, қызу ұйымдастыру жұмыстары қайнап жүріп жатты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен де бірнеше тілдесулер келіп түсті.

Жуықта ғана Астанада өткен партияның съезінде оның төрағасы Ғани Қалиев партияның ауылды дамыту мәселесіне ерекше мән беретіндігін айтып, осы бағытта ұсынылатын ұсыныстар мен жүргізілетін жұмыстарды сарапқа сала келе, ауылдық жерлерде агроқалашықтар құру идеясын ұсынған болатын. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының тұғырнамасы тек аграрлық мәселелермен ғана шектелмейтіндігін, ол ел өмірінің барлық жағын қамтитындығын айтуға болады. Ауылдықтар халықпен кездесу мақсатында жер-жерлерге аттанғанда өз сайлаушыларының арасында осы жөнінде нақты түсініктер беруді, сондай-ақ олардың талап-тілегін естіп, оны жоғары жаққа жеткізіп, алдағы уақытта өздерінің бағдарламалық құжаттарына енгізуді жөн санап отыр.

Штаб бастығы Көпмағамбет Елемесов партия үшін сайлауалды жұмыстарының маңыздылығын, осы бойынша атқарылатын істерді халыққа жеткізу қажеттігін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланыс жасаушы міндетін өзінің орынбасары Ғалымжан Мәдиевке жүктеді.

 

 

Қазақстан Патриоттары Партиясы жаңа жылды тойлауда

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - Қазақстан Патриоттары Партиясы Алматыдағы сайлаушылармен кездесу өткізді.

Қозғалыс белсенділері қаланың Арбат алаңына жаңа жыл костюмдерінде шығып, алматылықтарды 15 қаңтарда болатын сайлауға қатысып, сайлау бюллетенінде өз партияларына дауыс беруге шақырды. Шараға қатысқандардың айтуынша суық ауа райына қарамастан әдемі киінген топқа халық қызығушылықпен қарады. Ең бастысы қазір депутаттық орынды алған соң, патриоттардың жүргізетін жұмыс бағдары – ол республиканың көпұлтты халқының мүддесін қорғау, адамгершілік және рухани құндылықтарды сақтау, заңның ұлықтылығын жақтау, шағын және орта бизнесті қолдау, дүниежүзілік қоғамның назарын Арал теңізі мен Семей полигонына аударып, спорт саласын қайта жандандыру. Парламенттің Мәжіліс сайлауына қатысуға бекітілген 20 адамның арасында экологтар, дәрігерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қазақстанның белгілі спортшылары бар.

Гүлдана НҰРПЕЙІСОВА, ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТТАРЫ ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға нақты-нақты консультациялар беріп деген сияқты, өзіміздің мекен-жайымызды айтып, алдыңғы бағдарламамызды. Осы бір ай бойы сайлау кезінде біз халықтың ортасында боламыз.

 

 

«Руханият» партиясының өкілдері сайлауалды

насихат жұмысының барысын талқылады

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - Руханияттықтардың сөзіне қарағанда қазір үгіт жұмысы арнайы кестемен жүріп жатыр. Бүгінге дейін олар алматылық электоратпен бірнеше кездесу өткізген.

Руханият партиясы атынан ұсынылған кандидаттар 20-желтоқсаннан бастап республиканы аралауға шықпақ. Атап айтқанда олар 20-22-күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында болып, халықпен кездеседі. Айта кетейік, 15 қаңтарда өтетін Парламент сайлауына Руханият партиясы атынан 27 кандидат ұсынылып отыр. Олардың арасында қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, кәсіпкерлер мен спорт шеберлері бар. Партияның сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік проблемаларға көбірек көңіл бөлінген. Сондай-ақ, жасылдар партиясы экология мен рухани-мәдени саланы дамытуды да негізгі бағыт ретінде ұстанып отыр. Жалпы «Руханият» партиясы сайлауда 27 пайыз дауыс алуға үмітті.

Серікжан МӘМБЕТАЛИН, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Дайынбыз. Енді Мұхтар аға бастаған басқа да белсенділер бар Қазақстанды аралаймыз.

Мұхтар ШАХАНОВ, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨШБАСШЫСЫ:

- Біз республика бойынша медицина мен оқуды тегін ету мәселесін алға қойып отырмыз. Бағдарламаның одан басқа жақтары бар бірақ негізгі бақытымыз осы.

 

 

«Әділет» партиясы үгіт-насихат шарасын бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 19.12.2011 ж./ - «Әділет» партиясының Павлодар бөлімшесі үгіт жұмыстарына кірісті. Бүгін облыстық штаб Мәжілісінде партия белсенділері сағаттарын дәлдестіріп, бірқатар жұмыс сәттерін талқылады.

Олар облыстық мәслихатты қоса отырып, бірнеше жергілікті органдардың мандаты үшін күреседі. Ел Парламентінің төменгі палатасына екі үміткер айқындалды.Сайлау алды кезеңінде саяси партияларда мереке және демалыс күндері деген болмайды. Керісінше, саяси бірлестіктердің белсенділері сайлау науқанына даярлық үшін бос уақыттарының бәрін ұтымды пайдалануға тырысады. Павлодар облысында «Әділет» партиясының бизнесмендер, әлеуметтік сала және өнеркәсіп өндірістері қызметкерлері сияқты жақтастары бар. Сонымен қатар, оның қатарына жастар да көптеп келуде. Тек соңғы бірнеше айда партия қатарына 500-ден астам қыздар мен жігіттер кірген. Әсіресе Екібастұзда жас партияшылар көп. Солардың екеуі көміршілер қаласыныңмәслихат депутаттағына үміткерлікке ұсынылды. Бүгін партияның облыстық штабында сайлауға әзірліктер барысын талқылап, партияның сайлауалды бағдарламасына аймақ тұрғындарының назарын аудару үшін үгіт науқанын қандай түрде және қалай жүргізу туралы стратегиялық тапсырмалар белгіленді.

Владимир ПОСТНИКОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз бүгін Батыс Қазақстанда болған оқиғаны елемей өте алмаймыз. Барлық қазақстандықтар сияқты «Әділет» партиясы да бұған аса алаңдаулы. Мұндай оқиға қайталанбауы керек. Біз болған оқиғаға – жастардың заңсыз әрекетіне қынжыламыз, қайғырамыз. Енді бұл сабақтан тиісті қорытынды шығарып, осы өңірде тұратын адамдарға әділетсіздіктерді жою жөнінде нақты шаралар жасалуға тиіс.

 

 

«Әділет» партиясы үгіт-насихат шараларын бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 20.12.2011 ж./ - Ал, Павлодарда «Әділет» партиясының облыстық штабы Мәжілісінде партия белсенділері сайлауға әзірліктерін пысықтады.

Олар облыстық мәслихатты қоса отырып, бірнеше жергілікті органдардың мандаты үшін күреседі. Павлодар облысында «Әділет» партиясының іскерлер, әлеуметтік сала және өнеркәсіп өндірістері қызметкерлері сияқты жақтастары бар. Сонымен қатар, олардың қатарына жастар да көптеп қосылуда. Тек соңғы бірнеше айда партия қатарына 500ден астам жастар кірген. Әсіресе Екібастұзда жас партияшылар көп. Солардың екеуі көміршілер қаласының мәслихат депутаттағына үміткерлікке ұсынылды. Бүгін партияның облыстық штабында үгіт науқанын жүргізу мәселелері талқыланды.

Владимир ПОСТНИКОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз бүгін Батыс Қазақстанда болған оқиғаны елемей өте алмаймыз. Барлық қазақстандықтар сияқты «Әділет» партиясы да бұған аса алаңдаулы. Мұндай оқиға қайталанбауы керек. Біз болған оқиғаға – жастардың заңсыз әрекетіне қынжыламыз, қайғырамыз. Енді бұл сабақтан тиісті қорытынды шығарып, осы өңірде тұратын адамдарға әділетсіздіктерді жою жөнінде нақты шаралар жасалуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

«Әділет» партиясының мүшелері үгіт-насихат

жұмыстарын елдімекендерде жалғастыруда

 

/«Хабар» агенттігі, 20.12.2011 ж./ - Сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында бүгін Жамбыл облысында халықпен кездесу өткізді.

«Әділеттің ақ жолы»,- деп ұран көтерген әділеттіктер сайлауалды бағдарламасында төрт басым бағытты ұстанып отыр. Олар экономикалық саясаттың мәні мен мазмұнын өзгерту, ресурстарды топтастыру, конституциялық реформаны жүзеге асыру және азаматтық қоғам құру. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев Қазақстанда кең көлемдегі конституциялық реформаны жүзеге асыру керек,- деп санайды. Сол арқылы Парламенттік-президенттік республика құру қажеттігін ұсынады. Кездесуде сөз алған партия мүшелері мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлер мемлекеттік тіл саясаты, тұрғын үй шаруашылығын жетілдіру мәселелерін дамыту жолдарын айтты. Сондай-ақ аграрлық аймақтың шаруаларына берілетін субсидия мен несие көлемін арттыру керек, - деп санайды партия белсенділері.

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы:

- Елбасының өзі де мысалы, өткен сьезде айтып кетті. Мынау дүниежүзінде болып жатқан ауыртпашылықтар, кейбір құбылыстардың барлығы әділетсіздік яғни әділеттік принципінен таю деді. Ал енді қарасақ сол құбылыстар бізге де келіп жатыр. Яғни біздің негізгі мақсатымыз осы қоғамда нағыз әділеттік қоғам орнату.

Тұрғындармен кездесуден кейін Әділет партиясының мүшелері халық қаһарманы, Ғазиз Байтасовтың отбасында болды. Лаңкестің қолынан мезгілсіз мерт болған жол полициясы қызметкерінің ерлігі бүгінгі жастарға үлгі боларлық дейді партия белсенділері. Партия төрағасы Мақсұт Нәрікбаев батырдың екі ұлына заң университетіне тегін түсуге оқу грантын тапсырды.

 

 

Әлеуметтік мәселелерді шешуге мүдделілік

 

/«Егемен Қазақстан», 21.12.2011 ж., Л. Еділқызы/ - Кеше 15 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі сайлауы алдындағы үгіт-насихат шараларына орай, «Әділет» демократиялық партиясының лидері Мақсұт Нәрікбаев Жамбыл облысында болды. Облысқа сапары кезінде партия жетекшісі журналистермен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз-мәслихаты кезінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Солардың ішінде Мақсұт Нәрікбаев бірінші кезекте, оралмандарға қатысты мәселелерге айрықша назар аударып, құжаттарды рәсімдеу мен азаматтық алуға, балалар жәрдемақысына байланысты шешілмей жатқан проблемалардың түйінін тез арада тарқатуға қажетті атқарылуға тиісті шараларға орай өз ұсынысын жеткізді.

Журналистермен кездескеннен кейін М.Нәрікбаев қапияда көз жұмған, қайтыс болғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағына лайық деп табылған капитан Ғазиз Байтасовтың отбасымен жүздесіп, оның туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты. Партия жетекшісі өзінің шынайы құрметі ретінде қаза болған капитанның балаларына университетте тегін білім алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыс етті. Сондай-ақ, ол бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді күшейту мәселесін көтерді.

Бұл күні қалалық Мәдениет үйіндегі сайлаушылармен өткен кездесуінде Мақсұт Нәрікбаев халықты «Әділет» партиясының сайлауалды тұғырнамасындағы негізгі ереже-қағидаларымен таныстырды. Өзінің сөзінде ол партияның қоғамдағы өткір және маңызды мәселелерді шешуге мүдделілік танытып отырғанына тоқталды. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда жастардың жұмыспен қамтылу мәселесінің күн тәртібінде тұрғандығын, сол себепті, жоғары оқу орындарын жаңа бітірген, алайда жұмыс істеу тәжірибесі жоқ жастарға тиісті квота бөлінуі қажеттігін жеткізді.

М.Нәрікбаевтың айтуынша, Парламент Мәжілісіне сайланған жағдайда олар кең көлемді конституциялық реформалар жүргізіп, заң шығарушы органның өкілеттігін арттыруға, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырып, атқарушы биліктен тәуелсіз облысаралық, округтік және халықтық бейбіт сот билігін, яғни билер сотын орнатуға күш салатын көрінеді.

Қазіргі кезде елімізде азаматтардың еңбек құқын заң жүзінде қорғау қажеттілігі бой көрсетуде, дейді «Әділет» партиясының төрағасы. Олардың арасында түрлі мамандық иелері  бар. Әсіресе, қарапайым еңбек адамдары басым болып табылады. Біздің партияның мақсаты – әрбір азаматтың  заңды мүддесі мен құқын қорғап, олардың лайықты өмір сүрулеріне жағдай туғызу.

Қазіргі таңда «Әділет» партиясы сайлаушылардың 40 пайызға дейін дауысын алудан үмітті екендіктерін жасырмайды.

 

 

Үгіт-насихат науқаны қыза бастады

 

/«Хабар» агенттігі, 20.12.2011 ж./ - 2012 жылдың 15-қаңтарында өтетін Кезектен тыс Парламент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары күннен күнге қызып келеді. Әрбір саяси партия халықпен кездесіп өздерінің сайлауалды тұғырнамаларымен таныстыруда.

Бүгін Қазақстан патриоттары партиясының белсенділері қоғамдық көлікке мініп, сайлаушылармен жүздесті. Алтыншы бағыттағы трамвай жолаушыларын саяси ұйым мүшелері өз бағдарламаларымен ғана таныстырып қоймай, ән де орындап берді. Қазақстан патриоттары партиясының алдағы 5 жылдағы басты мақсаты – Қазақстан халқының өмір сүруін сапалы жаңа деңгейге жеткізу. Партия қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, экологиялық мәселелерді шешуге атсалыспақ. Елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, қуатты экономика құруға күш жұмсайды. Бұл үшін ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету керек. Сондықтан кәсіпорындарға ауқымды жаңғыртулар жасау, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау талап етіледі. «Ал адам капиталынсыз бұның бәрін іске асыру қиын, сондықтан біздің партия адам капиталына ерекше мән береді» - дейді патриоттықтар.

Гүлдана НҰРПЕЙІСОВА, «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТТАРЫ ПАРТИЯСЫ» САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Көңіл-күйлерін білейін деп. Сұрақтары бар ма екен? Сұхбаттасып, наказдары бар ма екен? Айтатын тағы бізге өсиеттері дегендей. Қандай мұң-мұқтаждары бар. Еліміздің байлығы ол адам. Адамның денсаулығы, адамның құқығы. Қауіпсіздігі.

 

 

Саяси партиялардың сайлауалды насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 20.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Қыр астында тұрған саяси додада кімдердің бағы жанбақ? Ел халқы күні ертең қай партияға, қайсы үміткерге таңдау жасамақ? Құрғақ уәде, жалған жарнамамен қысқасы, даурықпа сөзбен дауыс жинау мүмкін емес. Саяси партиялардың өкілдері қазір алдағы науқанның насихат жұмыстарымен ел аралауға шықты.

Халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарға алған партия белсенділері бүгін трамвайға мініп шаһарды аралады. Алматылықтарды 15 қаңтарда болатын сайлауда өз партияларына дауыс беруге шақырған «Патриоттықтар» қоғамдық көлік ішінде ән айтып, би билеп, қала тұрғындарының көңілін серпілтті. 

Ал «Руханият» партиясының белсенділері Алматыдағы № 1 қалалық балалар үйінде болды. Еркінбек Рақышевтің «Айша» фильміне түскен 20 тәрбиеленушімен кездесіп, балаларға базарлық таратты. Фильмде қаршадай қазақ қызының қайсар мінезі баян етіледі. «Руханият» партиясы рухы мықты жастарды осындай фильмдермен жігерлендірмек.

Бүгін «Ақжол» партиясының үгіт-насихат тобы Қостанайда болып, көпшілікті өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Қостанай облысы бойынша «Ақжол» партиясынан аудандық және қалалық мәслихаттарға 4 адам, облыстық мәслихатқа 3 адам, Парламент Мәжілісіне 1 адам депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген.

«Жаңаөзендегі жайсыз жағдай толық зерттелуі тиіс. Сонда ғана түрлі қауесеттер мен бұра тартудың жолы кесіледі», - дейді ЖСДП белсенділері. Партия өкілдері бүгін Жаңаөзен мен Шетпедегі жағдайға байланысты тәуелсіз қоғамдық комиссия құру қажеттігін мәлімдеді. 

Қазақстан коммунистік халық партиясы да сайлау науқанына кірісті. Бүгін Алматыдағы қалалық комитеті журналистер мен блоггерлерге шаһардағы сайлау штабы мен медиа-орталық және қоғамдық қабылдау бөлімін таныстырды. Өз іштерінен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 21 үміткерді ұсынып отыр. 

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының Ақмола облысындағы бөлімшесінде жеті үгіт-насихат тобы құрылды. Оған білімді, ауыл мәселесіне қанық, ұйымдастырушылық қабілеті бар мамандар тартылған. Жыл соңына дейін облыстағы «Ауыл» партиясының өкілдері барлық ауылда жиын өткізіп, тұрғындарымен жүздесуді жоспарлап отыр.  

Бүгін«Әділет» демократиялық партиясының өкілдері Таразда баспасөз мәслихатын өткізді. Партия жүзеге асырғалы отырған жұмыстар он жеті қадамға бөлінген. «Әсіресе, әлеуметтік мәселелер, жемқорлықпен күрес, мемлекеттік тіл және дін жағдайына аса назар аудару керек», - деп санайды партия белсенділері.

 

 

ҚХКП сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

 

/«Хабар» агенттігі, 20.12.2011 ж./ - «Халықтың болашаққа деген құқықтарын қайтарамыз» атты бағдарламада халық тұрмысын жақсарту, қазба байлықты ел игілігіне жұмсау, тауарлар өндірісін кеңейту мен ең төменгі күнкөріс деңгейін көбейту, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері қозғалған.

Сондай-ақ, Алматыда Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының сайлауалды штабы ашылды. Коммунистер 16 желтоқсаннан бері қала көшелеріне насихат парақшаларын таратса, бүгіннен бастап штаб өкілдері безендірілген көлікпен аулаларды аралап, қала тұрғындарымен кездесіп, тұғырнамаралымен таныстырады. Коммунистердің басты мақсаты – отансүйгіш ұрпақ тәрбиесіне атсалысып, білім беру жүйесін жетілдіру. Қазақстан бойынша партияның 21 мүшесі Мәжіліс депутаттығына үміткер. Ал, Алматы қаласынан сайлауға екі кандидат түспек.

Галина БАЙМАХАНОВА, ҚКХП ӨКІЛІ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің мақсатымыз – Қазақстанның гүлденуі үшін күресу. Еліміздің жүрегі – халық. Қазақстандықтардың маңдай теріне лайықты жалақы алғанын қалаймыз. Медициналық қызмет сапасын көтеруді, коммуналдық тарифтің тұтынушылар қалтасынай сай болуын қамтамасыз етеміз.

Азамат АСЫЛОВ, ҚКХП СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

- Жалпы агитациялық жұмыс өзінің барысымен жүріп жатыр. Партияның түпкі мақсаты билік халықпен санасу керек. Осы халықпен санаса отырып, өзінің шешімін қабылдау керек.

 

 

Халықшыл коммунистер атбасын ауылға бұрды

 

/«Егемен Қазақстан», 21.12.2011 ж., Ж. Жағыпарұлы/ - Бүгінде алдымыздағы жылдың 15 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялар өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Олардың барлығы осы үдеріске берілген бір ай мерзімді барынша ұтымды пайдаланып қалуға ұмтылып отыр. Сайлау додасына қосылған сегіз партияның қатарында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы да бар.

Елімізде сайлауалды үгіт жұмыстары қызу қарқын алды. Бұл ретте Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы өңірлерде үгіт жұмыстарын барынша жүйелі бастады. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында партия белсенділері Түркістан қаласына жақын Нұртас, Майдантал, Бақберген және Қаражол ауылдарында кездесулер өткізіп, ауыл тұрғындарына партия тұғырнамасын кеңінен таныстырды. Бұл ретте ҚКХП үгітшілеріне комсомол-жастар ұйымдарының мүшелері елеулі көмек көрсетті. Олар осы ауылдарда партияның ақпараттық құралдарын таратып, ауыл тұрғындарымен партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жөнінде жүйелі әңгіме өткізді.

Облыстың Сарыағаш ауданында халықшыл коммунистер үміткерлеріне дауыс беруге үндеген үш билборд ілінді. Абай және Қапыланбек елді мекендерінде үгіт парақшалары таратылды. Сонымен бірге, Сайрам ауданының тұрғындар ең көп қоныстанған Сайрам, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында коммунистер жан-жақты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ҚКХП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық штабының төрағасы Нұрлан Қадырқұловтың айтуынша, облыс комсомол-жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында нағыз белсенділік танытып, аға буын өкілдерінің игі істерін насихаттауда.

ҚКХП-ның үгіт-насихат жұмыстары Қостанай облысында да кең көлемде жүргізілуде. Жер-жерлердегі партия штабтарында «Халықтың болашаққа деген құқын қайтарамыз!», «Еңбек құқы! Билік халыққа! Әділеттілік!» сияқты плакаттар мен ұрандар ілінген. ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің белсенділері жергілікті тұрғындармен жан-жақты үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, партияның тұрғынамасымен таныстыруда. Олар партияның қарапайым халықтың мүддесін қорғайтындығын барынша кең көрсетуге тырысуда.

Кеше ҚКХП Астана қаласында да өзінің сайлауалды үгіт-насихат шараларын ұйымдастырып, жұртшылықты партияның тұғырнамасымен таныстырды. Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты партияның ресми көзқарасы жария етілді. Журналистердің сұрақтарына ҚКХП Орталық комитетінің хатшылары Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков жауап берді.

 

 

«Ақ Жол» жетекшісі партия тұғырнамасын таныстырды

 

/«Хабар» агенттігі, 20.12.2011 ж./ - Бүгін «Ақ Жол» демократиялық партиясының көшбасшысы Азат Перуашев, сайлаушыларды партияның тұғырнамасымен таныстыру мақсатымен Қостанайға келді.

Партияның облыстық штабы студенттермен және ауыл шаруашылығы саласы мамандарымен кездесулер өткізді. Алдымен «Ақжолдықтар» көрнекті қазақ ақыны, ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл қойды, одан кейін екі кездесу өткізді. Азат Перуашев студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жастарды еңбекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және білім беру саласын жаңғырту мәселесі қызықтырса; шаруалардың сауалдары – ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің мүдделерін қорғау проблемасына қатысты болды. Жалпы «Ақ Жолдың» сайлауалды тұғырнамасы он бағыттан тұрады. «Акжолдықтар» Парламенттің төменгі палатасына депутаттар мандаттары үшін таласуға ниетті. Сондай-ақ партияның қостанайдағы филиалы облыстық мәслихатқа екі үміткер, аудандық мәслихаттар депутаттығына үш үміткер ұсынып, тіркеуден өткізіп қойды.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ҚДП ТӨРАҒАСЫ:

- Өз сайлауалды тұғырнамамызды түсінідіріп және таныстыру мақсатында осында келдік. Одан кейін Сайлауға түсетін кандидаттар өзімізге айтылатын аманатты тыңдап, алдағы 5 жылда қандай жұмыстармен айналысу керек екенін анықтау үшін осындай кездесулер өткізіп жатырмыз.

 

 

«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерді қолдайды

 

/«Хабар» агенттігі, 21.12.2011 ж./ - Бүгін Қазақстанның Агроөнеркәсіп палатасы мен «Ақ жол» партиясы ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші-кәсіпкерлері қолдап, олардың мүдделері мен құқығынын қорғауды заңнамалық тұрғыда жетілдіруді көздейді.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгін ғана Қостанайдан қайтып келе жатырмыз. Мысалы, бидайшылар биылғы егін сақтау мәселесінде көптеген және мал шаруашылығында біраз кемшіліктер болды деп Ауыл шаруашылық министрлігіне көп сын айтылды. Қазір осы дөңгелек үстелге қатысқан министрлік өкіліне ашық түрде біз оны айтып, әрине бір-бірімізді қолдаймыз. Олардың проблемасын шешуге дайын екендерімізді айтып, бүгінгі күні меморундумға қол қоятын болдық. Бұл ұйымдар өз аттарынан бізге аманат беріп отыр, тапсырмаларды біз Парламентте қолдауға дайынбыз.

Сондай-ақ, партия белсенділері бүгін Шымкенттегі жергілікті кәсіпкерлермен бірігіп «Бизнесті қорғау – ел өркендеуінің негізі» деген тақырыпты талқылады. «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасында елдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін қандай заңдарға өзгеріс енгізу және нендей шараларды қолға алу керектігі туралы айтылған. Бүгін партия белсенділерімен кездесуде кәсіпкерлер несие алудың қиындығы мен тексеруші органдардың көптігі жайын тілге тиек етті. Және жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанына жан-жақты қолдау көрсету, алғашқы жылдары салықтан босату мәселелері сөз болды. Оңтүстік Қазақстан облысы негізінен аграрлық аймақ болғандықтан, кәсіпкерлердің дені ауылшаруашылығына қатысты ойларын ортаға салды. Олар мемлекет инфрақұрылымды құрып беруі керек деп есептейді. Су жеткізіліп, жарық пен газ тартылған аймақта кәсіпкерлік дамитын болады.

Бөріхан НҰРМҰХАМЕДОВ, «АҚ ЖОЛ» ДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өзін өзі қамтамасыз ететін болса, салық төлесе, басқа адамдарға жұмыс беретін болса, оған қолдау көрсету қажет. Қандай көмек көрсетуге болады? Біріншіден, жемқорлыққа тосқауыл керек. Ол үшін шенеунік пен кәсіпкердің арасындағы қарым-қатнасын реттеп, контактіні төмендету керек.

 

 

Астанада ҚКХП республикалық сайлауалды штабы ашылды

 

/«Хабар» агенттігі, 21.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада Қазақстан Халықтық коммунистік партиясының республикалық сайлауалды штабы ашылды.

Бүгінде «Қызылдар» партиясының қатарына 80 мыңнан аса азамат қабылданған, тек Астана қаласының өзінде 5 мыңға жуық адам партияның белсенді мүшесі болып табылады. Астанада ашылған республикалық партияның сайлауалды штабы үгіт-насихат және оны тиімді ұйымдастыру жұмысымен айналыспақ. Партия белсенділері штабтың ашылу құрметіне орай аспанға 21 шар ұшырды, тегін емес. Өйткені, партия атынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлердің саны – 21 адам.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХКП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Штабта орталық баспасөз қызметі жұмыс атқарады және штаб қызметкерлерінің барлығы ұйымдастыру бөлімдері, идеология бөлімдері қамтылған. Облыс бойынша бізде 14 аймақтық штаб құрылды, 8 қалалық, 74 штаб аудандық құрылды. Міне, барлығымен ең негізгісі 14 облыстың штабпен және екі қалалық Алматы және Астана қалалық штабпен біз қазіргі кезде онлайн, скаиппен хабарласып, бұрынғыдай телефон емес, жаңа технологияны енгізіп те жатырмыз. Сондықтан, біз жедел түрде хабарласу үшін міне, өздеріңіздің көз алдарыңызда егер қажет болса қаламен, облыспен шыға аламыз, қажет болса бейнеконференция жүргізе аламыз.

Бүгінгі таңда Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясының сайлауалды насихат жұмысын белсенді жүріп жатыр. Мәселен, олар бүгін Ақтөбеде сайлауалды тұғырнамасын таныстыру мақсатында тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратты. Коммунистердің сайлауалды бағдарламалары негізгі 9 бөлімнен тұрады. Олар - өнеркәсіптің шикізаттық емес секторын дамыту, ауыл шаруашылығын жақсарту, өмір сүру деңгейінің көрсеткішін қайта есептеудің жаңаша әдісін жасау мен Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу, коммуналдық төлем мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу сияқты мәселелерді қамтиды. Бұған ұқсас шара Қарағанды мен Көкшетау қалаларында да өтті. Қарағандылық коммунистер ауыл адамдарына өз бағдарламаларын таныстыру мақсатында үгіт көлігімен шалғай ауылдарға жол тартса, партияның көкшетаулық белсенділері қаланың орталық көшелеріне сайлауалды бағдарламасы жазылған парақшаларды іліп, штаб өкілдері безендірілген көлікпен аулаларды аралап, қала тұрғындарына тұғырнамаларын таныстырды. Жалпы Ақмола облысында коммунистер партиясына 5500 адам мүше. Алдағы сайлауға Ақмола өңірі бойынша ҚР Парламент Мәжілісі мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына 4 үміткер тіркелген.

Ғабидолла РӘСІЛБАЙ, ҚХКП МҮШЕСІ:

- Алдымен жер байлығын мемлекетке қайтарып алу, екіншіден мына кәсіпкерлерге көмек жасау, кәсіпкердерлің құқығын көтеру. Ауылдың жағдайын көтеру, ауылға адамдарға жұмыс беру, жұмыс орнын көбейту. Осындай көп мәселелерді халық партиясы коммунистік партиясы көтеріп отыр. Сондықтан 15-қаңтар күні Сіздерді бәрілеріңізді осылай коммунистік халықтық партиясына дауыстарыңызды беруге шақырамын.

 

 

Қазақстанның коммунистік халық партиясы республикалық

сайлауалды штабының таныстырылымын өткізді

 

/«ҚазАқпарат», 21.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Қазақстанның коммунистік халық партиясы бүгін өздерінің республикалық сайлауалды штабының таныстырылымын өткізді.

Шара барысында штаб қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндаған Қазақстанның коммунистік халық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, партияның Қазақстан бойынша 14 облыстық штабтары, 8 қалалық, 74 аудандық штабтары құрылған.

«Бұл шаралар біз үшін аса қиын болған жоқ. Өйткені біз осыған дейін Президент сайлауына қатыстық. Біз сонымен қатар штаб басшылары және баспасөз қызметкерлері мен үгітші бригадасы өкілдеріне арнап, үшкүндік тренинг өткіздік. Аталмыш шараға Жоғары сайлау технологиялар институтының жетекшілері қатысты. Біз сонымен қатар штабта онлайн жүйесіндегі қызметті жолға қойдық. Осыған орай біз еліміздің аймақтарындағы штаб өкілдерімен осы жүйемен байланысып, жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстап отырмыз»,-деді партия хатшысы.

Оның деректері бойынша, 2012 жылға жоспарланған Мәжіліс депутаттарының кезектн тыс сайлауына кандидат ретінде Қазақстанның коммунистік халық партиясының атынан 21 кандидат тіркелген. Олардың барлығы да осы уақытта үгіт жұмыстарымен айналысуда. «Біз сонымен қатар штабта мықты кадрлардан баспасөз қызметін жолға қойдық. Сонымен қатар блоггерлермен және еліміздің аймақтарымен жұмыс істейтін мамандар бар. Бізде сайлауалды науқанға қажетті жұмыстардың барлығы жолға қойылған»,-деді партия өкілі.

 

 

«Руханият» пен ЕҚЫҰ өкілдері кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 21.12.2011 ж./ - Бүгін «Руханият» партиясының өкілдері мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институт және адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшылары кездесті. Екі тарап қазіргі жүріп жатқан сайлау науқаны барысы туралы пікір алысты.

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары сайлау науқаны басталған 16-желтоқсанда елімізге келіп, елдегі саяси партиялардың өкілдері, Парламент Мәжілісі мен мәслихатына үміткерлер, азаматтық қоғам, билік пен сайлау комиссиясы өкілдерімен кездесуде. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саяси сарапшысы Ярек Доманьскидің айтуынша, бүгінде елімізде ұзақ мерзіммен келген 28 байқаушы жұмыс істеуде. Ал сайлауға бір апта қалғанда тағы да қысқа мерзімді 400 байқаушы осында өтетін сайлау барысын бақылауға келмек. Кездесу барысында, «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин партияның стартегиялық мақсаты, сайлауалды тұғырнамасы, алға қойып отырған мақсат-міндеттері мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының өту барысын ортаға салды.

Серікжан МӘМБЕТАЛИН, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұқаралық ақпарат құралдары бізді толыққанды көрсетпей жатыр деп шағым айтудан аулақпыз. Барлығы ретімен насихатталып жатыр. Енді үгіт-насихат жұмыстарын халыққа жеткізу үшін өз газетімізді ашу ойымыз бар.

Ярек ДОМАНЬСКИ, ЕҚЫҰ САЯСИ САРАПШЫСЫ:

- Барлығымен кездесу өткізіп жатырмыз. Екі күннен кейін осындай кездесулер қорытындыланған арнайы есеп беру баяндамасы әзірленеді. Ал сайлаудан кейін тағы біреуін дайындаймыз. Сіздермен кездесу біз үшін маңызды. Алғашқы баяндама соның негізінде құрылады.

 

 

Ұйым өкілдерімен жүздесті

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., Қ. Ескендір/ - Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдері мен «Руханият» партиясы мүшелерінің арасында кездесу болып, ресми отырысты «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбетәлин жүргізді.

Кездесу барысында тараптар өзара пікір алмасып, бүгінгі әлемдік және елішілік саяси бағдар турасында көзқарастарымен бөлісті. Серікжан Мәмбетәлин сайлау кезектен тыс белгіленсе де, «Руханият» партиясы үгіт-насихат науқанын қажырлы жүргізіп жатқанын айтып, сайлауалды шаралар жөнінде: «М.Шаханов – соңғы қырық жыл бойы ұлттық-патриоттық іс-шаралардың ортасында жүрген азамат. Жинаған беделі біздің рейтингімізді күрт өсірді. Бұл басқа партиялардың алдындағы өзгешелігіміз», деп атап өтті.

 «Руханият» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Серікхан Жақыпов үгіт-насихат жұмысын жүргізуге уақыттың жеткіліксіздігін, сай­лауалды науқаны бірнеше мейрамдармен сәйкес келіп, сайлаушылармен кездесуге уақыттың тапшылығын және қаржының аздық етіп жатқандығын мәлімдеді. «Бұған дейінгі сайлауларда қаржы мемлекет тарапынан бөлінетін. Партиялық тізімдегі көптеген азаматтар үшін 240 мың теңге табу қиындық тудырды. Шет аймақтарға жасалған сапарларға жұмсалатын қаржыны да әркім өз қалтасынан төлеп отыр», деді біраз мәселелерге тоқталған С.Жақыпов.

Серікжан Мәмбетәлин ЕҚЫҰ өкілдерінен сайлаудың әділ өтуін қадағалап, Орта­лық сайлау комиссиясы мен сайлаушылар арасында дәнекер болуын сұрады. Бұдан бөлек, «Руханият» партиясының негізгі электораты ауылды жерлерде, шалғай аймақтарда орналасқандықтан, үміткерлер мен жергілікті басқару қызметкерлері арасында кейбір келіспеушіліктер туындағанын да айтып өтті.

 

 

Астаналық облыстан бастады

 

/«Егемен Қазақстан», 21.12.2011 ж., Д. Кенжалы/ - Дүйсенбі күні «Нұр Отан» ХДП республикалық қоғамдық штабының өкілдері Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумовка ауылында болды. Нұротандықтардың айтуынша, олар өз кездесулерін ауылдан бастағаны кездейсоқтық емес. «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасы ба­сымдықтарының бірі ауылды дамыту болып табылады. «Нұр Отан» бұрын да ауылға қолдау көрсетуге арналған бірқатар бағдарламаларды әзірлеген еді. Олардың ішінде жұмыспен қамту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бар. Ал «Дипломмен – ауылға!» партиялық жобасының іске асырылуы ауылдық жерлерге 14 мыңнан астам дәрігер мен мұғалімдерді тартуға мүмкіндік берді. Осы жоба жалғасын табады, ауылға енді басқа да мамандар баратын болады. Басты мақсат – ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін қалалықтарға жақындату.

Наумовка – шағын ауыл. Осында және оның үш бөлімшесінде, яғни Филипповка, Виноградовка және Өрнекте бір жарым мыңнан астам адам тұрады, барлығы – 500-ге жуық аула. Нұротандықтар «Хлебороб» кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесіп, Наумовка ауылының көшелерінде тұрғындармен партия Тұғырнамасының ұстанымдарын түсіндірді, сондай-ақ жергілікті дүкеннің бағаларымен танысты.

«Біздің партиямызды ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады. Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз ауылдың дамуы үшін барлығын жасап жатыр. «Нұр Отан» партиясының да агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту үшін де, ауылдарды көркейту үшін де нақты іс-шаралар жоспары бар. Біздің партия – нағыз халықтық партия», – деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин.

Жаңа технологиялар, экспорттық әлеуетті қолдану және өнімділіктің 2 есеге өсуі агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, делінген партияның бағдарламалық құжатында. Партия назарының басты объектісі ауылдықтардың өздері, олардың әлеуметтік мәселелері болып табылады.

Олардың табыстарын ұлғайту үшін 5 жылдық мерзімге 3 миллионға дейінгі микронесиелерді бөлу арқылы ауылдық кәсіпкерлікке қолдау көрсетілетін болады. Жуық арадағы 5 жылда орталықтанған су жүйесімен ауылдық елді мекендердің 65 пайызы қамтылады. Партия жергілікті жолдарды қайта құру, абаттандыру, көгалдандыру саясатын жалғастырады. Ел Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшалар құрылысы жалғасып келеді. Шағын мектептер мәселесін шешуді де көздейді. Ұтқыр көлік медицинасын дамыту да осы қатарда. Тұрғын үй жайы да назардан тыс қалмаған.

 

 

Қазақстан Патриоттары партиясы жастармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 21.12.2011 ж./ - Қазақстанның Патриоттар партиясы жоғары және арнаулы білімді тегін етіп, стипендия көлемін және ғылымды қаржыландыруды ұлғайтамыз деп уәде берді.

Бүгін Парламенттің Мәжіліс депутаттарына кандидат болып отырған партияның 12 мүшесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география факультеті студенттерімен кездесті. Партия мүшелері жастарды өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Патриоттар партиясының саясаты ұлттық қауіпсіздік, кіші және орта бизнесті қолдау, жастарды жұмысқа орналастыру, жағдайы нашар және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру, сапалы білім беріп, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету деген сиякты мәселелерге бағытталған. Келешек географтар мен экологтарды партияның ең басты мәселесі – қоршаған орта мәселелері аса қызықтырды. Партиядан барлығы 20 кандидат депутаттыққа үміткер болып отыр. Олардың арасында жас және тәжірибелі ғалымдар, сондай-ақ кәсіпкерлер де бар.

 

 

Дәурен ҚАЙЫП, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

- Барлық студенттерге жатақхана жетеді деген ойда емеспін, сондықтан да ата-аналар, ауылдағы ата-ана, қаладағы ата-аналар өздерінің балалары үшін тыныш ұйықтасын десе, біз осы студенттерге, ол ақылы бөлімде оқи ма, тағы да айтам, грантта оқи ма, біз барлығын жатақханамен қамтамасыз етуіміз керек – бұл үлкен мәселе.

 

 

Патриоттар жастарға иек артады

 

/«Егемен Қазақстан», 21.12.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Қазақстан Патриоттары партиясының еліміздің әрбір ауданындағы бастауыш партия бөлімшелерінің  хатшылары Астанаға арнайы ат арытып келген болатын. Солармен болған басқосуда сайлау додасының жайы талқыланып, алдағы міндеттер жан-жақты пысықталды. Осы ретте партия мүшелерінің назары Жаңаөзендегі жағдайға да ауды. Қазақстанды әлем жақсы жағынан танып, экономикалық тұрғыдан күш ала түсіп келе жатқан тұста осындай келеңсіздіктің орын алуы еліміздің беделін түсіріп тастады, деді олар.

Қазақстан Патриоттары партиясы сайлауалды штабының жетекшісі Болат Бейсембаев ендігі басты мәселе оқиғаның анық-қанығын анықтау дегенді алға тартты. Болат Қабдолұлының сөзіне қарағанда, партия еліміздегі өзге де саяси күштермен бірлесе отырып, аталған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында құрылған арнайы комиссияның жұмысына белсене қатыспақшы екен.

Ал аталған партияның серкесі Ғани Қасымов сенаторлық жұмыстан қол үзбей, саяси доданың бел ортасында жүргендігін айта кеткен жөн. Көбінесе қарапайым сайлаушылар партияның атын сенатормен тікелей байланыстырады. Партия жетекшісі еліміздің әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің алғашқы елулігінің қатарына енгендігін мойындай отырып, барлық мәселеде ашықтық болуын басты ұстаным ретінде алға тартып келеді. Сондай-ақ партия қазіргі жүзеге асып келе жатқан отбасы мен балаларды қолдау, адам әлеуетін ашу бағытындағы ұлттық жобалармен жұмыс істеу елді дамытудың басты факторы деп біледі.

Партия бағдарламасында бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету керек делінген. Сондықтан да кәсіпорындарға ауқымды жаңғыртулар жасау, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау басты назарға алынған. Жақында Ғ.Қасымов еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласына барып, сайлауалды тұғырнамада көрсетілген міндеттерді жан-жақты түсіндіру бағытында бірқатар шаралар өткізіп қайтты. Ендігі жұмыс өңірлерде қызатын болады.

Бұдан басқа Патриоттар партиясының белді мүшелері өңірлерге шығып, электоратпен тікелей жұмыс істеуді мықтап қолға алуды бастап та кетті. Әрбір аудан, ауылдарды аралаумен қатар, зауыт, фабрикалардың жұмысшыларымен де кездесу өткізу жоспарланып отыр екен. Тіпті Қазақстан Патриоттары партиясының атынан футбол командасын құратындықтары да белгілі болды. Мұндай игі шараның астарында жастарды спортқа үндеу арқылы, сайлау науқанына белсенді тарту жатқандығы анық.

 

 

Жаңаөзенде болған жаппай тәртіпсіздік оқиғалары

сайлау үдерісіне ықпал ете алмайды - ОСК төрағасы

 

/«ҚазАқпарат», 21.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Жаңаөзенде болған жаппай тәртіпсіздік оқиғалары және онымен байланысты елде атқарылып жатқан шаралар 2012 жылға жоспарланып отырған сайлау үдерісіне ықпал ете алмайды.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен аталмыш қалада төтенше жағдай енгізілді. Бұл Жарлық 2012 жылдың 15-ші қаңтарына жоспарланып отырған сайлауларды өткізуге тыйым салмайды. Яғни Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы 2012 жылдың 15-ші қаңтарында өтеді. Осыған байланысты біз Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отырмыз және олар адам құқықтары саласындағы қол қойған құжаттарға қайшы келмейді»,-деді ОСК төрағасы.

Оның сөзінше, Жаңаөзенде енгізілген шектеулер адамның азаматтық және саяси құқықтары жөніндегі халықаралық акті бекіткен абсолютті құқықтар мен бостандықтарын шектемейді. «Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады. Сонымен қатар депутаттықтан кандидаттардың үгіт жүргізу нысандары мен әдістерін таңдау белгілі бір дәрежеде шектеулі жағдайда болады. Атап айтқанда, қала аумағында негізінен сайлауалды үгітті бейбіт жиналыстар мен митингілер, шерулер түрінде өткізу шарасы шектеледі. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт науқаны толық көлемде жүргізіледі. Осыған байланысты біз мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуге арналған бюджет қаражатын бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша үгіт материалдарын жариялау және баспа өнімдерін шығару үшін пайдалануларына рұқсат еттік.

 

 

Жаңаөзен аумағында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының

сайлауы белгіленген мерзімде өтеді – ҚР ОСК

 

/«BNews.kz», 21.12.2011 ж./ - Жаңаөзен аумағында Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы бұған дейін белгіленген мерзімде, яғни 2012 жылдың 15 қаңтарында өтеді.

«Президенттің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығымен аталмыш әкімшілік аймақтық ортада сайлау өткізуге тыйым салынған жоқ. Осыған байланысты Орталық сайлауком жарлықпен енгізілген шектеулерді ескере отырып, мемлекет кепіл беретін кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолдануда. Осыған сәйкес сайлау кезінде барлық саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын өткізу әдістері мен түрін пайдалану кезінде тең, бірақ сәл шектелген жағдайда болады. Атап айтқанда, қала шекарасында бейбіт мақсаттағы жиналыс, митинг, шеру, пикет пен демонстарция өткізу арқылы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге шектеу қойылады. Алайда БАҚ-тарда үгіт-насихат жүргізу толық көлемде өтеді. Осыған байланысты Орталық сайлауком мәслихат депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін бюджеттен бөлінген қаражаттарды БАҚ-тағы қосалқы үгіт-насихат жұмыстары мен баспа өнімдерін басып шығаруға жұмсауларына рұқсат етеді. Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысатын саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарына тоқталатын болсақ, олар да Жаңаөзен қаласының тұрғындарына республикалық және жергілікті телевизиялық арналар мен БАҚ басылымдары арқылы тарайтын болады», - деп мәлімдеді ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

Жаңаөзен сайлау комиссиясы

штаттық режимде жұмыс істейді – ОСК

 

/«BNews.kz», 21.12.2011 ж./ - Жаңаөзен сайлау комиссиясы штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. Бұл туралы ҚР ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов әңгімеледі.

«Қалалық сайлау комиссиясы штаттық режимде жұмыс істейді. Комиссияның қарауында барлық қажетті әдістемелік материалдар мен құжаттар бар», - деп хабарлады Қуандық Тұрғанқұлов.

«Сайлау науқаны барысын бақылау мәселесіне тоқталатын болсақ, барлық бақылаушылар мен сарапшыларға, солардың ішінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бақылаушыларына аталған аймаққа барып, ондағы сайлау барысы, сайлау органдарының жұмысы, барлық сайлау үдерісі қатысушыларының іс-әрекеттері жайлы ақпарат алуларына мүмкіндік беріледі», - деп атап өтті ОСК төрағасы.

 

 

ОСК-ның отырысы өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 21.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шыққан Президенттің Жарлығы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға кедергі келтіре алмайды. Дегенмен, қалыптасқан ахуалға орай, сайлауалды үгіт-насихат шаралары барлық саяси ұйымдар үшін белгілі бір дәрежеде шектеледі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді. Әлбетте, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізіп, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын жариялауға тең құқық беріледі.

Яғни, Жаңаөзеннің аумағына тарайтын барлық республикалық, жергілікті телеарналар мен мерзімді басылымдар арқылы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынбайды. Сонымен қатар, сайлау комиссиясы бүгінгі отырыста алдағы сайлауға керек бюллетеньдерді дайындау жайын талқылады. Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс сайлауы үшін бүгінгі күні 9 миллион 398 мың 154 бюллетень, ал барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына 17 миллион 423 мың 313 бюллетень әзірленеді.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Өздеріңізге белгілі орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты Президенттің Жарлығымен Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына төтенше жағдай енгізілді. Айта кетейін, бұл Жарлық сайлауды өткізуге тиым салмайды. Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады. Және бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тең. Дегенмен, үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдау белгілі бір дәрежеде шектеледі. Мәселен, қала аумағында бейбіт шерулер, пикеттер, митингтер мен жиындар жүргізу жағы шектеледі.

 

 

Жаңөзенде сайлау белгіленген мерзімде өтеді – ҚР ОСК

 

/«Хабар» агенттігі, 21.12.2011 ж./ - Жаңаөзенде Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бұрын белгіленген мерзімде, яғни 2012 жылы қаңтардың 15-де өткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жаңаөзендегі төтенше жағдай сайлауды өткізуге тыйым салмайды. Орталық сайлау комиссиясы аталмыш жағдайды ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. «Бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар тең, дегенмен үгіт жұмыстарын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдауда белгілі бір дәрежеде шектеулер болады» - деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Атап айтқанда, қала аумағында негізінен сайлауалды үгітті бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу арқылы жүргізу шектеледі. Алайда БАҚ-та үгіт науқаны толық көлемде өткізілетін болады. Осыған байланысты ОСК мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуіне бюджеттен бөлінген қаражатты БАҚ-да қосымша үгіт материалдарын жариялау және баспа өнімдерін шығару үшін пайдалануына рұқсат береді.

Сондай-ақ, жиында Орталық сайлау комиссиясы тағы 14 шет елдік және халықаралық бақылаушыларды тіркегенін жеткізді. Сонымен осы күнге дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне барлығы 61 бақылаушы тіркелген. Олардың 46-сы - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 11-і – ТМД байқаушылар Миссиясының, 4-і өзге де шет мемлекеттерден келетін байқаушылар.

 

 

Президент Жарлығында сайлауды өткізуге тыйым салынбаған

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалық етуімен Комиссияның отырысы өтті. Онда Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекіту туралы, Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлау комиссиялары құрамында кеңесші дауыс құқығы бар мүшесі болып табылатын саяси партиялардың өкілдеріне сайлау комиссияларының басқа мүшелерімен тең еңбекақы төлеу жөніндегі үндеуі туралы мәселелер талқыланды.

Бұл мәселелер бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова және Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос хабарлама жасады. Бақыт Мелдешовтің атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің санын белгіледі. Осыған байланысты Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөнінде 9 398 154, ал барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы жөнінде 17 423 313 сайлау бюллетені дайындалатын болады.

Екінші мәселе бойынша хабарлама жасаған Татьяна Охлопкованың хабардар еткеніндей, Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың тағы 14 байқаушысын аккредиттеді. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен барлығы 61 байқаушы аккредиттелген. Олардың 46-сы – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 11-і – ТМД байқаушылар миссиясының өкілдері, 4-уі – шет мемлекеттердің байқаушылары.

Ал үшінші мәселе жөнінде хабардар еткен Владимир Фоостың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үндеуін қарау нәтижесінде аумақтық сайлау комиссияларына қызметкерлері сайлау комиссиялары құрамында саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдері болып табылатын ұйымдарға сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңінде олардың орташа айлық жалақыларын сақтау туралы хат жолдауды ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

Отырыстан соң өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін сайлау барысымен таныстырды. Төрағаның атап өткеніндей, Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісі депутаттары  мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бұрын белгіленген мерзімде, яғни 2012 жылғы 15 қаңтарда өтеді. Өйткені, бұл аумақтық-әкімшілік бірлікте төтенше жағдай енгізу туралы Президенттің Жарлығында сайлауды өткізуге тыйым салынбаған. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

 «Бұл адам құқығы саласындағы Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық құжаттарға қайшы келмейді, – деді Қуандық Тұрғанқұлов осы мәселе жөнінде. – Өйткені, ендігі шектеулер адамның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бекіткен «абсолюттік» құқықтары мен бостандықтарын шектемейді, тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады. Және бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар тең. Дегенмен, үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдауда белгілі бір дәрежеде шектеулі жағдайда болады».

Сөз барысында төраға оны да атай кетті. Яғни, қала аумағында негізінен сайлауалды үгітті бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу арқылы жүргізу шектеледі. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт науқаны толық көлемде өткізілетін болады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуіне бюджеттен бөлінген қаражатты бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша үгіт материалдарын жариялау және баспа өнімдерін шығару үшін пайдалануына рұқсат береді. Ал Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың үгіт материалдары Жаңаөзен қаласы тұрғындарына республикалық және жергілікті теле-радио арналары мен баспа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жететін болады.

 «Жаңаөзен қаласында республикалық «Еуразия», «Еларна», «Қазақстан», «Хабар», облыстық «Ақтау – Қазақстан» телеарналары мен Қазақ радиосы, сондай-ақ кабельді теледидар жұмыс істеп тұр, – деді әрі қарай Қуандық Тұрғанқұлов. – Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар баспа өнімдерін әзірлеу үшін облыстық баспахананың қызметін пайдалана алады. Қалалық сайлау комиссиясы штаттық режімде жұмыс істеуде. Комиссияның қарамағында барлық қажетті әдістемелік материалдар мен құжаттар бар».

Орталық сайлау комиссиясының басшысы сайлау науқаны барысын байқауды ұйымдастыру жайына да тоқталып өтті. Оның атап өтуінше, байқаушылар мен сарапшыларға, соның ішінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне бұл өңірге бару мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, олар сайлау барысы, сайлау органдарының жұмысы, барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың қызметі туралы ақпараттармен де қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Қуандық Тұрғанқұлов сайлау туралы заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауға міндетті екенін де ескертті. Бұл ретте кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болу керек. Барлық кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт жүргізуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарына тең жағдайда қол жеткізуі кепілдендірілуі тиіс.

Брифинг соңында Комиссия төрағасы 20 желтоқсанда аяқталған мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеудің алдын ала қорытындыларымен де таныстырып өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсынылған 10 мыңнан астам үміткердің 9 165-і мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде тіркелген. Соның ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарына – 1752, аудандық мәслихаттарға – 5523, қалалық мәслихаттарға 1890 кандидат бар.

Тіркелген кандидаттардың 3446-сы – «Нұр Отан» ХДП-ның, 264-і – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 99-ы – Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының, 50-і – Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 57-сі – «Әділет» демократиялық партиясының, 22-сі – «Руханият» партиясының, 11-і – Қазақстанның Патриоттары партиясының, 9-ы – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, 3-еуі – Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясының, 1-еуі – Қазақстанның Коммунистік партиясының мүшелері. Барлық тіркелген кандидаттар 21 желтоқсаннан бастап сайлауалды үгіт жұмыстарына кірісе алады.

 

 

Мәслихат депутаттарының сайлауында барлығы

9 мың 165 азамат бақ сынайтын болады – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 21.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Кеше,  20 желтоқсан күні мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған 10 мыңнан астам үміткерлердің 9 мың 165-і депутаттыққа кандидат болып тіркелді. Бұл мәліметтермен бүгін Орталық сайлау комиссиясынан соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таныстырды.

Оның деректерінше,  облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат болып 1 мың 752 адам тіркелсе, аудандық мәслихат  депутаты болу үшін 5 мың 523 адам саяси сайысқа түседі. Ал  1 мың 890 адам қалалық мәслихат депутатының мандаты үшін күреседі. «Тіркелген кандидаттардың 3 мың 446-ы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 264-і Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 99-ы Қазақстанның коммунистік халық партиясының, 50-і Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 57-і «Әділет» демократиялық партиясының, 21-і «Руханият» партиясының, 11-і Қазақстанның патриоттар партиясының, 9-ы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, 3-і Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясының, 1-уі Қазақстанның коммунистік партиясының  мүшесі. Барлық тіркелген кандидаттар бүгіннен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

 

 

Мәслихат депутаттығына 9 165 үміткер тіркелді

 

/«BNews.kz», 21.12.2011 ж./ - Мәслихат депутаттығына 9 165 үміткер тіркелді. Бұл туралы брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұсынылған 10 мыңнан астам үміткерлердің арасында тек 9 165-і ғана мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Соның ішінде облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына – 1 752; аудандық мәслихаттарға – 5 523 кандидат; қалалық мәслихаттарға – 1 890 кандидат», - деп ескерді Қ.Тұрғанқұлов.

 

 

ОСК 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында

қолданылатын бюллетеньдерге қатысты қаулы қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 21.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті отырыс барысында «2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы»  қаулы қабылдады.

Отырыс барысында аталмыш құжаттың мақсат-міндеттеріне тоқталған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, 2011 жылғы 20-шы желтоқсандағы жағдай бойынша, сайлау комиссияларына ұсынылған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай, дайындалуға және сайлау учаскелеріне жеткізілуге тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны резервті қосқанда, Мәжіліс депуаттарының сайлауы бойынша 9 миллион 398 мың 154 дананы, мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша 17 миллион 4 23 мың 113 дананы құрауы керек.

 

 

Мәжіліс сайлауына шамамен 10 млн. бюллетень әзірленді – ОСК

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 21.12.2011 ж./ - Қазақстан Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына шамамен 10 миллион сайлау бюллетені әзірленіп, мәтіні бекітілді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Орталық сайлау комиссиясымен әзірлеу мен сайлау учаскелеріне жеткізу үшін Қазақстан Республикасыныдағы сайлаушылардың жалпы санынан бір пайыз резервті қосқанда, сайлау бюллетендерінің саны белгіленді», - деді Тұрғанқұлов сәрсенбідегі брифингте.

Депутаттар сайлауына 9 миллион 393 мың 154 сайлау бюллетені, ал Қазақстан Республикасы маслихат депутаттарының кезекті сайлауы бойынша – 17 миллион 423 мың 313   әзірленеді, деп нақтылады ол.

Сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарында өтеді.

 

 

Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына

9 млн-нан астам бюллетень әзірленеді

 

/«BNews.kz», 21.12.2011 ж./ - Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына 9 398 154 бюллетень әзірленеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді.

«Әзірленуге және сайлау учаскелеріне жеткізілуі тиіс сайлау бюллетеньдерінің саны ҚР-дағы жалпы сайлаушылардың 1 пайызына тең қорды қоса санағанда, кезектен тыс сайлау бойынша 9 398 154 сайлау бюллетенін, ҚР мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы бойынша 17 423 313 бюллетеньді құрайды», - деп хабарлады Б.Мелдешов.

Апта соңына қарай сайлаушылардың нақты тізімінің келуіне байланысты жоғарыда көрсетілген мәліметтер сәл өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Сонымен қатар ОСК мүшелері сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.

 

 

ОСК: Мәслихат сайлауында үгіт-насихат жұмыстарын қаржыландыру

үшін бірде-бір партияның ешбір өкілі жүгінген жоқ

 

/«BNews.kz», 21.12.2011 ж./ - Мәслихат сайлауында үгіт-насихат жұмыстарын қаржыландыру үшін ешбір партияның бірде-бір өкілі жүгінген жоқ. Журналистердің сұрағына жауап берген кезінде ОСК төрағасы осылай деп жауап берді.

«Мәслихатқа үміткер саяси партиялардың үгіт-насихат компанияларын қаржыландыру мәселесінде ешбір кешіктірулер болған жоқ. Бір секундқа да кешіктірген жоқпыз. Қаражат үгіт-насихат жұмыстары басталысымен-ақ аударылды. Бірде-бір партия ОСК-ге үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалған қаражат жөнінде есеп құжаттарын ұсынған жоқ. Жыл соңы жақындап қалды, қаражаттардың игерілмей жатуына байланысты біз алаңдаулымыз», - деді Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

 

 

 

 

Сайлауға үш шетелдік

мемлекеттен бақылаушылар тіркелді

 

/«BNews.kz», 21.12.2011 ж./ - Сайлауға үш шетелдік мемлекеттен бақылаушылар аккредиатциядан өтті. Бұл туралы бүгін өткізілген брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша, Орталық сайлау комиссиясы жанынан ТМД-дан 14 бақылаушы тіркелді. Бұған қоса  Армения, Латвия және  Беларусиядан да шетелдік бақылаушылар аккредиатцияланды. Бүгінгі күні Орталық сайлау комиссиясында тіркелген 61 бақылаушының 2 халықаралық ұйымдардан, үшеуі шетелдік мемлекеттерден», - деді  Татьяна Охлопкова.

 

 

Қазақстанда 15 қаңтардағы сайлауға

60-тан аса халықаралық бақылаушы тіркелді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 21.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс және маслихаттар депутаттығына сайлауға шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардан тағы 14 бақылаушыны тіркеді,  деп хабарлады ведомство басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Жалпы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша қазіргі таңда 61 бақылаушы тіркелді», - деді Тұрғанқұлов сәрсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, олардың 46-сы - АҚДИБ/ЕҚЫҰ миссиясының өкілдері, 11 – ТМД тарапаынан бақылаушылар миссиясы, 4 бақылаушы – шетел мелекеттерінен.

 

 

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын

халықарылық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларның саны 61-ге жетті

 

/«ҚазАқпарат», 21.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті Мәжілісі барысында Мәжіліс пен мәслихат сайлауларына қатысатын халықаралық және шетелдік байқаушыларды тіркеуге қатысты қаулы қабылдады.

Отырыста осы құжаттың мақсат-міндеттері бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың сөзінше, ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде барлығы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымынан 14 байқаушыны, Беларусь, Армения, Латвия мемлекеттерінен 3 шетелдік байқаушыны тіркеді.

«Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысу үшін 2 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен барлығы 61 байқаушыны тіркеді»,-деді ОСК мүшесі.

 

 

Сайлау алдын ала белгіленген жоспарға

сай өтеді - ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұлов

 

/«ҚазАқпарат», 21.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы келесі жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауына кандидаттарды тіркеуді аяқтады.

Нәтижесінде, жергілікті өкілетті органдардың депутаттығына кандидат ретінде тіркеу үшін ұсынылған 10 мыңнан астам азаматтың 9 мың 165-інің кандидатурасы заң талаптарына сай деп табылды. Олардың 1 мың 752-і облыстық және Астана мен Алматы қалалық мәслихатының депутаттығы үшін сайысқа түсетін болса, 5 мың 523 адам аудандық мәслихаттың депутаты лауазымы үшін күреседі. Сондай-ақ 1 мың 890 адам қалалық мәслихат депутатының мандаты үшін бәскеге түседі. Атап айтатын болсақ, мәслихат депутаттығынан кандидаттардың 3 мың 446-ы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, 264-і Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 99-ы Қазақстанның коммунистік халық партиясының,  50-і Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 57-і «Әділет» демократиялық партиясының, 21-і «Руханият» партиясының, 11-і Қазақстанның патриоттар партиясының, 9-ы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, 3-і Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясының, 1-уі Қазақстанның коммунистік партиясының  мүшесі. Бұл азаматтардың барлығы бүгіннен бастап, өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарына кіріседі. Осылайша еліміздегі басты саяси науқанның тағы бір жауапты кезеңі артта қалды.

Осы ретте айта кететін мәселе, бүгінде бүкіл елді дүрліктірген Жаңаөзендегі жағдай 2012 жылға тағайындалған сайлауларды өткізуге ешқандай да ықпалын тигізбейді. Сайлау алдын ала белгіленген жоспарға сай өтеді. Алайда бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов комиссияның кезекті отырысында сайлау науқанында кейбір мәселелер бойынша біршама шектеулер болатындығын атап өтті. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы Жаңаөзенде болған жағдайларға байланысты өзінің Жарлығы негізінде сол аймақта төтенше жағдай жариялады. Алайда бұл шара елде сайлау өткізуге тыйым салмайды. «Дегенмен, біз Маңғыстауда орын алған жағдайға  байланысты Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Президент Жарлығындағы өзгерістер негізінде кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық қажеттіліктерді қолға алып отыр және бұл шаралар адам құқықтары саласындағы еліміз бекіткен келісімдер мен құжаттарға қайшы емес. Себебі ОСК қолға алып отырған шаралар адамның азаматтық және саяси құқықтары жөніндегі халықаралық пакті бекіткен абсолютті құқықтар мен бостандықтарын шектемейді. Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады»,-деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер орын алған аймақта үгіт жүргізу нысандары мен әдістерін таңдау шарасы ғана белгілі бір мерзімде шектеледі. Нақтырақ айтқанда, кандидаттар мен олардың жақтастары, Жаңаөзен қаласының маңындағы сайлауалды үгіт жұмыстарын бейбіт жиналыстар мен митингілер, шерулер мен пикеттер, демонстрациялар түрінде жүргізуге тыйым салынады. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт науқаны толық көлемде жүреді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін бюджеттен бөлінген қаржыны бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша үгіт-насихат құралдарын жариялау және баспа өнімдерін шығару үшін жұмсауға рұқсат етті. Ал Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялардың үгіт-насихат материалдары, Жаңаөзен қаласының тұрғындарына республикалық және жергілікті теле, радиоарналар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі. «Біздегі бар мәліметтер бойынша, Жаңаөзен қаласында республикалық Еуразия, «Ел арна», «Қазақстан», «Хабар», облыстық «Ақтау», «Қазақстан», телеарналары мен қазақ радиосы, сондай-ақ кабельді хабар тарту жүйесі жұмыс істеп тұр. Қалалық сайлау комиссиясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Онда барлық қажетті материалдар мен құжаттар бар. Сайлау науқаны барысын бақылау үшін келген байқаушылар мен сарапшыларға, соның ішінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдеріне жаппай тәртіпсіздік орын алған аймаққа бару жағдайы қамтамасыз етілетін болады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Бұған қоса ОСК төрағасының мәлімдеуінше, шетелдіктер мен халықаралық ұйымның өкілдері мен сайлау барысы мен сайлау органдарының жұмысы, барлық сайлау процесіне қатысушылардың қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова еліміздегі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын байқау мақсатында елде тіркелген байқаушылар саны 61  адамды құрап отырғанын айтты. Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының миссиясынан келген байқаушылар 46-ны, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымынан келгендер саны 11-ді құрайды. Сондай-ақ 4 байқаушы шет мемлекеттерден келген.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында осы аптаның соңына дейін сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелеріне жеткізілетіндігі мәлім болды.  Бұдан соң учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімін тексере бастайды.

 

 

Саяси партиялардың сайлауалды

үгіт-насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 21.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Ел сенімі - ерге сын. Аманат айтқан ағайынның сенімін ақтау - ардың ісі. Саяси партиялардың белсенділері қазір қала, аудан, ауыл жұртшылығымен жүздесіп жатыр. Мақсат - анық. Қаңтардағы Мәжіліс, мәслихаттар сайлауында көш бастау.

Елді ерту үшін соңынан қазір қызыл көбік сөз бен жалаң жарнаманың қажеті шамалы. Сөзге шешендіктен гөрі шешілмеген шетін мәселенің шешілгені керек халыққа. Осыны беске білетін үгіт-насихат топтары сайлаушылармен кездесуде.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП-сы ақпараттық-насихат тобының мүшелері Павлодарда болды. Партияның сайлауалды тұғырнамасы «Жаңа іс-қимыл жоспары» деп аталады. «Іс нәтижелі болуы үшін сіздердің ұсыныс-тілектерді екшеп алуымыз керек», - дейді қоғамдық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

«Нұр Отан» партиясы бүкіл ел білетін нағыз халықтық партия болғандықтан, біз үшін осындай кеңестердің орны да ерекше, маңызы да өте зор. Себебі, партиямыз сайлау тапсырмасын және барлық мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін, осы кеңестерде айтуға назар аударатын боламыз.

«Нұротандықтар» әдебиет мәдениет саласына да көп көңіл бөледі. Бүгін үгіт-насихат тобының өкілдері қаладағы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, әдемі әңгіме өрбітті. Әлеуметтің талап тілектерін тыңдады. Ой бөлісті. Алдағы сайлауға халықтың белсенді қатысатынына сенім білдірді. Өйткені, бұл өндірісі өркен жайған, тұрғындарының ынтымағы жарасқан өлке.      

Қуаныш Сұлтанов, үгіт-насихат тобының мүшесі:

Павлодар өңірінің жақсы жетістіктері, соның ішінде осы өңірдің тұрмыс-әлеуетін, жұртты жұмыс орнымен қамтамасыз ету, жұмыс орнындағы жаңа модернизациялау жұмыстарын жүзеге асыру, елде үдемелі индустриалды-инновациялық қам жүргізу, жаңа кәсіпорындарды ашу, шаруаларына үлкен жыл қорытындысы бойынша баға берілді.

Қазақстан «Патриоттар» партиясының алдағы 5 жылдағы басты мақсаты – Қазақстан халқының өмір сүруін сапалы деңгейге жеткізу. Партия қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, экологиялық мәселелерді шешуге атсалыспақ. Осы бағытта бүгін партия белсенділері Алматыдағы қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жағрафия факультетінің студенттерімен кездесті. Еліміздің экологиялық ахуалы жайында болашақ геологтармен пікір алмасты. Тегін білім алу, шәкіртақы, жатақхана мәселелері жайында студенттердің көкейтесті сауалдарына жауап берді.

Берік Аманбаев, «Патриоттар» партиясының мүшесі

Қазір мына оқуда оңай емес, мына қазіргі экономикалық жағдайда. Көбіне общежитие табылмайды, частный үйлерде тұрады, стипендиясын алмайды, көбі ақша төлеп оқиды. Соның бәрін біздің Үкімет ойлауы керек. Біз партия патриотов Парламентке барсақ, осы мәселелердің бәрін көтереміз.

Бүгін «Руханият» партиясының белсенділері Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен жүздесті. Елімізге кезектен тыс сайлауды бақылау мақсатында келген тәуелсіз сарапшылар руханияттықтардың  жұмыстарымен танысты. Партия төрағасы сайлау науқанына ақпараттық қолдау көрсету мәселесіне ерекше тоқталды.

Ал сайлаудың әділетті өтуін қадағалайтын ЕҚЫҰ мүшелері 28 ұзақ мерзімді, 400 қысқа мерзімді бақылаушы жібермек.

Кенжебай Мұханбет Шәріп, «Руханият» партиясының мүшесі:

Біз ОБСЕ-ге айтқанымыз, протоколды толтырған кезде, протоколды заңда бар бірден суретке түсіріп, содан кейін партиялардың несіне жіберу. Ондай возможность болса,ол жерде Үкіметтің атына айтылмас еді. Осындай екі мәселені біз шешіп алсақ, онда сайлаудың әділ өтетініне біз міндетті түрде сенеміз.

«Бизнесті қолдау – елді өркендету негізі». Бұл «Ақ жол» демократиялық партиясының басты ұстанымы. Шымкентте осындай тақырыпта дөңгелек үстел өткізген партия өкілдері көпшілікке сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. «Ақжолдықтардың» пікірінше ел экономикасын ілгерілету үшін жаңадан жұмыс бастаған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын алғашқы үш жылда мүлдем салық төлеуден босату қажет. «Сондай-ақ, түрлі органдардың тарапынан жүргізілетін тексерулерді мейілінше азайтқан жөн», - дейді партия белсенділері

Бөріхан Нұрмаханбетов, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:       

Өзін жұмыспен қамтамасыз ететін болса, салық төлейтін болса, одан соң өзге адамдарға жұмыс беріп, көмектесетін болса, оларға қолдау көрсету қажет. Келе жатқан сайлауда Парламентке біздің партиямыз өтетін болса, үміткерлеріміз депутат болатын болса, мұны мемлекет деңгейінде көтеріп, атсалысатын боламыз.

Ал коммунистер болса, салауатты дені сау ұлтты қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Олар Көкшетау қаласындағы оқушылар арасында баскетболдан сайыс ұйымдастырды.

Ал Елордада Коммунистік Халық партиясының мүшелері республикалық сайлауалды штабының тұсауын кесті. Айту керек, бұл саяси партия атынан аудандық мәслихаттарға 50, қалалық деңгейдегі мәслихаттарға 48, облыстыққа 20 және Мәжіліске 21 үміткер ұсынылған.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП орталық комитетінің хатшысы:

Съезде сайланған және Орталық сайлау комиссиясында бекітілген 21 біздің үміткер, яғни, Мәжіліске кандидаттардың бағыт-бағдарлары белгіленген. Оны басқару жүйесі осы жерде. Олардың жеке бағдарламалары жоқ. Барлығы партияның саяси тұғырнамасынан алынып, Орталық сайлауалды штабында бекітілген бағдарлама болып есептеледі.

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының Солтүстік Қазақстан облысында 11 мың мүшесі бар. Алдағы сайлауға аграрлық саланы дамытуға арналған бағдарламамен түсіп отырған «ауылдықтар» тауарөндірушілерге қолдау көрсету, отандық машина жасау саласын дамытуға барынша атсалысуға уәде етуде. Партияның Петропавлдағы филиалының жетекшісі Иван Кендюхтың айтуынша, бүгіндері облыстық сайлау комиссиясына 3 үміткер тіркелген. Олардың біреуі облыстық, қалғандары аудандық мәслихатқа депутат болуды ниет етіп отыр. Бүгінде саяси ұйым өкілдері жұмысқа қызу кірісіп те кетті.

Иван Кендюх, ҚСД «Ауыл» партиясы СҚОФ төрағасы:

Барлық аудандарда үйлестірушілеріміз бар. Сенімді тұлғалар мен үгітшілер жұмыс істеуде. Және сайлау күні бюллетень санауға қатысатын адамдар бар. Біз Елбасына алғыс айтқымыз келеді. Өйткені көппартиялы Парламент туралы дұрыс шешім қабылдады. Біздің партияның басты мақсаты – ауыл шаруашылығын дамыту.

Бүгін Алматыда «Әділет» демократиялық партиясының белсенділері «Қазақстан Республикасы жұртшылығын жұмыспен қамту және табыс саясаты» атты баспасөз мәслихатын өткізді. Өз сайлауалды бағдарламасында адам мүдделерін алдыңғы орынға қоятын партия, халықты жұмыспен қамту саясатына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әділеттіктердің айтуынша Жаңаөзендегі қайғылы оқиға болашақта қайталанбас үшін, түбегейлі жұмыспен қамту саясатын өзгертіп, әлеуметтік әділдік орнатқан абзал.

Ғабиден Айсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Әділет» партиясынан үміткер:

«Әділет» партиясы еңбекке қабілетті жұртшылықты қоғамдық өндіріске барынша тартылуы үшін қажетті жағдай жасауды ұсынады. Оның ішінде, ауылдың дамуына баса назар аударылатын болады.

 

 

«Руханият» партиясы Жамбыл өңірінде

 

/«Егемен Қазақстан», 21.12.2011 ж., К. Сәттібайұлы/ - «Руханият» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы кеше Қордай ауданында жалғасты. Аталмыш партияның бағдарламасына көз жүгіртсек, онда ауыл шаруашылығына басты басымдық беру арқылы ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, оның ішінде дәстүрлі мал шаруашылығын дамыту, ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жан-жақты қолдау көрсетіп, еңбек өнімділігін он есеге дейін арттыруға қол жеткізуге мүдделілік те бар. Партия, сонымен қатар, шет елдердегі қандастарымыз бен елге оралған ағайындарға қамқорлық жасап, әлемнің 45 еліндегі 5 миллиондай қазақ диаспорасына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету, олардың атажұртқа оралуына, ал елге оралған ағайындарға толыққанды жағдай жасауды да ойластырып отыр.

Партия 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен 1930 жылдардағы ашаршылыққа саяси баға беру мен Парламенттік-президенттік басқару пішініне өтуді де мойындарына алыпты. Сонымен бірге, жергілікті өзін өзі басқару, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне қайтару, сыртқы қарыздарды тұрақтандыру, мұнайдан түскен пайданы халық арасында әділ бөлу, медициналық қызмет көрсету, тегін білім беру мен ғылымды дамыту, ұлттық мәдениетті өркендету, елдегі демографиялық ахуал мен жастар мәселесіне ден қою, Қазақстандағы барлық шет елге жалға берілген әскери полигондарды жабу, Қазақстан экологиясын сауықтыру, ядролық отын банкін және АЭС салынуына қарсылық сияқты жекелеген тараулар да бар.

Кеше «Руханият» партиясынан партиялық тізім бойынша кандидаттар – ақын, «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов, «Қазақстан Ұлттық арнасы» бағдарламалар бөлімінің директоры Сәуле Жиреншина және «Азамат-Құрылыс» ҚК құрылысшысы Расылхан Құдайбергенов аудан орталығында сайлаушылармен кездесті. Орталық аурухананың  Мәжіліс залында өткен кездесуге аурухана ұжымы мен партия өкілдері, барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Кездесуде М.Шаханов 1991 жылмен салыстырғанда ана тілінің дамуы, тілді дамытуда еткен еңбегі, және мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен өзі атсалысып жүрген қоғамдық қызметі жайлы әңгімелей келіп, сайлаушыларды «Руханият» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кандидаттар сайлаушыларға күнтізбе таратып, ақын М.Шахановтың кітабын сыйлады.

Кеше «Руханият» партиясының аталған өкілдері Тараз қаласына да атбасын тіреп, сайлаушылармен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жұртшылықты «Руханиятқа» дауыс беруге шақырды.

 

 

Астана алдағы сайлауға дайын

 

/«Қазақстан» ТРК, 21.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Астана қаласы бойынша 183 сайлау учаскесі бар. Олардың дені алдағы саяси науқанға толықтай әзір. Бүгін бас шаһарда сайлауға әзірлік жұмыстары талқыланды. Басқосуда науқандық жұмысқа бекітілген жауапты мамандардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Қала бойынша 293 учаскелік комиссия мүшелері жұмыс істейтін болады. Сайлау кезінде учаскелерде заң бұзылмай, тәртіп сақталуы тиіс. Бұл орайда қоғамдық тәртіп сақшыларына нақты міндеттер жүктелді. Барлық сайлау орындары қажетті құралдармен жабдықталған.

Мұхтар Еркетаев, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Бүгінгі күні сайлау учаскелерінің бәрі де дайын. Тек қана нұсқаулар беру қалды. Кім немен айналысады. Бүгін соны талқылап жатырмыз.

 

 

Сайлау үдерістеріне дайын

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Астанадағы учаскелік және аудандық сайлау комиссияларының, сондай-ақ қалалық, аудандық әкімдіктер өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес болып өтті.

Жиында Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу туралы әңгіме қозғалды. Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Еркетаевтың семинар-кеңесте мәлім еткеніндей, медициналық мекемелер мен стационарларда, әскери бөлімшелерде, әлеуметтік медициналық ұжымдарда 31 сайлау учаскесі құрылған. Сайлау үдерістері кезінде Астанада үш аудандық сайлау комиссиясы, жиырма бес аймақтық және 233 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Ал сайлау үдерісіне екі мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшелері тартылады.

Семинар-кеңесте, сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің жалпы жауапкершілігі жөнінде әңгіме қозғалды. Астана қалалық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, елордадағы учаскелік сайлау комиссиялары сайлау науқанына дайын.

 

 

Нұротандықтар бүгін Павлодарда өздерінің

сайлауалды тұғырнамасын таныстырды

 

/«Хабар» агенттігі, 21.12.2011 ж./ - Партияның республикалық қоғамдық штаб мүшелері этно-мәдени бірлестіктер өкілдері және қала тұрғындарымен үй аулаларында кездесті. Өнеркәсіпті өңір тұрғындары Президент бастаған партияны қолдайтындықтарын білдірді. Қазақстан 20 жыл ішінде Мемлекет басшысының арқасында осындай табыстарға жетті, - дейді олар.

Павлодар облысы - көш алдында. Облыс орталығында жаңа өндірістер іске қосылып, заманауи ғимараттар тұрғызылуда, азаматтардың әл-ауқаты да күннен күнге артып келеді. Қаладағы көрікті орындардың бірі Достық үйі. «Нұротандықтармен» кездесуде этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері ел президенті басқаратын партияның жұмысын қолдайтындықтарын мәлім етті.

 

 

Элина ИВАНОВА, ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің басты жетістігіміз – бейбітшілік және ұлтаралық келісім. Біздің табыстарымыздың іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалаған. Мен бәріңізді «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырамын!

Павлодар облысында тек бір жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 33 мың шаршы метрден астам баспана тұрғызылған. Ал тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде барлығы 2,5 млн-нан астам шаршы метр үй салынды. Ескі тұрғын үйлер де жаңартылуда. Мәселен, Айманов көшесіндегі бес қабатты үйлерде инженерлік желілер жөнделді. Баспаналар қысқа жақсы даярлықпен келді.

Тынық ҚАЛИАҚПАРОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Тұрмысымыз жақсы, балалармен аулада серуендеп жүрміз. Өзіміздің және балаларымыздың болашаққа деген сенімін өзім президенттің есімімен тығыз байланыстарам. Тек қана «Нұр Отан» партиясына дауыс береміз!

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, «НҰР ОТАН» ХДП РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- «Нұр Отан» партиясы шын мәнінде халықтық партия. Бүгінгі айтылған тілектер мен ұсыныстардың бәрі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде, біздің сайлауалды тұғырнаманы іске асыру кезінде міндетті түрде ескеріледі.

«Нұр Отан» қазақстандықтардың мүддесін әрі қарай да қорғайды, ол халықтың партиясы екенін әлдеқашан дәлелдеген, - дейді нұротандықтар.

 

 

Нұротандықтар Павлодар облысының тұрғындарын

сайлауалды партия тұғырнамасымен таныстыруда

 

/«ҚазАқпарат», 22.12.2011 ж., В. Ливинцова/ - 21 желтоқсанда  «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен және қала тұрғындарымен кездесті.  Ол өз кезегінде өткен кезеңдегі бағдарламанының іске асырылғанын айта келе, жаңа сайлауалды партия тұғырнамасымен таныстырды.

Осы күні Нұрлан Нығматулин облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды штабында еңбек ардагерлерімен, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылармен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ ол №1 шағын ауданда тұратын ТКШ жаңарту бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие алып, ғимаратын жөндеткен тұрғындардың біреуімен сұхбаттасты. Айта кетейік, Павлодар облысында осы бағдарлама бойынша 40 үй жөндеуден өтіп жатыр. Тұрғындар мемлекеттің тарапынан беріліп жатқан қолдау мен ескі үйдің жөндеуден өту мүмкіндіктерін бағалап үлгерді.

 

 

Жұртшылықпен келелі кездесу

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., Ф. Бықай/ - Нұротандықтар кеше павлодарлықтарға өздерінің сайлауалды тұғырнамасын та­ныстырды.  Ол «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Жаңа іс-қимыл жоспары» деп аталады. Жалпы, ел Президентінің салиқалы саясатының нәтижесінде Отанымыз 20 жыл ішінде толағай табыстарға қол жеткізді. Әуелі партия өкілдері соңғы жылдардағы жетістіктерімізге тоқталып, іле-шала өздерінің тұғырнамаларына қарай ойысты. Ондағы басым бағыттардың бірі – экономиканы дамытудың жаңа өлшемдері. Экономикалық өсудің басты нәтижесі – кірістердің өсуі. Алдағы 5 жылда ІЖӨ көлемі 15 мың АҚШ долларына дейін жетеді. Партия 2017 жылға дейін ана мен бала өлімін 1,5 есеге дейін төмендетуді мақсат етіп отыр. Мемлекет әлеуметтік жәрдемақы көлемін біртіндеп өсіріп, ал әлеуметтік көмек пен зейнетақы­ның арқаулық көлемін күнкөріс деңгейінен 60 пайызға дейін өсіретін болады.

Республикалық штаб өкілдері бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын «Достық үйіне» келіп, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен талқылады. Қала орталығындағы сәулетті ғимараттың кең залында балалардың өз халқының тілін, әдет-ғұрпын үйренуге мүмкіндік беретін Ұлттық жаңару мектебі орналасқан. Бүгінгі кездесуде этномәдени бірлестіктер өкілдері Елбасы саясаты мен партияның жүргізіп отырған жұмысына кең қолдау білдірді.

Нұротандықтардың тағы бір кездесуі облыс орталығындағы бір аулада өтті. Айта кетерлігі, 20 жылда облыс орталығы өзгерді, жақсарды, жаңа зәулім үйлер бой көтерді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша ескі үйлерді жөндеу жұмысы да басталып кетті.

Қалалықтар барлық оң өзгерістерді Президенттің атымен байланыстырады.

Сапар барысын қорытындылаған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Нұр Отан» партиясы бүкіл еліміз білетін нағыз халықтық партия болғандықтан, біз үшін осындай кездесулердің орны да ерекше, маңызы да зор. Себебі, партиямыздың сайлауалды тұғырнамасын және барлық мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін осы кездесулерде айтылған ұсыныстарға назар аударатын боламыз, – деді.

 

 

Оралда депутаттыққа үміткерлер

үгіт-насихат жұмыстарына кірісті

 

/«ҚазАқпарат», 22.12.2011 ж., Е. Ералы/ - Оралда 2012 жылдың 15 қаңтарына белгігенген мәслихат депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталды.

Облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттығына үміткер ретінде 145 адам ұсынылған. Ал ресми тіркелгені - 129 азамат.

Бұл туралы 21 желтоқсанда қалалық әкімдікте өткен сайлау комиссиясының жиынында Орал қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Әбілхатин мәлімдеді. Оның айтуынша, тіркелгендердің 49-ы облыстық мәслихатқа депутат болғысы келеді. Ал қалғаны қалалық мәслихатқа ұсынылған.

- Партиялық тізім бойынша келсек, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылған азаматтардың отыз төрті - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, жетеуі - Коммунистік халық партиясының, алтауы - «Ақ жол» демократиялық партиясының, біреуі - социал-демократиялық «Ауыл» партиясының,  біреуі - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, сегізі - «Әділет» демократиялық партиясының мүшесі. Ал үш адамды ауған соғысы ардагерлері, іскер әйелдер қауымдастығы сынды қоғамдық ұйымдар ұсынып отыр, - деді Ерболат Әбілхатин.

Қазіргі кезде депуттаттыққа үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті.

 

 

Мәслихатқа үміткерлер белсенділігі жоғары

 

/«Заң газеті», 22.12.2011 ж., А. Жолдыбекова/ - Сайлауды өткізу туралы негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, үгіт-насихат жұмыстарының қауырт басталып кеткені мәлім. Осыған орай, Алматыда қалалық аумақтық сайлау комиссиясы баспасөз мәслихатын өткізді.

– Алматы қаласы бойынша бүгінгі күні мәслихат депутаттығына 185 үміткер тіркелді. Оның ішінде 82  үміткерді саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, ал, 103 үміткер өзін-өзі ұсынды, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы  Бақытжан Доспанов.

Төрағаның мәлімдеуіне қарағанда, бүгінде Алматы қаласындағы 472 сайлау учаскесі мен алты аудандық сайлау комиссиясында заң талаптарына сай дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сайлау комиссияларына арнайы бөлмелер беріліп, олар қажетті кеңселік және техникалық құралдармен жарақтандырылды, байланыс жүйесі орнатылды. Қажетті әдебиеттер мен насихат құралдары да көрнекі етіп безендірілген. Барлық сайлаушыларға қолжетімді.

Енді желтоқсанның он бесінен басталған үміткерлердің сайлаушылар арасындағы насихат жұмыстары заң талаптары шеңберінде өтуге тиіс. Партиялар бағдарламалары жайлы айтып сайлаушылар даусын көбірек алуға тырысса, мәслихат депутаттығынан үміткерлер өздері  тіркелген округ тұрғындары арасына барып, жұртшылықтың назарын аударуға күш салуда. Әрине, жұртшылық сеніміне ие болу оның сайлауалды бағдарламасына тікелей байланысты.

Жеме-жемге келгенде қай партияның жеңіс тұғырынан көрінері тікелей сайлаушыларға байланысты. Бұл жерде бір ғана ақиқат нәрсе – 7 пайыздық шектен өткен партияның жеңіске ие болатындығы. Пайыздық көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, онда сол партиядан Парламент Мәжілісіне баратын депутаттардың саны да басым болмақ. Онда олардың жаңа Үкімет құрамын жасақтауға ықпалы артады. Сондықтан да, сайлауға қатысуға жолдама алған 8 партия көп дауыс алу үшін жанталасып бағады.

Алматыдағы 37 округтан қалалық мәслихатқа 37 үміткер іріктелуі тиіс. Жоғарыда төраға айтқандай, әлгі 185 үміткер енді сайысқа түсе алады. Үміткерлердің ұлттық құрамы, білім деңгейі де әртүрлі. Осы төңіректе қойған сауалымызға Бақытжан Доспанов мырза былай жауап берді:

– Жалпы, Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың 144-і ер адам, 41-і әйел. Ұлттық құрамына келсек,  қазақтар – 144, орыстар – 25, қалғандары бір-екіден. Атап айтсақ, татар, корей, түрік, әзірбайжан, еврей, украин, белорусь, ұйғыр және күрд. Олардың 167-інің жоғары, 8-інің орта кәсіптік білімі бар. Ал, 10 адамның білімі орта. Бұлардың 66-сын  саяси партиялар, 25-сін қоғамдық бірлестіктер ұсынды, қалғандары өздерін өздері ұсынғандар.

Сонымен, сайлау алдындағы дода басталды. Ел таңдауы демократиялық шеңбер аясында әділ, сайлаушылардың жоғары белсенділігімен өтсе, ел үшін де, өзгелер үшін де өнеге. Олай өтуіне жан-жақты құқықтық негіз бар. ҚР «Сайлау туралы» заң талаптарын, ҚР Орталық сайлау комиссиясының ережелерін сақтап, қарсыластарының абыройына тимейтіндей адал насихат жұмыстарын жүргізсе, күткен межеге жетеріміз анық.

 

 

Медициналық мекемелер мен стационарларда, әскери бөлімдерде,

тергеу оқшаулағыштарында 31 сайлау комиссиясы құрылды

 

/«ҚазАқпарат», 22.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Еліміздің медициналық мекемелері мен стационарларда, әскери бөлімдерде, тергеу оқшаулағыштарында және әлеуметтік-медицина ұжымдарында 31 сайлау комиссиясы құрылды.  Бұл туралы бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтары күні өтетін сайлауға дайындық мәселелеріне арналған учаскелік, аймақтық және аудандық сайлау комиссиясы өкілдерімен болған семинар-кеңес барысында Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Еркетаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, сайлау науқанында елордада 3 аудандық сайлау  комиссиясы жұмыс істемек. Сонымен қатар 25 аймақтық, 233 учаскелік сайлау комиссиялары болады.

Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мәжілістің кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттың кезекті сайлауына 2 мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшелері тартылатындығын мәлім етті.

 

 

Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталып,

насихат жұмыстары басталды - Қызылорда облысы

 

/«ҚазАқпарат», 22.12.2011 ж., Ж. Сердалы/ - Орталық сайлау комиссиясының Қызылорда облысы бойынша сарапшы-өкілі Аягөз Сырлыбаеваның хабарлауынша, облыста барлығы 374 депутаттыққа кандидат ұсынылып, олардың 372-сі тіркеуден өткен.

Тіркелгендерден 79 адам - облыстық, 50 адам - қалалық, 243 адам аудандық мәслихаттарға депутаттықтан үміткер болып отыр. Осылайша, облыстық мәслихаттың бір мандаты үшін бәсекенің деңгейі орта есеппен 2,8 үміткерден келеді. Мұндағы төменгі көрсеткіш бір орынға 2,3 үміткерді тіркеген Қазалы және Сырдария аудандарының еншісінде. Сол сияқты облыстық мәслихатқа тіркелген кандидаттардың 142-сін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ұсынса, «Ақ жол» партиясы 19 үміткерін бәйгеге қосқан. Ал қалған партиялардың үлес-салмақтары тым аз. Сонымен бірге 202 адам өзін өзі ұсынған болып шықты.

Қазір облыста  үміткерлерді тіркеу толық аяқталып, насихат жұмыстары басталып кетті.  

 

 

Саяси партиялардың сайлауалды насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 22.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Еліміздегі саяси партиялардың белсенділері ел аралап жүр қазір. Бүгін бірқатар саяси ұйымдар ауыл-аймақтарда болып, сайлаушылармен кездесті. Бағдарламаларымен таныстырды. Ағайынның әр дауысы бұл – аманат. Аманатты арқалайтын болашақ депутаттар дүйім елдің сеніміне селкеу түсірмей, әрбір түйінді түйткілге сергек қараулары тиіс. Халықтың қалауы осы.

Бүгін «Патриоттар» партиясының белсенділері Қапшағай қаласында болып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Халықтың ұсыныстары мен мұң-мұқтаждарын тыңдады. Патриоттықтар қаладағы су, жылу, газ мәселелерін шешуге уәде берді.

Қайрат Медиев, «Патриоттар» партиясының атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер:

Біздің партияның жоғарыда көтеріп жатқан үлкен мәселенің бірі ол - әр туған балаға 1 жарым миллион теңгеге шейін ақша бөлу Үкімет басынан. Ол біздің Үкіметіздің қолынан келеді, ақша бар. Бұл көмек болады жас семьяларға.

«Руханият» партиясының өкілдері де Қаскелең қаласында болып, көпшілікке бағыт-бағдарын баяндап берді. Яғни, руханияттықтар өз іштерінен ұсынып отырған үміткерлері алдағы сайлаудан сүрінбей өтсе, алдымен тіл мен дін, руханият мәселелерін шешуді қолға алмақ.

Хайролла Ғабжәлелов, «Руханият» партиясының мүшесі:

Партияның мақсаты – осы халықтың әл-ауқатын жоғары көтеру. Мысалы, Қазақстан мемлекетіндегі осынша байлықтың бәрін халықтың игілігіне жұмсау, ұрпақ тәрбиесі, болашақ мемлекеттің, елдің бірлігі, мемлекеттің болашағына соған қызмет істеу.

«Ақ жол» партиясының жетекшілері бастамашыл жастармен кездесті. Партия қатарында депутаттыққа үміткер жастар бар. Кездесуде «Ақ жол» партиясы «Болашақ», «Жас маман», «Ауыл жастары одағы» қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы:

Бүгін ғана Қостанайдан келдік. Биылғы жиналған бидайды сақтайтын орынның тапшылығын үлкен мәселе болып көтерілді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында да біраз проблемалар айтылды. Бұл ұйымдар өз ұсыныстарын айтып отыр. Біз оларды қолдауға дайынбыз.

Қазақстан коммунистік халық партиясының Қарағанды облыстық филиалының мүшелері Осакаров ауданына жол тартты. Насихат тобы 20 елді мекенді аралап шықпақ. Партияның басты ұстанымы – бұқара мен билік арасын жақындастыру.

Сергей Фролов, Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі:

Аудандар мен ауылдық жерлерде өз филиалдарымыз жұмыс істейді. Алайда, өзіміз бетпе -бет жолығып бағдарламамызды жан-жақты таныстыруды жөн санадық. Ескінің бәрі жаман емес, сондықтан кеңес дәуіріндегі құндылықтарды да қайта қолға алған дұрыс деп есептейміз.

                Бүгін Қостанайда «Ауыл» социал-демократиялық партиясының сайлауалды дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға арналған семинар кеңесі өтті. Ауылдық елді мекендерді гүлдендіруді көздеген «Ауылдықтар» ауылшаруашылығы құрылымдарын қаржыландыруға, салық төлеуді жеңілдетуге бағытталған саясатты қолдап отыр.

Сәбит Есмұратов, «Ауыл» Қазақстанның социал-демокртаиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы:

Білім беру, денсаулық сақтау саласында ауылда еңбек етіп жатқан мамандар бар. Солардың жалақысын көтеру керек. Сосын балалар жәрдемақысы, еңбекақы, зейнетақы да жоғары болуы керек. Сонда ауылшаруашылығы көтеріледі. Ал ауылшаруашылығы көтерлісе, еліміздің де экономикасы әлденеді.

Жемқорлықпен күрес, мемлекеттік тіл және дін жағдайына аса назар аудару керек деп санайды «Әділет» демократиялық партия белсенділері. Егерде «Әділет» өкілдері қажетті дауыс жинап, Парламентке өтіп жатса, онда алдымен, құқықтық саланы реформалауды жоспарлап отыр.

Мақсұт Нәрікбаев, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы:

Мәжіліске біз 59 адам қойып отырмыз. Бүкіл облыстық мәслихаттарға 107 адам түсіп отыр. Таразда, Жамбыл облысында осы партиялық тізім арқылы екі адам түсіп отыр. Егерде солар бара қалатын болса, біздің бағдарламаға сәйкес жергілікті жердегі мәселелер сол кандидаттардың бағдарламасында бар, сол халыққа жеткізілетін болады.

 

 

«Әділет» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - Бүгін «Әділет» демократиялық партиясы да үгіт-насихат жұмыстардың жүйелі ұйымдастырылуын тағы бір пысықтады.

Партия белсенділері ай соңына дейін ауыл, аудан, облыс халқымен жүздесіп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырмақшы. Партия ұсынған тұғырнамада халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қазба байлықты ел игілігіне жұмсау мен азаматтардың құқын қорғау мәселесі қамтылған.

Мақсат НҰРЫПБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Бүгінгі дөңгелек үстелде біз осы уақытқа дейін атқарылған партияның бағдарламасын ары қарай қалай жүзеге асырамыз. Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген нәрселерді, алдымызға қойған мақсаттарды қалай жүзеге асырамыз осы уақытқа дейін не істелді деген мәселені әңгіме қозғадық. Қазіргі уақытта біршама жұмыстар істелді деп айтуға болады. Оның ішінде қазір біздің осы партияның жетекшілері, депутаттыққа үміткерлер көптеген барлық аймақтарға іс-сапарға шығып кетті.

 

 

Әділеттіктер мәлімдеме қабылдады

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., Г. Сәдірқызы/ - Кеше «Әділет» демократиялық партиясы «Қазақстан Республикасы жұртшылығын жұмыспен қамту және табыс саясаты» атты тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Партия серкелері Жаңаөзендегі жағдайды тағы бір ой елегінен өткізе келе, «Қазақстан Республикасы жұртшылығының табыс және жұмыспен қамту саясаты туралы» мәлімдемесін жариялады.

Басқосуда «Әділет» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сыдық партия қызметінің басты бағыттарының біріне қарапайым адамдардың мүдделерін қоятынын, сондықтан, оның идеялық негізі әлеуметтік әділдік, еркіндік және ынтымақтастық бағдарламасы болып табылатынын алға тартты.

– Әділет» партиясы осы жасап отырған мәлімдемесі арқылы халық пен үкіметтің арасында күрделі тұрған мәселе – республика жұртшылығын жұмыспен қамтуда өз көзқарас, ой-пікірлерін білдіріп отыр», – деді Төлеген Сейдомарұлы. – Өйткені, бұл мәселенің қаншалықты күрделілігі біздің қоғамға да, адамның болашағының дамуына да әсер етпек. Сондықтан, бұл мәселеге қашанда бұған дейінгі саяси отырыстарымызда баса көңіл бөліп келеміз. Ал бүгінгідей сайлау науқаны барысында да мұндай әлеуметтік жағдайларды шешіп алмай, қандай да жетістіктер, толағай табыстарға қол жеткізудің қиынға соғатынын алға тартып отырмыз. Егер біз осы мақсат-мүддемізбен Парламентке өтсек, ондағы басты міндетіміз, әлеуметтік дамудың әдістерін, саясатын өзгертуге күш салу болады. Өйткені, әлеуметтік саясатты орнықтырмай, бүгінгі көтеріліп отырған мәселелерді шеше алмаймыз.

Міне, осы ретте, партия өз мәлімдемелерінде ұзақ мерзімге арналған басымдық­тарды ұсынып отыр. Оларда бірқатар әлеуметтік мәселелер қамтылған.  Ал мәслихатта сөз алған партия мүшелері: «Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы тұрғындарының негізгі нәпақасы – «қара алтыннан». Балалар мен зейнеткерлерді есепке алмағанда, жұмысшылардың басым бөлігі – мұнайшылар.

 

 

Ауыл – ел экономикасын дамытушы күш

және рухани мәдени орталыққа айналуы тиіс

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - Бұл туралы «Ауыл» партиясының Қостанай облыстық бөлімшесінің өкілдері мәлім етті. Социал-демократиялық партияның сайлауалды бағдарламасы негізінен ауылды көркейтуге бағытталған.

«Ауыл» социал-демократиялық партиясының басты міндеті - ауылды гүлдендіру үшін шаруаларды пайызы төмен несиемен қамтуға және салықтық жеңілдіктерге қол жеткізу. Сондай-ақ, саяси ұйым шынайы халықтық билік, саяси ашықтық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік мәселелерге де баса мән беріп отыр. Қазір «Ауыл» партиясының 207 мың мүшесі бар. Бүгін Қостанай облысындағы партия бөлімшесі жаңа өкілдермен толықты. Партия Мәжіліске 22 үміткер ұсынбақ.

Сәбит ІСМҰРАТОВ, «АУЫЛ» СДП ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ауыл шаруашылығында істеп жатқан көп маман бар. Соларға қандай жағдайлар жасау керек? Және жас балалар, үлкен кісілер, мүгедектер, зейнеткерлер - солардың жалақысы көтеріліп, жоғары болуы керек. Сонда ғана ауылшаруашылығы көтеріліп, экономикасы жоғары болады. Ауыл шаруашылығы көтерілсе, мемлекетіміз де күшті болады.

 

15 пайыз дауыстан үмітті

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., С. Әліпбай/ - «Ауыл» социал-демократиялы партиясының сайлауалды штабында алдымызда болатын саяси науқанға байланысты жұмыстар қызу қарқын алу үстінде. Кешегі күні мұнда Польшадан келген ЕҚЫҰ өкілдері болып, партияның жұмыс жағдайымен танысты. Оларды партия төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ғани Қалиев қабылдады.

Меймандармен болған әңгіме барысында қазақстандық қоғамда демократиялық үдерістердің өріс алу жағдайы, алдағы сайлауға дайындық мәселелері, «Ауыл» партиясының қоғамдағы рөлі туралы айтылды. ЕҚЫҰ өкілдерінің қойған сұрақтарына байланысты партия төрағасы өздерінің сайлау кезінде дауыстардың 15 пайызын алуға үмітті екендіктерін жеткізді.

Бұл партия 2000 жылдың қаңтар айында құрылған болатын. Оның құрамында 200 мыңнан астам мүше бар. Партия филиалдары барлық облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді. Құрылымы 160 аудандық ұйымды, 2090 бастауыш ұйымды қамтиды.

Әңгіме барысында Ғани Қалиев қазіргі уақытта Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлауалды жұмыстары бейбіт жағдайда, өзара үнқатысу негізінде өріс алып келе жатқандығын атап көрсетті.

Кешегі күні сондай-ақ «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат болып тіркелген Жасқайрат Сүндетұлы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесуін бастады. Мастықсай ауылында болып өткен сайлаушылармен кездесу барысында  «Ауыл» партиясының бағдарламасы мен сайлауалды тұғырнамасы туралы әңгіме болды. Кандидат партияның алға қойып отырған мақсаттарын халыққа түсіндіріп берді. Осындай кездесу аудан әкімдігінде де болып өтті.

Партияның орталық сайлауалды штабында қазіргі күні үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тәртібі мен халыққа жеткізу құралдары пысықталып, әзірлену үстінде. Қалалық автобустарда жүгіртпе жолдар арқылы үгіт жүргізілмек. Сондай-ақ көшелерде билбордтар мен басқа да көрнекіліктер ілінбек.

Кеше, сондай-ақ партияның сайлауалды штабы бастығының орынбасары Ғалымжан Мәдиев «7-ші» телеарна тілшісіне сұхбат беріп, партияның жүргізіп жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталды.

 

 

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық

партиясының үгіт көлігі жолға шықты

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - Партия атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған үміткерлер ел-елді аралайды. Халықты сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Үгіт көлігі 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, көліктің бірінші бағыты – Солтүстік Қазақстан.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХКП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Бүгін біздің бағытымыз Екібастұз қаласы, сонда жұмыс атқару. Содан кейін барып, ертең күні бойы Павлодар қаласында жұмыс атқарамыз. Одан кейінгі жұмысымыз Семей мен Өскемен қаласында, сосынғы бағытымыз Қарағанды облысын аралайтын боламыз. Осы үгіт-насихат жұмыстың ішінде ең бастапқысы ол мынау сол қалаларда бізді шақырып отырған өндіріс, кәсіпорын ұжымдары бізді осында келіп өздерінің тұрмыс жағдайларымен өздерінің мәселесімен танысса екен, соларды шешуге көмекте алады ма екен деген ұсыныс түсіп отыр.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Талдықорғандағы сайлауалды штабы іске кірісті. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында мәлімделді. Жетісу жерінде Қазақстан Коммунистік халық партиясының мүшелері 5,5 мыңнан асады. Кейінгі кездері қатарымыз жастармен толығып отыр, бұл бізді қуантатын нәрсе,-дейді ұйымның Талдықорғандағы белсенділері. Қазір үгіт-насихат материалдары дайындалуда. Билбордтар жасалып, рұқсат етілген аймақтарға ілінуде. Жұмыстардың барысы туралы ақпарат пен басқа да сұрақтарға интернеттегі электрондық пошта арқылы жауап алуға толық жағдай жасалып отыр. Сайлауалды штабтың тізіміне 174 сенімді өкіл тіркелді. Бақылаушылардың тізімі жасалуда. 10 ауданда штаб құрылды. Жақын күндері тағы біреуі жұмысын бастайды.

Дәния ӨСКЕНБАЕВА, ҚКХП АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

– Біздің қолдаушыларымыздың саны күн сайын өсіп келе жатыр. Бүгінгі күнге партиялық тізім бойынша облыстық мәслихатқа 1 үміткер, аудандық мәслихатқа 2 үміткер, қалалық мәслихатқа 3 үміткер және Парламент Мәжілісіне 2 үміткер тіркелді. Бүгіннен бастап Алматы облыстық сайлау штабынан 2 үгіт топ Алматы облысының аудандарына үгіт-насихаттау үшін жіберіледі.

 

 

Үгіт пойызы жолға шықты

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., Ж. Жағыпарұлы/ - Кеше Қарағанды қаласының темір жол вокзалынан Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының сайлауалды жұмыстарын жүргізетін топтарынан құралған үгіт пойызы өңірдің елді мекендерін аралауға аттанды. Үгітшілердің негізгі құрамы ҚКХП облыстық филиалының белсенділерінен жасақталған.

Екі аптадан артық мерзімге жоспарланған үгіт пойызының сапары Қарағанды облысының ауылдық аудандары мен Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск сияқты қалаларында жалғаспақ. Үгіт бригадасының жетекшісі Тимур Сайфуллиннің айтуынша, сапарға шыққан үгіт пойызының басты мақсаты – жер-жердегі тұрғындармен тікелей жүздесу. Бір жағынан, осы кездесулер барысында ҚКХП-ның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, жан-жақты үгіт жұмыстарын өткізу болса, екінші жағынан, шалғай елді мекендердегі тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, депутаттықтан үміткерлерге айтатын аманаттарын қабылдау.

ҚКХП облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Александр Зевахин бұл үгіт пойызын дайындауға мүгедек балалары бар аналардың мүддесін қорғайтын «Қамқор» қоғамдық бірлестігінің ерекше белсенділік танытқанын атап көрсетті. Оның айтуынша, Қарағанды облысында коммунистердің сайлауалды үгіт-насихат жүргізу жұмысы ерекше белсенділікпен басталған. Үгіт жұмыстары бастау алған кезеңнен бері ҚКХП құрамынан ұсынған үміткерлердің саяси көзқарасын айқындайтын бірнеше ақпараттық билбордтар ілінген. Бұл ретте жергілікті билік органдары коммунистерге ешқандай кедергі келтіріп отырмағандығын да облыстық штаб жетекшісі атап айтты.

– Біз үй-үйлерді аралап, ҚКХП үміткерлерінің бағдарламаларымен таныстырып жүрміз. Тұрғындар бізді жылы қарсы алуда. Қазірдің өзінде мен қарағандылықтардың көпшілігі біздің партияға жылы қабақ танытып отырғандығына куә болып жүрмін. Алдағы уақытта біз жұмысымызды осы қарқынмен қызу жалғастыра бермекпіз, – дейді ҚКХП-ның жас үгітшісі Арман Лезбаев өз ойымен бөлісіп.

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын барлық өңірлерде қызу жүргізуде. Оған партия тарапынан белгіленген үгітшілердің белсенді қимылы айғақ болғандай.

 

 

ЖСДП қоғамдық қабылдау өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы кезектен тыс Парламент сайлауында сайлаушылардың 50 пайыздық дауысын жинауға үмітті.

Алатау ауданы тұрғындарымен жолыққан партияның Алматы филиалының өкілдері осылай деп отыр. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жергілікті әкімдікке тіркеуде жоқ азаматтарды уақытша тіркеуге алу керек деген өтініш хат жолдайтындығын сөз етті. Қоғамдық қабылдау бойынша аталған партия өкілдері еліміздің барлық аймағында тиісінше жұмыстар істеуде. Онда қазақстандықтар тегін заңдық кеңестер алып, жеке мәселелері бойынша келіп жолығуда. Қазіргі кезде жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 3 мыңнан астам адамның сауалдарына жекелеп жауап берген.

Әмірбек ТОҒЫСОВ, ЖСДП АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жалпы ЖСДП қалалық филиалында қоғамдық қабылдау бөлімі бар. Бұл бөлім бірталай болды жұмыс істеп жатқанына. Қандай көмек береді дегенде, сонда құқықтық жағынан, әлеуметтік жағынан бізге көп адамдар келіп жатыр.

 

 

Сапар жайын айтты

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., А. Есали/ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 18 адамнан құралған комиссиясының бірқатар мүшелері 21 желтоқсан күні Ақтау қаласына келіп жетті. Осы сапардың жай-жапсарын білмекке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбіловпен байланысқа шыққан едік. Ол төмендегідей жәйттерді мәлімдеді.

– Біз әуежайдан бірден  әкімдіктің алдындағы Ынтымақ алаңына келдік. Бұл жерде 200-дей мұнайшы тұр екен. Олар: «Өмірзақ Шөкеевпен кездестік және ол кісі бізге жаңа жұмыспен қамтамасыз етуге уәде берді. Бірақ, біз тек бұрынғы жұмыс орындарымызға қайта оралғымыз келетінін жеткіздік», дейді.

Осыдан кейін бізді облыс әкімінің бірінші орынбасары Қаныбек Жұмашев деген кісі қабылдады. Ол кісі Жаңаөзен мәселесіне орай өз пікірін айтты. Біз де өз тарап­ымыздан мақсатымыз – Жаңаөзендегі жергілікті билікпен және мұнайшылармен тікелей жүздесіп,  пікірлесу екендігін білдірдік.

Жетібай деген жерге жеткенде  блок-постта полиция қызметкерлері бізді тоқтатып, әрі қарай жіберген жоқ. Ол жерде 15 шақты әскери адам тұр. Бір сағаттай күтуге тура келді. Милиция майоры кешірім сұрап, бізге ешкімді жібермеуге тапсырма  келді, деп әрі қарай баруға рұқсат бермеді. Содан кейін Ақтауға қайтуға мәжбүр болдық, – деді Болат Әбілов. Оның төтенше жағдай жарияланған қаладағы ерекшелікті дұрыс түсінгені де құптарлық деуге болады.

– Жаңаөзен мәселесінің ақиқаты бір күнде ашылмайды. Қолымыздан келгенше осы іске араласып, көмегімізді бергіміз келеді. Арамызда тәуелсіз қоғамдық комиссия мүшелері Рысбек Сәрсенбайұлы, Гүлжан Ерғалиева, Владимир Козлов, Мұхтар Тайжан мен журналистер бар, – деді партияның тең төрағасы одан әрі.

Ал алдағы сайлауға қатысты таяу күндері бұл партия жетекшілері тағы да бір тоқайласып,  қандай шаралар атқаратындығын ойласып, жоспарда тұрған шаруаларды «пісіре» түспек.

 

 

«Ақ жол» демократиялық партиясының

басшылығы жастармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - «Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы, қазіргі сайлауалды науқанды спринтерлік жарыстармен теңеді.

Азат Перуашевтің пікірінше, депутаттық мандатқа ие болғысы келген кандидаттар, аз ғана уақыт аралығында сайлаушыларға өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізіп қана қоймай, бұқара халықтан келіп түсіп жатқан тілек-ниеттерді де жинап үлгеруі тиіс. Себебі, сайлаушыларға берген уәделерін, жеңіске жеткен шақта, депутаттардың орындауы парыз. Бұл жөнінде Азат Перуашев, астаналық жоғарғы оқу орындарының біріндегі жастармен кездесуі кезінде мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды тұғырнамасында, экономиканың дамуын, кәсіпкерлер мен өндіріс қызметкерлерін қорғауды басым бағыттардың бірі ретінде ұстанып отыр.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ҚДП ТӨРАҒАСЫ:

- «Ақ жол» партиясының саясатының ішіндегі осы жастар саясатына қатысты бөлек бағыты бар. Бұл бағытта біз жастарымыздың алдында тұрған проблемаларды, яғни білім беру саласы, жұмысқа орналасу, үй мәселесі, жас отбасыны қолдау мәселесі, сол проблемаларды шешетін жолдарды қарастырып отырмыз. Және де осы өзіміздің сайлауалды тұғырнамада, бірнеше нақты ұсыныстарды, осы әсіресе жас семьяны қолдау жөнінде енгізіп отырмыз. Әрі қарай, осы Парламентке өткеннен кейін, осы Парламенттік жұмысымызда сол проблемаларды шешуге атсалысамыз.

 

 

Ақжолдықтар – оңтүстікте жүр

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., Б. Тайжан/ - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов бастаған бір топ ақжолдықтар Оңтүстік өңірдегі жүздесулерін рухани астана – Түркістаннан бастады. Қазақты ел қылған, мемлекетінің негізін қалап, бүтіндігін сақтап қалған ұлы аруақтарға зиярат еткен олар Түркістан халқымен кездесуде өздерінің сайлауалды тұғырнамасын кеңінен таныстырды.

«Ақ жол» – халықтың үмітін жалғап отырған партиялардың бірі, – дейді партияның Түркістан филиалының төрағасы Мұса Пәттеев. – Қазақстан – әлемдегі пайдалы қазбаларға, шикізатқа бай ел десек, оның негізгі игілігін шетелдік кәсіпорындардың аттөбеліндей өкілдері емес, жергілікті тұрғындар көруі керек. Сонымен қатар, жастардың жұмыссыздық деңгейін азайту мәселесімен белсенді айналысады.

Отырар ауданында жалғасқан кездесуде Б.Нұрмұхамедов білім беру, денсаулық сақтау салалары жұмысын жақсарту, сот жүйелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыссыздықты азайту жөніндегі ойларын тарқатты.

– Мен «Ақ жол» партиясын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсеткендігі үшін таңдадым, – дейді «Төребек» ЖШС-інің төрайымы, Оңтүстікке белгілі кәсіпкер Баян Нарбекова. – Жұмыс жағдайымен Қытайда сан рет болдым. Онда шағын және орта бизнеске үлкен көңіл бөлініп, жергілікті билік жұмысын негізсіз тексермеуге он жылдай уақыт бөлінеді екен. Ал, бізде мансабын пайдаланып, өктемдік көрсететіндер көп. Көптеген шаруашылықтар жұмысын бастамай жатып, жабылып қалады. Сондықтан, үш жылға дейін тексермеу жөнінде кеңдік берілуі керек деп ойлаймын. Жеңілдетілген несиелердің пайызы төмен болса, шаруашылықтар аяғынан тез тұрып кетер еді. «Ақ жол» партиясының осы бағыттағы ұстанымы көңілімізден шығады.

Жалпы, күні бүгінге дейін ақжолдықтар еліміздің бірқатар облыстарында сайлаушылармен кездесулер өткізіп үлгерді. Сол жүздесулер барысы көрсеткеніндей, көпшілікті әлеуметтік мәселелер толғандыратыны белгілі болып отыр. Олардың қатарында коммуналдық қызмет көрсету құнының қымбатшылығы, жұмыссыздық және тұрғын үймен қамтамасыз етілмеу проблемалары бар.

 

 

Шымкентте «Руханият» партиясының белсенділері кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - «Руханият» партиясының рухани жетекшісі Мұхтар Шаханов Шымкентте өзінің қолдаушыларымен кездесті. Ұлттық мүддені ұлықтау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру Парламент Мәжілісі сайлауының сайысында бақ сынағалы отырған «Руханият» партиясының басты ұстанымы болмақ. 

«Руханияттың» рухани жетекшісі Мұхтар Шаханов бастаған саяси ұйым жетекшілері Шымкентте сайлаушылармен жүздесті. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен басқосуда ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» шығармасының таныстырылымы өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасын арқау еткен кітапта сол уақыттағы ұлтымыздың басынан өткен қилы кезеңдері баяндалады. Сондай-ақ, кездесуде «Руханият» өкілдері сайлауалды тұғырнамадағы басым бағыттарды көпшілікке таныстырды.

Сәуле ЖИРЕНШИНА, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, басқа тілдерді ұйымдастырушы, басқа тілдерді топтастырушы тіл болады. Осы мемлекеттік тіл маңайында өзге тілдер дамып отырады. Сондықтан, мемлекеттік тіл негізгі тіл ұйыстырушы болуы керек.

 

 

Рухани мәселелерге ден қоюда

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., Қ. Ескендір/ - «Руханият» партиясының атынан депутаттыққа кандидат, танымал режиссер Еркін Рақышев өзінің сайлауалды үгіт-насихатын өзгеше қадамнан бастады. Жуырда ғана «Айша» атты жеті сериялы жаңа туындысымен ұлттық кино кеңістігіне жылт еткен сәуле түсірген режиссер Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

 «Қазақфильм» студиясымен бірлесіп түсірген «Айша» фильмі қарапайым да қызықты сюжет арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлеп, көздің қарашығындай сақтауға, өскелең ұрпақ бойында ұлттық-патриоттық сезімді қалыптастырып, қоршаған ортаны сыйлауға, қоғамға титтей де болса пайдалы үлес қосуға үндейді.

Осы партиядан депутаттыққа кандидат Қайрат Бодаухан Жаңаөзен оқиғасы бойын­ша құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеевке арнаған мәлімдеме жасады. Онда үміткер «…оқиғаға кінәлі оралмандар, сондықтан оларды басқа өлкелерге көшіру керек…» деп мәлімдеуіңіз мемлекет пен ұлттың абыройына үлкен сын болды деп есептейміз.

Көші-қон, оралмандар мәселесі мемлекеттік стратегия ретінде әркез ел саясатынан ұмыт қалған емес. Алайда, атқарушы биліктің қырсыздығы мен оралмандардың саяси, құқықтық шектеулігі көп тауқыметтің дер кезінде шешілуіне мүмкіндік бермеді, сол себептен қоғамдағы әлсіз топқа оралмандардың бір бөлігі қосылды.

Сіздің комиссия төрағасы ретінде Жаңаөзен оқиғасына оралмандардың қатыстылығына қатысты объективті баға беруіңізді сұраймыз», делінген мәлімдемеде.

Енді аталған партияның тұғырнамасына қысқаша тоқталатын болсақ, онда руханияттықтар ел экономикасын көтеруді, әлеуметтік мәселелерді шешуді, биік адамгершілікті және рухани жағынан толысқан қоғам қалыптастыруды өздерінің басты бағдарлары етіп алған. Партияның кезектен тыс өткен VIII съезінде партия төрағасы Серікжан Мәмбеталин «Руханият» партиясының Жарғысына өзгеріс енгізілгенін айта келіп, партия ұсынған кандидаттардың барлығы дерлік жоғары білімді, саясаттан хабары бар, көзі ашық адамдар екенін алға тартқан болатын. Бұл сөздің шындыққа сәйкесетініне ешкім дау айта қоймас.

 

 

«Патриоттар» партиясы Қапшағай қаласында болып қайтты

 

/«Хабар» агенттігі, 22.12.2011 ж./ - «Патриоттар» партиясы атынан алдағы сайлауға түсуге бел буған үміткерлер бүгін Қапшағай қаласында болып қайтты. Онда патриоттықтар жартылай жұмыс істеп тұрған «Фарфор» зауытында, кеше түнде өртке оранған қалалық базарда болды.

Сондай-ақ, Қапшағай қаласының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елдің мұң-мұқтажын тыңдап қайтты. Кезінде ел Қапшағайдан үдере көшіп, көпқабатты тұрғын үйлер жаппай қаңырап қалған болатын. Соңғы жылдары мұнда жағдай қайта түзеліп, еңсе көтерген ел қалаға қайта орала бастады. Десе де, тұрғындардың айтуынша, мұнда шешілуі тиіс түйткілдер әлі де бар. Дәл қазір қыстыгүні жылу қазандықтары істен шығып, жылусыз отырған тұрғын үйлер кездеседі. Сондай-ақ, Қапшағайда бірде бір кәсіби-техникалық училище жоқ. Осы мәселе тиісті деңгейде шешілсе, қапшағайлық жастар Алматыға бармай-ақ, осында білім алар еді. Қапшағай – туризмді дамытуға қолайлы қала. Қаланың инфрақұрылымын дамыта түсіп, қоғамдық жағажайды қайта ашу керек деген ұсыныс айтты қала тұрғындары. Партия белсенділері өз кезегінде, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін билікке жеткіземіз деп уәде етті.

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, ҚПП МҮШЕСІ:

- Бір кезде Қапшағайдан бүкіл халық көшіп кетіп, қурап қалған еді. Қазір оңалды. Дұрыс боп жатыр. Бірақ, жаңа көпшілік айтып жатыр. Жылу аз, жұмыс орны аз. Фарфор зауытын қайта көтеру керек.

Серік АЙТҚОЖИН, ҚПП МҮШЕСІ:

- Біздің партиядан 20 адам түседі сайлауға. Соның 10 адамы бүгін осында келдік. Қапшағайда туризмді дамытқан жөн. Маңында Іле-су қоймасы бар.

 

 

Қоғамдық көлік тиімділігі зор

 

/«Егемен Қазақстан», 22.12.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Қазіргі таңда елімізде сайлау додасына түсіп жатқан саяси күштер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын насихаттау үшін қаржылық қиындықтарға қарамастан, барлық амалдарды қолданып бағуда. Және онысы нәтижесіз де емес. Мәселен, Қазақстан Патриоттары партиясының белді мүшелері қалалық қоғамдық көліктерді өз мүдделеріне ұтымды пайдалана бастады. Қоғамдық көліктерде жолаушыларға ән айту арқылы өздерінің жетістіктерін де насихаттап отыр. Мәселен, кеше Алматыда патриоттықтар трамвай көлігімен «Орбита» шағын ауданынан Көкбазарға дейінгі аралықты жүріп өтіп, насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ бұдан басқа да шаралар оңтүстік астана­мыздың бірқатар жерлерінде ұйымдастырылғандығын айта кету керек.

Мэлс Елеусізов, Алла Рыжкова бастаған партия белсенділері кеше Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетінде студенттермен кездесу өткізді. Аталған кездесу барысында жастар мәселесі, соның ішінде, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы кеңінен сөз болды. Әсіресе, студенттер жатақханасының жетіспеушілігі, олардың жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуы проблемалары сияқты бірқатар мәселелер ортаға салынды.

Партия негізінен кедейшілікті еңсеру және азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі дамыту саясатын жүргізіп келе жатқаны белгілі. Бұдан басқа, экология проблемасы кеңінен сөз болды.  Әсіресе, Арал теңізі, Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы проблемаларын шешуге ерекше ден қойылып, оларға әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға күш салу қажеттігі айтылды. Осы ретте партия Каспий теңізі шельфі мен елдің барлық аумағында жұмыс істейтін шетелдік инвесторлардың экологиялық стандарттарын қайта қарауға қол жеткізуді де назарда ұстауды өздерінің басты қағидаттары ретінде қарастырып отыр.

Ал Астанада Қазақстан Патриоттары партиясының жетекшілері ЕҚЫҰ байқаушы­лары миссиясы өкілдерімен кездесіп, алдағы сайлау барысын әңгіме өзегіне айналдырды. Ұйым өкілдерін, әсіресе, әскерилердің, жастардың және мемлекеттік қызметшілердің  сайлау барысына қандайлық қатысатындығы қызықтырған көрінеді.

 

 

Электораттың белсенділігі артып келеді

 

/«Қазақстан» ТРК, 23.12.2011 ж., Г. Марқабай/ - Қазақстан азаматтарының электоралды белсенділігінің деңгейі 69,7 пайызға жетті. Бүгін бұл жайында «Демократия институтының» жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская хабарлады. 17-19 желтоқсан аралығында еліміздің барлық аймақтарында халықтың электоралды белсенділігін анықтайтын әлеуметтік зерттеу жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша, сұралған респонденттердің 57,5 пайызы «иә, сайлауға барамын» деп нық сеніммен айтса, респонденттердің 12,2 пайызы «қатысуым мүмкін» деп жауап берген. Сауалнамаға барлығы 1500 адам тартылған.

 

 

Қазақстандықтардың электоралды белсенділігі артуда

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - Қазақстандықтардың электоралды белсенділігі артып, бүгінгі күні 69,7 пайызға жетті. Алдағы сайлауға байланысты қоғамдық пікірді таразылаған «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы бүгін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысын жариялады.

Сауалнамаға қатысқандардың 57,5 пайызы 15 қаңтар күні сайлауға міндетті түрде қатысатындықтарын жеткізді. 12 пайызы дауыс беретін шығармын деген пікірде. Институт сауалнама барысында бұл додада қай партияның мерейі үстемірек екенін де анықтауға тырысқан. Мәселен, сұхбат бергендердің 80,2 пайызы «Нұр Отанға» дауыс беретіндерін айтқан. 7,1 пайызы бүйрегі «Ақ жолдықтарға» бұратынын жеткізген. Ал 2,2 пайызы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын, коммунистерді 2,1, «Әділетті» 1,8, патриоттарды 1,6, «Ауыл» партиясын 1,5 және 0,1 пайыз «Руханиятты» таңдамақ ниетте.

Юлия КУЧИНСКАЯ, «ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ «ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ:

 - Сайлаудың нақты күні белгілі болып, үгіт-насихат жұмыстары қызу қарқын алғандықтан сайлауға қатысам деушілердің саны едәуір өсті. Соңғы өлшем бойынша 69,7 пайыз. Тағы 7 пайызға өседі деген болжам бар. Алдыда әлі 3 апта барын ескерсек, жақсы көрсеткіш деп айтуға болады.

 

 

Сауалнама нәтижелері бойынша сайлау алдындағы

«Нұр Отан» ХДП рейтингі 80,2 пайызды құрайды

 

/«ҚазАқпарат», 23.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Сауалнама нәтижелері бойынша сайлау алдындағы «Нұр Отан» ХДП рейтингі 80,2 пайызды құрайды.

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская мәлімдеді.

Қоғамдық бірлестіктің жүргізген сауалнамалары арасында «Егер Сіз Парламенттік сайлау күні сайлау учаскесіне барсаңыз, қай партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұрақ та қамтылған. «Нәтижесінде «Нұр Отан» ХДП рейтингі 80,2 пайызды құрады. Ал сұраушылардың 7,1 пайызы «Ақ жол» партиясын таңдаған. 2,2 пайыз сұралғандар - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын, 1,8 пайыз «Әділет» партиясын, 1,6 пайыз Патриоттар партиясын, 0,1 пайызы Руханият партиясын таңдаған», - дейді Ю.Кучинская.

Сонымен қатар, сұралған дауыс беруге қатысатын азаматтардың 3,4 пайызы  таңдау жасауда қиналатындықтарын мәлімдеген.

 

 

Қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі

69,7%-ға жетті – Демократия институты

 

/«BNews.kz», 23.12.2011 ж./ - Қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі 69,7%-ға жетті. Бұл туралы Астанада сайлау бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесін таныстыру кезінде «Демокартия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясының директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

«17-19 желтоқсанда «Демокартия институты» ҒЗА 2012 жылы 15 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Мәжілісі сайлауына қатысты қоғамдық пікірге әлеуметтік зерттеу жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша халықтың сайлауға қатысу белсенділігі қазіргі уақытта 69,7%-ға жетті», - деді Ю.Кучинская.

 

 

Қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі өсу үстінде

 

/«BNews.kz», 23.12.2011 ж./ - «Демокартия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы 17-19 желтоқсан аралығында 2012 жылы 15 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Мәжілісі сайлауына қатысты қоғамдық пікірге әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, халықтың сайлауға қатысу белсенділігі қазіргі уақытта 69,7%-ға тең. «2012 жылы 15 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысасыз ба?» деген сұраққа жауап берген респонденттердің 57,5%-ы дауыс беруге қатысатындықтары жөнінде нақты жауаптарын берсе, тағы 12,2%-ы қатысуы мүмкін екендіктерін айтты.

«Парламенттік сайлау күні сайлау учаскесіне баратын болсаңыз, қай партияға дауыс беруіңіз мүмкін?» деген сұраққа берілген жауаптар негізінде құрылған партиялардың рейтингі келесі тізіммен құрылды:

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы - 80,2%;

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы - 7,1%;

Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия – 2,2%;

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы (ҚХКП) – 2,1%;

«Әділет» демократиялық партиясы - 1,8%;

Патриоттар партиясы – 1,6%

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы – 1,5%;

«Руханият» партиясы – 0,1%

Сайлауға қатысам деп жауап берген сұрау жасалғандардың 3,4%-ы әлі нақты шешімге келмегендерін айтты.

Осылайша, алдағы мониторинг нәтижесімен салыстырғанда, сайлауға қатысу белсенділігі мен саяси партиялардың рейтингі біршама өскен.

Анкеталық сауалнамаға Қазақстанның барлық аймақтарынан, Астана мен Алматы қалаларынан 1500 респондент қатысты. Сауалнама нәтижесінің қателігі ±2,5% құрауы мүмкін, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

 

Электорат белсенділігі жоғары болатындай

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., Д. Кенжалин/ - Кеше Астанада «Демократиялық институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы қоғамдық бірлестігі 17-19 желтоқсан күндері Парламент Мәжілісі сайлауына арналған қоғамдық пікірге осымен екінші рет әлеуметтанулық зерттеу жүргізгендерін мәлім етті.

Қоғамдық бірлестіктің жобалар директоры Юлия Кучинскаяның айтуынша, сауалдама үш күн бойы Астана мен Алматы қалалары және еліміздің барлық облыстарында жүргізіліп, соның нәтижесінде халықтың электоралдық белсенділігінің деңгейі пайыздық есеппен алғанда 67,7 пайызды құраған. Осы сауалдама кезінде халықтың екі сұраққа ғана жауап беруіне өтініш жасалды.

Оның біріншісі – «Алдағы 2012 жылғы 15 қаңтарда болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысасыз ба?» деген сұрақ болса, екіншісі – «Егер де сіз сайлау учаскесіне Парламент сайлауы күні барсаңыз, онда дәлірегі қай партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ болды.

Сөйтіп, бірінші сұраққа жауап ретінде респонденттердің 57,5 пайызы өздерінің дауыс беруге қатысатынын нық сеніммен айтқан болса, екінші сұраққа жауап берген адамдардың басым бөлігі «Нұр Отан» партиясына дауыс беретіндерін мәлімдеді. «Онда респонденттердің 80,2 пайызы сайлауға «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына дауыс беру үшін баратындарын айтса, халықтың 7,1 пайызы «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына дауыс беретіндерін жеткізген, дейді Ю.Кучинская.  Одан әрі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы респонденттердің 2,2 пайыз дауысын, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы – 2,1 пайызын, «Әділет» демократиялық партиясы – 1,8 пайызын, Патриоттар партиясы – 1,6 пайызын, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы 1,5 пайызын жинаған болса, «Руханият» партиясы сұралған адамдардың 0,1 пайыз дауысына ие болған».

Осылайша, өткен мониторинг қорытындыларымен салыстырғанда саяси партиялардың электоралдық белсенділігі мен рейтингтерінің өскендігі байқалады, дейді қоғамдық бірлестік өкілі.

Сауалдамалық сұраққа Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана мен Алматы қалаларынан 1 500 респондент қатысса, оларға қоғамдық бірлестіктің 50-80 өкілі сұрау салған. Сауалдама «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ұйымының тапсырысы бойынша жүргізіліпті.

 

 

Сайлаушылардың 70 пайызы дауыс беруге қатысуға ниетті

 

/«Алаш айнасы», 24.12.2011 ж./ - «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 17-19 желтоқсан күндері 2012 жылы 15 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің сайлауына байланысты қоғамдық пікірге әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Сауалнама нәтижесі бойынша қазіргі уақытта халықтың электоралдық белсенділік деңгейі 69,7% құрады. «Сіз 2012 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың сайлауына қатысасыз ба?» деген сауалға респонденттердің 57,5% дауысқа беруге қатысатынын сенімді түрде мәлімдеген болса, сонымен бірге жауап берушілердің 12,2%-да дауыс беруге баратынын білдірген.

Партиялардың рейтингіне байланысты «Егер сіз Парламенттік сайлау күні сайлау учаскесіне барсаңыз, қай партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұраққа жауап төмен­дегідей көрініс тапқан:

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы – 80,2%;

«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы – 7,1%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 2,2%;

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) – 2,1%;

«Әділет» демократиялық партиясы – 1,8%;

Патриоттар партиясы – 1,6%;

 «Ауыл» социал-демократиялық партиясы – 1,5%;

 «Руханият» партиясы – 0,1%.

Сауалнамаға жауап берушілердің 3,4%-ы таңдау жасауда қиналатынын мәлімдеген.

Сонымен, өткендегі мониторинг қорытындысымен салыстырғанда электоралдық белсенділік пен саяси партиялар рейтингісінің көтерілгені байқалып отыр.

Анкеталық сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астана мен Алматы қалаларынан 1500 респондент қатысқан. Ал іріктеулерден кететін қателіктер ±2,5%-ды құрайды. Сауалнама «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша жасалған.

 

 

ХАЛЫҚТЫҢ САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ 69,7 ПАЙЫЗ

 

/«Дала мен Қала», 24.12.2011 ж., Н. Әубәкір/ - Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская Қазақстандағы электоралдық белсенділік деңгейі 69,7 пайызды құрайтынын алға тартты.

Қоғамдық ұйым белсенділері халық арасында «2012 жылғы 15 қаңтардағы Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың сайлауына сіз қатысасыз ба?» деген сұрақ бойынша ел тұрғындары арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама «Қазақстанның азаматтық альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша жасалған. Зерттеу нәтижесінде респонденттердің 57,5 пайызы нақты түрде өздерінің дауыс беруге қатысатындықтарын мәлімдеген. Ал сұралғандардың 12,2 пайызы «шамасы барармын» деп жауап берген. Сонымен қоса, сауалнама нәтижелеріне жүгінген қоғамдық ұйым өкілі Ю.Кучинская бұған дейінгі мониторингтің қорытындыларымен салыстырғанда жұртшылық арасында электоралдық белсенділік пен саяси партиялардың рейтингілерінде өсім байқалатындығын алға тартады. Оның айтуынша, сауалнама сұрақтарына Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астана мен Алматы қаласынан жалпы саны 1 мың 500 респондент қатысқан. Қоғамдық ұйым өкілдері сауалнама барысында кеткен қателіктер 2,5 пайыз төңірегінде деп топшыланған.

Осы ретте сауалнама қорытындылары сайлау алдындағы «Нұр Отан» ХДП рейтингі 80,2 пайызды құрағанын алға тартып отыр. Қоғамдық бірлестіктің жүргізген сауалнамалары арасында «Егер Сіз Парламенттік сайлау күні сайлау учаскесіне барсаңыз, қай партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұрақ та қамтылған. «Нәтижесінде «Нұр Отан» ХДП рейтингі 80,2 пайызды құрады. Ал сұраушылардың 7,1 пайызы «Ақ жол» партиясын таңдаған. 2,2 пайыз сұралғандар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын, 1,8 пайыз «Әділет» партиясын, 1,6 пайыз Патриоттар партиясын, 0,1 пайызы Руханият партиясын таңдаған», – дейді Ю.Кучинская.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 3,4 пайызы таңдау жасауда қиналатындықтарын айтқан.

 

 

Жаңаөзендік сайлау комиссиясы

ақша бөлу жөнінде өтініш білдірді

 

/«BNews.kz», 23.12.2011 ж./ - Жаңаөзендік сайлау комиссиясы ақша бөлу туралы өтініш білдірді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының Мәжілісі барысында ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

«Маңғыстау облыстық комиссиясы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясына қосымша қаражат бөлуді сұрап өтініш білдірді. Телевидениеде, радиода және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізуге қажет бұл ақша. Бұған біз ақша табамыз... Жаңаөзенде мәслихат депутаттығына үміткерлердің жұмысын толыққанды қамтамасыз етеміз», - деп мәлімдеді Қ.Тұрғанқұлов журналистерге берген сұхбатында.

 

 

Жаңаөзендіктер сайлауды талапқа сай өткізу

үшін қосымша қаржы сұрады – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 23.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Жаңаөзен қаласының сайлау комиссиясы үшін Орталық сайлау комиссиясынан қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, маңғыстаулықтар Жаңаөзенде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты онда түрлі жиындар мен митингілер өткізуге шектеу қойылғандығын айтуда. «Осыған байланысты ондағы кандидаттарға теледидардағы және баспасөз басылымдарындағы үгіт-насихат жұмыстарына көбірек көңіл болу керек болып отыр. Меніңше, біз бұл өтінішті қанағаттандыра аламыз. Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясының резервінде оған қажетті қаржы бар. Сондықтан біз Жаңаөзенде де үгіт-насихат жұмыстары кең көлемде және талапқа сай өтуі үшін қолдан келгеннің барлығын жүзеге асырамыз»,-деді ОСК төрағасы.

 

 

ОСК Жаңаөзендегі сайлау алды

үгіт-насихаттарға қосымша қаражат бөледі

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 23.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзендегі сайлау алды үгіт-насихаттарға қосымша қаражат бөледі, деп хабарлады ведомство басшысы Қуандық Тұрғанқұлов.

Нәтижесінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен, 16 желтоқсанда өткен Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қалада 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілген.   Алайда, Қазақстанда 15 қаңтарға жоспарланған Мәжіліс пен маслихат сайлауы Жаңаөзенде уақытында өтеді, деп мәлімдеді ОСК.

«Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясын қаржылау қолдауды сұрады, өйткені төтенше жағдайға байланысты қалада шерулер сияқты үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған. Оларға көрнекілік насихатқа көптеу ақша бөлу қажет», - деді Тұрғанқұлов брифингте.

«Меніңше біз қолдаймыз. Үгіт-насихат жұмыстары толық ауқымда өтуі үшін резервтен біз (қаражат) бөлеміз», - деп атап өтті ол.

 

 

ҚР ОСК Жаңаөзенге қосымша қаржы бөледі

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына қосымша қаржы бөледі.

Бүгін Астанада өткен жиында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осылай деп мәлімдеді. Өңірге қажетті қаражат Орталық сайлау комиссиясының резервінен бөлінеді. Әзірге қаражат көлемі белгісіз. Бірақ жақын күндері ол анықталып, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберіледі, - деді Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ:

- Жақында ғана Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы бізге өтінішпен хабарласты. Олар Жаңаөзендегі қазіргі жағдайға байланысты барлық үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынғандықтан партиялар бағдарламаларын теле-радио, газет-журналдар арқылы білдіруге мәжбүр дейді. Ал мұндай жарнама түрі біраз қаражатты қажет ететіндіктен ОСК-нан қосымша қаражат жіберуін сұрап отыр. Біз ол өтінішіт қанағаттандырамыз. Өйткені, сайлау барлық талаптарға сай өтуі тиіс.

Сондай-ақ, жиында мәлім болғандай ағымдағы жылдың 23 желтоқсанынан дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағы 38 байқаушысын тіркеді. Олардың 34-і ТМД Миссиясының құрамынан болса, 4-і шет елден келетіндер.

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының

 депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының барысы туралы[9]

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж./:

 

2011 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.

Ортсайлауком Қазақстан Республикасындағы сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса алғанда, дайындалуы және сайлау учаскелеріне жеткізілуі тиіс сайлау бюллетеньдерінің санын белгіледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  кезектен тыс сайлауы жөнінде – 9 398 154, ал Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөнінде – 17 423 313 сайлау бюллетені дайындалатын болады.

Жаңаөзен қаласының аумағында Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлау бұрын белгіленген мерзімде, яғни 2012 жылғы 15 қаңтарда өтеді, өйткені,  Президенттің бұл аумақтық-әкімшілік бірлікте төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығымен сайлауды өткізуге тыйым салынбаған.

Осыған байланысты Ортсайлауком, Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Бұл адам құқығы саласындағы Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық құжаттарға қайшы келмейді. Өйткені енгізілген шектеулер адамның Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт  бекіткен «абсолюттік» құ­қықтары мен бостандықтарын шектемейді. Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады.   Және бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар тең, дегенмен, үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдауда белгілі бір дәрежеде шектеулі жағдайда болады.

Атап айтқанда, қала аумағында негізінен сайлауалды үгітті бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен  демонстрациялар өткізу арқылы жүргізу шектеледі.

Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт науқаны толық көлемде өткізілетін болады. Осыған байланысты Ортсайлауком мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуіне бюджеттен бөлінген қаражатты бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша үгіт материалдарын жариялау және баспа өнімдерін  шығару үшін пайдалануына рұқсат береді.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялардың үгіт материалдары Жаңаөзен қаласы тұрғындарына республикалық және жергілікті теле-радиоарналар  мен баспа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жететін болады.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар баспа өнімдерін әзірлеу үшін облыстық типографияның қызметін пайдалана алады.

Қалалық сайлау комиссиясы штаттық режімде жұмыс істеуде. Комиссияның қарамағында барлық қажетті әдістемелік материалдар мен құжаттар бар.

Сайлау науқаны барысын байқауды ұйымдастыруға келетін болсақ, байқаушылар мен сарапшыларға, соның ішінде шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, бұл өңірге бару мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, олар сайлау барысы, сайлау органдарының жұмысы, барлық сайлау процесіне қатысушылардың қызметі туралы ақпаратпен де қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ Ортсайлауком басшысы сайлау туралы заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауға міндетті екенін ескертті. Бұл ретте, кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болу керек.

Барлық кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлауалды үгіт жүргізуі үшін бұқаралық ақпарат құралдарына тең жағдайда қол жеткізуі кепілдендірілуі тиіс.

* * *

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

20 желтоқсанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсынылған 10 мыңнан астам үміткердің 9165-і мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде тіркелген.

Соның ішінде   облыстық, Астана мен Алматы қалалық  мәслихаттарына – 1752; аудандық мәслихаттарға – 5523; қалалық мәслихаттарға – 1890  кандидат.

Тіркелген кандидаттардың  3446-сы – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының, 11-і – Қазақстанның Патриоттары партиясының, 22-сі – «Руханият» партиясының, 264-і – Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының, 9-ы –Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның, 99-ы – Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының, 50-і – Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының, 57-сі – «Әділет» демократиялық партиясының, 3-уі – Қазақ­станның «Азат» демократиялық партиясының, 1-уі – Қазақстанның Коммунистік партиясының  мүшелері.

Барлық тіркелген кандидаттар 21 желтоқсаннан бастап сайлауалды үгіт жұмысына кірісе алады.

* * *

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның тағы 14 байқаушысын аккредиттеді.

Қазіргі сәтке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша барлығы 61 байқаушы аккредиттелді

Олардың 46-сы – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 11-і – ТМД Байқаушылар миссиясының өкілдері, 4-уі –  шет мемлекеттердің байқаушылары.

* * *

Ортсайлаукомға келіп түскен өтініштер туралы

2011 жылғы 16 қараша мен 21 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға  56 өтініш келіп түскен. Олардың 38-і  сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойынша өтініштер, тағы 14-і сайлау комиссияларының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

 

 

ОСК Мәжіліс депутаттарының сайлауын бақылауға келген шет мемлекеттер

мен халықаралық ұйымдардың 38 байқаушысын тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 23.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс  сайлауын байқауға келген  шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 38 байқаушысын тіркеді.

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, тіркелген байқаушылардың 34-і Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының миссиясынан, ал 4 байқаушы шет мемлекеттерден келген. Осылайша елімізде тіркелген барлық байқаушылар саны 99 адамды құрады. «Олардың 46-сы Парламент Мәжілісі  депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі институттар бюросы миссиясының құрамына кіреді. 45 байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының миссиясынан. Ал 8 азамат шет мемлекеттердің байқаушысы»,-деді ОСК мүшесі.

 

 

Қазақстанда Мәжіліс сайлауына

тағы 38 халықаралық бақылаушы тіркелді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 23.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 38  халықаралық бақылаушыны тіркеді, деп келтіреді агенттіктің тілшісі.

Баспасөз баянына сәйкес, 34 адам ТМД-дан бақылаушылар миссисын ұсынады. Тағы төртеуі – шетел мемлекеттерінің бақылаушылары.

Жалпы алғанда, ОСК 99 халықаралық бақылаушыны тіркеді. Олардың 46-сы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының құрамына кіреді, 45 – ТМД-дан бақылаушылар миссиясынан, тағы 8 бақылаушы бес шетел мемлекеттерінен.  

 

 

 

 

 

ОСК шетелдік байқаушыларды тіркеді

 

/«Қазақстан» ТРК, 23.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауды бақылауға ниет білдірген 38 байқаушыны аккредитациядан өткізді. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен тіркелетін бақылаушылардың саны сөйтіп қазіргі таңда 99-ға жетті.

Олардың 46-сы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының өкілдері, 45-сі ТМД байқаушылар миссиясының өкілдері болса, сегізі басқа шетелден келген бақылаушылар. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджеттің есебінен жабылатын шығындарының нормативтерін белгілеу туралы қаулы өзгерістер енгізді.

 

 

ОСК 99 халықаралық бақылаушыны тіркеді

 

/«BNews.kz», 23.12.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылы 23 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша 99 халықаралық бақылаушыны тіркеді, деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта 38 халықаралық бақылаушы тіркелді. Атап көрсетілгендей, олардың ішінде 34-і – ТМД бақылаушылар миссиясының өкілдері. Тағы төртеуі – шет мемлекеттердің бақылаушылары.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта ОСК 99 халықаралық бақылаушыны тіркеді. Олардың ішінде 46-сы Қазақстанның мерзімімен бұрынғы Парламент сайлауын бақылау бойынша ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының құрамына кіреді, 45-і – ТМД бақылаушылар миссиясының өкілдері. Тағы 8-і 5 шетелдік мемлекеттен келген бақылаушылар.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрынғы сайлауы, сондай-ақ мәслихат депутаттарының сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді.

 

 

ТМД Парламентаралық Ассамблеяларының кеңесі

ҚР Мәжілісінің сайлауын бақылайтын болады

 

/«BNews.kz», 23.12.2011 ж./ – АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. BNews.kz - Еурзиялық экономикалық қоғамдастығы Парламентаралық Ассамблеясының он үшінші отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келген Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бүгін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеялары Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовпен кездесті.

ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында Қ.Мәми Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік думасына депутаттар сайлауына мониторингі жүргізудегі ТМД ПАА байқаушылар миссиясының жемісті жұмысын атап өте келіп, ТМД ПАА миссиясының алдағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауын байқауға белсенді қатысатыны жайында айтты.

«Ассамблеяның тәжірибесі және Достастық елдеріндегі осындай шараларға Хатшылықтың қатысуы Парламент Мәжілісі сайлауына ұйымдасқан түрдегі мониторинг жүргізуге жәрдемдесетін болады», - деді Қ.Мәми және ол «Қазақстандағы алдағы сайлау ашық, еркін және әділетті болады», - деп атап өтті.

Әңгіме барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеялары Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротов Ассамблея Кеңесінің мерейтойлық отырысын алдағы жылы наурызда Қазақстанда өткізуге ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы В.Матвиенко қолдау білдіргенін хабарлады.

Достастыққа қатысушы мемлекеттердің қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне қатысты Қ.Мәми ТМД елдеріндегі Парламентшілердің халықаралық бірлестіктер аясындағы өзара белсенді іс-қимылының қажеттігін атап өтті.

«Біз Парламенттік комиссиялар құрамындағы өз мүмкіндіктерімізді толық көлемде пайдалануға тиіспіз», - деп атап өтті Қазақстан Сенатының төрағасы.

 

 

Тұрғанқұлов: үгіт-насихатқа жұмсалатын

қаражат қағаз ақша күйінде бөлінбейді

 

/«BNews.kz», 23.12.2011 ж./ – Үгіт-насихатқа жұмсалатын қаражат қағаз ақша күйінде бөлінбейді. Бұл туралы БАҚ-қа берген сұхбатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.

«Үгіт-насихатқа жұмсалатын қаражат қағаз ақша күйінде бөлінбейді, есеп ашу келісімшарттарына сәйкес аударылатын болады. Олар, міне біз ақша береміз, барып үгіт-насихат жүргізіңдер деп айтады деген шығар – олай болмайды. Бұл бюджеттік қаражат және заңмен қатаң қадағаланатын болады», - деп хабарлайды ОСК төрағасы.

 

ОСК аудандардағы мәслихат депутаттарының үгіт-насихат

шараларына бөлінген қаржыны тиімді жұмсауға бағытталған қаулы қабылдады

 

/«ҚазАқпарат», 23.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы  бүгін «2012 жылғы 15-ші қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы жергілікті мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауында  мәслихат депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы қаулысына өзгерістер енгізді.

Бүгінгі отырыс барысында аталмыш құжаттың мақсат-міндеттері жөнінде баяндаған Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, аудандарда мәслихат депутаттығына кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігі шектеулі. «Осыған байланысты теледидар, радио арқылы үгіт-насихат шараларын жүргізуге бөлінген қаржының бір бөлігі парақшалар мен өзге де бірқатар насихат құралдарын шығаруға жұмсалатын болады»,-деді В.Фоос.

 

 

16-шы қараша мен 23-ші желтоқсан аралығында ОСК-на

республика азаматтарынан сайлау шараларына байланысты 62 өтініш келіп түскен

 

/«ҚазАқпарат», 23.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметтерге қарағанда, 16-шы қараша мен 23-ші желтоқсан аралығында комиссияға республика азаматтарынан сайлау шараларына байланысты 62 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің 45-і сайлау науқанындағы әртүрлі мәселелермен байланысты. Сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметі мен сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты 17 өтініш бар.

 

 

Саяси партиялардың насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 23.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Желтоқсан желдей есіп, жүйіткіп барады, қаңтарда қарбалас басталады. Сайлау додасының дүбірі естіліп, қазір партиялардың белді һәм белсенділері атқа қонды. Ауыл-аймақтарды аралап жүр. Жұртшылықпен жүздесіп, саяси тұғырнамаларымен таныстырып жатыр. «Ел аманатына адал болуымыз керек», - дейді партия өкілдері. Бұл - саясат серкелеріне зор міндет жүктейді. Биыл саяси сайыста партиялық тізіммен бақ сыналады.

Ұлттық мүддені ұлықтау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру Парламент Мәжілісі сайлауында бақ сынағалы отырған «Руханият» партиясының басты бағыты. Партияның рухани жетекшісі Мұхтар Шаханов бастаған саяси ұйым мүшелері Шымкентте сайлаушылармен жүздесті. Кездесу барысында «Руханият» өкілдері салт-дәстүр мен ұлт мүддесін темірқазық еткен сайлауалды тұғырнамадағы басым бағыттарды көпшілікке таныстырды.

Сәуле Жиреншина, «Руханият» партиясының мүшесі:

Қазақ тілі мемлекеттік тіл, басқа тілдерді ұйыстырушы, өзінің жанына топтаушы тіл болады. Осы мемлекеттік тілдің маңайында, басқа да елдердің тілдері дамып отырады. Сондықтан мемлекеттік тіл ұйыстырушы, ең негізгі тіл болуы керек.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері ақтөбеліктермен кездесті. Олар шағын және орта бизнесті 5 жыл салықтан босатып, жеңілдік жасайтын жоба әзірлеп қойған. Халық үшін ең маңыздысы тариф пен баға тұрақтылығы. Партия өкілдері одан әрі бағаның өсуіне тосқауыл болмақ. Облыс орталығындағы кездесуден соң, үгіт-насихат тобы мұнайшы, ауыл шаруашылығы мамандарымен жүздесті.

Петр Своик, насихат тобының мүшесі:

Біз қазіргі Конституцияға реформа жасау қажет деп отырмыз. Барлық саяси күшті ел дамуына жұмсауымыз қажет. Парламент тек бір партиялы болмауы қажет, көп партиялы болуы міндет. Біздің партия  Парламентке әр қазақстандықтың мүддесін қорғау үшін барады.

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Астанада бас қосты. Олар: «Әсіресе, қарттар мен зейнет жасындағы адамдарды айрықша әлеуметтік қамқорлыққа алған жөн», - дейді. Тиісті жәрдемақы мен мемлекеттік көмек туралы заңдардың орындалуын қадағалауды да «ақжолдықтар» қолға алмақ.

Людмила Жуланова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:

Қарттар мен зейнеткерлер назардан тыс қалмауы керек. Аға ұрпақтың қамын бүгінгі қоғам жасауы тиіс. Біз сол үшін күш саламыз. Бағдарламамызда мәселе анық көрсетілген.

Коммунистер партиясының облыста бес жарым мың мүшесі бар. Олардың көпшілігі ауыл аймақтарда тұрады. Әзірге үш насихат тобы жұмыс істеуде. Оның құрамына экономика, мәдениет және әлеуметтік саланың мамандары тартылған. Жер ресурстарын пайдалану мәселесін қайта қарау, бұл партияның бүгінгі ұстанымы.

Нәйля Сәмиғулина, ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы:

Біз бүгін бірінші үгіт-насихат тобын аттандырып тұрмыз. Олар Сандықтау, Атбасар аудандарында болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесетін болады. Тұғырнамамызда партияның ұстанымы нық көрсетілген. Соны сайлаушыларға жеткізуіміз керек.

Ауыл партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Батыс Қазақстан облысында да қызу басталды. Партия өкілдері 17 желтоқсаннан бері аудандарды аралап, жұртшылықпен 20 шақты жүздесу өткізген. «Мәжіліс мандатына ие болған жағдайда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, мал шаруашылығын дамытуға мықтап мән беретін боламыз», - дейді партия белсенділері

Амангелді Баянов, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының БҚО филиалының төрағасы:

Үш күн ішінде Жаңақала ауданы, Казталов аудандары, Чапаев аулында болып, халықпен кездестік. Ауылдық жерде халық бізді толық қостайды. Біздің саяси платформамызды толық қолдауда. Қазіргі жағдайда  ауылда көптеген мәселелер шешімін таппай жатыр.

«Нұр Отан» партиясының үгіт-насихат тобы Солтүстік Қазақстанға барды. Саяси ұйым сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін өңірдегі шаруашылықтың бірі - «Тайынша-Астық» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Сайлаушыларға Мәжіліс депутаттығына үміткерлер таныстырылып, партияның алға қойған мақсаттары баяндалды.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, партияның республикалық сайлауалды штабының жетекшісі:

Бүкіл әлем таныған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған даму жолын жалғастыру үшін, халқымыздың жағдайын одан әрі жақсарту үшін, ұлы мақсаттарға жету үшін алдағы сайлауда өз дауыстарыңызды тек қана «Нұр Отан» партиясына  беріңіздер.

«Әділет» партиясының белсенділері бүгін ардагерлермен кездесті.  «Әділеттіктер» төрт басым бағытты ұстанып отыр. Олар – экономикалық саясаттың мәні мен мазмұнын өзгерту, ресурстарды топтастыру, конституциялық реформаны жүзеге асыру және азаматтық қоғам құру. Кездесуде кандидаттар ардагерлердің ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін тыңдады. 

Төлеген Сыдық, «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Ештеме жасалмай жатыр деп айтуға болмайды. Ол әділеттікке жатпайды. Бірақ сонда да болса, жасайтын шаруалар бар. Ардагерлер заңы.

 

 

Нұротандықтар – Кенді Алтайда

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., О. Елубай/ - Өскемен қаласындағы Металлургтердің мәдениет үйінде «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттармен кездесу өтті. Үміткерлерден Ж.Кәрібжанов,  Ж.Жарасов, С.Ферхо, Н.Кузьмин болды.

– Өскемендіктермен кездескеніме қуаныштымын. Облыс әкімі қызметінде болған кезімде сіздермен қоян-қолтық жұмыс істеп, әрқашан қолдауларыңызды сезініп отырдым. Қазақстан өсіп-өркендеп келеді. Тек биылдың өзінде елімізде 350 жаңа кәсіпорын іске қосылып, ондаған мың жұмыс орны ашылды. Кенді Алтайдың өзінде индустрияландыру картасы бойынша 15,9 миллиард теңгенің 9 жобасы өндіріске енгізілген. Тоғыз айда ғана 722,4 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылған. Облыста «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны жыл сайын артып келеді. Елбасы бастаған партия келер жылғы сайлауда да жеңіске жетеді деген сенімдеміз, – деді Жәнібек Кәрібжанов.

– Мен осы өлкеде туып-өстім, білім алдым. Қазақстан алға батыл жылжып келеді. Шырайлы Шығысты Елбасы еліміздің экономикасының алтын тәжіне тегін теңемесе керек. Демек, алдағы сайлауда жерлестеріміз бізді қызу қолдайды деген ойдамыз, – деді Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Николай Кузьмин.

Жанат Жарасов, Светлана Ферхо кездесуде партияның тұғырнамасымен және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

С.Ферхо сондай-ақ Өскеменде бірқатар кездесулер өткізді. Ол партияның сайлауалды штабындағы және бірқатар жоғары оқу орындарындағы кездесулерде жиналғандарды «Қазақстан-2017 жыл мақсаттары. Жаңа іс-қимыл жоспары» атты партия тұғырнамасымен таныстырды.

 

 

«Ақ жол» партиясының қызметінің басым бағыты

халықаралық стандарттарға сай әлеуметтік стандарттар жасау

 

/«Kazakhstan Today», 23.12.2011 ж./ – «Ақ жол» партиясының қызметінің басым бағыты халықаралық стандарттарға сай әлеуметтік стандарттар жасау, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Бүгін Ақ Жол партиясының орталық кеңсесінде: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету проблемалары. Жетім балалардың, мүгедектердің, күнкөрісі төмен адамдардың әлеуметтік бейімделуі үшін лайықты жағдай жасау» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті»,- деп хабарлады Ақ жол партиясының баспасөз қызметінен.

«Ақ жол» партиясы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты азаматтардың материалдық әл-ауқатын үздіксіз арттыру болуға тиіс деп есептейді. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету реформасын дәйектілікпен жүргізу - мемлекеттің ішкі саясатының негізгі басымдығы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық үшін оның жауапкершілік саласы. Зейнетақымен қамтамасыз ету - осы тізбектің негізгі буындарының бірі.

Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесі қолданылады: жасына қарай базалық жәрдемақы және бюджет қаражаты есебінен төленетін ортақтас (еңбек) зейнетақы, жинақтаушы және ерікті. «Бұдан бұрынғы реформалардың шығыс параметрлерінің және зейнетақының қайта есептерінің жаңылыс есептелуіне, халықтың қартаю проблемасына, өзге де себептерге байланысты объективті және субъективті факторларды ескерген жағдайда зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі дағдарысының белгісі айқын бола бастады» деп атап айтты «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Л. Жуланова.

«Ақ жол» партиясы зейнетақымен қамтамасыз етудің барлық үш деңгейінде туындаған проблемаларды шешу қажет деп есептейді. Жалпы алғанда зейнетақы жүйесі жаңғыртуды қажет етеді. Өте маңызды есеп айырысулар негізінде қазіргі заманғы, теңдестірілген зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімдік стратегиясын әзірлеу қажет. Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімді жұмыс істеуін көздейтін ұзақ мерзімдік бағдарлама қабылдау, жинақтаушы зейнетақы қорларының кірістілігін арттыратын институционалдық механизмін әзірлеу, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту.

«Саны 6-8-ден аспайтын қорды сақтап, жинақтаушы зейнетақы қорларын ірілендіру, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әкімшілік шығыстарды азайту ұтымды болады деп есептейміз. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықтың зейнетақы жинақтарының нақты жағдайына мониторинг және болжам жасауына жауапкершілігін арттыру қажет. Өз қызметкерлеріне ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын аударған жұмыс берушілер үшін ынталандыру шаралары жасалуға тиіс», - деп мәлімдеді Л. Жуланова. Жұмыс істеп жүріп зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын аударған азаматтарды мемлекет ынталандыра алады. Осы қызметкер енгізген сомаға сай олардың зейнетақы қорына республикалық бюджеттен аудару не үшін қажет. Зейнеткерлік жастағы адамдарды экономика саласындағы жұмысқа тарту практикасын кеңейту қажет.

Жетім балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, күнкөрісі төмен адамдарға лайықты жағдай жасау үшін Үкімет шаралар кешенін қабылдауға тиіс. «Тұрғылықты жері белгісіз адамдар үшін мемлекет есебінен және сондай-ақ жеке бизнестің қатысуымен баспана, кәмелетке толмағандарға бейімдеу орталықтарын, интернат-үйлер үлгісіндегі пансионаттар салу практикасын елеулі түрде кеңейту қажет. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қажетті құралдармен (пандустар, автобустар, вагондар, қоғамдық орындарда арнайы бейімделген жерлер) қамтамасыз ету жөнінде шаралар жүйесін әзірлеу, олардың бейімделуі үшін өзге де жағдайлар жасалуы тиіс»- деп атап айтты «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Л. Жуланова.

Жергілікті атқарушы органдар жетім балаларды тұрғын үй беру тізіміне міндетті түрде енгізуге тиіс. Жетім балаларды олардың тұруы үшін отбасыларға беру жөніндегі жүйелі жұмысты қамтамасыз ету өте маңызды. Талқылау қорытындысы бойынша ҚР ЕжХӘҚМ мен үкіметке ұсыным қабылданды.

Осы жәйіттердің бәрі «Ақ жол» партиясының сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген. Партия өз қызметінің ең басым бағыты халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік стандарттарды жасау деп есептейді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына жинақтаушы зейнетақы қорларының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінң өкілдері, қала кәсіпорындарының басшылары, ҮЕҰ өкілдері, осы проблемаларды шешуге тиіс қызметтер қатысты.

 

 

«Ақ жол» партиясы жастар саясаты саласындағы

басым бағыты жас мамандарды қолдау,

жастар кәсіпкерлігін дамыту деп санайды

 

/«Kazakhstan Today», 23.12.2011 ж./ – «Ақ жол» партиясы жастар саясаты саласындағы басым бағыты жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Соңғы кездері «АҚ ЖОЛ» партиясына кіргендердің басым көпшілігі жастар. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлер, жас мамандар, студенттер, біздің партиялық тізімде Парламент Мәжілісі депутаттығына ең жас үміткер бар, 26 жаста. Ол Еркебұлан Ілиясов, Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, «Жас маман» бірлестігінің көшбасшысы. Осыған орай, партия басшылығы жастармен жұмыс жағын да бір бағыт ретінде ерекшелеп отыр, бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды», - деп атап өтті А.Перуашев.

ҚДП баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «21 желтоқсан күні «Жас маман» ҚБ көшбасшысы Еркебұлан Ілиясовтың бастамасымен «АҚ ЖОЛ» ҚДП басшылығының жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесуі өтті. Кездесуге «Жас маман», «Ауыл жастары одағы», «Болашақ» және т.б. қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бизнес-қауымдастықтардың жас жетекшілері және кәсіпкерлер қатысты. Олар партия төрағасына үгіт-насихат кампаниясына атсалысуға және партияның жастар қанатының жұмысын жандандыруға дайын екендіктерін айтып, ұсыныс білдірді».

«Кездесуге қатысушылар сайлауалды тұғырнаманың негізгі ережелерін қолдады, оның үстіне партияның бастамашыл жастар тобымен дайындалған көптеген ұсыныстар партияның басты сайлауалды құжатына енгізілген», - деп атап өтті партиядағылар.

«Ақ Жолдың» кәсіпкерлікті дамыту туралы ұсыныстары жастар бизнесін дамыту және тұтас ел экономикасының дамуының жаһандық жетістіктеріне жастардың өз үлестерін қосу бойынша іс жүзіндегі ынталандыру бола алады»,- деді «Агромашхолдинг» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Д.Ким өз сөзінде.

«Жас маман», «Ауыл жастары одағы», «Болашақ» ұйымдарының көшбасшылары «АҚ ЖОЛ» партиясымен экономикадағы жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту салаларында партия мен жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың негізі болатын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Кездесу соңында Азат Перуашев жас әріптестерін алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

 

 

Жастармен жұмыс жақсарады

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., Қ. Тоқсанбай/ - 21 желтоқсанда «Ақ жол» ҚДП басшылығының жастар ұйымдары жетекшілерімен кездесуі өтті. Оған «Жас маман», «Ауыл жастары одағы», «Болашақ» және т.б. қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, бизнес-қауымдастықтардың жас жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысты.

 «Соңғы кездері «Ақ жол» партиясына кіргендердің басым көпшілігі жастар. Соның бірі – Парламент Мәжілісі депутаттығына ең жас кандидат ретінде 26 жастағы Еркебұлан Ілиясов тіркеліп отыр. Ол Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, «Жас маман» бірлестігінің көшбасшысы. Осыған орай, партия басшылығы жастармен жұмысқа айрықша мән беруде. Бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды»,  деп атап өтті А.Перуашев.

Кездесуге қатысушылар сайлауалды тұғырнаманың негізгі ережелерін қолдады, оның үстіне партияның бастамашыл жастар тобымен дайындалған көптеген ұсыныстар сайлауалды құжатқа енгізілді.

 «Ақ жолдың» кәсіпкерлікті дамыту туралы ұсыныстары жастар бизнесін дамыту және тұтас ел экономикасының дамуының жаһандық жетістіктеріне жастардың өз үлестерін қосу бойынша іс жүзіндегі ынталандыру болады», – деді «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы  Д.Ким.

Кездесу соңында партия төрағасы А.Перуашев жас әріптестерін алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларында дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

Алдыңғы күні сондай-ақ «Ақ жол» партиясы мен Қазақстанның ұлттық агроөнеркә­сіп палатасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

 

«АҚ ЖОЛ» партиясы бұл сайлау елді саяси жаңғыртудың

қисынды жалғасы болуға тиіс деп санайды

 

/«Kazakhstan Today», 23.12.2011 ж./ – «АҚ ЖОЛ» партиясы бұл сайлау елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы болуға тиіс деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«АҚ ЖОЛ» партиясы бұл сайлау Елбасының бастамасымен елді саяси жаңғыртудың қисынды жалғасы және тәуелсіз Қазақстан тарихында демократиялық дамудың жаңа дәуірінің басталуы болуға тиіс деп санайды»,- деп мәлім етті ҚДП төрағасы Азат Перуашев партияның үгіт-насихат тобының сайлаушылармен кездесуі барысында.

Кеше «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы территориясында 120-дан астам кәсіпорын мен түрлі ұйымдар жұмыс істейтін, өнеркәсіптік-экономикалық аймақ - Астана-Технопаркі ұжымымен кездесті.

«Кездесуге партия төрағасы А.Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, партияның Орталық Кеңесінің мүшелері Е.Ілиясов, Т.Ерғалиев, М.Нагуманов, А.Смағұлов және т.б. қатысты. Сонымен қатар, кездесуде астаналық оқу орындарының студенттері мен оқытушылары болды. Азат Перуашев кәсіпкерлікті қолдау мен жастар саясатына қатысты сайлауалды тұғырнамадағы басты бағыттар мен партияның үгіт-насихат кампаниясының алғашқы жұмыс күндерінің қорытындысы туралы айтып өтті», - деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Үгіт-насихат тобының мүшелері сайлаушылар сауалдарына жауап беріп, кездесуге келгендерді сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

 

 

Исраил САПАРБАЙ: ҚАНАҒАТ ЖОҚ ЖЕРДЕ ҰЛАҒАТ ҚАЙДАН БОЛСЫН?..

 

/«Халық сөзі», 23.12.2011 ж., А. Ақанбайқызы/:

 

– Аға, Тәуелсіздіктің де, Жаңа жылдың да мерекелік көңіл-күйін, эйфориясын алдағы сайлаудың «боладысы» басып тұр. «Ақжол» партиясы ұсынған тізімнің жуан ортасында Сіз де барсыз. Өз мүмкіндігіңізді қалай бағалап отырсыз?

– Үшіншісін, Желтоқсан оқиғасының жиырма бес жылдығын да қоса кетейік. Үшеуі де он-онбес күннің ауқым-аясында. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын ауызға ала отырып, екі көзіміз Жаңа жылдың әлемжәлем жылтырағына арбалып жатса, бұл да сіз бен біздің ежелден бергі әсіре әуестігіміздің әуезесі. Ал басқа-басқа, дәл осы жолы тағдырымызға сын болған, Тәуелсіздігімізге құн болған құрбандығымызды, тарих тілімен айтқанда, ұлттық тұрғыдағы Оптимистік трагедиямызды жанымызға жалау, жүрегімізге алау етіп жаға алмасақ, онда өзің айтқан мерекелік көңіл күйіміздің, елжіреуік эйфориямыздың Құдайға да, құлға да керегі шамалы! Мереке мезгілімен келіп-кетіп жатады ғой, бірақ мен үшін «мың өліп, мың тірілген» жансебіл ұлтымыздың жанкешті ұл-қыздарының дүниені дүр сілкіндірген айбынды үні, асқақ рухы әлдеқайда қымбат та қастерлі!!!

Ал сайлау науқанына келсек, ол дегеніңіз менің ұғымымда, беймезгіл уақыттың бейопа сәтінде құйысқанға қыстырылған кәдуілгі құйтырқы ойын, танымал тәсіл. Өзіме келсем, мен өзімді емес, мені өзгелер ұсынып отыр. Қазіргі «Ақжол» партиясы және оның қазіргі жетекшілері. Съезіне қатыстым. Тұғырнамасы ұнамады. Жалпы-жадау. Едел-жедел. Әдебиет, өнер, руханият, халықтың халахуалы, өнім-өсімі хақындағы нақтылы ұсыныс-пікірлер жоқтың-қасы. Партия мүшелігіне кеше ғана кіріп, бүгін мінбеде көрініп жатқан «көсемдер» мен «шешендер» де көбейіп кетіпті. Ертесіне ойландым: «Аламан бәйгеге қосам десе, қосамжарлар бұрын қайда жүрген?», – деп. Құдайға шүкір, саясаттың не екенін бір кісідей жақсы білемін, бүгін атқа мінгізсе, ертең артқа тебеді, бүгін таққа отырғызса, ертең топқа кіргізбейді... Ақылды айлаға, ақшаны пайдаға жеккен бұл «Немеңізде» ұят-аят болушы ма еді?! «Тоқал ешкі мүйіз сұрап жүргенде құлағынан айрылыпты». Біріне арбалып, біріне алданып жүргенде, азды-көпті жиған-терген абыройымнан айрылып қалмасыма кім кепіл? Тізімге ену бір басқа, бәйгеден келу бір басқа. Өзіме бек сенемін, ал өзгеге, әсіресе, саясат додасына... Мұндайда, қауашағында бірдеңесі бар адам логикаға жүгінеді. Осы жасқа дейін өз бағамды өзім білмесем, не бітіріп жүрмін?! Тәуекелдің Тайбурылына мініп шаба жөнелетін жастан әлдеқашан өтіп кеткенбіз. Оның үстіне бүгінгі «Ақжол» кешегі «Ақжол» емес қой... Қысқасы, мені ұсынушыларға: «Өту-өтпеуіме, мәреге жету-жетпеуіме қандай кепілдік бере аласыңдар?», – деген тоқетер сауал тастадым. Ал әзірге жауап жоқ. Соған қарағанда... 

Шынтуайтына келсек, ел мен жер, рух пен ождан, ар мен намыс үшін басын бәйгеге тіге білетін біртуар тұлғалар арамызда аз емес, бар! Сіз оларды білесіз, білсеңіз де айтайын: Тоқтар Әубәкіров, Амангелді Айталы, Досым Сәтбаев, Нұртай Сабильянов, Темірхан Медетбек, Мұхтар Шаханов, Айдос Сарым, Асқар Жұмаділдаев, Дос Көшім, Бейбіт Қойшыбаев. Осылардың ішіне мені де қосып қойыңыз. Президентіміздің сенат депутаттары өкілдерін белгілі мөлшерде белгілеп, бекітудегі өз хұқығы бар, сондай-ақ, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының өзіне тиесілі бәсіресі тағы бар. Ендеше, демократиялық құндылықтарды әл-қадерімізше жүзеге асырып жатқан зайырлы мемлекет екеніміз рас болса, қарапайым да ұлы халықтың осы реттегі өз қалауы болуы керек екендігін неге ұмыт қалдырамыз?! «Өтемістен туған он едік...» демекші, соншалықты ұзын-сонар тізім емес қой. Өз басым нағыз, шынайы «Халық қалаулылары» деген ұғымды осылайша түсінемін. Жабыла жаппай сайлау додасының қалай басталып, қалайша аяқталатынынан біршама хабарымыз бар ғой. Тым болмағанда, осы жақында ғана өткізілген Ресейдегі сайлау нәтижесіне бір сәт назар салып көріңізші, көп нәрсені аңғарасыз...

– Келісесіз бе, осы уақытқа дейін біздің қоғам ақын-жазушының сөзіне Құдайдай табынып келді. Енді олай емес. Сонда біз нені ұлағат тұтып отырмыз? Олай дейтінім, Сіз де ақынсыз, бірақ депутат болып жатсаңыз өзіңізге, сөзіңізге дүйім елді ұйыта аласыз ба?

– «Осы күнге дейін» емес шығар. Руханиятымыздың дамудың емес, дағдарыстың күйін кешіп жатқанын жасырып қайтеміз? Кеше ақын-жазушы авангард еді, бүгін алқынды. Алқын-жұлқын алға ұмтылған көзжұмбай халыққа алқынды азық бола ма? Идеология әдірем қалып, әлемді саясат билеп тұр. Ал саясаттың амал-айласы мен ақын-жазушының ақыл-парасаты ауылдас емес. Рухани игілікке материалдық құндылық құба-құп қызмет етпеген жерде дегдарлық деградацияға ұшырайды, қоғам дүниеқоңыздана келе, ақыр түбі, азғындыққа келіп ат басын тірейді. Алсам деген ашқарақтық, берсем деген бейілді жұмырына жұтып тынады. Қанағат жоқ жерде ұлағат қайдан болсын? Мен депутат бола қалған күннің өзінде ақын күйінде қаламын. Бірақ оған иегім қышымайды. Осы күнге дейін сөзіммен де, сазыммен де, өзіммен де елді соңымнан ертпесем де, ұйыта алдымау деп ойлаймын. Осының өзі қанағат. Рухқа қызмет – бабаға да, балаға да, қалаға да, далаға да қызмет! Құдай бергенінен жазбаса, мен жазғанымнан жаңылмаспын... 

– Ұлтжанды азаматтар көп, ұлтшылдық асыптасып отыр, бірақ ұлттық партиялар жоқ. Мына жүрген партиялардың бірде-біреуін таза ұлттық мүдде жолында жұмыс істей алады деп айта алмаймыз. Көпшілігі маргинал партия. Тіпті, «бизнес лобби жолында жүр» деп «айыпталатын» Азат Перуашевпен Сіз де бір партия құрамындасыз. Сонда Сіз «Ақжолдың» сапында қайдан жүрсіз? Бұл партияның қатарын не себепті толықтырдыңыз? Сіз оларға керек болдыңыз ба, әлде олар Сізді іздеп тапты ма?

 – Ұлтшылдық пен ұлтжандылықтың түп-төркіні бір-бірінен алшақ емес. Ұлт мүддесі үшін шыбын жаны шырқырап жүрген адам қашанда сол ұлттың басыбайлы ұлы болып қала береді. «Ұлттық партия жоқ» дегеніңе түсінбей тұрмын. Неге болмасын, егер сол партияның басықасында өзің айтқан ұлтжанды марқасқалар жүрер болса. Неге болмасын, егер сол партияға тең дәрежедегі мүмкіндік берілсе. Неге болмасын, егер сол партияның үлгіұстанымы, бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі, арзу-арманы халық тағдырымен тұтастай табысып, қауышып жатар болса... Бұған материалдық хал-ахуалды, яғни қаржы-қаражатты қосып қойыңыз. Ал Азат Перуашевқа келсек, мен ол азаматты жыға танымаймын. Әнеу күні «Ақжолдың» съезінде ғана көрдім. Ал «Ақжол» партиясының өзіне келсек, «Ақжол» атын иемденгендіктен бе, кім біледі, ол бейбақтың жолы тым ауыр, тұзы тым жеңіл екендігіне, әсіресе, соңғы жылдары көзім анық жетіп жүр. Тіпті, аяймын да. Оның себебі бар. Партия дүниеге келген күннен бастап басы-қасында ыстық-суығын бірдей көріп жүрдім. Бес бірдей тең төрағалар кезінде де! Бөлінген, бөрі жеген кезінде де! Партия құрамында болып қана қоймай, Әлихан Байменов құрған «Зерде» қоғамдық қорының атқарушы директоры қызметінде жүріп, әлем ойшылдарының айтулы мұраларын қазақ жұртына таныстыруда біршама үлес қостым деп білемін. Ал Перуашев күні кеше келді. Неге келді, не істемек, оны өзі біледі. Шынымды айтсам, қазіргі «Ақжол» мені қызықтырмайды. Менде тек кешегі «Ақжол» жөніндегі ностальгиялық көңіл-күй ғана қалды. Кезінде көпшіліктің ақжолтай тілегі мен үкілі үмітіне иек артқан жалғыз партия осы «Ақжол» емес пе еді?! Өкінішті-ақ... Кімді кімнің шақырғанын, кімнің кімге керек болғанын осыдан-ақ пайымдай беріңіз. 

 – Аға, артықтау болса айып етпеңіз, бірақ «Байменовшіл «Ақжол» деп көп адам «Ақжол» партиясын іштартпайды. Тіпті, Айдос Сарым «сатқын» дегенге дейін барды. Ал Сіз партия басшысы Байменовті бауырыңыздай көресіз. Осы екі аралықтан туындайтын ойыңызды білсек бола ма?

 – Неге болмасын, егер сұрақ анығын білмек ниетпен адалынан қойылып жатса. Көпке топырақ шашпайақ қоялық. Ол дегеніңіз нақтылықтан гөрі абстракциялық ұғым-танымға лайық. Тірлігі татымсыз, бірлігі татусыз елдің түрі де, түсі де ала-құла. Оның үстіне «байменовшіл» дегеніңе келіспеймін. Әлде біреулердің ойлап тапқан әлде қандай «алғырлығы мен білгірлігі». Өзің айтшы, кешегі коммунистік партияны «лениншіл партия» деп кім айтты? Тіпті, «жармақаншыл партия» десек жараса ма? Анығына келсек, жалпы партия атаулыдан ел-жұрттың жалыққаны өтірік емес қой? «Болды да партия, ел іші бүлінді». Абайдың ауызынан шыққан сөз ескіруші ме еді... Үлкендерді қойшы, мен өрімдей жас жігіттер мен қыздарды аяймын. Кімнің айылын жиып, кімнің сойылын соғарын білмей, дұрысы, білмеуге мәжбүр хал кешіп жүрген. Айдос Сарым кімді сатқын деп отыр, Байменовті ме, жоқ «Ақжолды» ма? Айдос менің іштартатын інімнің бірі. Сауатты, салауатты, оқыған-тоқығаны мол. Ал ішкі қазынасы қымбат адам ондай арзан сөзді салп еткізіп айта салмайды. Мүмкін, Жанболат Мамай шығар? Оның Әлихан ағасын «алаяқ» деп айтқанын газеттен оқығаным бар еді. Менің пайымдауымша, есімі ел аузында жүрген ертеңі ерен, келешегі кемел осындай оғыландардың, мейлі саясатта жүрсін, мейлі орынтаққа мінсін, айтар сөзге мейлінше абай болғаны абзал. Әйтпегенде, адамды танып-білмектің қасиетті де, қарапайым қағидасын, басқаны қайдам, Жанболат білмейді дегенге қалай сенейін... Мына сөзді Сағди жайдан-жай айта салды деймісің: «Сөйлесем – сөзім өзіме төре, сөйлемесем – сөзіме өзім төремін». Біреуді ғайбаттау үшін де, айғақтау үшін де ауыздан шығар сөзді әуелі ақыл мен сана таразысына салу, санаттының салты болса игі. Ал кім не десе о десін, Әлихан турасындағы ожданыма орныққан өз айғағымнан айни алмаймын.

– Бір байқағаным, шығармашылық адамдары депутаттыққа, мансап пен билікке ұмтылып жатса, халық оларды жазғырып шыға келеді. Неге өйтеді?

 – Шығармашылық адамының күнделікті өз шаруасы өзіне жетіп-артылады. Әңгіме сол жазған дүниеңнің халыққа жету-жетпеуінде. Оның түрліше себептері бар. Ол себеп жазушыға емес, осы саладағы құртылған, қырқылған жүйелі жүлгеге қатысты. Мұның астар-сырын көпшілік біле бермейді. Білмеген соң ел жадында атымыз болмаса, затымыз беймәлім. Осылай кете берсе есіміміз естен шығып, ауыз атаулыдан атымыздың біржола жоғалары әбден ықтимал. Саясаттың сан сиқырлы ойынына әбден машыққан былайғы жұрттың «мынаған не жоқ, ұяттағы-ай?» деп саусақ шошайтып жататыны содан. Оның үстіне, кейінгі кезде анық байқап жүрміз, «ауызы дуалы, сөзі уәлі» біз пақырларды әлдебір пысықайлар оқсатып тұрып пайдаланғысы келеді. Сенбесеңіз, қараңыз, әр партияның сайлауалды тізімінде ең кемінде екіүшеуден не ақын, не жазушы жүр. Жекелеген партиялар емес, шын мәнінде халықтың өзі қалап, танып, біліп, сенім артып, аманат жүктеп жатса, менмін деген қайқай ақын-жазушы да анау Парламенттің мәртебелі төрінде қасқайып отыруға бар!!!

– «Айғай салып арзандатпа шындықты...», саясатта жүріп күшене айғайлайтын базбір әріптестеріңіз секілді Сіздің дауысыңыз жер жарып, ащы шықпайды. Тіпті, «Махаббат шайыры» деп халық әспеттеген атыңызға да қайшы, сонда саясаттың әңгімесін Сіз қандай «тонмен» айтасыз?

 – «Айқай шыққан жерден ақыл қашады» деген әңгіме бар. Айқайламай-ақ көп іс бітіре алудың амалын маған Қадыр ағам үйретіп кеткен. Тек маған емес, бәрімізге. «Сен маған бірте-бірте ұқсап та, ұнап та келесің. Ұқсайтының, бойымыз шамалас, орта бойлы, дембелшеміз. Ұнайтының, еңбекқорсың. Бір өлең жазса, он күн тойлап жүретін ақын інілерім аз емес...» Бұдан артық қандай сын, қандай баға керек?! Өлеңімді жұрт күнде оқиды деп айта алмаймын, бірақ әндерімді көпшіліктің күнде еститіні рас. Драматургияның ащылы-тұщылы жемісін көре бастағаныма да біраз болды. Бір сәттік ләззаты өмір бойғы азабыңды жуып-шайып жүре беретін назымды, назды нақсүйерің тәрізді... Аудармаға да ауық-ауық ықыласымның ауып тұратыны бар. Ем-­домда «Пищевая добавка» деген қосамжар сөз бар. Тәржіма сайын тыңайып, әлемтану ілімінен дәріс алып жатамын. Ал публицистика, оның ішінде сұхбат менің сырласым да мұңдасым. Сарабдал сауалға лайық салиқалы жауап беруге құбақұппын. Ол аз болғандай, өткен жылы-ау деймін, «Рухнама» атты жыр жинағын шығардым. «Қай тарапқа түрен салса да, құнарлы өнім алатын ақын – нағыз ақын», – деген Андрей Вознесенскийдің бір ауыз сөзі есте қалыпты.. Мұндағы «тарап» сөзін «тақырыпқа» баладым. «Рухнама» – аты айтып тұрғандай, бар болса, рухты ұлықтауға, жоқ болса, жоқтауға, ұмытпауға арналған тұздығы ащы дүнелерден тұрады. Түпқазығы – түркі дүниесінің бірігіп, кірігіп қайта салтанат құруы! Жұт жайлаған жаһандану заманында жұтылудан құтылудың бір амалы осы ғана!!! Білем, сезем, капитал билеген ақиқаты кем, ақыреті мол бұл заманда саясат атаулыдан қашып құтыла алмайсыз. «Уды у қайтарады» деген амалға сайсақ, саясатты да өз пайдаңа өгізше жегуге болады. Саяси реформада ұлт тағдыры негізге алынса, жарап жатыр.

– Аға, таяуда Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Сіздің «Қыз мұңы» деген жаңа туындыңыз сахналанды. Құтты болсын! Желісі Желтоқсан оқиғасы көрінеді, Сіз қай қырынан келдіңіз? Мұны сұрап отырғаным, жиырма бес жылдың беделінде сол оқиғаның саяси-құқықтық мәртебесі толық айқындалып болды ма?

– Бүл дүние кезінде театрлардың репертуарлық қорын заманауи шығармалармен толықтыру мақсатында Мәдениет министрлігі жариялаған грантты жеңіп алған болатын. Бірінші рет сахналанып отыр. Өзің білесің, Желтоқсан оқиғасын ортақ желіге айналдырған драмалық дүние жоқтың-қасы. Бұдан үш-төрт жыл бұрын жазылған аталмыш шығарманың бастапқы да соңғы нұсқасы «Мәжнүн» аталатын. Өнер туындысының тағдыр-талайы да адам баласының өміріне ұқсас, әрқилы, алуан түрлі. «Қыз мұңының» («Мәжнүн») Желтоқсан оқиғасының биылғы ширек ғасырлық ғұмырымен ұштасып жатқаны мен үшін қуаныш, театр ұжымы үшін де маңызды болса керек. Арқада жүрген жүк, мойында жүрген парыз еді. Ең алғаш «Қазақ қызы» өлеңі жазылды. Ол әнмен әспеттелді. Сонан соң тұтас топтама өлеңдерім жарық көрді. Бәрібір Желтоқсан боздақтары алдындағы ақындық, азаматтық борыштың салмағы артпаса жеңілдеген жоқ. Сахналық қойылымның жөні бөлек қой, Акемтеатр ұжымына мың да бір рахмет! Желтоқсан оқиғасы шығармашылық тұрғыдан жабық тақырып болмақ емес, бірақ жұрт жүрегінде жүрген бітеу жара екені анық. Жараны жалап жазуға да болады, бірақ жүректің сыздауына қандай амал табарсың? Өзімізді өзіміз жас баладай алдарқатқаннан не шығады. Ол Тәуелсіздігіміздің алғашқы әлеуетті жаңғырығына айналды екен, неге мақтаныш етпеске?! Кешегі әрі батыр, әрі дана бабалар рухын, бүгінгі азат та бостан қазақиямыздың қадырқасиетін ұрпақтан ұрпаққа ұластырмақ ниетте болсақ, бұл күнді ең ұлық күннің бірі есебінде атап өту абыройы бізге ертең емес, бүгін бұйырса нетті!!

 

 

 

 

 

 

 

Ақ жол партиясының басты ұстанымы

халықтың табысын арттыру, жұмысбастылықты

қамтамасыз ету болып табылмақ

 

/«Kazakhstan Today», 26.12.2011 ж./ – «Ақ жол» партиясының басты ұстанымы халықтың табысын арттыру, жұмысбастылықты қамтамасыз ету болып табылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 желтоқсан күні Көкшетау қаласында «АҚ ЖОЛ» ҚДП президиумының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар «Төрт Құдық» кен байыту комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Хаджи-Мурат Льянов, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдері қоғамының» төрағасы Меруерт Қазбекова, «Қазақстанның құрылысшылар одағының» президенті Талғат Ерғалиев, «Ұлттық агронеркәсіп палатасының» президенті Асылхан Игбаев, «АҚ ЖОЛ» ҚДП Көкшетау облыстық филиалының төрағасы Жанқараш Шабданов, аймақтық партия активі өкілдерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті. Алдымен «ақжолдықтар» сарапшылар мен аймақтық кәсіпорындар жетекшілерінің қатысуымен кәсіпкерлер мен отандық өндірушілердің проблемаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында қазіргі туындап отырған мәселелер мен бизнесті қолдаудың нақты сұрақтары талқыланды.

Өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдағы кәсіпкерлерді қолдаудың қажетті шаралары туралы айтып өткен Асыл Игбаев, АӨК Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік негізі екендігіне база назар аударды. Хаджи-Мурат Льянов жиынға қатысушыларға «АҚ ЖОЛ» партиясының үкімет пен Парламент алдында көтеруді көздеп отырған бірінші кезектегі шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы өндіріс технологиясы бойынша соңғы әлемдік стандарттарға жауап беретін, аймақтағы заманауи кәсіпорын – «Новопэк» ЖШС-ның және ірі кәсіпорын болып табылатын «Көкшетауминводы» АҚ еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесулер барысында партияның сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды.

«Халықтың табысын арттыру, жұмысбастылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін азайту, әртүрлі көлемде табыс табушы адамдар үшін қолжетімді баспананы, білікті дәрігерлік көмек алу үшін азаматтар құқығын қамтамасыз ету сайлауалды тұғырнаманың басты ұстанымдары болып табылады. «АҚ ЖОЛ» сондай-ақ білім сапасын жақсартуға, Қазақстанда бәсекеге қабілетті және нарықтық экономика қалыптастыруға ұмтылуда», - деп өз сөзінде Талғат Ерғалиев айтып өтті.

«Сонымен қатар, партия үшін ауыл тұрғындарына және елді мекендерде өмір сүруге қолайлы жағдайларды туғызу, адамдардың рухани дүниесінің дамуы, тарихи дәстүрлер мен мәдени мұраларды сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды және сыртқы саясаттың жүзеге асырылуы бойынша ұлттық мүдделерді ескеретін талаптарды күшейту маңызды болып табылады», - деп Меруерт Қазбекова айтып өтті.

 

 

Ұстанымы – әділеттің ақ жолы

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., Б. Тайжан/ - Оңтүстікке бірнеше күндік жұмыс сапарымен келген «Әділет» демократиялық партиясының серкесі Мақсұт Нәрікбаев алғашқы күні облыстық филиалдың штабында журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп, бірталай өзекті мәселелерге байланысты өз байламын жеткізді.

                Отанымыз үлкен мүмкіндіктердің алдында тұр, біздің мақсатымыз – күрмеулі мәселелердің түйінін шешуге құқықтық тұрғыдан көмектесіп, әділ бағасын беру. Көпшіліктің санасына әділеттілік деген ұғымды сіңіру. Осылай деп сөз саптаған партия төрағасы ашық күнде найзағай ойнатқан Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты өз пайымдауларын білдірді.

– Біздің мақсатымыз, – деді Мақсұт Сұлтанұлы, – еліміздің саяси өміріне Мәжіліс және мәслихаттар арқылы араласу. Сол арқылы әділ заң орнықтыруға ықпал ету.

Басқосуда құқықтық мәселелерге көбірек тоқталған партия серкесі республикалық, облыстық, тіпті аудандық сайлау науқандарында жеңіс тойын тойлауға сенімді екендігін жасырған жоқ.

Әділет демократиялық партиясы Мәжіліске Оңтүстіктен техника ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Исламқұлов пен облыстық адвокаттар коллегиясының төрағасы Талғат Сепаровты үкілеп қоспақ. Жиында осы азаматтарға партия атынан мандат берілді.

Ертеңінде Мақсұт Нәрікбаев пен бұрынырақта Президенттікке бағын сынап көрген Мұсағали Дуамбеков бастаған әділеттіктер Қазығұрт ауданында болып, түс ауа Мақтаарал ауданына жол тартты. Бұған дейін Сайрам және Төле би аудандарында сайлаушылармен кездесу өткізген олардың ендігі бағыты – Созақ ауданы. Кездесудің соңы Шымкентте жалғаспақ.

 

 

«Әділет» партиясының жас мүшелері автошеруге шықты

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - «Әділет» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде. Бүгін еліміздің барлық облыс орталықтарында партия белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Қазақстанның генералдар кеңесінің мүшелері мен ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.

«Әділет» партиясының жас мүшелері де автошеру ұйымдастырды. Аға буын өкілдеріне жан-жақты көмек беру – «Әділет» партиясының сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарының бірі. Партиялықтар Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Алматылық белсенділер ұйымдастырған кездесу шынында өте қызықты өтті. Фашистік басқыншылардан ел мен жерді қорғаған қаһарман батырлар сонау сұрапыл соғыс жылдарын еске алып, бүгінгі күн туралы шер тарқатты.

Төлеген СЫДЫҚОВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ I ОРЫНБАСА-РЫ:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады күннен күнге. Олар сұрапыл соғыста жандарын қиып, біздер үшін қан майданда күресті. Ондай жандардан ештеңе аямауымыз керек.

Бүгін «Әділет» демократиялық партиясының «Әділ жастар» жастар қанаты департаментінің студенттері Астана қаласы бойынша автошеру ұйымдастырды. Мақсат - сайлау науқаны кезінде халықтың белсенділігін арттыру. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шараға 20 көлік қатысты.

Ермек СЕЙДУЛЛАЕВ, «ӘДІЛ ЖАСТАР» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МҮШЕСІ:

- Бұл авто шерудің мақсаты – Қазақстан халқының азаматтарын сайлауға деген құштарлықтарын ояту. Бұл шараға 20 көлік қатысады. Қорғалжын трассасынан басталып, бүкіл оң жағалау және сол жағалау қаласымен жүріп өтеді. Бір сағат көлемінде.

 

 

«Ауыл» ҚСДП үгіт-насихат

жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» патиясы өзге бәсекелестері сияқты үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Бүгін партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Орал қаласында сайлаушылармен кездессе, Алматыдағы ауылдықтар штаб мүшелерінің басын қосып, үгіт-насихат жұмыстарының барысын талқылады. «Ауыл» партиясының үгіт-насихат жұмыстары шалғай аймақтарда белсенді жүріп жатыр. Мәселен, бүгінгі күнге дейін бұл партия батыс өңірдегі Жаңақала, Ақжайық, Казталов сияқты бірнеше елді мекенді аралап халыққа өз бағдарламасын таныстырып үлгерді. Енді, міне, Орал қаласында үлкен басқосу ұйымдастырып отыр.

Амангелді БАЯНОВ, «АУЫЛ» ҚСДП БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Халықтың көңілінен шығып, өзіміздің саясатымызды, тұғырнамамызды жеткізіп, болашақ сайлауда 7 пайыздық барьерден өтіп, өзіміздің белсенді-белсенді өкілдерімізді Мәжіліс сайлауына қатыстырып, сол арқылы ауылға деген саясатты, ауылға деген істерді атқарамыз деген ойымыз бар.

Ал, «Ауыл» партиясының Алматыда жиналған өкілдері шалғай аймақтарға қарағанда қалалы жерлерде өздерінің насихат жұмыстарының бәсең жүріп жатқанын айтады. Өйткені, «Ауыл» партиясының мүшелері мен партияны қолдайтын электораттың негізі ауылды жерлерде тұрады. Десек те, партия өкілдері Парламенттен 10 орын өздеріне бұйыратындығына сенімді.

 

Дулат ИСАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Меніңше, «Ауыл» партиясы күшті партияның біріне айналуы мүмкін. Егер Парламенттен орын алса ғана.

«Ауыл» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына 18 адам ұсынылған. Олар ауыл жағдайын көтерудің нақты бірнеше бағытын көрсетіп отыр. Атап айтқанда, партия өкілдері ауылды жерлердегі жұмыс орындарының санын 2-3 есеге арттырып, жалақылары мен зейнетақыларының өсуіне атсалыспақ.

 

 

Әрбір туған бала үшін миллион теңге

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., С. Әліпбай/ - Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының өкілдері қазіргі күні еліміздің әр түкпірінде өздерінің сайлауалды жұмыстарына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын барған сайын өрістете түсуде. Олар еңбек ұжымдарымен, қала және ауыл тұрғындарымен кездесіп, осы кездесу барысында өздерінің сайлауалды тұғырнамасында көтерілген мәселелерді халыққа жеткізіп және ол туралы түсініктеме беруде.

Осындай жиналыстардың бірі кеше Қостанай қаласындағы облыстық кәсіподақтар кеңесінің ғимаратында болып өтті. Мұнда партия мүшелері қала жұртшылығымен және кәсіподақ белсенділерімен кездесті. Кездесуде Қостанай қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат және партияның осындағы бөлімшесінің жетекшісі Сәбит Есмұратов облыстық партия ұйымының осыған дейінгі жұмыс қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы әңгіме қозғаса, «Ауыл» партиясының атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Нина Сангина партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

«Ауыл» партиясының мақсаты, кандидаттың айтуынша, адамдарға жақын және түсінікті. Ол – елдің барлық азаматтарының жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, олардың құқықтары мен бостандықтарын шынайы түрде қамтамасыз ету.

 «Ауыл» партиясы осындай жетістіктерге қол жеткізу үшін бірқатар нақты шараларды белгілеген. Соның ішінде олар елімізде жаңа туған әр бала үшін ата-анасына 1 миллион теңге көмекпұл төлеп, отбасының тұрғын үй салуына ұзақ мерзімді және сыйақы пайызынсыз несие алуы үшін күресетін болады. Сондай-ақ төменгі жалақыны 50-75 мың теңгеге, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын 150 мың теңгеге дейін көтеру жөнінде ұсыныс жасамақ.

 

 

Коммунистер сайлауалды насихат

жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытуда

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - Бүгін Өскеменде Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының облыстық сайлауалды штабы жұмысын бастаса, Павлодарда депутаттыққа үміткерлер орталық базарда халықпен кездесіп, төл тұғырнамаларымен таныстырды. Кездесулер Алматы қаласында да өтті.

Коммунистік партияның тұғырнамасы әлеуметтік, экономикалық салаларды қамтиды. Олар жер-жерлерде өздерінің кездесулерін өткізіп, ұстанған бағыттарын кеңінен насихаттап келеді.

Галина БАЙМАХАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Коммунистік идея – қоғамды жақсылыққа жетелейді. Мақсатымыз - халыққа жағдай жасау. Бағдарламамызда қамтылған талаптардың орындалуы үшін күресеміз.

Өскеменде де Коммунистік партияның сайлауалды штабы жұмыс істей бастады. Облыс көлемінде жұмыс істейтін 5 үгіт-насихат тобы құрылған. Партия жергілікті деңгейдегі мәслихаттарға 24 кандидат ұсынып отыр. Қоғамдық қабылдау мен заңгерлік кеңесте жұмыс істей бастады. 28 желтоқсаннан бастап аймаққа үгіт-насихат поезы келеді. Ол облыстың барлық қалаларымен ірі елді мекендерін аралап шықпақ.

Юрий КУШКУНОВ, ҚКХП ШҚО БӨЛІМШЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Біздің штабта 27 адам тіркелген. Арнай баспасөз қызметі мен насихат топтары жасақталған. Біз халықпен кездесіп, оларды тұғырнамамызбен таныстырамыз. Осылайша, насихат жұмыстарын жүргіземіз.

Павлодарда коммунистер көпшілік жиі баратын орталық базар алдында тұрғындарға насихат парақшалары мен дәстүрлі буклеттерін таратты. Аталған өңірде партияның 3,5 мың мүшесі тұрады. Көпшілік коммунистердің тұғырнамасын мұқият тыңдап, оларды қолдайтындықтарын жеткізді.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің бағдарламамызды түсіндіру кезінде біз Павлодар өңірінің, облысының сайлаушылары біздің бағдарламамызды қолдайды екенін түсіндік. Байқап қарасақ, көңілден шықты деп айта аламын.

Алдағы уақытта коммунистер қоғамдық қабылдаудың электронды желісін ашуды да ойластыруда. Сондай-ақ насихат топтары аудан орталықтарымен қатар, шалғай ауылдарды да аралап, концерт бермек.

 

 

Жұртшылықпен тығыз байланыста

 

/«Егемен Қазақстан», 23.12.2011 ж., Ж. Жағыпарұлы/ - Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының үгіт-насихат пойызы жасақталып, ел аралауға шықты. Оның құрамындағы Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткерлер Владислав Косарев, Жамбыл Ахметбеков, Борис Сорокин және Гауһар Нұғманова жер-жерлерде халықпен кездесіп, партияның сайлауалды тұғырнамасы мен үміткерлердің бағдарламасын таныстыруда. Олар үгіт-насихат шараларын Екібастұз – Павлодар – Семей – Өскемен бағытында жүргізетін болады.

Екібастұзда олар муниципалды базарды аралап, «Богатырь» разрезінде болды, «Вершина» ЖШС-нің акт залында сайлаушылармен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ал Павлодарда осы облысқа қарасты Қызылжар елді мекеніндегі құс фабрикасының жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай, еріксіз ереуілге шығып жатқан жұмысшыларымен кездесті. Келесі күні Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының үгіт-насихат керуені Владислав Косаревтің бастауымен Семейге аттанады. Қалған хатшылар Астанаға оралады.

Семейдің «Достық үйінде» Владислав Косарев халықпен жүздесіп, келесі күні Өскеменге барады. Бұл жерде үміткер Шемонайха, Бородулиха, Первомайский аудан орталықтарының тұрғындарымен қауышады. Оның «Қазмырыш» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, Бұқтырма ГЭС-інің және цемент зауытының жұмысшыларымен кездесуі де жоспарланған.

Сондай-ақ кеше Астанадағы республикалық штабтан облыстарға аттанған үгіт-насихат пойызымен қатар, тағы бір үгіт-насихат тобы өз сапарын бастайды. Үгіт тобы Астананың басты көшелерімен жүріп, тұрғындарды дауыс күшейткішпен Қазақстан Коммунистік халықтық партиясына дауыс беруге үндейтін болады.

 

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының

насихат тобы сайлаушылармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Ақтөбе қаласы тұрғындарымен кездесті. Олар шағын және орта бизнесті 5 жыл салықтан босатып, жеңілдік жасайтын жоба әзірлегендерін алға тартты.

Халық үшін ең маңыздысы - тариф пен баға тұрақтылығы. Партия өкілдері одан әрі бағаның өсуіне тосқауыл болмақ. Кездесуге келгендер де өз ұсыныс-пікірлерін де жеткізді. Білім, денсаулық салаларына, әлеуметтік тұрмысқа көбірек назар аударуды сұрады. Облыс орталығындағы кездесуден соң үгіт-насихат тобы мұнай-газ және, ауылшаруашылығы мамандарымен жүздесті. Партия өкілдері алдағы аптада облыстың бірнеше ауданын аралап шықпақ.

Петр СВОИК, НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біз қазіргі конституцияға реформа жасау қажет деп отырмыз. Барлық саяси күшті ел дамуына жұмсауымыз қажет. Парламент тек бір партиялы болмау қажет, көп партиялы болуы міндет. Біздің партия Парламентке әр қазақстандықтың мүддесін қорғау үшін барады.

 

 

 

«Ақ жол» демократиялық партиясынан

үміткерлер жұмысшылармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - Депутаттық орынға дәмелі ақжолдықтардың да жұмысы қызу. «Ақ жол» демократиялық партиясынан алдағы сайлауға қатысатын үміткерлер бүгін Көкшетаудағы қапшықтар шығаратын кәсіпорында болып жұмысшыларымен кездесті.

Сондай-ақ, «Көкше» Академиясының ұстаздар қауымымен де жүздесіп қайтты. Ақжолдықтар өзінің сайлауалды тұғырнамасында бірінші кезекте кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығына қолдау көрсетуді көздейтіндерін айтады. Шағын және орта бизнес өкілдеріне тиімді несие мен екінші деңгейлі банктердегі пайыздық мөлшерді азайту мәселесі ерекше назарда болады, - дейді партия өкілдері. «Көкше» Академиясының ұстаздар қауымымен жүздескен олар білім беретін қызметкерлер табысын коммерциялық сектор деңгейіне дейін жеткізуді көздейтіндерін айтты. Елдегі білім сапасын одан әрі жақсартып, тегін оқу гранттарын арттыруға күш саламыз, - дейді ақжолдықтар.

Зада АРЫНОВА, «КӨКШЕ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ:

- «Ақ жол» партиясының бүгінгі жалпы отырысында қарастырылған мәселелер жалпы адамды сендіре алды деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы партия жобалары жақсы жүзеге асырылып жатса, мен «Ақ жол» партиясына өзімнің дауысымды беруге дайынмын.

Партияның республикалық штабы да белсенді. Үгіт-насихат жұмыстарынан бөлек бүгін бірқатар мемлекеттік ұйымдардың басын қосып әлеуметтік мәселелерді ортаға салды. Күн тәртіпте зейнетақымен қамту, жетім балалар, мүгедектер мен аз қамтылған жандардың әлеуметтік дағдылануы сияқты жайттар қаралды.

Людмила ЖУЛАНОВА, «АҚЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір барлық аймақтарда үгіт-насихат жұмыстары қызып жатыр. Партия төрағасынан бастап президиум, тіпті орталық кеңес мүшелеріне дейін өңір-өңірді аралап жүр. Сайлаушылармен кездесіп сайлауалды тұғырнамамызды тереңірек түсіндіруге тырысудамыз. Сонымен бірге, әлеуметтік мәселелерге байланысты сауалдар келіп түсуде. Олар зейнетақымен қамту, әлеуметтік төлемдер, коммуналдық қызмет пен өмір сүру сапасы сияқты мәселелермен байланысты.

Жалпы, бүгінде еліміз бойынша алдағы сайлауға «Ақ жол» демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттағына 61, Ақмола облысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутатына 12 үміткер тіркелген.

 

 

«Руханият» партиясының

өкілдері студенттермен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда «Руханият» партиясының мүшелері Қазақ ұлттық Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттермен кездесті. Саяси ұйымның өкілдері Еркін Рақышев пен Мереке Құлкенов жастарды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Партия мүшелері жастарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды. «Руханият» партиясының бағдарламсы 19 баптан тұрады. Тұғырнама мемлекеттік тіл, әлеуметтік және экономикалық салаларды қамтиды. Демография мен экология мәселелері де көтерілген. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Бүгінде партияға 72 000 адам мүше. Олардың қатарында танымал қоғам қайраткерлері, журналист, режиссер, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. Партияның филиалдары облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Кездесу кезінде режиссер Еркін Рақышев академия студенттеріне өзі түсіріп жатқан «Тұрар Рысқұлов» деректі фильмінен үзінді көрсетті. Оның айтуынша, жастар көрнекті қоғам қайраткерлерінің өнегелі істерінен үлгі алулары тиіс.

Мереке ҚҰЛКЕНОВ, РУХАНИЯТ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біздің болашағымыз, ертеңіміз - жастар. Қазақстанда қазір өте білімді, саналы, ойлы жастар өсіп келе жатыр. Олар біздің қазақ деген елдің ертеңіне көп үлес қосады деп есепетейміз біз. Сондықтан да қазақ жастарының осы сайлауға келгенін қалар едік.

 

 

«Нұр Отан» ХДП сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын

Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды

 

/«Хабар» агенттігі, 23.12.2011 ж./ - «Нұр Отанның» Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды. Олар мұнда бірнеше нысанда болып халыққа партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кандидаттар бірінші болып, жергілікті жоғарғы оқу орындарына бас сұқты. Мұнда олар «Нұр Отан» партиясының ғылым мен білімді дамыту бағыттында қолға алған жаңа бастамалары туралы әңгімеледі. Бұдан кейін саяси ұйым белсенділері облыстағы «Тайынша-Астық» сүт кешенінде болды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жаңа технологияларды ерекше пайдаланып отырған кәсіпорындардың бірі. Осы ретте нұротандықтар партияның сайлауалды тұғырнамасында кәсіпкерлік нысандарына қолдау көрсету негізгі бағыттардың бірі екендігін жеткізді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүкіл әлем таныған тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған даму жолын жалғастыру үшін, ұлы мақсаттарға жету үшін, алдағы сайлауда өз дауыстарыңызды тек қана «Нұр Отан» үшін беріңіздер.

 

 

Әлеуметтің әлеуетін жоғарылату үшін

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., Ө. Есали/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері өз үгіт науқанын Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды. Осы ірі агроөнеркәсіптік өңірде нұротандықтар ауылшаруашылық кешендері жұмысшыларымен, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті, сондай-ақ Петропавл қаласының азық-түлік базарында болды.

Кездесулер барысында әртүрлі мәселелер талқыланды: ауылдың дамуы, жалпы агроөнеркәсіптік кешенді және етті мал шаруашылығын, білім және ғылым салаларын дамыту, қазақстандықтардың әлеуметтік қамсыздандырылуы.

Білім саласы өкілдерін жастарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық бағдарламалар, студенттердің шәкіртақысын және мұғалімдер мен оқытушылардың еңбекақысын көбейту мәселесі қызықтырды.

«Нұр Отан» партиясы білім мен ғылымды табысты болашақтың негізі ретінде қарастырады. Осы бағытты өзінің «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасы басымдықтарының бірі ретінде айқындады.

Қалалық Мәдениет үйінде өткен кездесуге келген оқытушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Бүкіл әлем таныған тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған даму жолын жалғастыру үшін, халқымыздың жағдайын одан әрі жақсарту үшін, ұлы мақсаттарға жету үшін алдағы сайлауда өз дауыстарыңызды тек «Нұр Отан» үшін беріңіздер», деп атап өтті.

«Нұр Отан» өз алдына жуық арадағы бес жылға қоятын міндеттері қатарында жоғары, техникалық және кәсіби білімді кеңейту, оның инфрақұрылымын жаңарту, оқытушылар құрамы біліктілігін барынша арттыру. Сонымен бірге, 3 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымдар, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 400-ден кем емес мектеп құрылысы, мұғалімдердің орташа айлығының мөлшерін жеке сектордағы орташа айлықтың мөлшеріне дейін жеткізу, ал Педагогикалық шеберлік орталықтарында және «Өркен» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен және біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге жалақыны 30-дан 100 пайызға дейін ұлғайту секілді мәселелер бар. Ғылым саласында «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік шығындар көлемін ІЖӨ-нің 1%-ына дейін жеткізуді, бизнес пен университеттерді интеграциялауды көздеп отыр.

Кездесулерге келген солтүстік қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды бағдарламасында белгіленген басты бағыттар елімізді нығайтуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасайтынына сенімді. Сол себепті олар 2012 жылдың 15 қаңтарында «Нұр Отан» үшін дауыс беретін болады.

 

Сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

 

/«Айқын», 24.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өз үгіт науқанын Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды. Осы ірі агроөнеркәсіптік өңірде нұротандықтар ауылшаруашылық кешендері жұмысшыларымен, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті, сондай-ақ Петропавл қаласының азық-түлік базарында болды.

Кездесулер барысында әртүрлі мәселелер талқыланды: ауылдың дамуы, жалпы, агроөнеркәсіптік кешенді және ет мал шаруашылығын, білім және ғылым салаларын дамыту, қазақстандықтардың әлеуметтік қамсыздандырылуы.

Білім саласы өкілдерін жастарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық бағдарламалар, студенттердің шәкіртақысын және мұғалімдер мен оқытушылардың еңбекақысын көбейту мәселесі қызықтырды.

«Нұр Отан» партиясы білім мен ғылымды табысты болашақтың негізі ретінде қарастырады. Осы бағытта өзінің «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасы басымдықтарының бірі ретінде айқындады.

Қалалық Мәдениет үйінде өткен кездесуге келген оқытушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Бүкіл әлем таныған тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған даму жолын жалғастыру үшін, халқымыздың жағдайын одан әрі жақсарту үшін, ұлы мақсаттарға жету үшін алдағы сайлауда өз дауыстарыңызды тек қана «Нұр Отан» үшін беріңіздер» деп атап өтті.

«Нұр Отан» өз алдына жуық арадағы бес жылға қоятын міндеттері қатарында - жоғары, техникалық және кәсіби білімді кеңейту, оның инфрақұрылымын жаңарту, оқытушылар құрамы біліктілігін барынша арттыру. Сонымен бірге 3 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымдар, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 400-ден кем емес мектеп құрылысы, мұғалімдердің орташа айлығының мөлшерін жеке сектордағы орташа айлықтың мөлшеріне дейін жеткізу, ал Педагогикалық шеберлік орталықтарында және «Өркен» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен және біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге жалақыны 30-дан 100 пайызға дейін ұлғайту. Ғылым саласында «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік шығындар көлемін ІЖӨ-нің 1%-на дейін жеткізуді, бизнес пен университеттерді интеграциялауды көздеп отыр. Бұл жерде «Назарбаев Университет» басты орын алады, зерттеушілік университеттерді және инновациялық процеске және ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізуге бағдарланған жоғары оқу орындарын қалыптастыру жоспарланған.

Сондай-ақ «Нұр Отан» жастарға да үлкен көңіл бөледі және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі бастамасын іске асыруға жастарды тартуды көздеп отыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысында ол үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Оған «Тайынша-Астық» инновациялық сүт кешені жұмысшыларымен кездескен кезде нұротандықтардың көзі жетті. Нұротандықтар ауыл өндірушілерімен әңгімелесіп, агроөнеркәсіптік кешенге жаңа технологияларды енгізу алдағы уақытта «Нұр Отанның» басты басымдықтарының бірі болып табылатынын айтып жеткізді.

Сұранысқа ие өндірістердің пайда болуы ауылдың, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына серпін береді, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын және ауылдықтардың жоғары табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттігін арттыру жаңа технологияларды жаппай енгізу арқылы, экспорттық әлеуетті дамыту және өнімділікті екі есеге арттыру арқылы қол жеткізу жоспарланған.

Алайда «Нұр Отан» үшін әлеуметтік саясат әрқашанда маңызды болып қала береді. Ол туралы қалалықтармен кездесу барысында да айтылды. «Нұр Отан» халықтың орташа айлық табысы деңгейін кемінде экономиканың өсімі деңгейімен бірдей етіп өсіру міндетін қойды, 2017 жылға қарай ана мен бала өлімін 1,5 есе азайтуға қол жеткізбек, базалық зейнетақы төлемін өмір сүру деңгейі көрсеткішінің 60%-на дейін жеткізуді, арнайы мемлекеттік төлемдер көлемін көбейтуді көздеп отыр. Адами капиталды дамыту және оның қабілеттігін арттыруға басты екпін берілетін болады.

Кездесулерге келген солтүстік қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды бағдарламасында белгіленген басты бағыттар елімізді нығайтуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасайтынына сенімді. Сол себепті олар 2012 жылдың 15 қаңтарында «Нұр Отан» үшін дауыс беретін болады.

 

 

«Әділет» партиясының

өкілдері халықпен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Бүгін «Әділет» партиясының басшылары Батыс Қазақстан облысында болып, Досмұхамедов атындагы педагогикалық колледждің ұжымымен кездесті.

Сондай-ақ, Орал қаласының іргесіндегі қуаты 54 мегаваттық газ турбиналық электр стансасында болып, «Ел ырысы» коммуналдық базарындағы бағаны бағамдап көрді. Олар мұндағы еттің бағасы еліміздің өзге аймақтарына қарағанда әлдеқайда арзан екенін атап өтті. Сенбі күндері бұл базарда әр ауданның қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Сиыр, қой, жылқы еттері 750-800-ден, ал, картоп пен пияз 45-50 теңгеден, күнбағыс майы 220 теңгеден сатылып жатыр. Бұл аймақ бұрын облысқа қажетті электр қуатының басым бөлігін Ресейден алып келсе, газ турбиналық электр стансасын іске қосу арқылы ол тәуелділіктен арылды. Қазір Теректі ауданының Жаңапавлов ауылында осындай тағы бір жаңа ГТЭС-тің құрылысы қолға алынды. Ол алдағы жылдары пайдалануға берілетін болады. Біз еліміздегі азық-түлік құны мен коммуналдық қызмет түрлерінің бағасы өскеніне алаңдаулымыз. Оның ең басты себебі - жаһандық үдерістерге байланысты екенін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, бұл мәселенің бәрін де шешуге болады. Ол үшін коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттің меншігіне қайтарып алу керек. Еліміз бойынша біздің партиямыздың 130 мыңдай мүшесі бар. Орталық сайлау комиссиясы 59 үміткерімізді тіркеуден өткізді. Біз алдағы сайлау ашық өтеді деген үміттеміз,-деді «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Мәди Артығалиев.

Мәди АРТЫҒАЛИЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің мақсатымыз – тек Парламентке барып, депутат болдық деп шалқайып отыру емес. Мемлекеттегі саяси тұрақтылықты бекітіп, заң саласындағы конституциялық реформаларға өзгерістер енгізіп, әділдік орнату. Партиямыздың «Әділет» деген аты тек жария түрінде қалмайды, біз шынайы әділеттілік үшін күресеміз!

 

 

Құқықтық мәселелер талқыланды

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., Б. Тайжан/ - Қазақстандағы саяси партиялардың оңтүстіктегі филиалдарының біразына қоңырау шалғанбыз. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына әр қилы кірісіп жатыр.  Аудан, ауылдардағы жақтастарының тізімін әлі толық алып үлгермегендері де бар. Астана, Алматыдан келетін серкелерін күтіп, әліптің артын бағып отырғандары да баршылық.

Оларға қарағанда «Әділет» демократиялық партиясы атқа жеңіл болып тұрған сыңайлы. Қысқа мерзімде оңтүстіктің шығысы мен батысын көктей өтіп, жақтастарымен бірнеше кездесу өткізген партияның серкесі Мақсұт Нәрікбаев теріскейге, яғни Созақ ауданына аттанғанда, Мұсағали Дуанбеков бастаған белсенділері Шымкенттегі «Отырар» телеарнасының баспасөз орталығында жұртшылықпен кездесу өткізді. Жиынға атажұртқа оралған қандастарымыз одағының төрағасы Артықбай Үкібаев және тәуелсіз кәсіподақ одағының өкілдері қатысып отырды. «Әділет» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы толық таразыланғаннан кейін басқосу дөңгелек үстел жағдайына ойысты.

Ел ішінде әділеттік таппай жүргендер көп. Заң талаптарын білмейтіндіктері де оқыс оқиғаға ұрындырып, өкінішке ұласып жатады. Кей ретте осыған заң орындарының өзі жол беріп жататындығы да бар. Мәселен, жеті жыл судья болып қызмет атқарған келіншек осы қызметтен жоғарыдағы басшылардың қылмысқа итермелеуінен кеткендігін айтып шағынды.

Сұрақтар көп қойылды. Жауап берілді. Әрине, бір мәселені бір мезгілде шешетін сиқыршының таяғы ешкімде жоқ. Ол ертегілерде ғана болатынын әркім-ақ түсінеді.

«Әділет» партиясының ОҚО-дағы филиалы төрайымының орынбасары Салтанат Құттыбаева толғақты мәселелерді шешуге уақыт керектігін айтады.

*  *  *

Бүгінде «Әділет» демократиялық партиясын қолдау мақсатында өзге өңірлердегі жастар да аянып жатқан жоқ.  Кеше Астананың сол жағалауында партияның «Әділ жастар» қанаты өкілдері Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай арнайы автошеру ұйымдастырды. Бұл шараға 20-ға тарта автокөлік тартылды. Автошерудің басты мақсаты – қоғамның сайлауға деген назарын аударту, жастар белсенділігін арттыру және алдағы сайлауда «Әділет» демократиялық партиясына қолдау көрсету.

Бұл тұрғыда әділеттіктердің ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын сайлау үдерістерімен, оның ішінде үгіт-насихат жұмыстарымен байланыстыруы көрер көзге ұтымдылығымен ерекшеленгенін атап көрсеткен жөн. Бұл арада негізгі идея ел Тәуелсіздігі болмаса, дербес мемлекет ретіндегі демократиялы және ашық сайлау да болмас еді дегенді меңзеді.

 

 

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат

шараларын аймақтарда жүргізуде

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Сайлауалды бағдарламасымен Атырау облысына келген «Ауыл» партиясының өкілдері негізінен ауылшаруашылығымен айналысатын Махамбет, Қызылқоға аудандарын аралауда. Ауыл еңбеккерлерінің мұң-мұқтажына жете қанық партия келешекте шопандар мен егіншілердің мүддесін қорғауды көздейді.

Облыс орталығындағы кездесу Атырау аграрлы техникалық колледжінің ұжымымен болды. Ол кездейсоқтық емес. Бұл – облыста ауылшаруашығы мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны болып саналады. Колледжде болашақ мал дәрігерлері мен механизаторлар және балық өнеркәсібінің мамандары дәріс алуда. Ал биыл заман талабына орай «фермерлік шаруашылық» деп аталатын жаңа факультет ашылды. Оқу орнының Мәжіліс залына жиналған болашақ мамандар алдында сөз сөйлеген «Ауыл» партиясының өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Және ауыл-селолар мен жалпы ауылшаруашылығын дамытудың жолдары туралы ойларын ортаға салды. Аты «Ауыл» деп аталғанымен біздің партия қала мен далаға ортақ проблемаларды қамтиды. Себебі, елімізді азық-түлікпен қамтып отырған ауыл шаруашылығы екені даусыз. Ендеше, ауыл тұрмысы, ондағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірлесіп шешу керек,- дейді «ауылдықтар».

Көпмағамбет ЕЛЕМЕСОВ, «АУЫЛ» ҚСДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жалпы ауылшаруашылығында лизингтік жолмен жұмыс жасау тиімді болады. Себебі ауылшаруашылығында ала салып сату жоқ, ұзақ процесті керек етеді. Сол себепті ауылшаруашылығына ұзақмерзімді несие берілуі керек деп есептейміз. Басты бағдарлама осы біздің.

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының Алматы облыстық филиалында өткен жиынға аграрлық саланың аймақтағы танымал өкілдері келді. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын көпшілікке ұғынықты жеткізу қазіргі басты міндетіміз деп есептейді. «Ауыл» партиясы Парламент Мәжілісінде ауыл тұрғындары мен еңбеккерлерінің мүддесін ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін ескеретін тұрақты заңдылықтар негізінде білікті қорғауға және елдімекендердің гүлденуіне, қарапайым адамдардың қалыпты жағдайдағы өмір деңгейіне жетуіне, сондай-ақ қоғамның жан-жақты дамуы жолында атсалысуға күш салатын болады.

Рахымбек МҰСАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Ауылдың жағдайына көп жақсылық жасалып жатыр қазір. Оны көзбен көріп, құлағымызбен есітіп отырмыз. Бірақта әліде болса ауылда кемшілік әлі бар. Жетіспушілік жағдай бар. Оны біздің партия бәрін жақсы біледі.

Қазір Алматы облысында «Ауыл» партиясының 20 мыңдай мүшесі бар. Өңірдегі барлық аудандарда партияның бөлімшелері мен үйлестірушілері жұмыс істейді. 150-ден астам бастауыш ұйымдар партияның жергілікті жердегі қосымша көмекшілері болып есептеледі. Жетісу аймағында ауыл мүддесін қорғайтын саяси ұйым арқылы 12 адам аудандық мәслихатқа, 3 адам облыстық мәслихатқа, ал бір азамат Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелген. Облыс бойынша 2 топ құрылған. Олар аймақтарды аралап, «Ауыл» партиясының» сайлауалды бағдарламасын таныстыруда.

 

 

Халық арасындағы қызу үгіт үдерістері

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., С. Әліпбай/ - Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясынан тіркелген Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қазіргі күні еліміздің әр түкпірінде халық арасына барып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.

Кешегі күні Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Көпмағамбет Елемесов Атырау облысының Махамбет ауданында болып, аудан орталығының жұртшылығымен және ауыл адамдарымен кездесті. Кездесу барысында академик партия бағдарламасында көзделген басымдықтарды және оларды жүзеге асыру үшін қолданылатын тетіктерді әңгімеледі.

– Біз нарықтық реформалардың қиын кезеңінен өттік. Қазақстан халқының еңбегінің, бай табиғи-ресурстарымыздың және солар бойынша әлемдік нарықта қалыптасып отырған қолайлы бағаның нәтижесінде ел экономикасы аяғынан нық тұрды. Бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмайды. Дегенмен, халықтың тұрмысын жақсартуда әлі де ескеретін мәселелер баршылық. Міне, сол мәселелер «Ауыл» партиясының бағдарламасы мен сайлауалды тұғырнамасында айқын көрініс тапқан, – деген академик осы орайда партияның алға қойып отырған міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Солардың қатарында елімізде күшті әлеуметтік мемлекетті нығайту, ауылдың әл-ауқатын арттыру секілді маңызды мәселелер бар.

– Ауылда жұмыс орындарының өсуі 2,5-3 есе қамтамасыз етілуі тиіс. Ауылдықтардың кірісі айына бір адамға кемінде 100 мың теңгеге, ауыл дәрігерлері мен мұғалімдерінің жалақысы 150 мың теңгеге жету қажет, – дей келе, «Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісінен қажетті орындарды алған жағдайда осы үшін күш салатындығын жеткізді.

Жалпы, «Ауыл» партиясының құрамында ауылдың мүддесін көздейтін ауыл шару­ашылығы қызметкерлерімен қатар, мәдениет пен өнердің адамдары да аз емес. Солардың қатарында жазушы Дулат Исабековті, атақты әнші Нұрғали Нүсіпжанды айтуға болады. «Ауыл» партиясының атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат болып тіркелген олар қазіргі күні осындай мәртебеге ие болған ауыл шаруашылығына қатысты мекемелердің басшылары Сейітқазы Кешуов, Әлихан Меделбековпен бірге партияның Алматы қалалық ұйымының сайлауалды штабында аудандық партия ұйымдарының төрағаларымен, қаладағы белсенді азаматтармен кездесіп, Мәжіліс құрды.

Кездесу барысында сайлауалды науқанды ұйымдастыру мәселелері, жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы және партияның орталық штабымен, Алматы облыстық штабымен жұмыстарды бір арнада үйлестіріп отыру жағдайы талқыланды.

Дәл осы күні мұндай кездесулер еліміздің басқа да өңірлерінде болып өтті.

 

 

Коммунистер үгіт-насихат шараларын өткізуде

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Қазақстан халықтық коммунистік партиясының Жамбыл облыстық комитеті сайлауалды бағдарламаларын тағы бір пысықтап, үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлады. Партия өкілдері тұғырнамаларында Қазақстанды дамытудың 10 басым бағытын ұсынып отыр.

Коммунистер өнеркәсіп пен экономиканың басқа да негізгі салаларын мемлекетке қайтару қажет деп санайды. Сол арқылы халықтың тұрмыс жағдайын көтеруді көздейді. Жер ресурстарын пайдалану принциптерін қайта қарау мен мен тағам өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізу тетіктері де тұғырнамада қарастырылған. Ал шағын бизнес пен өзін-өзі қамтамасыз етушілерге жылдық өсімі 6 пайызбен несие берілуі керек. Осылайша кедейлікпен күресті күшейтіп, халықтың құқығын қорғаймыз, - дейді олар. Коммунистер сайлауалды бағдарламаларымен бірге үнпарақтар таратып, партияға дауыс беруге шақырды. Осыған дейін Байзақ пен Жамбыл аудандарын аралап келген штаб мүшелері, ертеңнен бастап өңірдің өзге аудандарын араламақ.

Жанна МАМАШЕВА, ҚХКП ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:

- Ертең біз өзіміздің график бойынша Тұрар Рысқұлов және Мерке аудандарына шығатын ойымыз бар. Ол жерде өзіміздің екі ауданда да партия комитеттері бар, сол жерде өзіміздің аудандық хатшылармен кездесіп, сол жерде сайлау жұмыстары қалай жүріп жатыр және тағы да халықпен кездесу өткіземіз.

Қазақстан коммунистік халықтық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті құрған сайлауалды үгіт тобы да сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруда. Облыста 6 жарым мыңдай партия мүшесі бар. Қазақстан коммунистік халықтық партиясының ең ірі комитеті осында орналасқан. Мұнда сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр. Үгіт тобы алдымен Шымкенттегі халық көп жиналатын орындарды аралап, тұрғындарға өздерінің сайлауалды тұғырнамасын түсінідірді. Партия белсендісі Әли Сабыров тұрғындарға баспана тегін берілу керек дегенді айтады. Сол сияқты медициналық жәрдем мен білім беру де тегін болуы тиіс.

 

 

Жұртшылықпен жүздесу жалғасуда

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., Ж. Жағыпарұлы/ - Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары өңірлерде одан әрі кең көлемде жалғасуда. Кеше Тараз қаласында ҚКХП-ның Жамбыл облыстық сайлауалды штабының тұсаукесері өткізілді. Осы рәсім барысында Жамбыл облыстық ҚКХП штабы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, облыстық штабтың алда атқаратын жұмыстарымен таныстырды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының арнайы үгіт-насихат пойызы жасақталып, еліміздің өңірлерін аралауға аттанған болатын. Кеше осы пойыз Павлодар облысының елді мекендеріне атбасын тіреді. Атап айтқанда, Павлодар қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан Қызылжар ауылында болып, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының депутаттықтан үміткерлері осы елді мекендегі құс фабрикасының жұмысшыларымен кездесті.

Сондай-ақ үгіт-насихат пойызы құрамындағы партия үгітшілері Павлодар қаласындағы «Квазар» сауда орталығында болып, кәсіпкерлер және тұтынушылармен кездесу өткізді. Партия тарапынан депутаттыққа үміткерлер қала тұрғындарымен жүздесу барысында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын тілге тиек етіп, алдағы уақытта сайлаушылар мүддесі үшін жан-жақты қызмет атқаратындықтарына сенім білдірді. Сол күні Қазақстан Коммунистік халықтық партия үгітшілері Павлодар қаласында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

Cайлауалды тұғырнама мен бағдарламаны астаналықтарға жеткізу үшін рупормен қаруланған екінші үгіт-насихат тобы түске дейін қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Басты алаңдардың бірі – Республика, Жастар шағын ауданын аралған халықшыл коммунистер керуені Астананың басты қақпасы – темір жол вокзалына соқты. Жиналған жұртты партияның тұғырнамасымен таныстырып, коммунистерге дауыс беруге үндеген үгіт-насихат тобы бұдан әрі Жеңіс, Бейбітшілік және Желтоқсан көшелерімен жүріп өтті.

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы үгіт жүргізетін топтары да өз жұмыстарын ауқымды көлемде ұйымдастыруда. Олар облыс орталығының білім, мәдениет және тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде болып, еңбеккерлермен кездесулер өткізді. Кеше облыстық штаб белсенділері жергілікті мерзімдік басылымдардың журналистерімен жүздесіп, өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысымен таныстырды.

Алдағы уақытта облыстық штаб өкілдері ауылдық аудандарға шығып, ауыл-ауылды араламақ.

 

 

ЖСДП үгіт-насихат жұмыстарын Павлодар қаласында өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - «Біз бостандық пен әділеттілікті қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізі қылып аламыз!» Социал-демократтар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын осындай ұранмен жүргізуде.

Жалпұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері бүгін Павлодар қаласының тұрғындарымен кездесті. Олар халықты өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тіпті елдің болашағы туралы ой бөлісті. Бұл – социал-демократтардың аймақ тұрғындарымен алғашқы кездесуі. Партияның сайлауалды тұғырнамасында – жемқорлықпен күрес, ірі өндірістік нысандарын мемлекетке қайтару сияқты мәселелер көтерілген. Қазір білім беру мен медицинаны жақсарту керек,-дейді оппозиционерлер. Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, әзірге олардың партиялары сайлау учаскелерінде дауыс беру процессін 100 пайыз бақылауға алуға күштері жетпейтін секілді. Социал-демократтар көшелерде түрлі билбордтар ілуден бас тартыпты. Олар халықпен тікелей, жүзбе-жүз кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбек. Ертең ЖСДП өкілдері Семейге аттанбақ.

 

 

Науқан қарқын алды

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., Ж. Самрат/ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дайындық науқаны қарқын алды. 26 қараша күні Алматыда өткен 9 съезінде алда келе жатқан Парламент сайлауына 57 адамнан тұратын үміткерлер тізімін бекіткен партия бұл күндері еліміздің жер-жерінде үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.

Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның белсенділері сайлауалды үгітті Ақтөбе жерінде жалғастырды. Партия мүшелері бұл өңірдегі алыс аудандарға да барып, ауыл тұрғындарымен дидарласып, сөйлеспекші. Олардың айтуынша, ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мәселесін шешу арқылы азық-түлік тауарларының бағаларына ықпал етуге болады. Кеше ЖСДП мүшелері облыс орталығында және Хромтау ауданында болды. Партиялықтар тобын бастап жүрген белгілі саясаткер, ЖСДП төралқасының мүшесі Петр Своик қазіргі таңда Қазақстанға президенттік билікті Парламенттік билікпен нығайта түсу маңызды деп санайды. Саясаткер бұл арада көппартиялы Парламентті айтып отырғаны түсінікті. «Парламент Үкіметті жасақтауға тиіс, ал Үкімет Парламентке есеп беруге тиіс», дейді Петр Своик.

Алматы қаласындағы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде ЖСДП өкілдері сайлау тізіміне сайлаушылардың барлығын енгізу жөнінде мәселе көтерді. Бұл үшін ЖСДП өкілдері жергілікті әкімдіктерге қалада қазірше тіркеле қоймаған азаматтардың барлығын уақытша тіркеп, олардың азаматтық парызын атқаруына жағдай жасау қажет деп санайды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері барлық облыс орталықтарында жұмыс істеп тұр. Оларға  барған адамдар көптеген мәселелер бойынша консультациялар алуда. ЖСДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Тоғысов мұндай қоғамдық қабылдау бөлмелерінің есігі келушілерге қашанда ашық екенін айтады. «Кез келген уақытта, біз таңертеңгі оннан кешкі алты-жетіге дейін келушілерді қабылдай береміз. Біздің білікті заңгерлеріміз бар. Әртүрлі арыз-шағымдарды беру үшін қажетті құжаттарды дайындай аламыз. Қажет болса мүмкіндігімізге қарай азаматтарды соттарда қорғаймыз. Осының бәрін тегін атқарамыз», дейді ол.

Алдыңғы күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия тағы бір мәселе көтерді. Партия Орталық сайлау комиссиясына сайлау комиссияларының құрамында кеңесші дауыс құқымен жұмыс істеп жүрген партия өкілдерінің еңбегіне сайлау комиссияларының басқа да мүшелерімен қатар ақы төлеу жөнінде мәселе қойды. Біздің білуімізде, бұл мәселе Ортсайлаукомда сәрсенбі күні қаралған. Оның қорытындысы бойынша территориялық сайлау комиссияларына саяси партиялардың өкілдері сайлау комиссияларына мүше болып, жұмыс істеген жағдайда сайлау науқанын дайындау мен өткізу кезеңінде олардың орташа айлық жалақысын сақтау мүмкіндігін қарастыру жөнінде хат жіберілген.

 

 

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат

жұмыстары қызу жүріп жатыр

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылған кандидаттар Алматы қаласында ашық есік күндерін өткізіп, халықтың талап-тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ, партия өкілдері қаладағы ірі кәсіпорындардың бірінде болып, ондағы жұмысшыларға өз бағдарламаларын таныстырды. «Ақ жол» партиясының бұған ұқсас үгіт-насихат жұмыстары өзге аймақтарда да қызу жүріп жатыр. Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылған Талғат Әбдіжаппаров Алматыда қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл кездесуде тұрғындар әртүрлі мәселелерді қозғады. Мәселен, Түрксіб ауданындағы Пятилетка елдімекені тұрғындары өздері тұрып жатқан аймақта балабақшаның жеткіліксіз екендігін айтып шағымданды. Олардың айтуынша, бұрын халық қажеттілігін өтеп тұрған екі мектепке дейінгі мекеме кезінде жеке қолға өтіп, басқа мақсаттарға пайдаланылып кеткен. Сондай-ақ, тұрғындар өз ауылдарына қатынайтын қоғамдық көліктердің аздығын да жеткізді. Қоғамдық қабылдауда болған тұрғындар «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастар саясатына қатысты не айтылғанына да қызығушылық білдірді.

Ерболат ҚЫРҒЫЗБАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мемлекетте қоғамда жастар проблемасы – жастар ұлттық патриоттық тәрбие жастарды адалдыққа, патриоттыққа жауапкершілікке тәрбиелеу елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сол үшін ақыл ойын, сана сезімін ояту үшін мақсаттар, мұраттар бағдарламалар бар, соны қалай жүзеге асырады.

Ақжолдықтар: жастар саясатын дамыту – партия тұғарнамасының басым бағыттарының бірі дейді. Сондықтан сайлауалды үгіт науқаны кезінде салауатты өмірді насихаттайтын шараларға көп көңіл бөліп отырмыз,-дейді олар. Мәселен, олар таяуда Ақтөбе қаласында бокстан үлкен турнир өткізген. Жалпы «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында 10 басым бағытты айқындалған. Олардың ішінде халықтың әл-ауқатын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, азаматтардың қауіпсіздігін күшейту мәселелері бар.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Әлеуметтік мәселелер тұрғын үй мәселесін шешу, бұл деген мына, денсаулық саласындағы, білім беру саласындағы реформалар.

«Ақжолдықтар» қазір өз бағдарламаларын халыққа белсенді таныстырып жүр. Мәселен, бүгін олар Алматыдағы ірі кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорында болып, жүздеген жұмысшымен сұхбаттасты. Халықтың талап-тілегін тыңдаған партия өкілдері депутаттыққа өткен жағдайда олардың мұң-мұқтажын билікке жеткізуге уәде берді. «Ақжолдықтар» жалпы үгіт-насихат жұмысы ойдағыдай өтіп жатыр,-дейді. Олар бұған сайлау штабтарын аралау барысында көз жеткізген.

 

 

Осы аптада «Руханият» партиясының

сайлауалды насихат жұмысы белсенді болды

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - «Руханияттықтардың» айтуынша, қазір үгіт жұмысы арнайы кестемен жүріп жатыр. Бүгінге дейін олар алматылық электоратпен және аймақтардағы тұрғындармен бірнеше кездесу өткізді.

Атап айтқанда, олар 20-22 желтоқсан күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында болып, халықпен кездесті. Ал апта ортасында «Руханият» партиясының өкілдері мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институт және адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшылары кездесті. Екі тарап сайлауалды науқаны туралы пікір алысты. ЕҚЫҰ саяси сарапшысы Ярек Доманьскидің айтуынша, бүгінде елімізде ұзақ мерзіммен келген 28 байқаушы жұмыс істеуде. Ал сайлаудан бір апта бұрын қысқа мерзімді 400 байқаушы келіп сайлау барысын бақыламақ. Кездесу барысында, «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин партияның стартегиялық мақсаты, сайлауалды тұғырнамасы, мақсат-міндеттері мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының өту барысын ортаға салды. Сондай-ақ, «Руханият» партиясының мүшелері Қазақ ұлттық Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттермен кездесті. Саяси ұйымның өкілдері Еркін Рақышев пен Мереке Құлкенов жастарды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Партия мүшелері жастарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды. 

 

 

Қандастарға қарымды қамқорлық қажет

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., Л. Еділқызы/ - Алдағы сайлау додасы алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына белсене кіріскен «Руханият» партиясы бүгінгі күнге дейін жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізіп үлгергені белгілі. Жақында партия атынан Парламент Мәжілісіне депутаттықтан үміткерлер атажұртына келген отандас ағайындармен жүздесті. Бұл басқосуға «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбетәлин қатысты.

«Руханият» партиясы қоғамдағы өткір тұрған мәселелерді шешуге мүдделі екендіктерін, бұл ретте қандай қадамдарға баруды көздейтіндіктерін өздерінің сайлауалды тұғырнамасы арқылы мәлімдеген болатын. Мәселен, елдегі барлық эностық топ өкілдерінің тең құқын сақтаған қазақ ұлттық мемлекетін құру – руханияттықтар таңдап алған басты бағдар.

Сайлауалды бағдарламада көзделген мәселелердің бірі – оралмандарға, орал­мандардың басында кездесетін күрмеулі, оның ішінде материалдық мәселелерді шешуге, шет елдердегі отандастарымызды елге әкелуге де бағытталып отыр. Бұл ретте, сайлауалды тұғырнамада: «Көрші елдердегі біздің бауырларымыз, біріншіден, қазақтың ежелгі атақонысында отырған жұрт. Кезінде патшалық Ресей мен Кеңестер Одағының солақай саясатының салдарынан олар басқа елдің азаматтарына айналып кетті. Екіншіден, тағы да сол патшалық және кеңестік зорлықшыл саясат кесірінен Қазақстан шекарасынан сыртқа асуға мәжбүр болғандар. Енді біз тәуелсіздік алып, отарлық бұғаудан құтылғаннан кейін олардың елімізге оралуын қамтамасыз ету – біздің азаматтық міндетіміз!» делінген.

Сондай-ақ, партияның бағдарламасында: «Мұндай үдерістің қажеттілігі шетелдік тәжірибемен де нақтыланған. Мәселен, Германия, Израиль, Польша, Ресей секілді елдерде мұндай тәжірибе бар. Егер мемлекет өзінің қаржылық ресурстарын дұрыс бағытқа бөліп тұратын болса, оралмандардың барлық материалдық проблемаларын шешуге мүмкіндігі бар. Күн санап қытайға, өзбекке, моңғолға, орысқа айналып бара жатқан, Қазақстанға қарай ұшарға қанаты болмай отырған 5 миллионнан астам бауырларымызды 5 жылда көшіріп әкелуге шамасының келгенінше атсалысу әр қазақтың перзенттік борышы!» деп атап өтілген.

Қандастармен өткен басқосу кезінде «Руханият» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Қайрат Бодаухан оралмандардың тәуелсіз Қазақстанның саяси, қоғамдық және рухани салаларға қосқан үлестеріне тиісті баға берілуі қажеттігіне айрықша тоқталып өтті. Оның айтуынша, шетел асып, атажұртын аңсап жеткен қандастарымыз 20 жылдық асуды бағындырып үлгерген жас, тәуелсіз мемлекеттің дамуына, жандануына белгілі бір мөлшерде үлес қосуда.

 

 

Патриоттар Талдықорған халқын

партияның бағдарламасымен таныстырды

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Қазақстанның Патриоттар партиясы Республика Парламентінің депутаттығына 20 үміткерді ұсынып отыр. Олардың 6-уы сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізу үшін Талдықорғанға келіп, партияның бағдарламасын таныстырды.

Бір аптаның ішінде Алматы облысының Талғар, Қапшағай қалаларын аралап, шағын шаһарлар мен елді мекендердің түйткілді мәселелерін сөз еткен патриоттар бұл жолы Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорғанда әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы сұрақтарға көбірек көңіл бөлді. Партия белсенділерінің айтуынша, ана мен бала жайы қоғамды әлі де толғандырып отыр. Егер, өмірге келген әр сәби үшін бір реттік жәрдем ретінде 1 миллион теңге бөлінетін болса, онда оның жан-жақты өсіп-жетілуіне тамаша мүмкіндіктер туар еді. «Патриоттар» партиясының бағдарламасында жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік грант пен ақылы бөлімдерде оқитын студенттердің тепе-теңдігі 50 пайыз төңірегінде болса деген ниет те айтылды. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікке 3 жылға дейін жеңілдетілген несие беру, мүгедектер мен зейнеткерлердің тұрмысына қажетті қамқорлықтар туғызу, экологияға көңіл аудару, әскерилер мен полиция қызметкерлерін пәтермен қамтамасыз ету және оралмандар мәселесі мен мемлекеттік идеология жайы сөз болды. Патриоттардың пайымдауынша, жастардың бүгіні мен ертеңі әркез ел назарында болу керек.

Дәурен ҚАЙЫП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің партияның ұсынысы – біз бүгін 9-10-11 сыныпта қалаға қажетті мамандарды дайындауымыз керек. Олар – сантехниктер, сварщиктер, малярлар, анау сылақшылар. Міне, осы мамандықтарды егерде біз ауылдан дайындап келетін болсақ, онда біз ауыл жастарын қалаға бейімдейміз және олар жұмыссыз болмас еді.

 

 

Насихат жұмыстары өрістей түсті

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж., А. Тұрапбайұлы/ - Қазақстан Патриоттары партиясының белсенділері кеше Алматы облысының Талғар ауданында болып, бірқатар кездесулер өткізді. Сондай кездесудің бірі «Әсем и К» компаниясының құрылысшыларымен болды.

Аталған құрылыс компаниясын Патриоттар партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Серік Айтхожин басқарады. Оның қол астында жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі Талғардың тұрғындары болғандықтан, осында көптеп жұмыс орындарының ашылғанын, жаңа кәсіпорындар іске қосылғанын қалайтындықтарын да білдіріп жатты. Әсіресе, талғарлықтар Үкімет жүзеге асырып жатқан индустрияландыру бағдарламасындағы басым саналатын жобалар қағаз жүзінде қалмаса екен деген ойларын да  бүкпесіз жеткізген. Сондай-ақ табиғаты сұлу Талғар жерінде экология мәселесі де назардан тыс қалмаған.

 «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов пен оның орынбасары Айжан Сқақова экология мәселесін өткір көтергені белгілі болды. А.Сқақова өз сөзінде Талғарды оңтүстік өңірдің маржаны дей келіп, мұнда туризм саласын жолға қою қажеттігін ортаға салды. Қысқы Азия ойындарына арналып салынған спорт нысандарының жұмысын ары қарай да жүргізе беру қажеттігі  көлденең тартылды. Солдат шатқалындағы биатлонға арналған жерлер, шаңғымен сырғанайтын орындар демалушылардың игілігіне жұмыс істеуі тиіс.

Тұрғындардың ерекше қозғаған мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігі осы өңірге көңіл аударып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге деген көзқарастарын түбегейлі өзгертуі қажеттігі. Өйткені, алма мен алмұрттың өзін өткізетін жер болмағандықтан, шарап жасайтын зауытқа жөнелтіп жатады. Осы жемістерді балабақшалар мен мектептерге жеткізу жайы, оның сақталуы, тағысын тағы жәйттер жүйелі түрде шешімін таппаған. Мұның барлығы, әрине, жанар-жағар май қымбатшылығына байланысты болып отырғаны да жасырын емес.

Патриоттықтар, сонымен қатар, Талғар қаласындағы Зағиптар қоғамында болып, осындағы жағдайды өз көздерімен көріп, жұмысымен танысты. Мұнда арнайы цех бар, бірақ жұмыс орнының көп болғаны дұрыс болар еді деген өтініштер де естіліп қалды. Сондай-ақ насихат тобы осындағы  балалар үйінде де болып, олардың жағдайымен танысты. Аталған балалар үйі барынша отбасылық жағдайға жақындатылған, яғни балалар ата-аналарымен бірге тұрып жатқандай жағдайда өмір сүруде екен. Біз өз тарапымыздан балаларға әр түрлі жемістерді алып барып, оларды бір қуантып тастадық, деп сыр бөлісті Патриоттар партиясының Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Гүлдана Нұрпейісова. Оның сөзіне қарағанда, қазір осы балалар мәселесіне мемлекет қолдау көрсететіндей тетіктерді қарастыру керек. Егер партия алдағы сайлауда Мәжіліске өтетіндей болса, онда алдымен осы жетімдер мәселесін өткір қоятындықтарын да жасырмады.

 

 

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 24.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Депутаттық мандат үшін саяси сайыстың қызған шағы қазір. Тіркеуден өткен сегіздік серкелері ауыл аймақта жүр. Халық дауысы қажет. Ал ат төбеліндей ауылдағы ағайын аманатын кімге сеніп тапсырмақ. Әрине, мұндайда жұртшылықпен дидарласу үміткерлер үшін ауадай қажет. Электораттың назарын аудару қазір қай партия үшін де оңай шаруа емес. Өйткені халық ел ісіне етене араласып, шетін мәселелердің түйінін тарқата алатын партияға ғана дауыс береді. 

«Руханият» партиясының белсенділері алматылық студенттермен жүздесті. Кездесуде тегін білім алу, шәкіртақы, жатақхана мәселелері жайында көкейтесті сауалдарға жауап берді. Сондықтан бұл бағытта «руханияттықтар» елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтып, қуатты экономика құруға күш жұмсамақ.

Еркінбек Рақышев, «Руханият» партиясынан Парламент Мәжілісіне үміткер

Біздің «Руханият» партиясының алдына қойып отырған негізгі міндеттері – олқарапайым халықтың мүддесін қорғау, сонымен қатар студент жастардың, жарымжан, мүгедек адамдардың сол мүддесін қорғау. Осы жолда «Руханият» партиясы жұмыстар жасайды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бүгін Алматыдағы «Рахат» кондитер фабрикасында болды. Жұмысшы тобымен кездесіп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде қолға алған жаңа бастамалары туралы әңгімеледі. Бұдан кейін цехты аралап, кондитер фабрикасының бүгінгі ахуалымен танысты.

 

 

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Кез-келген мемлекеттің мақсаты – қарапайым халықтың жағдайын жақсарту. Әлеуметтік жағдайын көтеру . Сол себептен осы ұжымда көбісі әйел азамтшалар істегеннен кейін, біз өзіміздің бағдарламамызда бөлек бір бағыт осы отбасылық мәселелерге әйел азаматшаларды, балаларды қолдайтын ұсыныстарды енгіздік.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Солтүстік Қазақстанда 5 мыңнан астам мүшесі бар. Олардан 3 адам облыстық және аудандық мәслихаттарға депутаттыққа кандидат ретінде тіркелген. Арнайы орындарға билбордттар қойылып, үнпарақшалар таратылып жатыр. Бұған қоса партия белсенділері әкімшілік және мәдениет нысандарын аралап, сайлаушылармен кездесуде.

Дәукен Темірбаев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық комитетінің төрағасы:

Мемлекеттік мекеме ме, әкімшілік пе, сауда үйі ме, бәрінде мүгедектерге арналған пантус болу керек. Біздің кісілер барып, тексеріс өткізгенде, бір дұрыс пантус таба алмады. Әкімшілікте бар, оны жасыруға болмайды, бір екі мекемеде бар. Бірақ оны пантус деп айта алмайсың. Онымен мүгедектер көтеріле алмайды.

«Ауыл тағдыры – ел тағдыры», - дейді Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы өкілдері. Павлодарда партияның саяси-кеңесі алдағы сайлауға дайындық жұмыстарын талқылады. Ең басты проблема – жұмыссыздық. «Ауыл» партиясының негізгі іс-қимылы осы бағытқа негізделген. Бүгінгі күні партияның Павлодар облысында 10 мыңға жуық мүшесі бар

«Әділет» партиясы да Батыс Қазақстан облысында сайлаушылармен бірнеше кездесу өткізді. Мәжіліс төрінен орын алған жағдайда жемқорлыққа қарсы іс жүзінде ымырасыз майдан ашып, соттар тәуелсіздігіне қол жеткіземіз, қоғамда әділдік орнатамыз. «Әділдік бар жерде ғана тыныштық, тұрақтылық болады», - дейді партия өкілдері.

Уәлихан Қайсар, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

«Әділет» партиясы Парламентте болған кезде әділеттілікті Қазақстанда орнатуға бірінші болып мақсат болады. Ең бастысы осы. Біздің партияның ұраны туралы айтсақ. Ең басты ұранымыз мұнай байлығы – халыққа, жемқорлар – түрмеге, «Әділет» – Парламентке. Жемқорлықты жоя алмай әділеттілікті Қазақстанда орнатуға еш мүмкіншілік болмайды.

 

 

/«Егемен Қазақстан», 24.12.2011 ж./:

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №75/139

 

2011 жылғы 23 желтоқсан, Астана қаласы

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118  қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. «2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында «және аудандық» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:

1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 43 200 (қырық үш мың екі жүз) теңге сомасында;

2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 10 000 (он мың) теңге сомасында;

3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 63 900 (алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында;

4) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару – 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.».

2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау

комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының хатшысы  Б. Мелдешов.

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісі

депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну 26 желтоқсанда өтеді

 

/«ҚазАқпарат», 24.12.2011 ж./ - «Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну 26 желтоқсанда өтеді», - деп хабарлайды Ассамблеяның баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің Мәжілісіне Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев қатысады. Онда Ассамблеяның Қазақстанның тәуелсіздігі мен республика халқының бірлігін нығайту мәселесі сөз болады. Сонымен қатар Ассамблеяның Парламенттік өкілдігі қызметінің тәжірибесі талқыланып, қорытындыланады.

 

 

Бүгін Астанада Қазақстан халқы

Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді.

ҚХА Кеңесі отырысында Ассамблеяның Республика Тәуелсіздігі мен Қазақстанның ел бірлігін нығайтудағы рөлі қаралады, ҚХА-ның Парламенттік өкілдігінің қызмет тәжірибесі талқыланып, қорытындылар шығарылады.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 87-бабына және ҚР «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Ассамблея сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну жүргізіледі.

 

 

САЙЛАУАЛДЫ: КӨРІК ҚЫЗЫП ТҰР

 

/«Дала мен Қала», 24.12.2011 ж./ - Парламент Мәжілісіне сайлаудың үгіт-насихат жұмысы басталғалы бері, еліміздегі саяси партиялар қызу жұмысқа кіріскен. Әрқайсының алдына қойған таудай мақсаты бар. Апта бойы ел мен жерді аралап, сайлаушылардың көңілін аулаған партиялардың атқарған жұмыстары назарымыздан тыс қалған жоқ. Өз кезегінде саяси ұйымдар сайлаушылар алдында өздерінің сайлауалды тұғырнамасын жан-жақты таныстырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге баса мән беретіндіктерін алға тартумен болды.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Павлодар облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Ол өткен кезеңдегі бағдарламаның іске асырылғанын айта келе, жаңа сайлауалды партия тұғырнамасына кеңінен тоқталды. Осы күні Нұрлан Нығматулин облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды штабында еңбек ардагерлерімен, қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен және ҮЕҰ өкілдерімен ой бөліскенін айта кетуіміз керек. Бүгінде Павлодардағы «Нұр Отан» қалалық бөлімшесі қоғамдық штабында депутаттыққа үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері қала тұрғындарымен тығыз жұмыс істеу үстінде. Сайлауалды штаб мүшелері сайлаушыларға партияның ХIV съезінде қабылданған сайлауалды тұғырнамасы жайында және «Нұр Отан» атынан депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан 39 үміткердің бағдарламасы туралы кеңінен мағлұмат беруде. «Нұротандықтардың» Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумовка елді мекенінде де болды. Олардың өз кездесулерін елді мекеннен бастағаны кездейсоқтық жағдай емес. «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасы басымдықтарының бірі ауылды дамыту мәселесі болып табылады. «Нұр Отан» бұрын да ауылға қолдау көрсетуге арналған бірқатар бағдарламаларды әзірлеген болатын. Олардың ішінде жұмыспен қамту, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бар. Наумовка – шағын ауыл. Бұл жерде және оның үш бөлімінде, яғни Филиповка, Виноградовка және Өрнекте бас-аяғы бір жарым мыңнан астам адам тұрады. «Нұр Отан» партиясының белсенділері «Хлебороб» кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесіп, Наумовка ауылының көшелерінде тұрғындармен партия тұғырнамасының бірқатар ұстанымдарын талқылап, жергілікті дүкеннің бағаларымен танысты. Өз кезегінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Біздің партиямыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдың дамуы үшін барлығын жасап жатыр. «Нұр Отан» партиясының да агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту үшін де, ауылдарды көркейту үшін де нақты іс-шаралар жоспары бар. Біздің партия – нағыз халықтық партия», – деп атап өтті.

Парламент сайлауына қатысып, біраз орынды еншілеуден дәмелі «Әділет» партиясы осы аптада елімізде еңбек дауларының көбейіп кеткенін айтты. Олар сайлауда жеңіске жетсе бұл мәселемен бірінші кезекте айналысатындарын жайып салды. Өз кезегінде «әділеттіктер» бюджет саласы қызметкерлерінің орташа жалақылары өзге мамандықтардан бір жарым, екі есеге дейін төмен екенін жеткізді. Сондықтан олар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттігін тілге тиек етті. Оған Қазақстанның қаржысы да, қауқары да жететінін айтқан партия белсенділері осыған қатысты заңнамаларды қайта қарап шығуға да бел буып отырғандарын да жеткізді. Осылайша «Әділет» партиясының мүшелері сайлаудан сүрінбей өтсе, халықтың айлығын өсіреміз деп отыр.

Ал «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді бақылаушыларымен кездесуінде саяси науқанды қыздыратын қаржысы жоқтығын айтып шағынғандай болды. Халықаралық бақылаушылармен жүздесуде партия басшысы сайлауалды үгіт жұмыстарының мерзімі өте қысқа, әрі бұл кезде мереке көп екенін тілге тиек еткен. Сондай-ақ, дауыс беру жүйесіне «жетілдіру жұмыстары жүргізілсе» деп ұсыныс айтты. Олардың пайымдауынша, бюллетеньге дауыс берушінің саусақ ізін қалдыратын орын қосып, сайлау учаскелеріне арнайы веб-камералар орнату қажет.

Саяси науқанға бел буып, білек сыбана кіріскен «Ақ жол» партиясы да дүрмектен қалып жатқан жоқ. Өткен аптада Астанада «Ақ жолдың» бас кеңсесінде партияның бастамашыл жастар ұйымдарының отырысы өтті. Кездесуде жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесі кеңінен сөз болды. Бұдан басқа өз ісін бастағысы келетін қыз-жігіттерге жеңілдетілген несие беру, студенттердің жай-күйі, ауылға жұмысқа баратын жас мамандарды қолдау секілді толып жатқан түйткілдерді шешуге «Ақ жолдың» құрамындағы жастар ұйымдары білек сыбанып отыр. Әрі өздері мүшесі болып табылатын партияның бәсекелестерінен қалып қоймауы үшін үгіт-насихат жұмыстарына қызу кірісіп кеткен.

Насихат жұмысын Алматыдан бастаған Патриоттар партиясы үнпарағы, жалаулары мен әншілерін ертіп алдымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бас сұқты. Жүздесу барысында Мәжілістің орынтағынан үміттілерге студенттер сұрақ қойып, берілген уәделердің қаншалықты орындалатынын нақтылап сұрады. Бірқатар әлеуметтік мәселелермен қатар, Қазақстан патриоттары партиясы қоршаған ортаның тазалығын қорғауға баса мән беретіндіктерін айтты.

Ал Қазақстанның халықтық Коммунистік партиясының басшыларының бірі Жамбыл Ахметбеков жергілікті жердегі билік сайлауалды насихатымызға кедергі келтіргенін айтып шағынды. Олар аймақтардағы жақтастарының құқы бұзылмас үшін, республикалық штабтың жұмысын жандандырып жатқандарын журналистерге мәлім етті. Астанадағы партия белсенділері облыстағы бөлімшелерінің қызметін интернет арқылы бақылап, бағыт-бағдар бере бастаған.

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы Польшадан келген ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесіп, алдағы сайлау жайындағы ойларын ортаға салды. ЕҚЫҰ өкілдерінің қойған сұрақтарына байланысты партия төрағасы өздерінің сайлау кезінде дауыстардың 15 пайызын алуға үмітті екендіктерін жеткізді. Әңгіме барысында Ғани Қалиев қазіргі уақытта Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлауалды жұмыстары бейбіт жағдайда, өзара үнқатысу негізінде өріс алып келе жатқандығын атап көрсетті. Осыдан кейін іле-шала «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат болып тіркелген Жасқайрат Сүндетұлы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесуін бастады. Мастықсай ауылында болып өткен сайлаушылармен кездесу барысында «Ауыл» партиясының бағдарламасы мен сайлауалды тұғырнамасы туралы әңгіме болды. Кандидат партияның алға қойып отырған мақсаттарын халыққа түсіндіріп берді. Осындай кездесу аудан әкімдігінде де болып өтті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 18 адамнан құралған комиссиясының бірқатар мүшелері 21 желтоқсан күні Ақтау қаласына келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. ЖСДП мүшелері әкімдіктің алдындағы Ынтымақ алаңында болып, мұнайшылармен кездескен. Өз кезегінде мұнайшылар Өмірзақ Шөкеевпен кездесіп, жаңа жұмыспен қамтамасыз етуге уәде бергенін алға тартқан. Бірақ олар бұрынғы жұмыстарына қайта оралғысы келетінін жеткізген.

 

 

Жаңаөзенде 28 сайлау учаскесі жасақталған

 

/«Қазақстан» ТРК, 24.12.2011 ж./ - Жаңаөзенде қалыптасқан ахуалға байланысты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары белгілі бір дәрежеде шектеледі. Үгіт шаралары тек теледидар, радио және газеттер арқылы іске асырылады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының Маңғыстаудағы өкілі Жаңаөзенге барып, қаланың саяси науқанға әзірлігімен танысты.Сайлау учаскелерін аралады. Бүгіндері сайлаушылардың тізімі түзіліп жатыр. Қала бойынша 28 сайлау учаскесі жасақталған.

 

 

Жаңаөзен Мәжіліс және мәслихат

сайлауларын өткізуге даяр

 

/«Хабар» агенттігі, 24.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының өкілі қалаға келіп, учаскелерді аралап, алдағы науқанға дайындықты пысықтады.

Оның айтуынша, жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері түгел. Телефон, компьютер, кеңсе заттары сияқты құрал-жабдықтардың бәрі жеткілікті. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат та Жаңаөзенге жеткен, егер қажеттілік туындаған жағдайда тағы да қосымша ақша беріледі, - дейді Орталық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы бойынша өкілі Нәзия Телмұхаммедова.

 

 

Сайлауға 20 күн қалды

 

/«Қазақстан» ТРК, 25.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - Жылыстап күн жылжыған сайын,  келер жылы өтетін кезектен тыс сайлау науқанына әзірілік қызып келеді. Осыған дейін Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімдерін беріп, түгел тіркелген 8 партияның өкілдері мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығынан үміткерлер өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп те кетті. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүргізіліп жатқан саяси жиындардың бәрі әзірге заң шеңберінде өтіп жатыр. Ешқандай ерсі немесе елді дүрліктіретіндей заңбұзушылық тіркелген жоқ. Десе де, Орталық сайлау комиссиясына осы күнге дейін 62 өтініш түскен. Олардың 45 шағымы сайлауалды шараларды ұйымдастыруға қатысты ақыл-кеңес сұрау туралы өтініш болса, қалғандары - ақпарат құралдарының қызметіне қатысты түсінік беру туралы жазылған хаттар.

Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шыққан Президенттің Жарлығы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға кедергі келтіре алмайды. Бұл тек осы өңірдегі қоғамдық тәртіпті қалыпты ұстауды ұйғарған құжат. Сондықтан келер жылғы сайлауға жалпы қазақстандықтармен бірге жаңаөзендік тұрғындарда қатысып, өз таңдауларын жасай алады.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Өздеріңізге белгілі, орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты Президенттің Жарлығымен Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласына төтенше жағдай енгізілді. Айта кетейін, бұл Жарлық сайлауды өткізуге тыйым салмайды.

Қалыптасқан ахуалға орай Жаңаөзенде сайлауалды үгіт шаралары барлық саяси партиялар үшін белгілі бір дәрежеде шектеледі. Дегенмен, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттарға ақпарат құралдарында үгіт-насихат жүргізіп, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын жариялауға тең құқық берілген. Сондықтан, Жаңаөзеннің аумағына тарайтын барлық республикалық, жергілікті телеарналар мен мерзімді басылымдар арқылы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынбайды. Керісінше, Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қаласындағы үгіт шараларын шатқаяқтатпау үшін, көшелер мен қоғамдық орындарға ілінетін насихат жарнамаларына қосымша қаржы бөліп отыр.

Қуандық Тұрғанқұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Тек сайлауалды үгіт жүргізу тәсілдерінің аясын белгілі бір дәрежеде тарылтады және бұл ретте барлық саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тең. Дегенмен, үгіт жұмысын жүргізудің нысандары мен әдістерін таңдау белгілі бір дәрежеде шектеледі. Атап айтқанда, қала аумағында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер, митингтер мен жиындар жүргізу шектеледі.

Сайлау жүйесіндегі қазақ елі мойнына алған халықаралық міндеттердің бірі – елімізде өтетін саяси науқанға халықаралық бақылаушыларды қатыстыру. Олар - шетел азаматтары мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері. Қазір ОСК Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының бірқатар өкілдері мен ТМД байқаушылар миссиясы мүшелерінің алғашқы легін арнайы аккредитациядан өткізіп үлгерді.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Өтіп кеткен науқандарда халықаралық байқаушылардың саны мыңнан асып отырды. Осы науқанда да солай болады деп ойлаймыз, сенеміз. Осы бүгінгі күні 61 халықаралық байқаушы аккредитациядан өтіп, мына СІМ-нің тапсыруы  бойынша, осы біздің ОСК-ның аккредитациясынан өтіп отыр.

Келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға қажетті бюллетеньдерді дайындау жұмыстары да реттеліп қалды. Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс сайлауы үшін 9 миллион 398 мың 154 бюллетень, ал барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына 17 миллион 423 мың  313 бюллетень дайындалып жатыр. Әлбетте, бұл көрсеткіштер сайлаушылар тізімін анықтауға байланысты алдағы күндері тағы да өзгеріп жатуы бек мүмкін.

 

 

Сайлау күні қарсаңында Жаңаөзеннің сайлау учаскелері

100% дайын болады –Қ.Тұрғанқұлов

 

/«BNews.kz», 27.12.2011 ж./ – 15 қаңтар сайлау күні қарсаңында Жаңаөзен қаласы сайлау учаскелері 100% дайын болады. Бұл туралы бүгін ОСК төрағасының ТМД бақылаушылары миссиясымен кездесуінде Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.  

«Сайлау комиссиясы штаттық режимде жұмыс істеуде. Сенбі күні Орталық сайлау комиссиясының өкілі Жаңаөзеннің барлық сайлау учаскесінде болды, Жаңаөзенде 28 сайлау учаскесі бар, барлығы жабдықталған, ажарлау жұмыстары ғана қалды. 15 қаңтар сайлау күні қарсаңында қаланың сайлау учаскелері 100% дайын болады», - деп хабарлады ОСК төрағасының ТМД бақылаушылары миссиясымен кездесуінде Қуандық Тұрғанқұлов.

 

 

Жаңаөзенде депутаттардың сайлау науқанына

10 жарнама билборды бөлінеді – ҚР ОСК

 

/«BNews.kz», 27.12.2011 ж./ – Жаңаөзенде депутаттардың сайлау науқаны мұқтаждықтарын өтеу үшін 10 жарнама билборды бөлінеді. Бұл туралы бүгін ОСК төрағасының ТМД бақылаушылары миссиясымен кездесуінде Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.    

«Ауданда 10 билборд бар – бұл сыртқы жарнама... Сайлаушылардың жиналысы болмайтындықтан, біз бұрын берген сома 10 билбордтағы сыртқы жарнамаға жұмсалады. Қосымша сома қажет болмауы мүмкін. Алайда біз олардың өтінішін қолдауға дайынбыз», - деп хабарлады ОСК төрағасының ТМД бақылаушылары миссиясымен кездесуінде Қуандық Тұрғанқұлов.    

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлікті дамыту - тұрғындарды тұтас ел

экономикасы дамуының жаһандық жетістіктеріне тарту

 

/«Kazakhstan Today», 25.12.2011 ж./ – Кәсіпкерлікті дамыту - тұрғындарды тұтас ел экономикасы дамуының жаһандық жетістіктеріне тарту, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсанда партия төрағасының орынбасары Б.Нұрмұхамедов, Мәжіліс депутаттығына үміткерлер А.Евниев, А.Әбілдаев, Б.Момышев бастаған «АҚ ЖОЛ» ҚДП үгіт-насихаттық тобы Тараз қаласында сайлауалды іс-шаралар өткізді. Олар сайлаушыларға партияның сайлауалды тұғырнамасындағы басым бағыттары туралы айтып, сауалдарына жауап берді.

«Сайлауалды тұғырнама бойынша тұрғындардың жалақысын көтеру, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты жою, тұрғындардың медициналық көмек алуы басты қағидалар болып табылады. «АҚ ЖОЛ», сондай-ақ, білім беру сапасын көтеру, Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті, нарықтық экономика құруды көздейді»,- деді Б.Нұрмұхамедов.

Ауыл шаруашылығы мен ауылдық елдімекендерді дамыту, рухани тұрғыдан жетілу мен тарихи дәстүрлерді жаңғырту мәселесін «Казгранит» корпорациясының президенті А.Әбілдаев қозғады.

«Отандық тауар өндірушілерді қорғау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде отандық бизнесті қолдау мәселелері сөз болды. «Жетісу» ӘКК төрағасының орынбасары А.Евниев атап өткендей: «Сарапшылардың айтуынша, жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындардың үш жылдың ішінде 10 пайызы ғана қалады, қалған 90 пайызы бәсекелестік пен жемқорлық қысымын көтере алмай жабылады». Осы ретте «АҚ ЖОЛ» партиясы Үкімет пен Парламенттің алдына шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін қойып отыр. Соның ішінде, кәсіпорын құрылғаннан бастап 3 жыл ішінде салықтан босату, салықтық әкімшілік пен есептік іс-қимылды жеңілдету, ҚР Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік бабын алып тастау, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенге қатысты жеңілдіктер мәселесін қозғады.

«АҚ ЖОЛ» партиясы аталған шаралар экономиканың барлық саласында жаңа кәсіпорындар ашуға, кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғындарды осы саладағы жұмыстарға кеңінен тартуға мүмкіндік береді деп санайды.

 

 

Жаңаөзендегі жағдай қалыпқа түсті

 

/«Қазақстан» ТРК, 26.12.2011 ж./ - Жаңаөзендегі жағдай қалыпқа түсті. Қалада тыныштық орнады. Жергілікті жұртшылық жаңаша тіршілік бастап кетті. «Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов Жаңаөзен қаласына барып, қазіргі тынысымен танысты», - деп хабарлайды біздің сол жақтағы тілшіміз. Облыс басшысы жаппай тәртіпсіздік кезінде қираған ғимараттар мен мекемелерді аралап көрді.

Қазір қалалық әкімшілік ғимаратын қалпына келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл нысан наурыз айында толығымен пайдалануға беріледі. Ал «ӨзенМұнайГаз» компаниясының ғимаратын жөндеуге тендер жарияланған. Сонымен қатар, Бауыржан Мұхамеджанов Жаңаөзен қаласының әкімі отыратын уақытша ғимарат пен сайлау учаскелерін аралады.

 

 

Саяси партиялардың сайлауалды насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 26.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Қыр астында тұрған саяси додада кімдердің бағы жанбақ? Ел халқы күні ертең қай партияға, қайсы үміткерге таңдау жасамақ? Құрғақ уәде, жалған жарнамамен қысқасы, даурықпа сөзбен дауыс жинау мүмкін емес. Саяси партиялардың өкілдері қазір алдағы науқанның насихат жұмыстарымен ел аралауға шықты.

Халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарға алған партия белсенділері бүгін трамвайға мініп шаһарды аралады. Алматылықтарды 15 қаңтарда болатын сайлауда өз партияларына дауыс беруге шақырған «Патриоттықтар» қоғамдық көлік ішінде ән айтып, би билеп, қала тұрғындарының көңілін серпілтті. 

Ал «Руханият» партиясының белсенділері Алматыдағы №1 қалалық балалар үйінде болды. Еркінбек Рақышевтің «Айша» фильміне түскен 20 тәрбиеленушімен кездесіп, балаларға базарлық таратты. Фильмде қаршадай қазақ қызының қайсар мінезі баян етіледі. «Руханият» партиясы рухы мықты жастарды осындай фильмдермен жігерлендірмек.

Бүгін «Ақжол» партиясының үгіт-насихат тобы Қостанайда болып, көпшілікті өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Қостанай облысы бойынша «Ақжол» партиясынан аудандық және қалалық мәслихаттарға 4 адам, облыстық мәслихатқа 3 адам, Парламент Мәжілісіне 1 адам депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген.

«Жаңаөзендегі жайсыз жағдай толық зерттелуі тиіс. Сонда ғана түрлі қауесеттер мен бұра тартудың жолы кесіледі», - дейді ЖСДП белсенділері. Партия өкілдері бүгін Жаңаөзен мен Шетпедегі жағдайға байланысты тәуелсіз қоғамдық комиссия құру қажеттігін мәлімдеді. 

Қазақстан коммунистік халық партиясы да сайлау науқанына кірісті. Бүгін Алматыдағы қалалық комитеті журналистер мен блоггерлерге шаһардағы сайлау штабы мен медиа-орталық және қоғамдық қабылдау бөлімін таныстырды. Өз іштерінен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 21 үміткерді ұсынып отыр. 

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының Ақмола облысындағы бөлімшесінде жеті үгіт-насихат тобы құрылды. Оған білімді, ауыл мәселесіне қанық, ұйымдастырушылық қабілеті бар мамандар тартылған. Жыл соңына дейін облыстағы «Ауыл» партиясының өкілдері барлық ауылда жиын өткізіп, тұрғындарымен жүздесуді жоспарлап отыр.  

Бүгін«Әділет» демократиялық партиясының өкілдері Таразда баспасөз мәслихатын өткізді. Партия жүзеге асырғалы отырған жұмыстар он жеті қадамға бөлінген. «Әсіресе, әлеуметтік мәселелер, жемқорлықпен күрес, мемлекеттік тіл және дін жағдайына аса назар аудару керек», - деп санайды партия белсенділері.

 

 

Қызылорда облысында сайлауалды

үгіт жұмыстары қызу жүріп жатыр

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж., Ж. Сердалы/ - Қызылорда облысында желтоқсанның 21-інен бері сайлауалды үгіт жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Алдағы сайлауларға байланысты облыс аумағында 147 сайлау округтері құрылған. Бұлардың 29-ы - облыстық мәслихат, 99-ы аудандық мәслихат, 19-ы қалалық мәслихат депутаттарын сайлайды. Облыстық мәслихатқа 79 адам үміткер болып тіркелді. Ал аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар саны 243 болса, қалалық мәслихатта 50 үміткер бар.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаевтың айтуынша, қазіргі күндері барлық жерде сайлаушылар тізімін анықтау жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр.

- Бүгінгі таңға жалпы тізімнің нобайы жасалып бітті деп айтуға болады, - дейді ол. - Олар қосымша тексерулерден өтіп, толықтырулар толық жасалып бітіп, сайлауға 15 күн қалғанға дейін сайлау учаскелеріне тапсырылуы тиіс.

Қазір облыстың елді мекендерінде мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушылармен кездесу өткізіп жатыр.

 

 

Алматы қаласының прокуратурасында

халықаралық бақылаушылармен кездесу өткізілді

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж./ - Алматы прокуратурасында ұзақ мерзімді сайлау бақылаушы Миссиясының бақылаушылары  Эндрю Мак Ити және  Элгун Тагиевпен  кездесу өтті, деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес прокуратура органдары сайлау туралы заңнамалардың қолданылуына сайлаудың барлық сатысында қадағалау жүргізетіні туралы айтылды.

Халықаралық бақылаушы Эндрю Мак Интиді сайлау кезінде занамаларды қолдану барысында  қандай ерекшеліктер болатыны қызықтырды. Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж.Өміралиев Конституциялық заңның 49-бабын түсіндіре келе, «прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық  бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi,- деді.

Эндрю Мак Инти   басқа да  сайлау заңдылықтарын бұзу туралы өтініштер туралы сұрады. Қала прокурорының орынбасары оған сайлау туралы заңдылық бұзылуы  туралы сотқа   2 арыз түскені туралы хабарлады. Бір арыз бойынша заң түсіндіріліп, ал екінші арыз бойынша ҚР Әкімшілік жүргізу Кодексінің 100 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Содан кейін халықаралық бақылаушы Эндрю Мак Инти  қалалық прокуратурада сайлау заңнамасын  жүзеге асырганда қандай қадағалау ресурстары  бар екенін сұрастырды.  Ол қала прокуратурасында арнайы сайлау заңнамасын қолдану барысын қадағалайтын жұмыс тобы құрылғаны туралы хабардар етілді. Прокуратура органы қалалық сайлау комиссиясы мен  құқық қорғау ұйымы және сотпен өзара қарым қатынасты жүзеге асырады. Сондай-ақ жүздесу кезінде прокуратура ұйымы бұқаралық ақпарат құралдары мен өкіметтік емес мекемелермен диалогқа ашық екені туралы әңгіме болды.

 

 

Қазақстандық коммунистер елдің

шығысында сайлауалды үгіттерін бастады

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж., Л. Малько/ - Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының белсенділері елдің шығысында сайлауалды үгіттерін бастады.

Өскеменде өткен демалыс күндері халық көп жерлерде сайлауалды бағдарламасы бар үнпарақтар таратылды, Ұлттық баспасөз клубының бөлімшесінде облыстық комитет хатшысы Юрий Кушкуновтың баспасөз мәслихаты болып өтті.

Оның айтуынша, ҚКХП бүкіл аймақ бойынша үгіт жұмыстарының 33 нүктесін ашты, сайлауалды штаб жұмыс істеуде. Ағымдағы аптада Бесқарағай ауданынан үгіт пойыз сапарға шығады, оны ҚКХП ОК-нің хатшысы Владимир Косарев басқарады.

Естеріңізге сала кетейік, коммунистер алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына Шығыс Қазақстаннан екі үміткер - Юрий Кушкунов пен Зырян аудандық партия комитетінің басшысы  Шыңғыс Байдәулетовты ұсынып отыр.

Өскемен және Зырян қалалық мәслихаттарына тағы үш үміткерден ұсынылды.

 

 

ҚХКП: Партиялар азаматтық қоғамның

алғы шебінде тұруы тиіс

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Кезектен тыс Парламент Мәжілісінің сайлауы жақындаған сайын үгіт-насихат жұмыстары қызып келеді. Саяси партиялар үшін әрбір күн қымбат. Сенбі, жексенбі күндері де насихат жұмыстары жүргізілуде.

Кеше Алматыда Қазақстан халықтық коммунистік партиясы қаладағы Орталық базар жанында насихат жұмыстарын жүргізді. Аяз бетінің қайтқаны да коммунистерге көп демеу болды. Олардың базар маңын таңдауы тегін емес. Өйткені, апта бойы жұмыстан босамайтын қала тұрғындарының басым бөлігі сенбі, жексенбі күндері азық-түлік, киім-кешек алуға осында келеді. Сондай-ақ, партия мүшесі Галина Баймаханованың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың біразы сауда-саттықпен айналысады. Үміткер қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

Галина БАЙМАХАНОВА, ҚХКП МҮШЕСІ:

- Тәжірибесі мол педагогпын. Көптеген оқулықтар жаздым. Мамандығыма сай бірнеше мемлекеттік стандарттардың авторымын. Саясатқа өмірдің өзі алып келді. Өйткені, біздің қоғамымыз геологтар айтпақшы, «кристалданған» болуы тиіс. Кейбір адамдар секілді өз мемлекетіңнің тағдырына енжар қарауға болмайды. Қоғамда азаматтық институттардың рөлі ерекше. Ал партиялар азаматтық қоғамның алдыңғы шебінде тұрады.

Коммунистік партия Атырау облысында да белсенді. Бұған дейін Махамбет ауданын аралап сайлаушылармен жүздесіп қайтқан коммунистер бүгін Ахмет Сүндетов атындағы Атырау медициналық колледжінің ұжымымен кездесті. Халық қазынасын молайтуда табиғи ресурстарды үнемді пайдалану баршаның міндеті. Болашақта Қазақстанды өндірушіден өңдеуші елге айналудыруға күш салуымыз керек,-дейді коммунистер.

 

Жаукен КӨШЕНОВ, ҚХКП-СЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ 1-ХАТШЫСЫ:

- Мысалы айтайық, тіпті тері илейтін біздерде дұрыс фабрика жоқ. Жер-жерге жібереміз солардан шетелдік дубленкаларды сатып аламыз. Сондықтан, біздің мақсат өзімізде шығару керек мұның бәрін. Өндірісті өзіміз арттыруымыз керек. Сонда бізде жұмыссыздық та болмайды, халқымыз да жақсы өмір сүреді. Біздің бағдарламамыздың негізі осы.

 

 

Бүгін «Әділет» партиясы баспасөз-мәслихатын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - «Әділет» демократиялық партиясының өкілдері демалыс күндері Сырдария және Жалағаш аудандарының ауылдарында кездесулер өткізіп, бүгін Қызылорда қаласындағы оқу орындарында болды.

Қызылорда медициналық колледжіндегі жүздесуге студенттермен бірге оқытушылар және жергілікті тұрғындар да қатысты. «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, ел Тәуелсіздігінің 20 жылында қол жеткізген жетістіктеріміз - сөзсіз Елбасы саясатының жемісі. Мақтануға тұрарлық толағай табысымыз жеткілікті. Ендігі кезекте елді бұдан әрі қарай дамытуға күш салуымыз керек. Ол үшін жаңа экономикалық саясатты қалыптастырып, конституциялық реформа жасау - партияның сайлауалды тұғырнамасындағы негізгі бағыттардың бірі. Партия жетекшісі әділеттілік салтанат құруы үшін халықты алдағы сайлауға бір кісідей белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, партияның сайлауалды тұғырнамасы «Әділеттіліктің ақ жолы» деп аталатынын жеткізді. Бұл тек жалаң ұран емес, нақты мақсат-мүдденің айқын көрінісі. Себебі, біз 2017 жылға қарай елімізде әділетті қоғам орнатуды көздейміз,- дейді партия белсенділері.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Әлеуметтік тұрғыдан мақтанатын шаруамыз бар. Ал осы жай халыққа әсіресе, ауылдағы біздің қаракөз бауырларымызға қандай соның пайдасы тиіп, мысалы 21 ғасырдағы европалықтар сияқты өмір деңгейіне жеттік па? Мәселе сол. Соны былай тексере келетін болсақ, әділеттіліктің аздығы, жоқтығы. Сондықтан, біз өзіміздің тұғырнамамызды «Әділеттіліктің ақ жолы» деп атадық.

Бүгін «Әділет» партиясы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» тақырыпта баспасөз-мәслихатын өткізді. Республикалық бюджетті қамтуда қаржының негізгі бөлігі әлеуметтік бағытқа бөлінуі тиіс! Бүгін алдағы сайлауға «Әділет» партиясының атынан түсетін үміткерлер осындай мәлімдеме таратты. Олардың айтуынша, әлеуметтік мақсатқа жұмсалатын шығын, ол – адам капиталына инвестиция салу деген сөз. Денсаулық сақтау, білім беру саласында бөлінетін қаржы көбейтілуі керек.

Төлеген СЫДЫҚ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің өміріміз, дамуымыз, бала-шағамыздың болашағы, экономиканың болашағы саяси реформаның болашағы, жалпы саяси реформаның болашағы жалпы бүкіл қоғамның бәрі бюджет деген дүниеге келіп тіреледі. Кірісті дұрыс пайдалану, бюджетті дұрыс пайдалансақ, өмірімізге де дұрыс болады.

 

 

«Қазақстан патриоттары» партиясы

алматылықтармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Отбасы мен балалар құқығының қорғалуы мемлекет дамуының бір бағыты. «Қазақстан патриоттары» партиясы алдағы 5 жылға жасаған бағдарламасында бұл мәселеге айрықша көңіл біліпті.

Бүгін «Патриоттар» партиясының бірнеше мүшесі алматылық тұрғындармен жолығып, отбасы мен балалардың өмір сүру деңгейін бүгінгіден де жақсарту керек деген пікірмен бөлісті. Атап айтқанда, ескі балабақша ғимараттарын мемлекетке қайтару, шағын балабақшалар салу, жекеменшік балабақша орындарын кеңейту және осы санаттағы жаңа нысандарды тұрғызу бойынша атқарылар жұмыстарды күшейту қажет. Бүгінгі жас ұрпақ ел болашағы, сондықтан да «Қазақстан патриоттары» партиясы бүлдіршіндерді сапалы тәрбиемен қамту мәселесін шешудің жолдарын Парламентте заңдық тұрғыда қарастыруға сөз береміз,-деді бүгінгі кездесуде.

 

 

Қайрат МЕДИЕВ, ҚПП МҮШЕСІ:

- «Қазақстан патриоттары» партиясы әр туған балаға 1,5 млн теңге немесе 10 мың доллар көмек беру керек деген сұрақты көтеріп жатырмыз. Мұның барлығы жаңа туған балалар, балалардың өсуі, денсаулығы, ата-анасына көмек деген сияқты бұл сұрақтар 100 пайыз шешілуі керек. Әр балада балабақша болу керек. «Қазақстан патриоттары» партиясының осы Парламент Мәжілісіне үміткерлер өткен жағдайда бұл сұрақтарды Парламент дәрежесіне көтеріп, 100 пайызға шешуге тырысамыз біз.

Сондай-ақ, «патриоттықтар» бүгін Тараз қаласында да ашық есік күндерін өткізіп, халықтың өтініш-тілектерін тыңдады. Партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Гүлдана Хасенова халыққа өз бағдарламаларын таныстырды. Партия бағдарламасындағы басым бағыттың бірі - кәсіпкерлікті қолдау. Экономиканы жетектеуші күш болып саналатын шағын және орта бизнесті өркендету арқылы халықтың әл-ауқатын да арттырамыз, - дейді партия мүшелері. Жастар саясатын дамыту мәселесіне де партия тұғырнамасында ерекше мән берілген. Жалпы «Патриоттар» партиясының сайлауалды тұғырнамасында қоғамның барлық саласына қатысты мәселелер қамтылған. Олардың ішінде халықтың әл-ауқатын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, азаматтардың қауіпсіздігін күшейту мәселесі де бар. Кездесуден кейін партия атынан Мәжіліске үміткер Гүлдана Хасенова халық қаһарманы, Ғазиз Байтасов қаза болған жерге барып, гүл шоқтарын қойды. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін құрбан болған батырдың қайтыс болған жерін көлік тұрағына айналдырмай, айналасын қоршап, шағын тақта орнату керек деген пікірін білдірді.

Гүлдана НҮРПЕЙІСОВА, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Парламенттен біздің кәзір талап етіп отырғанымыз әр саяси партия Парламентте болса. Аз болсын, көп болсын бірақ өкілдері болса. Өйткені, әрбір партияның артынан бірталай адамдар келе жатыр, бірталай ұйымдар келе жатыр. Біздің «Қазақстанның патриоттары» партиясының ішінде 25 әртүрлі ұйым өкілдері бар. Ол ауған соғысының ардагерлері, ол көпбалалы аналар ұйымы, ол тағы мынау өрт сөндіру қауіпсіздігінің қоғамдары бар.

 

 

ЖСДП өкілдері Семей қаласында

сайлауалды үгіт-насихат шараларын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Семей қаласының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Социал-демократтар бағдарламаларында ең бастысы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту екендіктерін айтады. Партия белсенділері егер Парламенттен орын тиетін болса, Ішкі жалпы өнімнен денсаулық, білім, ауылшаруашылығы салаларына бөлінетін қаражат көлемін арттыру, бағалар өсімін ырықтандыру, шикізаттан өнім шығаратын кәсіпорындарды көбейту сияқты маңызды мәселелерді шешуге ат салысып, әрбір қазақстандықтың мүддесін қорғайтындықтарын жеткізді. Сол сияқты баспана алу, жемқорлықпен күрес, шағын және орта бизнеске жеңілдіктер қарастырып, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақыларын 3 есеге арттыруды көздейді. Кездесуге жиналған халық партия жетекшілеріне сұрақтарын қойып, жауап алды.

Майра ӘБЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНАН ҮМІТКЕР:

- Мен өзім мұғалім болғандықтан, оқу, білім саласын дұрыс қалпына келтіру керек. Мұғалімдердің дәрежесін көтеру керек. Тек қана жалақысын көтермей, вообще қоғамда оларға көзқарасты өзгерту керек. Елім деп жүрген азаматтар билікке, Парламентке келсе онда бәрі түзеледі.

 

 

«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт жұмыстарының

алғашқы қорытындысын шығарды

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясының аймақтардағы штабтары сайлауалды үгіт жұмыстарының алғашқы қорытындыларын шығара бастады.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында бұл партияның 30 мыңнан аса мүшесі бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындардың 65 пайызға жуығы ауылды жерде тұрады. «Ауыл» партиясы мүшелерінің айтуынша, партия тұғырнамасы ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауға, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған бірден-бір құжат болып есептеледі. Сондықтан, партияшыл топ сайлау барысында дауыс берушілердің көп бөлігі ауылдықтар болады деген үмітте. «Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Олар қазір тұрғындардың саяси сауаты жоғары, сондықтан олар кімнің қандай уәде беріп, оны қалай орындай алатынын жақсы біледі деп есептейді.

Исмат ТҰРСЫНҚҰЛОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Беріліп жатқан көмек көп ауылға. Дегенмен, әлі де шешілмей жатқан мәселелер де бар ауылда. Ауылдағы жастардың арасындағы жұмыссыздық. Ауылдағы халықтың несие ала алмайтындығы, ауылға кейбір әлде де газдың, судың бармағаны секілді шешілмеген мәселелер бар.

Бүгін «ауылдықтар» Солтүстік Қазақстан облысының Водопроводное ауылы тұрғындарымен де кездесті. Мұнда да олар ауылды гүлдендіруге бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын айтты. Жастарды ауылға көптеп тарту үшін – оларға нақты көмектер көрсетілуі қажет. Мәселен, тұрғын үй салуға ұзақ мерзімді пайызсыз несиелер беру, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге мемлекеттік қолдауды ұлғайту, кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту және зейнет жасын он жылға төмендету қажет. Мұның бәрі «ауылдықтардың» сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары.

Иван КЕДЮХ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ СҚО КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Еліміздің Парламенті көп партиялы болса көптеген мәселелер шешіледі. Халықтың тұрмысы мен жағдайы одан әрі жақсарады. Бұл - уақыт талабы. Сондықтан мен мұндай демократиялық өзгерісті қолдау қажет деп санаймын.

 

 

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Өскеменде болды

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Өскеменде болып, қаладағы «Азия Авто» өндірістік кәсіпорнының еңбек ұжымымыен кездесті.

Сайлауалды іс-шараларды партия төрағасы Азат Перуашевтың өзі басқарып жүр. «Азия Авто» кәсіпорны – аймақтағы ірі компаниялардың бірі. Мұнда қызмет жасайтындардың басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жастар. Экономиканың нақты салаларын қолдауды басты мақсат етіп алған ақжолдықтардың осы кәсіпорынға келуі – тегін емес. Олар зауыт жұмысшыларына өз сайлауалды тұғырнаманың басқа да басым бағыттарын түсіндірді. Азат Перуашевтің пікірінше, мұндай кәсіпорын елімізде көптеп салынуы керек. Парламентке келген жағдайда ақжолдықтар осы мәселелерді мықтап қолға аламыз деп отыр.

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Тараз қаласы тұрғындарымен де кездесті. Тұрғындармен кездесуде партия өкілдері жалақыны көтеру, жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты жою туралы ашық әңгіме қозғаған. «Ақ жол» сондай-ақ, білім беру сапасын көтеріп, Қазақстанда бәсекелестікке қабілетті нарықтық экономика құруға ат салысамыз деп отыр. Партия Үкімет пен Парламентке шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді тәсілдерін ұсынбақ. Олар кәсіпорын құрылғаннан бастап үш жыл ішінде салықтан босатылу керек деп есептейді. Ал Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік бабын алып тастау керек деп санайды.

Азамат ӘБІЛДАЕВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мына «Ақ жол» партиясында бізде көбінесе кәсіпкерлер, кәзіргі партияға келіп отырған, Мәжіліске де бара жатқан жігіттер. Біз кәзірдің өзінде 400-500 адамға жұмыс беріп отырмыз. Қолымыздан келгенше әлеуметтерін көтеріп жатырмыз. Бірақ көптеген заңдарға өзгеріс керек, салық заңдары, жер туралы заңдарға байланысты егерде біз Парламентте сол мәселелерді шешетін болсақ біз ойлаймыз, біз сияқты кәсіпкерлер бұдан да көп халыққа жұмыс бере алатын еді.

 

 

«Руханият» партиясының өкілдері студенттермен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Бүгін «Руханият» партиясының өкілдері «Қайнар» университетінің студенттерімен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия тұғырнамасы 20 баптан тұрады.

Жастарды баспанамен қамту, білім беру жүйесін мемлекет есебінен қаржыландыру, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу ісінде әлемдегі озық тәжірибені ескеру, оқу орындарын тәмамдаған жастарды жұмысқа орналастыру секілді баптар студенттерге тікелей қатысты болғандықтан, жастардың дені аталған партияның бағдарламасын құптап отыр. «Руханият» тұғырнамасы мұнымен шектелмейді. Онда ауыл шаруашылығына басымдық беру арқылы ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, дәстүрлі мал шаруашылығын дамыту, елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру көзделген. Сонымен қатар, партия белсенділері шет елдердегі қандастарымыз бен елге оралған ағайындарға қамқорлық жасап, әлемнің 45 еліндегі 5 миллиондай қазақ диаспорасына мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіп, олардың атажұртқа оралуына жағдай жасауды да талап етпек. «Руханияттың» Қазақстан бойынша 60 мың мүшесі бар. Қазіргі кезде еліміздің әр өңірінде 16 штаб үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Партияның 27 өкілі Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер.

Жанұзақ ӘКІМ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Студент жастармен кездесуге келген себебіміз, біздегі партияның бағдарламасының негізгі бабы ол мына жастар туралы. Онымен қатар, тек қана жастар емес бізде демографиялық мәлелер, ауылдық мәселелер, көп балалы отбасыларға көмек беру мәселелері бағдарламада бөлек-бөлек қаралған. Сонымен бірге, экология мәселесі. Біз Қазақстанның халқы таза ауада демалып, өмір сүру керекпіз. Осы бағытта жұмысты қолға аламыз деп отырмыз.

 

 

Келесі жылы елде өтетін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс

сайлауына сайлаушылардың 67,2 пайызы қатысады деп күтілуде

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15 қаңтарына өткізу жоспарланып отырған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың 67,2 пайызы қатысады.

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты  өкілдерінің сауалнама нәтижелері осындай. Сауалнама жұмыстарының қорытындысымен бүгін журналистермен болған брифингіде Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры Айгүл Сәдуақасова таныстырды.

Оның айтуынша, зерттеу 6-16 желтоқсан аралығында Қазақстанның барлық облыстарындағы жасы 18-ден асқан азаматтар арасында жүргізілген. Сауалнамаға 2 мың адам қатысқан. «Олардың 67,2 пайызы өздеріне қойылған «Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс бересіз бе?», - деген сауалға «иә» деп жауап берді. Ал осы сайлауда «Сіз қандай партияға дауыс бересіз?» деген сауал бойынша респонденттердің 80,5 пайызы - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына, 7,0 пайызы - «Ақ жол» демократиялық партиясына, 2,4 пайызы - жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына, 2,0 Қазақстанның коммунистік халық партиясына, 1,1 - «Әділет» демократиялық партиясына, 0,6 пайызы - Қазақстанның патриоттар партиясына, 0,4 пайызы - Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясына, 0,1 пайызы - «Руханият» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты. Ал респонденттердің 5,9 пайызы кімге дауыс беретіндіктерін әлі шешпеген», - деді институт директоры. 

 

 

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша

сайлаушылардың электоралды белсенділігінің нәтижесі жарияланды

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж., Р. Ғаббасов/ - Алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша сайлаушылардың электоралды белсенділігі 75,2  пайызға жетіп отыр.

Бұндай ақпаратты бүгін Астанада өткен брифингте «InfoSestem» зерттеу орталығы» қоғамдық қорының маманы Салтанат Ермаханова айтты.

Атап айтқанда зерттеу жұмысы «Медиа Астана» қоғамдық бірлестігінің тапсырысы бойынша Қазақстан азаматтарының электоралдық  ахуалын зерделеуге арналды.

С. Ермаханованың сөзіне қарағанда, биылдың 4-23 желтоқсаны аралығында жүргізілген сауалнамаға еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларынан 1 597 респондент қатысты. «Қазақстан электоратының алдағы Парламент Мәжілісі сайлауына 75,2 пайызы қатысуға дайын екендіктерін анықтадық. Бұл үгіт науқанының алғашқы кезеңі үшін жоғары көрсеткіш болып болып табылады», - деді ол.

С. Ермаханованың айтуынша, сайлаушылардың 80,1 пайызы «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге дайын. Сонымен қатар, сауалнама рейтингісінде дауыс беру деңгейінің 7 пайызы - «Ақ жол» демократиялық партиясының, 2 пайызы - Қазақстанның коммунистік халық партиясының, 0,4 пайызы - «Әділет» демократиялық партиясының, 0,3 пайызы - Қазақстанның патриоттар партиясының, 0,2 пайызы - «Ауыл» партиясының, 0,1 пайызы - «Руханият» партиясының үлесінде.

 

 

Сайлауға қатысты кезекті

әлеуметтік зерттеу қорытындысы

 

/«Қазақстан» ТРК, 26.12.2011 ж., Ж. Досмағамбет/ - Қазір қазақ азаматтарының электоралдық белсенділік деңгейі, яғни, сайлауға қатысуға ниеттілер қатары 67,2 пайызды құрап отыр. Ал тұрғындардың 5,9 пайызы қай партияға дауыс беретіндігін әлі анықтамаған. Мәжіліс сайлауы туралы қоғамдық пікірді зерттеп, әлеуметтік сауалнама жүргізген инситут мамандары осылай дейді. Зерттеу Астана, Алматы қалаларымен қатар барлық облыстарда жүргізілген. Сұхбат түрінде өткен сауалнамаға 18 жастан асқан, жасы, ұлты, білім деңгейіне қарай әртүрлі азаматтар іріктеліп алынды. 2000-нан аса тұрғын қаңтардың 15-інде болатын саяси додаға қатысты өз ойларын білдірген. Зерттеу демеушілердің қаржысына жүргізілді.

«Сіз қандай партияға дауыс бересіз?» деген сауалға берген жауаптардың негізінде саяси партиялардың көрсеткіштері жасалды. Зерттеуге қатысқандардың 80,5 пайызы «Нұр Отанды» қолдаған. Одан кейінгі кезекте 7 пайызбен «Ақ жол» партиясы тұр. Сауалнамаға сәйкес Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын 2,4 пайыз, Қазақстан коммунистік халық партиясын 2 пайыз, ал «Әділет» демократиялық партиясын 1,1 пайыз тұрғын қолдайтындықтарын жеткізген. Әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың 0,6 пайызы Қазақстан Патриоттары партиясына, ал 0,4 пайызы Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясына таңдау жасаған. Саяси партиялар тізімін 0,1 пайызбен «Руханият» партиясы аяқтайды.

 

 

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты сайлау туралы

әлеуметтік сауалнама нәтижелерін таныстырды

 

/«BNews.kz», 26.12.2011 ж./ – Бүгін Астанада Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 2011 жылдың 6-16 желтоқсанында өткізілген, алдағы ҚР Парламент Мәжілісі сайлауы туралы қазақстандықтардың қоғамдық пікіріне әлеуметтік сауалнама жүргізу нәтижелерін таныстырды.

«Зерттеу нәтижесі бойынша қазақстандықтардың сайлау белсенділігінің деңгейі қазіргі таңда 67,2%-ды құрайды. Сұралғандардың дәл осындай пайызы «2012 жылдың 15 қаңтарында Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға барасыз ба?» деген сұраққа «иә» деп жауап берді», - деді институт директоры Айгүл Сәдуақасова.  

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының ақпаратына қарағанда, «Сіз қай партияға дауыс бересіз?» деген сұрақ негізінде жасалған саяси партиялардың рейтингі мынадай:  

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы  - 80,5% сауалнамаға жауап беруші;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы  - 7,0%;

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы  - 2,4%;

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) - 2,0%;

«Әділет» демократиялық партиясы - 1,1%;

Патриоттар партиясы - 0,6%;

«Ауыл» Қазақстан әлеуметтік-демократиялық партиясы  - 0,4%;

«Руханият» партиясы - 0,1%.

Сауалнамаға қатысушылардың жалпы саны - 2000. Iрiктеудегі дәлсіздік - 2%. Зерттеу демеушi қаражатына жүргізілді. 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік сауалнама:

қазақстандықтардың 67,2 пайызы дауыс береді

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Қазақстандықтардың электоралды белсенділігі 67,2 пайызды құрап отыр. Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты сауалнама жүргізіп, халықтың сайлауалды көңіл-күйін анықтауға тырысты.

Сұхбатқа Қазақстанның барлық өңірі, Астана мен Алматы қалаларынан 2 мың респондент қатысты. Іріктеме қателігі 2 пайыз, сауалнама демеушілік қаражатпен ұйымдастырылды. Сұхбат барысында алдағы науқанда кімнің қандай партияға дауыс беретіні жайлы сауал қойылды. Респонденттердің 80,5 пайызы «Нұр Отанды», 7 пайызы «Ақ жолды» таңдады. Үшінші орында 2,4 пайызбен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Қазақстанның коммунистік халықтық партиясын 2 пайыз, «Әділетті» 1,1 пайыз, Патриоттар партиясын 0,6, «Ауылдықтарды» 0,4 және «Руханиятты» 0,1 пайыз сауалнамаға қатысқан азаматтар қолдаған.

Айгүл СӘДУАҚАСОВА, ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Сауалнамада 43,4 пайыз ер-азаматтар мен 56,6 пайыз әйелдер қатысты. Респонденттердің 18 бен 20 жас аралығындалар сауалнамаға қатысқандардың 23,2 пайызын, 30 бен 45 жас арасындағылар 33,8 пайызды, 46 мен 60 жас аралығындағылар 16 пайызды және 60 жастан жоғарылар 16 пайызды құрады.

 

 

Мәжіліс сайлауына деген сайлаушылардың көңіл-күйі 4 жыл

бұрынғы ахуалдан көп өзгерген жоқ - Болат Сұлтанов

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., Е. Ержанұлы/ - Сайлаушылардан қолдау таба алмаған келешегі күмәнді кейбір саяси партиялар сайлауға бойкот жариялауы мүмкін.

Бұл жөнінде бүгін Алматыда өтіп жатқан сарапшылардың «Қазақстаның саяси партиялары: сайлауға арналған күн тәртібі» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында сөз болды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, Демократия институты ғылыми зертеу қауымдастығы 23 желтоқсанда Мәжіліс сайлауына қатысты 17-19 желтоқсанда жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен таныстырды. Онда респондентердің 57,5 пайызы міндетті түрде сайлауға қатысатындарын, ал 12,2 пайызы дауыс беруге баруға ықыласты екенін білдірген. Онда сауалнамаға қатысушылардың 72 пайызы – «Нұр Отанға», 7,1 пайызы – «Ақ жолға», 2,2 пайызы - ЖСДП-ға, 2,1 пайызы - коммунистерге,  1,8 пайызы – «Әділетке», 1,6 пайызы – «Патриоттар», 1,5 пайызы – «Ауыл», 0,1 пайызы «Руханиятқа» дауыс беретіндерін білдірген. Ал Әлеуметтік саяси шешімдер институтының зерттеуіне қарағанда, сайлаушылардың  67,2 пайызы сайлауға қатысатынын айтқан. Олар  «Нұр Отанға» - 80,5 пайыз, «Ақ жолға» - 7 пайыз, ЖСДП-ға -2,4 пайыз, коммунистерге - 2 пайыз, «Әділетке» - 1,1 пайыз, «Патриоттарға» - 0,6 пайыз, «Ауылға» - 0,4 пайыз, «Руханиятқа»  0,1 пайыз дауыс берген.

«2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайдауында «Нұр Отанға» - 88,41 пайыз; «Ақ жолға» - 3,9 пайыз, ЖСДП-ға - 4,54 пайыз; коммунистерге - 1,29 пайыз, «Патриоттар» - 0,78 пайыз, «Ауыл» - 1,51 пайыз, «Руханият» - 0,37 пайыз алған болатын. Бұл сандар сайлаушылардың 4 жыл бұрынғы және қазіргі көңіл-күйін көрсетеді. Енді зерттеу нәтижесін көрген соң дауыс ала алмағандар сайлаушыларды сайлауға келмеуге шақырып, оған бойкот жариялап оны бүлдіруге тырысуы мүмкін. Өйткені бБұл партиялардың келешегі жоқ», - дейді тарих ғылымының докторы, саясаттанушы  Болат Қылышбайұлы.

 

 

Қазақстандықтар талғамы өзгеріссіз

 

/«Егемен Қазақстан», 27.12.2011 ж./ - Кеше Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Брифингтің мақсаты «Партиялар рейтингі – 1 өлшемі» бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижесін жариялау еді. Бұл жолғы сұрау салулар 6-16 желтоқсан аралығын қамтыса, сауалдама Қазақстанның барлық облыстарында, сонымен бірге, респуб­ликалық маңызы бар қалалар – Астана мен Алматыда тұрғылықты мекен-жайлар бойынша сұхбат әдісімен өткізілді. Сауалдамаға жасы 18-ден асқан ел азаматтары қатыстырылды. Олардың жалпы саны 2000 адамды құрады.

Брифингте Әлеуеметтік-саяси зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, әдіснама және талдау бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәдуақасова мен әлеуметтану магистрі Айнұр Мәжитова сөз сөйледі.

Институт директоры Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, зерттеу нәтижесінде қазақстандықтардың электоралдық белсенділігі қазіргі кезде 67,2 пайызды құрайтыны белгілі болып отыр. «Сіз 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда дауыс беруге барасыз ба?» деген сауалға сұрау салынғандардың жоғарыда көрсетілгендей пайызы «иә» деп нақты жауап қайтарған.

«Сіз қай партияға дауыс беретін боласыз?» деген сұраққа жауаптар бойынша қалыптасқан саяси бірлестіктердің рейтингі төмендегіше:

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы – респонденттердің 80,5 пайызы;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7 пайыз;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 2,4 пайыз;

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы – 2 пайыз;

Қазақстанның «Әділет» демократиялық партиясы – 1,1 пайыз;

Қазақстан Патриоттары партиясы – 0,6 пайыз;

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы – 0,4 пайыз;

«Руханият» партиясы – 0,1 пайыз.

Респонденттердің 5,9 пайызы қай партияға дауыс беретінін әлі шешпепті.

Ал сауалдама сұхбат әдісімен жүргізілген. Таңдаудағы ауытқушылықтар 2 пайыз шамасында болуы ықтимал. Сұрау салулардың демеушілердің қаржысына жүргізілгенін де айта кеткен жөн.

RSS: Қазақстандықтардың қай партияға басымдық беретіні өзгеріссіз қалып келеді.

 

 

Сіз кімге дауыс бересіз?

 

/«Ел», 27.12.2011 ж., Ғ. Атымтай/ - Алдағы келер жылдың 15 қаңтарына өткізу жоспарланып отырған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына сай-лаушылардың 67,2 пайызы қатысады деп күтілуде.

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты өкілдерінің сауалнама нәтижелері осыны көрсетіп отыр. Сауалнама жұмыстарының қорытындысымен журналистермен болған брифингте Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының директоры Айгүл Сәдуақасова таныстырды.

Оның айтуына қарағанда, зерттеу 6-16 желтоқсан аралығында Қазақстанның барлық облыстарындағы жасы 18-ден асқан азаматтар арасында жүргізілген. Сауалнамаға 2 мың адам қатысқан көрінеді.

Олардың 67,2 пайызы өздеріне қо-йылған «Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыс бересіз бе?» – деген сауалға «иә» деп жауап берген. Осы сайлауда «Сіз қандай партияға дауыс бересіз?» деген сауал бойынша респонденттердің 80,5 пайызы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясына, 7,0 пайызы «Ақ жол» демократиялық партиясына, 2,4 пайызы жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына, 2,0 Қазақстанның коммунистік халық партиясына, 1,1 пайызы «Әділет» демократиялық партиясына, 0,6 пайызы Қазақстанның патриоттар партиясына, 0,4 пайызы Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясына, 0,1 пайызы «Руханият» партиясына дауыс беретіндіктерін айтқан көрінеді. «Ал респонденттердің 5,9 пайызы кімге дауыс беретіндіктерін әлі шешпеген», – деді институт директоры Айгүл Сәдуақасова өз сөзінде.

 

 

Партиялардың иықтысы, халыққа сүйіктісі қайсы?

 

/«Егемен Қазақстан», 28.12.2011 ж., А. Есали/ - Кеше Алматыда мемлекеттік және тәуелсіз талдау құрылымдарының жетекші сарапшыларының қатысуымен «Қазақстанның саяси партиялары: сайлауға арналған күн тәртібі» атты дөңгелек үстел өтті. БАҚ және Алматы қаласындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары өкілдері қатысқан жиында сарапшылар сөз алып, сайлау додасындағы саяси партиялардың әрекетіне бағасын берді.

Қазақстан Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында өткен дөңгелек үстелдің жұмысы мен маңыздылығы алдағы Парламенттік сайлаумен байланысты болды.

Соңғы уақытта еліміздің партиялық-саяси кеңістігінде белсенділік байқалып, Парламенттік сайлауға дайындық жүріп жатқаны белгілі. Жаңа тұлғалар, саяси партиялар және қоғамдық-саяси бірлестіктер халық арасында өздерін танытып, көзге ілігу шараларын жүзеге асыруда.

Қоғамда орын алып отырған жағдай, жаңа идеологемалардың туындауы саяси партиялардың халықпен бұрынғыдан да жақын жұмыс істеуін және қоғамның маңызды мәселелерін шешуді талап етіп отыр. Заманның жаңа талаптары мен қауіп-қатерлері оларға тиісті жауап қайтара алатын, сапалық тұрғыдан алғанда, жаңа Парламенттің қалыптасу қажеттілігін меңзейді.

Ата Заңымызға 2007 жылы енгізілген толықтыруларға сәйкес, бірпартиялық Парламенттің қалыптасуы алынып тасталды. Сайлау қорытындысы бойынша екінші орынға іліккен партия Парламенттегі өкілеттілікке қол жеткізеді. Бұл заң шығарушы органның икемді әрі мәселе шешімін іздеуде шапшаң болуын қамтамасыз етеді. Осыған орай әрбір саяси партияның жеңіске жету ықтималдылығын зерттеу маңызды. Өйткені, алдағы сайлаудың қызығушылық тудыра алатын тұстарының бірі – қай партия екінші орынға қол жеткізетіндігінде болып тұр. Сонымен сарапшылар не дейді?

Олардың айтуынша, саяси партиялар сайлаушылардан қолдау табу үшін сайлау науқанында ғана емес, барлық уақытта қарқынды жұмыс жүргізуі керек. Мәселен, Қазақстан гуманитарлық саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдар докторы Есенжол Алияровтың айтуынша, сайлау кезінде ғана халыққа уәдені үйіп-төгетін партиялардың бағдарламалары бір-біріне өте ұқсас. Мәселені шешудің нақты жолын ұсынбағандықтан, сайлаушылардан қажетті қолдау таба алмауда. Осыған қарамастан, сайлаудан кейін біздің дауысымызды ұрлады деп байбалам салатындар азаймай тұр. Олар қоғамдағы өзінің рөлін көтеру үшін өз бағдарламасын жалпы сипатта емес, нақты көкейкесті мәселелерге бағыттауы керек.

 «Халықпен қоян-қолтық араласып, оның мұң-мұқтажын біліп, күнделікті шешіліп жатқан мәселелерге белсенді араласқан жағдайда саяси ұйымдардың қоғамдағы рөлі мен беделі жоғары болады», – дейді саясаткер. Қарап отырсақ, осыдан төрт жыл бұрынғы сайлаудан кейінгі кезең де төрт күндей болмай өте шығыпты. Дегенмен, осы аралықта Мәжіліс сайлауына деген сайлаушылардың көңіл-күйі 4 жыл бұрынғы ахуалдан көп өзгермеген. Осыған қарамастан, алда өтетін сайлаудың ауаны қандай болмақ?

Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, Демократия институты ғылыми-зерттеу қауымдастығы 23 желтоқсанда Мәжіліс сайлауына қатысты 17-19 желтоқсанда жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен таныстырды. Онда респонденттердің 57,5 пайызы міндетті түрде сайлауға қатысатындарын, ал 12,2 пайызы дауыс беруге баруға ықыласты екендерін білдірген. Онда сауалдамаға қатысушылардың 72 пайызы – «Нұр Отанға», 7,1 пайызы – «Ақ жолға», 2,2 пайызы – ЖСДП-ға, 2,1 пайызы – халықтық коммунистерге, 1,8 пайызы – «Әділетке», 1,6 пайызы – «Патриоттар», 1,5 пайызы – «Ауыл», 0,1 пайызы «Руханиятқа» дауыс беретіндерін білдірген.

Ал Әлеуметтік-саяси шешімдер институтының зерттеуіне қарағанда, сайлаушылардың 67,2 пайызы сайлауға қатысатынын айтқан. Олар «Нұр Отанға» – 80,5 пайыз, «Ақ жолға» – 7 пайыз, ЖСДП-ға – 2,4 пайыз, халықтық коммунистерге – 2 пайыз, «Әділетке» – 1,1 пайыз, «Патриоттарға» – 0,6 пайыз, «Ауылға» – 0,4 пайыз, «Руханиятқа» 0,1 пайыз дауыс бермек.

– 2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» – 88,41 пайыз, «Ақ жол» – 3,9 пайыз, ЖСДП – 4,54 пайыз, халықтық коммунистер – 1,29 пайыз, «Патриоттар» – 0,78 пайыз, «Ауыл» – 1,51 пайыз, «Руханият» 0,37 пайыз дауыс алған болатын. Бұл сандар сайлаушылардың 4 жыл бұрынғы және қазіргі көңіл-күйін көрсетеді. Енді зерттеу нәтижесін көрген соң дауыс ала алмағандар сайлаушыларды сайлауға келмеуге шақырып, оған бойкот жариялап, оны бүлдіруге тырысуы мүмкін. Өйткені, бұл партиялардың келешегі жоқ, – дейді тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Болат Қылышбайұлы.

Қалай десек те, ҚСЗИ-дың әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сейдін саяси партиялар соңғы 3-4 жылдың көлемінде қалай жұмыс істесе, оған халықтың беретін бағасы, яғни дауысы да тиісінше, сол деңгейден көрінетіндігін айтады.

 

 

 

 

Сайлау-2012

 

/«Егемен Қазақстан», 27.12.2011 ж./:

 

Еліміздің басты байлығы – адам

«Нұр Отан» партиясының XIV съезінде алдағы Мәжіліс сайлауында тұғырнама ретінде «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» жария етілген болатын. Партия Президенттің «Қазақстан-2020» Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың саяси кепілі болып табылады. Құжатта «Біз еліміздің басты байлығы – адам, оның білімі, мүмкіндіктері, денсаулығы мен игілігі екендігіне толық сенімдіміз», – деп атап көрсетілген.

Кеше Қостанайда өткен кездесуде экономика, әлеуметтік қамтамасыз ету, еңбекпен қамту және білім беру мәселелері сөз болды. Қазақстандағы ірі кондитерлік фабрика – «Баян сұлуда» Президентіміздің индустрияландыру бағдарламасы бойынша жаңа жоба іске қосылды. Өндірісті жаңарту және дамыту – болашақтағы табысты жұмыстың кепілі. Сондықтан біздің ұжым Елбасын және ол басқарып отырған партияның саясатын бірауыздан қолдайды, деді кондитерліктер.

Өзінің сайлауалды бағдарламасын нұротандықтар сондай-ақ Рудный қаласындағы қарттар үйі мен мүгедектер үйінде тұрып жатқандарға таныстырды. Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның толыққанды мүшелері. Олар да еңбек етіп, лайықты өмір сүріп, тиісті емдік шараларды алуға тиіс, деп санайды кездесуге қатысушылар. Ал әлеуметтік мәселелер – «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірі.

– «Нұр Отан» – бізге, мүгедектерге көмектесіп отырған жалғыз партия. Сондықтан біз «Нұр Отанның» жеңісі үшін дауыс береміз! – деді «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы» мүгедектер қоғамының төрайымы Дина Ерділдінова.

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының ұжымы 15 қаңтарда өтетін сайлауда «Нұр Отанды», ел Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын жария етті. Соколов-Сарыбай тау-кен байыту ұйымының өндірісін сақтап қалу, жаңғырту және одан әрі дамыту тек қана мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауы мен экономикадағы үлкен реформалардың арқасында мүмкін болғанын комбинат ұжымы жақсы түсінеді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

Қостанай облысы.

 

Патриоттар жастарға сенім артады

Бұл жолы патриоттықтар футболдан жарыс өткізді. Аталған шараны партия белсенділері жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырғандықтарын айтады. Партияның сайлауалды тұғырнамасында жастарға ерекше маңыз берілген. Жастар – еліміздің болашағы, сондықтан да жастардың да келешегін ойлау баршамыз үшін парыз, дейді олар. Ал аталған жарыс додасына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы, С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университет шәкірттері, Астана қалалық футбол клубының теңбіл доп шеберлері және өзгелер де қатысыпты. Бірінші орынды Астана қалалық футбол командасы иеленсе, екінші орын «Шығыс» аула футбол клубы теңбіл доп шеберлеріне бұйырған. Үшінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жас командасы қанжығаларына байлаған. Ойын қорытындысы бойынша Астана футбол клубының ойыншысы Ержан Мұхамедин ең үздік футболшы деп танылыпты.

Қазақстан Патриоттары партиясы сайлауалды штабы басшысының орынбасары Жанмұрат Сыражиденнің сөзіне қарағанда, егер партия сайлауда жеңіске жететін болса, онда ең алдымен жастар саясатын қайта қарау бастамасын көтереді. Яғни, жастар еліміздің қоғамдық, спорттық және әлеуметтік өміріне белсене араласа бастайтын болады. Сондықтан да партия жастардың арасындағы талантты дегендерін қолдап, барынша қолдау көрсетуге әзір. Өйткені, әсерлі өткен ойын барысы көрсеткендей, жастарымыз жеңіске деген ұмтылыстарымен де ертеңге деген сенімді ұялатып отыр. Оның үстіне жастар тек өздерінің шеберліктерін ғана көрсетіп қоймай, ұйымшыл екендіктерін, бір-біріне қолдау болатын ұжымшыл екендіктерін де таныта білген.

– Мен жақсы әсер алдым, – дей келіп, Ж.Сыражиден жастардың белсенділігін арттыру үшін аулаішілік клубтардың жұмысын жандандырған жөн дегенді де ерекше айтып кетті. Егер аулалық клубтарға жан-жақты қолдау көрсетілсе, онда жастардың жаман істерден аулақ болуына игі ықпалы тиер еді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

 

Жүргеновтегі жүздесу

Алматы қаласында, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының мәслихат залында «Руханият» партиясы оқу орнының студенттерімен және оқытушылар құрамымен кездеcті. Кездесуге «Руханият» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Еркін Рақышев пен Мереке Құлкенов келді. Жиын барысында «Руханият» партиясының алға қойған мақсаттары айтылып, егер үміткерлер депутаттыққа өтетін болса, онда қарапайым халықтың мүддесі үшін, яғни тұрмысы нашар отбасыларға көмек беру, студенттер мен жастарға қолдау көрсету, мүгедек адамдарға жәрдем беру және басқа да игі істер бағытында жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Партия өкілдері ең алдымен жазылған заңдардың тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде іске асуын қадағалайтындарын айтты.

Бұдан өзге, алдағы сайлауда бақ сынайтын үміткерлер елдегі барлық этностық топ өкілдерінің тең құқығын сақтай отырып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне қауіп төндіретін кез келген үдерістерге тосқауыл болу және мемлекеттік тіл мен рухани бірлікті сақтай отырып, мығым мемлекет қалыптастыру міндетіне әрбір қазақстандықтың үлес қосуы, сол жолда еңбектенуі қажеттігін атап көрсетті.

Руханияттықтар білім беру, соның ішінде жоғары білім беру жүйесінде әлі де реформалар жасауды, Ұлттық ғылым академиясын қалпына келтіріп, Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны қайта қарау арқылы орта және жоғары білімнің, ғылымның мемлекет пен қоғам өмірінде қарышты дамуына жол ашу, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу ісінде шын мәнінде әлемдегі озық тәжірибені толық ескерген жаңа бағдарлама қабылдау секілді партия бағдарламасында көрсетілген бірқатар мәселелер турасында жастармен ой бөлісті. Ел ертеңін сауатты маманмен қамтамасыз ету үшін бүгінгі студент жастарды жатақхана-пәтермен қамтамасыз ету арқылы олардың толыққанды білім алуын, отбасын құрып, жұмысқа орналасуын және өсіп-өнуін қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік «Жастар» бағдарламасын қабылдау қажеттігін де тілге тиек етті.

Сондай-ақ, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, әр сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.

Қанат ЕСКЕНДІР,

Алматы.

 Ақжолдықтар Алтайда болды

Дүйсенбі күні партия төрағасы Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» ҚДП-ның үгіт-насихат тобы Өскемен қаласына келді. Өр Алтайдың төріне аяқ басқан партия белсенділері мемлекеттік саясаттың басты мақсаты тұрғындардың әл-ауқатын үздіксіз арттырып отыру екенін атап көрсетті.

Кеше үгіт-насихат тобы еліміздің тұңғыш автокөлік өндірісі – «Азияавто» көлік құрастыру зауытына келіп, ұжым жұмысшыларымен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Зауыттың конвейеріндегі шығарылып жатқан автокөліктердің сапасына жете назар аударды.

«Азияавтоның» президенті Ержан Мәндиев «Ақ жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелген. Азат Перуашев зауыт жұмысшыларымен кездесуде партияның бағдарламасымен таныстырды.

– Соңғы кезде «Ақ жол» партиясына кіргендердің көпшілігі жастар. Жастар – болашағымыз, тірегіміз. Шырайлы Шығыста да партия қатарына жастар көптеп өтіп жатыр. Оған қуанамыз. «Ақ жолдың» кәсіпкерлікті дамыту туралы ұсыныстары, тұтастай алғанда, ел экономикасы дамуының жаһандық жетістіктеріне жастардың өз үлестерін қосу бойынша ынталандыру болып табылады. Ендеше, зауыт жұмысшылары сайлау күні бізді қолдайды деген ниеттемін, – деді партия төрағасы.

Сол күні түстен кейін партия белсенділері «Шайне Ривер» қонақ үйінің конференц залында жергілікті кәсіпкерлермен дөңгелек үстел жиынын өткізді. Жиынды ашқан партия төрағасы алдағы тұрған міндеттерге тоқталып, Елбасының Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесінде сөйлеген сөздерінен үзінді келтіре келіп, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін ортаға салды. «Шырайлы Шығыста кәсіпкерлік дамып келеді, бірақ ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік баяу алға жылжуда», деді А.Перуашев.

Кешкісін Металлургтердің мәдениет үйінде көңілді тапқыштар клубының бәсекесі өтті. Оған партия белсенділері қатысып, Мәжіліс депутаттығына кандидат күміс көмей әнші Кенжеғали Мыржықбай әннен шашу шашты.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

Өскемен.

 

 Үздік үштіктің қатарында тұр

Астана қалалық «Медиа Астана» қоғамдық бірлестігінің тапсырысымен «InfoSystem» зерттеу орталығы Парламент сайлауы қарсаңындағы электораттың белсенділігін анықтау мақсатымен сауалдама жүргізді. 4 желтоқсан мен 23 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған сауалдамаға Астана мен Алматы қалалары және 14 облыс орталықтары мен елді мекендеріндегі 1597 адам қатысқан. Қазақстандықтар өздерінің сайлауға белсенді түрде қатысатынын бұл жолы да көрсеткен. Сұралғандардың 75 пайызы өздерінің сайлауға баратынын және дауыс беруге белсене қатысқысы келетінін айтқан. Олар өздерінің дауыс беру нәтижесінен ел болашағының қандай болмақтығы шешілетініне сенімді. Мұ­ның өзі халықтың басым көпшілігі Қазақстанда болып жатқан демократиялық реформалардың оң нәтиже беретініне сенім артатынын да көрсетеді.

 «InfoSystem» зерттеу орталығының директоры Салтанат Ахметова үгіт-насихат науқанының әлі өз күшіне ене қоймағанына қарамастан, электораттың осыншалықты белсенді көңіл-күйде екендігін жақсылыққа балайды. Мұндай мерзімде осыншалықты көрсеткіш бола бермейді, дейді ол. Сайлауға сауалдама берілген халықтың 9,5 пайызы ғана оған қатысудан бас тартыпты.

Ал енді сайлаушылардың қай партияға бүйрегі бұратындығына келсек, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға дауыс бергісі келетіндер сұрау салынғандардың 2,1 пайызына жетіп отыр екен.

Осының өзі ЖСДП белсенділерінің халықпен тығыз байланыста екенін айғақтаса керек. Осы орайда Жаңаөзендегі оқиғаны аттап кете алмайсың. Кезінде ереуілдеген мұнайшылардың арасына ЖСДП-ның белсенділері барып, қолдан келер көмектерін ұсынғаны белгілі. Халық осы бір ілтипатты, әсіресе, бүгінгі таңда лайықты бағалайтын секілді.

Бүгін партияның Алматыдағы белсенділері «Шаңырақ-2» шағын ауданындағы мектепте жұртшылықпен кездессе, Талдықорған қаласы мен Астанадағы бөлімшелері де тұрғылықты жерлерінде бірнеше кездесуден өткізетін болады.

Жақсыбай САМРАТ.

 

Таңдауынан таймаған қарт коммунист

«Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының» Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының құрметті төрағасы, жасы жетпістің үстіндегі Әли Сабыров халықшыл коммунистердің атынан Парламент Мәжілісіне депутат болып бармақ. Бармақ дегеніміз артықтау болар, дәл қазір ниет үстінде. Барар-бармасын сайлаушылар шешеді.

Көп жыл партиялық қызметте басшылық жасаған Әли Арықбайұлы Оңтүстікте сыйлы. Көп шал-шауқандардай шапан кигізген, ат жетектеткендердің сойылын соғып кетпейді. Өзіндік ойы бар, айтарын бет-жүзге қарамай тіке айтады. Дербес зейнеткер. Баласы табысы жақсы қызметте. Батыс Қазақстан облысында талай елді мекендерді су шайғанда осы Әли Арықбайұлы жинаған жеке қаржысынан 1 млн. теңге аударған.

Елбасымыз да Оралға барып, зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілтін тапсыр­ғанда: «Сіздерге халық болып көмектесті. Соны бағалаңыздар, біліңіздер. Оңтүстіктің бір ардагер ақсақалы өз қаражатынан 1 млн. теңге аударды», дегенде осы Әли ағамызды айтқан болатын. Әли қария Сарыағаш ауданындағы бірнеше елді мекенді қарғын су алғанда да арнайы есеп-шотқа қаржы аударған.

– Ақшасы көп адам емеспін. Атақ шығару да ойымда жоқ. Бірақ, ел қиналып жатқанда үйде тыныш жата алмаймын, – дейді ақсақал ағынан жарылып.

Біреулер Қазақстанның байлығын теспей сорып борсықтай семіреді. Ұрлық ақшасын шетелдік есеп-шоттарына жасырады. Әли ағамыз да осыған аң-таң. «Олар ұлттың патриоты емес. Кез келген күні сатып кетеді. Сондықтан, кеткендері абзал», дейді қарт халықшыл коммунист. Әсілінде, бұл кісі партияның Оңтүстіктегі басшылығын Нұрлан Қадырқұлов деген азаматқа өз еркімен өткізген.

Бірақ, Алматыдағы орталық «дем алсам» дегеніне көнбейді. Құрметті төраға, әрі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша кураторлық қызметі және бар.

– Оңтүстіктен Мәжіліске партия атынан менің кандидатурам ұсынылды, – дейді Әли Сабыров. – Дәм жазып, сайлаушылар дауыс беріп жатса, Парламентте біз көтеретін мәселелер жоқ емес…

Бақтияр ТАЙЖАН,

Шымкент.

 

Ауылдықтар жер-жерді аралап жүр

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының сайлауалды жұмыстары еліміздің барлық өңірлері бойынша өріс ала бастады.

Жуықта осындай кездесулердің бірі Ақмола облысының Жарқайың ауданының жұртшылығымен болып өтті. Мұнда сайлаушылармен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Қуаныш Әбуов кездесіп, жиналғандарды «Ауыл» партиясының бағдарламасы және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. «Ауыл» партиясы қызметінің негізіне сан ғасырлық революциялық даму нәтижесінде тұжырымдалған және қазіргі кезде неғұрлым дамыған демократиялық елдерде басымдыққа ие болып отырған осы заманғы социал демократияның түбегейлі қағидаттары алынғандығын айта келе, бұл партияның мақсаттары адамдарға жақын және түсінікті екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы «Айсері» қонақ үйінде орналасқан «Ауыл» партиясының қалалық штабындағы жұртшылықпен кездесуге Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Сәрсенғали Әжібаев, «Зоология институты» РМК бас директоры Әлихан Меделбеков, Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Сейітқазы Кешеуов келді. Мұнда кандидаттар облыстық, қалалық штабтардың жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысып, жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасында қарастырылған мәселелер туралы әңгімеледі.

Павлодар облысының Ақсу ауданында Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынова, Атырау облысының аудандарында партияның орталық штабының жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Көпмағамбет Елемесовпен болған кездесулер барысында да партияның бағдарламасы туралы әңгіме қозғалып, жұртшылықтан көптеген сұрақтар түсті. Жиналысқа қатысқандардың барлығы «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ.

 

Жұртшылық тілегі ескеріледі

«Әділет» демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев 15 қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауы науқаны алдындағы үгіт-насихат науқанына орай, Оңтүстік Қазақстан өңіріне сапарын аяқтады. Бұл өңірге сапары барысында партия жетекшісі сайлаушылармен жүздесіп, олардың көкейінде жүрген мәселелеріне құлақ түрді. Оңтүстікке сапарының үш күні ішінде М.Нәрікбаев бірқатар кездесулер өткізсе, Қазығұрт ауданында да болып, жұртшылықпен жүздесті.

Оңтүстік Қазақстанда жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күнінде М.Нәрікбаев қаладағы Жұртшылыққа қызмет көрсету орталығында болып, жергілікті халықпен кездесті. Әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмасылып, әдемі әңгіме өріс алды. Қала халқы жеке идентификациялық нөмірді алу үшін тым қысқа мерзім берілгеніне өздерінің наразылықтарын білдіріп те үлгерді.

Бұл күні партия төрағасы өз кезегінде көкөніс пен жеміс бағасының шарықтап кеткеніне назар аударды. Оның пікірінше, оңтүстік өңірі көкөніс пен жеміс өсіру өндірісінің негізгі ошағы саналатынына қарамастан, мұндағы баға Астанадағы бағамен бір деңгейде қойылып отыр.

 «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының еліміздің Оңтүстік Қазақстан өңіріне сапары ЕҚЫҰ байқаушыларымен өткен кездесумен аяқталды.

*  *  *

Өткен жексенбі күні «Әділет» демократиялық партиясы «Алматы облысы Қаскелең ауданының «Шұғыла» шағын ауданында, «Апорт» сауда ойын-сауық кешенінің жанында тұрғындармен кездесу өткізді. Бұл кездесуге партия төрағасының бірінші орынбасары, Парламент Мәжілісі депутаттығына «Әділет» партиясынан үміткер Т.Сыдық, партия аппаратының заңгері Е.Хасенов, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттығына және Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына партия атынан үміткерлер қатысты.

Ал кеше «Әділет» демократиялық партиясы өкілдері Алматыда «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихаты кезінде әділеттіктер аталған мәселе төңірегінде журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

 

 

ШҰҒЫЛ: «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова

аталмыш партияны сайлау алдындағы додадан алып тастауды талап етуде

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Руханият» партиясының негізін қалаған танымал саясаткер Алтыншаш Жағанова саяси мәлімдеме жасады - ол «Руханият» партиясын сайлау тізіміне тіркеуден алып тастауды және партияның басшысы Серікжан Мәмбеталинді бұрмалауға жол бергені үшін жауапкершілікке тартуды талап етеді. 

А.Жағанова қазірдің өзінде Бас прокуратураға шағым жасап, С.Мәмбеталиннің әрекетіне құқықтық баға беруді және тиісті құқықтық үн қату шараларын талап еткен.

Оның пікірінше, «Руханият» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі заңды емес, ал сайлау алдындағы съезд заңсыз өткізілген.

«Съезд мүлдем заңсыз, республикалық комитет, пленум, саяси атқару комитеті - барлығы 7 адам, соның 5-уі қатысқан жоқ. Жарғы бойынша кезектен тыс съезд өткізу міндетті түрде пленумда қабылданады, содан кейін съезге шығады. Съезге біздің партияға ешқандай қатысы жоқ адамдар қатысқан. Съезд мүлдем заңсыз, ал Мәмбеталиннің қылығы мүлдем адал емес  деп санаймын. Ол жағдайды білмейтін кандидаттарды  адастырды - ал  бұл оларға абырой әпермейді», - деді А.Жағанова.

2010 жылдан бастап партияны басқарған С.Мәмбеталиннің жұмыс стилі А.Жағанованы және оның серіктерін қанағаттандырмайды. Олардың пікірінше, ол партияның басшы органдарымен есептеспейді, бірлестіктің жарғылық талаптарын ескермей, барлық мәселелер бойынша шешімдерді жеке-дара қабылдайды.

«Билікті қолына берген бойда-ақ Мәмбеталин  өздерінің мүмкіндіктеріне қарай жұмыс жасап, аймақта тұратын адамдардың пікірімен есептеспестен, өзін жарнамалаумен айналысты. Әсіресе, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылған съезд барлығының ашу-ызасын келтірді. Біріншіден, съезд  жарғылық тәртіпсіз болмайды, ол жарғыны білмейді, өйткені, жарғы, құрылтай құжаттары, мөр - мұның бәрі менде сақтаулы. Ол мұны жақсы біледі, бірақ та ол көшіп жүргенде жоғалтып алдым деп мәлімдейді - мен таңғалып отырмын. Мұндай өтірік кімге керек? Сондықтан мен біз жалған құжатпен айналысып отырған адаммен жұмыс істеп отырмыз деп санаймын. Оның үстіне мен ОСК-ні құжаттарды мұқият қараңдар деп ескерттім. Ал мұндай әрекет болмағандықтан мен мән-жайын қарап шешсін деп прокуратураға жүгінуге мәжбүр болдым», - деп мәлімдеді А.Жағанова және С.Мәмбеталинды жауапкершілікке тарту қажет деп атап көрсетті.

 

 

Бүгін танымал саясаткер Алтыншаш Жағанова

саяси мәлімдеме жасады

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - Алтыншаш Жағанова «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин партияның Парламенттік сайлау алдындағы съезін заңға әрі партиялық Жарғыға қайшы түрде өткізген деп атап көрсетті.

Бұған қоса мәлімдемеде партиялық мөр және басқа да құжаттары қолында жоқ Серікжан Мәмбеталиннің Орталық сайлау комиссиясына өткізген құжаттары заңсыз делінген. Алтыншаш Жағанова «Руханият» партиясының қазіргі басшылығы көзбояушылық жасап, заң бұзу әрекетіне барған дейді. Осыған орай Алтыншаш Жағанова еліміздің Бас прокуратурасына шағым түсіріп, әділет орнатуды талап етуде. Алтыншаш Жағанованың айтуынша, соңғы жылдары партиядағы билік тізгінін қолға алған Серікжан Мәмбеталин партиялық мақсат-міндеттен ауытқып, Жарғыда көрсетілген талаптарды есепке алмаған. Партияның қазіргі басшылығы саяси ұйымның мүшелерімен де еш жұмыс жүргізбеген, - дейді Алтыншаш Жағанова.

Алтыншаш ЖАҒАНОВА, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

- «Руханият» партиясы 1995 жылы қаңтар айында Дәуірлеу партиясы болып тіркелді. Ал 2003 жылы қайтадан тіркеу басталып, қайтадан «Руханият» партиясы деп атымызды өзгерттік. Содан бері осы партияны шаршамай, шалдықпай дегендей, сүріндірмей өзіміздің алғашқы ұстанған қағидамызбен алып келдік. Біздің мақсатымыз - рухани байлық, азғындыққа ұшыратпау, қарлығаштың қанатымен су сепкендей тазалық пен адалдық, шындық сол үшін құрылған партия ғой ежелден. Бірақ 2010 жылы Мәмбеталин Серікжан жастарға енді жолды берейік деп жолды беріп едік. Өкінішке орай, бұл жігіт жалғыз өзі билеп төстеп, ешқандай, ешкіммен санаспай мына облыстарда басқарып отырған ешкіммен санаспай, оларды әуелі танымайды да, түрін бет-әлпетін көрген емес. Олармен ең құрығанда телефон арқылы сөйлескен емес. Облыстарды аралаған емес. Тек шет елді аралап. Жасылдар арқылы гранттар алып, шет елді аралап жүріп, біздің мына тұрған облыстарымызға шықпаған да бармаған да, халықпен қауышпаған. Ал енді налог деген болады. Басқа әкімшіліктің тірліктері болады. Басқа бір акциялар болады. Енді мұны құртып қоямыз ба деп мен өзім басқардым. Сондықтан, айтылған келісімдердің бірде бірі орындалған жоқ. Оның үстіне біздің басында келіскен жолымыздан ауытқу да бар.

Алтыншаш Жағанова, сондай-ақ өз мәлімдемесінде «Руханият» партиясының 2011 жылдың желтоқсан айында өткен съезін заңсыз деп санау қажет дейді. Себебі, Орталық сайлау комиссиясына өткізілген құжаттар дұрыс емес. Өйткені, партияның барлық атқарған әрекеттері жалған және заңсыз негізде жүзеге асырылған. Алтыншаш Жағанова осыған байланысты Бас прокуратураға шағым түсіргенін де мәлім етті.

Алтыншаш ЖАҒАНОВА, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

- Оның үстіне ешкіммен санаспай бір де бір жиналыс өткізген емес. Бір де бір мынау республикалық комитет бар. Пленум ғой. Ол пленум өткен жоқ. Полит.исполкомды мүлдем өткізген емес. Мен енді соның ішіндемін. 4-5 адам бар, 7 адам. Ешкіммен санаспай, міне, мынау сайлауға байланысты съезд өткізіп жіберді. Оны бір де бір, облыстан 3-4 адамнан шақырған екен. Басқа облыстар қатысқан емес. Ешкімге ештеңе демей 40 шақты адамды жинап, 40 шақты адаммен съезд өте ма? Біздің партияға еш қатысы жоқ. Мен енді бәрін білем ғой енді. Енді бұл съезд заңсыз. Өйткені, жарғы бар. Жарғы ол заң. Сосын енді сайлауға байланысты үлкен заңымыз бар ғой. Соның бәрінің белінен басып, съезд өткізіп, депутаттыққа кандидат болам деген адамдарды да нақты жағдайды ұғындырмай, түсіндірмей, бүкіл құжаттар менің қолымда, печать менің қолымда. Ол барады да Сайлау комиссиясына бір қағаздарды өткізеді. Жалған печать, жалған қағаздарды. Сөйтіп, біздің ЦИК-та тіркеген. Мен оларға айтқам, естеріңде болсын, осындай жағдай деп. Енді, олардан ешқандай реакция болмағасын мен Бас прокурорымызға мәжбүр болдым хат жазуға. Мынау съездары заңсыз. Бүкіл заңдарды естеріне алмай, осындай бір тірлік өткізіп жатыр. Мен бұған қарсымын. Өтірікке жол бере алмаймын қалай болғанда да. Біз рухани тазалық, адалдық үшін күресіп жүрген адам бұған дейін партияның атына осы бір қаяу келтірмей өзіміздің бүкіл моральдық та материалдық та тірлігімізді осы партияға бағыштағанбыз. Ал енді осы налогын да мен төлеп отырдым. Бүкіл облыстармен жұмысты байланысып отырған біз болдық. Онда ешбір шаруасы жоқ. Облыста адамдар бар ма жоқ па? Онда тірлік қандай? Шет елдерді аралап, қашан звондасаң шет елде жүреді. Лондонда жүреді. Облыстарда болып, танысып, мән-жағдайды сұраған адам емес. Ал осындай адамға бұндай алаяқтық қой енді барып тұрған сондықтан Бас прокурорға осы заңсыздық мәселесін тексеріңіз, Мамбеталинге тиісті жазасын беріңіз деп.

 

 

«Руханияттағы» жанжал

 

/«Егемен Қазақстан», 27.12.2011 ж./ - Жазушы-драматург, «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова «Руханияттың» партиялық тізімін тіркеуден алып тастауды және саяси бірлестік жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жіберген бұрмалаушылықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Осындай мәлімдемемен ол қазірдің өзінде республиканың Бас прокуратурасына қайырылып үлгерді.

– 1995 жылы біздің ұйымымыз Қазақстанның «Дәуірлеу» партиясы атауымен тіркелгені белгілі. 2003 жылы біз қайта тіркелуден өтіп, «Руханият» деп аталдық. Партияның басымдықтары ретінде халықтың рухани жаңғыруы, ұлтаралық келісімді ілгерілету, яғни бәріміздің алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерге басымдық беру мәлімделді, – дейді А.Жағанова.

Серікжан Мәмбеталин партия жетекшілігін былтырдан бастап қолға алды. Басшылықты жас буын өкіліне беру шешімі «Руханияттың» жастар қанатын дамыту мүддесі тұрғысынан қабылданды. Алайда, А.Жағанованың сөзіне қарағанда, жаңа төрағаның жұмыс стилі партияның басшылық органдарын көзге ілмей, барлық мәселелер бойынша шешімді жеке-дара қабылдап, жарғылық талаптарға жүрдім-бардым қарауы партияның негізін қалаушы мен оның серіктерін қанағаттандырмаған.

Белгілі жазушы-драматургтің атап көрсеткеніндей, қызметіне кірісісімен С.Мәмбеталин партияластарының, әсіресе, өңірлер өкілдерінің пікірлерімен санаспай, өзінің жеке басын насихаттаумен айналысқан. Әсіресе, руханияттықтарды партияның Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну үшін өткізілген съезі ашындырды.

– Съезд мүлдем заңсыз өткізілді. Республикалық комитет, пленум, партияның саяси атқару комитеті бізде бар-жоғы 7 адамды құрайды. Мәселен, солардың 5-і форум жұмысына қатысқан жоқ. Оның үстіне, жарғы бойынша партияның кезектен тыс съезін өткізу туралы шешім міндетті түрде пленумда қабылданып, облыстық конференциялар өткізілуі тиіс болса, олардың ешқайсысы мүлдем ұйымдастырылмаған. Партия форумында бірқатар өңірлерден делегаттар да өкілдік етпеген. Съезге біздің партиямызға ешқандай қатысы жоқ адамдар қатысып отырған. Мен съезді заңсыз, ал Мәмбеталиннің іс-әрекетін мүлдем таза емес деп есептеймін. Ол жағдайды білмейтін кандидаттарды адасушылыққа ұрындырса, бұл оған бедел әпермейді, – деп мәлімдейді А.Жағанова.

«Руханияттың» негізін қалаушының сөзіне қарағанда, партия съездері жарғылық ережесіз өткізілмейді. Жарғыны С.Мәмбеталин білмейді, өйткені, жарғы, құрылтай құжаттары, мөр – барлығы А.Жағановада сақтаулы.

– Ол мұны жақсы біледі, дегенмен, мен қазір таңғалып отырмын, ол жарғыны көшкен кезде жоғалтып алдым деп мәлімдеуде. Мұндай өтіріктің қажеті қанша? Сондықтан мен жалған құжат жасаушы адаммен бетпе-бет келіп отырмыз ғой деп есептеймін, – деп мәлімдейді А.Жағанова.

–  Мен ОСК-ге партияны тіркеуге ұсынылған құжаттарды мұқият тексеру керектігін ескерткен болатынмын. ОСК тарапынан ешқандай әрекет байқалмағандықтан, мен прокуратураға қайырылуға мәжбүр болдым, – дейді жазушы-драматург.

А.Жағанова Бас прокуратураға «Руханият» төрағасының іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, тиісті шара қабылдау үшін қайырылған. Сондай-ақ ол партияны сайлауалды додасынан алып тастауды талап етіп отыр.

 

 

«Руханияттың» негізін қалаушы партияны

сайлау алды додаға қатыстырмауды талап етеді

 

/«BNews.kz», 26.12.2011 ж./  -  «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова саяси мәлімдеме жасап – «Руханият» партиясын сайлау тізіміне тіркемей, оның басшысы Серікжан Мәмбеталинді жалғандыққа жол бергені үшін жауапкершілікке тартуды талап етеді.

ҚазАқпарат агенттігінің ақпараты бойынша, А.Жағанова қазірдің өзінде Бас прокуратураға шағым түсіріп, С. Мәмбетәлиннің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңдық тұрғыдан тиісті шара қолданылуын сұрайды. 

Оның пікірінше, «Руханият» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі дұрыс құрастырылмаған, сайлауалды съезі заңсыз өткізілген.

«Сьез мүлдем заңға қайшы өткізілді, республикалық комитет, пленум, саяси атқару комитеті - барлығы 7 адамнан тұрады. Олардың 5-еуі қатысқан жоқ. Кезектен тыс сьезд өткізу туралы шешім жарғы бойынша міндетті түрде пленумда қабылданады, сосын барып сьездге шығарылады. Сьезге біздің партияға «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» мүлде бөтен адамдар қатыстырылды. Съезді мен заңсыз деп,  ал Мәмбеталиннің әрекетін әділетсіздік деп санаймын. Ол жағдайды білмейтін үміткерлерді шатастырды, олардың басын қатырды. Бұл оларға абырой әпермейді», – деді А.Жағанова.

Партияны 2010 жылдан бері басқарып келе жатқан С.Мәмбеталиннің жұмыс стилі А.Жағанова мен оның партиялас серіктерін қанағаттандырмайды. Олардың пікірінше, ол партияның басқарушы органымен санаспай, барлық мәселелерді өзімбілдімдікке салынып, жеке-дара шешеді. Бірлестіктің жарғылық талаптарын белінен басуда. 

Орталық Сайлау Комиссиясына өткізілген құжаттар дұрыс емес.  Тіпті бүкіл құжаттар мен партияның мөртабаны да менің қолымда бола тұрғанына қарамастан, С.Мәмбеталин Орталық сайлау комиссиясына белгісіз бір қағаздарды тапсырған. Яғни ол қағаздар заңсыз. Мен осы жағдайды баяндап, Бас прокурорға хат жазуға мәжбүр болдым. Партия өкілдері бүкіл заңдарды назарға алмай осындай әрекеттерге баруда. Мен бұған қарсымын. Өтірікке жол бере алмаймын қалай болғанда да. Мен сонымен қатар партияның салығын төлеп отырған адаммын. Ал қазіргі партия басшылығының облыстармен байланысы жоқ. Партия айналасында болып жатқан жәйттардан хабарсыз. Қашан хабарлассаң да шет елде жүреді. Облыстарда болып, танысып, мән жағдайды сұраған адам емес. Сондықтан мен Бас прокурорға хат жолдап, С.Мәмбеталиннің ісін, қарап, оған тиісті шара қолдану жөнінде хат жолдадым»,-деді А.Жағанова.

 

Әділет орнатуды талап етеді

 

/«Айқын», 27.12.2011 ж./ - «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова аталмыш партияны сайлауға қатыстырмауды талап етуде.

«Руханият» партиясының негізін қалаған танымал саясаткер Алтыншаш Жағанова саяси мәлімдеме жасап, аталған партияның қазіргі басшылығы жүргізіп отырған саясатпен келіспейтінін жариялады.

Оның мәлімдеуінше, «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталин партияның Парламенттік сайлау алдындағы съезін заңға және партиялық жарғыға қайшы түрде өткізген. Бұған қоса, мәлімдемеде партиялық мөр және басқа да құжаттары қолында жоқ Серікжан Мәмбеталиннің Орталық сайлау комиссиясына өткізген құжаттары заңсыз делінген. Осыған орай Алтыншаш Жағанова еліміздің Бас прокуратурасына шағым түсіріп, әділет орнатуды талап етуде. «Серікжан Мәмбеталин партиялық мақсат-міндеттен ауытқып, жарғыда көрсетілген талаптарды есепке алмаған. Партияның қазіргі басшылығы саяси ұйымның мүшелерімен де еш жұмыс жүргізбеген» дейді Алтыншаш Жағанова.

Оның сөзінше, «Руханият» партиясы 1995 жылы қаңтар айында «Дәуірлеу» партиясы болып тіркелді. «Ал 2003 жылы қайтадан тіркеу басталып, қайтадан «Руханият» партиясы деп атымызды өзгерттік. Содан бері осы партияны шаршамай, шалдықпай дегендей, сүріндірмей өзіміздің алғашқы ұстанған қағидамызбен алып келдік. Біздің мақсатымыз - рухани байлық, азғындыққа ұшыратпау, қарлығаштың қанатымен су сепкендей тазалық пен адалдық, шындық үшін құрылған партия ғой ежелден. Бірақ 2010 жылы «жастарға енді жолды берейік» деген оймен Мәмбеталин Серікжанға тізгін ұстаттық. Өкінішке қарай, бұл жігіт ол жастармен ең құрығанда телефон арқылы да сөйлеспеген. Ол еліміздің облыстарын аралаған емес, тек шет мемлекеттерді аралап жүре берген. Яғни біздің басында келіскен жолымыздан ауытқу да бар», - дейді А.Жағанова.

Сондай-ақ Алтыншаш Жағанованың мәлімдемесінде «Руханият» партиясының 2011 жылдың желтоқсан айында өткен съезін заңсыз деп санау қажет дейді. Себебі Орталық Сайлау Комиссиясына өткізілген құжаттар дұрыс емес. Алтыншаш Жағанова осыған байланысты Бас прокуратураға шағым түсіргенін де мәлім етті. «Партияның республикалық комитеті пленум өткізген жоқ. Мен сол комитеттің мүшесімін. Онда барлығы жеті адам бар. С.Мәмбеталин ешкіммен санаспай, міне, сайлауға байланысты съезд де өткізіп жіберді. Оған облыстардың барлығынан өкілдерді шақырмаған. Ешкімге ештеңе демей, 40 шақты адамды жинап, съезд өткізген. Яғни бұл съезд заңсыз. Өйткені партияның Жарғысы бар. Жарғы деген - заң. Партия төрағасы сайлауға байланысты заңымызды да белден басып, депутаттыққа кандидат болам деген адамдарға жағдайды нақты ұғындырмаған. Тіпті бүкіл құжаттар мен партияның мөртабаны да менің қолымда тұрғанына қарамастан, С.Мәмбеталин Орталық сайлау комиссиясына белгісіз бір қағаздарды тапсырған. Яғни ол қағаздар заңсыз. Мен осы жағдайды баяндап, Бас прокурорға хат жазуға мәжбүр болдым. Партия өкілдері бүкіл заңдарды назарға алмай, осындай әрекеттерге баруда. Мен бұған қарсымын. Өтірікке жол бере алмаймын. Мен сонымен қатар партияның салығын төлеп отырған адаммын. Ал қазіргі партия басшылығының облыстармен байланысы жоқ. Партия айналасында болып жатқан жайттардан хабарсыз. Қашан хабарлассаң да шетелде жүреді. Облыстарда болып, танысып, мән-жайды сұраған адам емес. Сондықтан мен Бас прокурорға хат жолдап, С.Мәмбеталиннің ісін қарап, оған тиісті шара қолдану жөнінде хат жолдадым», - дейді А.Жағанова.

 

 

«Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова

аталмыш партияны сайлауға қатыстырмауды талап етуде

 

/«Алаш айнасы», 27.12.2011 ж./ - «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бүгін «Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова саяси мәлімдеме жасап, «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеуден алып тастауды және партия жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жіберілген заңсыздықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етті.

А.Жағанова С.Мәмбеталиннің әрекетіне құқықтық баға беруді және тиісті құқықтық әрекетті қолдануды талап етіп, Бас прокуратураға шағымданған. Оның пікірінше, «Руханият» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің партиялық тізімі жарғыға қайшы түрде жасалған, ал сайлауалды съезд заңсыз өткізілген. «Съезд заңға мүлдем сай келмейді, партияның республикалық комитеті пленум өткізген жоқ. Мен сол комитеттің мүшесімін. Онда барлығы жеті адам бар, оның бесеуі болмады. Кезектен тыс съезд өткізу туралы шешім жарғы бойынша міндетті тәртіппен пленумда қабылданады, съезге содан кейін барып шығарылады. Ал съезде біздің партияға еш қатысы жоқ адамдар болды. Бұл съезді мен мүлдем заңсыз, ал Мәмбеталиннің әрекеті теріс деп есептеймін. Ол депутаттыққа кандидат болам деген адамдарға жағдайды нақты ұғындырмай, адастырған – бұл оларға ешқандай бедел әпермейді», – деді А.Жағанова. Партияны 2010 жылдан бері басқаратын С.Мәмбеталиннің жұмыс істеу тәсілі А.Жағанова мен оның жақтастарын еш қанағаттандырмай отыр. Олардың пікірінше, ол партияның жетекші органдары мен жараспайды бірлестіктің жарғылық талаптарын назарға алмай, барлық мәселе бойынша біржақты шешім қабылдайды. «Мәмбеталин билікті қолына алғаннан кейін аймақтарда тұратын, мүмкіндігіне қарай жұмыс істеп жатқан адамдардың мүддесімен санаспай, бірден өзінің жеке жарнамасымен айналысып кетті. Әсіресе жуырда Мәжіліс депутаттығына үміткерлер ұсынылған съезд көпшіліктің наразылығын туғызды. Біріншіден, жарғылық тәртіпсіз ешқандай съезд болмайды, ол жарғыны білмейді, өйткені, жарғы, құрылтайшылық құжаттар мен партияның мөртабаны да менің қолымда сақтаулы. Ол мұны тамаша біледі, солай бола тұра, мен таңғаламын, ол: «бұл құжаттарды сапар кезінде жоғалтып алдым» дейді. Мұндай өтіріктің не керегі бар? Сол себепті мен біз құжатты қолдан жасайтын адаммен жұмыс істеп отырмыз деп есептей­мін. Мен Орталық сайлау комиссиясына бүкіл құжатты тексеріп алуды ескерттім. Бірақ мұндай әрекет байқалмағандықтан, мәселені қарасын деп, прокуратураға шағымдануға мәжбүр болдым», – деп мәлімдеген А.Жағанова С.Мәмбеталинді жауапкершілікке тарту қажеттігін баса айтты.

 

 

«Руханияттан» депутаттыққа үміткерлерді тіркеуде

бұзушылықтар туралы өтініш түскен жоқ – ОСК

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 27.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссияға Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді тіркеуде бұзушылықтар туралы «Руханият» партиясынан өтініш келіп түскен жоқ, деп мәлімдеді ОСК-ның мүшесі Марат Сәрсембаев.

«Руханият» партиясының бұрынғы төрағасы Алтыншаш Жағанова бір күн бұрын «Руханият» партиясының партиялық тізімінің тіркеуін жойып, партия жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жол берілген бұрмалаулар үшін жауаптылыққа тартуды талап етті. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттығына «Руханият» партиясымен ұсынылған партиялық тізім заңсыз қалыптастырылып, сайлау алды съезд заңсыз өткізілген. Ол тиісті арызды прокуратура мен ОСК-ға бергендігі туралы мәлімдеді.    

«Егер ол (Жағанова) Орталық сайлау комиссиясына жүгінсе, мен әзірге көрген жоқпын. Егер ондай мәлімдеме болса, онда Орталық сайлау комиссиясы алқалы тәртіпте қарап, Жағанованың партия бойынша өз әріптестеріне қойып отырған наразылығына қатысты өзінің пікірін тиісінше қоғамға жеткізеді», -  деді Сәрсембаев алдағы Парламенттік сайлауға арналған дөгелек үстел барысында.

 

 

Сайлау-2012: Жауаптылық пен салмақтылық

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия сайлауға қатысатын партия өкілдерін жинап, дөңгелек үстел өткізді.

Онда қатысушылар сайлау заңнамасының мүлтіксіз сақталуын, заңбұзушылық анықталған жағдайда бірлесе әрекет етуін, сондай-ақ сайлау науқаны кезінде қолданылатын тәсілдерге барынша жауапкершілікпен қарауын сөз етті. Сондай-ақ, «Руханият» партиясының бұрынғы басшысы Алтыншаш Жағанованың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев ресми түрде арыз түспегенін айтты.

Марат СӘРСЕНБАЕВ, ҚР ОСК МҮШЕСІ:

- «Руханият» партиясына байланысты Жағанова өзінің айтқан сөздері бар. Кейбір сол «Руханияттың» басшыларына өздерінің келіспегендігін айтқан екен. Ол біздің Орталық сайлау комиссиясына арыз келіп түскен жоқ. Мен өзім қарағанда ондай ешқандай арыз көрген жоқпын. Ондай арыз болғанда Орталық сайлау комиссиясы коллегиялық түрде қарап өзінің пікірін айтар еді.

 

 

«Нұр Отан» ХДП үгіт-насихат

шарасын Қостанай облысында өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 26.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» республикалық қоғамдық штабының мүшелері Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының ұжымымен кездесіп, қарттар мен мүгедектер үйі және кондитерлік фабрикада болды.

Әр кездесуде жұртшылық алдағы сайлауда партияны қолдау көрсететіндерін айтып, ел Президенті, көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын қолдады. Атқарылған істер де аз емес. Мәселен, «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасында Президенттің индустрияландыру бағдарламасы бойынша жаңа жоба енгізілген. Бұл өндірісті дамытуға жасалған маңызды қадам. Кеншілер Соколов-Сарыбай тау-кен байыту ұйымының өндірісін жаңғырту және одан әрі дамыту мемлекеттің көрсеткен қолдауы мен экономикадағы реформалардың жетістігі екенін атап айтты. Бүгінгі таңда ұйым ТМД кеңістігіндегі темір кенін өндіретін ең ірі кәсіпорын болып табылады.

 

 

Қазақстанның Коммунистік халық партиясының сайлауалды штабы

Тараз қаласының тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде

 

/«ҚазАқпарат», 26.12.2011 ж./ - «Қазақстанның Коммунистік халық партиясының сайлауалды штабы Тараз қаласының тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде», - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Бүгін партияның Жамбыл облыстық комитетінің жастар қанаты Тараздың Наманган, Өзбек, Луговая, Байзақ батыр, Родниковая көшелерінің тұрғындарымен үгіт жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен «есіктен есікке» тәсілімен жүргізілді. Партияның жас жақтастары 500-ден астам адамдармен тілдесіп, 300-ге жуық үгіт-насихат материалдарын таратты. 

 

 

Саяси партиялар тек науқан кезінде уәде бермей қоғамдағы

күнделікті мәселелерге белсене араласуы керек - Есенжол Алияров

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., Е. Ержанұлы/ - Саяси  партиялар сайлаушылардан қолдау табу үшін сайлау науқанында ғана емес, барлық уақытта қарқынды жұмыс жүргізуі керек.

Бұл туралы  бүгін Алматыда өтіп жатқан сарапшылардың «Қазақстаның саяси партиялары: сайлауға арналған күн тәртібі» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Халықпен  қоян-қолтық араласып, оның мұң-мұқтажын біліп,  күнделікті шешіліп жатқан  мәселелерге белсенді араласқан жағдайда саяси ұйымдардың қоғамдағы рөлі мен беделі жоғары болады», - дейді Қазақстан гуманитарлық саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдар докторы Есенжол Алияров. Оның айтуынша, сайлау кезінде ғана халыққа  уәдені үйіп-төгетін партиялардың бағдарламалары бір-біріне өте ұқсас. Мәселені шешудің нақты жолын ұсынбағандықтан сайлаушылардан қажетті қолдау таба алмауда. Осыған  қарамастан   сайлаудан кейін біздің дауысымызды ұрлады деп байбалам салатындар азаймай тұр. Олар қоғамдағы өзінің рөлін көтеру үшін өз бағдарламасын жалпы сипатта емес, нақты  көкейкесті мәселелерге бағыттауы керек.

 

 

Сарапшылар саяси партияларға баға берді

 

/«Қазақстан», 27.12.2011 ж., А. Ермахан/ - Саяси партиялар тек науқан кезінде уәде бермей, қоғамдағы күнделікті мәселелерге де белсене араласуы керек. Бұл туралы бүгін Алматыда Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өткен «Қазақстан саяси партиялары: сайлауға арналған күн тәртібі» атты жиында айтылды.

Сарапшылардың айтуынша, халықпен қоян-қолтық араласып, оның мұң-мұқтажын біліп, күнделікті шешіліп жатқан мәселелерге белсене араласқан жағдайда саяси ұйымдардың қоғамдағы рөлі мен беделі жоғары болады. Сайлау кезінде халыққа уәдені үйіп-төгетін партиялардың бағдарламалары бір-біріне өте ұқсас. Мәселені шешудің нақты жолын ұсынбағандықтан сайлаушылардан қажетті қолдау таба алмай жатады.

Есенжол Алияров, Қазақстан гуманитарлық саяси конъюнктура орталығының президенті, саяси ғылымдарының докторы:

Саяси партиялардың жаңағы сайлаушылардың алдында өздерінің міндеті жоғары болу керек. Неге дейсіз ғой, ол келешекте әр саяси партия осы билікке таласуы керек. Билікке таласқанда келіп, Үкіметті құру керек және Үкіметті құрғаннан кейін сайлаушылардың алдында берген уәделерін орындауы керек.

 

 

Еліміздің белгілі саясаттанушылары

алдағы сайлау туралы болжамдарымен бөлісті

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда басқосқан белгілі саясаттанушылар өздерінің сайлау алды зерттеулері мен болжамдарын жариялады.

Сайлау науқаны басталғалы бері елімізде екі әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Алғашқы сауалнаманы Демократия институты желтоқсаның 17-сі мен 19-ы арасында өткізген. Бұл зерттеу кезінде сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57,5 пайызы сайлауға баратындықтарын жеткізген. Екінші сауалнаманы Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты жүргізген. Бұл институт мамандары бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл қазақстандықтардың саяси белсенділігінің өскенін айтып отыр. Сондай-ақ зерттеу кезінде халықтың көпшілігі «Нұр Отан» партиясына сенім артатындығы белгілі болған. Мәселен, сұралғандардың 80,5 пайызы билік партиясына дауыс беретіндіктерін айтса, 7 пайызы «Ақ жол» демократиялық партиясына, 2,4 пайызы Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясына, 2 пайызы Коммунистер партиясына, 1,1 пайызы «Әділет» партиясына қолдау білдіретіндігін жеткізген. Ал қалған партиялар 1 пайыздан да төмен баллға ие болған. Басқосуға жиналған сарапшылар сайлау жеңісіне қатысты әр түрлі болжам айтады. Бірі бұл сайлауда «Нұр Отан» мен «Ақ жол» айқын жеңіске жетеді десе, екіншілері Қазақстанның халықтық коммунистік партиясына да Парламенттен орын бұйыруы мүмкін деген пікірде.

Сайын БАРБАСОВ, ҚАЗҰУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

- Қазақстанда сайлау мәдениеті қалыптасып келеді. Халық та саяси партиялар да Парламент сайлауын әділ өткізуге тысады деп ойлаймын. Саяси партиялар заңның шеңберінде сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес. Әзірше саяси партиялар өте қызу жұмыстар жүргізіп жатыр. Және олардың жұмысы Қазақстан халқының саяси мәдениентінің тәриелеуге жалпы еліміздегі демократиялық үдерістерді күшейтуге өзінің ықпалын тигізеді деген ойдамыз.

 

 

Бүгін Алматыда ЖСДП Шаңырақ

ықшамауданының тұрғындарымен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Шаңырақ ықшамауданының тұрғындарымен кездесті. Қаланың жаңа ауданында бүгінге күнге дейін жасалған дүние көп.

Шаңырақта балабақша, емхана, мектептер салынып, жолдар төселіп, электр қуаты тартылды. Бірақ, инфрақұрылымды дамыта түсетін басқа да игі істер әлі де жоспарда бар. Оппозициялықтар сайлауға «Өзің үшін дауыс бер, социал-демократтар үшін дауыс бер» деген ұранмен қатысуда. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Шаңыраққа сайлау кезінде ғана келіп отырған жоқ. Олар «Шаңырақ» мәселесімен екі жылдан бері айналысып келеді. Партия қатарында қазір 300 мыңнан астам адам бар, 54 үміткер осы партия атынан сайлауға түспек. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері осындай деректі алға тартады. Біз Мәжіліске әрбір қазақстандықтың мәселесін шешу үшін барамыз, - дейді олар. Социал-демократтар Шаңырақ мәселесіне әлі күнге қырын қарай алмайды. Олар мұндағы тұрғындардың әрбіріне көмек беруге әзір. Бұл ауданның тұрғындары үшін жер телімдері мен салынған үйлерді заңдастыру басты түйткіл. Тұрғын үйлері заңдастырылмағандықтан, өздері тіркеуде жоқ азаматтар сайлау қатыса алмай отыр. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл – азаматтардың конституциялық құқығының шектелуі, азаматтар 15 қаңтарда дауыс беруі үшін бұл мәселе қазірден шешілуі тиіс.

Әмірбек ТӨГІСОВ, ЖСДП АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Алатау ауданында жер мәселесі, үйді заңдастыру мәселесі қиын боп тұр. Сол үшін 2 жылдан артық жыл тұрғындармен кездесіп, әкімшілікпен бірге шештік, 4 мың үйді заңдастырып бердік. Екінші бір мәселе, қазір көп тұрғындар мұнда пропискасыз, Олар қалай дауыс береді? Біз Қазақстан азматымыз ғой деп жатқандар бар. Енді осы адамдардың тізімін алып, дауысың бар деп бекіту керек. 

 

 

«Әділет» партиясының белсенділері

сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізуде

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда «Әділет» партиясының белсенділері «Поколение» зейнеткерлер қозғалысының өкілдерімен кездесті.

Әділеттіктер аталған қозғалыспен бірге зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету тұжырымдамасын» даярлау мәселесін қарастырды. Күнкөріс минимумы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы талқыланды.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Егер де біздің партия ертең Парламентке келетін болса, біз сенімдіміз, біз жетеміз, өйткені, мінеки «Поколение» бар. Әлгі тәуелсіз кәсіподақтар бізбен бірігіп жатыр барлығы. Егер де әділ сайлау болатын болса, біздің партиямыздың азаматтары міндетті түрде Парламентте болады. Ең алғашқы көтеретін мәселеміз – ол зейнеткерлердің мәселесі болатынына оған біз сөз береміз.

Сонымен бірге, партия төрағасының орынбасары Уәлихан Қайсаров бастаған бір топ өкілдер Ақтөбеде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарымен кездесті. Жастар мәселесі бұл саяси ұйым тұғырнамасының басым бағыттарының бірі. Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою, тегін білім алуға қол жеткізу туралы ой өрбіді. «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Мұсағали Дуамбеков бастаған ұжым да Астанадағы балабақшалардың бірінде болып, ата-аналармен жүздесті. Партия жастар тәрбиесіне аса мән беріп отыр. Олар елімізде балабақшалармен қамту мәселесін алға тартты.

 

 

Оң бастамаға орын дайын!

 

/«Ел», 27.12.2011 ж./ - Өткен аптада Қазақстан Коммунистік Халық партиясы сәрсенбінің сәтіне қарай республикалық сайлауалды штабының тұсаукесерін өткізді.

Жиналған қауымға штабтың жұмысы таныстырылды. Шараға Бұқаралық ақпарат өкілдері, халықаралық байқаушылар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, штаб мүшелері мен белсенділері қатысты. Штаб салтанатты түрде безендірілген және шара кеңес одағы заманының әуенімен сүйемелденді.

«Штаб қызметкерлері белсенді түрде жұмыс атқаруда. Жаңа технологияларды кеңінен қолдануға тырысып жатырмыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», сондықтан барлығымыз бірігіп бір мақсатта қызмет етудеміз. Өз ісіміздің тасын өрге домалатамыз деген ойдамыз», – деп республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Төлеш Кенжин салтанатты түрде жиынды ашты.

Орталық комитет хатшылары Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков орталық және облыстық штабтардың жұмысы туралы баяндап, партияның алдағы уақытта өткізбек шаралары жөнінде мәлім етті.

Күнделікті облыстық комитет хатшылары үгіт-насихат шараларының жүргізілу барысы жөнінде құлағдар ете отыра, өңірлер атқарылған жұмыс туралы онлайн режимде есеп береді. Жиын барысында да БАҚ назарына аталмыш жұмыс ұсынылып, Жамбыл облысымен байланыс орнатылды. Аймақтық комитет өз кезегінде өңірде жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайын ортаға салып, үміткерлерге алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімінде үгіт-насихат поездарының құрылғандығы және олардың қозғалыс кестесі жайында ақпарат беріліп, штабта қызмет етіп жатқан баспасөз орталығының жұмысы таныстырылды.

ЕЫҚҰ сайлауды байқаушылар миссиясының мен БАҚ өкілдерін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызықтырды. Бұл ретте партияның жұмысына тосқауыл қою фактілері жөнінде журналисттер тарапынан сұрақтар қойылды. Аталмыш мәселеге ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков нақты тоқталды: «Алматы қаласындағы біздің үгітшілеріміздің басым бөлігі студенттер. Олар қолдан-қолға плакаттар, күнтізбелер мен үнпарақтарды тарат-қанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды тоқтатып, аты-жөндерін жазып алып, қай жерде оқитынын анықтаған. Оқу орындарына хабарлап, өз кезегінде келеңсіз жағдайларға әкелді. Себебі, кейбір жоғарғы оқу орындарының басшылары студенттерді оқудан шығарамыз деп қорқытқан. Мұндай фактілерді біз жедел түрде Сайлау коммиссиясына жіберіп жатырмыз. Тиісті шаралар қолданылатын шығар».

Айта кететін жайт, аталмыш фактіні Алматы қаласының прокуратурасы жоққа шығарғаны белгілі. Сондықтан орын алған оқиғаны дәлелдеу мәселесі біраз қиыншылық тудыруда. Сонымен қатар, еліміздің өзге өңірлерінде туындаған қиыншылықтар да назардан тыс қалмады. «Қарағанды қаласында үгіт-насихат билбордтарын орналастыратын кәсіпорын біздің билбордтарды ілуден бас тартып отыр. Өздерінің бұл амалын жергілікті әкімдіктің бұған рұқсат бермегендігін айтып түсіндірді. Сондай-ақ Орал қаласында да келеңсіз жағдай орын алды. Тәуелсіздік күні гүл шоқтарын қоюға келген партиямыздың өкілдерін тәртіп сақшылары қызыл жалауларды көрісімен қудалаған», – деген Владислав Косарев туындаған тағы бір түйінді мәселеге тоқталды. «Орталық сайлау комитеті бізді тек желтоқсанның 15 күні ғана тіркеді. Осы себептен, біздің шотты ашуға мүмкіндігіміз болмады. Бұл мәселе біздің бүкіл жұмысымызға қолбайлау болды. Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы күнінде біз қажетті төлемдерді жасай алмадық. Жұмыс тоқтап қалды. Сол себептен біз өзге саяси партияларға қарағанда үгіт-насихат жұмыстары бойынша сәл артта қалып жатырмыз», – деп өз ойын өрбітті Косарев мырза.

Штабтың ашылу салтанатына жиылған қауымға естелік сыйлықтар табыс етілді. Шараның соңында партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлердің санына тең 21 шар ұшырылды. Айта кететін жайт, ҚКХП атынан республика бойынша аудандық мәслихаттарға – 50, қалалық деңгейде – 48, облыстық мәслихаттарға 20 кандидат саяси тартысқа түсіп отыр. Бүгінгі күні партияның жалпы белсенділер саны 18000-ға жуық.

 

 

ҚХКП қайырымдылық шарасын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін Астанада Қазақстан Халықтық коммунистік партиясының орталық сайлауалды штабы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Партия қызметкерлері №56 мектеп-лицейінің әлеуметтік аз қамтылған және жетім балаларына жаңа жылдық тәттісі бар қорапшаны табыс етті.

Мұндай игі шара бір реттік емес,-дейді партия белсенділері. Ұйымдастырушылар: «Әлеуметтік аз қамтылған отбасына қуаныш сыйлау – партия ұстанған әлеуметтік бағыттардың бірі, - екенін айтады. Сондай-ақ, бүгін партияның сайлауалды үгіт көлігі Өскемен қаласына жетті. Коммунистер бұған дейін Семей, Шемонаиха, Бородулиха аудандарына барып, халықпен жүздесті. Өңірдегі халықпен, кәсіпорын ұжымдарымен кездескен коммунистер стратегиялық маңызды қуат көздері мен көліктерін ұлттық етіп өзгерту қажеттігін айтады. Білім мен медицина саласы да қолжетімді әрі тегін болуы қажет, - дейді олар. Ендігі кезекте партия белсенділері Шығыс Қазақстанның Зырян және Риддер сияқты өнеркәсіптік аудандарына ат басын бұрып, көптің көкейкесті мәселесін тыңдамақ. Халықтық мәселені Парламенттің биік мінберіне жеткізу – біздің бас жоспарымыз, - дейді партия белсенділері.

Владислав КОСАРЕВ, ҚКХП ХАТШЫСЫ:

- Мемлекетте тұрып жатқан әр адамның саяси партияны таңдауға құқылы. Бізде 8 партия және олардың халыққа ұсынып отырған өз тұғырнамасы бар. Дегенмен, Парламентке халық таңдаған, халықтың мұңын айтатын партияның келгенін қолдаймын.

 

 

 

 

ЖСДП сайлауалды үгіт-насихат шараларын

Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жалғастырды.

Кездесуде еліміздегі ұлтаралық татулықты сақтау мәселелері, кедейшілікпен, жемқорлықпен және жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар туралы айтылды. Тіпті еліміздегі саяси партиялардың және БАҚ-ның жұмысы туралы да әңгіме қозғалды. Партия белсенділері тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, кейбір мәселелерді шешу жолдарын да ұсынды.

Балташ ТҰРСЫНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНЕ ҮМІТКЕР:

- Біздің халық кеңінен біледі, біздің бұрынғы өзіміздің істеген жұмыстарымызды. Өзіміздің айтқан сөздерімізді оны қалай орындағанымызды. Сондықтан сенім бар, біз енді халықтың дауысын кеңінен жинауға.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тізімі бойынша Республика Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелгендердің бір тобы Талдықорғанға келді. Олар Жолдасбеков атындағы академияның оқытушыларымен және студент жастарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламалары жайында баяндады. Оқу орнындағы кездесуде байыпты түрде әңгімелесіп, сұрақ-жауап арқылы диалог құру біз үшін өте ыңғайлы,-деді кездесуге келген партия өкілдері Парламенттен орын алатын болсақ, біз халықтың ойында жүрген көп мәселені шешуге атсалысамыз. Өйткені, біз Парламентке әрбір қазақстандықтың мүддесін қорғау үшін барамыз,-деді партия атынан сөз алған үміткерлер. Баспана, медицина, білім беру, шағын және орта бизнес, несие. Біз солардың бәрін зерделеп, көпшілікке ыңғайлы жағдайға келтіруге күш жұмсаймыз,-дейді жалпыұлттық социал-демократтар.

 

 

«Руханият» партиясы ауылда

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін «Руханият» партиясы атынан Парламент депутаттығына үміткерлер Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен жолығып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Руханияттықтар» ұлттық құндылықтарды алғашқы кезекке қояды. Әсіресе, ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселесі, оның ішінде дәстүрлі мал шаруашылығы мен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді қолға алмақ. Ауылдың мәдени тұрмыстық деңгейін көтеру үшін ауылшаруашылығынан бөлек, «Ауылды дамыту министрлігін» құруды жоспарлап отыр. Және ел жастарын отансүйгіштік пен патриоттық, халықтық рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлмекші.

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біздің партияда ғана бар сол бағдарламамызға енген Ауылды дамыту министрлігін ашу. Ол тек ауылдың шаруашылығы емес, ауылды дамыту. Ауылды дамыту дегенде денсаулығы, білімі, әлеуметтік жағдайы осымен ғана айналысады, шаруашылығымен емес, егінді жырту анау-мынау емес, тек дамыту мақсатымен айналысады. Бұл енді бұрын бізде болмаған нәрсе, ол енді басқа жақтан шетелдерден барып соның барлығын көріп үйреніп, өзімізге қазақы менталитетімізге қарай жасап аламыз.

Еркін РАҚЫШЕВ, «РУХАНИЯТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Кино түсіріп жүрмін ғой, негізінен жастарды париотизмге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу бағытында түсіріп жүрмін. Бірақ киноның әсері болғанымен, бұл нәрсені мемлекеттің қолдауымен жүйелі түрде жасау керек. Сонда ғана патриотты жастарды тәрбиелеп шығарамыз. Егер мен Парламентке барып жатсам осы мәселені қояр едім.

 

 

Патриоттар партиясы шағын және

орта кәсіпкерлік дамуына қолдау көрсетуге мүдделі

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бұл туралы партия белсенділері Шымкенттегі қорғасын зауытының жұмысшыларымен және заң колледжінің оқушыларымен кездесуде айтты.

Партиядан Мәжіліс депутаттығына 20 үміткер тіркелген. Сайлауалды тұғырнамасында негізгі 3 бағытты ұстанып отыр. Ол елдің рухани өмірі, экономикалық өркендеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бүгін Шымкентте студент жастармен кездескен партия өкілдері сондай-ақ болашақ Парламентте қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң актілерінің мәселесін қайта қарау керек деген пікірлерін жеткізді. Партия белсенділері бұл күні сондай-ақ «Оңтүстікполиметалл» акционерлік қоғамының жұмысшыларымен де кездесті. Әңгіме барысында өндірісте экологиялық қауіпсіздікті сақтау мәселесі сөз болды. Еліміздің аумағында жұмыс істейтін шетелдік инвесторлардың экологиялық талаптарды орындауын мұқият қадағалау керектігін айтты.

Гүлдана НҰРПЕЙІСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің басты приоритеттеріміз экология, экологиялық қауіпсіздік, экономиканың ары қарай көтерілуі. Біз айтамыз ғой біздің басты байлығымыз адам, халық деп. Сол адамның денсаулығын, құқы, қауіпсіздігі, оның бәрін дұрыстап жолға салу керек.

 

 

«Нұротандықтар» сайлаушылармен кездесуін

Алматы облысында жалғастырды

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» партиясы республикалық сайлауалды штабының өкілдері «Қазақстан-2017. Мақсаттар» Тұғырнамасының басым бағыттарын өңір тұрғындарымен және спортшылар қауымдастығымен талқылады.

Облыс спортшыларының халықаралық деңгейдегі жарыстарда ең жоғары сатыдан бой көрсеткен кездері аз емес. Солардың бір тобы Талдықорғандағы дарынды балаларға арналған спорттық мектеп-интернаттың түлектері. Қазақстанның көптеген танымал спортшылары «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина, Юрий Мельниченко және Ермахан Ыбырайымовтың есімі мемлекет үшін мақтаныш болса, жастар үшін үлгі-өнеге. Олар спорт мектебіндегі жас талапкерлерге «Нұр Отанның» спорттық бағыттағы ауқымды жоспарлары жайында айта келіп, ересектер арасында 25 пайызға дейін, балалар мен жасөспірімдер арасында 12 пайызға дейін спорт өнеріне қамту мақсатының қойылып отырғанын жеткізді.

Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ, ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:

– Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев спортқа өте жақсы көңіл бөліп отыр. Өздеріңіз білесіздер, «Нұр Отан» партиясы спортты жақсы қолдайды. «Нұр Отан» партиясының программасында да жақсы жазылған спортты қолдап, алдағы уақытта да дамыта беретіні.

Осындай кездесу Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылында да өтті. Өткен жылы бұл елді мекен ауыр жағдайды бастан кешкен болатын. Штаб мүшелері жаңарған ауылдың адамдарымен кездесті.

 

 

Саяси партиялардың насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 27.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Желтоқсан желдей есіп, жүйіткіп барады, қаңтарда қарбалас басталады. Сайлау додасының дүбірі естіліп, қазір партиялардың белді һәм белсенділері атқа қонды. Ауыл-аймақтарды аралап жүр. Жұртшылықпен жүздесіп, саяси тұғырнамаларымен таныстырып жатыр. «Ел аманатына адал болуымыз керек», - дейді партия өкілдері. Бұл - саясат серкелеріне зор міндет жүктейді. Биыл саяси сайыста партиялық тізіммен бақ сыналады.

Ұлттық мүддені ұлықтау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру Парламент Мәжілісі сайлауында бақ сынағалы отырған «Руханият» партиясының басты бағыты. Партияның рухани жетекшісі Мұхтар Шаханов бастаған саяси ұйым мүшелері Шымкентте сайлаушылармен жүздесті. Кездесу барысында «Руханият» өкілдері салт-дәстүр мен ұлт мүддесін темірқазық еткен сайлауалды тұғырнамадағы басым бағыттарды көпшілікке таныстырды.

Сәуле Жиреншина, «Руханият» партиясының мүшесі:

Қазақ тілі мемлекеттік тіл, басқа тілдерді ұйыстырушы, өзінің жанына топтаушы тіл болады. Осы мемлекеттік тілдің маңайында, басқа да елдердің тілдері дамып отырады. Сондықтан мемлекеттік тіл ұйыстырушы, ең негізгі тіл болуы керек.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері ақтөбеліктермен кездесті. Олар шағын және орта бизнесті 5 жыл салықтан босатып, жеңілдік жасайтын жоба әзірлеп қойған. Халық үшін ең маңыздысы тариф пен баға тұрақтылығы. Партия өкілдері одан әрі бағаның өсуіне тосқауыл болмақ. Облыс орталығындағы кездесуден соң, үгіт-насихат тобы мұнайшы, ауыл шаруашылығы мамандарымен жүздесті.

Петр Своик, насихат тобының мүшесі:

Біз қазіргі Конституцияға реформа жасау қажет деп отырмыз. Барлық саяси күшті ел дамуына жұмсауымыз қажет. Парламент тек бір партиялы болмауы қажет, көп партиялы болуы міндет. Біздің партия  Парламентке әр қазақстандықтың мүддесін қорғау үшін барады.

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Астанада бас қосты. Олар: «Әсіресе, қарттар мен зейнет жасындағы адамдарды айрықша әлеуметтік қамқорлыққа алған жөн», - дейді. Тиісті жәрдемақы мен мемлекеттік көмек туралы заңдардың орындалуын қадағалауды да «ақжолдықтар» қолға алмақ.

Людмила Жуланова, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:

Қарттар мен зейнеткерлер назардан тыс қалмауы керек. Аға ұрпақтың қамын бүгінгі қоғам жасауы тиіс. Біз сол үшін күш саламыз. Бағдарламамызда мәселе анық көрсетілген.

Коммунистер партиясының облыста бес жарым мың мүшесі бар. Олардың көпшілігі ауыл аймақтарда тұрады. Әзірге үш насихат тобы жұмыс істеуде. Оның құрамына экономика, мәдениет және әлеуметтік саланың мамандары тартылған. Жер ресурстарын пайдалану мәселесін қайта қарау, бұл партияның бүгінгі ұстанымы.

Нәйля Сәмиғулина, ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы:

Біз бүгін бірінші үгіт-насихат тобын аттандырып тұрмыз. Олар Сандықтау, Атбасар аудандарында болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесетін болады. Тұғырнамамызда партияның ұстанымы нық көрсетілген. Соны сайлаушыларға жеткізуіміз керек.

Ауыл партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Батыс Қазақстан облысында да қызу басталды. Партия өкілдері 17 желтоқсаннан бері аудандарды аралап, жұртшылықпен 20 шақты жүздесу өткізген. «Мәжіліс мандатына ие болған жағдайда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, мал шаруашылығын дамытуға мықтап мән беретін боламыз», - дейді партия белсенділері

Амангелді Баянов, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының БҚО филиалының төрағасы:

Үш күн ішінде Жаңақала ауданы, Казталов аудандары, Чапаев аулында болып, халықпен кездестік. Ауылдық жерде халық бізді толық қостайды. Біздің саяси платформамызды толық қолдауда. Қазіргі жағдайда  ауылда көптеген мәселелер шешімін таппай жатыр.

«Нұр Отан» партиясының үгіт-насихат тобы Солтүстік Қазақстанға барды. Саяси ұйым сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін өңірдегі шаруашылықтың бірі - «Тайынша-Астық» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Сайлаушыларға Мәжіліс депутаттығына үміткерлер таныстырылып, партияның алға қойған мақсаттары баяндалды.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, партияның республикалық сайлауалды штабының жетекшісі:

Бүкіл әлем таныған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған даму жолын жалғастыру үшін, халқымыздың жағдайын одан әрі жақсарту үшін, ұлы мақсаттарға жету үшін алдағы сайлауда өз дауыстарыңызды тек қана «Нұр Отан» партиясына  беріңіздер.

«Әділет» партиясының белсенділері бүгін ардагерлермен кездесті.  «Әділеттіктер» төрт басым бағытты ұстанып отыр. Олар – экономикалық саясаттың мәні мен мазмұнын өзгерту, ресурстарды топтастыру, конституциялық реформаны жүзеге асыру және азаматтық қоғам құру. Кездесуде кандидаттар ардагерлердің ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін тыңдады. 

Төлеген Сыдық, «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Ештеме жасалмай жатыр деп айтуға болмайды. Ол әділеттікке жатпайды. Бірақ сонда да болса, жасайтын шаруалар бар. Ардагерлер заңы.

 

 

Миссия басшысын қабылдады

 

/«Егемен Қазақстан», 27.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабының бастығы Е.Слободаны қабылдады. Ортсайлауком басшысы миссия жетекшісін сайлау үдерістері барысымен таныстырып өтті. Ал ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабының бастығы өз кезегінде сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.

«ТМД-дан байқаушылар миссиясының штабы жұмысқа кірісті. Біз өз өкілдерімізді республиканың барлық өңірлеріне жіберуді көздеп отырмыз, – деді Е.Слобода қабылдау кезінде. – Сайлауға қатысушы саяси партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізуді, сондай-ақ Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарын сайлау рәсімдеріне қатысуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз – демократиялық сайлау өткізуге ықпал ету және сайлауды халықаралық байқаудың жалпы мойындалған нормалары аясында жұмыс істемекпіз.

Сонымен қатар, ол сайлаудың табысты өтуіне тілектестігін білдіріп, қазақстандық тараптың сайлауды байқауды ұйымдастыру үшін қажетті барлық жағдайды жасағанын, ал әдістемелік қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтті. Қабылдаудан кейін ОСК төрағасы ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабының бастығына 2012 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында халықаралық байқаушы ретінде аккредиттелгені туралы куәлікті табыс етті.

 

 

Бас прокурор ЕҚЫҰ Миссия басшысымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ) сайлауды байқау жөніндегі Миссиясының басшысы Миклош Харастиспен кездесті.

Кездесу барысында А. Дауылбаев ЕҚЫҰ өкіліне еліміздегі сайлау үдерісінің барысы туралы хабардар етіп, Қазақстанның прокуратура органдарының қызметтері туралы толыққанды ақпарат беріп өтті.

Сонымен қатар, Бас прокурор әңгімелесуші тараптың Жаңаөзен жағдайына қатысты сауалдарына да жауап берді. Жүздесу барысында аталмыш өңірдің тұрақтылығы мен қалпына келтіру жайы және осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы да әңгімелер өрбіді.

 

 

Байқаушылар қатары толықты

 

/«Егемен Қазақстан», 27.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 38 байқаушысын аккредиттеді.

Олардың 34-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында. Тағы 4-і – шет мемлекеттердің байқаушылары.

Жалпы алғанда, қазіргі сәтке Орталық сайлау комиссиясы 99 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олардың 46-сы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамына, 45-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді, ал 8-і – бес шет мемлекеттің байқаушысы болып табылады.

Сондай-ақ, Ортсайлауком отырысында «2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы қаулыға өзгерістер енгізілді.

2011 жылғы 16 қараша мен 23 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға 62 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде сайлау науқанының әртүрлі мәселелері бойынша 45, сайлау комиссияларының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты 17 өтініш бар.

 

 

Жаңаөзендегі сайлау комиссияларының қалыпты жұмыс

 істеуі жақсы жетістік - ТМД байқаушылары

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - «Жаңаөзенде болып жатқан жағдайлар құқық қорғау органдарының құзырындағы жұмыс.

Ал осы аймақтағы сайлау комиссияларының жұмысының өзгермеуі өте жақсы жетістік деп ойлаймыз»,-дейді 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауын байқау үшін ТМД ұйымынан келген байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД байқаушылары миссиясының өкілі Маңғыстау облысында да байқау шараларын жүргізеді. «Біз әдеттегідей өзіміздің миссиямыз атқарған жұмыстар жөнінде  байқаушылардың қызметін қорытындылап, арнайы мәлімдеме жасаймыз. Бұл мәлімдемені біз Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысына дейін жарияласақ деген ойдамыз. Өйткені біз Ассамблеяның қызметін де байқаймыз. Содан соң, яғни сайлау біткен соң оның қорытындысын шығарып, осы қорытындыға Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілісінде көрген-білгенімізді де қосамыз»,-деді штаб жетекшісі.

 

 

ОСК төрағасы ТМД ұйымынан келген байқаушылар

миссиясының өкілдерімен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауына байланысты ТМД ұйымынан келген байқаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында төраға меймандарды келесі жылы елде өтетін сайлауға дайындық жайымен және Орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан істерімен таныстырды. «Үгіт-насихат кезеңі біршама тұрақты тепе-тең жағдайда өтіп жатыр. Әзірге кандидаттар тарапынан талас тудыратындай мәселелер орын алған жоқ. Бүгінде бізде  барлығы 55 арыз-шағым бар. Олардың  17-і  сайлау үдерісіне қатысты болып отыр. Ал саяси додаға түсіп жатқан бірде-бір партия өкілі өздерінің құқықтарының тапталып жатқандығына шағымданған емес»,-деді ОСК төрағасы.

Елде барлық партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына бірдей жағдай жасалып, олар өздерінің жұмыстарымен айналысуда. «Осы уақытта Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысу үшін елде жұмыс істеп жатқан 9 партияның 8-і тіркелген.  Бір партия сайлауға қатыспайды. Өйткені оның қызмет сот шешімімен жарты жылға тоқтатылған. Ал қалған партиялардың барлығының партиялық тізімдері тіркелген»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

 

 

ҚР ОСК 4 халықаралық ұйым мен

15 шет мемлекеттен 145 байқаушыны тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 27.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға республикалық бюджеттен берілетін қаржы көлемін белгіледі.

Қабылданған қаулыға сәйкес мемлекеттен әрбір кандидатқа үгіт-насихат шаралары үшін 477 мың теңгеден бөлінетін болды. Бұған қоса Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 байқаушыны тіркеді.

Сондай-ақ, бүгін Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД елдері байқаушылар миссиясының жетекшілерімен кездесті. Сұхбат барысында алдағы сайлауға дайындық барысы және байқаушылардың қызметі талқыланды. ТМД өкілдері алдағы сайлауға үлкен мән беретіндіктерін жеткізіп, өз жұмыстарын лайықты деңгейде атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Евгений СЛОБОДА, ТМД ЕЛДЕРІ БАЙҚАУШЫЛАР ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің қолымызда 200 байқаушыны аккредитациялау жөнінде анкета бар. Қазір біз өз адамдарымызды Қазақстанның аймақтарына бөліп жатырмыз. Барлық жерлерге байқаушылар барып, сайлауға дейін және дәл сайлау күні жұмыс істейтін болады.

 

 

 

 

 

 

Мәжіліс сайлауына Ассамблея атынан түсетін

кандидаттарға 477 мың теңгеден бөлінетін болды – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан тіркелген әрбір кандидатқа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін және көлік шығындарына 477 мың теңге бөлінетін болды. Орталық сайлау комиссиясы кезекті отырыс барысында осындай қаулы қабылдады.

Отырыс барысында аталмыш қаулының мақсат-міндеттерімен таныстырған ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоостың айтуынша, Ассамблея атынан түскен кандидаттардың теледидар арқылы сайлауалды бағдарламасын насихаттау үшін бөлінетін қаржы - 105 мың теңгені, осы бағдарламаны радиодан насихаттау үшін бөлінетін қаржы - 62 мың теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар баспасөз басылымдарына материалдар жариялауға 135 мың теңге, сайлаушылармен және өзге де азаматтармен кездесуге арналған ғимаратты жалдау үшін 25 мың теңге, баспа өнімдерін шығару үшін 50 мың теңге, көлік шығындарына 100 мың теңге бөлінетін болады. «Осылайша сайлауға Ассамблея атынан түскен кандидатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі 477 мың теңге болды»,-деді ОСК төрағасының орынбасары.

 

 

ОСК Мәжіліс депутаттарының сайлауына 4 халықаралық

ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 байқаушыны тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Мәжіліс депутаттарының сайлауына 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 байқаушыны тіркеді.

ОСК-ның бүгінгі отырысында осы мәселе жөнінде баяндаған ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, осылайша Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде елімізде тіркелген байқаушылар саны 244-ке жетті. «Олардың 74-і Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары институты бюросының миссиясынан болса, 102 байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымына мүше елдердің байқаушылар миссиясының өкілдері. Сондай-ақ 109 байқаушы Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілі болса, 9 адам Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен. Сондай-ақ 50 байқаушы 19 мемлекеттің атынан өкілдік етіп отыр»,-деді ОСК мүшесі.

 

 

Кездесу қарағандылықтардың «Нұр Отанның»

мақсат-мүддесімен таныс екендіктерін және партияны толыққанды

қолдайтындықтарын көрсетті

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы республикалық сайлауалды штабы мүшелері үгіт жұмыстарын Қарағанды облысында жалғастырып, ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында партияның сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттары талқыланды. «Нұр Отан» партиясы, Елбасы партиясы ретінде, ең алдымен, экономиканы модернизациялау тапсырмасын жүзеге асыруды көздейді. Бұл партияның қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру мақсатына жетуге де жол ашады.

«Арселор Миттал Теміртау» металлургтеріне сөзін арнаған партия Төрағасының Бірінші орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Нұр Отан» үшін дауыс бере отырып, сіздер тұрақтылық пен бейбіт өмір үшін, береке-бірлік пен ынтымақ үшін, бүгініміз және болашағымыз үшін дауыс бересіздер! Біз тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында жеткен жетістіктерді, жаңа Парламентте, мәслихаттарда одан әрі жалғастыратын боламыз. Сол үшін 15-ші қаңтар күні өтетін сайлауда, бүкіл халқымыз жұдырықтай жұмылып, «Нұр Отан» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз»,-деді.

Қарағандылық металлургтер әрқашанда Елбасын және ол басқарған партияны қолдап келгендіктерін сөз етті. Себебі, дәл осы жерде Президент, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы, өзінің еңбек жолын және саяси өмірін бастаған болатын. Сондықтан қарағандылық металлургтер үшін Елбасының барлық бастамалары мен ұстанған бағыты көңіліне жақын. Сондықтан болар кездесуге келген  «Арселор Миттал Темиртау» кәсіпорны жұмысшылары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын бірауыздан қолдап, 15-ші қаңтарда болатын сайлауда өз дауыстарын беру туралы шешім қабылдады.

Дәл осы күні штаб мүшелері Қарағанды облысының көмір шахталарының  кәсіподақтар жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының қазақстандықтардың заманауи мамандықтарды игеруге, қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге, құқық қорғауға бағытталған жұмысын одан әрі жалғастыратыны баса айтылды. Бұл мәселелер әрқашанда партияның басты назарында және кез-келген өтініш жауапсыз қалмайды.  Айталық, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің атына 2006 жылы қыркүйекте Ленин атындағы шахтада көз жұмғандардың жұбайларынан шығын көлемін қайта қарауға көмектесуін сұраған өтініш түскен еді. Мәселенің өзегі - оларға міндетті сақтандыру жөніндегі келісімшарттар бойынша төленетін өтемақы көлемі жұмыс берушілерден тікелей өтемақы алатын жұмысшылардікінен біршама төмен.

Нұрлан Нығматулин, шахтерлар отбасында бірнеше рет болған, олардың жағдайын толық білетін адам ретінде «Арселор Миттал Теміртау» басшылығымен арнайы келіссөз жүргізіп, мәселе оң шешімін  тапты.  

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтарды толғандырған кез-келген мәселені жан-жақты қарап, барлық жағдайды ескере отырып шешуге тырысады.

Сондықтан болар, кездесу қарағандылықтардың «Нұр Отанның» мақсат-мүддесімен таныс екендіктерін және партияны толыққанды қолдайтындықтарын көрсетті. Олар 15-ші қаңтар күні сайлауда «Нұр Отанды» қолдауға дайын екендіктерін мәлім етті.

 

 

«Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабы мүшелері

Алматы облысы сайлаушыларымен кездесті[10]

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж./ - Сайлаушылармен кездесуін нұротандықтар Алматы облысында жалғастырды. «Нұр Отан» республикалық сайлауалды штабы өкілдері «Қазақстан. 2017 Мақсаттары» тұғырнамасының басым бағыттарын өңір тұрғындарымен және спортшылар қауымдастығымен талқылады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Үгіт тобының басты мақсаты - әрбір сайлаушыға жету. Бұл «Нұр Отан» партиясының күнделікті жұмыс тәртібінің негізі. «Нұр Отан» партиясы өткен жылы Алматы облысының, Қызылағаш ауылында болған апат салдарын жоюға белсене қатысқан болатын. Сондықтан штаб мүшелері ең алдымен, қайта қалпына келген ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жалпы ауыл бойынша 465 жаңа үйлер салынып, 32 үй жөндеуден өткізілген. Жаңартылған ғимараттар қатарында - Мәдениет үйі, әкімшілік, балабақша, мектептер мен моншалар бар.

«Нұр Отанның» штабы мүшелері ауылдықтармен кең көлемде әңгіме жүргізіп сұрақтарына жауап берді, сонымен бірге, өздерінің алдағы 5 жылдағы мақсаттарын баян етті. Бұл ең алдымен, білім мен ғылымның дамуы, денсаулық саласы, экономиканы тұрақтандыру, жаңа әлеуметтік саясат, ауылды дамыту, халық бірлігін нығайту.

Нұротандықтар сондай-ақ, жаппай спортпен айналысуды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп отыр. Көптеген спортшылар - белсенді нұротандықтар болып табылады, оның үстіне олар «Нұр Отанның» партиялық тізіміне кіріп отыр.

Бұл туралы нұротандықтардың Талдықорған қаласындағы спорт алаңдарының бірінде өткен, Алматы облысы спортшыларымен кездесуінде сөз болды.

Өңір өзінің спорттық дәстүрлерімен мақтан етеді. Облыс спортшыларының халықаралық деңгейдегі абыройлы жарыстарда ең жоғары сатыдан бой көрсеткен кездері аз емес. Ал бүгінгі кездесуге белгілі спортшылар, спорт қайраткерлері және болашақ жұлдыздар келді.

Нұротандықтар салауатты өмір салтын белсенді насихаттау халық арасында шылым шегу деңгейін төмендету, нашақорлық пен ішімдікке құмарлықты азайтуға ықпал ететініне сенімді. Сонымен қатар, партиялықтар ересектер арасында 25 пайызға дейін, балалар мен жасөспірімдер арасында 12 пайызға дейін спорт өнеріне қамту мақсатын қойып отыр.

Алматы облысы тұрғындарымен кездесу Елбасы басқаратын партияның беделі мен сенімінің жоғары екенін көрсетті.

 

 «Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы

Өскеменде бірқатар кездесулер өткізді

 

/«ҚазАқпарат», 27.12.2011 ж., Л. Малько/ - «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілі Азат Перуашев Өскемен қаласында нақты сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесуде «Ақ жол» партиясының көшбасшысы осы жылы «Нұр Отанды» қоспағанда,  қалған партияларға қарағанда, сайлауға біршама көп кандидаттар ұсынылып отырғандығын атап өтті

 

 

Бүгінде ең қажетті экономикалық ресурс

кадрлар тапшылығы болып отыр

 

/«Kazakhstan Today», 27.12.2011 ж./ - Қазіргі кезде ең қажетті экономикалық ресурс - кадрлар тапшылығы. Сондықтан жастарды қолдау әлеуметтік қана емес, сондай-ақ экономикалық тұрғыда маңызды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлауалды іс-шаралар аясында партия төрағасы А.Перуашев және «Жас маман» ҚБ көшбасшысы Е.Ілиясов бастаған «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы «Азия Авто» ірі өндірістік кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігі 35 жасқа дейінгі жастар.

«Жас маман» бірлестігінің көшбасшысы Еркебұлан Ілиясов: «Қазіргі кезде ең қажетті экономикалық ресурс - кадрлар тапшылығы. Сондықтан жастарды қолдау әлеуметтік қана емес, сондай-ақ экономикалық тұрғыда маңызды», - деді және әріптестерін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің оң тәжірибесін кеңінен таратуға шақырды. Кездесуде экономика мен өнеркәсіптегі жас мамандарды қолдаудың кешенді шаралары талқыланды.

Азат Перуашев жиналғандарды сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарымен таныстырды, партияның жастар саясаты саласындағы басымдықтары - жас мамандарды қолдау, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін ерекше атап өтті.

«АҚ ЖОЛ» партиясының қатарына қосылған жастардың көбеюіне байланысты партия басшылығы жастармен жұмысты арнайы бір бағыт ретінде қарастырып отыр. Бұл бағыт Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, біздің партиялық тізімде Мәжіліс депутаттығына ең жас кандидат бар. Еркебұлан Ілиясов 26 жаста, Кентау трансформатор зауытының вице-президенті. Бизнес-қауымдастықтардың жас жетекшілері, жас кәсіпкерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатарынан партияның бастамашы жастар тобы құрылды және олардың міндеті жастар мәселесін жеке бір бағытпен ерекшелеу емес, мәселелерді шешу жолдарын ұсыну. Біздің міндетіміз - жастардың өз мәселелерін өздері шешуіне мүмкіндік беру",- деп атап өтті ол.

Жетістіктерге қол жеткізген «Азия Авто» қызметкерлерін мысалға ала отырып, кәсіпорын президенті Ержан Мандиев әрбір қызметкерді дамытудың мүмкіндіктері туралы айтып өтті: «Зауытта біздің мамандарымыздың өздерінің әлеуетін іске асыруына және жеке адам ретінде дамуына барлық жағдай жасалған. Қоғамдық қызмет, сондай-ақ кәсіби өсу салаларында жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын насихаттау қажет».

Үгіт-насихат тобының мүшелері сайлаушылар сауалдарына жауап берді және 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс беруге белсенді түрде қатысуға шақырды.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы партияларға

теледебатқа дайындалуды ұсынды

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 27.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партияларға алдағы теледебаттарға дайындалуды ұсынды.

«Менің білуімше, ресми теледебаттарға дайындық жүруде. Біз саяси партиялардан халыққа өз платформасы туроалы жеткізе алатындай дайындықты сұраймыз», деп ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев алдағы сайлауға арналған дөңгелек үстел барысында атап көрсетті.

ОСДП партиясының тең төрағасы Болат Әбілов ОСК теледебат туралы ауыз ашпайды деп атап көрсеткен болатын.

«Егер теледебат жоқ болса, сайлау ашыық, әділ деп айтуға болмайды», - дейді ол.

«Былтыр Ресейде Парламент сайлауында бір ай бойы телебат күнде жүргізілді, халық телесериал көруді доғарып, мұқият тыңдады. Қазақстанда 2007 жылы өткен Парламент сайлауында теледебаттың өткізілуі күлкі шақырады. Партияның бәрін жинап алды да жеребе бойынша сұрақ қойғызды. Бізде бір бірімізге сұрақ жоқ, сұрақты «Нұр Отанға», оның көшбасшысына қоямыз десек, жоқ, сұрақ қою тек жеребе бойынша” деді. Телеарналардан мұндай күлкілі дебаттар болмасыншы», - дейді Б.Әбілов.

 

 

Бүгін ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов

пен АҚШ елшісі Кеннет Фейерфакс кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фейерфакспен кездесті.

Төраға Елшіге Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың кезектен тыс сайлауына дайындық барысы жөнінде әңгімелеп берді. Қуандық Тұрғанқұлов партиялардың тіркеуден өту барысы туралы және сайлауалды үгіт-насихат науқаны қалай өтіп жатқаны жөнінде ақпарат берді.

 

 

АҚШ елшісімен кездесті

 

/«Егемен Қазақстан», 30.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - 28 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакспен оның өтініші бойынша кездесті. Кездесуде ОСК төрағасы АҚШ елшісін Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттары сайлауына әзірлік барысымен таныстырды.

Ортсайлауком басшысы атап өткендей, саяси партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстары құқық аясында және сайлауалды үгіт шараларының заңнамамен көзделген барлық нысандарында жүріп жатыр. Тек Жаңаөзен қаласында ғана төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар бұқаралық көпшілік шараларды өткізуден бас тартуы және олардың орнын БАҚ-тар мен көрнекі үгіт нысандарын белсендірек пайдалану есебінен толтыруы тиіс.

«Сайлау органдары өз тарапынан 15 қаңтарда бұл қаланың тұрғындары өздерінің сайлау және сайлану конституциялық құқығын іске асыруға мүмкіндік алуы үшін барлық қажетті жағдайды жасауда», – деді Қуандық Тұрғанқұлов осы туралы. ОСК төрағасы, сондай-ақ «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою себептері жөнінде айта келіп, халықаралық байқаушылардың дауыс беру күні сайлауды байқауды іске асыруына, анықталған кемшіліктерді жою тәртібіне, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну мен тіркеу тәртібіне, бұл үдеріске саяси партиялардың катысуына байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Ал елші өз кезегінде біздің еліміздің сайлау заңнамасы мен Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси еркі Қазақстан Республикасының алдағы сайлауды ашық өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтіп, сайлауды ұйымдастырушыларға табыс тіледі. «Бұрынғы барлық сайлауларда халықаралық байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өз деңгейінде ұйымдастырғанын атаған еді, – деді Кеннет Фэйрфакс. – Осы деңгей алдағы сайлауда барлық деңгейдегі сайлау комиссияларында қолдау табады және бұл сайлау ең табысты сайлау болады деп үміттенеміз».

 

 

Байқаушыларға бар жағдайды түсіндірді

 

/«Айқын», 28.12.2011 ж./ - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Миклоша Харастиді және миссия басшысының орынбасары Клаудия Волльмерді қабылдады.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ ДИАҚБ миссиясының өкілдерін сайлау науқанының барысымен таныстырып өтті және бұл ретте саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кезеңіне, енгізілген төтенше жағдайға байланысты Жаңаөзен қаласында сайлауалды үгітті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктеріне, Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қабылданып отырған шараларға баса тоқталды.

- Саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті заң аясында өтіп отыр. Мониторинг нәтижелері бойынша, өткен кезеңде заңмен көзделген тепе-теңдік сақталған. Жаңаөзен қаласында партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды көпшілік шараларын өткізуде белгілі бір шектеулер болады. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін бұл шектеулердің орны оларға бюджеттен бөлінген қаражатты БАҚ-та қосымша үгіт материалдарын жариялауға және баспа өнімдерін шығару үшін қайта бөлуге рұқсат ете отырып, толтырылатын боламыз, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Бұдан әрі тараптар сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойынша, соның ішінде дауыс беру күні азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сотқа шағым жасау және оларды қарау тәртібіне, саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгітін қаржыландыру тәртібіне қатысты пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар дәстүрлі қалыптасқан әріптестік пен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынастар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында да жалғасын табатынына сенімділік білдірді.

 

 

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды насихат жұмысы

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Қарағандылық металлургтер алдағы сайлауда бірауыздан «Нұр Отан» партиясын қолдамақ. Бұл туралы олар «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында өткен жиында жариялады. Бүгін республикалық қоғамдық штаб мүшелері кеніш жетекшілерімен кездесіп, өздерінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды. Осы кәсіпорында Тұңғыш Президент Назарбаевтың еңбек жолы басталған. «Партия Елбасының қазақстандықтардың жаңа заманғы кәсіптерді игеруіне бағытталған саясатын қолдай отырып, игілікті жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді»,- деді саяси ұйым төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан Нығматулин, «Нұр Отан»ХДП төрағасының бірінші орынбасары:

«Нұр Отан» үшін дауыс беріп отырып сіздер тұрақтылық пен бейбіт өмір, береке, бірлік, ынтымақ үшін, бүгініміз және болашағымыз үшін дауыс бересіздер. Біз Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында жеткен жетістіктерді жаңа Парламентте, мәслихата одан әрі жалғастырып, сол үшін он бесінші қаңтар күні өтетін сайлауда бүкіл халқымыз жұдырықтай жұмылып, «Нұр Отан» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз.

 

 

«Нұр Отан» ХДП сайлауалды үгіт-насихат

жұмыстарын Қарағанды облысында жалғастырды

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қоғамдық штаб мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Қарағанды облысында жалғастырды. Олар өндірісті өңірдегі металлургиялық комбинат пен Күзембаев атындағы шахтада болып, еңбеккерлерді партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Қазақстан магниткасының қайнар көзі саналатын Теміртау шаһарында биыл ондаған индустриалды-инновациялық, әрі әлеуметтік жобалар жүзеге асты. Күні кеше Елбасының қатысуымен металлургиялық комбинатта №2 домна пеші және болат балқытатын жаңа цех іске қосылып, мыңдаған адам еңбекпен қамтылған болатын. Осы стратегиялық бағдарламаларды одан әрі жалғастыру үшін пәрменді партияның сайлауалды тұғырнамасын толық қолдаймыз, - деді жиында сөз алған металлургтер.

 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, «НҰР ОТАН» ХДП РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

- «Нұр Отан» үшін дауыс бере отырып, сіздер тұрақтылық пен бейбіт өмір үшін, береке-бірлік пен ынтымақ үшін, бүгініміз және болашағымыз үшін дауыс бересіздер! Біз тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында жеткен жетістіктерді, жаңа Парламентте, мәслихаттарда одан әрі жалғастыратын боламыз. Сол үшін 15 қаңтар күні өтетін сайлауда, бүкіл халқымыз жұдырықтай жұмылып, «Нұр Отан» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз!

Бұдан соң республикалық қоғамдық штаб мүшелері Күзембаев атындағы шахтада болып, кеншілерге партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жеті қат жер астында көмір қазып, ел ырысын еселеуге сүбелі үлес қосып келе жатқан еңбек майталмандарын алаңдататын ортақ мәселе – еңбек қауіпсіздігі. «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта да кеншілердің құқықтарын қорғап, өндірістегі қауіпсіздікті нығайтуға күш салады, - деді жиында сөз алғандар.

Марат МЕРГАЯЗОВ, «ҚОРҒАУ» КЕНШІЛЕРДІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Елбасы кеншілердің мәселесін жақсы біледі, әрі үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз, Қарағанды кеншілері алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясын толық қолдаймыз.

Саяси науқаннан сырт қалмай, ел болашағы үшін таңдау жасау әр адамның азаматтық борышы, - дейді Қарағанды кеншілері.

 

 

«Патриоттар» партиясының

сайлауалды насихат жұмысы

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж./ - Табиғатқа аялы алақан қажет. Бүгін Алматыда бас қосқан «Патриоттар» партиясының өкілдері осылай дейді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыты. Сондықтан әңгіменің өзегі өндірісте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жәйі.

Табиғат жанашырлары Каспий теңізі мен Алакөл, Арал, Балқаш бассейндерінің бүгінгі жағдайын сөз етті. Патриоттықтардың пікірінше, ел аумағындағы шетелдік инвесторлардың экологиялық талаптарға сай қызмет етуін қадағалау қажет. Мәжіліс депутаттығына «Патриоттар» партиясынан 20 кандидат үмітті. Олардың арасында экологтар басым.

Қайрат Медиев, «Патриоттар» партиясының мүшесі:

Өте көп кен орындар ашылып жатыр, шахта, карьер дейміз. Бұның барлығы әлеуметтік жағдайға кеп тіреледі, қай жағынан айтсаңыз да. Өйткені, таза жерде адам ауырмайды да, жақсы өмір сүреді. Біз Қазақстан Патриоттар партиясының атынан экологиялық мәселені талаптарымыздың біреуі деп отырмыз.

 

 

ҚПП мүшелері кезекті сайлауалды кездесулер өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Қазақстан Патриоттары партиясының жер-жердегі өкілдіктері сәрсенбінің сәтіне сай бірқатар кездесу өткізді. Алматылық партия мүшелері Республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық «Қазақэкология» орталығы қызметкерлерімен кездесті.

Онда эколог мамандардың қатысуымен елдегі қоршаған ортаны қорғау, экологиялық зардаптардың алдын алу мәселесі талқыланды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жақында таратқан мәліметіне орай, бүгінде елімізде күнделікті шығарылып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар әрбір қазақстандықтың басына шаққанда 10 мыңнан аса тоннадан айналады екен. Сондықтан «патриоттықтар» өздерінің сайлауалды бағдарламасында экологиялық ахуалдың сақталуына басымдық берген.

Айжан ЫСҚАҚОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Қазақстан Патриоттары партиясы экономикалық-әлеуметтік және экологиялық үдерістің жаршысы. Сол үшін бүгін елдегі экологиялық ахуалды тереңірек талқылауға салдық және өзіміздің нақты ұсыныстарымыз бар. Партия мүшелігіндегі белгілі экологтармен экологиялық қоғамдық бірлестік негізінде жұмыс істеп келеміз. Әлі де болса, ауаның ластануына, тұрмыстық қатты қалдықтардың шамадан тыс шығуына қарсы бірігіп жұмыс істеуді күшейтеміз.

Ал, «Патриоттар» партиясының қатары Ақтөбеде жаңа мүшелермен толықты. Партияның Ақтөбе облыстық бөлімшесінің сайлау алды штабында облыстық бөлімше төрағасы жаңа мүшелерге партия билеттерін табыстады. «Патриоттар» партиясының облыстық бөлімшесінің өкілдері бірқатар аудандарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары - елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығына, құқықтық мемлекет пен әділетті қоғам құруға, әсіресе азаматтық қоғам институттарын дамыту. Сондай-ақ, денсаулық сақтау мен білім беру саласына білікті мамандар даярлауға да ат салысамыз дейді. Мұнымен қатар, бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметін толыққанды пайдалану үшін құқықтық базаны қалыптастыруға күш жұмсамақ.

Николай ВЫХОДЕЦ, ҚПП АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз партиялық тізімде екінші болып тұрмыз. Бірінші «нұротандықтар» тіркелген. Біз екіншіміз. Негізі, сайлауда Парламент Мәжілісіне үміткерлеріміз өтіп жатса, олар ел мүддесі үшін еңбек етеді, еліміздің нағыз жанашырлары, партиоттары болады деген сенімдеміз.

 

 

«Ақ жол» партиясының сайлауалды насихат жұмысы

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., Г. Марқабай/ - Еңбек, теңдік, һәм имандылық. Осылай деп ұрандатқан «Ақ жол» партиясы сайлауалды үгіт-насихат шараларын жер-жерде қызу жүргізіп жатыр. Бүгін партия мүшелері Астанадағы локомативтік депо жұмысшыларымен кездесті. 70 жылдық тарихы бар мекеме локомативтерді жөндеумен айналысады. Партияның үгіт-насихат тобы депо жұмысшыларының бір тобымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Жалаң ұран, жайдақ сөзбен іс бітпейді», - деген партия белсенділері жұмысшылардың талап-тілектерін тыңдады. Оларды баспана, зейнеткерлік жүйе, балабақша кезегі секілді мәселелер толғандырады. «Парламентке өтсек, бұл түйткілдердің барлығын көтеріп, жоғары деңгейде шешеміз», - деді ақжолдықтар.

Жанат Асанқали, «Ақ жол» партиясының мүшесі:

Жұмысшылардың алдына барғанда тек қана ұрандатып қана сөздер айтып қана қоймаймыз. Бағдарламамызды таныстырамыз, екіншіден жұмысшылардың мұң-мұқтажын, тағы да басқа өтініштер бар болса тыңдап «Ақ жол» Парламентке өтіп жұмысын бастағанда ең алдымен осы мәселелерді шешеміз деп дөп басып айта аламыз.

 

 

«Ақ жол» партиясы жұмысшылармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - «Ақ жол» партиясының елордалық филиалы өкілдері «Қамқор Локомотив» ЖШС «Астана Локомотив жөндеу депосы» филиалы кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.

Сайлауалды тұғырнамасының қыр-сырымен таныстырған олар қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Қарапайым жұмысшылардың жұмыс тәртібі, жалақысы мен әлеуметтік қорғалуы сөз болды. Мәжілістен дәмелі партия үміткерлері бұл мәселелерді Парламент қабырғасында бірінші кезекте шешеміз, - дейді. Әзірге, партия үшін үгіт-насихат қызу-қарқынмен өтіп жатыр.

Жанат АСАНҚАЛИ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АСТАНА Қ. ФИЛИАЛЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

 - Біздің нақты ұсынатынымыз жұмыскерлердің алдағы болашақта жағдайын түзету. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Мына жұмыс тәртібіне көп назар бөлу, түрлі жан-жақты қарастырылған. Ол тұғырнамада көрсетілген. Жұмыс қауіпсіздігі мәселесі де бізде бағдарламада егжей-тегжейлі қаралған. Сосын еңбекақы мәселесі.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Талдықорғанда болды. Олардың қатарында кәсіпкерлік өкілдерімен бірге олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев та бар. «Қайнар» аккумулятор зауытында өткен кездесуде партияның сайлауалды тұғырнамасы туралы жан-жақты әңгімеленді. «Ақжолдықтар» алдымен кәсіпорын цехтарын аралап, еңбек адамдарының тыныс-тіршілігімен танып, өз ұсыныстарын ортаға салды. «Ақжолдықтардың» «Айсер» қонақ үйінде өткен кездесуіне қала тұрғындарымен бірге жастар да көп жиналды. Олар партияның бағыт-бағдары және алға қойып отырған айқын мақсаттары жайында мол мәлімет алды.

Азат ПЕРУАШЕВ, «АҚ ЖОЛ» ҚДП ТӨРАҒАСЫ:

- Елге керек идеяларымыз бар. Бұл деген жұмыссыздық мәселелерді шешу, бұл деген мына тұрғын үй мәселелерін шешу, денсаулық, білім салаларын ары қарай дамыту деген бағыттарымыз бар. «Ақ жол» партиясы өзінің тарапынан осы өңдеушілердің партиясы ретінде, кәсіпкерлердің партиясы ретінде осы тапсырмаларды, осы бастамаларды атқаруға енді атсалысуда.

 

 

«Ауыл» партиясының өкілдері

Щучье қаласының тұрғындарымен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Бүгінде еліміз бойынша Ауыл партиясына 200 мыңнан астам мүшесі бар. Алдағы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына бұл партиядан 18 үміткер тіркелген. Олардың арасында ауыл шаруашылығы мамандары, академик ғалымдар бар.

Партия жақтастары Щучьедегі Орман шаруашылығы институтында сайлауалды тұғырнама жазылған парақшалар таратты. Кездесуде партия өкілдері ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын көтеру, еңбекпен қамту, кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуды көздейтіндерін жеткізді. Сондай-ақ, өз тұғырнамасында мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысын кем дегенде 150 мың теңгеге, ең төменгі зейнетақыны 50-75 мың теңгеге дейін көтеруге, тұрғын үй салуға ұзақ мерзімге пайызсыз несие беру мәселелерін қамтып, оны жүзеге асыру жолында аянбай күресетіндерін айтты.

Ғани ҚАЛИЕВ, «АУЫЛ» СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Парламент деген көп партиялық Парламент болу керек. Сол Парламентте әрқандай пікірлер ортаға түссе сол жерде талқыланса, сол кезде шешімін тапса, онда ешқандай пікірталас көшеге шақпайды. Осы тұрғыдан біз жұмыс істеп, елге түсіндіріп, қолымыздан келсе, осы Парламентке өзіміздің өкіліміз сайланса деп ойлаймыз.

 

 

«Ауыл» партиясы агроқалашықтар құруды ұсынады

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Бүгін Қазақстанның Социал-демократиялық «Ауыл» партиясының мүшесі Әлихан Мелдебеков Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан «Жер өңдеу және өсімдіктану» ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесті.

Академик Әлихан Мелдебеков үшін ауыл өмірі таңсық емес. Мектепті бітіре сала өзге де комсомол жастармен бірге қой бағуға аттанады. Кейін жоғары оқу орнына түседі. Сол уақыттан бері ғылым жолында. Кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғайды. Академик атанады. Алматы мал дәрігерлік институтын басқарып, ауыл шаруашылық саласына маман дайындайды. Қазіргі уақытта Зоология институтының директоры. Мәжіліс депутаттығына үміткер институт қызметкерлеріне «Ауыл» партиясының тұғырнамасын таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуге келушілер тарапынан көптеген ұсыныс да айтылды. Соның бірі ауыл шаруашылық саласы бойынша білім алып жүрген студенттердің шәкіртақылары өзге студенттердікінен 20-30 пайыз жоғары болса деген тілек. Бұл агроном, мал дәрігері және зоотехник сынды мамандықтардың беделін арттырар еді,- дейді олар.

Әлихан МЕЛДЕБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Ауыл шаруашылығы дегеніміз елдің келешегі, тұғыры ғой. Себебі, ауылшаруашылығында өндірген өнім бұл біріншіден, адамды тамақтандырады. Екіншіден, киім-кешек. Мысалы айтамыз, аяқ-киім, костюм бәрі малдан шығатын өнімдер ғой тамақты қойғанда. Оның үстіне бір ерекшелігі, ауыл шаруашылығы өркендейтін болса, бір орын ауылшаруашылығынан өндіріске қосылса, ол 4-5 мына тамақ, жеңіл өнеркәсіп, переработка жасайтындарға жұмыс орнын ашады.

Өскемен қаласында «Ауыл» партиясы алдағы сайлауға қатысты кеңейтілген кеңес өткізді. Шығыс Қазақстанның барлық деңгейдегі мәслихаттарына саяси ұйым атынан 13 кандидат сайлауға түседі. Олар шаруалардың мүдделерін қорғап, ауылды жерлердің әлеуметтік жағынан көркеюіне атсалыспақ.

Шынар ҚАБДОЛДАҰЛЫ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҮМІТКЕР:

- Біздің «Ауыл» партиясының алға қойып отырған мақсаты - осы шаруашылықтарды кішкене көтеріп, алға жылжытсақ па деп ойлаймыз. Партия мүшелері көбінесе, ауыл шаруашылығы жөнінде, ауылдың әлеуметтік мәселесін көтеріп жұмыс істесек па деп ойлап жүрміз.

 

 

«Ауыл» партиясының

көшбасшылары Ақмола облысында

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - «Ауыл» партиясының көшбасшылары Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Өңір ежелден аграрлы аймақ саналады. Сайлаушылармен кездесуде саяси ұйымның алда тұрған міндеттері жайында сөз болды. Партия өкілдері депутаттық мандатқа ие болса, алдымен ауылшаруашылығы саласын өркендетуге күш салмақ.

Атап айтқанда, шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау, мал басын көбейтіп, ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтермек. Өңірде қазір «Ауыл» партиясының 10 мыңнан астам мүшесі бар.   

Ғани Қалиев, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы:

Өзіміздің жаңағы жобаларымыз бар. Ауылды қалай дамыту керек деп осы екі жылдың ішінде екі үлкен жобаны Үкіметке ұсындық, үлкен. Біреуін мен өзім Үкіметтің отырысында баяндадым. 21-ші ғасырда бір партиялық Парламент ұнамсыз. Бізде қазір әлеуметтік топтар көп деп отырмыз. Әр топтың өзінің мүддесі бар. Ол мүдделерді қорғайтын өздерінің партиялары болу керек.

 

 

«Әділет» партиясы барлық елді мекендерде

жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруды ұсынады

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Бүгін «Әділет» демократиялық партиясы барлық елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруды ұсынатындықтарын мәлім етті. «Әділеттіктер» Парламентке өткен жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге күш салмақ.

Олар бұл үшін жаңа заң жобасын да ұсынуға ниетті. Партиядағылар жер-жердегі өзін-өзі басқару органдарын қаржыландыру мәселесі бюджет пен салық кодексінде қаралуы керек дейді. Әділеттіктер бұл жүйені ұлттық қор арқылы қаржыландырылуы тиіс деп санайды. Олардың пікірінше, қордың тұрақтандыру көлемін ішкі жалпы өнімнің 15 пайыз көлемінде қалдырып, қалған қаржыны жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жұмсау қажет. Алдын ала жасалған есеп бойынша ол ақша елдің әрбір тұрғынына шаққанда 300 АҚШ долларынан келеді екен. Және оның жалпы көлемі 5 миллиард долларға жетеді. Яғни, келесі жылы ұлттық қорға келіп түсетін қаржының 30 пайызы деген сөз.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының арасын ажырату керек деп санаймыз.

Бүгін сондай-ақ, «Әділет» демократиялық партиясы жастар қанатының ұйымдастыруымен Астана қаласының сауда, ойын-сауық орталықтарының бірінде флеш-моб іс-шарасы өтті. Оған 50-ге жуық студент қатысты. Шара барысында би билеген жастар қойылым соңында жиырма санын бейнелеп, өз оны ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арнайтындықтарын жеткізді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай шараларды Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізетіндіктерін айтады.

Абылайхан ІЗДІБАЕВ, «ӘДІЛ ЖАСТАР» ЖҚ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

- Би кешінің негізгі мақсаты - жастарды әділдікке, патриоттыққа, жасампаздыққа шақыру. Сонымен қатар, алдағы сайлау науқанында «Әділет» партиясын қолдау. Би кешінде халықтың көңіл-күйі жақсы болды. Оған 50-ден астам жастар қатысты.

 

 

«Әділет» партиясының

сайлауалды насихат жұмысы

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., М. Нұрман/ - «Әділет» партиясының белсенділері Алматыда бірқатар мәселелерді тақырыпқа тұздық қылып, баспасөз мәслихатын өткізді. Оның бірі – «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет» болса, екіншісі – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту». Заңгерлерден құралған партия мүшелері: «Осы екі жыл аралығында экономикалық саясат пен әлеуметтік мәселелерді тұрақтандыру керек»,- дейді. Сондай-ақ, олар бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керектігін айтады. «Мұндай өзгерістер тек бюджет қаражаттарын бақылап қоймай, олардың қайда және қалай жұмсалғандығын бақылауға мүмкіндік береді»,- дейді әділеттіктер.

Эльмира Айсабаева, «Әділет» демократиялық партиясының мүшесі:

«Әділет» партиясы Үкімет Ұлттық қорда еліміздің қаржы ресурстарын ешқандай салада инвестиция ретінде жұмсамай мемлекеттің ішкі және сыртқы табыстарын молайту үстінде деп есептейді. Бүгінгі күнге дейін Үкіметтің экономикалық саясатының басым бағыты жалпы ішкі өнімнің өсуіне ғана бағытталды.

 

 

«Әділет» партиясының

сайлауалды насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., Б. Сапарова/ - «Әділет» демократиялық партиясының жастар қанаты ойын-сауық сипатындағы флеш-моб өткізді. Олар би арқылы, жастарды әділдікке, жасампаздыққа шақырды. Мақсат: «Отансүйгіштік сезімді ояту», - дейді.

Би шарасына 50-ге жуық студент қатысты. Мың бұралған би соңы қойылыммен өрілді. Жиырма санын бейнелеген жастар ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арнады бұл сыйларын. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай патриоттық шаралар жалғасын табатынын айтады.

Абылайхан Іздібаев, «Әділ Жастар» Жастар қанаты атқарушы хатшысы:

Бүгін осы би кеште халықтың өзіне алған деген сезімдері мықты, барлығы көңілді болды. Бұл би кешке 50-ден аса жастар қатысты. Өте, сондай көңілді өтті бұл кеш. Осындай кештер де алдағы уақытта тағы да Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты және бұдан да кейінгі шаралар, патриоттық шараларды өткізуге ат салысамыз. 

 

 

ҚХКП үгіт-насихат науқанының екінші кезеңіне өтті

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы үгіт-насихат науқанының бірінші кезеңін сәтті аяқтап, екінші кезеңге салтанатты жағдайда аяқ басты.

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы бүгін үгіт-насихат шарасын Астана қаласында өткізді. Саяси ұйымның Астана көшелеріне шыққан үгіт-насихат көліктері дауыс зорайтқыш құралдардың көмегімен қала тұрғындарына партияның тұғырнамасын таныстырып, парақшаларын таратты.

Нұрдәулет ОРАЗХАНОВ, ҚКХП САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша екі үгіт пойызы жүріп жатыр. Әр үгіт пойызында он-оннан үгітші жұмыс істейді. Олар халық көп шоғырланған жерлерге барып, үлкен сауда орындарында болып, біздің платформаны халыққа насихаттайды.

Бүгін партия басшылары бастаған бір топ коммунист Алматыда «Аяз ата да, біз де қызыл» атты театрландырылған акция өткізіп, барша қазақстандықты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қазақстан халықтық коммунистік партиясына республика бойынша 80 мың адам мүше. Коммунистердің сайлауалды бағдарламасы 9 бөлімнен тұрады. Олар – өнеркәсіптің шикізаттық емес секторын дамыту, ауыл шаруашылығын жақсарту, ең төменгі өмір сүру деңгейін есептеудің жаңаша әдісін жасау және Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіп, бағаны тұрақтандыру сияқты мәселелерді қамтиды. Коммунистер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері республиканың 20 қаласы мен 80-ге жуық елдімекенін аралап шыққан. Насихат кезеңінің екінші бөлімінде олар шығыс пен солтүстіктегі сайлаушыларға баруды жоспарлап отыр. Жалпы қызылдар алдағы сайлауда халық өздеріне үміт артады деген сенімде. Бұл партиядан сайлауға үміткер ретінде 21 адам ұсынылып отыр.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХКП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:

- Халықтармен кездестік – негізі өзіміздің бағдарламаны ұсынғанда халық түсіністікпен қарайды. Яғни, біздің халықтың сайлаушылардың 15 қаңтарда келіп біздің партияға дауыс беретіне кәміл сеніміміз мол. Екінші кезең де өз нәтижесін көрсетеді.

 

 

Коммунистік халық партиясының

сайлау алды насихаты

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., Н. Аманұлы/ -  Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы балық институтының қызметкерлерімен кездесті. Сайлаушыларға коммунистік партияның тұғырнамасын таныстырды. Балқаш көлінің экологиясы жайында баяндады. «Балқаш көлінің тазалығын сақтауға мемлекеттік бағдарлама жасалуы керек. Қатерлі ісік ауруының таралуына қарсы іс шаралар осы экологияны қорғаудан басталуы шарт», - дейді коммунистердің орталық комитет хатшысы.

Жамбыл Ахметбеков, ҚКХП орталық комитетінің хатшысы:

Қазіргі экологиялық жағдайға да байланысты, мынау Балқаш көлінің де кейінгі кездері өзгеріске ұшырауына байланысты біз осы тұрғындардың ой пікірін біліп, өзіміздің бағдарламамызды пысықтап алғымыз келді. Мынау ең басты байлықтарымыз көл, су, жер асты қойнауынан түскен қазбалардан түскен пайдалардың бәрін соны халыққа жарату.

 

 

ЖСДП партиясының сайлауалды насихат жұмысы

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., С. Мауғазин/ - Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысында үгіт насихат жұмыстарын жалғастырды. Саяси ұйым төрағасы Жармахан Тұяқбай және Тоқтар Әубәкіров пен Балташ Тұрсымбаев жергілікті тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Социал-демократтар статистикалық фактілерді мысалға келтіріп, Парламент депутаттығына өткен жағдайда жоғарыға жеткізетін мәселелерін ортаға салды. Оның ішінде баға мен тарифтің өсуін тоқтату, баспана мен медициналық қызметті қолжетімді қылу, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты ұсыныстары бар.

Балташ Тұрсымбаев, ЖСДП партиясының мүшесі:

Бізде енді белгілі тұлғалар партияның мүшесі. Сондықтан бізді халық біледі, біздің бұрынғы атқарған жұмыстарымызды, өзіміздің айтқан сөздерімізді, оны қалай орындағанымызды. Сондықтан халықтың дауысын көп жинауға сенім бар.

 

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

сайлауға кеңейтілген тұғырнамамен барады

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Партия белсенділерінің айтуынша, қоғамдағы тепе-теңдікті сақтау үшін кешенді іс-шаралар керек. Сондай-ақ, олар өз бағдарламаларын әрбір сайлаушыға етене жақын деп мәлімдеп отыр.

Социал-демократтар жалпы қоғамның әл-ауқат деңгейін әлеуметтік саясатты күшейту арқылы көтеру қажет дейді. ЖСДП атынан сайлауға түскелі отырған үміткерлер күнкөріс деңгейінің төмен мөлшерін есептеуді өзіндік әдістерімен жасамақшы. Партиялықтар еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер көлемін осыған сай есептеп ұсынбақ.

Әміржан ҚОСАНОВ, ЖСДП БАС ХАТШЫСЫ:

- Партияның маңызды мәселелер көтерілген нақты бағдарламасымен барады. Алдында үлкен жолы бар мектеп бітірген түлектен бастап, өмір бойы еңбек етіп зейнетке шыққан қариядан бастап Шығыс Еуропа елдеріндей мүмкіндіктері болуға тиіс.

Олардың сайлауалды бағдарламаларындағы тағы бір бөлімде – табыс салығы жүйесін қайта есептеуді ұсынады. Бастама мақсаты – салық жүктемесін қайта қарастыру. Үлгі ретінде еуропалық стандарттар алынып отыр.

 

 

ШҰҒЫЛ: Орталық сайлау комиссиясы бүгін «Руханият» партиясының

партиялық тізімін тіркеу туралы шешімінің күшін жойды[11]

 

/«ҚазАқпарат», 28.12.2011 ж., А. Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы  шешімінің күшін жойды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында комиссия мүшелері осы мәселе жөнінде тиісті қаулы қабылдады.

Отырыс барысында осы мәселе бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовты айтуынша,  Орталық сайлау комиссиясы мұндай қадамға Бас прокуратураның  «Руханият» партиясының негізін қалаушылардың бірі - Алтыншаш Жағанованың осы партияның Мәжіліс депутаттарының сайлауына өткізген тізімін ұсыну тәртібінің бұзылғандығы жөніндегі өтінішін қарау туралы тұжырымын алғаннан кейін барып отыр. «Нақтырақ айтқанда, бұл өтініште, «Руханият» партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілген кезектен тыс, 8-ші съезін өткізу кезінде, съезді шақыру мен өткізудің «Саяси партиялар туралы» заң мен партияның жарғысында белгіленген тәртібі сақталмағаны айтылған. Бұл шағымда көрсетілген фактілер Бас прокуратураның тексеруі кезінде расталған. Атап айтқанда, партияның Республикалық комитетінің отырысында оған қатысатын азаматтар талапқа сай болмағандықтан «Руханият» партиясының 8-ші съезін шақыру тәртібінің бұзылу фактісі орын алған»,-деді ОСК хатшысы.

Сондай-ақ оның айтуынша, «Саяси партиялар туралы» заңның 16-шы бабына сәйкес, саяси партияның съезінде депутаттыққа кандидаттардың тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына ұсынылатын партиялық тізімі бекітіледі. Сөйтіп, съездің шешімі, саяси партияның барлық облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң өкiлдерi қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады.

«Руханият» партиясының кезектен тыс 8-ші съезінің хаттамасына сәйкес, оған партияның барлық облыстық және оларға теңестірілген қалалық филиалдары мен өкілдіктерінен 203 делегат қатысқан. Алайда, тексеру шаралары нәтижесінде Бас прокуратура көпшілік өңірлер партиялық конференцияларды мүлдем өткізбегенін және съезге делегаттар жолдамағанын анықтады. Съезге партия басшылығының шақыруы негізінде жекелеген облыстардан бұған белгіленген тәртіпте берілген өкілеттіктері жоқ адамдар қатысқан»,-деді Б.Мелдешов.

Сондай-ақ оның Бас прокуратураның мәліметтеріне сүйене отырып айтқанда сөзінше, 12 облыста партиялық конференция өткізілмеген.

2 өңірде олар белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген және кейбір өңірлердің өкілдері съезге қатысу үшін жолға да шықпаған.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тұжырымына сәйкес, «Руханият» Партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынудың заңнамамен белгіленген тәртібін бұзу факті расталды.

«Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Конституциялық заңның 89-бабына және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аталған тұжырымына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 28 желтоқсанда, бұл партияның партиялық тізімдерді ұсыну ережелерін бұзуына байланысты, «Руханият» Партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы шешімнің күшін жойды», - деді ОСК өкілі.

 

 

«Руханият» партиясы сайлау

науқанынан шеттетілді – ОСК

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 28.12.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясының тізімін жарамсыз деп тапты.

Сәрсенбі күні ОСК қаулысымен таныстырған комиссия хатшысы Бахыт Мелдешов: «Бас прокуратура Алтыншаш Жағанованың арызы бойынша «Руханият» партиясының партиялық тізімін тексеріп, кандидаттарды ұсыну барысында заң бұзушылықтар болғанын анықтады. «Сайлау туралы» заңның 89-бабы 6-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылы 14-желтоқсанда тіркелген «Руханият» партиясының партиялық тізімін жарамсыз деп тану туралы өкім шығарды», деп атап өтті.

ОСК мүшелері қаулыны бірауыздан мақұлдады.

Қаулының екінші бабында «Руханият» партиясы Парламент Мәжілісі сайлауының бюллетеньдерінен сызып тасталсын» деп жазылған.

 

 

«Руханият» партиясы сайлауға қатыспайды

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., А. Қобдабай/ - «Руханият» партиясы келер жылы өтетін кезектен тыс сайлауға қатыспайды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы осы партияның тізімін тіркеу туралы қаулының күшін жою қақында шешім қабылдады. Бас прокуратураның тұжырымдамасына сүйенген сайлау комиссиясы «Руханият» партиясының «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарды өрескел бұзғандығын айтты. Осыдан бірнеше күн бұрын еліміздің Бас прокуратурасына «Руханият» партиясына қатысты шағым хат түскен.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Атап айтқанда партияның республикалық комитетінің отырысында тиісті шешімді қабылдауға, партияның жарғысы мен белгіленген уәкілеттілігі бар мүшелерінің қажетті санын кворумының болмауы себепті «Руханият» партиясының 8-ші съезін шақыру тәртібінің бұзылу фактісі орын алған.

«Руханият» партиясы кезектен тыс өткен съезі қарсаңында заң бойынша ұйымдастырылуы тиісті аймақтық, қалалық конференцияларды ұйымдастырмастан партиялық тізімді бекіту туралы шешім қабылдаған.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Алайда тексеру шаралары нәтижесінде Бас прокуратура көпшілік өңірлерде партияның конференцияларды мүлдем өткізбегенін және съезге делегаттар жолдамағын анықтады. Съезге партия басшыларын шақыру кезінде жекелеген облыстардан бұрын белгіленген тәртіпте берілген өкілеттілігі жоқ адамдар қатысқан. Бас прокуратура мәліметтері бойынша он екі облыста: Алматы, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, СҚО, ШҚО, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Астана қаласының партиялық конференциялары өткізілмеген. Екі өңірде белгіленген тәртіп бұзылып өткізілген. Ол ОҚО мен Ақтөбе. Кей өңірлерден съезге қатысатын өкілдер мүлдем жолға шықпаған. Осылайша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тұжырымдамасына сәйкес «Руханият» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынудың Заңнамасын белгіленген тәртібін бұзу фактісі расталды.  

Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысқан «Руханият» партиясының жетекшісі бұндай хабарды күтпеді ме, әлде заңды білмеді ме ОСК-на бұндай шешім шығаруға кім рұқсат берді деп тулады.

Қанат Сейітқапаров, ҚР Бас прокуратурасының департамент директоры:

Сайлау туралы конституциялық заңның 89-шы бабы, 6-шы пункті бойынша саяси партиялардың партиялық тізімін тіркеу және тіркелген партиялық тізім туралы қаулының күшін жою Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатады. Бұл құзырет конституциялық заңмен бектіліген.

Құзырлы органның бұл жауабын қанағат тұтпаған партия басшысы мемлекеттік мекеменің қабырғасында отырып, жиында айтылған мәселелерге мәнде бермеді. Бірде қолындағы планшеті мен бірде ұялы телефонымен жағаласып, жай таппай кетті.

 

 

ОСК «Руханиятты» партиялық тізімнен шығарды

 

/«Хабар» агенттігі, 28.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы қаулы қабылдады.

Оған кеше Орталық сайлау комиссиясына Бас прокуратураның жіберген Алтыншаш Жағанованың партияға қатысты өрескел заң бұзушылықтар жайындағы өтінішін қарау тұжырымдамасы себеп болып отыр. Онда «Руханият» партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілген кезектен тыс 8-ші съезін өткізу кезінде съезді шақыру мен өткізуді заңды бұза отырып ұйымдастырылғандығы айтылған. Бас прокуратура ұйымдастырған тексеру шараларының нәтижелері бойынша Алтыншаш Жағанованың өтініште келтірген дәйектері түгелімен расталды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың мәлімдеуінше, «Руханият» партиясының 8-съезін шақыру тәртібі шын мәнінде бұзылған. 12 облыста партиялық конференция өткізілмеген, 2 өңірде ол белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген. Кейбір өңірлердің өкілдері съезге қатысу үшін мүлдем жолға шықпаған.

Бақыт МЕЛДЕШОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- «Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсыну тәртібінің бұзылғаны туралы Жағанованың өтініші бойынша ҚР Бас прокуратурасы жүргізген тексеру іс-шаралары негізінде ҚР «Сайлау туралы» Заңының 89-бабы, 6-тармағына, 4-тармақшасына сәйкес ОСК қаулы етеді. Бірінші, ҚР ОСК-ның 2011 жылғы 14 желтоқсандағы нөмірі 72/133 қаулысымен тіркелген «Руханият» партиясы партиялық тізімнен күші жойылсын. Екінші, «Руханият» партиясының атауы сайлау бюллетенінен алынып тасталсын.

«Руханият» партиясының аталған заңбұзушылықтарына орай Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де өз пікірлерін білдіре отырып, қаулыны бірауыздан мақұлдады.

Қанат СЕЙДІҒАПАРОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Тексеріс нәтижелері көрсеткендей, партияның съезіне аймақтардан делегаттар қатыспаған. Оның үстіне съездің өзі заңды бұза отырып өткізілген. Оған небәрі 19 адам ғана қатысқан, яғни қатысушылардың 3/2 бөлігі жоқ деген сөз. Сондай-ақ тексеріс көрсеткендей, Сыздықов пен Қаржаубаев партияның республикалық комитетінің мүшелері емес.

Ал «Руханият» партиясының жетекшісі Серікжан Мәмбеталинның қаулыға қарсылық білдіргені соншалықты, тіпті Орталық сайлау комиссиясының отырысын аяғына дейін жеткізбеді. Сөз ортасында сабырлық сақтамай, комиссия мүшелерімен сыйластық таба алмады. Не дегенмен, партия тарапы заңсыз әрекеттеріне қатысты тұщымды жауап таба алмады. «Шешімді Орталық сайлау комиссиясы емес, сот шығару керек» деген уәжден басқа құр айыптаулармен құтылып кетуді жөн көреді.

 

 

Қазақстанның ОСК-сы

«Руханият» партиясы тізімінің тіркеуін бұзды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 28.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеуден шығарып тастады,  партия 15 қаңтарда өтетін Парламенттік сайлауға қатыспайды.

«Қазақстан Бас прокуратурасының қорытындысына сәйкес, «Руханият» партиясының Мәжіліс (Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы) депутаттығына кандидаттарды ұсынудың заңмен бекітілген тәртібін бұзу фактісі расталды. «Сайлау туралы» Заңның 89-шы бабы 6-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, ОСК: 2011 жылдың 14 желтоқсанында тіркелген руханият» партиясының партиялық тізімінің тіркеуін бұзып, «Руханият» партиясының атауын сайлау бюллетендерінен жоюды қаулы етеді», - деді сәрсенбіде Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан ОСК-ның хатшысы Бахыт Мельдешов.

«Руханият» партиясының бұрынғы төрағасы Алтыншаш Жағанова бір-екі күн бұрын «Руханият» партиясының партиялық тізімінің тіркеуін жойып, партия жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жол берілген бұрмалаулар үшін жауаптылыққа тартуды талап етті. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттығына «Руханият» партиясымен ұсынылған партиялық тізім заңсыз қалыптастырылып, сайлау алды съезд заңсыз өткізілген. Ол тиісті арызды прокуратура мен ОСК-ға бергендігі туралы мәлімдеді.   

Сәрсенбі күні таңертең Алматыда «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеалин және оның рухани көшбасшысы Мұхтар Шаханов, партияның негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова билік жанындағы құрылымдардың тапсырысы бойынша 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламенттік сайлауда жеңіске деген «Руханият» партиясының мүмкіндіктерін төменедету үшін партияның беделін түсіру бойынша жорық жасауда, деп мәлім етті.

 

 «Руханият» партиясының көшбасшысы

Жағанованы сотқа бермек

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 28.12.2011 ж./ - Сәрсенбіде сайлау алды жарыстан шығарылған «Руханият» партиясының көшбасшысы Серікжан Мәмбеталин, осы партияның бұрынғы жетекшісі Алтыншаш Жағанованы сотқа бермек.

Сәрсенбіде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Жағанованың шағымы бойынша жүргізілген тексеруге байланысты «Руханият» партиясының партиялық тізімінің тіркеуін бұзу туралы шешім қабылдады. Ол Мәжіліс депутаттығына «Руханият» партиясымен ұсынылған партиялық тізім заңсыз қалыптастырылып, сайлау алды съезд заңсыз өткізілді, деп мәлімдеген.

ОСК-ның хатшысы Бахыт Мельдешовтың мәліметінше, Бас прокуратура жүргізген тексеруде «Руханият» партиясының кезектен тыс сегізінші съезін шақыру тәртібінде бұзушылықтар анықталған.

ОСК-ның отырысына қатысқан Мәмбеталин, Жағанова республикалық телеарналардың эфирінде «бүкіл біздің партияны, оның ішінде мені және Шахановты (ақын Мұхтар Шаханов) қаралады», деп мәлімдеді.

«Бүгінгі шешімді, егер сіздер қабылдасаңыздар, мен Еуропаламентке жеткіземін, мен ертең Құрама Штаттарының елшісімен, сондай-ақ Еуроодақтың елшісі, ЕҚЫҰ бақылаушы делегаттарымен кездесемін, қазір сіздердің жасап жатқандарыңызды, ертең бүкіл әлем білетін болады... Біз ертең шағым түсіреміз, ертең Жағанованы сотқа береміз», - деп қорқытты «Руханияттың» көшбасшысы.

Оның пікірінше, партиялық тізімнің тіркеуін бұзу үшін «соттың қаулысы болуға тиіс еді».

 

 

«Руханият» көшбасшылары, партияның негізін қалаушы

билік заңы бойынша олардың беделін түсіруде, деп санайды

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 28.12.2011 ж./ - «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеалин және оның рухани көшбасшысы Мұхтар Шаханов, партияның негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова билік жанындағы құрылымдардың тапсырысы бойынша 2012 жылдың 15 қаңтарына тағайындалған Парламенттік сайлауда жеңіске деген «Руханият» партиясының мүмкіндіктерін төменедету үшін партияның беделін түсіру бойынша жорық жасауда, делінген сәрсенбіде таратылған партияның мәлімдемесінде.    

«Руханият» партиясының бұрынғы төрағасы Алтыншаш Жағанова бір-екі күн бұрын «Руханият» партиясының партиялық тізімінің тіркеуін жойып, партия жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жол берілген бұрмалаулар үшін жауаптылыққа тартуды талап етті. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттығына «Руханият» партиясымен ұсынылған партиялық тізім заңсыз қалыптастырылып, сайлау алды съезд заңсыз өткізілген. Ол тиісті арызды прокуратура мен ОСК-ға бергендігі туралы мәлімдеді.   

«Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына «Руханият» партиясын жібермеу үшін билік құрылымдарындағы біреу-міреу күреске шындап кіріскен секілді», - делінген партияның мәлімдемесінде.

 

 

«Руханият» партиясы Орталық сайлау комиссиясының

шешіміне қатысты сотқа шағымданбақ

 

/«Интерфакс-Қазақстан», 29.12.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясының шешімімен сайлау науқанынан шеттетілген «Руханият» партиясы сотқа арызданбақ.

«Қазір біз аппеляция беруге дайындалып жатырмыз. Жеті күн ішінде бас прокуратураға да, сотқа да шағымдануға құқымыз бар. Олар біздің шағымымызды жеті күн ішінде қарап, шешім шығаруы тиіс», - деп бейсенбі күні Алматыда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында «Руханият» партиясының баспасөз хатшысы Дәурен Қайсар мәлім етті.

«Орталық сайлау комиссиясы түгел отставкаға кетуі керек. Өйткені, ол өзінің қауқарсыздығын және біліксіздігін көрсетті», - деп мәлімдеді ол.

Д.Қайсаровтың айтуынша, бүгін партия төрағасы С.Мәмбеталин Астанада ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесіп, оларға жағдайды түсіндірді.

 

 

БҚО-да сайлауға дайындық ойдағыдай - А.Хамзин, БҚО

 

/«ҚазАқпарат», 28.12.2011 ж., Е. Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында барлық сайлау учаскелерінде алдағы сайлауға дайындық қызу жүруде. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абай Хамзин мәлім етті.

Оның айтуынша, облыс аумағындағы 523 сайлау учаскесі осы аса маңызды жұмысқа кіріскен. 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша барлық сайлау учаскелерінде 395901 сайлаушы тізімге алынған. Комиссия қызметкерлері қазір үй-үйді аралап, дауыс берушілердің тізімін толықтыру, нақтылау үстінде. Сондықтан, жоғарыдағы сан сәл-пәл өзгеруі мүмкін.

Биылғы сайлау жылдың ең қиын кезеңіне, қоян жылғы қыстың қақ ортасына сәйкес келіп тұр. Бірақ, Президент Жарлығы бойынша, барлық деңгейдегі атқарушы билік аса маңызды саяси науқанды өз дәрежесінде өткізуге атсалысуы тиіс.

Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ облыстағы барлық сайлау учаскесімен телефон байланысын жолға қойған. Облыстағы бас орталықта әр ауданмен қарым-қатынасты жалғап тұрған телефон, факс, ғаламтор желісі ұйымдастырылды. Орталық сайлау комиссиясынан сайлауды өткізуге бөлінген қаржы барлық аудандық комиссияға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысындағы облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға сайланатын барлық 200 орынға - 666 үміткер ұсынылған болатын. Соның 602-сі заңды тіркеліп, сайлау додасына қатысуға ниет білдірген. Осы 602 үміткердің 229-ы әртүрлі саяси партиялардың атынан ұсынылған. Атап айтқанда, 200 үміткер - «Нұр Отан» ХДП-нан, 2 үміткер - «Ауыл» партиясынан, «Ақ жол» ҚДП-дан - 10 үміткер, Қазақстанның коммунистік-халықтық партиясынан - 9 үміткер, «Әділет» демократиялық партиясынан - 7 үміткер, тағы 1 үміткер - ЖСДП-дан ұсынылған. Бұдан басқа, түрлі бағыттағы қоғамдық ұйымдардан - 4 үміткер сайлауға қатыспақ. Оның сыртында 369 адам өзін өзі ұсынған.

Депутат орынтағынан үміткерлер үшін барлық деңгейде де оңай болмайтын түрі бар. Мысалы, облыстық мәслихаттағы 30 орынға 98 үміткер таласуда. Орал қаласынан облыстық мәслихатқа сайлануы тиіс 14 орынға 49 үміткер тіркеліпті. Сондай-ақ барлық аудандық мәслихаттардағы жалпы депутаттық орын саны 150 болса, бүгінде одан 424 адам дәмелі болып отыр. Ал Орал қалалық мәслихатында дода тіпті қызу: мұндағы 20 орынға  80 үміткер тіркеліп, үгіт-насихат көрігін қыздырып жатыр.

Күні бүгін Орал қаласында ЕҚЫҰ тарапынан тіркелген шетелдік екі байқаушы жұмыс істеп жатыр. Ұзақ мерзімді байқаушы статусы бар Ульрих Фишер мен Диан Паркердің негізгі мақсаты - 2012 жылы Қазақстан Республикасында өтетін Парламент сайлауының өтуін бақылау миссиясы. Жақында Орал қаласында халықаралық байқаушыларға және шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталығы ашылды. Әзірге сайлауалды дайындық, үгіт-насихат жұмыстары заңға сәйкес өтуде. Ешқандай заңбұзушылық фактісі, арыз-шағым тіркелген жоқ.

 

 

Халықаралық сарапшылардың сайлау туралы пікірі

 

/«Қазақстан» ТРК, 28.12.2011 ж., Б. Ғадылбекқызы/ - Қыр астында тұрған Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы халықаралық заңнамаға сай, әділ әрі ашық өтеріне сенеміз. Еліміздегі саяси сайысты бақылауға арнайы келген халықаралық байқаушылардың пікірі осындай. Бүгінгі дейін Орталық сайлау комиссиясына 200-ден астам өзге елдің байқаушылары тіркелген. Қазір олар сайлау алды үгіт-шараларына қатысып, әр партияның мүшелерімен кездесіп жатыр.

Сайлау үдерісінің заңға сай өтуін қадағалау. Осы мақсатпен елімізге Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро, Достастық елдері байқаушылар миссиясынан өкілдер келген. Саяси науқанды бақылауға ықылас танытқандар қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы мен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі де бар. Қазірдің өзінде бақылаушылар штабына хабарласушылар аз емес.

Евгений Слобода, ТМД бақылаушылар миссиясының штаб басшысы:

Қазір сайлауға қатысушылар тізімін нақтылау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл әрине, оңай шаруа емес. Сайлау учаскелерін қадағалау барысында бір нәрсеге көзім жетті. Ең бастысы – жүйелі жұмыс бары көрініп тұр. Мобильді топтар құрылған. Учаскелік комиссиялар жасақтаған, сайлаушылар тізімі кей жағдайда өзгеріп жатқанын байқадым. Бұл әрине, жаңадан салынған мөлтек аудандардың қосылуымен байланысты деп санаймын. Дегенмен, сайлау кезінде барлық тұрғынды қамтуға барын салып жатыр.

Олег Кулеба – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атқару комитетінің кеңесшісі. Халықаралық бақылаушы ретінде оның елуінші рет тіркелуі бұл. Тәжірибесі мол сарапшы еліміздегі сайлауалды үдеріс қалыпты өтіп жатқандығын сеніммен айтады.

Олег Кулеба, халықаралық бақылаушы:

Дәл қазір қызу жұмысқа кірістік. Партия мүшелерімен кездесулер өткіздік. Енді бақылаушылар әрбір өңірге бөлінетін болады. Сайлау алды жұмыстар сауатты жүргізіліп жатқандағын көріп отырмыз.

Халықаралық бақылаушылар жақын күндері өңірлерге аттанбақ. Осылайша, сайлаудың әр облыста әділ өтуін қадағалайтын болады. Өйткені, саяси науқан кезінде тек Мәжіліс депутаттары ғана емес, жергілікті мәслихаттағы халық қалаулылары да сайланатын болады.

 

 

Сайлау-2012

 

/«Егемен Қазақстан», 28.12.2011 ж./:

 

Бедел мен сенім ұштасып…

Сайлаушылармен кездесуін нұротандықтар Алматы облысында жалғастырды. «Нұр Отан» республикалық сайлауалды штабы өкілдері «Қазақстан. 2017 Мақсаттары» тұғырнамасының басым бағыттарын өңір тұрғындарымен және спортшылар қауымдастығымен талқылады.

Үгіт тобының басты мақсаты – әрбір сайлаушыға жету. Бұл – «Нұр Отан» партиясының күнделікті жұмыс тәртібінің негізі. «Нұр Отан» партиясы өткен жылы Алматы облысының, Қызылағаш ауылында болған апат салдарын жоюға белсене қатысқан еді. Сондықтан штаб мүшелері ең алдымен қайта қалпына келген ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жалпы, ауыл бойынша 465 жаңа үй салынып, 32 үй жөндеуден өткізілген. Жаңартылған ғимараттар қатарында Мәдениет үйі, әкімдік үйі, балабақша, мектептер мен моншалар бар.

 «Нұр Отанның» штабы мүшелері ауылдықтармен кең көлемде әңгіме жүргізіп сұрақтарына жауап берді, сонымен бірге, өздерінің алдағы 5 жылдағы мақсаттарын баян етті. Бұл ең алдымен, білім мен ғылымның дамуы, денсаулық сақтау саласы, экономиканы тұрақтандыру, жаңа әлеуметтік саясат, ауылды дамыту, халық бірлігін нығайту.

Нұротандықтар сондай-ақ жаппай спортпен айналысуды, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп отыр. Көптеген спортшылар белсенді нұротандықтар болып табылады, оның үстіне олар «Нұр Отанның» партиялық тізіміне кірген. Бұл туралы нұротандықтардың Талдықорған қаласындағы спорт алаңдарының бірінде өткен, Алматы облысы спортшыларымен кездесуінде сөз болды. Өңір өзінің спорттық дәстүрлерін мақтан етеді. Облыс спортшыларының халықаралық деңгейдегі абыройлы жарыстарда ең жоғары сатыдан бой көрсеткен кездері аз емес. Осы кездесуге белгілі спортшылар, спорт қайраткерлері және болашақ жұлдыздар келді.

Күмісжан БАЙЖАН.

 

Бейнеттің зейнеті болуы тиіс

Қазақстан Патриоттары партиясының бір топ белсенділері қазір Оңтүстік өңірдің бірқатар елді мекендерін аралап, насихат жұмыстарымен айналысып жүр. Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласына атбасын бұрған аталған топ мұнда бірқатар кездесулер өткізді.

Сондай кездесулердің бірі Республикалық өртке қарсы күрес қоғамының еріктілерімен өтіп, өрт қауіпсіздігі мәселесі жөнінде бірқатар мәліметтер ортаға салынды. Сондай-ақ, кездесу барысында күш құрылымдары қызметкерлерінің басындағы ахуал да назардан тыс қалмағандығын айта кету керек. Осындағы насихат жұмыстары барысында патриоттықтар жақында лаңкестің қолынан қаза тапқан полиция капитаны Ғ.Байтасовтың қаза тапқан жеріне барып, рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойыпты.

Сонымен қатар, запастағы әскери, полиция, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің басындағы жағдай да сөз етілген. Атап айтқанда, осы күш құрылымдары қызметкерлері зейнетке шыққанда қолдарында әр түрлі жеңілдіктері мен басында баспанасы болуы шарт. Яғни, тірісінде жалақысы жоғары болып, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері түгел шешімін табуы тиіс. Қала тұрғындарымен көшеде тұрып кездесу өткізген партия белсенділері олар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап беріп, өздері де көптеген жәйттерден хабардар болды.

Бұдан басқа партия белсенділері Тараз қаласының Орталық базарында болып, шағын және орта кәсіп өкілдерімен кездесулер өткізген. Олар өз тарапынан әкімдік жаңа базар ашып, сол жерде төлемдердің ашық та әділ жүргізілуі қажеттігін көтерген. Қазіргі заманға сай сауда орнын ашып берсе, онда олар сол жерге барып, саудаларын жүргізуге дайын екендіктерін білдірген. Егер бұл мәселе шешімін тапса, онда кәсіпкерлер бюджет түсімін арттыруға дайын.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

 

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

 «Руханият» партиясы осы күндері ауылдарды аралап қайтты. Атап айтқанда, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қазақстан ауылында, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында болды.

Қазақстан ауылындағы жиынды «Руханият» партиясының жанашыр сайлаушылары ұйымдастырып, кездесуге ауылдың жасы мен қарты қоса жиналып, партияның сайлауалды жұмыстарымен танысты.

 «Руханият» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлер Еркін Рақышев пен Геройхан Қыстаубаев ауыл тұрғындарымен тілдесіп, партияның бағдарламасымен таныстырды. Онда түйткілді, халыққа қажетті мәселелер аз болмады. Ауыл жастарының жұмыссыздығына көмек беру, зейнеткерлердің зейнетақысын көтеру, ауыл тұрмысын жақсарту секілді мәселелер сөз етілді.

Жалпы, «Руханият» партиясы ұлттық мүддені, қазақ ұлтын қорғайтын партия болғандықтан, сайлаушылар партияны қолдайтындықтарын жеткізді.

Түлкібас ауданында «Руханият» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Еркін Рақышев пен партия өкілі Рамазан Құрманбаев ауыл ақсақалдарымен, колледж студенттерімен және тұрғындармен кездесу өткізді. Оның барысында Еркін Рақышев партияның бағдарламасымен таныстырып, «Руханият» партиясының негізгі мақсаты қарапайым халықтың мүддесі үшін қызмет ету, студенттер мен жастарға көмек көрсету, мұқтаж жандарға жәрдем беру секілді маңызды мәселелер екенін айтты.

Партияның ендігі бір жұртшылықпен жүздесуі Қайнар университетінің қабырғасында осы оқу орнының студенттерімен, оқытушыларымен болды. Онда партияның бағдарламасы жиналғандарға толығымен таныстырылып, негізгі көтерілетін мәселелер атап көрсетілді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

 

ЖАСТАР ҚОЛДАУЫНАН ҮМІТТІ

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған бір топ ақжолдықтар Ақтөбеге келді. Олар партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының аясында ұйымдастырылған бокстан олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың жүлдесі үшін жарыстың ашылуына қатысты. Жарыста елі­міздің төрт облысынан келген боксшылар шаршы алаңға шығып, шеберліктерін сынға салды.

Содан кейін олар облыстық кәсіподақтар үйінде облыстық штабтың мүшелерімен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде сөз алған Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасын тарқата әңгімеледі.Партияның негізгі мақсаттары – мемлекеттің халық мүддесіне қызмет етуін жақсарту, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, экономикалық дербестігімізді қалыптастыру, білім беруді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру, жемқорлықпен күресті күшейту, сондай-ақ Парламенттің өкілеттігін арттыру сияқты қадау-қадау мәселелерді қамтитынын жеткізді.

– Сіздердің алдарыңызға келіп отырған Еркебұлан Ілиясов – партия тізімімен Парламент Мәжілісі депутаттығына тіркелген ең жас кандидат. Небәрі 26 жастағы ол Кентау трансформатор зауытының қатардағы жұмысшысынан вице-президенті дәрежесіне дейінгі еңбек жолынан өткен, «Жас маман» бірлестігінің көшбасшысы. Жалпы, біздер жастардың қолдайтынына сенім артамыз. Өзім партия төрағасы болып келгеннен бері ғана 20 мыңнан астам адам мүшелікке өтті. Соның басым бөлігі жастар, – деді Азат Перуашев өз сөзінде.

Оның мәлімдеуінше, партияның республикалық сайлауалды штабында білікті заңгерлер тобы құрылған, олар үгіт-насихат жұмыстарының заңдылығына бағдар береді, сайлаудың ашық және заңдылықтарға сәйкес өткізілуін қадағалайды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ

 

Облыстар аумағында жалғасады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның құрылған күнінен айналысып жүрген басты мәселесінің бірі – баспана болып табылады. Кеше бұл партияның өкілдері Алматыдағы «Шаңырақ» шағын ауданында болып, жұртшылықпен кездесу өткізді. Кезінде бұл жердегі жерді заңсыз басып алуға байланысты орын алған келеңсіз оқиғалардың оң шешілуіне аталмыш партия да араласқан болатын.

Ендігі жерде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бас хатшысы Әміржан Қосанов:

– «Шаңырақ» мәселесі – елдің әлеуметтік-тұрмыстық тіршілігінде елеулі орын алады. «Шаңырақ» оқиғасы кезінде біз осында болдық, оны көпшілік біледі. Сондықтан Алматыдағы сайлауалды кездесулердің бірін осы жерде өткізіп отырмыз. Өкінішке қарай, тек Алматыда ғана емес, үлкен қалаларда қарапайым азаматтар­дың заңды түрде жер алып, жер телімдерін заңдастыру мәселесі әртүрлі әкімшілік кедергілер мен басқа да түйткілді жәйттерге байланысты шешілмей жатады. Сондықтан біздің партия осы мәселеге байланысты ұстанымын айтты, – дейді.

Сондай-ақ, партия жетекшілері шаңырақтықтарға өз өкілдері Парламентке өтетін болса, алдағы уақытта да осы проблеманы заң жүзінде реттеуге атсалысатындықтарын білдірді.

Партияның бас хатшысы бұл күні өздері кездесу өткізген ауданда басқа кездесу ұйымдастырылып, аудан тұрғындарының бір бөлігі сол басқосуға кетіп қалғанын көлденең тартты.

– Бірақ, сайлауалды науқанында мұндай бәсеке болып тұрады. Бұл – қалыпты жағдай. Біз оған таңқалмаймыз, – дейді ЖСДП жетекшілері.

Ал аталмыш партияның алдағы үгіт-насихат жұмыстарына келетін болсақ, ол облыстар аумақтарында жалғаса бермек.

Айнаш ЕСАЛИ.

АЛМАТЫ.

 

Белсенділерінің саны артуда

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Владимир Косарев екі-үш күннен бері шырайлы Шығысты аралап, сайлаушылармен кездесті.

– Сапарымыз жаман өтіп жатқан жоқ. Семейде бірнеше кездесу өтті. Ондағы кездесулерге де көптеген адам қатысты. Енді, міне, Өскеменге келдім, осы айдың 29-ынан бастап, бірқатар аудандарды аралап шығу ойда бар, – деп халықшыл коммунистер серкесі әдетінше екпіндетіп әңгімесін бастады.

В.Косарев партияның сайлауалды тұғырнамасымен және бағдарламасымен таныстырды. Оның айтуынша, қазір қоғамда шешуін күткен мәселелер де бар. Жанар май бағасы аспандап барады, оны тоқтататын, тоқтатқысы келетін басшылар көрінбейді. «Бұл күндері 600 мың адам жұмыссыз жүр, олардың отбасын кім асырайды? Елімізде жылына 400 мың тонна мақта, 350 мың тоннадай жүн өндіріледі екен. Ал осы байлық босқа рәсуа болып жатыр. Қытайдың сапасыз бұйымдарын тасығанша, өзімізде өндіруші кәсіпорындарды құрсақ, қаншама жұмыс орны ашылған болар еді. Сондай-ақ, аяқ киім шығару үшін былғары жеткілікті. Қазақстанның аяқ киімі көзден бұл-бұл ұшқанына ықылым заман өтті. Міне, біз егер Парламент төрінен орын алатын болсақ, осы жағдайларға баса назар аударып, халықтың мұң-мұқтажын шешуге атсалысар едік», – деді партия серкесі.

– Қазір біздің партияда 81 мың мүше бар. Кенді Алтайда 7,5 мың адам коммунистік халықтық партияға мүше болып табылады. Бірақ Семей мен Өскемен екі бөлек жұмыс істеп жатыр. Қарағанды, Атырау облыстарында да партия белсенділері күн сайын көбейіп келеді. Өткен сайлауда 1,5 мың мен 6 мың аралығында белсенділер болса, биылғы сайлауда бел шеше кірісіп, үгіт-насихат жұмыстарымен 18 мың адам айналысуда, – деді В.Косарев.

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

 

ТҰҒЫРНАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ғани Қалиев Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Шортанды қаласында болып, ондағы Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен кездесті. Бұл кездесуге сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Қуаныш Әбуов пен «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Болат Мұқанов қатысты.

Кездесу барысында сөз алған академик Ғани Қалиев жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасында қарастырылған мәселелер туралы әңгімеледі. Бұл тұғырнамада партияның алдында тұрған мақсат-міндеттер көрсетілген. Партия сол міндеттерінің бірінде аграрлық ғылымды дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін ойдағыдай өркендетудің негізгі шарты болып табылады деп есептейді. Ғылыми технологиялар мен инновациялық шешімдер ғасырында аграрлық ғылым өндіріс пен бизнес талап ететін сапалы жаңа шешімдер ұсынуға тиіс. Ұлт денсаулығы, Қазақстанның қауіпсіздігі мен гүлденуі осы мәселенің ойдағыдай жүзеге асуына көп байланысты.

Жиналғандар «Ауыл» партиясының тұғырнамасымен таныса келе, оны қолдауға лайық деп тапты.

Осы күні мұндай кездесулер Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық №3 ауруханасында «Ауыл» партиясының атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Иван Кендюхпен, Алматы облысының Сарқан ауданында партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Сәрсенғали Әжібаевпен болып өтті.

Ал Павлодар қаласындағы «Достық үйі» мәдени-демалыс орталығында партия мүшелері жергілікті эстрадалық орындаушылармен бірлесе отырып, қаладағы Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға концерт берді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ.

 

МАҚСАТ – ҰЛТЖАНДЫЛЫҚ СЕЗІМІН ОЯТУ

Кеше Астанада «Әділет» демократиялық партиясы «Айтұмар» Қазақ ұлттық балалар этнографиялық академиясының ғимаратында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлаулары қарсаңында жүргізілген үгіт-насихат шараларына байланысты академия ұжымымен және балалардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесуге «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Мұсағали Дуанбеков қатысты. Ол академияның қызметкерлері мен ата-аналарды келе жатқан жаңа 2012 жылмен құттықтап, оларға мықты денсаулық, бақыт, отбасыларына тыныштық тіледі. Сондай-ақ, ол кездесуге қатысушыларға партия­ның сайлауалды тұғырнамасында белгіленген негізгі басымдықтар жөнінде әңгімелеп берді. Бұған қоса, партия төрағасының орынбасары жиналғандар мен журналистердің отбасы мәселесіне, білім беруге, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге және басқа да қызықтырған сауалдарына жауап берді.

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, сондай-ақ елімізде тұрақтылық пен келісімді нығайту мақсатында жастар саясатына қолдау көрсетуге байланысты «Әділет» демократиялық партиясының «Әділ жастар» қанаты «Әділет алға!» ұранымен арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шараның басы-қасында жүрген азаматтардың айтуынша, олар мыналар: Қазақстан халқының біртұтас екендігін көрсету, Қазақстан жастарының бойында өз Отанына деген ұлтжандылық қасиетті тереңнен сіңіру, Қазақстанды тұрақтылық пен дамудың символы ретінде таныту, қоғамның өз ішінен бөлінуі мен жарылуына әкеліп соғатын түрлі саяси үндеулер мен ұрандарға қарсылық білдіру.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай сипатқа сай іс-шаралар елімізде бұған дейін өткізілмеген, сондықтан, әділеттіктер осындай бастамаларды ұйымдастыру арқылы қоғамға жаңашылдық енгізуді мақсат тұтыпты.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

 

 

Жауапкершілік танытуға шақырды

 

/«Егемен Қазақстан», 28.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Астанада «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сайлау-2012: жауапкершілікпен және салмақтылықпен келу» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге 2012 жылғы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысушы саяси партиялар штабтарының, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, Бас прокуратураның, Орталық сайлау комиссиясының, Астана қалалық сайлау комиссиясының және БАҚ-тың өкілдері қатысты.

Жиынға Қоғамдық комиссияның тең төрағасы, «Айт-парк» пікірталас клубының төрағасы Нұрлан Ерімбетов модераторлық етті. Ол алдымен Қоғамдық комиссия 2012 жылғы 15 қаңтарға белгіленген Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты өздерінің электоралды кезең алдындағы қызметтерінің жаңарғандығы туралы дөңгелек үстелге қатысушыларды хабардар ете келіп, ұсыныс-пікірлерін ашық білдіруді өтінді.

Сонымен, алғашқы сөзді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев алып, сайлау үдерістерінің белсенді өтіп жатқанына тоқталды. Оның атап өтуінше, қазіргі кезде саяси партиялар өздерінің сайлауалды үгіт жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Үгіт жұмыстары 2012 жылғы 13 қаңтарда сағат 24.00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар, ол мәслихаттар депутаттарының сайлауы да еліміздің барлық аумақтарында белсенді түрде жүріп жатқанын атап өтті. Сайлау науқанын республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты көрсетуде. Барлық саяси партияларға БАҚ-тарда теңдей орын беріліп келеді. Бұл жөнінен Орталық сайлау комиссиясына өтініш-шағымдар түскен жоқ.

Бұдан кейін сөз алған «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Сергей Ударцев сайлау үдерістері ашық болу қажеттігін атап өтіп, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әлеуметтік сұрау салудың нәтижесімен келіспейтіндігін білдірді. «Бұл шындыққа сәйкес келмейді, – деді ол осы туралы. – Оған кімдердің тапсырыс бергені, кімдердің қаржыландырғаны белгісіз күйінде қалып отыр». Ал «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов өзі жетекшілік ететін «Азат» партиясы түрлі себептермен әлі тіркеуден өте алмай келе жатқандығын алға тарта отырып, Жаңаөзендегі жағдайларға тоқталды. Осыған байланысты ол сайлау өткізу мерзімін кейінге шегеруді ұсынды. Оның бұл ұсынысына ЖСДП Астана қалалық филиалының төрағасы Серікбай Әлібаев, «Әділет» партиясынан кандидаттыққа ұсынылған Мұсағали Дуанбеков қолдау білдірді.

Болат Әбіловтің аталған ұсынысына Қоғамдық комиссияның тең төрағасы Нұрлан Ерімбетов, «Ақ жол» партиясының өкілі Владимир Жуков, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Данияр Вагапов, тағы басқалар қарсы болды. Олардың айтуынша, сайлауды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Өйткені, қазіргі кезде өз кандидаттарын Мәжіліс депутаттығына ұсынған еліміздегі сегіз саяси партия үгіт шараларын белсенді жүргізіп жатыр. Ал Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаларға байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын сол комиссия анықтайтын болады.

Дөңгелек үстел барысында Орталық сайлау комиссиясына қатысушылар тарапынан бірқатар сыни тұрғыдағы пікірлер де айтылған болатын. Соның бірі – партиялар арасында теледебат өткізу еді. Бұған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев нақты жауап қайтарды. Оның атап өткеніндей, үгіт шаралары кезінде саяси партиялар теледебат өткізіп, сайлаушыларды өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстыратын болады.

Жалпы, дөңгелек үстел алдағы сайлау кезеңінің барлық сайлауалды науқаны бойынша өлшенген әдістердің қажеттігі және жауапкершілік мәселелері жөнінде байсалды да үйлесімді қызу пікірталас жағдайында өтті деп айтуымызға болады. Нәтижесінде оған қатысушылар сайлау заңнамасының мүлтіксіз сақталуы, сайлау үдерісі кезінде орнықты пікір алмасулар орнату жайы, қорытынды есептерді әзірлеуге қоғамды қатыстыру және бірлескен сараптамаларды жүзеге асыру үшін тіркелген шетелдік байқаушылармен өзара ынтымақтастықты дамыту, сайлау үде­рістеріне жауапкершілікпен, салмақтылықпен келу, «қара пиар» мен «лас» технологияларды қолданудан бас тартуды қамтамасыз ету, журналистік этика нормалары мен «Сайлау туралы» Заңның талабын сақтау негізінде сайлау науқанының өту барысы туралы БАҚ-тарда шынайы ақпарат жариялау туралы уағдаластыққа келді.

 

 

ОСК ҚХА сайлайтын, Мәжіліске үміткерлер

шығынының нормативтерін белгіледі

 

/«BNews.kz», 27.12.2011 ж./ – Бүгін Астанада ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, республикалық бюджет қаражаттары есебінен жабылатын, ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер шығынының нормативтерін белгіледі. 

«Телевидениеден сайлау алды бағдарламаларын таныстыруға 105 мың теңге, радиодан бағдарлама бойынша сөйлеуге 62 мың теңге, баспа басылымдарға 2 мақала жариялауға 135 мың теңге, сайлаушылармен кездесу үшін ғимарат жалдауға 25 мың теңге, үгіт-насихат материалдарын баспадан шығаруға 50 мың теңге және көлік шығындарына 100 мың теңге белгілеу ұсынылады», - деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары  Владим ир Фрос.

Сонымен қатар, Мәжілісте тағы 2 мәселе қаралды. Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 15 шетелдік мемлекеттен тағы 145 бақылаушы тіркеді, сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты, «ҚР Парламент Сенатының депутаты Б.А.Мұхамеджановтың өкілеттілігін тоқтату туралы» қаулы қабылдады. 

Сайып келгенде, ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың сөзіне қарағанда, бүгінгі күні 244 халықаралық бақылаушы тіркелді. 

 

 

Үгіт шараларына – 477 мың теңгеден

 

/«Егемен Қазақстан», 28.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі.

Ортсайлаукомның қаулысына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа республикалық бюджет қаражатынан сайлауалды үгіт шараларын өткізуге және көліктік шығыстарға 477 мың теңгеден бөлінетін болады. Орталық сайлау комиссиясының отырысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ә.Мұхаметжановтың өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабылданды.

Орталық сайлау комиссиясының төрғасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабардар еткеніндей, Ортсайлауком 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 244 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың 74-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 102-сі – ТМД-дан байқаушылар миссиясының, 9-ы – ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясының, 9-ы – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің, ал 50-і 19 шет мемлекеттің өкілдері болып табылады.

 

 

«Ауыл» партиясы халықаралық

бақылаушылармен кездесті

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.12.2011 ж., Б. Жамашұлы/ - Бүгін Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының орталық кеңес мүшелері халықаралық бақылаушылармен кездесті. Шетелдік өкілдерге партияның сайлауалды насихат жұмыстары баяндалып, тұғырнамасы таныстырылды.

Саяси ұйымның республика аумағында 200 мыңнан астам мүшесі бар. Олар тұрғындармен жүздесіп, үгіт шараларына белсене атсалысуда. Сайлау ашық әрі әділ өтуі тиіс. Аймақтардағы насихат шаралары кезінде әзірге ешбір заңсыздыққа жол берілген жоқ. «Ауылдықтар» қаңтардағы саяси додада қомақты дауыс алатындарына сеніммен қарайды.

Ғани Қалиев, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы:

Өнім өндіру керек. Ауылды дамыту керек. Өкінішке орай, біздің ауылдар мүмкіндігін пайдалана алмай отыр. Қазір бір өзіміз тұтынатын өнімнің 3,1 пайызын шетелден аламыз. Ал мына Беларуссияда 10 миллион ғана халық тұрады. Соның өзінде өнімнің 50 пайызын өздері тұтынып, 50 пайызын шетелге шығарып отыр.

 

 

«Ауыл» партиясының төрағасы

халықаралық бақылаушымен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Бүгін «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев ТМД байқаушылар миссиясының штаб басшысы Евгений Слободамен жүздесті.

Халықаралық бақылаушы «Ауыл» партиясының Астана қаласындағы сайлауалды штабында болып, партия жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Слобода елдегі сайлауалды науқанның қызметіне оң бағасын берді.

Евгений СЛОБОДА, ТМД БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ ШТАБ БАСШЫСЫ:

- Сайлау учаскелерін қадағалау барысында байқағаным, жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Әсіресе, сайлау учаскелеріндегі Орталық сайлау комиссиясының өкілдері науқанды жоғары деңгейде өткізуге ықпалды. Мобильді топтар құрылған. Олар үй-үйге барып сайлаушыларды, қоғамды ақпараттандырып жүр. Учаскелік комиссиялар жасақталып жатыр.

Ғани ҚАЛИЕВ, «АУЫЛ» СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазір сайлаудың кезінде қыс қатты болып тұр, боран. Ауыл-ауыл емес қала-қаланың арасына шығу қиын. Қазір біздің штабымыздың отырысы Қарағанды қаласында өткізуіміз керек еді, жол жабық. Ешқайда шыға алмай қалдық. Бірақ соған қарамай, біздің өкілдеріміз ғалымдар, біздің жаңағы үміткерлер бәрі облыстарды аралап жүр. Біздің платформамыз белгілі халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсы болу керек. Әл-ауқаты жақсы болу керек. Ол жақсы болуы үшін өнім өндіру керек. Ауылды дамыту керек.

 

 

Байқаушы сұрақтарына нақты жауап

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., С. Әліпбай/ - Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды жұмыстарын өрістете түсті. Соның ішінде Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар еліміздің өңірлеріне шығып, мұндағы халықпен, жергілікті жердің басшылығымен тікелей кездесулер өткізуде.

Мәселен, «Ауыл» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат академик Көпмағамбет Елемесов Атырау, Маңғыстау облыстарында болып, сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Онда халыққа «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасында көзделген мәселелер түсіндірілді. Халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауаптар берілді.

Көпмағамбет Елемесов осындай сапар барысында Атырау облысында жүрген ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушысы Александр Фон Аркспен кездесіп, оған «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасы туралы кең көлемді түсінік берді. Мұндағы байқаушылардың басты міндеті – саяси үгіт барысын, сайлау заңнамасын және оның іс жүзінде қолданылуын, сайлау кезіндегі БАҚ жағдайын, сайлау комиссияларының және басқа да мемлекеттік құрылымдардың жұмысын мұқият зерттеу. Парламент Мәжілісі депутаттығына партия атынан кандидат пен байқаушы арасындағы бір сағаттан астамға созылған өзара үнқатысу осы тақырыптар төңірегінде өрбіді. Байқаушы «Ауыл» партиясының құрылымын, олардың мүшелерінің белсенділігін, «Ауыл» тұрғындарының мүдделерін қаншалықты қорғайтындығын білгісі келді. Осылардың барлығына нақты жауаптар берілді. Сұхбат қорытындысында байқаушы академикке өзіне көп мәселе жөнінде дұрыс түсінік алуына көмектескені үшін ризашылығын жеткізді.

Көпмағамбет Елемесов осы сапар барысында сайлау науқанына жауапты болып табылатын облыс әкімінің орынбасары Асқар Керимовпен кездесіп, сайлауалды жұмыстардың қаншалықты әділетті жағдайда жүріп жатқандығымен танысты. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары сайлау үдерісіне әкімшілік тарапынан ешқандай бір қысымшылықтың болмайтынын, сайлаудың әділ де ашық жағдайда өтетіндігін, билік органдары партиялардың барлығына тең көзқарас танытатындығын айтып, осы жәйттердің орындалатындығына уәде берді.

Кешегі күні дәл осындай кездесулер Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында, Алматы облысының Қарасай ауданындағы Алмалы кентінде, Жамбыл облысының Мерке ауданындағы №18 орта мектепте, Ақтөбе қаласындағы ауыл шаруашылығы колледжінде, Қызылорда қаласындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болып өтті.

 

 

«АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив

жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж./ - Сайлауалды іс-шаралар аясында Астанада «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Аталған кәсіпорын 1000-ға тарта адамды жұмыспен қамтып отырған аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Техникалық жабдықталуы жағын алсақ, кәсіпорынның арнайы жөндеу цехтарында байқау жұмыстары мен жөндеу түрлері бойынша электровоз жабдықтарын жөнге келтіру үшін қажетті деген барлық стендтер қолданылады, соның ішінде байқау стансасы бар.

Теміржолшылармен өткен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер Талғат Ерғалиев, Асқар Смағұлов, мәслихатқа үміткерлер Абзал Әбенов, Сергей Романов, Жанат Асанқали, қалалық сайлауалды штабтың басшылығы, партияның қалалық активі келді. Олар сайлаушыларды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, сауалдарына жауап берді.

 

 

«АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы

Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті

 

/«Kazakhstan Today», 29.12.2011 ж./ – «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Ақ жол» ҚДП сайлауалды іс-шаралар аясында Астанада «АҚ ЖОЛ» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті. Аталған кәсіпорын 1000-ға тарта адамды жұмыспен қамтып отырған аймақтағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Техникалық жабдықталуы жағын алсақ, кәсіпорынның арнайы жөндеу цехтарында байқау жұмыстары мен жөндеу түрлері бойынша электровоз жабдықтарын жөнге келтіру үшін қажетті деген барлық стендтер қолданылады, соның ішінде байқау стансасы бар», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Теміржолшылармен өткен кездсеуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер Талғат Ерғалиев, Асқар Смағұлов, мәслихатқа үміткерлер Абзал Әбенов, Сергей Романов, Жанат Асанқали, қалалық сайлауалды штабтың басшылығы, партияның қалалық активі келді. Олар сайлаушыларды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, сауалдарына жауап берді. Жиналғандардың көбін партияның жас отбасыларды әлеуметтік қолдау, баспаналардың қол жетімділігі сұрақтары бойынша ұсыныстары қызықтырды.

«Мемлекет өз нанын өз тауып, бюджетке салық төлеп және де басқаларға жұмыс беріп жүргендерді қолдауға міндетті»,- деп мәлім етті ҚДП төрағасы.

Үгіт-насихат тобы кездесуге қатысқандарды 2012 жылдың 15 қаңтарындағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

 

 

«Ақ жол» партиясының

сайлауалды насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.12.2011 ж., Б. Сапарова/ - «Біз күшті болу үшін шынығамыз!». «Ақ жол» демократиялық партиясы бүгін осындай атаумен акция өткізді. Партияның белсенді мүшелері Есіл өзеніне барып, мұздай суға шомылды.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын ұлықтау, бұқараны спортпен шұғылдануға тарту. Осылайша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы мұзды суда шынығып, алдағы саяси додада мықтылығын көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті.

Алмаз, акцияға қатысушы:

Бәріміз «Ақ жолға» дауыс берейік. Уақыт келді, өзгерістер де келді. Сондықтан жастар, үлкен кісілерден де сұраймыз, барлықтарыңыз бірдей қол ұстасып, «Ақ жолға» дауыс беріңіз. «Ақ жол», Қазақстан!

 

 

«Ақ жол» партиясы салауатты өмір сүруге шақыруда

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Бүгін «Ақ жол» партиясының депутаттыққа үміткерлері қақаған аязға қарамастан суға сүңгіп, өздерінің физикалық дайындығын көрсетті.

Есіл өзеніндегі ойыққа шомылған олар көпшілікті үлгі алуға шақырып отыр. Естеріңізге сала кетсек, денсаулық сақтау мәселелері «ақжолдықтардың» сайлауалды тұғырнамасында ерекше орын алады. Әр қазақстандық пен әрбір жанұяның өмір сүру сапасын арттыру үгіт-насихат бағдарламасының басты тезистерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатқа тек салауатты өмір сүру арқылы жетуге боалды, - дейді партиялықтар.

Абзал ӘБЕНОВ, «АҚ ЖОЛ» ДП АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Құрметті халайық, бәріміз «Ақ жолға» дауыс берейік. Уақыт келді, өзгеріс те келді. Сондықтан, жастар, үлкен кісілер де, бәріңіз бірдей сұраймыз қол ұстасып «Ақ жолға» дауыс беріңіздер. «Ақ жол» - Қазақстан!

 

 

Жеке кәсіп иелерімен кездесті

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., Қ. Ескендір/ - Алматы қаласында Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы өздерінің сайлауалды үгіт-насихаты шеңберінде «Қазақстандық бизнес-бірлестіктердің алдағы дағдарыстың алдын алу шарасы» атты дөңгелек үстел өткізді.

 «Ақ жол» партиясы отандық шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді өзінің басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырады. Еліміздегі кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, оны заңды түрде қорғау үшін партия кешенді шараларды да қарастырған. «Алда болуы ықтимал әлемдік дағдарыс толқынының қазақстандық кәсіп иелеріне де белгілі дәрежеде қаупі бар, сол себепті, келешекте нендей шаралар қолдану керек деген мәселемен бүгін белді компаниялардың өкілдерімен бас қосып отырмыз», деді дөңгелек үстелде «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов.

Кездесуге жиналған отандық бизнес-бірлестік өкілдері әлемді тағы бір шарпып өтуі ықтимал экономикалық дағдарыстан «арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей» аман шығудың шарасы деп білетін өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Бүгінгі таңда «Ақ жол» ҚДП еліміздегі интеграциялық үдерістерге қолдау көрсетіп келеді. Алайда, қазақстандық рынокта отандық тауар өндірушілерге жеңілдіктер қарастырылуы керек деп есептеймін, деген ойды «Жетісу» СПК басқарма төрағасы Арман Евниев талқыға салуды ұсынды. Осы ұсынысты дамытқан Сауда бірлестігі ассоциациясының вице-президенті Жібек Әжібаева шағын және орта кәсіпкерлікті құрылғанынан бастап 3 жылға дейін түрлі салықтардан босата тұру, есептік және салықтық жауапкершілік пен міндеттемелерге жеңілдік жасау, жеке кәсіп иелеріне салықтық есепке байланысты салынатын айыппұлды қысқарту және аталған есеп мемлекетке үлкен шығын әкелмесе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі жалған кәсіпкерлікке қатысты заңнаманы жұмсарту шараларын қайта қарастырған жөн деген пікірін білдірді.

Мемлекет ақы төлейтін қоғамдық жұмыстар тәжірибесін кеңейту, жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі қызметін мемлекет тарапынан ынталандыруды қамтамасыз ету, кәсіпорындардың қайырымдылық шараларға бағытталған шығыстарына салынатын салық көлемін 3 пайыздан 10 пайызға дейін ұлғайту және мемлекет тарапынан ынталандыру секілді бірнеше ұсынысты өздерінің сайлауалды тұғырнамасына енгізген «Ақ жол» ҚДП мен отандық бизнес бірлестіктерінің өкілдері осы дөңгелек үстелде кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттің қарастырып отырған қаражатын тиімді жарату мақсатында жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырған ұлттық институттардың қызметіне Парламенттік мониторинг жүргізуді де ұсынды.

 

 

«Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабының мүшелері

Қарағанды облысында ірі кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысында өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, ірі кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелері жан-жақты талқыланды.

Осы күні  «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысындағы көмір шахталарының кәсіподақ басшыларымен, оның ішінде «Қорғау» кәсіподағымен кездесті.

 

 

«Нұр Отанның» сайлауалды насихаты

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.12.2011 ж., Н. Аманұлы/ - «Нұр Отан» партиясының қоғамдық штаб мүшелері Оңтүстік-Жезқазған кенішінде болып, кеншілермен кездесті. Жеті қат жер астына түсіп, еңбек майталмандарының мұң-мұқтажын тыңдаған «нұротандықтар» оларға партияның сайлауалды тұғырнамасын жан-жақты таныстырды. Кеншілер алдағы сайлауда Елбасы жетекшілік етіп отырған партияға толық сенім білдіріп, дауыс беретіндерін айтты.

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекет қазынасынан 130 миллиард теңге қаражат бөлінген. Республикалық маңызы бар жолдар жөнделіп, өңірде өткір тұрған ауыз су мәселесі шешіледі. Аймақта экотуризмді дамыту да көзделген.

Қабыл Өміртаев, кенші:

«Нұр Отан» партиясы құрылған күннен бастап, еңбек адамдарына ерекше жаңашырлық танытып келеді. Мұның бір белгісі, таяуда ғана Ұлытау, Жезқазған өңірінің әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған республика Үкіметінің бағдарламасы, онда межеленген ірі жұмыстар  «Нұр Отанның» қамқорлығының арқасында өмірге келеді деп есептеймін. Сондықтан біз, кеншілер сайлау күні «Нұр Отан» партиясын қолдап, дауыс береміз.

 

 

«Нұротандықтар» кеншілерімен

жұмыс басында кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қоғамдық штаб өкілдері Жезқазған аймағына келіп, «Қазақмыс» корпорациясының кеншілерімен жұмыс басында кездесті.

Өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және еңбек қауіпсіздігін арттыру – кеншілер үшін маңызды осы мәселелер «нұротандықтардың» сайлауалды тұғырнамасына енгізілген. Республикалық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин кеншілермен кездесуде Президенттің Индустрияландыру бағдарламасының осы бағытта жүзеге асырылып жатқанын атап айтты.

Қабыл ӨМІРТАЕВ, КЕНШІ:

- Таяуда ғана Жезқазған, Ұлытау, Сәтбаев өңірлерінің әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған Үкіметтік бағдарлама қабылданды. Межеленген ірі жұмыстар «Нұр Отанның» қамқорлығының арқасында қолға алынғанын білеміз. Сондықтан біз, кеншілер сайлау күні «Нұр Отан» партиясын қолдап, дауыс береміз.

Корпорацияның кен орындарында 30 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Олардың үштен бірі жер астында, 200 метр тереңдікте еңбек етуде. Сондықтан, қазіргі уақытта адамдарды жалақысы жоғары жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың әлеуметтік мәселелерін де шешу керек. Бұған мысал ретінде, 2006 жылы Қарағанды облысы Ленин атындағы шахтада қайтыс болған кеншілердің отбасыларына көрсетілген көмекті келтіруге болады.

Елена СТЕПЛЯКОВА, ҚАЗА БОЛҒАН КЕНШІНІҢ ЗАЙЫБЫ:

- Өндірісте жарақат алған немесе қаза тапқан кеншілерге төленетін тиісті өтемақыны қазіргі жалақымен қайта есептеп, көбейту мәселесі көп жылдар шешілмей келген еді. «Нұр Отан» партиясының тікелей араласуымен осы жылдың наурызында тиісті заңға өзгерістер енгізіліп, балаларға берілетін жәрдемақы екі есеге өсті. Бұл біз секілді асыраушысынан айырылған жандар үшін үлкен көмек.

Көптеген қарапайым жұмысшылар және олардың отбасы мүшелері «Нұр Отан» партиясының нақты әрі нәтижелі жұмыс істейтініне көз жеткізді.

 

 

«Нұр Отанды» қолдауға дайын

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., Д. Кенжалин/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы республикалық сайлауалды штабы мүшелері үгіт жұмыстарын Қарағанды облысында жалғастырып, ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттары талқыланды. «Нұр Отан» партиясы Елбасы партиясы ретінде, ең алдымен, экономиканы модернизациялау тапсырмасын жүзеге асыруды көздейді. Бұл партияның қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру мақсатына жетуге де жол ашады.

«Арселор Миттал Теміртау» металлургтеріне сөзін арнаған партия Төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Нұр Отан» үшін дауыс бере отырып, сіздер тұрақтылық пен бейбіт өмір үшін, береке-бірлік пен ынтымақ үшін, бүгініміз және болашағымыз үшін дауыс бересіздер. Біз Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жеткен жетістіктерді жаңа Парламентте, мәслихаттарда одан әрі жалғастыратын боламыз. Сол үшін 15 қаңтар күні өтетін сайлауда бүкіл халқымыз жұдырықтай жұмылып, «Нұр Отан» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз», деді.

Қарағандылық металлургтер әрқашанда Елбасын және ол басқарған партияны қолдап келгендіктерін сөз етті. Себебі, дәл осы жерде Президент, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы өзінің еңбек жолын және саяси өмірін бастаған болатын. Сондықтан қарағандылық металлургтер үшін Елбасының барлық бастамалары мен ұстанған бағыты көңіліне жақын. Сондықтан болар, кездесуге келген «Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорны жұмысшылары «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын бірауыздан қолдап, 15 қаңтарда болатын сайлауда өз дауыстарын беру туралы шешім қабылдады.

Дәл осы күні штаб мүшелері Қарағанды облысының көмір шахталарының  кәсіподақтары, соның ішінде «Қорғау» кәсіподағы жетекшілерімен де кездесті. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының қазақстандықтардың заманауи мамандықтарды меңгеріп, қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге, құқық қорғауға бағытталған жұмысын одан әрі жалғастыратыны баса айтылды. Бұл мәселелер әрқашанда партияның басты назарында және кез келген өтініш жауапсыз қалмайды.  Айталық, «Нұр Отан» партиясының атына 2006 жылғы қыркүйекте Ленин атындағы шахтада көз жұмғандардың жұбайларынан өз мәселесін қарау туралы өтініш түскен еді. Мәселенің өзегі – оларға міндетті сақтандыру жөніндегі келісім-шарттар бойынша төленетін өтемақы көлемі жұмыс берушілерден тікелей өтемақы алатын жұмысшылардікінен біршама төмен. «Нұр Отанның» бастамасымен «Арселор Миттал Теміртау» басшылығымен келіссөздер өткізіліп, нәтижесінде осы мәселе оң шешімін тапты.

 «Нұр Отан» партиясы қазақстандықтарды толғандырған кез келген мәселені жан-жақты қарап, барлық жағдайды ескере отырып шешуге тырысады. Сондықтан болар, кездесу қарағандылықтардың «Нұр Отанның» мақсат-мүддесімен таныс екендіктерін және партияны толыққанды қолдайтындықтарын көрсетті. Олар 15 қаңтар күні сайлауда «Нұр Отанды» қолдауға дайын екендіктерін мәлім етті.

 

 

«Әділет» партиясы еңбек

қатынастарын реттеуді қолға алмақ

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - «Әділет» демократиялық партиясы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда бірінші кезекте еңбек қатынастарын реттеуді қолға алмақ. Бұл туралы олар бүгін Алматыда өткен «Әділет еңбек адамдары үшін» атты басқосуда мәлімдеді.

Айта кетейік, «Әділет еңбек адамдары үшін» шарасы бір мезгілде еліміздің бірнеше қаласында өтті. Шара аясында партия атынан ұсынылған кандидаттар кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жұмысшылар құқына қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, «Әділет» партиясы Кәсіподақ ұйымдары жөніндегі заңға және Еңбек кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынып отыр. Елімізде кәсіподақ ұйымдарының саны жеткілікті, алайда олардың заңдық құқы шектеулі болғандықтан жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қатынасқа ықпал ете алмайды. Сондықтан, кәсіподақтар мәрбесін көтеріп, қоғамдағы рөлін анықтау қажет, - дейді әділеттіктер.

Төлеген СЫДЫҚОВ «ӘДІЛЕТ» ДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы төңірегінде сіздермен ақылдасып, бір ойға келсек пе дейміз. Сіздердің айтқандарыңызды ескере отырып, өзіміздің саяси партияның бағытын өзіміз алған бақытты сіздердің статустарыңыз бар орындарыңыз қандай болуы керек төңірегіндегі әңгіме ғой.

«Әділет» партиясы бүгін сондай-ақ, Ақтөбеде қаласында сайлаушылармен кездесті. Басқосуға мәдени орталықтардың өкілдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер мен зейнеткерлер қатысты. Алқалы жиында сайлауға қатысудың қоғам дамуы үшін маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, сайлау туралы заңнаманың негізгі қағидалары айтылды. Сондай-ақ, партияның бағдарламасы туралы да сөз болды. «Әділет» партиясының сайлауалды тұғырнамасы 17 бөлімнен тұрады. Ол жерде еліміздегі ұлтаралық татулықты одан әрі нығайту, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту сияқты бірқатар мәселелер айтылған.

АРМАН ПІРЗАДАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДП АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Әрбір сала болсын, әділеттілікке жол. Яғни, әділеттілікке шақыру. Бірінші. Екінші, жаңағы осы заңнамалардың қазіргі заман талабына сай қайта өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Үшінші, сол заңның орындалуын қадағалауды жоғары деңгейде көтеру.

 

 

Коммунистер театрландырылған шоу өткізді

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.12.2011 ж., Ж. Біркенов/ - Коммунистер Алматыда Жаңа жыл қарсаңында театрландырылған шоу өткізді. Саяси партияның 80 үгітшісі Аяз ата мен Ақшақардың киімін киіп, жиналғандардың көңілін көтерді. Осы мерекеде Коммунистік халық партиясы әкелген көне сауытты көлік жұртшылықтың көзайымына айналды.

Бұл партияның қуаттылығын білдіретіні көрінеді. Мерекеге саяси партияның көшбасшылары Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков қатысты. Аталған мерекелік шара «Аяз ата да қызыл» деген ұранмен ұйымдастырылды. Енді коммунистер үгіт-насихат тобының қатарына жаңажылдық кейіпкерлерді де қоспақ.

Владислав Косарев, ҚКХП орталық комитетінің хатшысы:

Бүгін біз жаңа сайлау акциясын бастадық. Бізге партияның түсі секілді қызыл, Аяз ата қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан, Жаңа 2012 жылы халық билігі қалыптасады деген сенімдеміз. Келе жатқан Ұлу жылы баршамызға құт-береке әкелсін!

 

 

ҚХКП сайлауалды үгіт-насихат

шараларын Атырау облысында жалғастырды

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Қазақстан халықтық коммунистік партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бүгін Атырау облысында жалғастырды. Олар аудандарда, оқу орындарында кездесу өткізіп, қала базарларын аралап, жұртшылықпен жүздесті.

Қала көшелерінде ілінген билбордтардағы «Жұмыс істеу құқығы!» «Халық билігі!» «Әділет!» деп жазылған ұрандар Қазақстан халықтық коммунистік партиясының сайлауалды тұғырламасының басты бағыты. Біздің партия кедейшілікпен күрес жүргізеді. Сондықтан, біз сайлаушылармен кездесуге халық көп жиналатын базарларды таңдап алдық. Мұндай әдіс көпшілікпен етене араласуға жағдай жасайды,- дейді коммунистер. Мұнда жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнесті несиелеудің аталған партия ұсынып отырған тетіктері, сырттан тасымалданатын кейбір тауар түрлеріне салынатын салық мәселелері туралы әңгіме болды.

Жанат МОЛДАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің партияның басты мақсаты - қарапайым халықтың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әлі де болса ауыл мен қала тұрғындарының, сатушылар мен қарапайым еңбек адамдарының шешілмеген түйткілдері бар. Міне, осы жәйттарды көппен кеңесе отырып тиісті орындарға жеткіземіз.

 

 

Жас сайлаушылармен жүздесті

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., Ж. Жағыпарұлы/ - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан үміткер, ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Молдашев пен ҚКХП-дан Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бота Жұмағұлова саз колледжінің акт залында Ақтөбе қаласының сайлаушыларымен кездесті.

Ж.Молдашев Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының сайлауалды тұғырнамасы мен бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Үміткер бірінші кезекте жастарға қатысты проблемаларға тоқталды. Атап айтқанда, ол тегін және сапалы білім беру, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген жастардың кепілді түрде жұмысқа орналасуы, өскелең ұрпақты гуманизм мен патриотизм құндылықтары негізінде тәрбиелеу мәселелерін қозғады.

– Сендер оқу орнын бітіргеннен кейін қайда жұмыс істейтіндеріңді білесіңдер ме? – деп сұрады депутаттыққа кандидат студенттерден.

– Жоқ, – деп жауап берді жастардың көпшілігі.

– Біздің Коммунистік халықтық партия сендер болашақтан қорықпай, керісінше, оған сену үшін, үміттену үшін әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуге ұмтылатын болады. Яғни, біз Мәжіліске өтсек, сендердің міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алуларың, ұл-қыздарыңның балалар бақшасы мен яслилерге барулары, ата-аналарыңның лайықты зейнетақыға қол жеткізулері үшін жұмыс істейтін боламыз, – деді Жанат Әбдіғалиұлы.

Тұрғындардың қазіргі таңда әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігі жөнінде әңгімелей келе, Бота Ермекқызы былай деді:

– Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының өкілі ретінде мен сендерді партияның бағдарламасы елдің әлеуметтік ахуалын түбірімен өзгертуге қабілетті екеніне сендіргім келеді.

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының Ақтөбе облыстық комитетіндегі сайлауалды штабында Ақтөбе қаласының комсомол белсенді-үгітшілері, музыканттар мен әншілер пайдаланатын үгіт пойызы жұмыс істеуде. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының нышан-белгілерімен, плакаттарымен безендірілген үгіт пойызы жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударуда.

Пойыз қазірдің өзінде Ақтөбе облысының Қарғалы ауданының орталығы – Бадамша кентінде, Мәртөк ауданының 11 сайлау учаскесінде болып үлгерді. Сайлау учаскелеріндегі адамдарға ҚКХП-ның бағдарламасы мен тұғырнамасы, плакаттар мен күнтізбелер үлестіріліп берілді.

Бұдан басқа, ауылдағы сайлаушылармен жеке-жеке кездесулер өткізіліп, оларға да халықшыл коммунистердің сайлауалды құжаттары таратылды.

Жақын күндері үгіт пойызы облыстың Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар және Алға аудандарында болады.

 

 

ЖСДП өкілдері бақайлықтармен кездесті

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.12.2011 ж., Ш. Кіребай/ - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері Алматы іргесіндегі Бақай ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды насихат шарасында социал-демократтар халықтың талап-тілектерін тыңдады. Түрксіб әкімшілігіне қарасты жаңадан бой көтерген ауданда шешуін күтіп отырған мәселелер жетерлік.

Ең алдымен, осы елдімекендегі жер телімдерінің, үйлердің заңдастырылуы. Бұл жерде бақайлықтарға құқықтық көмек керек болып отыр. Сонымен қатар, су, жарық, байланыс, жол секілді инфрақұрылым жетілдіруді қажет етеді. Саяси ұйым өкілдері тұрғындарға қордаланған мәселелерді Мәжіліс мінберінен көтереміз деп уәде етті.

Әмірбек Төгісов, ЖСДП Алматы қалалық бөлімшесінің төрағасы:

Көп ауылдарды, облыстарды аралап келдік. Бүгін енді уақытым бар деп айтқан. Көп зал керек емес, қарапайым бір үйге барып көршілерімен, тұрғындарымен кездесіп олардың мәселелерін тыңдап, қолдан келгенше көмек берейік деп келіп отырған.

 

 

ЖСДП мүшелері алматылықтармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бақай ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы қандай? Нендей мәселелерді көтереді? Қандай салалар қамтылған? Партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай кездесуге келгендерге әуелі саяси ұйымның тұғырнамасын таныстырды. Партия белсенділері Бақай ықшам ауданының тұрғындарына олардың үйлері мен жер телімдерін заңдастыруға және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне құқықтық жағынан атсалысатындарын жеткізді. Жалпыұлттық социал-демократтарда өзге партиялар секілді үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жер-жерлерде әртүрлі кездесулер өтуде. Партия мүшелері үгіт-насихат жұмыстарымен еліміздің солтүстік өңірлеріндегі барлық облыстарды, Қазақстан батысының бір бөлігін аралап шыққан. Енді Оңтүстік Қазақстан облысына жол тартпақ.

Әмірбек ТӨГІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Программа бойынша қазір біз басқа партияға қарағанда стратегиялық бір немене жоспар жасайық деп жатырмыз. Екінші экономика жағынан. Енді әлеуметтік экономия болсын деген мәселені көтеріп жатырмыз. И үшінші әлеуметтік. От осындай үш проблеманы. Соның арасында ауылда бар, өндірісте бар. Адамның құқығы да бар. Көп нәрселер сол программамызда бар.

 

 

Үгіт-насихаттарын үдете түсуде

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., Ж. Самрат/ - Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары Қызылжар өңірінде жалғасты. Құрамында партия төрағасы Жармахан Тұяқбай, төралқа мүшелері, «Халық Қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров пен белгілі саясаткер Балташ Тұрсымбаев болған топ қалалық мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесті.

Кездесуді ЖСДП облыстық филиалының төрағасы Владимир Андриевский ашты. Ол жиналғандарды депутаттықтан үміткерлермен таныстырып, сөзді қонақтарға берді. ЖСДП лидерлері толып жатқан сандар мен фактілерді келтіре отырып, елге нақты өзгерістер керек екендігін айтты. Өздерінің сайлауалды бағдарламасында осындай өзгерістердің қалай жасалуы керектігі нақты көрсетілгендігі атап өтілді. Ірі алпауыттардың есепсіз байлығын мемлекетке қайтару, салық жүйесін жетілдіру, бағаны өсірмеу, бюджеттен еңбекақы алатындардың жалақысын, зейнетақы мен түрлі әлеуметтік төлемдерді арттыру мәселелері қозғалды. Партияның халықты баспанамен қамту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру мәселелері бойынша да нақты жобалары барлығы көлденең тартылды. Сонымен бірге, елде демократиялық өзгерістер жасау қажеттігі ауызға алынды.

Кездесуде сұрақ берушілер көп болды. Соның ішінде партия лидерлерінің бұрынғы атқарған қызметтеріне сәйкес сұрақтар да болды. Тоқтар Әубәкіровтің ғарыш саласын дамыту бағытындағы ойлары да жиналғандардың қызығушылығын тудырды.  Ал Балташ Тұрсымбаев осы жердің тумасы ретінде өңірдің экономикасын, халықтың әл-қуатын арттыру бағытында өзінің бірқатар нақты ойлары барын жеткізді. Сонымен бірге, ол халықты оппозициядан үрікпеуге шақырды. Бәріміз де Қазақстан азаматтарымыз, бәріміз де ортақ үйіміздің тыныштығын және халқымыздың әл-ауқатының өсіп, өмір сапасының биігірек дең­гейге көтерілгенін қалаймыз, деді ол.

Жаңаөзен оқиғалары туралы сөз болғанда ЖСДП лидерлері Үкімет пен жергілікті басқару жүйесіндегі шенеуніктер тарапынан кеткен ағаттықтарға, мұнай компанияларының адам құқын бұзуға жол бергендеріне үлкен сындар айтты.

Сондай-ақ, кеше ЖСДП-ның алқа мүшелері Маржан Аспандиярова, Рысбек Сәрсенбайұлы, сондай-ақ Бауыржан Қарабеков пен Тұрарбек Құдайбергеновтен құралған тағы бір үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласындағы Экономика және құқық академиясында сайлаушылармен кездесті. Бұл кездесуде де сайлаушылар тарапынан белсенділік танытылып, көптеген сұрақтар қойылды. ЖСДП өкілдері өздеріңіздің өмірлеріңізге жаңа жол ашқыларыңыз келсе, 15 қаңтардағы сайлаудан қалмай дауыс беріңіздер, деді.

 

 

«Патриоттар» партиясының насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 29.12.2011 ж., Ж. Біркенов/ - Ардагерлерді ардақтау – парызымыз. Бүгін «Патриоттар» партиясының белсенділері отан және ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Алматыдағы мемориал маңына жиналған олар майдан даласында қаһармандықпен қаза болғандарды еске алып, бүгінгі бейбіт заманның берекесіне разылығын айтты.

Дегенмен, сұм соғысқа қатысып, жаумен шайқаста жан алысып, жан беріскен жауынгерлерге жасалатын жағдайды жақсартқан жөн. «Патриоттықтар» осы мәселені сайлауалды тұғырнамада басты бағыт ретінде ұстанып отыр.

Қайрат Медиев, «Патриоттар» партиясының мүшесі:

«Патриоттар» партиясының бағдарламасында осы сайлау науқанында көтеріп жатқан өте көп мәселелер бар. Соның ішінде мәселелер ауған соғысы ардагерлері, мүгедектерінің әлеуметтік жағдайын көтеру. Ең бірінші - пәтер жағдайы.

 

 

«Патриоттар» партиясы сайлауалды

үгіт-насихаттарын жалғастыруда

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Бүгін Кеңес әскерлерінің азамат соғысының құрсауында қалған Ауғанстан жеріне кірген күні. 1979 жылдың 29-желтоқсанынан 1989 жылдың ақпанына дейінгі аралықта 22 мыңнан астам қазақстандық соғысқа қатысса, оның 761-і қаза тауып, туған топыраққа әкелініп жерленді, 21 адамның тағдыры белгісіз күйде қалды.

Осы датаға орай құрамында ауған соғысы ардагерлері бар «Қазақстан патриоттары» партиясы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Жеңіс мемориалындағы Мәңгілік алау мен сонда орнатылған интернационалист жауынгерлер ескеркішіне гүл шоқтарын қойып, қаза болғандар рухына тағзым етті. Бұл партия Парламентте өкілдік ете отырып, өз бағдарламасында Ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік мәселесін жан-жақты қамтуды көздейді. Бүгінде саны бірнеше ауған соғысы ардагерлері ұйымын бір шаңырақ астына біріктіріп, оның атқарар міндеті мен мақсатын заңдық тұрғыда нақтылап жүйелендіруді қолға алмақ.

Қайрат МЕДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МАЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Біздің «Қазақстан патриоттары» партиясы бағдарламасында осы сайлау науқанында көтеріп жатқан өте көп мәселер бар. Соның ішінде мәселелер әлеуметтік жағдайын көтеру Ауған соғысы ардагерлерінің, мүгедектерінің. Олардың жаңағы соғыста қайтыс болған семьяларының балаларының оның ішінде әлеуметтік жағдайы, жастарға кейінгі қалған қайтыс болғандардың семьяларына көмек берудің ішінде жаңағы балаларын тегін оқыту.

Сондай-ақ, осы партияның басты үміткерлерінің бірі, эколог Мэлс Елеусізов өскемендік сайлаушылармен кездесті. Партияның саяси тұғырнамасын таныстыра келген Елеусізов, қоршаған орта таза ұстауды бұрыннан жіті қадағалау жұмыстарын күшейту қажеттігін және бұл салада осы кезге дейін атқарылған жұмыстар нәтижесін сөз етті. «Патриоттар» партиясы экология мәселесіне қатысты бөлінер қаржы көлемін ұлғайтып, ауаға түрлі зиянды немесе лас қалдықтар шығаратын өндіріс орындарын талапқа сай қондырғылармен түбегейлі қамтамасыз ету қажет және қоршаған ортаны қорғау заңнамаларының міндетін күшейту керек,-дейді.

Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР:

- Шығыс Қазақстан аймағында біздің көңіл аударып отырған басты мәселенің бірі – экологиялық тұрақтылық. Бұған қатысты нақты ұсыныстарымыз бар және әлі де болса пысықталу үстінде. Қол ұшын беруге әзірміз. Сондықтан біздің әр аттаған қадам нық болады.

 

 

Миссия жетекшісімен пікір алмасты

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Бұрнағы күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Миклоша Харастимен және миссия басшысының орынбасары Клаудия Волльмермен кездесті.

Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдерін сайлау науқанының барысымен таныстырып өтті және бұл ретте саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті кезеңіне енгізілген төтенше жағдайға байланысты Жаңаөзен қаласында сайлауалды үгітті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктеріне, Жарлықпен белгіленген шектеулерді ескере отырып, кандидаттар мен сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қабылданып отырған шараларға ерекше тоқталды.

«Саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті заң аясында өтіп отыр. Мониторинг нәтижелері бойынша, өткен кезеңде заңмен көзделген тепе-теңдік сақталған. Жаңаөзен қаласында партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды көпшілік шараларын өткізуде белгілі бір шектеулер болады. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін бұл шектеулердің орны оларға бюджеттен бөлінген қаражатты БАҚ-тарда қосымша үгіт материалдарын жариялауға және баспа өнімдерін шығару үшін қайта бөлуге рұқсат ете отырып, толтыратын боламыз», деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.

Әрі қарай тараптар сайлау науқанының әртүрлі қырлары бойынша, соның ішінде дауыс беру күні азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сотқа шағым жасау және оларды қарау тәртібіне, саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгітін қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір алмасты. Кездесу соңында тараптар дәстүрлі қалыптасқан әріптестік пен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынастар 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында да жалғасын табатынына сенімділік білдірді.

 

 

Партиялық тізімнің күші неге жойылды?

 

/«Егемен Қазақстан», 29.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалық етуімен Комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда бір мәселе – «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы мәселе қаралды.

Отырысқа Комиссия мүшелерімен қатар, халықаралық ұйымдар мен отандық қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары, Бас прокуратураның өкілдері және «Руханият» партиясының жетекшілері қатысты. Аталған мәселе жөнінде Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов баяндама жасады. Оның хабардар етуінше, осы жылдың 27 желтоқсанында Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Алтыншаш Жағанованың «Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсыну және тіркеу тәртібінің бұзылуы туралы өтінішін қарау нәтижелеріне байланысты тұжырымы келіп түскен.

Өтініште 2011 жылғы 30 қарашада «Руханият» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілген кезектен тыс VІІІ съезін өткізу кезінде съезді шақыру мен өткізудің Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңымен және партияның жарғысымен белгіленген тәртібі сақталмағаны көрсетілген. Бақыт Мелдешовтің атап өткеніндей, бұл шағым бойынша Бас прокуратура ұйымдастырған тексеру шараларының нәтижелері бойынша өтініште келтірілген фактілер расталған. Атап айтқанда, партияның республикалық комитетінің отырысында тиісті шешімді қабылдауға партия жарғысымен белгіленген уәкілеттігі бар мүшелерінің қажетті санының (кворумы) болмауына байланысты «Руханият» партиясының VІІІ съезін шақыру тәртібінің бұзылу фактісі орын алған.

«Саяси партиялар туралы» Заңның 16-бабына сәйкес саяси партияның съезінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына ұсынылатын партиялық тізім бекітіледі, – деді Бақыт Мелдешов осы туралы. – Бұл ретте съездің шешімі съезге саяси партияның барлық облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өкілдіктерінің өкілдері қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады».

Ал «Руханият» партиясының жарғысымен съездердің делегаттарын өз кезегінде делегаттары қалалық және аудандық конференцияларда сайланатын облыстық, Астана және Алматы қалалық партиялық конференциялар сайлайды деп белгіленген. Орталық сайлау комиссиясы хатшысының айтуынша, «Руханият» партиясының кезектен тыс VІІІ съезінің хаттамасына сәйкес оған партияның барлық облыстық және оларға теңестірілген қалалық филиалдары мен өкілдерінен 203 делегат қатысқан. Алайда, тексеру шаралары нәтижесінде Бас прокуратура көпшілік өңірлер «Руханият» партиясы партиялық конференцияларды мүлдем өткізбегенін және съезге делегаттар жолдамағанын анықтады. Тіпті съезге партия басшылығының шақыруы негізінде жекелеген облыстардан бұған белгіленген тәртіпте берілген өкілеттіктері жоқ адамдар қатысқан көрінеді.

«Бас прокуратураның мәліметтері бойынша 12 облыста, атап айтқанда, Алматы, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында партияның партиялық конференциялары өткізілмеген, – деді әрі қарай Бақыт Мелдешов. – Екі өңірде, яғни Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында партиялық конференциялар белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген. Кейбір өңірлердің өкілдері съезге қатысу үшін мүлде жолға шықпаған. Осылайша, Бас прокуратураның тұжырымына сәйкес «Руханият» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынудың заңнамамен белгіленген тәртібін бұзу фактілері расталды».

Осылай деген ол отырысқа қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясының қаулысы жобасымен де таныстырып өтті. Құжат жобасында «Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсынуы туралы Алтыншаш Жағанованың өтініші бойынша Бас прокуратура жүргізген тексерудің іс-шаралары негізінде Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 89-бабы 6-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы: бірінші – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 14 желтоқсанда №72/133 қаулысымен тіркелген «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеу­дің күшін жою; екінші – «Руханият» партиясының атауын сайлау бюллетенінен алып тастау; үшінші – аталған қаулыны БАҚ-тарда жариялау және осы қаулыны облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберу қажеттігі көрсетілген.

Қаулы жобасы таныстырылған соң, ол жөнінде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос пен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев пікірлерін ортаға сала келіп, қаулыны қолдауды ұсынды. Марат Сәрсембаевтың атап өтуінше, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде 2011 жылғы 29 қарашада өткен облыстық партия конференциясына шақырылған 26 делегаттың 16-сы ғана қатысқаны анықталған. Сондықтан онда қабылданған хаттама заңсыз болып табылады. Сондай-ақ, партияның Қызылорда және Алматы облыстық филиалдары өткізді деп хаттамалар толтырылған партиялық конференциялар да өткізілмеген. Бұл жәйттер де аталған облыстардың прокуратура органдары тарапынан тексеру барысында дәлелденген.

Отырыста «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталиннің де сөз алуына мүмкіндік берілді. Партия жетекшісі Орталық сайлау комиссиясының бұл қаулысы жобасына келіспейтінін мәлімдеді. Егер Орталық сайлау комиссиясы партияның тіркелген партиялық тізімінің күшін жою туралы шешім қабылдайтын болса, өзінің Еуропалық Парламентке шағымданатынын және АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Байқаушылар миссиясының делегациясымен кездесетінін жеткізді.

Отырыста Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылықтарын қадағалау департаментінің бастығы Қанат Сейітғапаров та сөз алып, жоғарыда аталған мәселеге қатысты түсінік берді. Оның мәлім етуінше, Бас прокуратура Алтыншаш Жағанованың өтініші бойынша тексерулер жүргізген. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес түскен өтініш бес күн ішінде қаралуы тиіс. Бұл Конституцияда көрсетілген. Бұдан заңдылықтың сақталуын қадағалаушы орган ретінде прокуратура сырт қала алмайды.

Ал «Сайлау туралы» Конституциялық Заңның 89-бабы 6-тармағының 4-тармақшасында партиялық тізімді ұсыну және тіркеу тәртібі бұзылған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті шешім қабылдайтындығы нақтыланған. Тексеру барысында партияның заңнама талаптарын бұзғандығы анықталды. Сондықтан да Бас прокуратура Орталық сайлау комиссиясына «Руханият» пар­тиясы партиялық тізімінің күшін жою туралы ұсыныс жасап отыр. Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі тексеру кезінде партияның «Саяси партиялар туралы» Заң­ның 16-бабын және партия жарғысының бірқатар ережелерін де бұзғанын атап өтті.

Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жоғарыда аталған тұжырымына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 28 желтоқсанда бұл партияның партиялық тізімдерді ұсыну ережелерін бұзуына байланысты «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы шешімінің күшін жойды.

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №77/143

 

2011 жылғы 28 желтоқсан                                                                                 Астана қаласы

 

«Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы

 «Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсыну тәртібінің бұзылғаны туралы                        А.Қ. Жағанованың өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жүргізген тексеру іс-шаралары нәтижелерінің негізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 72/133 қаулысымен тіркелген «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күші жойылсын.

2. «Руханият» партиясының атауы сайлау бюллетенінен алынып тасталсын.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

4. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау

комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау

комиссиясының хатшысы  Б. Мелдешов.

 

 

Бас прокуратура «Руханият» партиясына қатысты

шығарылған қорытындыға түсініктеме берді

 

/«BNews.kz», 29.12.2011 ж./ – Бас прокурордың  орынбасары Андрей Кравченко Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына түсірге   «Руханият» партиясының ұсынылуы мен партиялық тізім бойынша тіркелуі  тәртібіндегі заң бұзушылықтар туралы  А.Қ. Жағанованың  шағымына орай  қаралған мәселеге Бас прокуратураның шығарған қорытындысына түсініктеме берді. 

Өз сөзінде А. Кравченко ҚР Бас прокуратура А. Жағанованың «Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсыну және тіркеу тәртібіндегі заң бұзушылықтар туралы шағымын қарағанын мәлімдеді. Шағым бойынша 2011 жылдың 30 қарашасында партияның 8-і кезектен тыс съезін өткізу барысында «Саяси партиялар туралы» заңы мен партия Жарғысында қарастырылған съез өткізу мен шақыру тәртібінің сақталмағаны көрсетілген болатын. Ал аталған кезектен тыс съезде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тізімі бекітіліп, бұл тізім ОСК-нің 14 желтоқсан 2011 жылғы №72/133 қаулысымен тіркелген. Шағым бойынша тексеріс жүргізген Бас прокуратура оның нәтижесінде арыз бойынша келтірілген фактілерді растаған.

«Атап айтқанда 25 қарашадағы партияның республикалық комитеті отырысының хаттамасына сәйкес, онда бірқатар мәселелер қаралғаны, оның ішінде кезектен тыс съезд шақырту қозғалғаны анықталған еді. Ал ол хаттамада отырысқа қатысқан 19 адамның аты-жөні көрсетілген. Алайда тексеріс барысында отырысқа қатысушы 2 адамның партияның республикалық комитетінің мүшесі емес екендігі анықталды. Тағы 3 адам өздерінің бұл отырысқа қатысқанын жазбаша түрде теріске шығарды. Осылайша, партияның республикалық комитетінің отырысына шешім қабылдауға құқықтық қабілеттілердің қажетті мүшелер саны (кворум) қалыптаспаған. Бұдан бөлек, «Саяси партиялар туралы» заң талабы да өрескел бұзылып отыр. Көптеген өңірлерде кезектен тыс съезге қатысты делегаттарды сайлау жөніндегі партиялық конференциялар өтпеген. Яғни, кезектен тыс съезге делегаттар жолданбаған. Бұдан бөлек, мәселен 29 қарашада Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалындағы жиынға партияның 26 мүшесі қатысты деп хаттама толтырылыпты. Ал осы хаттамада көрсетілген 26 адамның 13-і бұндай отырыстың өтпегенін айтып, оған өздерінің қатысқандықтарын теріске шығарып қана қоймай, тіпті «Руханият» партиясына мүше емес екендіктерін де мәлімдеген. Олардың 5-еуі «Әділет» партиясының мүшесі болып шықты», - дейді Андрей Кравченко.

Оның айтуынша, келтірілген фактілер «Руханият» партиясының депутаттыққа кандидат ұсыну бойынша заң талаптарын бұзғандықтарын көрсетеді. Ал Бас прокуратураның осы мәселеге қатысты жолдаған хатын қарау нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 28 желтоқсанда  №77/143 қаулысымен «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы шешімінің күшін жойған болатын.

 

 

Сайлау науқаны барысында азаматтар мен заңды тұлғалар

тарапынан 44 арыз-шағым түсті - Бас прокуратура

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Сайлау науқанының бүгінгі дейінгі кезеңі барысында мемлекеттік органдарға азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайлауға қатысты 44 арыз-шағым келіп түсті.

Оның 23-і прокуратура органдарына бағытталса, 21-і сайлау комиссияларына жолданған. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен баспасөз мәслихатында Бас прокурор орынбасары Андрей Кравченко  мәлім етті.

А. Кравченконың айтуынша, мәслихаттар сайлауына қатысты 60 арыз-шағым түскен. Оның 41-і - прокуратура органдарына, 18-і - сайлау комиссияларына, 1-еуі - мәслихаттарға.

«Жалпы келіп түскен 104 шағымның 27-ісі сайлау заңнамасын түсіндіру жөнінде, 13-і лауазымды тұлғалардың әрекетіне (партиялық тізімге енгізбеу, полиция қызметкерлерінің әрекеті), 11-і сайлау комиссияларының шешімі мен әрекеттеріне, 13-і сайлауалды үгітті жүргізу тәртібінің бұзылғандығына, 15-і кандидаттарды ұсынуға келіспеуге қатысты болып табылады», - деді А. Кравченко.

Оның айтуынша, Бас прокуратураның үйлестіру рөлі бойынша құқық қорғау органдарымен алдағы сайлаудың барлық кезеңдерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені қабылданған. «Бас прокуратурада сайлау заңнамасының қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб құрылды», - деді Бас прокурордың орынбасары.

 

 

Республика соттарына сайлау үдерістеріне қатысты

28 арыз-шағымдар түскен - Бас прокуратура

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж., Қ. Мәметқазыұлы/ - Республика соттарына сайлау үдерістеріне қатысты 28 арыз-шағымдар түскен.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы таратқан Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарының сайлауы барысындағы заңдылықтың сақталуы туралы шолу материалында айтылды.

«29 желтоқсан 2011 жылғы жағдай бойынша прокуратура органдарымен жалпы алғанда 15 алдын ала ескерту жарияланды және тыйым салынған кезеңдерде үгіт-насихат жүргізу фактілері және саяси партиялар туралы жалған мәлімет тарату бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 99 және 100 баптарына сәйкес 2 әкімшілік құқық бұзушылық өндірісі қозғалды», - делінген таратылған мәліметтерде.

Бұдан бөлек, мәліметтерге қарағанда республика соттарына сайлау үдерістеріне қатысты 28 шағым-арыздар түскен, оның 2-еуі Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысты болса, 26-сы мәслихат депутаттарының сайлауы жөнінде болып отыр. 5 азаматтық іс қаралып, шешім шығарылған, оның 2-еуіне талаптар қанағаттандырылса, 3-еуіне бас тартылды.

 

 

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы баспасөз-мәслихатын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 20 адам ұсталды, олардың 18-і соттың санкциясымен қамауға алынды. Ал қаза болған адамдардың саны 16-ға жетті. Бұл жөнінде бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі мәлімдеді.

Нұрдәулет Сүйіндіковтың айтуынша, кісі өлімінің әрбір фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, олардың қалай қаза болғандары анықталып жатыр. Мәселен, қайтыс болған лицей оқытушысы Атаберген Дүйсекеновтің әкесі, өзінің ұлын, тәрбиеленушілерін мерекелік шараларға алып шыққаны үшін, бұзақылардың өздері өлтірілгенін хабарлады. Ал «Сулпак» дүкенінде табылған Мұналбаев Нұрланның өліміне жоғары температуралар себеп болған. Мұнымен қатар, 17 желтоқсан күні, Атабай Құлқаировты өлтірген қылмыскер де табылып, қамауға алынған. Ол Жаңаөзен қаласының тұрғыны болып шықты. Ресми өкіл бұған қоса, өз қызметін асыра пайдаланған құқық қорғау қызметкерлерінің үстінен де қылмыстық істердің қозғалып жатқандығын мәлім етті.

Нұрдәулет СҮЙІНДІКОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

- Бас прокуратурамен 2011 жылдың 27 желтоқсанында полиция қызметкерлерімен қаруды адамдарға қарай ату нәтижесінде қаза келтіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 308 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды (Қызметтiк өкiлеттiктi қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы асыра пайдалану). Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында бұл іс арнайы прокурордың басшылығындағы тергеу тобымен тергелуде. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Бас прокуратурада бүгін сондай-ақ, Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты заңнамалардың орындалуы жөнінде мәлімет таратылды. Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, бүгінгі күнге дейін прокуратура мен сайлау комиссияларына, Парламент Мәжілісі мен маслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысты азаматтар мен заңды тұлғалардан 104 арыз-шағым келіп түскен. Мысал ретінде, Алтыншаш Жағанованың «Руханият» партиясы атынан сайлауға түсіп отырған кандидаттарды тағайындау мен оларды тіркеуде заң бұзушылықтардың орын алғандығы жөніндегі арызы келтірілді. Андрей Кравченко, жүргізілген тексерулер нәтижесінде, онда көрсетілген айғақтардың шын екендігі расталғанын атап өтті.

Андрей КРАВЧЕНКО, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тексеру көрсеткендей, жиынға қатысқан 19 адамның екеуі, партияның республикалық комитетінің мүшесі болмай шықты. Тағы 3 адам, қарашаның 25-і күні өткен республикалық комитет отырысына қатыспағандарын жазбаша түрде мәлімдеді. Осылайша, партияның саяси кеңесінің отырысында, заңды шешім қабылдау үшін қажетті адам саны, яғни тиісті кворумның болмағаны анықталды.

 

 

Бас прокуратурада сайлау заңнамаларының

орындалуын қадағалайтын арнайы штаб құрылды

 

/«Хабар» агенттігі, 29.12.2011 ж./ - Бүгінге дейін прокуратура мен сайлау комиссияларына, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты азаматтар мен заңды тұлғалардан 104 арыз-шағым келіп түскен.

Олардың көпшілігі сайлау заңнамасын түсіндіріп беруді өтінгендер. Солардың ішінде Алтыншаш Жағанованың «Руханият» партиясы атынан сайлауға түсіп отырған кандидаттарды тағайындау мен оларды тіркеуде заң бұзушылықтардың орын алғандығы жөніндегі арызы келтірілді. Андрей Кравченко, жүргізілген тексерулер нәтижесінде, онда көрсетілген айғақтардың расталғанын атап өтті.

Андрей КРАВЧЕНКО, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тексеру көрсеткендей, жиынға қатысқан 19 адамның екеуі, партияның республикалық комитетінің мүшесі болмай шықты. Тағы 3 адам, қарашаның 25-і күні өткен республикалық комитет отырысына қатыспағандарын жазбаша түрде мәлімдеді. Осылайша, партияның саяси кеңесінің отырысында, заңды шешім қабылдау үшін қажетті адам саны, яғни тиісті кворумның болмағаны анықталды.

 

 

«Сен үшін маңызды,

ел үшін маңызды!» - жастар бастамасы

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж./ - Ертең елордада «Сен үшін маңызды, ел үшін маңызды!» жастар іс-шарасы өтеді, онда белсенді жастар қатарынан шыққан өкілдер 2012 жылғы 15 қаңтарда өтетін ҚР Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысуға шақырады.

Бұл күні жастар сайлау туралы барлығын - дауыс беру рәсімі, сайлауға қалай қатысуға болатыны туралы, алғаш рет дауыс беріп отырғандар үшін қандай көтерме сыйлықтар болатыны туралы, сайлау алдындағы жарысқа қандай партиялар қатысатыны және депутаттарға кандидаттардың қайсысы кім екені туралы білетін болады.

Астана қаласының қоғамдық қорларының және парақтарында жастар келе жатқан сайлауды талқылайтын танымал әлеуметтік желілердің бірі «Vключайся» Интернет-қауымдастығы Іс-шараның ұйымдастырушысы болып табылады. «Үгіттеу науқаны басталғанға дейін бір ай ішінде маған топқа кіруге ұсыныс түсті. Мен осындай топтардың өте пайдалы екенін білемін, олар жастарға дамуға, ойлауға, саяси процестерге қатысуға, араласуға мүмкіндік береді. Нақты өмірдегі осы кездесу барлық балалардың ойлы, белсенді, немқұрайлы емес, елінің нағыз азаматтары екенін көрсетті» - «Vключайся» тобының қатысушыларының бірі Мира Ахметова.

Ұйымдастырушылар бұл бірінші, бірақ соңғы іс-шара емес екенін айтады. Сайлауға дейін алдыңғы қатардағы жастар арасынан шыққан бастамашыл топ саяси процестер туралы халыққа ақпарат беруді арттыруға және қоғамның тыныс тіршілігінің саяси және электоральды салаларындағы жастардың сауатсыздығын жоюға бірқатар ашық акциялар мен флешмобтар өткізгісі келеді.

«Қазіргі заманғы жастар өз елінің өміріне араласуы тиіс, барлық жағдайлар туралы білуі тиіс және мүмкіндігінше өзінің оң үлесін қосуы тиіс» - деп санайды акцияны ұйымдастырушы «Қазбренд» ҚҚ директоры Евгений Рибалко.

 

 

Астаналық жастар «Өзің үшін маңызды,

елің үшін маңызды» шарасын өткізді

 

/«Хабар» агенттігі, 31.12.2011 ж./ - Астанада «Өзің үшін маңызды, елің үшін маңызды» деген ұранмен жастар арасында арнайы іс-шара өтті.

Онда белсенді жастар өз құрбы-құрдастарын 2012 жылды 15 қаңтарында өтетін Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысуға шақырды. Шара барысында жастарға дауыс беру, сайлауға қатысудың реті туралы және саяси додаға түсіп жатқан партиялар жөнінде әңгімеленді.

Дәулет АНАРБЕКҰЛЫ, СТУДЕНТ:

- Біз бұл шараны жастар сайлауға белсенді түрде қатысып, дауыс берсін деген оймен ұйымдастырдық. Жастар еліміздің ертеңіне бей-жай қарамауы тиіс. Және мемлекетіміз жастармен бірге алға бассын деген ойымыз бар.

Сарапшылардың пікірінше, жастардың дауыс берудегі белсенділігі сайлаудың дұрыс өтуіне бірден бір ықпал етпек. Себебі халықтың басым бөлігін жастар құрайтын Қазақстан сияқты ел үшін олардың таңдауы аса маңызды фактор болып отыр.

Айгүл СӘДУАҚАСОВА, ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің соңғы зерттеу бойынша 70 пайыздан астам жастар дауыс береміз деп дайын отыр. Және жастардың белсенділігі өте жоғары. Сайлауға қатысамыз деген ықпалы өте жоғары. Олар конституциялық құқығымызды іске асыруымыз керек деген ойда. Жастардың саяси белсенділігі жоғары. Елдегі және шет елдердегі саяси процеске қызығушылығы жоғары.

«Сен үшін маңызды, ел үшін маңызды» республикалық шарасына Теміртау жастары да қолдау білдірді. Қалалық жастар клубының белсенділері би кешін ұйымдастырып, қала жұртшылығын сайлауға қатысуға шақырды. Кешке кіру үшін жастар арнайы шақыру билетін толтыруы тиіс. Аталған билеттер сайлау бюллетеніне ұқсас. Тек оны толтырған кезде әр адам үміткерлердің орнына өз есімдерін жазып, сайлау жәшігіне салады. Ал бұл билеттер кеш барысында ұтысқа түсіп, жастардың көпшілігі бағалы сыйлықтар алды.

Аян АХМЕТОВ, ТЕМІРТАУ ЖАСТАР КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Жастарды сайлауға қатысуға шақырып жатырмыз. Біз қандай да бір кандидат үшін дауыс бер деп үгіттемейміз. Тек әр жас сайлауға міндетті түрде қатысып, өз дауысын беруі керек. Бұл сайлау барлығымыз үшін, еліміз үшін маңызды.

 

 

Қызылордада сайлау заңдылықтарын

сақтауға арналған семинар-тренинг болды

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж., Ж. Сердалы/ - Кеше Қызылорда қалалық аумақтық сайлау ко­миссиясының Мәжіліс залында сайлау заңдылығы және сайлауды ұйымдастыру тақырыбына арналған семинар-тренинг болды.

Жиынға облыстық, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, хатшылары, мүшелері мен орталық сайлау комиссиясының облыс бойынша тұрақты өкілі, халықаралық байқаушылар, құқық қорғау органының қызметкерлері шақырылды. Онда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайроллаев облыста бұған дейін өткізілген семинарларда сайлаушылар тарапынан алуан түрлі сұрақтардың қойылғанын атап өтті. Олардың жауаптарына семинар-кеңеске қатысушылардың қанық болғандары ләзім. Облыстағы барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелері 7 саяси партия мен облыстық, қалалық аумақтық комиссиялардың ұсыныстары бойынша құралды. Қазір сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Сайлау учаскелері сайлаушылардың тізімдерін нақтылау үстінде.

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев семинар-тренинг қатысушыларына сайлау заңнамасы аясындағы барлық әрекеттерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Заң бойынша бекітілген талаптардың барлығы да сақталуы тиіс.

Семинар-тренингтің келесі бөлімі сұрақ-жауапқа арналды. Сауалдарға орталық және облыстық сайлау комиссиясының өкілдері жауап берді.

 

 

Нұротандықтар Жезқазған шахтерлерімен сайлауалды

тұғырнамасының негізгі қағидаттарын талқылады

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж./ - «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабы өзінің үгіт науқанын Жезқазғанда жалғастырды.

Нұротандықтар Жезқазған шахтерлерімен сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаттарын талқылады.

Оңтүстік Жезқазған кеніші және «Қазақмыстың» басқа да 16 руднигі жылына 33 миллион тоннаға жуық мысты 10 байыту фабрикаларында өңдейді. Сөйтіп, кәсіпорын түпкі өнімді шығарады, деп хабарланды партияның баспасөз баянында.

Кездесу кезінде өндірісті жаңарту, оны кеңейту, жаңа технологияларды енгізу мәселелері  әңгіме болды.

Кездесуге қатысушылар «Қазақмыс» жұмыспен қамтып қоймай, қалаға үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап көрсетті. Сондықтан да өндіріске де, әлеуметтік салаға да инвестицияарды арттыру үшін қажетті жағдай жасау қажет.

 

 

Азат Перуашев Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор

зауытының еңбек ұжымымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат», 29.12.2011 ж./ - Талдықорғанда «Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы Азат Перуашевтың қатысуымен, сондай-ақ  олимпиада чемпионы Б. Сәрсекбаевтың, «Қазгранит» компаниясының президенті А. Әбілдаевтың, «Жас маман» жастар қозғалысының көшбасшысы Е. Ілиясовтың, Алматы облысының кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Н. Жазылбекованың қатысумен аймақтық партия активтері бірқатар сайлауалды шараларды өткізді.

Бұл туралы «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Олар Талдықорғанның «Қайнар» аккумулятор зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Бұл зауыт Орталық Азия мен ТМД-ғы ең ірі электротехникалық өндірістік компаниялардың бірі  саналады.

Үгіт-насихат тобының мүшелері мекеменің жұмысшылары мен мамандарын сайлауалды партияның тұғырнамасымен таныстырды.

Сондай-ақ «ақжолдықтар» алдағы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттың сайлауына белсенділік танытып, қатысуға шақырды.

Сонымен қатар республикалық сайлауалды партия штабының мүшелері аймақтық үйлестірушілермен отырыс өткізді. Олар жүріп жатқан үгіт-насихат жұмысымен таныстырып, бақылаушылардың жұмысын ұйымдастыруына байланысты мәселерге тоқталды.

 

 

Талдықорғандық «Қайнар» аккумулятор зауытының

еңбек ұжымы «Ақ жол» ҚДП құрамына кірді

 

/«Kazakhstan Today», 29.12.2011 ж./ - Талдықорғандық «Қайнар» аккумулятор зауытының еңбек ұжымы «АҚ ЖОЛ» партиясымен кездесуден кейін партия қатарына мүшелікке өтуге мүдделік танытты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

«Құрамында партия төрағасы А.Перуашев, олимпиада чемпионы Б.Сәрсекбаев, «Қазгранит» компаниясының президенті А.Әбілдаев, «Жас маман» жастар қозғалысының көшбасшысы Е.Ілиясов, Алматы облысының кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Н.Жазылбеков, партияның аймақтық активі бар «АҚ ЖОЛ» партиясының Республикалық сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында бірқатар сайлауалды іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, Орталық Азия мен ТМД аумағындағы ірі деген электротехникалық өндірістік компаниялардың бірі - Талдықорғандық «Қайнар» аккумулятор зауытының еңбек ұжымымен кездесу болды»,- деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Азат Перуашев «АҚ ЖОЛ» партиясының үкімет пен Парламент алдындағы көтеретін бірінші кезектегі мәселелерін айтып өтті, негізінен бағалардың өсуі, азаматтардың табысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты сайлаушылар сауалдарына жауап берген.

Сондай-ақ, кеңесте кәсіпкерлер құқығының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық және күштеп алушылық, сот шешімдерінің даулылығы сұрақтары талқыланды. Кездесуге келген көлік кәсіпорындарының өкілдері сандық тахографтардың енгізілуімен орын алған жағдай жөнінде айтты. Кәсіпкерлер пікірінше, көлік ведомствасы өкілдері мен тасымалдаушылар арасында келісілген шараларды қабылдау туралы байланыстың болмауы тасымалдаушылар тарапынан мәжбүрлі құқық бұзушылықтардың көбеюіне әкеліп соғып, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасалып отыр.

Сөз барысында «АҚ ЖОЛ» партиясының осы мәселеге қатысты Көлік және коммуникация министрлігімен пікірталас жүргізіп жатқандығы анықталды, министрлік тарапынан ресми жауап та келген және қазіргі уақытта партияның Бас прокуратураға үндеуі дайындалуда. Азат Перуашев айтып өткендей, «еркін бизнес-климаттың қалыптасуы - партияның сайлауалды тұғырнамасының маңызды бөлігі және осы бағыттағы партияның басты міндеті - қордаланып қалған мәселелерді шешу және бизнеспен айналысу үшін қалыпты жағдай жасау».

«Ақжолдықтар» сайлаушыларды алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, партияның Республикалық сайлауалды штабының мүшелері ағымдық үгіт-насихат жұмыстары, байқаушылар жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша аймақтық үйлестірушілермен жұмыс кеңесін өткізді.

 

 

Ассамблеядан тоғыз үміткер ұсынылды

 

/«Айқын», 27.12.2011 ж., Қ. Махамбет/ - Тәуелсіздік сарайында Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан ассамблеясы Кеңесінің отырысында ассамблеяның ел тәуелсіздігі мен халықтар бірлігін нығайтудағы рөлі сараланып, ҚХА- ның Парламенттік өкілдігінің қызмет тәжірибесінің қорытындылары шығарылды.

Кеңес кезінде «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 87-бабына және «Қазақстан ассамблеясы туралы» заңның 10-бабына сәйкес, Ассамблеяның атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 үміткер ұсынылып, олардың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Тоғыздықты тұйықтағандардың аты-жөндері төмендегідей: Жұматай Алиев - «Тұрақты Қазақстан» қорының басшысы; Роман Ким - «Қазақстандағы Корей халық ассоциациясының» жетекшісі; Ахмед Мурадов - «Вайнах шешен-ингуш халықтары мәдени орталығының тең төрағасы; Зухра Саяпова - «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі; Надежда Нестерова - Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының орынбасары; Юрий Тимощенко - «Қазақстандағы Украиндар Радасының» төрағасы және ІV шақырылымның депутаттары Мұрат Ахмадиев, Розақұл Халмұрадов, Егор Каппель.

- Қазақстанның тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер басшылығының арқасында Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының ішінде посткеңестік кеңістіктегі жемісті әрі екпінді дамуға қол жеткізген мемлекеттің біріне және халықаралық қауымдастықтың құрметті әріптесіне айналды. Мемлекет басшысының жаңа Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық және жасампаз қызметі бүгінде әлемде «Қазақстандық жол» деген атпен танымал. Бұл жол ешбір толқусыз және кикілжіңсіз жемісті демократиялық реформаларды жүргізуге, тиімді нарықтық экономика құруға және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Осындай толымды жетістіктердің негізінде Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі тұр. Бұл үлгі бүгінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-да кеңінен мойындалып, әлемдік көшбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлер мен ғалымдардың қызығушылығын тудырып, жоғары бағаға ие болып отыр, - деп мәлімдеді жиында Қ.Саудабаев.

Мемлекеттік хатшы Мәжіліске Ассамблеядан сайланған ІV шақырылымдағы 9 депутаттың жұмысы көңіл көншіткенін атап көрсетіп, Ассамблеядан сайланған депутаттар «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңның әзірленіп, қабылдануына, сонымен қатар мемлекет үшін аса маңызды саналған тағы да 4 заң жобасына бастамашы болғанын жеткізді. «Ассамблея мүшелері заң жобаларын талқылау мен пысықтауға қатысты 373 жұмыс тобының мүшесі атанып, 28 жұмыс тобына жетекшілік етті. Олар 185 депутаттық сауал жолдап, аймақтарда 900-ден астам кездесу ұйымдастырып, 60 мыңнан астам адаммен жүздесті. 2000 мыңға жуық азаматтарды қабылдады. Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне 884 хат бағыттап, бірқатар маңызды мәселелердің түйінін тарқатты. Бұл - Қазақстан халқы ассамблеясының Парламенттік өкілдігі институтының саяси тиімділігінің бірден-бір дәлелі», - деп қорытты отырысты Кеңес төрағасы.

 

 

ОСК ҚХА-дан сайланатын Парламент Мәжілісі

депутаттығына кандидаттарды тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2011 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сайлау туралы заңға сәйкес, Ассамблея Кеңесі 9 кандидат ұсынған болатын. Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын тіркеді.

Үміткерлердің ішінде 2 әйел бар. Кандидаттардың орташа жасы - 59 жас. Олардың барлығының жоғары білімі бар. Алтауы ғылым, мәдениет және білім салаларының қызметкерлері. Тағы 3 үміткер - төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары.

Тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысына 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісе алады.

 

 

Қазақстанның ОСК-сы ҚХА депутаттыққа 9 үміткерді тіркеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 30.12.2011 ж./ - Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы жұмада Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2011 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталады, деп еске салды ОСК.

Сайлау туралы заңға сәйкес, Ассамблея Кеңесі 9 кандидат ұсынған болатын. «Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын тіркеді», -  деп нақтылады ОСК.

Комиссияның ақпаратына сәйкес, үміткерлердің ішінде 2 әйел бар. Кандидаттардың орташа жасы – 59 жас. Олардың барлығының жоғары білімі бар. Алтауы ғылым, мәдениет және білім салаларының қызметкерлері. Тағы үш үміткер – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары.

Тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысына 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісе алады.

 

 

ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 үміткерді тіркеді

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан түсетін 9 үміткерді тіркеді. Сонымен бүгіннен бастап, Ассамблея ұсынатын депутаттықтан үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталды.

Ал ұсынылған үміткерлердің орташа жасы 59-да, олардың екеуі әйел. Үш үміткер болса өткен төртінші шақырылым депутаттары болған. Тіркелген 9 үміткер сайлауалды үгіт жұмысына жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісе алады.

 

 

 

Бақыт МЕЛДЕШОВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

- Тоғыз адамның атын атап кетсем олар: Әлиев Жұматай, Ахмадиев Мұрат, Капель Егорь, Ким Роман, Мұрадов Ахмет, Нестерова Надежда, Саяпова Зухра, Тимошенко Юрий, Халмурадов Розақұл.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясында Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің де отырысы өтіп, үгіт-насихат науқаны бойынша Бұқаралық ақпарат құралдарындағы аралық сараптама қорытындысы шығарылды. Сараптама 53 баспа басылымдары, 13 республикалық телеарна мен 5 радиоарнаны қамтыған. Байланыс және ақпарат вице-министрі Ләззат Танысбайдың баяндауынша, партиялардың сайлауалды үгіт-насихат өнімдері бұқаралық ақпарат құралдарының бәрінде теңдей жариялануда. Қоғамдық Кеңестің отырысына қатысқан саяси партиялардың, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі демократиялық институттар бюросы Миссиясының байқаушылары да мемлекеттің саяси партиялардың БАҚ құралдарына теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

Ләззат ТАНЫСБАЙ, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріліп отырғанын айтуымыз керек. Оған Байланыс және ақпарат министрлігінің Орталық сайлау комиссиясына күн сайынғы жіберіп отырған мониторинг нәтижелері себеп болып отыр.

 

 

ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 үміткерді тіркеді

 

/«BNews.kz», 30.12.2011 ж./ - Қазақстан Республикасының Оратлық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің  депутаттығына  9 үміткерді тіркеді, деп хабарлайды  BNews.kz  тілшісі Орталық сайлау  комиссиясынан.

«Үміткерлердің барлық мәліметтері конституция талаптары мен «Сайлау туралы» заңға сәйкес тексерілді», деп атап көрсетті ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

Бұған дейін хабарланғанындай, ҚХА-дан тізімге  9 ассамблея мүшесі енді. Олар:

Жұматай Әлиев –  «Тұрақты Қазақстан» қорының жетекшісі;

Мұрат Ахмадиев – ҚР Парламенті Мәжілісінің  4-ші шақырылым депутаты;

Роман Ким – ҚР корейлер Ассоциациясының төрағасы;

Ахмед Мурадов – председатель Ассоциации развития культуры чеченского и ингушского народов «Вайнах» чешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту Ассоциациясының төрағасы;

Розакул Халмурадов – ҚР Парламенті Мәжілісінің  4-ші шақырылым депутаты;

Юрий Тимощенко – ҚХА төрағасының орынбасары, «Рада украинцев Казахстана» одағының төрағасы;

Егор Каппель – член Ассоциации общественных объединений немцев Казахстана «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің Ассоциация мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің  4-ші шақырылым депутаты;

Надежда Нестерова – Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халықтары Ассоциациясы төрағасының орынбасары;

Зухра Саяпова – Татар-башқұрт мәдени орталығының төрайымы.

 

 

Ассамблея сайлайтын кандидаттарды тіркеді

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Орталық сайлау комиссиясының кешегі отырысында Комиссия Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2011 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сайлау туралы заң бойынша Ассамблея Кеңесі 9 кандидат ұсынған болатын. Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын тіркеді. Үміткерлердің ішінде екі әйел бар. Кандидаттардың орташа жасы – 59 жас. Олардың барлығы жоғары білімді. Алтауы ғылым, мәдениет және білім салаларының қызметкерлері. Тағы үш үміткер – төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысына 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісе алады.

Отырыста, сондай-ақ Ортсайлауком «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтіндеріне өзгерістер енгізу рәсімі туралы» қаулы қабылдады. Осы күні Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы тағы 82 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олардың 27-сі – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Байқау­шылар миссиясының, 31-і – ТМД Байқаушылар Миссиясының өкілдері, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының байқаушылары. Тағы 20-сы – шет мемлекеттерден келген байқаушылар.

Осылайша, қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы 326 халықаралық байқаушы­ны аккредиттеді. Олардың 101-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасында­ғы кезектен тыс Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі байқаушылар миссиясының құрамына, 133-і – ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына, 9-ы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясының құрамына кіреді, 9-ы – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, төрт байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан өкілдік етеді, тағы 70-і – 24 шет мемлекеттен келген байқаушылар. Сонымен қатар, Ортсайлауком бұрын шығып қалғандардың орнына Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының бір мүшесі мен Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының бір мүшесін және Астана қалалық сайлау комиссиясының мүшесін тағайындады.

Отырыстан кейін өткен брифингте Ортсайлауком басшысы Қуандық Тұрғанқұлов БАҚ өкілдерін сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті. Төрағаның айтуынша, саяси партиялар сайлау комиссияларының құрамына кеңесші дауыс құқығы бар өкілдерін жолдау құқын белсенді пайдаланып отыр. Қазіргі кезде сайлау комиссияларының құрамында осындай 1830 өкіл жұмыс істеуде. Олардың ішінде 1453 кандидатураны Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған.

Ал Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайлау комиссияларының құрамына кеңесші дауыс құқығымен 224 өкіл жіберілген. Сондай-ақ сайлаукомдар құрамына Қазақстанның Коммунистік халық партиясының – 94, «Әділет» демократиялық партиясының 59 өкілі жолданған.

«Осылайша, барлық саяси партияларға сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау органдары жұмысына тиімді қатысу мүмкіндігі берілген, – деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов. – Жаңаөзен қаласындағы жағдайға келетін болсақ, дауыс беру күніне дайындық қалыпты жүріп жатыр. Барлық сайлау комиссиялары жұмыс істеуде. Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына тапсырды». Еліміз бойынша барлық сайлаушылар сияқты бұл қаланың сайлаушылары да 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап сайлау учаске­лерінің үй-жайларында сайлаушылар тізімімен таныса алады.

«Мен барлық сайлаушыларды осы мүмкіндікті пайдалануға, сөйтіп, өзінің сай­лаушылар тізіміне енгізілуіне алдын-ала көңіл бөлуге шақырамын, – деді Ортсайлауком басшысы. – Оның сыртында сайлаушы өзінің қай сайлау учаскесінде тіркелгенін біздің электрондық ресурсымызда көрсетілген электрондық поштаның izbiratel_2012@election.kz мекен-жайына немесе «элек­трондық үкіметтің» веб-порталындағы арнайы іздестіру нысанына сұраныс жолдау арқылы тексере алады».

2011 жылғы 16 қараша мен 19 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардан 85 өтініш келіп түскен екен. Олардың ішінде 64 өтініш сайлау науқанының әртүрлі аспектілері бойынша, тағы 21-і – сайлау органдарының, сайлау үдерісіне қатысушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне байланысты.

 

 

ОСК тағы 82 халықаралық байқаушыны тіркеді

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж./ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы тағы 82 халықаралық байқаушыны тіркеді.

Олардың 27-і - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар миссиясының, 31-і - ТМД-дан байқаушылар миссиясының өкілдері, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының байқаушылары. Тағы 20-сы - шет мемлекеттерден келген байқаушылар. Осылайша, қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы 326 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Олардың 101-і - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі байқаушылар миссиясының құрамына, 133-і - ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына, 9-ы - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар миссиясының құрамына кіреді, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан өкілдік етеді, тағы 70-і - 24 шет мемлекеттен келген байқаушылар.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның Парламенттік

сайлауына тағы 82 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

 

/«Қазақстан жаңалықтары» АА, 30.12.2011 ж./ - Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін кезектен тыс Парламенттік сайлауға тағы 82 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

Олардың 27-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар Миссиясының, 31-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының өкілдері, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының байқаушылары. Тағы 20-сы – шет мемлекеттерден келген байқаушылар.

«Осылайша, қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы 326 халықаралық байқаушыны аккредиттеді», - деп нақтылады ведомствода.

Олардың 101-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі байқаушылар Миссиясының құрамына, 133-і – ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамына, 9-ы – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар Миссиясының құрамына кіреді, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінен, 4-і – байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан өкілдік етеді, тағы 70-і – 24 шет мемлекеттен келген байқаушылар.

 

 

ОСК тағы да 82 халықаралық бақылаушыны да аккредиттеді

 

/«BNews.kz», 30.12.2011 ж./ – Орталық сайлау комиссиясы тағы да  82 халықаралық бақылаушыны да  аккредиттеді. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

«Орталық сайлау комиссиясы ҚР ОСК жанынан ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша  27 ЕҚЫҰ қысқа мерзімді бақылаушысын, 31 ТМД мемелекттері миссиясының бақылаушысын, 4 Ислам Ұйымы ынтымақтастығы бақылаушысын, 6 шетел мемлекетінің бақылаушысы, барлығы 82 бақылаушыны тіркеді», - деді Т.Охлопкова.

 

 

ДОДА: «РУХАНИЯТ» КЕТТІ…

 

/«Дала мен Қала»,  30.12.2011 ж., Н. Жұмахан/ - Мәжілістегі мәртебелі орыннан дәмелі саяси партиялар бұл аптада да халықпен кездесіп, жұрттың көңілін барынша аулап бақты. Айтпақшы, бұл апта «Руханият» партиясының сайлау науқанынан шеттелгенімен де есте қалайын деп тұр.

Орталық сайлау комиссиясының «Руханият» партиясының сайлаудағы партиялық тізімін шығаруына Алтыншаш Жағанованың Бас прокуратураға қазіргі партия басшыларының үстінен жазған арызы себепші болды. Арызда «Руханият» партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілген кезектен тыс 8-ші съезін өткізуде съезді шақыру мен өткізуді заңды бұзғаны айтылған. Өз кезегінде Бас прокуратура қызметкерлері Алтыншаш Жағанованың өтініші бойынша тексеру жүргізіп, айтқан сөзі шындық екенін растаған. Заң орындары «Руханият» партиясы кезектен тыс 8-ші съезін шақыру тәртібін бұзып, 12 облыста партиялық конференция өткізбегенін анықтады. Осылайша саяси ұйым саяси додадан шеттетілген.

Ал Астанада Тәуелсіздік сарайында Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 үміткер ұсынылып, олардың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Олар – Жұматай Әлиев, Роман Ким, Ахмед Мурадов, Зухра Саяпова, Надежда Нестерова, Юрий Тимощенко, Мұрат Ахмадиев, Розақұл Халмұрадов, Егор Каппель бар.

Ал қалған сегіз партия сайлау науқанын қызу жалғастырып жатыр. Бұл аптада «Нұр Отан» партиясының қоғамдық штабының белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын Қарағанды облысында белсендірек жүргізді. Нұротандықтар өндірісті өңірдегі металлургиялық комбинат пен Күзембаев атындағы шахтада болып, еңбеккерлерді партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде «Нұр Отан» партиясының штаб жетекшісі «Нұр Отан» партиясының белсенділері алдағы уақытта да кеншілердің құқықтарын қорғап, өндірістегі қауіпсіздікті нығайтуға күш салуға уәде берді. «Қорғау» кеншілердің кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Мергаязов «Елбасы кеншілердің мәселесін жақсы біледі, әрі үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз, Қарағанды кеншілері алдағы сайлауда «Нұр Отан» партиясын толық қолдаймыз», – деп кеншілердің «Нұр Отан» партиясына сенім артатынын алға тартты.

Қазақстан Патриоттары партиясының жер-жердегі өкілдіктері сәрсенбінің сәтіне сай бірқатар кездесу өткізді. Алматылық партия мүшелері республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық «Қазақэкология» орталығы қызметкерлерімен кездесті. Онда эколог мамандардың қатысуымен елдегі қоршаған ортаны қорғау, экологиялық зардаптардың алдын алу мәселесі талқылады. Сондықтан «патриоттықтар» өздерінің сайлауалды бағдарламасында экологиялық ахуалдың сақталуына басымдық бергендерін сөз етті.

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымымен кездесті. Теміржолшылармен өткен кездесуге Парламент Мәжілісіне үміткерлер Талғат Ерғалиев, Асқар Смағұлов, мәслихатқа үміткерлер Абзал Әбенов, Сергей Романов, Жанат Асанқали, қалалық сайлауалды штабтың басшылығы, партияның қалалық активі қатысқан.

Қазақстанның коммунистік халық партиясының Батыс Қазақстан облыстық комитетінің өкілдері ЕЫҚҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы миссиясының өкілдері АҚШ-тан келген Диан Паракер мен германиялық Ульрих Фишермен кездесті. Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның коммунистік халық партиясының Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына облыс бойынша қатысатын барлық кандидаттары болған.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары Қызылжар өңірінде жалғасты. Құрамында партия төрағасы Жармахан Тұяқбай, Тоқтар Әубәкіров пен белгілі саясаткер Балташ Тұрсымбаев болған топ қалалық мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесті. Кездесуді ЖСДП облыстық филиалының төрағасы Владимир Андриевский ашты. Партия басшысы толып жатқан сандар мен фактілерді келтіре отырып, елге нақты өзгерістер керек екендігін айтты.

Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды жұмыстарын өрістете түсті. Соның ішінде Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар еліміздің өңірлеріне шығып, мұндағы халықпен, жергілікті жердің басшылығымен тікелей кездесулер өткізуде. «Ауыл» партиясы атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат академик Көпмағамбет Елемесов Атырау, Маңғыстау облыстарында болып, сайлаушылармен бірқатар кездесулер өткізді.

«Әділет» демократиялық партиясы Алматыда «Қазақстандағы жергілікті өзін өзі бас­қаруды дамыту» деген тақырыпта баспасөз мәслихатын өткізіп, жұртшылыққа мәлімде­месін жария етті. Оған «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев және партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеген Сыдық, сондай-ақ «Әділет» партиясынан де­путаттыққа кандидаттар қатысты. «Әділет» партиясы жергілікті өзін өзі басқаруды аза­маттық қоғаммен, елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесімен тығыз байланысты көп кезеңнен тұратын үрдіс ретінде қарастыратынын атап өтті.

 

 

Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі

қоғамдық кеңестің отырысы өтті – ОСК

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметінен.

Отырысқа ЕҚЫҰ/ДИАҚБ пен ТМД-дан байқаушылар миссияларының, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ-нің өкілдері, сондай-ақ ЖСДП мен «Әділет» Демократиялық партиясынан байқаушылар қатысты.

Кеңес мүшелері Орталық сайлау комиссиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп өткізетін БАҚ мониторингінің аралық қорытындыларын талқылады. Олар туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Л.Танысбай баяндады.

Мониторинг 53 баспа басылымдарын, 13 республикалық телеарналар мен 5 радиоарналарды қамтиды.

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылғы желтоқсанның 16 мен 28-і аралығындағы кезеңде баспа бұқаралық ақпарат құралдарында ЖСДП туралы 40 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 37 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 21 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Әділет» ДП-ы 34 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 18 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 30 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 15 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚКХП-ы туралы 36 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 22 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 47 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 32 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚПП-ы туралы 27 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 13 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) және «Руханият» партиясы туралы 39 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) шыққан.

 

 

Сайлаушылар тізімінің дұрыстығы

көп жағдайда әрбір сайлаушыға байланысты[12]

 

/«Егемен Қазақстан», 30.12.2011 ж./ - Конституция мен сайлау туралы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматтары,  тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысуға құқылы.

Әрбір сайлаушы осы құқығын іске асыра алуы үшін әкімдіктер сайлаушылар тізімін жасайды. Бұл ретте әкімдіктердің лауазымды адамдары олардың дұрысты­ғы үшін жауапты болады.

Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.

Азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін нақтылайтын құжат  азаматтарды тіркеу кітабы болып табылады.

Жатақханаларда тұратын күндiзгi бөлiмдерде оқитын студенттер мен аспиранттар сайлаушылар тiзiмiне жатақхананың орналасқан жерi бойынша енгiзiледi.

Әскер бөлiмдерiндегi сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.

Егер сайлаушы уақытша болу орындарында, мысалы: демалыс үйлерiнде, санаторийлерде немесе вахталық жұмыста болса, онда   сайлаушылардың тiзiмдерi сол мекемелердiң басшылары берген деректер негiзiнде жасалады. Бұл тізімдер дауыс беруге бір күн қалғанда міндетті түрде нақтылануға тиіс.

Шет мемлекеттерге жеке шақырулар бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапармен келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болса, шет мемлекеттердегi сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

____________________

 

2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап сайлаушылар  сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы мәліметтерді тексере алады

Әрбір сайлаушы сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы  деректерді тексере алады.

Бұл үшін жеке басын куәландыратын, сондай-ақ тұрғылықты жерін  растайтын құжаттарымен учаскелік сайлау комиссиясына барып, сайлаушылар тізімімен  мұқият танысуы керек.

Сайлаушының аты-жөні тізімде болмай шықса немесе ол туралы деректерде жаңсақтықтардың бар екені анықталса, сайлаушы тиісті құжаттардың негізінде өзін тізімге енгізуді немесе қажетті түзетулер жасауды талап етуге құқылы.

Сайлаушының аты-жөнін тізімге енгізуден немесе ол туралы деректерге түзетулер енгізуден бас тартылған жағдайда сайлаушының сотқа шағымдануға құқығы бар.

___________________

 

2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2012 жылғы 14 қаңтарға дейін сайлаушылардың дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуына болады

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс беру күні сайлаушы өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде болса, ол басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Бұл үшін 2011 жылғы 30 желтоқсан мен 2012 жылғы 14 қаңтарға  дейінгі аралықта тіркелу орны бойынша учаскелік сайлау комиссиясына барып, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу керек.

Ол жазбаша өтініш негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.

Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі мен сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, оны барған жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Бір елді мекен аумағында басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі берілмейді.

Сондай-ақ мәслихаттардың депутаттарын сайлауда дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі берілмейді.

 ____________________

 

Сайлау күні дауыс беру тәртібі

Өзінің сайлау учаскесінде жеке куәлігін немесе республика азаматының паспортын, уақытша жеке куәлікті, жедел қызметтегі әскерилердің әскери билетін ұсына отырып, сайлаушы үш сайлау бюллетенін алады.

Бір дауыс беру бюллетені – партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша.

Екінші бюллетень – облыстық немесе Астана мен Алматы қалалары мәслихаттарының депутатын сайлау бойынша дауыс беру үшін.

Үшінші бюллетень – қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру үшін.

Астана мен Алматы қалаларының сайлаушылары екі бюллетень алады.

Әрбір сайлаушы бюллетеньді жасырын дауыс беру кабинасында толтырады.

Сайлаушы өзінің дауысын беретін саяси партия атауының немесе мәслихат депутаттығына кандидаттың аты-жөнінің оң жағындағы бос шаршыға белгі қою керек.

Бір белгіден артық белгі қойылған,  қарындашпен толтырылған, сондай-ақ сайлаушының ерік білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

 

 

«Ақ жол, Қазақстан!» атты республикалық

сайлауалды автожорық басталды

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж./ - «Ақ жол» ҚДП-ның орталық кеңсесінен «Ақ жол, Қазақстан!» атты республикалық сайлауалды автожорық басталды.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға партияның жастар қанаты мен оның белсенділері және икемді үгіт-насихат тобы қатысты. Жарыстың маршруты Ақмола облысынан Қазақстанның барлық аймақтарына  дейін жалғасады. Ол 2012 жылдың 11-і қаңтарында аяқталады.

Автожарыс барлық ауыл және жергілікті аймақтарында сайлауалды үгіт-насихатты өткізумен қатар партияның тұғырнамасын таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

 

 

 

«Ақ жол, Қазақстан!» сайлауалды автошеру басталды

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., Г. Марқабай/ - «Ақ жол» партиясының белсенді мүшелері бүгін «Ақ жол, Қазақстан!» деген ұранмен автошеруге шықты. Республикалық сайлауалды автошеру екі аптаға созылады. Осы аралықта «ақжолдықтар» Ақмола облысынан бастап, еліміздің барлық аймақтарын аралап қайтпақ.

Жол бойы партияның белсенді мүшелері әр қала мен ауыл-аймақтарға тоқтап, тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. «Бұл шара арқылы әр өңірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, көңіл-күйлерін байқап қайтамыз», - дейді «ақжолдықтар». Олар бұл сапарларында жұмыссыздық, әлеуметтік теңдік, тұрғындардың табысын арттыру, сапалы білім, осы заманғы медициналық қызмет секілді маңызды мәселелерге баса көңіл аудармақ.

Асылхан Игібаев, «Ақ жол» партиясының мүшесі:

Ауылдық азаматтарымен, қаланың азаматтарымен кездесулер жүргізіп, өзіміздің платформамызды үгіт-насихат жүргізу үшін жүріп бара жатырмыз. «Ақ жол, Қазақстан!»

 

 

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат

тобы аймақтарды аралауға шықты

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы автокеруенмен Қазақстанның барлық аймақтарын аралауға бет алды.

Үгіт-насихатшылар жалпы көлемі 6 мың шақырым жүріп, халықпен кездесіп, өз сайлауалды тұғырнамаларын көпшілікке таныстырмақ ниетте. Астана қаласынан шыққан автокеруеннің құрамында 10-нан астам автокөлік және 30-ға жуық белсенді бар. Автокеруеншілер Жаңа жылды да жолда қарсы алмақшы. Олардың тобына жергілікті жерлердегі партия мүшелері де бірте-бірте қосылып отырмақ. Автокеруеннің ойдағыдай өтуі үшін барлық қауіпсіздік және ұйымдастырушылық шаралар ескерілген, - дейді «ақжолдықтар». Партия мүшелері ауа райының қолайсыздығы да біздің іс-шарамызға кедергі бола алмайды дейді.

Асылхан ИГІБАЕВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ОК МҮШЕСІ:

- Ауылдарға соғып, қалаларға соғып өз насихатымызды жүргізіп жүрісіміз екі жұмаға созылады деп ойлаймыз. Ақ жол болсын бізге. Үкімет органдары, бәрі хабарландырылды біздің жолда екенімізді. Сондықтан, халық көмектеседі. Осындай боранда да халық көмектеседі деген ойымыз бар.

 

 

«Нұр Отан» партиясының насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., Б. Ысқақова/ - Ұлттық өрлеуден - жаһандық жауапкершілікке. Қуатты мемлекеттің қалыптасу жолын бірлікке балайтын «нұротандықтардың» жоспарлары көп. Ел бойынша билік партиясының насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін Астанада еріктілер тобы үй-үйді аралап, сайлаушылармен кездесті.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының белсенділері үгіт шаралары басталғалы бері 3 жарым млн. отбасын аралап үлгеріпті. Сайлауалды науқанға жұмылған 64 ерікті, сондай-ақ, партияның үгіт бекеттерінде, сауда орталықтарында халыққа насихат парақшаларын таратып жатыр.

Нүркеш Шуақбаева, қала тұрғыны:

Пенсияны уақытылы төлеп жатыр, қызмет еткендер жалақысын көріп жатыр. Студенттерге де қамқорлық бар. Сондықтан, тіпті, ешқандай кемшілігіміз жоқ. Сондықтан 15 қаңтарда «Нұр Отан» үшін сайлауға барамын.

 

 

 

 

 

 

 

«Нұр Отан» ХДП сайлауалды үгіт-насихат

шараларын «Есіктен есікке!» ұранымен өткізуде

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - «Есіктен есікке!». «Нұр Отан» партиясының насихат жұмысы осындай ұранмен өтіп жатыр. Республика бойынша сайлау науқанына партиядан 64 мың ерікті жұмылдырылған.

Олар үй-үйді аралап, партияның алға қойып отырған мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, халықты дауыс беруге шақыруда. Жалпы ел бойынша 3 мыңға жуық жедел үгіт топтары жұмыс істеу үстінде. Олар қазірдің өзінде 3 миллион адаммен кездесіп үлгерді.

Ерлан ҚАЛЕНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз партия «Нұр Отанға» дауыс береміз семьямызбен. Және де өз Президентімізге сенеміз. Сондықтан барлық семьямыз «Нұр Отанға» дауыс береміз.

Сондай-ақ, мұндай үгіт-насихат топтары қалалардың ірі сауда орталықтарында мен базарларында жұмыс істеп үгіт-насихат материалдарын таратуда. Көпшілік халық еріктілердің жұмысымен жақсы таныс екенін айтуда.

Нұркеш ШУАҚБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

- Бәрі көңілімнен шығады. Қазақстан халқы бақытты. Өйткені, «Нұр Отан» партиясы - ол Президенттің партиясы. Сондықтан, өзім 15 қаңтарда осы партияға дауыс беруге барам.

 

 

«Нұр Отанның» сайлауалды науқанында

64 мың еріктілер жұмыс істейді

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж./ - Жаңа жылдың қарсаңында астаналық нұротандықтар өздерінің сайлаушыларына барып қайтты. «Есіктен есікке дейін» атты ұранымен партияның үгіт-насихат жұмысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП-ның баспасөз баяны.

«Нұр Отанның» сайлауалды науқанында арнайы тренингтен өткен 64 мың еріктілер жұмыс істеп жүр. Жұмыс күн сайын икемді топтар мен үгіт-насихат қосында, әртүрлі орындар мен мақсатты топтарда, сондай-ақ  жеке аумақтар мен аймақтарда жүргізіліп жатыр.

Бүкіл елді партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстыру жұмысымен шамамен 3 мыңға жуық икемді үгіт-насихат тобы айналысып жатыр. Олар бүгінде 3, 5 млн. қазақстандық отбасыларында болып қайтты. Қалалар мен ауылдардың барлық ірі сауда орталықтары мен базарлары және алаңдарда партияның үгіт-насихат қосыны жұмыс істейді. Олардың саны республика бойынша 2 мыңға жуықтайды. Нұротандықтар үгіт-насихат материалдарын таратып, сайлаушылармен сөйлесіп жүр. Үгіт-насихат қосынында бүгінде шамамен 2, 5 млн. адам  болды.

 

 

«Әділет» партиясы сайлауалды үгіт-насихат

шараларын Көкшетауда жалғастырды

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - Бүгін Көкшетауда Әділет партиясы, Ақмола облыстық филиалының мүшелері «ҚазАвтоЖол» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

Партияның негізгі мақсаты - қоғамда әділеттілікті орнату. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік саланы жетілдіру және мемлекеттік басқару моделін жаңарту сайлауалды бағдарламасының басты ұстанымы екенін айтады. Сонымен қатар, партия мүшелері, жалақы мен зейнетақы көлемін арттырып, қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіз жайттарды әділеттік жолмен шешуді көздейтіндерін жеткізді. Жалпы бүгінде тек Ақмола облысында «Әділет» партиясының 11 мыңнан аса мүшесі бар. Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттығына бұл партиядан еліміз бойынша 57 үміткер тіркелген.

Совет БАЛТАБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Осы сайлау алдындағы бағдарламамызда ең бірінші алдымен айтарымыз, бұл жастар саясаты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сосын зейнеткерлердің зейнетақысы сондай, сондай осы қазіргі күнгі әлі шешілмей тұрған мәслелерді әділеттік жолмен мәселелердің бәрін шешуге тырысамыз.

Сондай-ақ, «Әділет» партиясы «Әділ жастар» жастар қанатының белсенділері «Қасиетті Әділ» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, Астанадағы кардиохирургиялық орталықта емделіп жатқан балалармен кездесіп қайтты. Аяз Ата мен Ақшақар және түрлі жан-жануарлардың кейпінде киініп алған студенттер мұндағы кішкентай бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, әзіл-сықақ қойылымдар қойды. Театрландырылған қойылымдар оларға қатты ұнағаны соншалықты, балалардың өздері де ән айтып, би биледі. Кездесу соңында студенттер бүлдіршіндерге арнап жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады.

 

 

Атырауда ҚКХП-ның мүшелері

сайлаушылармен базарларда кездесуде

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж., А. Соколов/ - Атырауда Қазақстанның коммунистік халық партиясының мүшелері белсенді түрде сайлауалды науқанын өткізуде.

Атыраулықтарға осы аталмыш партияның сайлауға қатысатыны жайлы қала бойынша ілінген билбродтар мен парақшалар еске салғандай болады.

Атыраулық ҚКХП-ның бөлімшесінде хабарлағандай, мереке күндері сайлауалды жұмыс көбінесе базарлар мен халық көп жиналатын орындарда жүргізіледі. Партияның бағдарламасымен таныстыратын парақшалар тарата отырып, коммунистер азық-түлік пен қажетті тауарлардың бағасына назар аударуда.

 

 

ҚКХП партиясының үгіт-насихаты

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., Ж. Біркенов/ - Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы да, күн-түн демей үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар сайлауалды тұғырнама мен партияның бағдарламасын қазақстандықтарға толық таныстыру үшін, үгіт көліктерін ұйымдастырған. Сонымен қатар, коммунистер ұдайы қайырымдылық акцияларын өткізіп отырады. Жаңа жыл қарсаңында олар жетім және көпбалалы отбасынан шыққан балғындарға мерекелік сыйлық жасады.

Ұмсұндық Байзақова, ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы:

56 мектепте 4 жетім бала бар екен. Соларға жыл басталғанда келгенбіз. Енді жаңажылдық сыйлық берейік деп келдік. 4 жетім бала, 4 көпбалалы отбасынан шыққан бала, барлығы 8 балаға жаңажылдық сыйлық берейік деп келдік.

 

 

Коммунистер сайлаушылармен кездесуде

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - Есілдің сол жағалауындағы жаңа қала ғана емес, Астананың ескі бөлігі де айрықша назар аударуды қажет етеді. Қазақстан халықтық коммунистік партиясының белсендісі, елорданың 7-ші сайлау округы бойынша қалалық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Нұрдәулет Оразханов осылай дейді.

Ол қазір сайлау науқаны барысындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында өзіне қарасты сайлау округының тұрғындарымен кездесіп жүр. Апатты жағдайда тұрған атам заманғы үйлерге күрделі жөндеу жасау, аулаларына ойын алаңдарын салу секілді мәселелер тұрғындардың ең көкейтесті түйткілдері, - дейді депутаттықтан үміткер. Нұрдәулет Оразхановтың айтуынша, темір жол бекеті мен қалалық сапаржай келімді-кетімді қонақтардың көзіне бірден түсетін жер, сондықтан бұл маңды толық ретке келтіріп, апатты жағдайда тұрған ескі үйлерді я жөндеу керек, я орнына жаңасын салу керек.

Нұрдәулет ОРАЗХАНОВ, ҚХКП МҮШЕСІ:

- Қандай проблемалары, қандай ұсыныстары бар екен, сол жөнінде білгім келеді. Болашақта өзімнің бағдарламама өзгерістер енгізіп, сол үшін осындай жұмыстар жүргізіп жатырмын. Көңіл бөлу керек деп ойлаймын, осы үйлерге де. Өйткені, біздің Астанамыздың келбеті осы үйлер.

Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы кезеңінде коммунистік партия белсенді жұмыс атқарды. Бүгін Астана филиалының өкілдері мен ардагерлері бас қосып алғашқы 15 күндікті жақсы өтті деп қорытындылады. Осы аралықта 45 мыңнан астам үгіт-насихат өнімдері тиісті мақсатта пайдаланылды. Ірі сауда орындарында үгіт-насихат сипаттағы баннерлер орналастырылды. Оның сыртында, партия өкілдері сайлаушылармен кездесіп өз тұғырнамаларымен таныстырды. Коммунистер үгіт-насихаттың екінші толқынына да дайынбыз дейді. Олар зейнетақы, өзін-өзі қамту мәселелері, жемқорлықпен күреспен орта және шағын бизнесті Парламент қабырғасынан қорғауға дайын.

Ұмсындық БАЙЗАҚОВА, ҚКХП АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:

- Бір жағынан жақсылығы бізге мына желтоқсан мейрамдары келгені. Көп жиналған кісілер ірі сауда үйлерінің жанында сол жерде үгіт-насихат материалдарын таратып жатырмыз. Ең үлкен мақсатымыз - біздің сайлаушыларға көмектесі, осы өткіздірген сұрақтар бойынша көп сайлаушылар өз қай жерде дауыс беретіндерін білмейді. Сол мәселеге көмектесеміз.

 

 

«Ауыл» партиясының насихат жұмыстары

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., Ә. Таласова/ - «Ауыл» социал-демократиялық партиясының Ақтөбедегі насихат тобы жастармен кездесті. Сайлауалды тұғырнамасымен таныстыра барған партия өкілдері ауыл шаруашылық колледжінің студенттерін ауылда еңбек етуге шақырды. «Ауыл» партиясының көздегені -  шаруалардың мүддесі. Үкіметте ауыл шаруашылығының тиімді саясатын қалыптастырып, соны іске асыру.

«Ауылды көркейтіп, кәсіпорындарды көбейту. Егін салып, төрт түлікті көбейтемін деушілерге пайызсыз несие беру қажет», - дейді партия белсенділері. Сонда ғана ауылдықтардың ісі оңға басады. Ең бастысы - ауылда жұмыс орындарын ашу, жастарды тұрақтандыруға көп көңіл бөлу керек екендіктерін айтты.

Қуандық Әлішев, «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық бөлімшесінің төрағасы:

Негізгі мақсатымыз осы ауыл халқының тұрмысын, ауқатын көтеру. Екінші - ауыл шаруашылығы өндірісін өндіруді өсіру. Үшінші - ауыл шаруашылығының тиімділігін көтеру.

 

 

«Ауыл» партиясының қатарына жаңа мүшелер қосылды

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - Бүгін Астанадағы жобалау-құрылыс компаниясының 25 қызметкері «Ауыл» социал-демократиялық партиясының қатарына қосылды.

Қызметкерлерге партия куәлігін Мәжіліс депутаттығына үміткер, академик, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Көпмағамбет Елемесов тапсырды. Өз кезегінде партияның мүшелігіне енген компания қызметкерлері: «Ауыл партиясының сайлауалды бағдарламасы нақты іс-жоспарға құрылған» деп атап өтті.

Сәбит ЖАЛМҰҚАНОВ, «АСТАНА-БУРАБАЙ» ЖОБАЛАУ-ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қазір ауылдың жағдайын осы ең бірінші біздің индустриалды-инновациялық технологияларды дамытуымыз қажет. Біздің жобалау құрылыс компаниясы қамқорлық жасап, жәрдем беруге дайынбыз. Негізінде, ауыл дегенде көп құрылыс жұмыстары бар. Негізінде, мысалы өздеріңіз соларға жәрдем беру ойымыз бар.

Көпмағамбет ЕЛЕМЕСОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Ауыл» партиясының мүшелігіне осындай құрылыс компаниясы немқұрайлы қарамай, өздерінің көмектерін беруге дайын екенін, және осы «Ауыл» партиясының тұғырманасы көңілден шыққанына бізде қуанып отымыз. Біз енді көптеген жерлерді, мынау батысты араладық. Диқандармен кездестік, малшылармен, тауар өндірушілермен кездестік. Үмітіміз бар, бірақ жобалау қиын. 20-25 пайыз аламыз деген үміттеміз.

Бүгін, сондай-ақ «Ауыл» партиясының мүшелері Алматыдағы Қонаев атындағы университет студенттерімен кездесті. Саяси бағдарламасын жүзеге асыруда, «ауылдықтар» жас буынға зор үміт артуда. Қазіргі таңда, шалғайдағы елді мекендерге жоғарғы білімі бар жас мамандар ауадай қажет. «Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісіне үміткерлер, олардың әлеуметтік жағдайын арттыруға, жалпы ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеруге күш жұмсамақ.

 

 

 

Дулат ИСАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Ауылды көгертпей, Қазақстанның жалпы деңгейі көгере қоймайды. Бәріміз ауылдан шыққан екеміз, ауылдың тағдырын қолға алған екеміз, ауылға шын жандарыңыз ашитын болса «Ауыл» партиясына дауыс беріңіздер.

 

 

ЖСДП Хатшысы жастармен кездесті

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - Бүгін Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының хатшысы Әміржан Қосанов жастармен кездесті.

Кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Партияның жастарға деген көзқарасы қандай, тұғырнамада жастар мәселесі қамтылған ба? Сауалдардың бір парасы осындай. Өз кезегінде Әміржан Қосанов Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бағдарламасында студенттерге Мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін білім беру мәселесі көтерілгенін атап өтті. Екінші жас отбасылардың пәтер алулары үшін пайыздық үстемақысыз несие беруді ұсынады. Үшіншісі ішкі өндірісті дамытып жаңа жұмыс орындарын ашу. «Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаңа ашылған шағын және орта бизнес субъектілерін 5 жылға салықтан босату қажет», - дейді партия хатшысы.

Әміржан ҚОСАНОВ, ЖСДП ХАТШЫСЫ:

- Біз жастардың қолдауына зәруміз. Жастар қазір, мысалы Қазақстанның 20 жылдығын айтып жатсақ, сіздер 20-ға толған болсаңыздар сіздер өте бақытты адамсыздар. Өйткені, сіздер кешегі қылышынан қан тамған Кеңес дәуірінің коммунистік идеологиясын көрген жоқсыздар. Сіздердің саналарыңызда таза, ойларыңыз да таза.

Бүгін сондай-ақ, Семейде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия мүшелері тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өздерінің бағдарламалары жазылған парақшаларды таратты. Жеңіс саябағының алдында бір топ жас өнер көрсетсе, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның жергілікті өкілдік мүшелері дауыс зорайтқышпен халықты 15-қаңтар күні Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Майра ӘБЕНОВА, ЖСДП СЕМЕЙ ӨҢІРІ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жаңа жылдан кейін өз басым ауыл жаққа барып келем бе деп отырмын, Үржар, Мақаншы сияқты алыста жатқан аудандарға барып. Барлық қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын!

 

 

Патриоттар жол полицейлерін арнайы құттықтап барды

 

/«Хабар» агенттігі, 30.12.2011 ж./ - «Қазақстан патриоттары» партиясының белсенділері бүгін Алматы қалалық жол полициясы басқармасы ғимаратының алдына барып, жол полицейлерін жаңа жылмен құттықтап қайтты.

«Патриоттар» партиясы құқықтық реформаларды аяғына дейін жеткізуді ұсынады. Олар өз сайлауалды бағдарламаларында заңның үстемдік етуін, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресті қолдайды. «Қазақстан партиоттары» партиясы республикалық штабының жетекшісі Гүлдана Нұрпейісованың айтуынша, жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына орасан зор еңбек етіп жүрген жол полицейлерінің жалақысы көбейіп, әлеуметтік мәселелері оңынан шешілгені дұрыс. Егер Парламентке өтсе, партиоттықтар осы мәселені қолға алмақ.

Гүлдана НҰРПЕЙІСОВА, «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТТАРЫ» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біздің өмірімізді сақтап жүрген, біздің құқығымызды сақтап жүрген азаматтарымыздың бірі – жол инспекторлары. Күндіз-түні олар жұмыста. Олардың жұмыстарына бас иеміз. Бізге олар дауыс берсін деп шақырамыз. Біздің сайлауалды бағдарламамыздың бір легі осылардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне арналады.

 

 

 

 

Мемлекеттік БАҚ мемлекеттік емес БАҚ-тарға қарағанда

барлық саяси партиялардың қызметін белсенді жазып көрсетуде - ҚР БАМ

 

/«ҚазАқпарат», 30.12.2011 ж./ - Орталық сайлау комиссиясында Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, оған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД-дан байқаушылар миссияларының,

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ-нің өкілдері, сондай-ақ ЖСДП мен «Әділет» Демократиялық партиясынан байқаушылар қатысты.

Кеңес мүшелері Орталық сайлау комиссиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп өткізетін БАҚ мониторингінің аралық қорытындыларын талқылады. Олар туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Л.М.Танысбай баяндады.

Оның атап өтуінше, мониторинг 53 баспа басылымдарын, 13 республикалық телеарналар мен 5 радиоарналарды қамтиды.

«2011 жылғы желтоқсанның 16 мен 28-і аралығындағы кезеңде баспа БАҚ-тарда ЖСДП туралы 40, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 37, «Әділет» ДП-ы 34, «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 30, ҚКХП-ы туралы 36, «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 47, ҚПП-ы туралы 27 және «Руханият» партиясы туралы 39 материал жарияланды. Телевизиялық арналарда аталған кезеңде эфирге ЖСДП туралы 81, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 96, «Әділет» ДП-ы туралы 89, «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 66, ҚКХП-ы туралы 98, «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 98, ҚПП-ы туралы 72 және «Руханият» партиясы туралы 93 материал шықты», - деп мәлім етті Л.Танысбай.

Оның атап өтуінше, радиода эфирге ЖСДП туралы 12, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ы туралы 11, «Әділет» ДП-ы туралы 9, «Ауыл» ҚСДП-ы туралы 11, ҚКХП-ы туралы 10, «Нұр Отан» ХДП-ы туралы 18, ҚПП-ы туралы 10 және «Руханият» партиясы туралы 11 материал шыққан.

«Осылайша, сайлауға қатысып отырған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуі жалпы алғанда орындалып отыр деген тұжырым жасауға болады. Баспа және электрондық БАҚ-тарда олардың қызметі негізінен тең жағдайда және шамамен алғанда бірдей мөлшерде жарияланып келеді. Оның үстіне, қазіргі сәтте мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары барлық саяси партиялардың қызметін белсенді жария етіп келсе, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары билік партиясына көбірек көңіл бөліп отыр», - деп баса айтты сөзін тұжырымдай келе Ләззәт Танысбай.

Қоғамдық Кеңестің мүшелері бұл пікірмен келісті, сондай-ақ Ортсайлаукомға БАҚ-тардың үгіт науқанын жариялау бойынша жұмысында орын алып отырған кемшіліктерге қатысты бірқатар ұсынымдар берді.

Атап айтқанда, кейбір баспа бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт материалдарын қаржыландыру көздерін көрсетпей жариялауы сайлау заңнамасы белгілеген талаптардан ауытқу болып табылатыны нұсқалды.

Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңес 2011 жылы сәуірде Республикада өткен президенттік сайлау кезінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың бұйрығымен құрылған болатын.

 

 

Сайлаушылардың тізімі

сайлау комиссиясына тапсырылды

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., С. Мауғазин/ - Заңға сәйкес, жергілікті әкімдік сайлау комиссиясына сайлаушылардың тізімін толық өткізуі тиіс. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы науқанға сақадай сай отыр.

Шаһарда 90 сайлау учаскесі бар. Арнайы жабдықталған бөлмелерге жәшіктер орнатылған. Сайлаушылардың тізімі бекітіліп, қанша адамның қатысуға ниет білдіргені де белгілі болды. Бақылаушылардың да жұмыс істеуіне толық жағдай жасалған.

Николай Петров, Петропавл қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:

30-ы күні барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімі ілінеді. Тұрғындар өздері келіп, тізімді көреді. Қажет болса, түзетулер енгізеді. Бүгінгі күні Петропавл қаласы бойынша 148 мың 156 сайлаушы бар.

 

 

Сайлаушылар тізімі анықталды

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., Ж. Біркенов/ - Бүгіннен бастап әр сайлаушы учаскелерге барып, өзі туралы толық мәлімет алуға болады. Қазірден сайлау орындарында сайлаушылардың тізімдері анықталып, тіркеуге алынып жатыр. Еліміздің әр аймақтарында әзірлік шаралары белсенділікпен жүргізілуде.

Орталық сайлау коммиссиясының мәліметі бойынша 9 миллион 240 мың 177 сайлаушы тіркеуге алынған. Республика бойынша 9 мың 764 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Желтоқсанның 30-нан бастап тіркелген азаматтар учаскелерге келіп өздері туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік берілді. Аты- жөні, өзге де деректерін тексеріп шығуларына болады.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Әр адам өзінің учаскесіне барып, тізімдерді қарауға мүмкіншілігі бар. Сол тізім арқылы өзі туралы мәліметке түзету енгізуге, өзге де ақпар алуды талап етуге құқысы бар.

Бір учаскеге 3 мыңға дейін ғана сайлаушы тіркелуге рұқсат берілген. Ол әр адамға талапқа сай қызмет етуге байланысты енгізілген шара. Жеке тұлға сайлау күні іс-сапарға шықса немесе тұрақты мекен-жайын өзгертсе алдын ала сайлау учаскесіне келіп, тізімнен шығу туралы куәлік алады.Сосын  баратын мекендегі сайлау учаскесіне сол арқылы тіркеліп дауыс бере алады.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Есептен шығатын куәлік арқылы кез келген сайлау учаскесіне барып дауыс беруге болады. Жеке басын куәландыратын куәлік қатар көрсетіледі. Ол үшін, әрине, алдын ала сайлау учаскесіне барып тіркеуден шығу керек.

Тұрғылықты жерден тыс учаскелерде дауыс беру үшін өтініштер 14 қаңтарға дейін қабылданады. Жалпы еліміз бойынша барлық сайлау учаскелері әзірлік жұмыстарын аяқтап шықты. Ендігі жерде саяси доданың мән-маңызы халық белсенділігіне қарай бағаланады.

 

 

Сайлауға дайындық

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж., М. Құлмырзаева/ - Қызылорда облысында жергілікті мәслихат депутаттығына 225 үміткер ұсынылып, бүгінге дейін оның 31-і тіркелді. Алдағы саяси науқан ел тағдырын саралайтын аса жауапты іс. «Ал оны абыроймен атқару әрбір қазақстандықтың міндеті», - дейді қызылордалық Ақерке Әбуова. Ол сайлау учаскесіне келіп, өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексерген алғашқы тұрғын.

Ақерке Әбуова, сайлаушы:

Былтыр еліміздің Президентін сайлағанда Шиелі ауданында дауыс бергенмін, биыл, енді, Қызылорда қаласына көшіп келіп жатырмын. Сол, енді, тізімде бармын ба, жоқпын ба соны нақтылауға келдім. Мәжіліс депутаттарын сайлау бұл - еліміз үшін, барлық Қазақстан халқы үшін жауапты істің бірі деп есептеймін. Әрқайсымыз өзіміздің ойымызды,пікірімізді айтып, қалауымызды білдіргеніміз ол менің тағдырыма әсер етеді деп есептеймін.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша – бұрын 91 сайлау учаскесі болса, қазір  қосымша төрт сайлау орны ашылып, шекаралары қайта жасақталды. Әр учаскеде сайлаушылардың саны үш мыңнан аспайды. Ал олардың тізімдерін жасау жауапкершілігі жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Мамандардың есебінше, облыс орталығында сайлау құқығына ие 135 мың 658 адам бар.    

Пірмұхаммед Сыздықов, тізімдерді нақтылау жөніндегі жұмысшы топтың төрағасы:

Әділет басқармасы арқылы, мысалы, қайтыс болғандардың тізімі алынып жатыр, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жаңадан жеке куәлік алып жатқан азаматтардың тізімдері алынып жатыр. Ал жалпы сайлау учаскелері бойынша үйлерді аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

 

ОСК отырысы өтті

 

/«ҚазАқпарат», 31.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 үміткерді тіркеді. Сайлау туралы заңға сәйкес, Ассамблея кеңесі 9 кандидат ұсынған.

 

 

ОСК отырысы өтті

 

/«Қазақстан» ТРК, 30.12.2011 ж./ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 үміткерді тіркеді. Сайлау туралы заңға сәйкес, Ассамблея кеңесі 9 кандидат ұсынған. Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын тіркеді. Үміткерлердің ішінде 2 әйел адам бар. Кандидаттардың орташа жасы - 59 жас. Барлығы жоғары білімді. Алты үміткер – білім-ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері болса, қалған үшеуі – төртінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары.

Сондай-ақ, бүгін 82 халықаралық байқаушы тіркеуден өтті. Олардың 27-сі – ОБСЕ және 31-і – ТМД-лық байқаушылар миссиясының өкілдері, 4-уі – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының байқаушылары. Тағы 20 бақылаушы шет мемлекеттерден келген. Қорыта айтсақ, бүгінде Орталық сайлау комиссиясы бас-аяғы 326 халықаралық байқаушыны аккредитациялады. Сондай-ақ, «ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтіндеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулыны қабылдады.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Өзгерістер енгізуді учаскелік сайлау комиссиялары мынадай тәртіппен жүргізеді: комиссия мүшесі бірыңғай тәсілмен саяси партия атауын не кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын және олардың оң жағында орналасқан шаршыны сиямен сызып тастайды. Сондай-ақ, сызылған саяси партия атауының не кандидаттың атын және шаршының оң жағынан өз қолын қояды.

Бұдан бөлек, бүгін Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелері ОСК-ның  Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп өткізетін БАҚ мониторингінің алғашқы аралық қорытындыларын талқылады. 53 баспа басылымы, 13 республикалық телеарна мен 5 радио жұмысын қамтыған мониторинг нәтижесін Байланыс және ақпарат министрінің орынбасары Ләззат Танысбай жариялады.

Келтірілген мәліметтер бойынша, сайлауалды үгіт-насихат науқанында саяси партиялардың барлығы тең дәрежеде бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланып келеді. Мемлекеттік БАҚ, әсіресе, партиялардың қызметін белсенді әрі теңдей жария етіп, сайлау заннамасын бұлжытпай орындап отырғанын қоғамдық кеңес мүшелері атап өтті. ОБСЕ-нің адам құқықтары жөніндегі бюро байқаушылары да мемлекет саяси додаға түсіп жатқан партияларға тең жағдай жасап, біркелкі мүмкіндік беріп отырғанын  қадап айтты.   

 

 

Сайлау-2012

 

/«Егемен Қазақстан», 30.12.2011 ж./:

 

ЖЕЗДІ ӨҢІРДЕ БОЛДЫ

Қазіргі таңда Оңтүстік Жезқазған және тағы басқа 16 кеніште бір жылда 33 миллион тоннаға жуық мыс қорытылады. Ол 10 байыту фабрикаларында өңдеуден өткізіледі. Осылайша кәсіпорын қорытынды өнімді өзі шығарады.

Кеше нұротандықтар Жезқазған қаласына келіп, сайлауалды тұғырнаманың негізгі ұстанымдарын өндіріс орналасқан жер астында кеншілермен талқылады. Кездесу барысында өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және өндірісті кеңейту мәселелері көтерілген болатын. Осы маңызды аспектілер бағдарламалық құжатта ескерілген. Бағдарламада ел Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Индустрияландыру стратегиясын іске асыруға баса назар аударылады. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары, республикалық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин айтып өтті.

Кездесуге қатысқандар партиялықтарды қолдап, таңдалған бағыттың кәсіпорынды бұрынғыдан да табысты ететініне сенім білдірді. Ол, әрине, тек Жезқазған емес, бүкіл еліміз үшін қажет. Шахтерлер «Қазақмыстың» жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен қатар, қалаға да үлкен қолдау көрсетіп отырғанын жақсы біледі. Партиялық бағдарлама өндіріске, әлеуметтік салаға құйылатын инвестициялардың өсімін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай туғызуды көздейді. Сондай-ақ осы құжатта жергілікті жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселесі де қарастырылған. Шахтерлер инновациялық экономиканы құруға алынған бағдарды қолдайды. «Нұр Отанды» жезқазғандықтар тұрақтылық пен береке әкелетін партия ретінде түсінеді. Біз «Нұр Отанды» толық қолдаймыз, дейді олар үлкен сенімділікпен.

Дастан КЕНЖАЛИН.

Қарағанды облысы.

 

* * *

 

КӘСІПКЕРЛЕР ПАРТИЯҒА ҮМІТ АРТАДЫ

Қазақстан Патриоттары партиясы соңғы кезде кәсіпкерлерге қамқорлық көрсету бағытында көптеген бастамалар көтеріп келеді. Астанада өткен партия белсенділері мен Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы мүшелері арасындағы кездесуде осы мәселе кеңінен сөз болды. Аталған кездесуге кәсіпкерлер көп жиналды.

Кәсіпкерлер Қазақстан Патриоттары партиясы өкілдері алдында бірқатар проблемалардың ұшығын шығарды. Соның ішінде кәсіпкерлерді мазалайтын мәселе салық төлеу тәртібі бойынша есептілік жүйесін оңтайландыруды жүзеге асыру. Соның ішінде артық төлем төлегені үшін айыппұл төлету немесе есеп-шотқа тыйым салу сияқты кедергі келтіретін тетіктерді алып тастау мәселесі қойылды.

Осы ретте инвестициялық жобалар үшін жер телімдерін тегін беру сияқты мәселе де көтерілді. Кәсіп қуған азаматтар өз сауалдарында ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) неліктен жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету тарифтерін әр түрлі етіп тағайындайды дегенді алға тартты. Олардың пайымынша, қызмет екі жаққа да бірдей көлемде көрсетілгендіктен, кәсіпкерлерден артық төлем алудың еш реті жоқ.

Патриоттар партиясы тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығынан үміткер Ботагөз Лесова бастаған белсенділер өз сөздерінде кәсіпкерлер еліміз азаматтарына жұмыс тауып беріп отырған ерекше кәсіп иелері екендігін баса айтып өтті. Қазіргі таңда осы салада жүрген азаматтарға ерекше үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әлемнің көптеген елдерін тығырыққа тіреген қаржы дағдарысы қыспаққа алған кезде осы орта және шағын кәсіп иелері жұмыс орындарын сақтап қалуға барын салды. Соның ішінде қазақстандық кәсіпкерлер де өз жұмысшыларына жалақыларын уақтылы төлеп, қолдарынан келгенше әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

 

* * *

 

АҚЖОЛДЫҚТАР – АБАЙ ЕЛІНДЕ

Ақжолдықтар Семейге келіп, осындағы қала жұртшылығымен жүздесті. Кездесуге халық айтарлықтай көп жиналды. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жиналғандарды өз партияларының тарихымен және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Келер жылы құрылғанына он жыл толатын партияның бағдарламасы салмақты ма дедік. Он бағытты қамтитын бұл бағдарламада, әсіресе, әлеуметтік мәселелер кеңінен қозғалғаны байқалады. Соның ішінде сынақ салдарының зардаптары да назардан тыс қалмаған. Сынақ туралы Үкімет қаулысына сәйкес семейліктерге ай сайын экологиялық төлем төленуі тиіс деді партия басшысы. Ал соны мұнда жекеменшік кәсіпорын иелері төлейтін көрінеді. Бұл деген әлеуметтік әділетсіздік емес пе? Үкіметтің мұны жеке кәсіпкердің мойнына іліп қойып отырғаны дұрыс емес.

Партия төрағасының Семей сынды үлкен қаланы дамыту, жылу, жарық төлемдерін төмендету, медицина сапасын жақсарту секілді ой-пікірі жиналғандардың көңілінен шыққаны аңғарылды. Жедел жәрдемге дейін ақылы етуге тырысып жатқандардың тірлігін түсінбеймін, деді ол. Осы мәселелерге орай жиынға қатысушылар тарапынан да сұрақтар көптеп қойылды. Айталық, сұрақ иелерінің бірі қала тұрғын­дарының сынақ туралы заңда қарастырылған көптеген жеңілдіктерден сырт қалып отырғанын айта келіп, сонда бейбіт заманда қырық жылға созылған апатты жағдай Семей қаласын айналып өткен бе деді.

Өзіне қойылған қай сұраққа болсын тиянақты жауап беруге тырысқан Азат Перуашев өз партияларының Парламентке өткен жағдайда халықтың көңіліндегі мұндай мәселелерді назарларынан тыс қалдырмайтынына сендірді.

Жүздесу соңы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор, белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбаевтың тамаша концертіне ұласты.

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

 

* * *

 

САЙЛАУ МҰРАТЫ – ЖЕҢУ

Жол мұраты – жету болса, сайлау мақсаты – жеңу. Бұл күндері Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның серкелері Жаңаөзен оқиғасына орай баспасөз мәслихатын жиі ұйымдастыруда. Кеше ЖСДП жетекшілері өздерінің Алматыдағы бас кеңселерінде БАҚ өкілдерімен қайта кездесіп, Жаңаөзен оқиғасына қатысты қоғамдық комиссия қойып отырған талаптарды қайта алға тартты.

Ал бұл кезде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай Алматыдағы «Шаңырақ» шағын ауданының тұрғындарымен жүздесіп, партия көздеген көкейкесті мәселелермен бөлісіп жатқан болатын. Жал­пыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері «Шаңыраққа» сайлау кезінде ғана келіп отырған жоқ. Олар «Шаңырақ» мәселесімен екі жылдан бері айналысып келеді. Олар мұндағы тұрғындардың әрбіріне көмек беруге әзір екендіктерін білдіруде. Бұл ауданның тұрғындары үшін жер телімдері мен салынған үйлерді заңдастыру басты түйткіл болып отыр. Тұрғын үйлері заңдастырылмағандықтан, өз­дері тіркеуде жоқ азаматтар сайлауға қатыса алмайды. Партия өкілдерінің айту­ынша, бұл – азаматтардың конституциялық құқығының шектелуі, сондықтан 15 қаңтарға дейін бұл мәселе шешілуі тиіс.

Партия белсенділерінің айтуынша, қоғамдағы тепе-теңдікті сақтау үшін кешенді іс-шаралар керек. Сондай-ақ, олар өз бағдарламаларын әрбір сайлаушыға етене жақын деп мәлімдеуде. Социал-демократтар қоғамның әл-ауқат деңгейін әлеуметтік саясатты күшейту арқылы көтеру қажет деп санайды. ЖСДП атынан сайлауға түскелі отырған үміткерлер күнкөріс деңгейінің төмен мөлшерін есептеуді өзіндік әдістерімен жасамақшы. Партиялықтар еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер көлемін осыған сай есептеп ұсынбақ.

Айнаш ЕСАЛИ.

 

* * *

 

ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Владислав Косарев Өскемен қаласындағы тәуелсіз баспасөз-клубында баспасөз мәслихатын өткізді. Оған В.Косаревтен басқа ҚКХП-ның Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы Ю.Кушкунов пен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Г.Ботабаева, Н.Борисова, В.Литвинов қатысты.

В.Косарев партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, ҚКХП алдында тұрған перспективалы міндеттер мен оларды шешудің жолдары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Сондай-ақ, алдағы сайлауға байланысты қойылған журналистердің көптеген сұрақтарына жауап қайтарды. Мәслихаттан соң В.Косарев партияның облыстық комитетінің офисінде ҚКХП-дан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттармен кездесу өткізді.

Үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағандыға партиядан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Жамбыл Ахметбеков, Борис Сорокин және Төлеш Кенжин келді. Серіктерінің қолдап, қолпаштауымен олар қаладағы орталық базарда болып, Д.Қонаев атындағы университетте сайлаушылармен кездесті.

«Шығыс» базарына Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының мүшелері түстен кейін келді. Кіре берісте қызыл жамылғы мен сондай түстегі шарф таққан адамдар пайда болғаны сол еді, базардағылар бірден оларға назар аударды. Халықшыл коммунистер көптеген сатушылар мен сатып алушыларды, олардың проблемаларын үкіметтік деңгейде көтеруге уәде етіп, алдағы сайлауда өздеріне дауыс беруге шақырды.

Партияның Ақмола облыстық комитеті мектептерді қолдау мақсатында «Болашақ» акциясын ұйымдастырды. Мамандандырылған мектепте халықшыл коммунистер ертеңгілік өткізді. Балаларға кітаптар мен сыйлықтар тарту етілді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

 

* * *

 

АУЫЛДЫ КӨТЕРУ – БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ

«Ауыл» партиясының өкілдері мұнайлы өңірдегі ауыл шаруашылығымен көбірек айналысатын Махамбет, Қызылқоға аудандарына бет бұрды. Ауыл еңбеккерлерінің мұң-мұқтажын көбірек білетін, соған орай сайлауалды бағдарламасына осы саланың проблемаларын молырақ түзген партия өкілдері келешекте шопандар мен егіншілердің мүддесін қорғауды көздейді.

Өңір орталығындағы кездесу Атырау аграрлы техникалық колледжінде жалғасын тапты. Мұның өзіндік себебі бар. Бұл – облыста ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны. Колледжде болашақ мал дәрігерлері мен зоотехниктер, механизаторлар мен балық өнеркәсібінің мамандары дәріс алып жүр.

Оқу орнының Мәжіліс залына жиналған болашақ ауыл шаруашылығы мамандарын «Ауыл» партиясының өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ауыл-селолар мен ауыл шаруашылығын дамытудың жолдары туралы ойларын ортаға салды. «Ауыл» деп аталғанымен, біздің партия қала мен далаға ортақ проблемаларды қамтиды. Себебі, елімізді азық-түлікпен қамтып отырған ауыл шаруашылығы екені даусыз. Ендеше, ауыл тұрмысы, ондағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын баршамыз бірлесіп шешуіміз керек. Өйткені, ауыл – қазақтың алтын бесігі». Бұл – «Ауыл» партиясы өкілдерінің жүрекжарды пікірі.

– Ауыл шаруашылығы саласын өркендету үшін лизингтік жолмен жұмыс жасау тиімдірек болады. Бұл салада бірден табысқа жету мүмкін емес. Яғни, ұзақ үдеріс шыдамдылықты қажет етеді. Сол себептен, ауыл шаруашылығына ұзақ мерзімді несие берілуі керек деп есептейміз. Біз осы мәселенің оң шешілуін қалаймыз. Бұл – біздің бағдарламамыздың басты тармағы, – дейді «Ауыл» ҚСДП төрағасының орынбасары, академик Көпмағамбет Елемесов.

 Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.

Атырау облысы.

 

* * *

 

ӘДІЛЕТТІЛІККЕ ҮН ҚОСУДА

«Әділет» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары біздің өңірде де белсенді жүргізілуде. Облысқа Парламент Мәжілісіне депутаттыққа «Әділет» партиясының тізімімен түскен үміткерлер – партия төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсаров және төраға орынбасары Мәди Артығалиев келді. Олар Ақтөбе қаласындағы «Бұлбұл» балабақшасының, Қ.Жұбанов атындағы университет пен колледж қызметкерлерімен және студенттерімен кездесті. Ақтөбе қаласындағы №КА–168/1 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен, жылжымалы механикалық стансадағы темір жол қызметкерлерімен, №7 лицей ұжымымен де жылы жүзді жүздесулер өткізілді.

Кездесулердің басты мақсаты «Әділет» партиясының бағдарламасымен халықты таныстыру, тұрғындардың көкейкесті мәселелері бойынша сұрақтарына жауап беру, сонымен қатар, азаматтарды белсенді түрде сайлауға қатысуға шақыру болып табылады. Олар бұл жұмыстарды өңірде ұйымшылдықпен өткізуде. Әділеттіктер Қазақстан Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға өздері ұсынған үміткерлердің сайлауда жеңіске жететініне сенімді.

Жүздесулерде «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсаров партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын жүйелей әңгімелеп, бірталай өзекті мәселелерге тоқталды. Ол Отанымыз үлкен мүмкіндіктердің алдында тұрғанын, өздерінің мақсаты – күрмеуі қиын мәселелердің түйінін шешуге құқықтық тұрғыдан көмектесу екенін жеткізді.

Қазақстанның «Әділет» демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар сондай-ақ «Капитал Плаза» бизнес-орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, оған облыстағы қоғамдық бірлестіктер өкілдері, соғыс ардагерлері, зейнеткерлер, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері және мүгедек азаматтар мен шетелдік байқаушылар қатысты. Мұнда да Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлаудың ашық және заңдылықтарға сай өткізілуі, еліміздің экономикалық дамуына қатысты мәселелер төңірегінде, құқық және заңдылық талаптарын сақтау жайы әңгіме болды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ.

 

 

 

 

«Әділет» партиясы «Студент мәртебесі туралы»

Заң қабылдау қажет деп есептейді

 

/«Хабар» агенттігі, 31.12.2011 ж./ - Демократиялық «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев «Студент мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет деп есептейді.

Академик Астанадағы мұз алаңдарының бірінде қала жастарымен кездесіп, қауымды жаңа жылмен құттықтады. Партия төрағасы Қара жорға биін билеп, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Құрметті отандастар, сіздерді өз атымнан және 120 мың мүшесі бар «Әділет» демократиялық партия атынан мынау келе жатқан 2012 жаңа жылмен құттықтаймын.

Бүгін партия төрағасы Нәрікбаев Астанадағы орталық базарға басын бұрып, кәсіпкерлермен кездесті. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерді қолдау – басым бағыттардың бірі, деп атап өтті төраға.

 

 

Көшпелі конференциялар өткізді

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., Т. Құсайын/ - Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып жүрген «Әділет» партиясы бұқара халыққа неғұрлым жақын келудің жолдарын іздестіріп отырғаны байқалады. Орал қаласындағы өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарда әрі азық-түлік сататын нысандарда көшпелі конференциялар ұйымдастыруға ұйытқы болғандары осы пікіріміздің дәлелі.

Аталған іс-шаралардың мазмұнын байыту үшін Ақжайыққа «Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары Уәлихан Қайсаров пен Мәди Артығалиев келді. Оларға жол көрсетіп жүргендердің қатарында партияның облыстық филиалының жетекшісі Мұхит Бисенғалиев пен оның орынбасары Нұрлан Тәшімов бар.

Көшпелі конференция облыстағы бірқатар нысандар мен ұжымдарды қамтыды. Әсіресе, Орал газ-турбиналы электр стансасында инженер-техник қызметкерлермен болған басқосу қызу өткізілді. Бұдан кейін әділеттіктер Орал қаласындағы «Ел ырысы» коммуналдық базарына атбасын бұрды. Осы жерде олар өздерінің үгіт-насихат парақшаларын таратып, базардағы бағаның жай-күйімен танысты.

– Республикамызда азық-түлік бағаларын реттеу мен коммуналдық қызмет саласында шешілмеген түйіндер жеткілікті. Бұл орайда нақты істерден гөрі, ешқандай пайда бермейтін қызыл сөздердің көбейіп бара жатқаны бізді алаңдатады. Тарифтерді өсірмей, коммуналдық қызмет өрісін жаңа сатыға көтеріп, азық-түлік бағаларын жылдың төрт мезгілінде тұрақты қалыпта ұстамайынша, әлеуметтің көңілі жайлана қоймайды. Әрине, ғаламдық құбылыстардың ішкі нарыққа әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Соған қарамастан, үкімет оның салқыны мен зардабы халыққа барынша аз әсер етуін қадағалауы тиіс, – деп өз ой-пікірін білдірді конференцияда «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлау штабының жетекшісі Бауыржан Қазиев.

Бұл күндері «Әділет» партиясы Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткерлер тізіміне енгізілген адамдардан үкілеумен бірге, мәслихаттарға да біршама кандидаттарын ұсынғанын айта кеткен жөн.

 

 

«Патриоттар» партиясы алматылықтарды Жаңа жылмен құттықтады

 

/«Хабар» агенттігі, 31.12.2011 ж./ - Бүгін таң ертемен «Патриоттар» партиясының белсенділері Алматының Бостандық ауданында бас қосып, тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтады.

Мереке қарсаңындағы қарбаласқа қарамастан, үйдегі қазан-ошақтан бір сәт қолы босаған азаматтар, «Қазақстан патриоттары» ұйымдастырған шараға қосылып, ән-думанға бөленді. Қуатты экономика мен халықтың бірлігі үшін, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны аялап-қорғау жолында Парламент додасына түскен «патриоттар», күллі Қазақстан азаматтарын Жаңа жылмен құттықтап, 15 қаңтар күні бір адамдай сайлауға қатысуға шақырды.

Гүлдана НҮРПЕИСОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТТАР ПАРТИЯСЫНАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТЫҒЫНАН ҮМІТКЕР:

– Халқымызды, өз сана-сезімі оянып, гражданский позициясы көтеріліп 2012 жылы 15 қаңтарда халқымыз бір адамдай болып, өздерінің таңдаған партияларына, біздің партияға, «Қазақстанның патриоттар» партиясына дауыс берсін. Бәріміздің тірлігіміз халқымызбен бірге, азаматтармен бірге, елмен бірге. Мақсаттарымыз көп, сондықтан еліміз одан да үлкен деңгейге өрлейді деп сенеміз.

 

 

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын

Солтүстік Қазақстан облысында жалғастыруда

 

/«Хабар» агенттігі, 31.12.2011 ж./ - Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының үгіт-насихат жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысында да қыза түсуде. Партия өкілдері аудан-ауылдарды аралап, облыс орталығындағы сауда орындарында сатушылармен кездесті.

«Алтын арман» базарындағы кәсіпкерлермен өткен кездесуде «Ауыл» партиясының мүшелері мен өкілдері қала тұрғындарына ауылды дамытудың маңыздылығын түсіндірді. Партия мүшелері ауылдардағы ауыз су және мал шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мәселен, Петропавл ет комбинатының өнімдері кеңестік кезеңде одаққа ғана емес, Въетнам, Куба, Германия секілді шет елдерге де танымал болған. Осындай өнідірістерді одан әрі жандандырып, қора малға толу үшін ауылшаруашылығы саласын жетілдіру қажет. Мұнымен қатар, ауылдықтардың әлеуметтік жағдайы да ескерусіз қалмайды, - деді «Ауыл» партиясының белсенділері. Кездесуде олар қала тұрғындарын келер Жаңа жылымен қуттықтап, 15 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Бақытжан ТЕМІРОВ, ҚАЗАҚСТАН СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛАЛЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- «Ауыл» партиясының қалап отырған жағдайлары ол ауылдағы біздің жолдастарымыздың, туыстарымыздың халі, олар жақсы жұмыс тауып, жалақы ақшаларын жақсы алып ойлаған мақсаттарына жету үшін сол жағдайларды көтеріп жүр. Ауылшаруашылығын көтермей біз оң жолға жете алмаймыз. Өйткені, қазіргі кезде ауылшаруашылығын көтеру үшін, ең бірінші ауылдағы мал шаруашылығын көтеру керек.

 

 

Көпшілік көңілінен шықты

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., С. Әліпбай/ - Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасын насихаттау ісін еліміздің әр өңірінде қызу қарқынмен жүргізуде. Тек кешегі күннің өзінде ғана партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген партия мүшелері 20-ға тарта кездесу өткізді. Солардың бірі Алматы облысы, Кербұлақ ауданының орталығында және ауданның Тастыөзек кентінде Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткер Сәрсенғали Әжібаевпен болып өтті.

Жиналысқа қатысушы адамдар партияның сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдіретіндігін, ауыл мүддесін қолдайтын бір партияның біздің қоғамымызға қашанда болсын қажет екендігін, сондықтан «Ауыл» партиясының ел Парламенті Мәжілісінен орын алуына ұмтылатындарын жеткізді.

Осындай кездесу Астана қаласындағы «Астана-Бурабай» өнеркәсіптік базасында да болып өтті. Мұнда жиналған қауым Парламент Мәжілісі депутаттығынан «Ауыл» партиясының атынан үміткер болып тіркелген ауыл шаруашылығы саласындағы белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Көпмағамбет Елемесовпен кездесті. Кездесу тартымды да мазмұнды болды. Ауыл шаруашылығының жағдайымен жете таныс академик осы саладағы жұмыстардың қазіргі барысына, сонымен қатар, партияның сайлауалды тұғырнамасына кеңінен тоқталды. «Ауыл» партиясының көздейтін мақсат-мүддесі еліміздің көпшілік қарапайым халқының құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, әлеуметтік проблемаларын шешу екендігін әртүрлі фактілер арқылы жеткізіп айтып берді.

Бұл басқосуда да «Ауыл» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жақтайтындар көп болып шықты. Сонымен бірге, олар еліміздегі кейбір проблемалық мәселелерді де атап көрсете отырып, олардың шешілуіне «Ауыл» партиясының белсене қатысатындығына сенім білдіретіндіктерін айтып өтті.

Дәл осындай кездесулер Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерінде, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және еліміздің басқа да өңірлерінде болып өтті.

 

 

Үміткерлерге сәттілік тіледі

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., Ж. Жағыпарұлы/ - Жақында Астана қаласында Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының қолдауымен 5 және 15 жас арасындағы балалар арасында каратэ-до-дан чемпионат өткізілді. Бұл жарыс «Алтын айдаһар» каратэ-до шотокан федерациясының басшылығымен өтті.

Жас каратэшілер алдында ҚКХП хатшысы Жамбыл Ахметбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде партияның жастар арасындағы дене тәрбиесін дамытуға ерекше көңіл бөлетіндігін айта келіп, еліміздің жастарын бұқаралық спортқа тәрбиелеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керектігін ескертті. Жарыс қорытындысында партия хатшысы жеңімпаздарды марапаттап, каратэ бәсекесінде өзі секілді қара белбеуге жетулеріне тілек білдірді.

Жамбыл Ахметбеков жастайынан осы спорт түрімен айналысып келеді. Ол талай жарыс мәресінде жеңімпаз тұғырынан көрінген. Спортқа бейім хатшының айтуы бойынша, сайлауалды насихат жұмыстары әділ әрі түсінікті жүргізілу керек. Ол каратэ спорты жастардың шымыр да күшті болуы үшін өте қажет спорт болып табылады.

ҚКХП-ның сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізу жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттығынан екі үміткер Атырау облысын аралады. Бұл өңірде Коммунистік халықтық партияның белсенділері жер-жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, олар Атырау қаласындағы медициналық колледжде жүздесу өткізіп, партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Қаладағы базарлардың бірінде Коммунистік халықтық партия белсенділерімен кездескен сайлаушылар шағын және орта бизнеске қатысты өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Кездесу барысында базардағы жұрт коммуналдық қызмет төлемдері мен азық-түлік бағасының қымбаттауына алаңдаушылық білдірді.

Партия қатарынан депутаттыққа кандидаттар Мәжіліс көппартиялы болуы қажет екендігін атап көрсетті. Олар қаңтардағы сайлауда халықтың жеткілікті дауысына ие болатын болса, қоғамдағы кейбір кемшіліктерді шешетіндіктерін мәлімдеді. Жүздесуге жиналған жұрт Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы үміткерлерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына түсіністікпен қарап, үміткерлерге алдағы сайлау додасында сәттілік тіледі.

 

 

Кездесулер көрігін қыздыруда

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., Ж. Самрат/ - Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай және партияның бір топ басқа белсенділері Алматының Түрксіб ауданындағы Бақай шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партия белсенділері өздерінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, елді одан әрі демократияландыра түсу реформаларын енгізу бойынша бірқатар ойларын ортаға салды. Соның ішінде кейбір мемлекеттік органдардың сылбыр жұмыстарына қатты сындар айтылды.

Кездесу кезінде Жаңаөзен оқиғалары бойынша да ЖСДП ұстанымдары жария етілді. Партия белсенділері ондағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен өртеу, қирату, бүлдіру істеріне белсене қатысқандарды прокуратура органдары тауып, заңға сәйкес тиісті жазасын берулері керектігін айтты. Сонымен бірге, кейбір, от қаруын орынсыз қолданған полиция қызметкерлері де жазасын тартулары керек деген ұсыныстары бары жеткізілді. Жаңаөзеннің әлеуметтік мәселелері де тезірек шешіліп, жұмыстан заңсыз шығарылғандардың қалпына келтірілуі қажеттігі де сөз болды.

Жиналған тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Соның ішінде осы шағын аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу жеткілікті дәрежеде орындалмай жатқандығы сөз болды. Әсіресе, қоғамдық көлік, жол, сумен қамтитын қызметтер саласына бірталай сындар бар екені белгілі болды.

Үстіміздегі жылы Алматы қалалық мәслихатының шешімімен шағын ауданның «Бақай» атауы өзгеріп, ол «Жас қанат» деген жаңа ат алған болатын. Содан бері мемлекеттік жер актілері қолдарында бар азаматтардың бірқатары қалалық тіркеуден өтіп, қаладағы барлық әлеуметтік қызметтердің пайдасын көріп отыр. Ондай отбасылардың саны 400-ге жуық. Ал жерді стихиялы түрде басып алып, тұрғын үйлерді орынды-орынсыз салып алғандар әлі күнге құжаттарын толық алып үлгерген жоқ. Осындай тұрғындардың ЖСДП белсенділеріне айтқан өтініштері де, түрлі қызметтерге айтқан сындары да көп болды.

Жалпы, кездесу екі тараптың да қызығушылығын тудырған өткір пікірсайыс түрінде өтті.

 

 

Қолдау сенім арттырады

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., К. Байжан/ - Отандық тауар өндірушілерді қолдауға екпін берген «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған ұйым мүшелері Талдықорған қаласындағы «Қайнар АКБ» зауытының жұмысшыларымен кездесті. Құрамында, сондай-ақ олимпиада чемпионы Б.Сәрсекбаев, «Қазгранит» компаниясының президенті А.Әбілдаев, «Жас маман» жастар қозғалысының көшбасшысы Е.Ілиясов, Алматы облысының кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Н.Жазылбеков, партияның аймақтық активі бар «Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы­ның үгіт-насихат тобы Талдықорған қаласында бірқатар сайлауалды іс-шаралар өткізді.

Ал аймақ сайлаушыларымен кездесу өткен «Ай-Сер» қонақ үйінің залында ине шаншар орын болмады. А.Перуашев «Ақ жол» партиясының алға тартатын басты мәселелерін сөз етіп, елдегі баға өсімі, азаматтардың табысы, зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, тағы да басқа көптеген халықтың әлеуметтік жағдайларына байланысты сайлаушылар сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, кеңесте кәсіпкерлер құқығының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық пен сот шешімдерінің кейбір даулы мәселелері талқыланды. Азат Перуашев айтып өткендей, «еркін бизнес-климаттың қалыптасуы – партияның сайлауалды тұғырнамасының маңызды бөлігі және осы бағыттағы партияның басты міндеті – қордаланып қалған мәселелерді шешу және бизнеспен айналысу үшін қалыпты жағдай туғызу».

Бәсекелестік пікірталас болғанда ғана халықтың мүддесі қорғалады. «Ақ жол» партиясы оппозициялық партия болғанымен, дұрыс түсіністік орныққанын қалаймыз. Ақжолдықтар мемлекетке, Елбасына қарсы емес. Керісінше, тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан Мемлекет басшысының ерен еңбегін бағалаймыз. Еліміздегі қол жеткізілген жетістіктерді білеміз. Дегенмен, әлі де қолға алатын түйінді мәселелер бар. Оған үлес қосуға дайын екендіктеріне екпін берді.

Кездесуде «Ақ жол» партиясының белді мүшесі, журналист Қазыбек Иса сөз сөйлеп, жер жәннаты Жетісу жұртшылығы алдағы өтетін сайлауда өздерін қолдайтындықтарына сенім білдірді.

 

 

Насихат жұмыстары жалғасуда

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., Д. Кенжалин/ - Жаңа жыл қарсаңында астаналық нұротандықтар тағы да сайлаушылармен кездесті. Жалпы, бұл күндері «Нұр Отан» партиясының насихат жұмысы «Есіктен – есікке» ұранмен жүріп жатыр. Сайлауалды науқанға арнайы жаттығу сабақтарынан өткен 64 ерікті жұмылдырылған. Бұл жұмыс күнделікті жедел үгіт топтарында, үгіт бекеттерінде жүзеге асырылуда. Ең бастысы, ол түрлі ортада, түрлі топтарда, сонымен қатар, нақты өңірлер мен аудандарда жеке-жеке атаулы ретте қолға алынуда.

Партия тұғырнамасын жан-жақты түсіндіру бойынша еліміз көлемінде үш мыңға жуық жедел үгіт топтары жүр. Олар қазірдің өзінде көптеген отбасыларына барып үлгерді. Сонымен қатар, барлық ірі сауда орталықтарында, базарларда, қалалар мен ауылдарда партияның үгіт бекеттері жұмыс істеуде. Олардың саны – республикамыз бойынша екі жарым мың. Нұротандықтар үгіт материалдарын таратып, сайлаушылармен әңгімелеседі.

Осы күндері үгіт бекеттері арқылы 2 миллионнан астам адам өтті. Сондықтан партия өз мүмкіндігін кеңінен жүзеге асырып, қазақстандықтардың жан-жақты қолдауын сезініп, жеңіске деген сенімін арттыра түсті.

 «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткерлердің бірі – Орал Мұхамеджанов та сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Жақында кандидат Қостанай облысының Науырзым, Амангелді, Жангелді сияқты шалғай аудандарында сайлаушылармен кездесті.

Халықпен болған бұл жүздесулерде партияның «Қазақстан. 2017 жыл мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты тұғырнамасымен таныстырды. «Бұл құжат Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиясын жүзеге асыруға бағытталып отыр», – дейді Орал Мұхамеджанов.

Аймақтардың тұрғындары Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында жеткен жетістіктердегі Елбасының ерен еңбегін атап, өздерінің партияны қолдайтындықтарын білдірді.

Желтоқсан айының көлемінде Мәжіліс депутаттығына кандидат Орал Мұхамеджанов жоғарыда аталған үш ауданда жиырмаға тарта кездесу өткізді.

 

 

Тең жағдайда және бірдей мөлшерде

 

/«Егемен Қазақстан», 31.12.2011 ж., Ә. Құланбай/ - Кеше Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД-дан байқаушылар миссияларының, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ-нің өкілдері, сондай-ақ ЖСДП мен «Әділет» демократиялық партиясынан байқаушылар қатысты.

Кеңес мүшелері Орталық сайлау комиссиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп өткізетін БАҚ мониторингінің аралық қорытындыларын талқылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Ләззат Танысбай баяндады. Оның хабардар етуінше, мониторинг 53 баспа басылымдарын, 13 республикалық телеарналар мен 5 радиоарналарды қамтиды. Мониторинг мәліметтеріне сәйкес 2011 жылғы 16-28 желтоқсан аралығындағы кезеңде баспа бұқаралық ақпарат құралдарында ЖСДП туралы 40 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Ақ жол» ҚДП туралы 37 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 21 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Әділет» ДП туралы 34 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 18 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Ауыл» ҚСДП туралы 30 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 15 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚКХП туралы 36 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 22 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Нұр Отан» ХДП туралы 47 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 32 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚПП туралы 27 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 13 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) және «Руханият» партиясы туралы 39 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) шыққан.

Ал телевизиялық арналарда аталған кезеңде эфирге ЖСДП туралы 81 материал (оның ішінде 43 материал мемлекеттік және 38 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Ақ жол» ҚДП туралы 96 материал (оның ішінде 51 материал мемлекеттік және 45 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Әділет» ДП туралы 89 (оның ішінде 50 материал мемлекеттік және 39 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Ауыл» ҚСДП туралы 66 материал (оның ішінде 46 материал мемлекеттік және 20 материал мемлекеттік емес телеарналарда), ҚКХП туралы 98 материал (оның ішінде 48 материал мемлекеттік және 50 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Нұр Отан» ХДП туралы 98 материал (оның ішінде 40 материал мемлекеттік және 58 материал мемлекеттік емес телеарналарда), ҚПП туралы 72 материал (оның ішінде 46 материал мемлекеттік және 26 материал мемлекеттік емес телеарналарда) және «Руханият» партиясы туралы 93 материал (оның ішінде 50 материал мемлекеттік және 43 материал мемлекеттік емес телеарналарда) шыққан.

Радиодан ЖСДП туралы 12 материал, «Ақ жол» ҚДП туралы 11 материал, «Әділет» ДП туралы 9 материал, «Ауыл» ҚСДП туралы 11 материал, ҚКХП туралы 10 материал, «Нұр Отан» ХДП туралы 18 материал, ҚПП туралы 10 материал және «Руханият» партиясы туралы 11 материал берілген.

Аумағы бойынша мемлекеттік БАҚ-тарда шыққан материалдардың 14% – «Ақ жол» ҚДП-ның, 14% – «Әділет» ДП-ның, 14% – «Нұр Отан» ХДП-ның, 13% – «Ауыл» ҚСДП-ның, 12% – ЖСДП-ның үлесінде, ал ҚКХП, ҚПП мен «Руханият» партиясының әрқайсына 11%-дан келеді. Ал мемлекеттік телеарналардағы бейнесюжеттердің ұзақтығы бойынша: Руханият» партиясы туралы – 20%, «Нұр Отан» ХДП туралы – 13%, «Ақ жол» ҚДП, «Әділет» ДП және ҚПП туралы – 12%-дан, ҚКХП мен «Ауыл» ҚСДП туралы – 11%-дан, ЖСДП туралы – 9%.

«Осылайша, сайлауға қатысып отырған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуі, жалпы алғанда, орындалып отыр деген тұжырым жасауға болады. Баспа және электрондық БАҚ-тарда олардың қызметі негізінен тең жағдайда және шамамен алғанда бірдей мөлшерде жарияланып келеді. Оның үстіне қазіргі сәтте мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары барлық саяси партиялардың қызметін белсенді жария етіп келсе, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары билік партиясына көбірек көңіл бөліп отыр», – деді Ләззәт Танысбай.

Қоғамдық кеңестің мүшелері бұл пікірмен келісті, сондай-ақ Ортсайлаукомға БАҚ-тардың үгіт науқанын жариялау бойынша жұмысында орын алып отырған кемшіліктерге қатысты бірқатар ұсынымдар берді. Атап айтқанда, кейбір баспа бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт материалдарын қаржыландыру көздерін көрсетпей жариялауы сайлау заңнамасы белгілеген талаптардан ауытқу болып табылатыны нұсқалды.

Дегенмен, Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің бас редакторы Владимир Рыжков сайлауалды үгіт басталғалы бергі кезеңде Қарағанды облыстық сайлау комиссиясына бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан сайлауалды үгіт ережелерінің бұзылуы туралы бір де бір өтініш келіп түспегенін атап өтті. «Кейбір ұсақ кемшіліктерге қарамастан, бұл қазақстандық БАҚ-тар мен журналисттердің үгіт кезеңінде сайлау заңнамасымен белгіленген ережелерді бұлжытпай сақтай отырып жұмыс істеуге үйренгенін көрсетеді», – деді ол.

Қоғамдық кеңестің отырысына қатысқан саяси партиялардың, ЕҚЫҰ\ДИАҚБ Миссиясының байқаушылары өз кезегінде мемлекет сайлауға қатысып отырған саяси партиялардың БАҚ-тарға қол жеткізуінің тең жағдайын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Ал Қоғамдық кеңестің төрағасы, Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, «Человек и закон» республикалық газетінің бас редакторы Марат Бәшімов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мейлінше жиі қоятын БАҚ-тардың сайлауалды үгіт науқаны барысындағы қызметіне қатысты сұрақтар бойынша бірқатар түсініктемелер берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



[1] Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясының тізімінен үш үміткерді алып тастады. Олардың екеуінің – С. Елубай пен Б. Сәрсекбаевтың соңғы он жылда елімізде тұрғандығы дәлелденбеген. Ал үшінші кандидат М.Тұрғанов мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдіруіне байланысты, өз өтініші бойынша тізімнен шығарылды. («ҚазАқпарат», 14.12.2011 ж).

[2] Осындай материал «Егемен Қазақстан» газетінде де жарық көрді.

[3] Осындай материалды «Қазақстан» ТРК, «Хабар» агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы» газеттері де жариялады.

[4] Осындай мазмұндағы материалды «Қазақстан» ТРК да жариялады

[5] Осындай материал «Егемен Қазақстан» газетінде де жарияланды.

[6] Осындай материал «Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы» газеттерінде де жарияланды.

[7] Орталық сайлау комиссиясының «Әділет» демократиялық партиясының және Қазақстанның Патриоттары партиясының партиялық тізімдерін тіркеу туралы қаулысы «Егемен Қазақстан» газетінде (14.12.2011 ж.) жарияланды.

[8] Орталық сайлау комиссиясының  «Ақ жол», «Руханият» және Қазақстанның Коммунистік халық партияларының партиялық тізімдерін тіркеу туралы қаулысы «Егемен Қазақстан» газетінде (15.12.2011 ж.) жарияланды.

 

[9] Осындай материал «Алаш айнасы» газетінде де (23.12.2011 ж.) жарияланды.

[10] Осындай материалды «BNews.kz» ақпараттық агенттігі де (27.12.2011 ж.) жариялады.

[11] Осындай материалды «BNews.kz» ақпараттық агенттігі де (28.12.2011 ж.) жариялады.

[12] Осындай материал «Алаш айнасы» газетінде де (27.12.2011 ж.) жарияланды.


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.