Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
13.12.2017

Мәжіліс Төрағасы: Ақпараттық жүйені жалпыға ортақ қолжетімді етуге не кедергі болып отыр?


(Мәжілісте «Стандарттау туралы» заң жобасы мақұлданды)

 

Астана, 13 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар «Стандарттау туралы» Заң жобасын ілеспе түзетулерімен мақұлдап, Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Депутаттар «Стандарттау туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда қарай отырып, жобаның 14-бабына басымдық танытты. Депутаттар тарапынан делдалдар саны өсіп, ол стандартқа қолжетімділік қызметінің қымбаттауына жол ашуы мүмкін деген пікір айтылды. Сондай-ақ, заң жобасында стандарттау туралы Ұлттық органмен келісім-шарт жасасу үшін заңды және жеке тұлғаларға қойылатын талаптар нақты көрсетілмегені де сөз болды. Осы ретте, аталған бапта қалыптастыруды, жүргізуді және сүйемелдеуді ұлттық стандарттау органы жүргізетін нормативтік техикалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына назар аударған Мәжіліс Төрағасы:

Аталған ақпараттық жүйені жалпыға ортақ қолжетімді етуге не кедергі болып отыр? Әрине, стандарттау институты одан түскен қаржымен ақпараттық жүйені жүргізу бойынша шығындарын жабатыны түсінікті. Алайда, оны тарату үшін арада делдалдың болуы қандай қажеттіліктен туып отыр? Оның үстіне заң жобасында оларды таңдау бойынша, қызмет құны бойынша, тіпті, ақпараттардың шынайылығына жауапкершілік турасынан ешқандай өлшем, талап белгіленбеген, -деп атап өтті.

- Жұмыс тобы екінші оқылымға дейін осы бапты қарап, маңыздылығына қатысты нақты шешім қабылдауы керек,-деді Палата Спикері.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасының негізгі мақсаты - субъектілердің және олардың стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру процесіндегі қатынастарының жиынтығы ретінде ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыру болып табылады. Онда стандарттаудың мақсаттары, қағидаттары, стандарттау субъектілерінің құзыреті мен олардың өзара іс-қимыл рәсімдері нақты айқындалған.

           Сонымен қатар бүгінгі отырыста Мәжіліс Салық кодексіне және оған  ілеспе заң жобаларына Сенат енгізген өзгерістермен келісті.  

           Отырыста Мәжіліс бірқатар жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі. Олардың қатарында  Газ және газбен жабдықтау туралы,  Кинематография және Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заң жобалары ілеспе түзетулерімен, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы және Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметі арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобалары бар.

 Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары орталық мемлекеттік орган басшыларының атына депутаттық сауалдар жолдады. Олар З.Аманжолова, С.Қаныбеков, Е.Никитинская, З.Бәлиева, А.Перуашев

 

(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.