Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.12.2017

Н. Нығматулин ТүркПА Бас хатшысын қабылдады


                Астана, 27 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады.

                Палата Спикері А. Мамаюсуповты лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстан Парламенті ТүркПА аясындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән беріп отырғанына тоқталды.

                Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы осы бағыттағы бірлескен жұмыс барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин 2017 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан Қырғызстанға ауысқан ТүркПА-ға төрағалығы кезінде түркітілдес елдер парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл қарқынды түрде жалғасатынына сенім білдірді.

 

                 (74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс аппаратының БАспасөз қызметі таратты, суретті түсірген Жаслан Құспанов)


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.