Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.03.2020

Н. Нығматулин: «Nur Otan» фракциясы Президенттің дағдарысқа қарсы шараларының нақты орындалуын қолдайды


 

      Нұр-Сұлтан, 26 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин фракция депутаттарының атынан төтенше жағдай кезінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы әрекет ету үшін қабылданатын шараларға қолдау білдірді.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулин:

- Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының фракциясы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы әрекет ету және төтенше жағдай кезінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына бірауыздан қолдау білдіреді - деп, елімізде алдын-ала коронавирус инфекцияның індетіне дайындық жасалғанын атап өтті.

Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар уақтылы және дағдарыстық жағдайға жауап беретінін атап өткеніне тоқталды.

Мәжіліс Төрағасы індет кезінде осындай шараларды қабылдаудан кешігіп қалған елдерге жағдай күрт төмендеп кеткеніне назар аударды.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда іске асырылып жатқан кешенді шаралар туралы айта келе, Мәжіліс Төрағасы коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды күшейтудің, төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына мән берді.

Жергілікті деңгейде салықтық преференциялар мен қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті 4,4 трлн. теңге немесе 10 млрд. долларды құрайды. Осылайша, Президенттің тапсырмалары Қазақстан қоғамындағы өмірдің барлық салаларын қамтып, басты назар әлеуметтік тұрақтылыққа аударылатынын айтқан Н.Нығматулин ел басшылығының осы төтенше жағдайлар кезінде халыққа елеулі көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін және мемлекет түбегейлі шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы Президенттің дағдарысқа қарсы барлық тапсырмаларын орталықта да, елді мекендерде де нақты орындау қажеттілігіне назар аударды. Мемлекет Басшысы дағдарысқа қарсы жоспарды қаржыландырудың жолдарын, тетіктерін және қаржыландыру көздерін айқындады. Енді барлық мемлекеттік аппараттың міндеті – министрден бастап маманға дейін белгіленген мақсаттарға жету үшін нақты және үйлесімді жұмыс жасау екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Мемлекет Басшысының жағдай тұрақтанғаннан кейін өмір сүруге арналған жүйелі тәсілдерді әзірлеу қажеттігінің маңыздылығын атады.

- Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының Фракциясы елдің дағдарыстан кейінгі даму жоспарын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл үшін қажетті заңнамалық жаңалықтардың барлығы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері - депутаттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болады, - деді Нұрлан Нығматулин.

 

 

 (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов).


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.