Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.05.2020

Н. Нығматулин қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады


 

Нұр-Сұлтан, 8 мамыр, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне  майдандағы жеңістері үшін алғыс білдірді.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Жеңіс күні-туған елдің бостандығы мен бейбіт өмірі үшін жанын қиғандардың өшпес ерлігінің, шынайы патриотизмінің, асқақ рухының символы.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин адамзат өміріндегі ең сұрапыл соғыста майдан даласында қаза болғандардың жанкешті ерлігі туралы естеліктер құрметпен сақталатынына тоқталды.

«Мемлекет тарапынан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлық олардың теңдессіз күрескерлігі мен ерен еңбектеріне деген шынайы құрметтің белгісі.

Біз майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында басымызды иеміз!» - деді Мәжіліс Спикері.

 Нұрлан Нығматулин бүгінде барлық күш жігер мықты әрі қуатты Қазақстан құруға бағытталғанын алға тарта келіп, біздің әрбір ісіміз жеңімпаз ұрпақтардың ерлігіне сай болу керектігін атап өтті.

«Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір тілеймін!-, деді Мәжіліс Төрағасы.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж. Құспанов)

 

 

 

 


Любое использование материалов допускается при наличии ссылки на официальный сайт Мажилиса Парламента Республики Казахстан.