Медиа-центр

Новости

Депутатский запрос Нургалиева Ж.

Заместителю Премьер-Министра

Республики Казахстан-

Министру сельского хозяйства

Республики Казахстан

Мырзахметову А. И.

Уважаемый Аскар Исабекович!

Агропромышленному комплексу нашей страны уже не первый год оказывается достаточно солидный уровень государственной поддержки, в виде субсидирования, льготного кредитования, льготного налогообложения, оказания услуг и др.

По данным Министерства сельского хозяйства РК только в 2017 году объем помощи АПК составил в целом почти 260 млрд тенге.

Вместе с тем, мы до сих пор не видим ощутимых результатов от субсидирования сельского хозяйства.

Отечественный АПК обеспечивает всего лишь 4,7% ВВП, тогда как в начале 90-х годов эта доля была более четверти ВВП.

На сегодня и производительность труда в данном секторе остается в числе самых низких, порядка 1,5 млн. тенге на 1-го работника (или 4,5 тыс. долл. США.) Также проблемой остаются низкая продуктивность животных, низкая урожайность основных культур растениеводства и крайне невысокий уровень использования современных агротехнологий.

Основную долю в экспорте АПК все еще занимает пшеница. При этом уменьшается экспорт муки. Да и в целом переработка сельхозпродукции, несмотря на выделяемые значительные бюджетные средства, остается недостаточно развитой.

С текущего года мы начали реализацию очередной, уже третьей (!), госпрограммы развития АПК.

Тогда как действовавшие до этого две программы, на 2013 - 2020 годы и на 2010-2014 годы досрочно прекращали свое существование так и не достигнув поставленных задач и целевых результатов.

Поэтому эффективное использование выделяемых государством огромных средств на решение проблем в сельском хозяйстве вызывает большие сомнения.

Например, с 2013 года реализуется программа субсидирования процентной ставки по кредитным и лизинговым обязательствам в рамках финансирования оздоровления субъектов АПК, на что ежегодно выделяются значительные средства из республиканского бюджета. Только в этом году на эти цели выделено 30,5 млрд. тенге, в 2018 году планируется направить еще 15,1 млрд. тенге. В тоже время (по данным Национального Банка) на 1 января 2017 года из 713 млрд. тенге кредитов в сельском хозяйстве порядка 49 % относятся к сомнительным и безнадежным.

То есть программа финансового оздоровления в сельском хозяйстве не оказывает существенного влияния на снижение количества сомнительных и безнадёжных кредитов в этом секторе экономики.

СХТП в основном ориентированы на получение государственной поддержки в виде субсидии.

Однако анализ показывает, что при распределении субсидий по регионам не учитывается их сельскохозяйственный потенциал и специфика регионального развития. К тому же есть проекты, получившие инвестиционные субсидии и до сих пор не вышедшие на запланированные проектные мощности или вообще не введенные в эксплуатацию.

Ни для кого не секрет, что и сам процесс распределения субсидии на местах нередко способствует созданию коррупционного поля.

На этом фоне в текущем году Министерство сельского хозяйства в очередной раз пересмотрело систему субсидирования и утвердило новые правила выделения этой государственной поддержки.

А ведь такие неожиданные для бизнеса кардинальные изменения не дают возможность планировать производство на долгосрочный период, что очень сильно мешает развитию отрасли, которая и без этого подвержена влиянию очень многих объективных факторов.

Ведь логика подсказывает, что такие важные условия поддержки сельского хозяйства, как правила субсидирования в сфере АПК, можно было бы закрепить на три-пять лет, чтобы дать возможность сельхотоваропроизводителям спокойно планировать свою деятельность. Дать длинные кредиты под низкий % в животноводстве и на приобретение современной с/х техники.

Кроме выше обозначенных недостатков в работе, мы ежегодно сталкиваемся с проблемами в сфере сельского хозяйства, ставшими уже хроническими, то есть недостаточные темпы диверсификации посевных площадей сельскохозяйственных культур, несоблюдение рекомендуемых научно-обоснованных севооборотов, недостаточное развитие семеноводства, низкий уровень технической и технологической оснащенности СХТП и так далее.

Получив относительно хороший урожай зерновых в текущем году, СХТП практически сработали по нулям, причина этому рост цен на ГСМ, запчасти и низкая цена на зерно, а такжесерьезные проблемы по организации перевозки зерна во внутриреспубликанском и экспортном сообщении.

Все это сильно снижают конкурентоспособность продукции, тормозят развитие отрасли и соответственно не укрепляют продовольственную безопасность страны.

Изложенное свидетельствует о необходимости срочного проведения детального анализа развития АПК страны и пересмотра многих, если не всех, правил выделения немалых финансовых средств для его развития, создание системы контроля за эффективностью вложения средств и ответственности государственных органов за достижение конечного результата.

В противном случае, при сохранении действующей в агропромышленном комплексе ситуации, мы просто зря потратим государственные средства, не получим в ближайшее время конкурентоспособной продукции сельского хозяйства, не достигнем желаемого вклада сельского хозяйства в ВВП государства, не повысим экспортный потенциал отрасли и не решим вопроса укрепления продовольственной безопасности страны.

В связи с изложенным, прошу на ближайшем заседании Сената в соответствии с пунктом 101 Регламента Парламента дать устный ответ по поставленным вопросам.

С уважением,

Ж. Нургалиев

Р. Акимов

Б. Еламанов

М. Жумагазиев

А. Мусаханов

Д. Мусин

А. Нуралиев

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының

07.12.2017 жылғы отырысының

стенограммасынан үзінді көшірме

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Төрағасы Қ. ТОҚАЕВ жүргізді

Выписка из стенограммы заседания

Сената Парламента Республики Казахстан

от 07.12.2017 года

Вел заседание Председатель Сената

Парламента Республики Казахстан К. ТОКАЕВ

ТӨРАҒА.

Құрметті депутаттар, келесі мәселе - Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелерінің депутаттық сауалына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың депутаттық сауалға жауабы туралы.

Комитет мүшелері конституциялық нормаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министріне депутаттық сауал жолдап, оған жауапты ауызша беруді талап еткенін білесіздер.

Алдымен сөз сауал иелерінің атынан Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиевқа беріледі.

НҰРҒАЛИЕВ Ж.М. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті әріптестер! Осы жылғы 16 қарашадағы отырыста Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың атына біздің комитет мүшелерінің сауалын жолдаған болатынмын.

Сауалдың мәтініне қысқаша тоқталып өтейін:

«Агропромышленному комплексу в последние годы оказывается достаточно солидный уровень государственной поддержки в виде субсидирования, льготного кредитования, льготного налогообложения и других видов поддержки. Вместе с тем мы должны признать, что до сих пор не видим ощутимых результатов от государственной поддержки сельского хозяйства. Поэтому вполне обоснованны сомнения в эффективности использования выделяемых государством огромных средств на решение проблем в аграрном секторе страны.

Например, с 2013 года реализуется программа субсидирования процентной ставки по кредитным и лизинговым обязательствам в рамках финансирования оздоровления субъектов АПК, на что ежегодно выделяются значительные средства из республиканского бюджета.

Вместе с тем следует отметить, что по данным Национального Банка на 1 января 2017 года из 713 миллиардов тенге кредитов в сельском хозяйстве порядка 49 процентов относятся к сомнительным и безнадежным. То есть программа финансирования оздоровления в сельском хозяйстве не оказывает существенного влияния на снижение количества сомнительных и безнадежных кредитов в этом секторе.

Сельскохозяйственные товаропроизводители в основном ориентированы на получение государственной поддержки в виде субсидий, в то же время у них нет достаточной мотивации на получение конкурентоспособной конечной продукции. Не всегда учитывается их ресурсный потенциал и специфика регионального развития.

Частые изменения правил государственной поддержки не дают возможности бизнесу планировать производство на долгосрочный период, что очень сильно мешает развитию отрасли. Такие важные условия поддержки сельского хозяйства, как правило, субсидирование в сфере АПК можно было бы закрепить на 3-5 лет, чтобы дать возможность сельхозтоваропроизводителям спокойно планировать свою деятельность.

Кроме того, мы ежегодно сталкиваемся со ставшими уже хроническими проблемами, как снижение урожайности, качества зерна и продуктивности сельскохозяйственных животных. И как результат снижение экспортного потенциала страны, низкий уровень технической и технологической оснащенности сельхозтоваропроизводителей, невысокий уровень агротехнологий и так далее.

В связи с изложенным, хотелось бы получить устный ответ на поставленные вопросы. Рақмет.

ТӨРАҒА. Сөз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке беріледі.

МЫРЗАХМЕТОВ А.И. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті депутаттар! Біріншіден, осындай маңызды тақырыпқа байланысты мәселені көтеріп, Сенат отырысының күн тәртібіне енгізіп отырғандарыңыз үшін, осы қойылған сауалға сіздердің алдарыңызға жауап беруге және саясатқа байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен сіздерді таныстыру үшін келіп отырғаным үшін алғысымызды білдіремін.

Жалпы сауалдың түбірін айтатын болсақ, ол тек қана жаңағы көтерілген мәселе емес. Оны бір сөзбен айтқан кезде бүгінгі таңдағы мемлекеттік қолдаудың қаншалықты тиімділігі. Қордаланып отырған мәселелерді біз не істеуіміз керек? Қалай шешуіміз керек? Міне, осындай тапсырма Елбасының тарапынан да министрлікке нақты қойылған. Осы бағытта бүгінгі таңда министрлік Үкіметпен бірге бірқатар жұмыстарды атқарып жатыр. Соны қысқаша сіздерге баяндауға рұқсат етіңіздер.

Жаңа айтқандағыдай, мәселенің бәрі жылда айтылады, бірақ көбіне сол айтылады да сол айтылған күйінде қалып қояды. Осының бәрін ескере отырып, ендігі жерде мәселені тиімді шешу үшін біз сол қордаланып отырған мәселені әрбір облыста, ол облыстың ішіндегі әрбір ауданда, келе берді әрбір елді мекенде соны қалай шешуіміз керек, ол жерде нақты мәселелер қалай сипатталып отыр, осы тұрғыдан қарап, нақты индикаторларды белгіледік, нақты шешімдерді сол жерде анықтадық. Оған сәйкес қанша қаржы керек, егер де ол қаржы бөлінген жағдайда ол қандай қорытындыға алып келеді деген тұрғыдан қарап, арнайы карталарды әзірледік.

Бүгінгі таңда осындай 10 карта әзірленді. Ол картада бірінші кезекте тауар өндірушілермен, олардың қоғамдық ұйымдарымен, әкімдіктермен, Кәсіпкерлік палатасымен, басқа да әртүрлі сондай алаңдардың бәрі қаралды. Жаңағы 10 карта Үкіметте қабылданды. Ал 2 карта бүгінгі таңда әзірленуде.

Бірінші карта - кооперативтер құру мәселесі, кооперативтер жүйесін дамыту мәселесі екендігі белгілі. Осының біз атқара отырып, жаңағы қалған картаны жасауға осы карта бізге негіз болды, үлгі болды деп айта аламыз. Өйткені бұл жерде де жаңағы айтқандай нақты индикаторлар белгіленді.

Қорытындысын айтатын болсақ, 1 декабрьге бүгінгі таңда 770 осындай кооперативтер құрылып отыр. Ал жоспар 326 болатын. Соның ішіндегі 273 сүт дайындайтын кооперативтер, 375 етке қатысты. Тек қана ет пен сүт емес, басқа да бағыттар бойынша да кооперативтер құрылған, слайдта бәрі көрсетіліп отыр.

Нәтижесі қандай?

Нәтижесі 65 сүт зауыты үшін жаңағы құрылған кооперативтер бүгінгі таңда 80 мың тонна сүт өндірді не болмаса өндіріліп жатқан сүтті жинақтап, зауыттарға берді. Соның нәтижесінде сол зауыттардың жүктемесі 49 пайыздан 64 пайызға дейін көтерілді. 15 мың тоннадан астам ет өндірілді. Ол да, жаңа айтқандай, ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесін 38 пайыздан 45 пайызға дейін ұлғайтып отыр.

Биылғы жыл пилоттық жыл екендігі белгілі. Біз көріп отырмыз, бұған тұрғындардың тарапынан сұраныстың күннен күнге күшейіп отыр. Келесі жылы бұл көрсеткіштердің әлдеқайда жоғары болатынына біздің ешқандай күмәніміз жоқ.

Келесі үлкен мәселе - қайта өңдеу.

Осыған байланысты еліміздегі қайта өңдейтін кәсіпорындардың барлығын, әсіресе 9 бағыт бойынша біз талдап шығардық. Әрбір кәсіпорында жеке-жеке мамандар барып, ол жерде қандай қондырғы тұр, оның жағдайы қандай, қандай проблема бар, жүктемесі қандай, шикізаты бар ма, жоқ па деп осылардың бәрін талдай келе, арнайы дерек базасын жасадық.

Соған сәйкес біздің талдаудың қорытындысы бойынша 9 басым бағыт бойынша бүгінгі таңда 435 кәсіпорын жұмыс істейтін болса, сол туындап отырған проблемалардың қорытындысы бойынша біз бүгінгі таңда 1 триллион теңгеге жуық өнімді ала алмай отырмыз.

Картада біз не айтып отырмыз? Картада бірінші кезекте жүктемені көтеру мәселесін нақты санап айттық. Келесі жылға 14 кәсіпорынды жаңғырту керек, 4 жаңадан кәсіпорын салу керек. Ал жалпы 4 жылдың ішінде 79 жаңадан осындай шағын кәсіпорындар салу, 80 кәсіпорынды жаңғырту мәселесі картада көрсетіліп отыр.

Осы орайда жүктемесі төмен бола тұра неліктен жаңадан кәсіпорын салу керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Иә, оны біз ескердік, өкінішке орай, шикізат кей жерде бар да, бірақ жақын орналасқан кәсіпорын өте алыс болғаннан кейін оның тиімсіздігін ескере отырып, осы 79 жаңа шағын кәсіпорынды салуды біз осы картада көрсетіп отырмыз.

Қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде екі мәселені шешуіміз керек.

Біріншісі, айналымға қажетті капитал. Осының қолжетімділігін арттыру үшін банктерден беріліп жатқан несиенің үстемақысын субсидия арқылы 4 пайызға төмендету.

Екінші, алынатын жаңа қондырғыларға берілетін несиенің де үстемақысын төмендету.

Үшінші, қолданыстағы бағдарлама - инвестсубсидия. Осының бәрі саналды. Біздің есебіміз бойынша бұған қосымша 171 миллиард теңге салық та түсетін болады, жаңа айтқандай, 1,9 триллион теңгеден 3 триллион теңгеге дейін өнім ұлғаятын болады, 7 мың жаңадан жұмыс орындары ашылатын болады.

Келесі үлкен мәселе - ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету мәселесі.

Слайдта екі техниканы мысал ретінде көрсетіп отырмыз. Айталық, бүгін қолданыстағы тракторлардың 65 пайызы, комбайндардың 46 пайызының мерзімі 17 жылдан асып кеткен. Оның үстіне тракторлардың 20 пайызы жұмыс істемейді, 26 пайызы есептен шығаруға жатады.

Комбайндар да сол сияқты. Әрбір өңір бойынша да осындай толық талдау бар. Ал енді осының нәтижесінде біз жылда орта есеппен алынатын жалпы өнімнің 14 пайызын ала алмай отырмыз. Ол ақшаға шаққан кезде 200 миллиард теңге, қосымша өнімге қол жеткізе алмай отырмыз.

Осыған қарамастан еліміздегі 20 отандық ауыл шаруашылық техникасын өндіретін кәсіпорындардың жүктемесі небәрі 30 пайызға ғана бүгінгі таңда жұмыс жасап отыр.

Осының бәрін ескере келе, біз картада осыған жеңілдетілген түрде несие беру. Қостанайдағы жеке көліктерге байланысты бағдарламаға ұқсас 5 пайыздық үстеме ақымен жеңілдетілген несие беру мәселесін біз санап шығардық. Жалпы 4 жылға 217 миллиард теңге, келесі жылға 31 миллиард теңге қаржы қажет. Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, біз «КазАгро-ның» есебінен биылғы жылдың өзінде 5 миллиард теңге бөліп, оның үстем ақысы бүгінгі таңда 5,5 пайыз. Осы жобаны біз бастап та кеттік.

Бюджетті нақтылау кезінде айтылған 31 миллиардқа байланысты өзіміздің ұсынысымызды бергелі отырмыз. Оны жалпы министрліктер, Үкімет қолдап отыр. Нәтижесінде машина-трактор паркін жаңарту қарқыны бүгінгі таңда 1,5 пайыз болса, ол 4 пайызға дейін артатын болады. Ал отандық ауыл шаруашылық машина жасау өндірісін 2,5 есеге арттыруға қол жеткізетін боламыз.

Келесі күрделі мәселе - тұқым шаруашылығы.

Бұл жерде де биылдың өзінде Елбасының өткенде айтқан сынынан кейін біз біршама шараны биыл қабылдадық. Соның нәтижесінде элиталық тұқымды пайдаланудың үлесі 4,4 пайыздан 6,3 пайызға дейін ұлғайтылды. Тыңайтқыштарға байланысты басқа да шаралар қолданылып, соның қорытындысы бойынша биылғы алынған астықтың сапасы өткен жылмен салыстырған кезде, айталық, 3-сыныпты бидайдың үлесі 20 пайызға артық. Бірақ бұл жеткіліксіз.

Ендігі жерде картада біз қандай шараларды қарастырып отырмыз? Талдаған кезде біздің көзіміздің жеткені, бүгінгі таңдағы қолданыстағы тұқымдардың 50 пайызынан жоғарғысының айналымдағы мерзімі 10 жылдан асып отыр. Ғылым бұны дәлелдеп отыр, егер де тұқымның айналу мерзімі 10 жылдан артық болатын болса, онда оның сапасы төмендейді де одан алынатын өнім әлдеқайда төмен болады.

Соған қарамастан төленіп жатқан субсидияның 50 пайызы осындай тұқымдарға бүгінгі таңда төленіп отыр. Енді біз айтып отырмыз, айналым мерзімі 10 жылдан асып кеткен тұқымдарға біз субсидияны бермейміз. Біздің санағымыз бойынша ол 3-4 миллиард теңге, оны біз өнімділігі жоғары тұқымдарға, соның ішінде гибридтергеберуді жоспарлап отырмыз. Ол бір.

Екіншіден, осы орайда біз бірінші кезекте тек қана отандық тұқым шаруашылығы емес, отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғауды дұрыс деп есептейміз. Яғни импорттық, Елбасы да осыны айтып келе жатыр, егер де шетелдегі басқа гибридтер, басқа сорттардың өнімділігі әлдеқайда жоғары болатын болса, неліктен біз оған шектеу қойып, тек қана өзіміздің отандық тұқымды ғана пайдалануымыз керек.

Міне, осы орайда да субсидия ережесіне өзгерістер енгізіп, ендігі жерде теңеп отырмыз. Бұрын қолдан шектеп, оларға тек 30 пайыз ғана субсидия берілетін болса, отандықтарға өніміне қарамастан 70 пайыз субсидия берілетін болса, ендігі жерде екеуіне де бірдей субсидия берілетін болады.

Бұл жерде біздің қойып отырған индикаторлардың бәріне біз қосымша ақша сұрап отырған жоқпыз. Бюджетті қайта қараудың есебінен, сол қабылданып отырған бюджеттің шегінде осы көтеріліп отырған мәселелердің бәрін шешуге болатындығын біз айттық. Нәтижесінде бүгінгі таңдағы элиталық тұқымдардың үлесі 6 пайыздан 13 пайызға дейін ұлғайтуға болатынын картадан біз көрсетіп отырмыз.

Келесі мәселе - өсімдіктерді қорғау картасы. Әр облыс бойынша егістердің фито-санитарлық жай-күйі айқындалды, ластанған алаңдар мен нақты өңделген алаңдар анықталды. Мәселен, арамшөптер бойынша 4,7 миллион гектар, ал зиянкестер мен аурулар бойынша 1,5 миллион гектар алаң өңдеумен қамтылмаған.

Осының бәрі жалпы астық жиналымының 1 миллион тоннасын жоғалтуымызға алып келіп отыр. Ендігі жерде осы өңдеуді қаржыландырудың қолданыстағы тетігінің бірқатар кемшіліктерін ескере отырып, бюджеттен бөлінетін 2,2 миллиард теңгені біз қайтып қарадық.

Айталық бүгінгі таңда 2,2 миллиард теңге өңделетін алаңның небәрі 55 пайызына ғана жеткілікті болып отыр. Өйткені оның 1,5 миллиард теңгесіне тек сол препараттар сатып алынады да, қалғандарының бәрі қызметке төленеді. Яғни препараттарды тасымалдау, препараттарды сақтау, препараттарды қолдану.

Енді біз айтып отырмыз, тыңайтқыштар сияқты, осы 2,2 миллиард теңгенің бәрін сол тауар өндірушілердің өздері пайдаланып отырған кезде жеңілдету. То есть удешевление стоимости применяемых препаратов. Соның нәтижесінде біз біріншіден, 55 пайыздан 100 пайызға дейін жеткізгелі отырмыз. Ол бірі. Соған қарамастан соның ішінен 500 миллион теңге үнемделгелі отыр. Ол бір.

Екіншіден, арамшөптерге байланысты. Бұл жерде де 100 пайызға дейін бүгінгі таңда ақшаның жетіспеушілігі нәтижесінде өңдеуді қажет ететін алаңдар өңделмей отыр. Бюджеттің ережелерін қайта қараудың нәтижесінде, айталық, препараттар әлемдік тәжірибеде негізгі құрамындағы затына ғана субсидия төленеді. Ал бізде оған емес, жалпы препараттың атына, басқа көрсеткішіне қарап субсидия төленіп отыр.

Біз мына слайдта келтіріп отырмыз, мысалы, бір препаратқа 1800 теңге төленсе, екінші препаратқа 900 мың теңге төленеді. Ал егерде действующее веществомен қараған кезде екеуінің қасиеті, күші бірдей, мысалы, 540 глифосат. Енді осылардың бәрін осы зат арқылы реттеген кезде, бұл жерде қаржы үнемделіп отыр. Соның есебінен 100 пайызға шыққалы отырмыз.

Келесі карта - тыңайтқыштар, агрохимия мәселесі.

Жаңа айтқандай, әрбір облыстағы, аудандағы жердің бәрі толығымен талданды. Оның осындай арнайы картасы жасалынды.

Бұл жерде де қолданыстағы ережелердегі көптеген кемшіліктерді айқындадық. Соларды қайтып қараудың нәтижесінде сол бюджеттің есебінен мына мәселені біз біршама шешкелі отырмыз.

Биылғы жылы, мысалы, алғаш рет осы тыңайтқыштарды қолдану көрсеткішін 14 пайызға жеткіздік. Соңғы 10 жыл бойы 10 пайыздан асқан емеспіз. Міне алғаш рет 14 пайызға жеттік. Ендігі жерде бұл көрсеткішті біз картаға сәйкес сол 25 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз.

Бұл жерде де айта кететін нәрсе, тыңайтқыштарды субсидиялаған кезде төленетін ереже де осы нормаға қатыстылығы. Яғни әрбір өңірдің ішінде жаңағы жоғарғы нормасы бар, төменгі нормасы бар. Ол нормаларды әртүрлі институттар анықтаған. Ендігі жерде біз осы анықтаған институттардың бәрін қайтадан басын қосып, мынаның бәрін талдаған кезде, бірыңғай көрсеткішті әрбір облыс бойынша анықтаған кезде ол жерде де міне қаншама қаржы үнемдейтінімізге көзім жетті, осы қаржы қайтадан осы тыңайтқыштарды қолдануға жұмсалғалы отыр.

Келесі мәселе - мал азығын дайындау картасы болмаса, осы мал азығының елдік балансы. Мал шаруашылығын тұрақты дамытудың шешуші факторы енді осы мал азығын қамтамасыз ету екендігі белгілі. Республика бойынша азықтың тапшылығы 8,7 миллион тоннаны құрайды. Бұл мал шаруашылығы жалпы өнімнің 13 пайызын түгел алынбауының себебі болып табылады.

Аймақтар шеңберінде азық балансы әзірленген. Аймақтардың әрқайсысында толымды ең төменгі рацион және өнім көлемдерінің шығындарын ескере отырып, азық қамтамасыздығының көлемдері айқындалып отыр. Негізгі азық дақылдарының тапшылығын толық азайту үшін 2021 жылға дейін олардың алаңдары, өнімділігі және жалпы жиналуы бойынша айқын көрсеткіштер анықталып отыр.

Мықты азық базасын құру мақсатында біріншіден, көп жылдық шөптердің егістіктерін жаңарту, алаңы 1,3 миллион гектар немесе 30 пайыз өнімділігі төмен ескі егістіктерді жою.

Екіншіден, көп жылдық шөптерден басқа азық-түлік дақылдардың үлесін ұлғайтумен тек өнімді сорттарды субсидиялау.

Үшіншіден, құрама жеммен өндіруге арналған жем-шөп пен компоненттерді форвардтық сатып алу үшін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына бюджеттік кредит беру. Бұл жұмыс істеп тұрған құрама жем зауыттарының жүктемесі 50 пайыздан 80 пайызға дейін көтеруге мүмкіншілік беретін болады.

Азық өндіру картасының іске асырылуы мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндіру көлемін 15-20 пайызға ұлғаяды деп біз есептеп отырмыз.

Келесі тағы бір үлкен проблема - егістік алқабын көбейту мәселесі. Өздеріңіз білесіздер, 90-шы жылдардың басында егістік алқабы 35 миллион гектар болған. Бүгінгі таңда ол егістіктің алқабы 24 миллион. Яғни 10 миллион гектар жер бүгінгі таңда айналыстан шығып отыр. Осыны талдай келе, осы алдымыздағы 2018-2019 жылдардың өзінде 1,9 миллион гектар жерді қайтаруға қазір біздің көзіміз жетіп отыр.

Міне слайдта көрсетілген, қай облыста қанша жер кезінде айналымнан шығып кетті, олардың бүгінгі жағдайы қалай, иесіз жатқан жерлер бар, иесі болғанның өзінде де оны тиімсіз пайдаланып жатқандары бар дегендей. Осылардың бәрін осы картада көрсетіп, осыған байланысты нақты шараларды қарастырып отырмыз.

Келесі мәселе - шалғайдағы қой шаруашылық картасы немесе осы қой шаруашылығын дамыту мәселесі. Неге қой шаруашылығы? Өйткені жайылымды тиімді пайдаланатын малдың түрі - қой екендігі белгілі, бұл біріншіден.

Екіншіден, алып қараған кезде, халықтың көбі бүгінгі таңда осы қой шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Сондықтан да бір жағынан біз өндірістік көрсеткіштерді меңзеп отырсақ, екінші жағынан бұның әлеуметтік жағы да бар екені белгілі. Осыған байланысты осы арнайы картаны жасадық.

Талдау көрсеткеніндей, соңғы 5 жылдың ішінде қой шаруасындағы малдың саны өспей отырғандығын көрсетіп отыр. Неге? Өйткені малдың басым көпшілігі жеке қосалқы шаруашылықтар да, ал енді ауылдың іргесіндегі жайылымдардың жетіспеуі нәтижесінде бүгінгі таңда осы мәселе қой шаруашылығын дамытуға үлкен шектеу болып отыр.

Осы картада міне осыны қалай шешудің жолдарының барлығы айқындалды. Ол бір.

Екіншіден, қой шаруашылығында тек қана ет емес, жүн мен теріні де қайта өңдеуге қатысты нақты шараларды қарастырып отырмыз. Ол үшін міне 30 жүн дайындайтын және 135 тері дайындайтын пункттерді құру көзделіп отыр. Сол сияқты 2531 шалғайдағы жайылым учаскесімен 1747 қолдан ұрықтандыру пункттерін құру да осы картада жоспарланып отыр.

Келесі мәселе - аграрлық ғылымды жаңғырту, дамыту.

Бұл жерде де биылдың өзіңде шешімдерді қабылдадық. Алдымыздағы үш жылға қатысты ғылыми тақырыптарды қаржыландыруға қатысты бұйрық бүгінгі таңда қабылданды. Ол жердегі басты қабылданып жатқан шешім, ғылыми зерттеулерге өндіріс тарапынан сұраныс болуын және міндетті түрде осындай шарттың болуын біз айтып отырмыз. Міне, осындай ережемен енгізілді.

Одан бөлек, ғылымға қатысты біздегі тәжірибелік шаруашылықтарда, институттарда 150 мың гектарға жуық жерлері бар. Солардың да тиімділігін арттыра отырып, тапқан табысы осы агроғылымды дамытуға жұмсау осы картада көзделіп отыр. Басқа да бірқатар шаруалар қамтылған, олардың бәрін, егер қызушылық болатын болса, кейіннен толығырақ айтуға болады.

Соңғы мәселе - бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес қолданыстағы субсидиялардың бәріне талдау жасалынды. Бірінші кезекте 65 субсидияның түрі болатын болса, соның 11-і тиімсіз ретінде қысқартылды. Соның нәтижесінде 25 миллиард теңге үнемделіп отыр.

Одан бөлек, субсидияның қалған 40 түріне күрделі өзгерістер енгізудің арқасында бюджеттің есебінен (қаражатты көбейтпей) шаруаларды қамту көрсеткіші де әлдеқайда жоғарылап отыр, Әсіресе шағын және орта шаруашылықтарды қамту мәселесі. Айталық, мына слайдта көрсетілгеніндей, өткен жылы инвестициялық субсидияның жартысының көбі 49 ғана ірі жоба пайдаланған болса, не болмаса осы бағдарламаға қатысқан кәсіпорындардың 2 пайызы ғана алған болатын.

Енді жерде бұның бәрі қайтып қаралып, барынша шағын және орта кәсіпорындарды қамтуы қаралып отыр. Бұл жұмыс бірінші этап ретінде атқарылды. Ендігі жерде жалпы субсидияның тиімділігін ескере отырып, бір жағынан, екінші жағынан, бөлініп жатқан субсидия барлық тауар өндірушіге жетпей жатқандығын ескере отырып, осы субсидияның орнына қолжетімді несие беру жағын қарастырып жатырмыз.

Бүгінгі таңда 15 түрі анықталып отыр. Егер де ол 15 түрі субсидиядан несиеге көшетін болса, онда 24 миллиард теңге субсидия бұл жерден де босатылатын болады. Бұл күрделі мәселе екендігі белгілі, сондықтан да бұл мәселе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, әкімшіліктермен, басқа да мүдделі тараптармен бүгінгі таңда пысықталып жатыр. Қорытындысы бойынша арнайы шешім қабылданатын болады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құрметті депутаттар! Құрметті жиынға қатысып отырған әріптестер! Біз карталардың бәрін жасап, іске асыру қорытындысы бойынша осы саладағы қордаланып отырған мәселелердің бәрін тиімді шешуге болады деп есептейміз.

Ендігі жерде әрине бәрі саналып шығарылды, бұл қаржыландыруға барып тіреледі. Сондықтан да біз Үкіметке айтамыз, бірінші кезектегі осы 10 картаның ішіндегі бізге керектісі, ол техника мен жаңарту картасы. Осыған несие бөлі мәселесі қаралып жатыр. Қалғандары бюджетті қайтып қарау есебінен шешілетін болады. Назарларыңызға рақмет.

ТӨРАҒА. Асқар Исабекұлы, арнайы келгеніңіз үшін рақмет. Ақпаратыңыз анық, сұрақтар жоқ деп ойлаймын. Егер болса, келесі жолы қоямыз. Рақмет.

Ваш отзыв и предложение по сайту