Бекболат Қанайұлы
   Тілеухан
   Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Өмірбаяны
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты. 1966 ж. 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Атасу елді-мекенінде дүниеге келді. Білімі – жоғары, Қазақ Ұлттық техникалық университетті – инженер-металлург мамандығы бойынша, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваторияны – оқытушы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша тәмамдады.

Білім беру және мемлекеттік басқару органдарында жұмыс атқарып жоғары тәжірибе жинақтаған: Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваторияда халықтық ән салу кафедра меңгерушісі, Республикалық Гвардияда Президенттік оркестрдің халық музыкасы ансмблінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі қызметтерін атқарды.

2004 ж. «Отан» Республикалық саяси партиядан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің үшінші шақырылым депутаты болып сайланды, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, «НҰР ОТАН» Халықтық-демократиялық партиясының депутаттық фракциясының мүшесі.

Ғылыми дәрежесі – доцент, халықтық ән салу және орындаушылық шеберлік мәселелері бойынша бірнеше ғылыми еңбектері бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Сыйлығының және Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты. Республикаға сіңірген еңбегі үшін «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» құрметті атағы берілді, «Парасат» орденімен марапатталды.

Тілеухан Бекболат Қанайұлы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты бола тұрып өзінің сайлаушылары үшін біраз әлеуметтік мәселелерді шеше білді, мәдениет қызметкерлеріне көмек көрсете білді

Тілеухан Б.Қ. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде белсенді және жоғары деңгейде заңшығарушылық қызметпен айналысуда.

Депутат Тілеухан Б.Қ. бастамашылық негізде басқа депутаттармен бірге «Мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер туралы» заңжобасын дайындауға қатысты. «Парламент және оның депутаттары туралы», «Қазақстан Республикасында тілдер туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді, және «Денсаулық сақтау мәселесінің кейбір заңнамалық актілері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ұсыныстарын берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде «Мәдениет туралы» заң жобасы қаралуда. Осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Тілеухан Б.Қ. болып табылады. III шақырылымның 1-ші сессиясында «Мәдениет саласын дамыту мен сақтауды заңнамалық қаматамасыз ету» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының, Қазақстан Республикасының Үкімет мүшелерінің, облыс әкімдерінің, және еліміздің мәдениет пен өнер қайраткерлерінің қатысуларымен парламенттік тыңдаулар өтті. Өткізілген тыңдаулар нәтижесі бойынша резолюция қабылданды.

III шақырылымдағы жұмыс уақытында Парламент Мәжілісінің депутаты мемлекеттің лауазымды тұлғаларына 12 депутаттық сауал қойылды. Депутаттық сауалдардың көп бөлігі Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің атына – 8 бағышталған, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіне - 2, Бас Прокурорға – 2.

Депутат, азаматтардың 70-тен аса арыздар мен өтініштерін қарады және 100-ден аса адам қабылдауында болды. Азаматтардың арыздарындағы көтерілген мәселелердің  55 % оң нәтижемен шешілді.

Тілеухан Бекболат Қанайұлы депутаттық құқығын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағышталған депутаттық сауалдарында білім беру, мәдениет, тіл, салауатты өмір салты, экология, тұрғын үй мәселелерін көтеріп отырды.

Ауылдың әлеуметтік мәселелері депутаттың жете назарында қала беруде. Бұл, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, байланыс және телерадиохабарларды тарату, және сонымен қатар мәдени-демалыс қызметінің минималды көлемімен қамтамасыз ету мәселелері. Осыған байланысты депутат Тілеухан Бекболат Қанайұлы Үкімет атына бағышталған депутаттық сауалында, ауылдық территорияларға байланысты, мемлекеттік өкілетті өзін өзі басқару органдарын құру туралы ұсынысын жеткізген.

Депутаттың, Парламент Мәжілісінің  отырыснда көтерген жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесі жөніндегі мәселелерге байланысты депутаттық сауал бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі Б.С.Айтимованың ауызша жауабы тыңдалды. Қазіргі уақытта Білім және Ғылым Министрлігі осы бағыттағы жұмысын жалғастыруда. Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылуда. Осы күндерде Қазақстан Республикасы Үкіметі, жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесінің Мемлекеттік бағдарламасын дайындады, бұл өз кезегінде жастардың арасында талқылаудан өткеннен кейін қабылданады.

Қазақстан Республикасында білім беру, мәдениет және тілді заңнамалық қамтамасыз ету және реформалау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасауда.

 

 

 

 

қазақша | рус


<шілде 2010>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
2829301234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930311
2345678

Астанадағы ауа-райы
GISMETEO.RU: погода в г. Астана