Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құттықтау туралы
Депутатом Мажилиса Парламента РК Н

 

 

«Қалба тынысы» газеті (21 мамыр 2015 жыл)

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильянов сайлаушыларға әрқашан үлкен назар аударады.

Жеңіс Күніне орай Жарма, Үржар және Аягөз аудандарындағы Ұлы Отан Соғыс ардагерлерінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновтан құттықтау хат және мерекелік сыйлықтар алуы дәстүрге айналып отыр.

Жарма аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерімен жақсы қарым қатынаста болған соң, осы миссия аудандық партия филиалының өкілі Садықова Жаннаға тапсырылды.

Ұлы Отан соғыс ардагерлері өз кезегінде депутатқа ризашылықтарын білдірді. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету - бұл біздің борышымыз. Біз үшін әрбір соғыс ардагері - бұл тарих.

 

                                                                     Өз тілшіміз.

 

***

 

 

«семей таңы» газеті

 

 

ҚАҺАРМАН МҮСІНІ ТҰҒЫРДА

 

12.05.2015 11:03

 

http://semeytany.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1968:2015-05-12-05-16-16&catid=50:2013-12-12-03-14-39&Itemid=68

 

9 мамыр күні Жеңістің 70 жылдығына арналған шара Аягөз ауданында  жауынгерлер рухына тағзым етуден басталды. Айтулы Жеңіс күніне арнайы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов қатысып, “боздақтарға” арналған кешенге гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, кәсіпорын, дербес бөлімдер, білім, медицина, теміржол, әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

Осы күні, сондай-ақ Нарын ауылдық округінен 70 адамнан құралған марафоншылар жүгіріп келіп, «боздақтар» кешеніндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жеңістің 70 жылдығына арналған шарада аудан әкімі Б.Байахметов пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов ардагерлер мен аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтап, соғыс ардагерлеріне Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстады. Сонымен қатар соғыс туралы көріністер көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, жұртшылыққа тамаша көңіл күй сыйлады.

Мерекеге қарт майдангерлер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысының ардагерлері, ақсақалдар, «Құрметті азаматтар», бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын, білім, медицина қызметкерлері және тұрғындар қатысты.

 Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, соның бірі аягөздік Мұқатай Әбеулов. Осындай батыр бабамыздың ерлігін мәңгілік есте сақтау мақсатында 7 мамыр күні Аягөз қаласының орталық алаңында «боздақтарға арналған» кешенде Кеңес Одағының Батыры М.Әбеуловтің ескерткіші ашылды. Бұл «Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеушілік арқылы салынған құны 7 млн. теңгені құрайтын,биіктігі   3 м, 80 см болатын тас тұғырға қойылған мүсін.

 «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» деген. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың жадында жатталып қалуы үшін «Майдангерлер» кітабының тұсаукесері мен таныстыру рәсімі өтті.

- Ұлағатты ұрпақтың сіздерге деген алғысы шексіз. Әрдайым аман-есен мерейтойдан мерейтойға жете беріңіздер, - деп өзінің тілегін білдірген аудан әкімі Б.Байахметов соғыс ардагері Ыдырыс Әділханов атаның келініне пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар Жеңістің 70 жылдығына орай, Аягөз қаласында ашылатын құрылыс материалдары комбинатынаның алғаш кірпішін соғыс және тыл ардагерлері қалап, ақ баталарын берді.

 

Аягөз ауданы ішкі саясат бөлімі

 

***

Государственный архив Восточно-Казахстанской области и его филиалы

 

http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1915

70-лет Великой Победе!

9 мая 2015 года в городе Аягоз  прошел торжественный митинг ко дню празднования Великой Победы. Сотрудники Аягозского филиала приняли участие в возложении венков.

Также в церемонии возложения венков и цветов участвовали ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла, депутат Мажилиса Парламента Н.Сабильянов и руководители города. Аким Аягозского района Б.Баяхметов поздравил жителей города Аягоз и ветеранов ВОВ. Мероприятия  продолжились сценами военных лет и праздничным концертом.