Ергешбаев
Мұрат
Нәлқожаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
депутаттық сауал

Бугін мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Жалпы отырында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы  Смайловқа  Қызылорда облысында орналасқан шыны зауытының ұжымының көтеріп отырған мәселелері бойынша депутатық сауал жолдадым.

Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Америка, Европа, Азияның дамыған мемлекеттерін аралап, дүниежүзінің танымал кәсіпорын басшыларымен кездесіп, оларды елімізге жұмыс жасауға шақырып, ұлкен қызмет атқаруда. Осындай жұмыстың нәтижесінде елімізде болмаған озық жабдықтармен жабдықталған шыны өндірісі пайда болды.

Мен депутат Мұрат Әбеновпен бірге қаңтар айындағы сайлаушылармен кездесу барысында Қызылорда облысында орналасқан «Orda Glass Ltd»  кәсіпорнының ұжымымен кездестік. «Orda Glass Ltd»  кәсіпорны еліміздегі жалғыз шыны зауыты. Жобаға инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 46 млрд теңге құйылған, 373 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт іске қосылғаннан бері 173 мың тонна өнім шығарып, оның 70%-ы ішкі нарыққа сатылса, 30% көрші елдерге экспортталған. Бірақ қазіргі таңда шетелден келген шыны (импорт) көбейді. Себебі өзге елдердің үкіметтері отандық тауар өндірушілерге қолдаудың әр алуаны механизімін жасап отыр, мысалы қосымша құн салығын қайтарып беру, газ бағасын арнайы тарифпен төмен беру сияқты тағды басқа көмектер. Осылай мемлекеттердің отандық өндірушіні қорғау әрекеттері арқасында импортталатын шыны бағасы төмен.

 Жоғарыда аталғандар негізінде, құрметті Әлихан Асханұлы, жобаның еліміз үшін маңыздылығын ескеріп,  отандық тауар өндірушілерге қолдау жасап, төмен бағамен келіп жатқан өнімдерге зерттеу жүргізіп, шара қолданып, мемлекет бюджетінен салынып жатқан құрылыс  объектілеріне отындық шыныны пайдалануды талап ету арқылы, өзіміздің  отандық өндірушіні қолдауды сұраймыз.