Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партиясы Фракциясы мүшесінің өңірде атқарған жұмысы туралы есебінің нысаны
Депутаттың Т.А.Ә.: Смағұл Бақытбек
Өңірдің атауы: Қызылорда облысы
Өңірде болған күндердің саны: 2014 жылғы 06 - 14 ақпан аралығында
р/с |
Есептің негізгі көрсеткіштері |
Есеп |
1. |
Сапардың жағрапиясы (қалалар, аудандар) және қамтылған елді мекендердің саны |
Арал ауданы, Арал кенті, Сексеуіл кенті, Жақсықылыш кенті, Аралқұм ауылдық округі, Қамыстыбас ауылдық округі, Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, Тасарық ауылдық округі, Майлыбас ауылдық округі, Сарыбұлақ ауылдық округі, Шәкен ауылдық округі,
10 |
2. |
Тұрғындармен өткізілген кездесулер, оған қатысқан адамдар |
13
1.Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылдық клубында ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу – 120 адам; 2. Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, Майлыбас ауылының клубында тұрғындармен кездесу – 85 адам; 3. Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі, Сарыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу – 80 адам; 4. Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу – 200 адам; 5. Қазалы ауданы, Шәкен ауылдық округі, Шәкен ауылының тұрғындарымен кездесу – 90 адам; 6. Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, вагон құрастыру депосының жұмысшы - қызметкерлерімен кездесу – 150 адам; 7. Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, локомотив пайдалану депосының жұмысшы - қызметкерлерімен кездесу – 120 адам; 8. Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, жаңадан салынған балабақша жұмысымен танысу – 50 адам; 9. Арал ауданы, Арал кенті, аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу – 250 адам; 10. Арал ауданы, Сексеуіл кенті, «Қамқор Локомотив» ЖШС –нің қызметкерлерімен кездесу – 95 адам; 11. Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, «Аралтұз» АҚ –ның жұмысшы – қызметкерлерімен кездесу – 120 адам; 12. Арал ауданы, Аралқұм ауылдық округі, Аралқұм ауылдық клубында тұрғындармен кездесу – 75 адам; 13. Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі, Қамыстыбас ауылдық клубында тұрғындармен кездесу – 70 адам;
Барлығы: 1505 адам
|
3. |
Партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарға өткізілген қабылдаулар
- қабылданған азаматтар
- қойылған мәселелерді орнында шешу бойынша қабылданған шаралар
|
2
Арал ауданы, Арал кенті, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының мәжіліс залы, Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залы.
|
4. |
БАҚ-қа жариялану саны (көшірмесін есепке қоса беріледі)
|
4
Облыстық және аудандық баспасөз беттерінде 2 мақала, «Қазақстан - Қызылорда» облыстық телеарнасына 1 сюжет,«Серік» аудандық телеарнасында 1 сюжет.
|
5. |
Партияның мәслихаттардағы фракциялармен өткізілген кездесулер
|
- |
6. |
Партияның облыстық, аудандық, қалалық филиладарының офистерінде өткізілген кездесулер
|
1. Қызылорда қаласы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында баспасөз конференциясы – 18 адам; 2. Арал ауданы, Арал кенті, «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалында аудан тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдау - 8 адам; 3. Қазалы ауданы, Айтеке би кенті, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалында аудан тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдау - 4 адам; |
7. |
Партия активімен, мәслихат депутаттарымен, еңбек ұжымдарымен және ауылдық елді мекен тұрғындарымен кездесулер барысында көтерілген негізгі проблемалар (мәселелердің мағынасын толық ашу керек) |
Арал ауданы, Арал кенті, аудандық мәдениет үйінде, аудан тұрғындарымен кездесу барысында шағын және орта бизнесті жүргізу үшін несие алудың жолдарын жетілдіру, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар, ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, кент ішіндегі қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмысын ұйымдастыру, кенттегі техникалық колледжінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, ауданда туризмді дамыту, бұрынғы әскери қалашықтардың қираған орнын жөнге келтіру, тағы бір темір жол өткелін салу, аяқ су жүйесін тарту мәселелері көтерілді. Арал ауданы, Аралқұм ауылының клубында ауыл тұрғындарымен кездесу барысында шағын және орта бизнесті жүргізу үшін несие алудың жолдарын жетілдіру, мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар мәселелері көтерілді. Арал ауданы, Қамыстыбас ауылының клубында ауыл тұрғындарымен кездесу барысында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі, ауылдық клубында ауыл тұрғындарымен кездесу барысында ауылдағы емдеу мекемелеріне білікті мамандардың қажеттілігі, ауыл шаруашылығы жұмыстарына техникалардың қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді. Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, ауылдық клубында ауыл тұрғындармен кездесу барысында ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті жүргізу үшін кепілдіксіз несие алу мәселелері көтерілді. Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылдық округі, ауылдық клубында ауыл тұрғындармен кездесу барысында ауылдағы емдеу мекемелеріне білікті мамандардың қажеттілігі, ауыл шаруашылығы жұмыстарына техникалардың қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді.
|
8. |
Өткізілген конференциялар, «дөңгелек үстелдер» (қатысуы, іс-шараның тақырыбы, мазмұны мен қатысушылар саны туралы қысқаша жазбаша ақпарат беру керек) |
-
|
9. |
Проблемаларды мәселелерді шешу бойынша ұсынылған шаралар |
Кездесуде көтерілген проблемаларды аудан және облыс әкімшілігі деңгейінде шешу жолдары қарастырылды. Кейбір әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге қатысты азаматтардың ұсыныстары назарға алынды. Ұсыныстар: - Шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесін жетілдіру; - облыстағы ауыл шарушылығына қажетті мамандармен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру; - облыстағы ауылдарды білікті медицина мамандарымен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру. Белгіленген ұсыныстарды шешу жөнінде Үкіметке, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады және қолданыстағы заңдарға қажетті өзгерістер енгізу ұсынылады. |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі ___________________Б.Смағұл
|
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
____________________Ө.М.Болатбеков
|