Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі Б.Смағұлдың өңірде атқарған жұмысы туралы
есебінің нысаны
Депутаттың Т.А.Ә. : Смағұл Бахытбек
Өңірдің атауы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Өңірде болған күндердің саны: 2014 жылғы 27-28 қарашасында
р/с |
Есептің негізгі көрсеткіштері |
Есеп |
1 |
Сапардың жағрапиясы: 1.Қала мен ауданның атауы 2.Араланған елді мекендердің саны |
1. Қызылорда қаласы |
2 |
Тұрғындармен өткізілген кездесулер,оған қатысқан адамдар |
1. Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауына байланысты облыстық идеологиялық активімен кездесу– 520 адам; 2. Қызылорда қаласы, Қызылорда «Болашақ» университетінде ҚР Тұңғыш Президенті атындағы аудиториясының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысу – 72 адам; 3. Қызылорда қаласы, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай саяси шараға қатысу- 690 адам.
Барлығы: 1282 адам
|
3 |
БАҚ-қа жариялану саны |
«Қазақстан», «Хабар», «24kz» республикалық және облыстық «Қазақстан - Қызылорда» телеарналарында 7 сюжет. Облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские Вести» газеттері -2 мақала. |
4 |
Өткізілген конференциялар, «дөңгелек үстелдер» |
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XVI есеп беру – сайлау конференциясы. Конференция жұмысына облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты. Жалпы қатысушылардың саны – 128 адам. Іс-шара барысында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерін қарастырылып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының, облыстық партия филиалының бақылау – тексеру комиссиясының 2013-2014 жылдарындағы атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, облыстық партия филиалының Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамдары сайланды. |
5 |
Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелер мен сұрақтар және мәселелерді шешу бойынша ұсынылған шаралар |
Аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу. Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді көтеру мәселелер. Азық- түлік бағаларын тұрақтандыру. Сол жерде кеңес, ұсыныстар берілді, көтерілген мәселелер Үкіметпен әрекеттестікте ескеріледі. |
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» партиясы
Фракциясының мүшесі Б.Смағұл