Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты –
«Нұр Отан» ХДП Фракциясы мүшесінің өңірде атқарған жұмысы туралы есебінің нысаны
Депутаттың Т.А.Ә.: Смағұл Бахытбек
Өңірдің атауы: Қызылорда облысы
Өңірде болған күндердің саны: 9 күн, 2012 жылғы 6-14 сәуірі аралығы
р/н |
Есептің негізгі көрсеткіштері |
Есеп |
1. |
Сапардың жағрапиясы: 1. Қала мен ауданның атауы |
Іссапар барысында депутат Қызылорда және Байқоңыр қалаларымен қатар, облыстың барлық аудандарында болды. 1) Қызылорда қаласы; 2) Байқоңыр қаласы; 3) Арал ауданы; 4) Қазалы ауданы; 5) Қармақшы ауданы; 6) Жалағаш ауданы; 7) Сырдария ауданы; 8) Шиелі ауданы; 9) Жаңақорған ауданы. |
2. Аралаған елді мекендердің саны |
Іссапар барысында депутат 14 елді мекенді аралады. 1) Қызылорда қаласы; 2) Байқоңыр қаласы; 3) Шалқия кенті; 4) Сунақата ауылы; 5) Екпінді ауылы; 6) Түгіскен ауылы; 7) Бұқарбай батыр ауылы; 8) Тереңөзек кенті; 9) Шиелі кенті; 10) Жаңатұрмыс ауылы; 11) Иіркөл ауылы; 12) Жосалы кенті; 13) Қамыстыбас ауылы; 14) Әйтеке би кенті.
|
|
2. |
1. Тұрғындармен өткен кездесулер саны: |
Іссапар барысында депутат 25 кездесу өткізді. Іссапар кестесі қосымша тіркелді. |
2. Осы кездесулерге қатысушылардың саны |
Депутатпен кездесулерге 2534 адам қатысты.
|
|
3. |
1. Партияның қоғамдық қабылдауларында және тұрғылықты жері бойынша қабылданған азаматтар саны |
Іссапар барысында депутат 5 қоғамдық қабылдау өткізді және оған жеке мәселелері бойынша 62 адам хабарласты. 1) Жаңақорған ауданы Екпінді ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау – 6 адам; 2) Шиелі кентінің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау – 8 адам; 3) Арал ауданы Қамыстыбас ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау – 2 адам; 4) Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау – 6 адам; 5) «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау – 40 адам. |
2. Қойылған мәселелерді орнында шешу бойынша қабылданған шаралар саны |
Барлық хабарласқан азаматтардан өтініштер, арыздар - шағымдар жаздырып алынды. Олар тиісті құзырлы органдарға жолданып жатыр. |
|
4. |
БАҚ-қа шығу, жарияланымдар саны |
Іссапар қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз-мәслихат ұйымдастырылды. 1) «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасында 6 сюжет; 2) «Қоғам» Қызылорда қоғамдық телеарнасында – 6 сюжет; 3) «Сыр бойы» газеті – «Тұрғындар тілегі талқыланды»; 4) «Сыр бойы» газеті – «Депутаттар ел ішінде»; 5) «Сыр бойы» газеті – «Маңызды жобаның мәні бөлек»; 6) «Кызылординские вести» газеті – «Растет популярность»; 7) «Кызылординские вести» газеті – «Ревизионная комиссия действует»; 8) «Қазақпарат» агенттігі – «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізін салу жұмыстарына көңіл толмайды - Мәжіліс депутаттары». |
5. |
Партияның өңірлік және аумақтық филиалдарында өткен кездесулер және мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен (топтармен) өткен кездесулер саны |
Партияның облыстық филиалында 3 кездесу өтті. 1) «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылуына мониторинг жасау жөніндегі Қызылорда аймақтық қоғамдық комиссиясының отырысы; 2) «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жасау жөнінде облыстық жұмыс тобының отырысы; 3) Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу. |
6. |
Партия активімен, мәслихат депутаттарымен, еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесу барысында көтерілген проблемалы мәселелер (мәселенің мәні толық ашылуы тиіс) |
1) «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы; 2) Денсаулық сақтау, ауруханалар салу мәселесі; 3) Қызылорда қаласының шет аймағында ауыз су, жарық, жол мәселелері; 4) «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында жұмысқа орналастыру, шағын қаржыландыру, тұрғын үй мәселелері; 5) Білім беру жүйесін реформалау, апатты жағдайдағы мектептерді салу мәселесі; 6) Қазалы ауданында емхана және аурухана, спорттық сауықтыру кешенін салу; 7) Жанар-жағар майдың қымбаттауы; 8) «Сыбаға» бағдарламасы шеберінде несие алу қиындықтары; 9) Балық шаруашылығына қолдау көрсету. |
7. |
Өңірдің проблемаларын шешу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар, ұсынылатын шаралар |
Кездесулерде көтерілген проблемаларды шешу үшін тиісті орталық атқарушы органдарға хаттар жолданып, кешенді депутаттық сауал әзірленеді. |
8. |
Депутатпен, (депутаттық топпен) бірлескен бағдарлама бойынша өңірде атқарылған жұмыс кіммен екені көрсетілуі тиіс |
Б.Смағұл, М.А. Әбенов, С.С. Әйімбетов |
9. |
Басқа өңірде атқарылған қосымша жұмыс |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі Б. Смағұл |
«Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө. Болатбеков |