Ұлттық қауіпсіздікке қатер неден төнеді?
30.10.2013 15:41 Дуанабай Жолдасбек
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Сириядағы джихадшыл 150 қазақстандыққа қатысты оқиғаны «елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп» деп қарастыруды ұсынады.
«15 қазанда француздардың басылымдарында «Қазақстаннан 150 адам Сириядағы қасиетті джихадқа қосылды» тақырыбымен жарияланған мақала жарық көрді. Оны елдегі радикалды діни ағымдардың белсенді жұмысының көрінісі емес, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп бағалауды ұсынамын», - деді Б. Смағұл мәжілістің алқа отырысында.
Мәжілісмен Премьер-министр мен Бас прокурордың атына жолдаған сауалында джихадшылар туралы бейнероликті құру және таратуда «ҚР азаматтарын тәжірибелік нысандар ретінде пайдалануда» деп қадап айтқан.