Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
06.12.2013 ж. "Егемен Қазақстан" газетінде "Халық қалаулылары ел өңірлерінде" мақала жарияланды.
Халық қалаулылары ел өңірлерінде

Халық қалаулылары ел өңірлерінде

6.12.2013 Билік 0 пікір

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Майра Айсина, Нұртай Сабильянов және Жалғас Дүйсенғалиев Атырау қаласындағы аграрлық-техникалық колледж ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Майра Айсина, Нұртай Сабильянов және Жалғас Дүйсенғалиев Атырау қаласындағы аграрлық-техникалық колледж ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді.

Депутаттар жастарға бесінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған депутаттық жұ­мыстар жайында және Мемлекет басшысының «Қа­зақстан-2050» Стратегиясында нақтыланған мін­деттерді орындауды заңнамамен қамтамасыз етуі ту­ралы айтып берді.

* * *

Мәжіліс депутаттары Үсенгелді Медеуов, Бақытбек Смағұл және Серік Сейдуманов Тараз қаласында сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Депутаттар «Тараз арена» спорт кешенінде болып Тараз қаласындағы жастардың тыныс-тіршілігімен танысты. 300 адамға арналған жаңадан салынған аурухананың жұмысымен танысып, облыстық және қалалық бастауыш партия ұйымдары жетекшілерімен, «Жас Отан» ЖҚ белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесуде депутаттар Елбасының сарабдал саясаты туралы баян етіп, партия жұмысына белсене араласқан бірнеше партия белсендісін «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының құрмет грамотасымен марапаттады, партия қатарына 5 адамды қабылдау салтанаты өтті.   

* * *

Мәжіліс депутаттары Уәлихан Бишімбаев пен Омархан Өксікбаев Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорларымен және студенттерімен кездесті.

Жиын барысында У.Бишімбаев «Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында білім беру, кәсіби біліктілік, кадрлар даярлау және ғылымды дамытудың жаңа міндеттерін айқындап берді. Бүгінде білікті ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға қатысты жұмыстар жасалып жатыр», – деді. Сондай-ақ, аға буынның бүгінгі жастарға артар сенімі мол екенін тілге тиек етті.

О.Өксікбаев өз кезегінде бесінші шақырылымның үшінші сессиясында атқарылған депутаттық жұмыстар жайында айтып берді.

Кездесу соңында қатысушылар халық қалаулыларымен еркін пікір алмасып, ой бөлісті.

* * *

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Сарыағаш ауданы жастарымен өткен кездесуде палатаның осы уақытқа дейін атқарған жұмысы мен Елбасы қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан жастар саясаты жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Жастармен пікір алмасу барысында оларды еркін ой білдіруге, жастарды толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салуда белсенді болуға шақырды. Нәтижесінде кездесу сұрақ-жауап пішінінде өтіп, жастардың түрлі сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

* * *

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» мүшесі Абай Тасболатов Қостанай облысында болып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы еліміздің алдына қойған өзекті деген мәселелерін халыққа түсіндіру мақсатында кездесулер өткізді.

Депутат Қостанай облысының әкімі Н.Сә­дуақасовпен де кездесіп, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Депутат, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қызметкерлерімен, қалалық мәслихат депутаттарымен, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен, Ауғанстан соғысына қатысушылармен, өңір жастарымен кездесу өткізді. Қорғаныс істері департаментінде болып, онда жұмыс атқаратын әскери қызметкерлермен жүздесті.

* * *

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партия­сы фракциясының мүшелері Серік Оспанов пен Құттықожа Ыдырысов Маңғыстау облысындағы «Ақтау халықаралық теңіз-сауда портында» кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаттары порт жұмысымен танысып, кеме аялдайтын орында ұжым жұмысшыларымен жүздесті. Олар Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымының үшінші сессиясында атқарылған депутаттық жұмыстар жайында және Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында нақтыланған міндеттерді орындауды заңнамамен қамтамасыз ету туралы айтып берді.

* * *

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Павлодар қаласында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен кездесті.

Бұл депутаттық топта палатаның Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің мүшелері Айгүл Нұркина, Мейрам Бегентаевтар, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Андрей Бегенеев бар.

Кездесуде Мемлекеттік жастар саясаты туралы, жастардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру, жастар ұйымының жұмысын жандандыру жайында әңгімелер айтылды. «Жас Отан» жас­тар қанатының белсенділері өз кезегінде Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде жастардың алдына қойған міндеттердің облыста орындалуы жайына тоқталды.