Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
05.11.14 Қазайтыс порталда "30 елдің қатарына ену үшін ізгілікті іске жұмылуға шақырды" мақала жарияланды.

Ақпараттар

http://www.kazaitys.kz/index/thumb?pic=article/402821_1415171033.jpg&w=203&h=177

 

05.11.2014 г . kazaitys.kz

 

Депутат Б.Смағұл 30 елдің қатарына ену үшін ізгілікті іске жұмылуға шақырды

Оның айтуынша, әсіресе, мәдениет саласында бұл міндеткерлік жарқын көрінуде. Бір ғана айтыс сынды ұлттық мұрамыздың партия қолдауымен жиі өткізіле бастауы осының айғағы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл kazaitys.kz порталына «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасының іске асу барысы және Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жаңа бағдарламаның ерекшелігі жөнінде айтты.

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды берілген уәделерге сәйкес халық пен билік арасындағы «өзара байланысты» қамтамасыз етуде. Партия Үкімет пен министрлік өкілдерін, аудан-облыстағы әкімдіктер мен тиісті саланың мамандарын тарта отырып, өзіне жүгінген жұртшылықтың проблемаларын шешуге атсалысуда. Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев билік пен халық алдына тарихи да тағдырлы міндет-мақсат қойды. Ғасыр ортасына дейін Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге тиіс. Бұған жету үшін бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ізгілікті іске жұмылуымыз, ауызбіршілігімізді нығайтуымыз, даму жолында топтасуымыз қажет», - деп атап өтті ол.

«Құбылмалы заманда ел тізгінін ұстаған жүректі, білекті, білікті басшыға тілекші халық керек. Елдегі ең үлкен саяси күш ретінде «Нұр Отан» партиясы өзіне жүктелген осы міндетті жарға жыққан жоқ, жоғары талап деңгейінен табылуда», - деді Б.Смағұл.

Оның айтуынша, әсіресе, мәдениет саласында бұл міндеткерлік жарқын көрінуде. Бір ғана айтыс сынды ұлттық мұрамыздың партия қолдауымен жиі өткізіле бастауы осының айғағы. Шын мәнінде, айтыс елдің мұңын айтып, жырын жырлайтын қастерлі орынға және заманауи ақпараттық құралға айналып келеді.

Сондай-ақ, депутат партия қолға алған cыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте кең ауқымды халқтық қолдау қажеттілігіне де тоқталды. Яғни, мұндай қоғамдық кеселді ел болып, жұрт болып, бірлесіп қана жеңуге болады. Ал жемқорлыққа қарсы әзірленіп жатқан жаңа Бағдарлама осы жайтты құжаттық деңгейде бекіте түседі.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасы 2011 жылы партия Съезінде қабылданған болатын. Онда бұл құжат алдағы 5 жылға арналған «қадамдық» жоспар мәртебесін иеленді. Жақын аралықта «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасының соңғы 2,5 жылдағы орындалу қорытындыларына арналған  Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.

kazaitys.kz