Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Алаш айнасы" газетіне берген сұхбаты
Бақытбек СМАҒҰЛОВ, Мәжіліс депутаты:

Бақытбек СМАҒҰЛОВ, Мәжіліс депутаты:


Мемлекеттік рәміздерді қорлауға жол беруіміздің себептері неде?
  - Бұл, ең бірінші, патриотизмнің төмендігі мен ұлттық идеологияның дұрыс жүр­гізілмеуінен болып отыр. Әйтпесе жергілікті әкімдік пен заңдылықты қада­ға­лайтын прокуратура не қарап отыр? Олар осы мәселе бойынша шұғыл шаралар қа­былдап, жауапты адамдарды қатаң жауапкершілікке тартып, қолданған ша­ра­лары туралы БАҚ құралдарына түсініктеме беруі тиіс емес пе? Жалпы, Тәуелсіздіктің баян­ды жолында осындай арсыздыққа жол берсек, ертеңгі күннен не күтеміз? Не­гізі, мемлекетке деген мақтаныш пен махаббат ең бірінші мемлекеттік рә­міз­дер­ден басталуы тиіс. Мен Қылмыстық кодекстің 317-бабындағы мемлекеттік рә­міздерге деген жауапкершілікті қатаңдату керек деп есептеймін. Біздің Тә­уел­сіз­дігіміз қаншалықты құнды болатын болса, ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа қа­лай жеткенімізді ойлайтын болсақ, онда ең бірінші мемлекеттік рәміздерімізді ерек­ше құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік туды қоқыстың тазалығы үшін емес, ары­мыздың тазалығы үшін сақтауымыз қажет. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қор­лағандарға ең ауыр жаза қолданғанымыз жөн. Мен алдағы уақытта бұл туралы Пре­мьер-министрдің және Бас прокуратураның атына депутаттық сауал жолдайтын бо­ламын.