Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауған ардагерлеріне жеке Заң қажет "Айқын"газеті 2013 ж. 18 маусым
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ҚРҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ҚРҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді.

         Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды.

         Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды.

         Қаза тапқандардың ата-аналары, жақын туыстары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайды.

         Тәуелсіз Қазақстан әлемдегі барлық елмен бейбітшілікті және өзара тату көршілік ынтымақтастық қатынасты сақтау жолын ұстанған ел болып саналады. Еліміздің жасампаз саясаты Қазақстанда және бүкіл әлемде тыныштық пен өзара татулықты сақтауға бағытталған.

         Иә, өлгендер қайтіп келмейді, бірақ, соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету – біздің қасиетті парызымыз» – деген болатын.

         Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағыңа да балта шабатын, аяқталғанына ширек ғасыр, яғни 25 жыл толғалы отырған 10 жылға созылған бұл соғысқа қатысқан 22 269 қазақстандықтардың 924  қаза тауып, мыңдаған жауынгерлеріміз мүгедек болып оралып, 21 жауынгер із-тозсыз жоғалып кетті. Бірақ, антына адал, патриоттық ісіне берік бірде-бір қазақстандық жауынгер соғысты тастап қашып кеткен жоқ.

         Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, қатары күннен күнге сиреп бара жатқан II дүниежүзілік соғысқа қатысқан ақсақалдарымыздың жауынгерлік ерлігін қайталаған лайықты ізбасары ретінде Ауған соғысы ардагерлері жастарымызды Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі Ел болу жолында аянбай еңбек етуде.

         Бейбіт өмірде елдік пен бірге ерлікті паш етер Ауған соғысы ардагерлері ерлік қайталаса, демек, мәртебеге де лайық.

Дей тұрғанмен, 2006 жылдан бері ҚР Парламентіне «Ардагерлер» туралы Заң Жобасы ұсынылып, бұл Заң Жобасы ұзақ уақыттан бері оң шешімін таппай, бірнеше рет Үкіметке толықтырулар енгізуге қайтарылғаны мәлім.

Бұл жайт, Ауған соғысына қатысқан ардагерлерді қатты мазалауда.  Сондықтан да елімізде Ауған соғысына қатысқан азаматтардың әлеуметтік жағдайы ескеріле отырып, Үкімет тарапынан Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына орай, Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесін анықтайтын жеке Заң қабылданса екен дейміз.

Тәуелсіздікті баянды ету үшін рух керек, ал елді рухтандыратын – ерлік!

         Бұл ретте Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл «Соғыстың зардабын тартқан жауынгердің өмірі ары қарай Ардагер ретінде Заң жүзіндегі құқықтық кепілдіктермен қорғалар қоғамдағы сый-құрметке лайықты өмір сүріп, жастардың патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сенімін қалыптастыруы қажеттігін» айтады.