Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудегі парламентаризмнің рөлі" атты Бишкек қаласында өткен конференцияда қатысып, баяндама істеді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі,

«НұрОтан» фракциясының мүшесі

Бахытбек Смағұлдың

Конференциядағы сөзі

 

Құрметті әріптестер!

Қадірлі конференцияға қатысушылар!

Түбі түркітілдес бауыр мемлекеттің қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің атынан үлкен алғыс білдіре отырып, бүгінгі алқалы жиын мәнді әрі конструктивті ұсыныстарға толы кеңес боларына сенім білдіремін.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудегі парламентаризмнің рөлі деген мәселеде мен өзімнің өкілдік етіп отырған мемлекетіміздің тәжірибесі мен ортақ ұқсастықтар жағын атап өткім келеді.

Тәуелсіздік алған күннен бастап Орталық Азия елдері өздерін Ата-Заңдарын қабылдап, халықаралық аренаға құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып келе жатқанын таныта бастады. Соның бірі ретінде қоғамның тұрақтылығы мен атқарушы биліктің эффективтілігін арттыру жолында үнемі артқа тартушы фактор – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік ұлттық қауіпсіздіктің бір тармағы ретінде қарала басталды.

Құқықтық жағынан Қазақстан 1998 жылдың 2 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заң қабылдады. Ел Президенті Н.Назарбаев өзінің 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атаулы дәстүрлі Жолдауында Қазақстанның сапалы жаңару жолындағы негізгі шешімі күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде – сыбайлас жемқорлықпен күресуді атап өтті. Одан бөлек Қазақстан халықаралық қауымдастықтың белді мүшесі ретінде бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады. Оның ішінде 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа Конвенциясын, Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының регламенттерін ұлттық заңнамаға енгізді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жылына орай, еліміздегі нарықтық экономика мен демократиялық құндылықтардың құқықтық жағынан қамтамасыздандыру мақсатында көптеген Заңдарға өзгертулер енгізіліп, күшіне енді.

Бұл тек сыбайластықпен күресудің құқықтық жолы. Одан бөлек, сыбайластықтың экономикалық даму мен инвестициялық саясатқа нұқсан тигізетінін былай атап өту керек. Сол себепті бұл індетпен күресуге тек мемлекеттік аппарат қана емес, қатардағы мемлекет азаматы, іскер топ өкілдері мүдделі екені анық. Сол себепті бүгінгі күні Қазақстан Республикасы үшін де, Қырғыз Республикасы үшін де маңызды қадамдардың бірі ретінде тек ұлттық заңнаманы қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар идеологиялық жұмыс барысында сыбайластыққа қарсы іс-қимыл жоспарын анықтаған жөн. Бұл жолда екі мемлекет те өзінің экономикасын тартымды, құқықтық жүйесін халықаралық дәрежеде танылған деңгейіне жеткізу жолында өте үлкен күш жігер танытары анық.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Бүгінгі алқалы жиын бәріміз үшін ортақ ой қалыптастырып, жаңа пікірлер мен ұсыныстардың жиыны болады деп ойлаймын. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін!