Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал ҚР Премьер-Министрі- С.Н.Ахметовтың атына- 21.11.2013 ж.. Авиакомпаниялардың жұмысына қатысты сұрақтар туралы.
Қазақстан Республикасының

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жылы 20 қарашада жарияланды                    Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

С.Н.Ахметовке

 

 

Депутаттық сауал

 

Қадірлі Серік Нығметұлы!

 

Өздеріңіз жақсы білесіздер, инфрақұрылым – ел экономикасының күретамыры. Бірақ соңғы жылдары әуе кеңістігінде азаматтарымызды тасымалдайтын самолеттердің техникалық сипаттамасы үлкен күмән тудырып келеді. Осы тұста, 2012 жылы «Скат» әуе компаниясының өткен жылғы апаты есімізге түседі. Бірақ одан бөлек, қолымыздағы ақпараттарға байланысты мемлекетіміз «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арқылы қатысып отырған  «Эйр Астана» компаниясына да туындайтын сауал жетерлік.

Біріншіден, осы жылы «Время» газетінен «Эйр Астана» компаниясының материалдық базасындағы 21 борт Кариб теңізіндегі Аруба деген арал-мемлекетте тіркелгендігі жөнінде ақпарат оқыдық. Аталмыш әуе компаниясының баспасөз орталығы таратқан ақпаратқа сәйкес, еліміздің экономикасына 2008 жылы бұл компания тек 1,946,793 теңге төлеген. Бұл өте күмәнді сандар бұлыңғыр ой қалыптастырады.

Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарын қарап отырсаңыздар, әр аптада «Эйр Астанаға» байланысты апта сайын бір жағымсыз жаңалықты еститін болдық. 2012 жылдың 28 қазанында Атыраудан Стамбулға ұшқан самолет түрік жеріне табан тірегеннен кейін, істен шыққан. Үстіміздегі жылдың 27 қазан күні Малайзияның астанасы Куала-Лумпурдан Алматыға ұшатын әуе борты 30 сағатқа кешіктірілген. Оның қосалқы құралдары Лондоннан әкелінген делінеді. 9 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиге ұшатын самолет істен шығып, жолаушылар резервтегі самолетпен ұшқан. Бұл халықаралық транзиттер, енді ішкі әуе кеңістігіндегі оқиғаларды айтып өтейік.  31 қазанда Астанадан Ақтауға ұшатын борт техникалық ақауы бар болғандықтан, ұшу мерзімі кешіктірілді. Бұл тек қысқа сипаттамалар.

Аталғандарды ескере отырып, бірнеше үлкен сұрақтар туындайды:

1)     «Эйр Астана» компаниясының әуе борттарының бүгінгі күнгі материалдық-техникалық жағдайы қандай? Мемлекеттің байлығы өз азаматтарына бұл компания жақсы қызмет көрсетіп отыр ма?

2)     Көлік және коммуникация министрлігі әуе кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесіне қаншалықты көңіл бөліп отыр? «Скат» әуе компаниясынан опат болған оқиғадан сабақ алды ма?

3)     Оффшорлық жүйемен Арубада тіркелген борттар арқылы елімізге қанша салық сырттай қалып жатыр?

4)     Ең басты сұрақ, «ЭКСПО-2017» дейміз, «Қазақстан-2050» дейміз, үлкен даму кезеңдерінің алдында ұлттық компаниялар өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезініп жатыр ма?

«Қазақстан – 2030» Даму Стратегиясында мемлекетіміздің 7 басымдығының ішінде ел экономикасының инфрақұрылымын дамытамыз деген басымдық болды. Егер бәріміз осындай кейіппен өмір сүре берсек, даму болмайтындығын көріп отырмын.

Өзіңізден, аталмыш өзекті сауалдарға көзқарасыңызды білдіріп, басқарып отырған мемлекеттік органдардың бұл саладағы қызмет бағытына жауап беруіңізді сұраймын.

 

 

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,

 «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшесі                                                     Б. Смағұл

 

 

орынд. Г.Мукашева

тел. 74-63-94

 

 

 

 

Д.Назарбаева

 

Г.Ықсанова

 

М.Айсина

 

И.Аронова

 

М.Ахмадиев

 

Ж.Ахметбеков

 

ЖАлиев

 

М.Бегентаев

 

В.Бишимбаев

 

К.Бурханов

 

Г.Исимбаева

 

Қ.Қаракен

 

А.Нұркина

 

Н.Петухова

 

Г.Сейтмағанбетова

 

А.Смайыл

 

С.Ферхо