Смағұл
Бақытбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутаттық сауал ҚР Премьер-Министр Масимов К.Қ. атына- 19.06.2014 ж. "Семейдегі атом сынақ полигонында әскери қызметін өтеген жауынгерлердің көкейтесті мәселелері туралы"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

2014 жылғы 18 маусымда жарияланды                                                           К.Қ. Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

                Бүгінгі көтеріп отырған сауалдың себебі- Семейдегі атом сынақ полигонында әскери қызметін өтеген жауынгерлердің көкейтесті мәселесі болып отыр.

         Семейдегі сынақ алаңын жабуы, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтерді және бейбітшілікті қолдаушы бүкіл адамзатқа үлгі болды.

         Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтардың қатарында Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерімен бірге Чернобыльдағы атом электр стансасындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандар мен Семей сынақ алаңында әскери қызметін өтеген азаматтар да бар. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әлеуметтік кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдар деп танылған.

         Алайда, осы заң бойынша көпшілік азаматтар әлеуметтік көмек және ай сайын сынақ алаңында болғаны үшін тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ала алмай жүр.

Жоғарыда аталған жәрдемақы алатын анықтаманы Ресейден, Подольск қаласының орталық архивінен алуға болатын.

2008 жылға дейін сынақ алаңында болды деген анықтама осы Подольск қаласындағы орталық архивінен облыстық әскери комиссариат арқылы беріліп келген. 2008 жылдан кейін бұл тоқтап қалған. Осы анықтаманы алып үлгермеген азаматтар баршылық.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің орталық архивінің Семей сынақ алаңында болды деген анықтамасын әлеуметтік қолдау мекемелері қабылдамайды.

Осы жерде ақылға сыймайтын түсініксіз жай бар. Сонда қалай, біз қазір әлем мойындаған Тәуелсіз мемлекетпіз. Семей сынақ полигоны Қазақстан территориясында 40 жыл бойы атом сынақтарының жасалғаны шындық, енді сол сынақ полигонында әскери қызметін өтегені жөнінде анықтаманы неге жауынгерлер басқа мемлекеттен алуы керек? 2008 ж. бастап анықтама беруді Ресей тарапы тоқтатса неге ҚР Қорғаныс Министрлігі осындай анықтаманы беруге қауқарсыз. Ал берілген жағыдайда анықтаманы құзырлы органдар неге жарамсыз деп таниді, түсініксіз. 

Соның себебінен мемлекеттік жәрдемақы, көлік, жер салығынан босатылуы және тағы басқа тиісті әлеуметтік көмек ала алмай жүр.

Азаматтардың өтініштерін орындау мақсатында осы аталған мәселелерге байланысты заңнамада көрсетілген «сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар»-дың орнына «1949-1989 жылдары Семей ядролық сынақ полигонында әскери қызмет өткерген азаматтар»,- деген ұсынысты қарастыруыңызға ықпал етуді сұраймыз.

Қосымша: 20 бетте.

 

Құрметпен,

ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаттары                                                  Б. Смағұл

 

                                               Г.Иксанова                           М.Айсина

 

                                               И.Аронова                                     М.Ахмадиев

 

                                               Ж.Ахметбеков                      Ж.Әлиев

 

                                               М.Бегентаев                         А.Бимендина

 

                                               В.Бишимбаев                       К.Бурханов

 

                                               Г.Исимбаева                         Қ.Қаракен

 

                                               А.Нұркина                                     Н.Петухова

 

                                               А.Смайыл                                      С.Ферхо   

        

                                               Г.Сейтмағамбетова

        

                                       

Орын. Г.Мукашева

Тел. 74-63-94