Әбенов
Мұрат
Абдуламитұлы

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ нәтижесінде жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
«Егемен Қазақстан» газеті

«Егемен Қазақстан» газеті

№57-58, 2009 жылғы 7 ақпан

 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ  

нәтижесінде жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізілді

 

Өткен жылғы желтоқсанда қа­былданған “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­дер туралы” Салық кодексінің басты мақсаттарының бірі жер қой­науын өндірушілерге салық жүкте­месін ұлғайтып, басқа салаларға азайту болып жоспарланған.

Дегенмен, жаңа Салық кодек­сін­де кейбір баптар керісінше жер қойнауын пайдалушыларға жеңіл­дік­тер беруде. Атап айтқанда, азот диоксиды, күл, күкірт диоксиды, күкірттегі сутегі және меркаптан ілеспе және табиғи газды жағуда бөлінетін ластағыш заттардың тізіміне енбей қалған. Бұл заттар барлық ластаушы заттардың 92 пайы­зын құрайды. Осының сал­дарынан мұнай өндіруші компа­ния­лар шығарындылардың 8 пайы­зына ғана төлемақы төлеуі қажет. Сонымен бірге, өткен жылдары бұл заттардың қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіптілігін ес­кере отырып, оларды экологиялық жағдайға кері әсер ететін заттар құрамына жатқызылған болатын.

Аталған мәселенің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, Мә­жіліс депутаты Мұрат Әбенов Үкі­мет басшысы К.Мәсімовке де­пу­тат­тық сауал жолдаған болатын.

Мәжілісмен М.Әбеновтың ай­туынша, бұл қалыптасқан жағдай мұнай өндіруші өнірлердің эколо­гиялық ахуалына кері әсерін тигізуі ықтимал. Өйткені, мұнай компа­ния­лары ілеспе газды жағуды азай­туға ынталандырудың болмауынан ауаны уландыруды жазасыз жалғас­тыра беруі мүмкін. Сонымен қатар, бұл жағдай мұнай өндіруші өңір­лердің жергілікті бюджеттеріне жоспарланған түсімдердің түспеуіне алып келуі ықтимал. Бұл түсімдер өт­кен жылдары бюджеттерді то­лық­тырып, экологиялық және әлеу­меттік-экономикалық жағдай­ды жақсартуға пайдаланылған бо­ла­тын. Мысалы, Қызылорда облы­сының бюджетінде қоршаған ортаны ластағыш заттардан түсетін төлем көлемі 1 млрд. 500 млн. теңге деп бекітілген. Дегенмен, азот диок­сиды, күл, күкірт диоксиды, күкірттегі сутегі және меркаптан үшін төлем ставкалары белгілен­бе­гендіктен жергілікті бюджетке 1 млрд. 220 млн. теңге қаржы түспеуі мүм­кін. Осындай жағдай басқа мұнай өндіруші облыстарда орын алып отыр. Алдын ала есепте­ме­лерге сәйкес Ақтөбе облысының бюджетіне 15 млрд. теңге, Маң­ғыс­тау облысының бюджетіне 605 млрд. теңге түспеу қауіпі болған. Бұл жағдай экологиялық ахуалды нашарлатып, жоспарланған әлеу­мет­тік бюджеттік бағдарламалардың орындалмауына алып келуі ықтимал.

Осы олқылықты жою мақса­тын­да депутат тарапынан Салық кодексіне түзету енгізу ұсынылған болатын. Ислам банкингі заң жо­басы бойынша жұмыс барысында Салық кодексіне өзгерістер енгі­зіліп, азот диоксиды, күл, күкірт диок­сиды, күкірттегі сутегі және меркаптан ластағыш заттардың тізі­міне қосылды және оларға төлем ставкалары бекітілді. Мәжілістің кезекті жалпы отырысында аталған заң жобасы қабылданды, деп ха­барлады осы палатаның баспасөз қызметі.