Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Түркістан облысына сапар

   Депутат Сауран ауданының Ескі Иқан ауылындағы арнайы іс-сапармен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

  Солардың бірі наубайхананың жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын "Ауыл аманаты" жобасы аясында 7 млн теңге несие алып, осы кәсіпті бастаған. Қазір күніне 1600 дана нан жауып, жергілікті дүкендерге өткізіп жүр екен. Келешекте өнім түрін көбейту жоспарда бар.

  Сапар аясында депутат 40 орынға лайықталған ауылдық емханаға барды. Ауданның бас дәрігері Бақыт Стамқұлов емхананың қазіргі жағдайымен таныстырды.

  Сондай-ақ, «Сауран сүт» ЖШС-інде болды. Өндірістік кооперативте сүт өңдеу зауыты салынып жатыр. Жер көлемі 5 гектар, жобаның құны – 450 млн. теңгені құрайды. Жылына 3,6 мың тонна сүт өнімдері шығару көзделген. Серіктестік директоры Кутлимурод Шерметов цех толық іске қосылғанда, Түркістан және Қызылорда облыстарына өнімдерін өткізетінін айтты.

  Депутат «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Зуаппархан Чалданов және жауапты басшылардың қатысуымен Қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады.

  Қабылдауда азаматтардың жер мен жайылымдық жер, су және т. б. мәселелер талқыланды.

  Отырар аудандық Ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен кездесіп, Президент тапсырмасымен құқықтық реформалар жасалып, қылмыстың заңнамалардың өзгеріп жатқанын, Парламент Мәжілісінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.

  Сонымен қатар  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектептің тынысымен танысты.

 Депутат болып қызметке кіріскен сәтте алғашқы көтерген мәселесі мектеп салу болды. Осы орайда, Үкіметке депутаттық сауал жолдап, республикалық бюджеттен 344 млрд 600 млн теңге бөлдіргенін және Республикалық бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын,  мектептердің құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін әрі мерзімінде аяқталуын ерекше қадағалау керектігін атап өтті.