«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында депутат Бас Прокурордың орынбасары Ә. К. Шындалиевке сұрақ қойды:
Заң жобасының негізгі мақсаты еліміздің қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын оңтайландыру болып табылады.
Қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес қылмыстық іс қозғау үшін Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу жеткілікті. Одан кейін тергеу басталады.
Өздеріңіз білетіндей, бұрын Қылмыстық-процестік кодекстің ескі редакциясында өз тиімділігін дәлелдеген «тергеуге дейінгі тексеру» институты болған.
Тергеуге дейінгі тексеру қылмыс туралы хабарлама тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілді. Дәл осы кезеңде прокуратура көптеген заңсыз әрекеттер мен басқа да теріс пайдалану фактілерін анықтайтын. Барлық жиналған материалдарды бағалағаннан кейін қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданатын.
Қазіргі уақытта депутаттар мен сарапшылар жұмыс тобының отырыстары шеңберінде «тергеуге дейінгі тексеру» институтын қалпына келтіру орындылығы туралы мәселені көтеруде.
Осыған байланысты, тергеуге дейінгі тексеруді қалпына келтіруге қатысты туралы не ойлайсыз?".