Дементьева
Наталья
Григорьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Экология мәселелері

2025 жылғы 18 маусым                                                                      Астана қаласы

Депутат Н.Дементьева экологиялық мәселелер жөніндегі заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысына қатысты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде депутаттарда құрамында асбест бар бұйымдар мен материалдардың адамдардың денсаулығына әсеріне қатысты сұрақтар туындады. Осыған байланысты аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері Астана қ. «QazFiberCement» ЖШС-де болды.

Н.Дементьева атап өткендей, құрамында асбест бар өнім өндірісін қарастыру және құрамында асбест бар өнімді 1-ден 2-санатқа ауыстыру туралы мәселені шешу қажет болды. Депутат әріптестерімен бірге өндірістің адам ағзасы мен жалпы экология үшін қаншалықты қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін оны аралап шықты. Депутаттар қойған барлық сұрақтарға кәсіпорын қызметкерлері жауап берді.

Кәсіпорын 1,5 млн шаршы метр фиброцемент фасадын шығарады. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, аталған фасадтар қыста ғимараттың жылуын сақтай отырып, жылу оқшаулауды арттырады және жазда конденсат түзбейді. Оларда НГ (жанбайтын) және ТҚ (уыттылығы 0) жану сыныбы бар. Бұл адамдардың санитарлық салауаттылығы үшін маңызды. Жергілікті өндірістің құны 5 есе арзан, яғни, «жайлылық» және «жайлылық плюс» сыныбындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метріне арналған бағасынан 1 шаршы метрі 100 000 теңгеге арзан.

ЖШС өнімдері жайлы мектептер мен тұрғын үйлер құрылысында кеңінен қолданылады.

Нысанды аралау барысында алынған ақпарат заң жобасын жұмыс тобында талқылау барысында ескерілетін болады.