2011 жылғы 16 тамыз
Бүгін Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми аймақ активімен кездесті.
Сенат Төрағасы өз сөзінде бұл кездесудің ел өміріндегі ерекше жылы өтіп отырғанын атап өтті.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мәрте айтқандай, Қазақстанның басты құндылығы мен жоғары жетістігі – тәуелсіздік, ол қазақ халқының мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы аңсаған арманы болатын. Сондықтан тәуелсіздікті, егемендікті нығайту Қазақстан Республикасының алғашқы күндерінен бастап аса маңызды саяси басымдық ретінде қарастырылды», деді төраға.
Ел экономикасындағы табыстар мен оң өзгерістерді атап өте келіп төраға «Қазақстанның қарқынды дамуы барлық аумақтардың ортақ еңбегі мен жетістіктерінің нәтижесі болып табылады», деді.
Қ.Мәмидің пікірінше, «Маңғыстау облысында келешегі зор серпінді жобаларды іске асыру мен әлеуметтік-экономикалық саланы қарқынды дамыту үшін зор мүмкіндіктер мен жеткілікті резервтер бар».
Кездесу барысында Қ.Мәми облыс активін жоғары өкілді орган алдында тұрған міндеттер туралы хабардар етті.
Сенат Төрағасы сондай-ақ биылғы жылдың аяғына дейін Парламент Тәуелсіздіктің Жиырма Жылдығы Декларациясын қабылдауға ниеттеніп отырғанын жеткізді. Бұл бастама маңғыстаулықтар тарапынан кеңінен қолдау тапты.
- «Тәуелсіздіктің 20 жылындағы ең бастысы жетістігіміз – ел ішіндегі саяси тұрақтылықтың сақталуы. Тұрақтылықты шайқалтуға жол берілмеуі керек. Кейбір мұнай өндіруші компаниялардағы жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы жанжал саясаттандырылмауы тиіс»,-деді Қ.Мәми.
Сөз соңында Қ.Мәми алқалы кездесуге қатысқан облыс басшылығы мен аймақ жұртшылығына ризашылығын білдірді.
Сапар аясында Сенат Төрағасы кедендік бақылау департаментінің жаңа ғимаратында, облыстық қан құю орталығында, Ақтау-Сити жобасындағы «Аққу» шағын ауданының құрылыс алаңында және «Халықаралық Ақтау теңіз сауда порты» РМКК-ында болды.
Қ.Мәмимен бірге делегация құрамында Сенат Төрағасының орынбасары А.Судьин, депутат М.Бортник және Есеп комитетінің мүшесі Ж.Сәрсенқұлов болды.