Дін – рухани өмір өзегі
Егемен Қазақстан: 30.05.2012
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІV съезі өз жұмысын бастайды
Біз қай діннен, қай ұлттан, қай қауымнан болсақ та өзара құрмет пен төзімділікті басты ұстын етіп өмір сүруге тиіспіз
Астанада 30-31 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтетіні белгілі. Бұл жолғы басқосудың тарихи ерекшелігі – Съезде Дін көшбасшылары кеңесінің алғашқы отырысы болады. Қазақстанда төртінші рет өткелі отырған әлемдегі елдер мен халықтардың қауіпсіздігі және өзара іс-қимылы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын бұл форум жалпыға бірдей үнқатысу алаңы болып табылады. Съезд қарсаңында Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат МӘМИМЕН газет тілшісінің жедел сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақырудағы мақсат не?
– Жердің арғы бетінде болып жатқан кез келген оқиғаның әсерін бар мемлекеттер бірдей сезініп жататыны – бүгінгі жаһандану заманына тән құбылыс. Олар әлемдік дағдарыс, Қиыр Шығыс, Солтүстік Африка елдеріндегі революциялар, Ауғанстандағы ахуал, т. б. Осындай кезде Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен-ақ бейбітшілік пен келісімді қолдаушы ретінде танылған Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосып съезд өткізіп жатса, бұл да оның сол ынтымақ пен тыныштық жолындағы ізгі әрекеті деп түсінген дұрыс. Аузы дуалы, жалған айтады-ау деп күдік келтірмейтін иманы кәміл адамдар ғана тыныштыққа, төзімділікке үндеп, сөзіне сендіріп, ақиқатқа бас идіре алады.
Міне, Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын бір шаңырақ астына жинап, съезд өткізіп отырғанының мәні осында.
– Діндер көшбасшылары IV съезінің алдыңғы форумдардан ерекшелігі бар ма?
– Жалпы, съездің ерекше мәні бар және маңызды шара екені даусыз. Ол тек қабылдайтын тарап үшін ғана емес. Бұл деңгейдегі діндер көшбасшыларының басқосуы халықаралық қоғамдастықтың бәріне де керек.
Қазіргі замандағы күрделі мәселелерді шешудегі Қазақстанның тәжірибесіне әлем назар аударып отыр және ол жан-жақты зерттелу үстінде. Сондықтан мәдени және діни үнқатысуды нығайту жөніндегі бастамаларымыз әлемдегі көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау тауып келеді.
Ерекшелігі сол, съезде Дін көшбасшылары кеңесінің алғашқы отырысы болады. Бұл институт Мемлекет басшысының бастамасымен ІІІ Съездің ұсынысы бойынша құрылды. Кеңес құрамына беделді діни көшбасшылар кіреді және олар форум мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Съезд тақырыбы «Адамзат таңдауы – бейбітшілік және келісім» деп аталады. Секциялық отырыстарда орнықты дамуға қол жеткізудегі діндер көшбасшыларының рөлі, діни және мультикультурализмнің өзара қарым-қатынастары, әйелдер мен жастар өміріндегі діннің ерекше мәні туралы әңгіме қозғалады.
– IV Съезде «Дін және әйел», «Жастар» тақырыптарын көтеруге не себеп болды?
– Әйел-ана және оның құқықтары – бүкіладамзаттық тақырып. Әйелдерді кәсіби қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, зорлықты тыю, білім деңгейін көтеру, оларды қорғау әлемдік проблема болғандықтан, съезде әйел-ана тақырыбының көтерілуі уақыт талабы деп ойлаймын.
Әйелдерді саудаға салу контрабандасының өрістеуіне, олардың ауыр әлеуметтік, психологиялық жағдайын пайдаланып лаңкестік құрбандығы ретінде пайдалануға жол берілмеуі тиіс. Әйелдер тақырыбын съезде көтеру арқылы біз осы мәселеге байланысты барлық шешілмеген түйіндерге әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға тырысамыз.
Жастар тақырыбы да әлемде өте өзекті екені белгілі. Жастардың заманға лайық білім алуын, құқықтары қорғалуын, еңбекпен қамтылуын мемлекет өз деңгейінде шеше алмаса, бұл да әлеуметтік ахуалдың ушығуына әкеліп соғатын фактор. Біз қай діннен, қай ұлттан, қай қауымнан болсақ та өзара құрмет пен төзімділікті басты кредо етіп өмір сүруге тиіс екенімізді олардың санасына сіңіруіміз керек. Ал дін көшбасшылары өздерінің насихаттарында осы тақырыпты жеткізу арқылы әлемде төзімділік пен ынтымақтың салтанат құруына ықпал ете алатыны анық.
– Әлемде басқа да діни форумдар бар екені белгілі. Олардың біздің съезбен байланысы бар ма?
– Танымалдығы және құрамы жөнінен біздің съезд басқа саммиттерден жоғары тұр. Сонымен бірге, біздің форум елдер мен халықтардың қауіпсіздігі және өзара іс-қимылы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын жалпыға бірдей үнқатысу алаңы болып табылады.
Бүгінде біз Өркениеттер альянсымен, Киелі Эджидия қоғамымен, Дохадағы өркениетаралық үнқатысу конференциясымен, Меккедегі халықаралық мұсылман конференциясымен, Мадрид халықаралық форумымен тығыз қарым-қатынас орнаттық.
– Қазақстанның әлемдік деңгейде бірлік пен ынтымақ туралы сөз қозғап, жоғары деңгейде форум өткізуіне моральдық құқық беретін не?
– Біз сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген, өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңалық атаулыны қабылдауға деген ашықтық қасиеттерді қалыптастырған елміз. Сол себепті де Қазақстанның біртұтас халқының бірлігі жарасқан бүгінгі өмірі әлемге шын мәнінде үйренерлік үлгі-жоба бола алады. Осы тұрғыдан қарасақ, мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шеше білген біздің мемлекеттің мұндай жиын өткізуге толық моральдық құқы бар.
Әңгімелескен Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан».