Бүгін, 23.02.2024ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық қабылдауында депутат Д.Наумова азаматтарды жоспарлы қабылдау өткізді.
Келушілер атаулы әлеуметтік көмек, мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз ету, субсидия алудағы қиындықтар, мемлекеттік сатып алу саласындағы реформалар және т.б. сияқты көптеген мәселелерді көтерді.
Әлеуметтік қызметкерлер жұмысының төмен тиімділігіне, мүгедектерді оңалту мәселелеріне және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігіне қатысты өтініштер түсті.
Есірткі таратқаны үшін сотталғандардың ата-аналары мен туыстары қылмыстық істер бойынша шараларды қайта қарап, әділ шешім қабылдауды сұрады.
Депутат Мәжілістегі «Республика» фракциясының мүшелерімен бірге сайлаушылар көтерген мәселелерді шешу үшін парламентте жұмыс істейтін болады.