МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
2024 жылғы 3 қазанда депутат Д.Наумова Мәслихат депутаттарының республикалық форумына қатысты.
Форумға мәслихат депутаттары, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, т.б. қатысты.
Форум барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру контекстіндегі өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ мәслихаттардың мәселелерін талқылады.