04.03.2024
Депутат Д.Р. Наумова Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысына қатысты
2024 жылғы 4 наурызда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Киберқылмыспен күрестің өзекті мәселелері» тақырыбында кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізді.
Отырысқа Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен заңгерлер қатысты. Талқылау барысында мәжілісмендер уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, киберқылмыспен күреске қатысты ұсыныстарын айтты. Олардың барлығы тиісті комитет қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесінде қарайтын ұсыныстарға енгізіледі.