Депутат Д.Наумова ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысына қатысты
Бүгін, 14.06.2024ж. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары палаталардың бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасын парламентарийлер көтерген және Мемлекет басшысының сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасының мақсаты - сот жүйесін одан әрі дамыту болып табылады. Атап айтқанда, судьяларға қатысты өрескел заң бұзушылық фактілері бойынша істі қарау кезінде Сот жюриінің материалдарды тексерудің жаңа тетігі енгізілуде, бұл судьялар тарапынан орын алған бұзушылықтарға тиімдірек ден қоюға мүмкіндік береді. Түзетулер сондай-ақ Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін өзгертеді, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді.