МӘЖІЛІСМЕН "РАХАТ-ШЫМКЕНТ" ФАБРИКАСЫНА БАРДЫ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы мен Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы, Еңбекші аудандық әкім орынбасары Амангельдиев Досалы Жайлауұлы Еңбекші ауданында орналасқан «Рахат-Шымкент» ЖШС жұмысы барысымен танысып, қызметкерлермен кездесіп, қызметкерлердің ұсыныс талап-тілектерін тыңдап қайтты.
«Рахат-Шымкент» фабрикасы Шымкенттегі ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын заманауи құрал – жабдықтармен жабдықталған. Сонау 1992 жылы кондитерлік фабрика ретінде құрылып, бүгінде бәсекеге қабілетті алып компанияға айналған «Рахат» еліміздегі кондитерлік нарықтың көшбасында тұр. Бүгінде бұл компанияның өнімдері әлем елдеріне де танымал. Тіпті, шетелдіктер Қазақстан дегенде, «Қазақстан» плиталық шоколадын тілге тиек етеді. Сондықтан да «Қазақстан» шоколады базарлықтың таптырмас түріне айналды.
Мармелад, қантты күлше және басқа да кондитерлік өнімдері ТМД, Европа және Азия елдерінің нарығына шығарылады.
Кәсіпорында «AMANAT» партиясының сайлауалды тұғырнамасын орындау жөнінде сөз болды.