«Ақ жол» партиясы Бас прокуратураны салықтық заңнамаға түсінік беру және берілген саладағы құқыққолданушылық практика жағдайларын жиынтықтау функцияларымен қамтамасыз етуді ұсынады
«Ақ жол» партиясы Бас прокуратураны салықтық заңнамаға түсінік беру және берілген саладағы құқыққолданушылық практика жағдайларын жиынтықтау функцияларымен қамтамасыз етуді ұсынады – бұл туралы партия төрағасы Азат Перуашев ҚР Парламентінде салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өткен коференцияда мәлімдеді.
Депутаттың айтып өткеніндей, отандық кәсіпкерлердің көбіне оларға салықтық әкімшілендіруде дұрыс қадамдарға жол сілтей алатын «нақты тірегі» жоқ. Тіпті, қаржы министрлігінің, салық комитетінің басшыларымен берілген түсініктер 3-4 жылдан соң қайта қаралып, осы есептер бойынша жүздеген миллион сомаға дейін айыппұлдар мен жетпеген аударымдар төлеттіріліп, кәсіпорындардың қүйреуіне әкеліп соққан мысалдар да бар.
Парламенттік оппозиция көшбасшысы бизнес-қауымдастық үшін салықтық заңнамаға түсінік беру өкілеттігі бар, сондай-ақ жалпыға міндетті құқықтық позицияларды тұжырымдау үшін бар жағдайларды жинақтай алатын инстанцияға аса қажеттілік туындап отыр деп есептейді.
Бұл мәселе бойынша «ақжолдықтар» көрші Ресейдегі оң тәжірибеге сүйеніп отыр, онда осындай іс-әрекетті Конституциялық сот атқарады. Дәл онымен заңнаманың даулы нормаларына түсінік беру жүзеге асырылады және ол соның ішінде соттар үшін де міндетті. Осы институттың арқасында мемлекеттің де, жүздеген кәсіпорындардың да заңды мүдделері қорғалған, салық салудың жаңа қағидаттары жасақталып, кейін заңнамада іске асырылған.
Өкінішке орай, Қазақстанда даулы жағдайларда құқыққолданушылық салықтық практиканы түзетіп отыратын құрылым жоқ, бұл салықтық әкімшілендірудің де, жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерліктің де әрі қарай дамуын анық тежеп отыр.
Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы аталған функцияларды бүгіннің өзінде құқыққолданушылық практиканы тиімді бақылап отырған, соның ішінде салық салу мәселелері бойынша, Бас прокуратураға жүктеуді ұсынады. Онымен қоса «Прокуратура туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, заңды білмеу және дұрыс түсінбеу заңның, не азаматтардың құқығы мен бостандығының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкіндігі туралы жеткілікті негіздердің болуы кезінде дәл прокурордың өзі Заңға түсінік береді.
Азат Перуашев айтып өткендей, «Ақ жол» партиясы атынан парламенттік оппозициямен қазақстандық кәсіпкерлер мүддесі тұрғысынан салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша заң жобасы дайындалған, оны ҚДП Парламенттің күзгі сессиясында Салық комитетінің осыған ұқсас түзетулерімен бірге енгізуді ойластырып отыр.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, а.ж. 17 мамыры.