Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азат Перуашев: Ауыл шаруашылығына салық салудағы орын алып отырған жағдай ұлттық экономика мүддесіне тікелей түрде қайшылық етеді.

         Азат Перуашев: Ауыл шаруашылығына салық салудағы орын алып отырған жағдай ұлттық экономика мүддесіне тікелей түрде қайшылық етеді.

 

         Ауыл шаруашылығына салық салудағы орын алып отырған жағдай ұлттық экономика мүддесіне тікелей түрде қайшылық етеді -  бұл туралы парламенттік оппозиция көшбасшысы Азат Перуашев ҚР Парламентінде салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша  өткен конференция барысында мәлімдеді.

         «Ақ жол» ҚДП төрағасы хабарлағандай, 2011 жылдың шілдесінде Салық кодексіне өзгертулер енгізілген болатын, соған сәйкес ҚҚС бойынша  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған 70 пайыздық жеңілдік тек заңды тұлғалармен ғана қолданыла алады. Сонымен қатар, бұрынырақ бұл жеңілдікті «Шаруашылық және фермерлік қожалық туралы» Заңының 1 бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік формасында құрыла алатын фермерлік және шаруашылық қожалықтары пайдаланған болатын. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығындағы барлық кәсіпорындардың 90 пайыздан астамы осы форматта жұмыс жасауда, және дәл солар біздің селолар мен ауылдардағы тұрғындардың негізгі бөлігін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.      

         «Осылайша, көрсетілген түзетуді енгізу арқылы салық органдары ауыл шаруашылығы мен ауыл халқының басым бөлігін мемлекеттік қолдаудан айырып тастады» - деп Азат Перуашев атап өтті.

 

         Бұдан басқа, көрсетілген ҚҚС-ның 70 пайыздық жеңілдігі барлық ауыл шаруашылығына емес, тек заңда көрсетілген секторларына ғана қолданылады, - бұл ет өнімдерінің өндірісі; жемістер мен көкөністердің қайта өңделуі; май, нан өндірісі және т.б. Депутаттың ойынша: «Мұндай қадам заңдастырылған теңсіздікті ұйғарады: сонда агроөнеркәсіптік кешеннің бір секторлары өздері үшін жеңілдікті «басып» ала алса, ал басқалары ала алмады, алайда олардың барлығы ұқсас жағдайларда жұмыс жасауда». 

         «Жеңілдікті алушылар тізімінде жем өндірушілер жоқ – және біздің  мал өсірушілер отандық өсімдік шаруашылығының бар екендігіне қарамастан жемді шетелден сатып алады; бұл тізімде тері өңдеу де жоқ – және қазақстандық терілер Қытайда өңделіп, елімізге дайын былғары өнімдері түрінде қайтарылуда, т.б.» - деп депутат нақты мысалдар келтірді.

 

         «Ауыл шаруашылығына салық салу бойынша орын алып отырған жағдайды жол бергісіз және Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмаларына тікелей қарама-қайшылық етеді деп есептеймін – деп парламенттік оппозиция көшбасшысы ерекше атап өтті - «Ақ жол» партиясы ҚҚС бойынша жеңілдікті норманы шаруашылық және фермерлік қожалықтарды қоса алғанда барлық ауылға қайтаруды талап етеді. Сонымен қатар біз ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық секторларына бірдей қолдау  жасауды қажет деп ұйғарамыз, тек өз мүдделерін қорғай алғандарға ғана емес.

         «Әңгіме тек экономика туралы емес, бәрінен бұрын біздің ауылдықтар, елді-мекен тұрғындары және олардың жұмыс орындары туралы болып отыр» - деп Азат Перуашев ерекше атап өтті.

 

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, а.ж. 17 мамыры