Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Партия "Ак жол" изучает вопрос о создании при центральном руководстве партии Совета депутатов местных маслихатов, избранных от ДПК "Ак жол".
«Ақ жол» ҚДП партияның орталық басшылығының жанынан «Ақ жол» ҚДП атынан сайланған жергілікті мәслихаттар депутаттарының Кеңесін құру туралы мәселені қарастыруда

 

«Ақ жол» ҚДП партияның орталық басшылығының жанынан «Ақ жол» ҚДП атынан сайланған жергілікті мәслихаттар депутаттарының Кеңесін құру туралы мәселені қарастыруда

 

«Ақ жол» ҚДП партияның орталық басшылығының жанынан «Ақ жол» ҚДП атынан сайланған жергілікті мәслихаттар депутаттарының Кеңесін құру туралы мәселені қарастыруда. Бұл бастама партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Талғат Құрманғалиевпен көтерілген болатын, себебі «Ақ жол» атынан сайланған жергілікті мәслихаттар депутаттарының басым көпшілігі осы аймақта – 12 («Ақ жол» құрамында Парламент Мәжілісінің 8 депутатынан басқа облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 52 депутаты бар).   

Алайда Атырау облыстық филиалы (жергілікті мәслихаттарындағы 10 депутаттың) делегациясының пікірі бойынша, мұндай Кеңес формальді болып қалады, себебі «Ақ жол» депутаттарының басым бөлігі – жұмыс кестесі тығыз болып табылатын кәсіпкерлер, олар үшін партияның Орталық кеңесінің пленумына қатысу жеткілікті.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП ОК мүшесі, Ауыл шаруашылығы іскерлік кеңесі төрағасының орынбасары Арман Евниев Жергілікті мәслихаттар депутаттарының кеңесі жұмысын Астанаға бару үшін болатын еш шығынсыз электронды форматта ұйымдастыруды ұсынды. Бұл формат депутаттар позицияларын он-лайн режимінде үйлестіруге, ал отырыстарды бейне-конференциялар түрінде өткізуге мүмкіндік береді.    

«Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің пленумы филиалдар төрағаларына аталған мәселені жергілікті жерде өздерінің депутаттарымен талқылауды ұйымдастыруға тапсырма берді.

 

А.ж. 26  мамыры, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі