«Ақ жолдың» партиялық комиссиясы партияның Ақтөбе облыстық филиалындағы даулы жағдайды қарастыратын болады
«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы Партиялық комиссияға партияның Ақтөбе облыстық филиалындағы даулы жағдайды қарауды тапсырды. Аталмыш филиалды 2002 жылы құрылғанынан бастап аймақтағы белгілі қоғам қайраткері, бұрынғы Парламент депутаты Ізімғали Көбенов басқарып келеді. Алайда 2009 жылдан бері филиалдың облыстық кеңесінің басшылығында дау туып келеді, солардың нәтижесі бойынша бүгінгі күнге дейін 4 облыстық конференция Көбенов мырзаны филиал төрағасы қызметінен босату туралы шешім шығарды. Сонымен бірге, оны осы лауазымға қайта тағайындаушы баламалы конференциялар өткізіліп келеді. Бұл даулы жағдай Ақтөбе облысынан қатар екі баламалы делегация келген партияның соңғы съезінің барысында байқалды.
А.ж. 19 мамыры күні 12 аудандық партиялық ұйымның 7-нің талабы бойынша шақырылған, кезекті рет қазіргі төрағаға сенімсіздік білдірген және жаңа төраға орнына Арал Сатыбалдиннің кандидатурасын сайлаған кезектен тыс облыстық конференция өткізілді. Конференция хаттамасы мен аудандық партиялық ұйымдардың делегаттарды сайлау туралы шешімдерінің көшірмелері ҚДП Орталық кеңесінің пленумына берілді (Жарғыға сәйкес, «Ақ жол» ҚДП облыстық конференцяиларының филиалдар төрағаларын сайлау туралы шешімдері ОК пленумының бекітуіне жатады). Филиалдың жаңа төрағасына ұсынуды партия төрағасының аймақтық мәселелер бойынша кеңесшісі Берік Дүйсембинов енгізді.
Сонымен бірге, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Ізімғали Көбеновтің партияның Пленумы отырысына қатыспауының себебі туралы түсіндірмесі бар партия басшылығына жолдаған хатын оқып берді. Азат Перуашев сондай-ақ Орталық кеңес мүшелерінің назарын ұйымның қалыптасу, жікке бөліну және қайта өркендеуінің ең ауыр кезеңдерінде филиалды басқарған, Ақтөбе облысында «Ақ жол» партиясының негізін қалаушының еңбегіне құрметпен қарау қажеттілігіне аударды. Даулы жағдайды екінші тараптың қатысуынсыз талқылаудың әдепке жатпайтындығын атап, партия төрағасы мәселені жақында құрылған Партиялық комиссияның қарауына беруді ұсынды.
Пленум аталмыш даулы жағдайды шешім жобасын бір айлық мерзім ішінде шығару ұсынысымен «Ақ жол» ҚДП Партиялық комиссиясының қарауына беруді бекітті.
Анықтама: «Ақ жол» ҚДП-ның Партиялық комиссиясы – партиялық органдардың, партия мүшелерінің партияішілік арақатынастары бойынша және партиялық этика мәселелері бойынша дауларды төрелік қарау үшін партия Жарғысына 2011 ж. қарашасында енгізілген түзетулерге сәйкес, 2012 жылдың қаңтарында құрылған тәуелсіз партиялық орган. Партиялық комиссияның төрағасы - Андрей Линник, комиссия мүшелері - Виталий Ерохин, Нұрлан Жазылбеков, Меруерт Қазбекова және Серікбай Ташенов.
А.ж. 26 мамыры, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі