Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азат Перуашев: "Ақ жол" ҚДП-ның саяси бағдары президенттік-парламенттік басқару нысаны болып табылады". Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың парламенттік фракциялар жетекшілерімен болған кездесуінің қорытындысын "Ақ жол" ҚДП-ның фракциясының отырысында талқылады.

         Азат Перуашев: «Ақ жол» ҚДП-ның саяси бағдары президенттік-парламенттік басқару нысаны болып табылады». Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың парламенттік фракциялар жетекшілерімен болған кездесуінің қорытындысын «Ақ жол» ҚДП-ның фракциясының отырысында талқылады.   

 

         «Ақ жол» ҚДП-ның басты саяси бағдары президенттік-парламенттік басқару нысаны болып табылады – бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев 4 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың парламенттік фракциялар жетекшілерімен өткен кездесуінде мәлімдеді. Дәл осындай қадам туралы, үкімет пен министрліктердің ел парламентіне есеп беруге міндеттілігін қозғай отырып, Президенттің өзі де бірнеше мәрте айтқан болатын.

         Әңгіме барысында сонымен қатар партия төрағасымен «Ақ жолдың» бизнеске түсетін кедендік және салықтық ауыртпашылықтарды азайту, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бойынша ұсыныстары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу үшін 0 % деңгейінде ҚҚС-тың бірыңғай салалық мөлшерлемесін енгізу қажеттілігі айтылды.  

         Парламенттік фракция жетекшілерінің Мемлекет басшысымен болған кездесуінің  қорытындысы «Ақ жол» ҚДП фракциясының кеше өткен отырысында талқыланды. Фракцияның кезекті отырысы «Арқанкерген» бекетінде қаза тапқан шекарашыларды еске алу құрметіне орай бір минуттық үнсіздікпен басталды. Фракция депутаттары қаза тапқандардың отбасыларына бір күндік жалақыларын аудару туралы шешімдерін мәлімдеді.    

         Депутаттар назарына Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы заң жобасы бойынша Үкіметтің теріс қорытындысына қарамастан, партия филиалдары жанынан мемлекеттік тілді оқыту мектептерін ашу бойынша жұмысты жалғастыру туралы Орталық кеңестің шешімі жеткізілді. 

         Сонымен қатар, рұқсат беру құжаттарын азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері жөнінде түскен заң жобасы бойынша, соның ішінде бұдан бұрын «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев мәлімдеген салықтық даулар бойынша талап ету мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту туралы фракцияның позициясы келісілді.   

           Фракцияның кезекті көшпелі отырысын 16 маусым күні Атырау қаласында өткізу шешілді.

 

2012 жылғы 5 маусым, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі