Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Әлеуметтік қорғау министрлігінің депутаттарға емес, керісінше балалар мен зейнеткерлерге жаны ашуы тиіс - Азат Перуашевтің еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің айтқан сөзіне қатысты түсіндірмесі.
Әлеуметтік қорғау министрлігінің депутаттарға емес, керісінше балалар мен зейнеткерлерге жаны ашуы тиіс – Азат Перуашевтің еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің айтқан сөзіне қатысты түсіндірмесі

Әлеуметтік қорғау министрлігінің депутаттарға емес, керісінше балалар мен зейнеткерлерге жаны ашуы тиіс – Азат Перуашевтің еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің айтқан сөзіне қатысты түсіндірмесі. 

 

Әлеуметтік қорғау министрлігінің депутаттарға емес, керісінше балалар мен зейнеткерлерге жаны ашуы тиіс – «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың аталмыш орган қызметінің қорытындысы бойынша жақын арада өткен баспасөз-конференциясында айтқан сөзін осылайша түсіндірді.

 

Бұдан бұрын «Ақ жол» партиясының тарапынан айтылған сынға жауап берген министр былай деді: «..егер сын министрлікке қатысты және негізделген болса, онда барынша қорытынды шығаруға тырысамыз. Ал егер ол конструктивті болмаса, бұл менің өкінішімді тудырады» («Время» газетінің интернет-сайты бойынша).

 

Осыған байланысты, партия көшбасшысы келесідей түсіндірме жасауды керек деп шешті:

-         «Мен Гүлшара Әбдіхалықоваға жауапкершілікті кәсіби маман және тамаша адам ретінде қараймын. Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сыни ескертпелерін «конструктивті емес» екенімен келісе алмаймын».

 

Декреттік жәрдемақыларды төлеудегі көбейіп бара жатқан қаржылық махинациялар, жаңа туылған сәбилер мен олардың аналарының әлеуметтік теңсіздігі, министрліктің өздерінің жаңылыс есебі нәтижесінде пайда болатын «бюджеттің жырықтарын» жұмыс берушілердің щын мәніндегі реакциясын есепке алмай, қосымша төлемдерді олардың мойнына аудару есебінен жабуға талпынысы (жас келіншектерді жұмысқа алудан бас тарту түріндегі) – осының барлығы өкінішке орай біреудің ойдан шығарғаны емес, фактілер.   

«Ақ жол» партиясының көзқарасы бойынша мемлекет үшін барлық балалар бірдей қымбат болуы тиіс, сондықтан баланың дүниеге келуі бойынша бюджеттен төленетін декреттік жәрдемақылардың да көлемі жағынан тең болуы тиістігін біз бұрын айтып өттік. Өкінішке орай бүгінгі күні басқаша жағдай орын алып отыр: мемлекет байдың балаларына миллиондап төлесе, ал кедейдің балаларына тиындап төлеп отыр.  

Айта кететіні, тәуелсіз сайттардың бірінің ұйымдастыруымен өткен интернет арқылы дауысқа салуда «Ақ жол» партиясының теңдей декреттік жәрдемақыға өту туралы ұсынысына интернетті пайдаланушылардың 70 %-дайы қолдау білдірді.

Өкінішке орай осы ұсынысты әлеуметтік әділдік (барлық адамдар тумысынан тең дәрежелі – бұл өркениетті қоғамның негізгі қағидаттарының бірі) немесе экономика (төлемдердің бірдей көлемде болуы аталған саладағы алаяқтықты мәнсіз етеді) тұрғысынан қарастырудың орнына өкілетті орган «өзің сондайсың» қағидаты бойынша пікірталасқа көшіп отырғаны өкінішті. Бұл жауап халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік басқару құзыретінің деңгейін көрсетеді. 

Ал бұл жағдай бойынша министрдің айтқан «аяушылығына» қатысты алсақ, мен әрине оған өз ризашылығымды білдіремін. Алайда, депутаттар мен министрлерге қарағанда, аяушылықты аналары банктер мен ұлттық компанияларда емес, ауылдар мен бюджеттік мекемелерде жұмыс жасағаны үшін лайықты декреттік жәрдемақылардан қағылып отырған жаңа туылған сәбилер қажетсініп отыр.    

Еңбек министрлігінің мұқият ойластырылмаған бастамасы кесірінен жұмысқа алынбай қалатын жас келіншектерді немесе министрліктің зейнеткерлік жасын ұлғайтуды көздеп отырғанына қатысты егде жастағы әйелдерді аяу қажет.

Сонымен бірге, Азат Перуашев пікірталастың артықтау қызбалығын атап өтіп, пікірталасты конструктивті арнаға аударуға өзінің дайын екендігін білдірді: 

«Менің жұмысты қайта қарау қажеттілігі туралы берген бағам Гүлшара Наушақызына қатысты емес, себебі мен оны ақылды және сыпайы адам ретінде білемін. Алайда декреттік жәрдемақыларға, басқа да бірқатар әлеуметтік проблемаларға қатысты мемлекеттік органның саясатының қателігі айқын. Және бұл қателіктерді жоюда еңбек министрлігі белсенді қызмет атқаруы тиіс», - деп атап өтті депутат.

 

 

2012 жылғы 28 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі