Кәсіпкерлердің салалық одақтары «Ақ жол» партиясына салықты есептеудің қазіргі қолданыстағы аванстық әдісін қаржының нақты түсімі бойынша есептеу әдісімен (кассалық әдіс) ауыстыру қажеттілігі туралы ұсынысын жеткізді.
Кәсіпкерлердің салалық одақтары «Ақ жол» партиясына салықты есептеудің қазіргі қолданыстағы аванстық әдісін қаражаттың нақты түсуі бойынша есептеу әдісімен (кассалық әдіс) алмастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Аталмыш ұсыныс «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшелері Азат Перуашев пен Азамат Әбілдаевтің сайлаушылармен өткізген кездесуі барысында айтылды.
Кездесуге партия төрағасының орынбасары Талғат Әбдіжаппаров, ҚР тамақ өнеркәсібі одағының төрағасы, «Рахат» АҚ президенті Анатолий Попелюшко, ҚР құрылысшылары одағының төрағасы, «Стройкласс» АҚ президенті Талғат Ерғалиев, Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любовь Худова, «Атамекен» ҰЭП сарапшысы Алма Нұрғожаева және басқалары қатысты.
Азат Перуашев кездесудің басты мақсаты әрбір сайлаушыға «Ақ жол» ҚДП фракциясы депутаттарының қызметі туралы ақпаратты жеткізу, фракцияның әрі қарайғы жұмысы үшін сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинау екендігін атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаладан туындап отырған Президент Н.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстары талқыланды. «Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекетімен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және т.б. байланысты біздің ұсыныстар ақыр соңында аталған бағдарламаны тиімді жүзеге асыру жолында жәрдемдесуге бағытталған», - деп «Ақ жол» партиясының төрағасы атап өтті.
Осыған байланысты ҚР тамақ өнеркәсібі одағының төрағасы, «Рахат» АҚ президенті Анатолий Попелюшко кәсіпорындардағы жұмысшылар біліктіліктерінің төмендеп бара жатқандығына алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуы бойынша, аталмыш факторға тек білім саласындағы мәселелер ғана емес, сондай-ақ мамандардың жиі ауысуы да кері әсерін тигізіп отыр, осыған орай еңбек өтілінің ұзақтығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ Анатолий Попелюшко білім стандарттарының білім министрлігінің шенеуніктерімен емес, салалық бизнес-қауымдастықтардың мамандарымен дайындалған кәсіби стандарттар негізінде әзірленуі тиіс екендігін атап өтті.
Кездесуде «Ақ жол» ҚДП Фракциясының білім беру мекемелерінен 100 метр радиуста алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуды алып тастау жөніндегі жақында көтерілген бастамасына ерекше мән берілді. Партия көшбасшысы атап өткендей, аталған норма өте өзекті болып табылады. Себебі сауда мен қоғамдық тамақтандыру шағын кәсіпкерлік қызметінің басты секторы болып табылады. Бұл жерде алкоголь өнімдерін сатудан түскен табыс белгілі бір бөлігінің бағасы (мысалы, нан бағасы) бақылаушы органдармен реттеліп отыратын басқа өнімдерден келер шығынды жабуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Азат Перуашев тіпті ең кішкентай дүкеннің өзі 3-тен 5 адамға дейінгі жұмысшыны және олардың отбасыларын жұмыспен және қажетті қаражатпен қамтамасыз ететіндігін, осыған байланысты жаңа жұмыс орындарын ашуды тежейтін 100 метр туралы норманың айтарлықтай әлеуметтік маңызын есепке алуды қажет деп санайды. Нақты сектор өкілдерін қоса алғандағы кездесуге қатысушы кәсіпкерлер 100 метр туралы талапты алып тастауды қолдайтындары жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Кездесуде қазіргі кездегі өндіріске, энергия монополистерінің қызметтеріне тарифті қалыптастыруға, әкімшілік кедергілерге, салық салу саласына қатысты мәселелер, сондай-ақ ШОБ-ке жатқызу критерийлері талқыланды.
Анатолий Попелюшко салықты есептеудің қазіргі қолданыстағы әдісіне қатысты көңілінің толмайтындығын білдірді: «Бизнес ашқан бойда, тіркелген бойда саған бірден төлеу қажет. Не үшін төлейміз сонда? Егер жұмысыңды бастап та үлгермесең, қай қаржы айналымынан төлейсің? Декларацияны тапсырғанда қандай да бір сәйкессіздік болса, айналымның 40 %-ына дейінгі көлемде айыппұл салынады. Қалай жұмыс істеуге болады сонда?». Ол бірқатар еуропа елдерінде қатысты мысалдар келтірді. Мәселен, ол жерлерде салықты есептеу нақты түскен қаржы бойынша жүргізіледі (кассалық әдіс), осыған байланысты салық есебі 18 айдан кейін, есеп беру кезеңі аяқталған соң жабылады. «Бұл салық органдары мамандарына айтарлықтай қолайлы емес, алайда бизнесті жоқ табысы үшін төленетін салықтан босатады, соның ішінде аванстық төлемдердегі дәлсіздіктерге салынатын айыппұлдардан құтқарады», - дейді кәсіпкер.
Тамақ өнеркәсібі, құрылысшылар және жеңіл өнеркәсіп қауымдастықтары «Ақ жол» партиясының депутаттарына салық заңнамасына түзетулер енгізу кезінде қазіргі қолданыстағы аванстық әдістің орнына салық салудың кассалық әдісіне көшуді қарастыруды ұсынды.
Ал жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любовь Худова қазіргі кездегі амортизациялық саясат мәселесін көтерді. Себебі, соған сәйкес ғимараттар мен құрал-жабдықтарды жөндеуге жұмсалған шығын оларды осы жөндеу сомасының көлеміне қымбаттауға алып келеді, ал шын мәнінде жөнделген станоктар жаңасынан қымбат бола алмайды: «Егер сіз жол-көлік оқиғасынан кейін автокөліктің бүлінген корпусын түзетіп және сырлап қойсаңыз, ол бәрібірде жаңа көліктен жақсы әрі қымбат бола алмайды», - дейді Любовь Худова.
Сондай-ақ кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясының төрағасынан қазіргі кезде бекітілген 9 саланың орнына, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеудің барлық салалары үшін ҚҚС-ның жеңілдікті түрін қолдануды талап етуді сұрады. Олардың мәліметтері бойынша, іріктеу қатынастары нәтижесінде біз толығымен өзіміздің қант өндірісімізді, былғары өңдеуді, жем өндірісін және т.б. тоқтатып тастадық. Осы секторлардың әрқайсысында ондаған кәсіпорындар жұмыс істеді.
Кездесуге келген жас сайлаушылар – мамандар мен кәсіпкерлер де көптеген сауалдарын қойды. Кедендік Одақ аясындағы отандық өндірістік сектордың даму болашағы қозғалды.
Азат Перуашев кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен мәселелердің «Ақ жол» фракциясы депутаттарының әрі қарайғы жұмысында пайдаланылатындығын айтып сендірді. Сондай-ақ депутат өз әріптестеріне ақпан айындағы үкіметпен кері қайтарылғандығына қарамастан, «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу туралы» заң жобасының дайындаушылармен қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу бойынша заң жобасының тұжырымдамасына қайта қосылғандығын хабарлады. Кәсіпкерлікке қатысты айтарлықтай кедергі келтіретін шаралар үкіметтің алдағы күз мезгілінде парламентке енгізгелі отырған «Азаматтық қорғаныс туралы» заңының жобасында да қарастырылған.
«Мұның барлығы бізді алда үлкен жұмыстың, мемлекеттік органдармен өткір пікірталастардың күтіп тұрғандығын көрсетеді», - деп ескертті Азат Перуашев және кәсіпкерлерді осы пікірталастардан шет қалмауға шақырды.
2012 жылғы 27 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі