Азат Перуашев: Бала туу бойынша жәрдемақы сомасының ананың табысына байланыстылығы балаларды дискриминациялаудың нысаны болып табылады. Мемлекет үшін барлық жаңа туылған нәрестелер бірдей дәрежеде қымбат болуы тиіс.
Бала туу бойынша жәрдемақы сомасының ананың табысына байланыстылығы балаларды дискриминациялаудың нысаны болып табылады – бұл туралы Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламентінің депутаты Азат Перуашев бүгін ҚДП парламенттік фракциясы депутаттарының ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықовамен өткен кездесуінде мәлімдеді.
Жуырда «Ақ жол» партиясы депутаттар тобының баланы туу бойынша декреттік жәрдемақыны төлеу міндеттерін мемлекеттік бюджеттен – жұмыс берушілерге аудару жөніндегі ұсынысын қатты сынға алғаны белгілі. Осыған байланысты: «мұндай жағдайда жұмыс берушілер бала туу жасындағы әйелдерді жұмысқа қабылдауды тоқтата салады», - деп атап өтті Азат Перуашев.
Бүгін, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, бала туу бойынша жәрдемақының «тек бір бөлігін», ананың еңбекақысы 174 мың теңгеден асатын болса ғана, кәсіпорындарға жүктеу туралы әңгіме айтылғанын түсіндіруге тырысты. Бұның сыртында министрлікте осы шараға жиілеп кеткен: жұмыс істемейтін жүкті әйелдер алаяқтардың ұсыныстары бойынша көзделген мерзімнен 1-2 ай бұрын аса жоғарылатылған еңбекақысы бар «жұмысқа» тұрады және осының негізінде негізгі бөлігі суайттықтың ұйымдастырушыларына кететін миллиондаған сомаларды алып отыратын алаяқтық оқиғалары себепші болғанын тілге тиек етті.
Осыған байланысты, Азат Перуашев бала туу бойынша жәрдемақы сомасы ата-ананың табысына тікелей байланысты етіп қоятын фактінің өзін теріс деп атаған. «Бір балалардың тууына миллиондаған сомаларды, және басқа балалардың тууына – тиындап төлеп, біз әлеуметтік теңсіздікті ұлғайтамыз» - деп парламенттік оппозицияның лидері атап өтті, - Сол арқылы қазіргі жүйенің өзі қиянаттар мен алаяқтық сызбаларына ахуал жасап отырады».
«Мемлекет үшін барлық жаңа туған нәрестелер бірдей қымбат болуы тиіс, сондықтан бала туу бойынша жәрдемақылар да ата-ананың әлеуметтік мәртебесі мен табыстарына байланысты болмауы тиіс, - деп санайды Азат Перуашев – Басқаша айтқанда, ұлттық компаниялар мен банктердің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар олардың балалары да қарапайым жұмыскерлер мен жұмыссыздардың балаларына қарағанда көп артықшылықтарға ие болып тұр».
«Бүкіл адамдарды туғаннан тең екенін тану – еуропалық Өркендеу дәуірінен, буржуазиялық төңкерістерден, бүкіл либералдық идеологиялар мен дүниежүзінің демократиялық мемлекеттердің тарихынан бастап заманауи өркениеттің негізгі мазмұны болып табылды.
Азат Перуашев Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бала туу бойынша жәрдемақыны есептеу қағидатын ата-аналардың табыстарына байланысты емес тең төлемдерге ауыстыруды ұсынды. «Сонда біз біздің балаларымыз бен олардың аналарының тең құқықтарын қамтамасыз етеміз, бұның сыртында осының салдарынан біз алаяқтық сызбаларға тосқауыл қоямыз»- деп «Ақ жол» төрағасы түсінідіріп берді.
Азат Перуашев сонымен қатар жұмыс берушінің тарапынан қосымша ерікті төлемдерді ынталандыру үшін осындай сомаларды салық салғанда шегеруге жатқызуды ұсынды. «Бұл сіздердің жобаларыңызда ұсынылатын «қол бұрау» емес, кәсіпорындардың өз мүмкіндіктерінен шығатын қосымша жәрдемақыларға нақты жәрдем болар еді» - деді депутат.
Парламент Депутаты Екатерина Никитинская да «Ақ жол» партиясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қазіргі тәсілдемесінің қолайсыздығына, үн қоса беретіндігі туралы атап өтті. «Балаларды туу бойынша төлемдердің қандай да бір сомасынан аударуды бюджеттен жұмыс берушіге ұсынсаңыз да, мұндай шешім мемлекеттік органдардың өз міндеттерінен жалтару және оларды кәсіпкерлерге жүктеу бойынша кезекті қадам болып қалады. Және осы қадам соңғы болатынына күмәнданамыз.
Мұндай жағдайда сіз не әлеуметтік салықты барабар қысқартуыңыз қажет, не көптеген жас әйелдерді жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны үшін жауапкершілік алуыңыз қажет, деп атап айтты депутат, - себебі мемлекеттік органдарға қарағанда, жеке кәсіпорындар тіпті игі мақсаттарға да ақша жұмсар алдында, әуелі сол ақшаға ие болулары, оларды еңбекпен табулары керек».
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова министрліктің қызметкерлеріне парламенттік оппозицияның ұсыныстарын зерттеуге тапсырма берді. Сонымен қатар ол, жақында Азат Перуашевпен сынға алынған, басқа тәсілдеме ведомствомен әзірленгендіктен, оларды бірден қабылдауға дайын емес екенін мәлімдеді.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, 2012 жылғы 19 шілде.