Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекеті әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының ажырамас бөлігі атануы тиіс - Азат Перуашев.
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекеті әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының ажырамас бөлігі атануы тиіс – Азат Перуашев

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекеті әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының ажырамас бөлігі атануы тиіс – Азат Перуашев.

 

 

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрекеті әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының ажырамас бөлігі атануы тиіс – бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен ұсынылған әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын талқылауға орай бүгін ұйымдастырылған «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесінің пленумында партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық табыстардың әділетсіз түрде қайта үлестірілуі орын алатын басты арна болып табылады. Бұл өз кезегінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтыққа, әлеуметтік теңсіздікке және өндірістік еңбек пен еңбек табыстарын дискредитациялауға алып келеді. Ал бұл мәселе «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты әлеуметтік жаңғырту бағдарламасындағы басты идеяға түбегейлі қарама-қайшы» - деп Азат Перуашев атап өтті.

  А.Перуашев белгілі экономист Қанат Берентаевтың зерттеулеріне сүйене отырып, оның бағалауы бойынша жыл сайын мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы 2-ден 3 миллиард долларға дейінгі қаржының пара түрінде жоғалатындығын айтты.

«Ал басты мәселе – сатып алу процедураларының оффшорлық аймақтар арқылы жүргізілу, шетелдік қымбат жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б. жолдармен осы заңсыз алынған байлықтың басым бөлігінің шетелге шығарылуы. Бұл қаржылар біздің ел үшін біржолата жоғалады, олар инвестицияланбайды да, өндірістік айналымға да салынбайды, өнімді және қосымша құнды тудырмайды» - деп Мәжіліс депутаты атап өтті.

Сонымен бірге, Қ.Берентаевтың 2-3 млрд. доллар көлеміндегі пара туралы берген  бағасының бұл орайда төмен көрсетілгендігі көрініп отыр. Парламенттік оппозиция лидері «Время» газетінің (03.05.2012 ж.) мәліметтерін мысалға келтірді. Оған сәйкес «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде әрекет еткен сыбайлас шенеуніктердің бір тобының өзі шетелдік компаниялардың шоттарына елден 2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны аударып жіберген.   

«Ақ жол» партиясының төрағасы «Осылайша ЖІӨ-нің нақты көлемі елден шығарылған капиталдың көлеміне азаяды, ал жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіш ресми статистикада көрсетілетін сандардан әлдеқайда төмен болады» деп санайды.

Сондай-ақ, А.Перуашев барлық жаңа құрылымдарды мемлекеттік сатып алу заңнамасының күшінің аясынан және тиісті бақылаудан шығару бойынша орын алып отырған тенденцияны атап өтті: «Алдымен бұл ұлттық компаниялар болған, жақында ғана Ұлттық банк пен әкімдіктер жанындағы тұрақтандырушы қорлар шығарылды, ал бүгін өзінің ведомстволарын шығарып алуға кезекті ниет танытушылар туралы белгілер түсуде».  

            «Қай кезде де Есеп комитетінің министрліктер мен ведомстволардың бюджетті орындауы туралы есебінде мемлекеттік органның өнімді нарықтық бағадан 3-4 есе және одан да жоғары бағамен сатып алғандығы және төлемді оффшорлық аймақ арқылы (бұндай фактілер жеткілікті) жүргізгендігі туралы деректер кездескен кезде – әңгіменің заңсыз (сыбайлас жемқорлық) капиталдың сыртқа шығарылуы туралы болып отырғандығын түсіну қажет» - деп толықтырды Азат Перуашев. Оның пікірі бойынша, бұлардың қатарына жоқ дүниені кепілге қою арқылы жалған банктік несиелер бойынша қаржыны Қазақстаннан шығаруды да жатқызу қажет. Бұл жағдайға атышулы М.Әбілязов маманданған болатын.

«Ал осының барлығы біздің адамдарды тонауға, олардың нақты табыстары мен мүмкіндіктерінің төмендеуіне алып келеді, адамдардың әділ өндірістік еңбектен бетін қайтарады. Айналаңда пайда табудың басқа да мысалдары жеткілікті болған кезде, адал ақша табуға тырысып не керегі бар?» - деп, депутат осындай сауал қойып отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, соның ішінде мемлекеттік қызмет саласын тазалау мен сауықтыру, мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау, мемлекеттік қаржының барлық операторларының қызметін бақылауды қоғамның бақылауына кері қайтару, жемқорларды қабылдамаудың жаппай идеологиясын қалыптастыру жолымен әрекет ету – елден қаржының заңсыз шығарылуын тоқтату секілді әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының ажырамас бөлігі атануы тиіс», - деп, Азат Перуашев сеніммен айтып отыр.

 

2012 жылғы 20 шілде, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі