«Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.
«Ақ жол» партиясының парламенттік Фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, депутат Меруерт Қазбекова және аппарат жетекшісі Айгүл Рупатова жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Партия төрағасы бастаған «Ақ жол» делегациясы партияның облыстық кеңесінің отырысына қатысып, павлодарлық кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтсақ, халық қалаулылары облыс әкімі Ерлан Арынмен, «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның, «Қазақстанның электролиз зауыты» АҚ-ның, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-нің, «Екібастұз – ГРЭС-2» стансасы» АҚ-ның басшылығымен және жұмысшыларымен кездесті.
Мәжіліс депутаттары сайлаушыларға партия қызметі, Мәжілістегі Фракция жұмысының алғашқы нәтижелері туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, кездесулер барысында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаладан туындайтын Президент Н.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстары талқыланды. «Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты қысқартумен, әділ сот төрелігін қамтамасыз етумен, жемқорлыққа қарсы тұрумен, жаппай кәсіпкерлікті дамытумен, банктердің тәбетін шектеумен және т.б. байланысты біздің ұсыныстарымыз ақыр соңында ұсынылған Бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға жәрдемдесуге бағытталған», - деп атап өтті «Ақ жол» ҚДП төрағасы.
«Ақжолдықтар» сайлаушылардың сауалдарына жауап беріп, негізінен ұсынылып отырған партия бастамаларын қисынды түрде аяғына дейін жеткізумен байланысты ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, бірқатар мәселелер де көтерілді. «Ромат» компаниясының өкілдері баспана мен балабақша құрылысына арнап жер телімін бөлуге қатысты қиындықтар, жұмысқа шетелдік мамандарды тарту кезінде кәсіпорындардың кездесетін қиындықтары туралы айтып өтті. Бұлар Қазақстанға кіру үшін виза алумен және шетелдік мамандарды жалдау процедураларымен байланысты.
Алюминий және электролиз зауыттарының ұжымдары «Ақ жол» партиясының техникалық байқауды алып тастау туралы бастамасының әрі қарайғы жағдайына қызығушылық танытып, осыған қатысты өз қолдауларын білдірді.
Партия жетекшісі сайлаушыларға «Ақ жол» партиясының депутаттары барлық өтініштерді қарап және олар бойынша қажетті көмекті көрсететіндігін айтып сендірді. «Біз осы үшін Парламентте отырмыз және аймақтардағы осындай кездесулер барысында Қазақстан халқының алдындағы өзіміздің міндеттерімізді орындау бойынша әрі қарайғы іс-әрекетімізді толығырақ нақтылай алатынымызға үміттіміз», - деді Азат Перуашев.
2012 жылғы 1 тамыз, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі