Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Аманжан Рысқали ешқайда кеткен жоқ, ол ел ішінде демалыста.
Депутат Аманжан Рысқали ешқайда кеткен жоқ, ол ел ішінде демалыста

Депутат Аманжан Рысқали ешқайда кеткен жоқ, ол ел ішінде демалыста. 

 

Депутат Аманжан Рысқали өз елінде демалыста – бұл туралы бүгін ол партия төрағасы Азат Перуашевқа телефон арқылы орын алған әңгімеде айтты. 

Бір-екі күн турасында бірқатар БАҚ анонимді дерек көзіне сілтеме жасай отырып, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының депутаты өзінің ағасы, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалидің ұсталуына байланысты «елді тастап кеткен» секілді деп ақпарат таратқан болатын. 

Аманжан Рысқалидің өзі айтқандай, ол қазір барлық Парламент депутаттары секілді демалыста, Қазақстанда жүр және әріптестерімен бірге жұмысқа кірісуді жоспарлап отыр. 

Сонымен бірге депутат кез келген адам секілді оған және оның жақындарына өзіне қатысты жалған ақпарат төңірегінде көтерілген шудың түсініксіз және жағымсыз екендігін атап өтті. 

«Ақыр аяғында біз құқықтық мемлекет қалыптастырудамыз. Және мен кіммен таратылып жатқандығы белгісіз қауесет үшін ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Керісінше, олар маған қатысты ақпараттарын дәлелдеулері қажет, ал ол үшін оларға бастапқыда ең болмаса өздерінің бет пердесін ашу керек», - деді ол және осы себепті жасанды дүрлікпенің басылғанынша баспасөз құралдарымен телефон арқылы тілдесуін шектеуге мәжбүр екендігін жеткізді.   

«Әрбір саясаткердің, әсіресе бизнестен келген адамның әрқашан пікірлестері де, оппоненттері де болады. Бұл қалыпты жағдай. Ал бұл қоғамның аттары аталмаған дерек көздерінің нұсқаларын емес, нақты ақпаратты пайдаланғанын қажет етеді», - деп осыған байланысты «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев атап өтті. Еске сала кетейік, бір күн бұрын ҚазТаг корреспондентінің осыған ұқсас сұрағына жауап бере отырып, ол түсініспеушілікке жол бермеу үшін баспасөз құралдарын  қауесетке емес, ресми хабарламаларға сүйенуге шақырды.   

«Қоғамдық және саяси тұстарынан басқа бұл мәселенің этикалық жағын да ұмытуға болмайды. Әңгіме жанұясы, ата-анасы, балалары және жақындары бар нақты адам туралы орын алып отыр. Және негізділігі әзірге ештеңемен дәлелденбеген, осындай тексерілмеген ақпаратпен оларға зардап келтірілуде», - деп санайды Азат Перуашев.   

 

Анықтама үшін: бүгін ІІМ Бергей Рысқалидің ұсталуы туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. 

 

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі, 22 тамыз