Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Ақ жол": Бюджеттік жоспарлаудың құрылымы экономикалық дамуды ынталандыру шараларына жеткіліксіз мән беріліп отырғандығының дәлелі болып отыр.
Одним из основных инструментов повышения эффективности расходов бюджета, актуальных в настоящее время для Казахстана, является внедрение методов формирования бюджета, основанных на принципах бюджетирования, ориентированного на результат (БОР)

«Ақ жол»: Бюджеттік жоспарлаудың құрылымы экономикалық дамуды ынталандыру шараларына жеткіліксіз мән беріліп отырғандығының дәлелі болып отыр.

 

Бюджет құрылымы бюджеттік жоспарлаудың тұтынушылық сипатының сақталуының және экономикалық дамуды ынталандыру шараларына жеткіліксіз мән беріліп отырғандығының дәлелі болып отыр – бұл туралы Азат Перуашев 2013-2015 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау бойынша өткен Мәжілістің пленарлық отырысындағы сөз сөйлеуі кезінде мәлімдеді. 

Депутаттың ойынша, ағымдық бағдарламалар мен даму бағдарламалары бойынша қолданыстағы индикаторларды тиімді ақырғы нәтиже көрсеткіштері деп айту қиындау. Мысал ретінде Азат Перуашев ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Экспортшы - 2020» бағдарламасын келтірді. Онда нәтиже көрсеткіштері болып шетелдік нарықтарға шығару кезінде мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар саны анықталған. 

Жоспар бойынша осындай бір келісім-шарттың орташа құны 470 мың доллар шамасында белгіленіп отыр, ал олар бойынша пайда тек 100-150 мың долларды құрайды, оның ішіндегі шамамен 30-40 мың долларды бюджеттен берілген мемлекеттік қолдау құрайды. Ол мұндай келісім-шарттардың отандық кәсіпорындардың эскпорттық бағыттылығына және тұтастай алғандағы ұлттық экономикаға айтарлықтай әсері туралы күмәнін білдірді.     

 «Бағдарламаның жеткілікті түрде пысықталмағандығы туралы сұрақтар туындайды және мұндай мысалдарды іс жүзінде әрбір әкімші бойынша келтіруге болады, - деп атап өтті Азат Перуашев. - Нәтижеге бағытталу қағидаты бойынша бюджетті қалыптастырудың орнына, бюджетті жоспарлау үшін іс жүзінде өткен кезеңнің есеп деректері және оған қосымша 20-30 пайызға   қарапайым математикалық есептеу арқылы көрсеткішті көтеру негіз болғандай әсер туындайды. Нәтижесінде, бюджеттің орындалуын бағалау кезінде, бюджет қаражаттарын игеру пайызы оларды шығындаудың тиімділігін бағалауды алмастырады».    

Бюджет процедураларын орындауға белгіленген уақыттың шектеулі екендігін ескере отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары ұсынылған бюджет жобасын қолдады. «Біз бюджет бойынша пікірталастардың созбалануының мемлекеттік бағдарламалардың тоқтап қалуына әкелу, ел өмірінде айтарлықтай проблемалар туындату мүмкіндігін түсінеміз», - деп атап өтті «ақжолдықтар» (мысал ретінде еске сала кетейік, өткен жылдардағы дәрі-дәрмектерді сатып алу кезіндегі созбалаушылық кесірінен кейбір науқас азаматтар топтарының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп-қатер төнген еді).  

Сонымен бірге, жаһандық экономикадағы кері тенденцияларды, сыртқы сұраныс пен қазақстандық экспорттың дәстүрлі тауарларына деген бағаның төмендеуін, ЖІӨ бойынша болжамдардың төмендеуін есепке ала отырып, Азат Перуашев бюджетті бекіткеннен кейін бірден бюджеттік маневрді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бюджет стратегиясын дайындауға кірісуге шақырды. Мұндай стратегия бар тәуекелдерді ескеруі, ведомстволық бағдарламалардың бағыныштылығын ұлттық экономика мақсаттарына бекітуі, сыртқы талаптарға байланысты бюджетті оңтайландырудың мүмкіндігін қарастыруы тиіс.   

Аталған стратегия әлеуметтік мәселелерді шешудің экономикалық базасы ретіндегі өңдеуші өндірістердің, ауыл шаруашылығының, шағын және орта бизнес өсімінің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған болуы тиіс.  

«Ақ жол» партиясы көшбасшысының пікірінше, бюджет стратегиясының индикаторлары сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің айқын бір бөлігін жоққа шығаратын инфляция мен тарифтер өсімінің нақты мәндеріне сәйкестендірілуі тиіс. 

 

2012 жылғы 17 қазан, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі