Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азат Перуашев: СІМ қазақстандық ақшаның Кипрде бар жоғын анықтауы тиіс, бұл жағдайды заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару үшін пайдалану және адал бизнесті қорғау қажет.
Азат Перуашев: СІМ қазақстандық ақшаның Кипрде бар жоғын анықтауы тиіс, бұл жағдайды заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару үшін пайдалану және адал бизнесті қорғау қажет

Азат  Перуашев: СІМ  қазақстандық ақшаның  Кипрде бар жоғын анықтауы тиіс,  бұл жағдайды заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару үшін пайдалану  және адал бизнесті қорғау қажет.

 

Азат Перуашев: СІМ  қазақстандық ақшаның  Кипрде бар жоғын анықтауы тиіс,  бұл жағдайды заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару үшін пайдалану және  адал бизнесті  қорғау қажет  –  бұл туралы бүгін  Премьер–министрге депутаттық сауалында Азат Перуашев мәлімдеді.

ҚДП фракциясының көшбасшысы еске салғандай, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, сыртқы саясаттың басымдылығы айрықша прагматикалық принциптерге негізделген ұлттық мүдделерді ілгерілету болып табылады. Сонымен бірге, ҚР Конституциясында Республика азаматы  өз мемлекетінiң қорғауында болатыны анықталған.

«Ақ жол» фракциясы депутаттарының пікірінше, қазiргi уақытта азаматтардың мүліктік құқықтарын бұзу қаупі төніп тұр, мүмкін тіпті Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделеріне қысым жасау болып жатыр.

Белгiлi болғандай, дағдарысқа қарсы шаралар барысында Кипрде бұл елдiң билiктерімен жергiлiктi банктердегi iрi депозиттерiнiң сомасынан 80% нақты тәркiлеу туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылданған.

- Бұл шешiм, елдің мемлекеттiк бюджеттің тапшылығын кипрлік банктерге  өз жинақтауларын сеніп тапсырған басқа елдің салымшыларының есебінен тікелей жабуын көрсетеді,-деп атап өтілген депутаттық сауалда.

БАҚ-ғы мәлiметтерге сәйкес, қазақстандықтардың және қазақстандық компаниялардың Кипрдегі ақшалай қаржылары 1 миллиардтан астам евроны құрауы мүмкін.

Бұл қайдағы ақшалар, нақты қай біздің отандастарымызға немесе кәсiпорындарына тиесілі екендігі, олардың қаншалықты таза еңбекпен тапқаны жалпы көпшілікке әзірше белгісіз. Осыған байланысты, бұл қаржылардың бiр бөлiгiнің шығу тегінің сыбайлас жемкорлық та болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. Солай болғанның өзінде де біздің елімізден ұрланған бұл ақшаларды Қазақстанға қайтару керек. Бұл деген жүздеген салынбаған мектеп, аурухана, балабақша, мыңдаған шақырым салынбаған жол,-деп атап көрсетті қазақстандық демократтардың көшбасшысы.  -  Егер бизнесте таза еңбегімен табылған қаржы туралы әңгіме болса, онда біздің мемлекет өзінің азаматтарын, оларды басқа бір мемлекеттің тарапынан ашықтан-ашық тонаушылығымен бетпе-бет қалдырмай қорғауы тиіс.

Сонымен қатар, кипрлік банктердегі есепшот ұстаушылардың ішінде сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар және ұлттық компаниялардың болуы да мүмкін. Мәселен, анықталып отырғандай, бірқатар ең iрi ресейлiк мемлекеттiк компаниялардың есеп шоттары болған, сол Кипрдегі банкілер арқылы транзакция және мәмiлелер жүргізген.

- Сондықтан, заңсыз тәркіленген қазақстандық азаматтардың жеке қорлары ғана емес, және бiздiң мемлекетке қарасты кәсіпорындарға тиесілі қаржының да болу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды,- дейді осыған байланысты Азат Перуашев.

 «Ақ жол» партиясы, Үкімет және СІМ болып жатқан жағдайлардың бетін ашып қана қоймай, оған Қазақстанның қатынасын да анықтау қажет,

әрі қазақстандық бизнестi қорғауы тиіс, сондай-ақ осы жағдайды, Кипрдің пайдасына жататын тәркiлеудегі қазақстандық қаржының сомасы шамамен 160 милрд. теңгені құрауы мүмкін екенін есепке ала отырып, бұрын коррупционерлермен заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтару және ұлттық экономикаға құю үшiн пайдалану керек.

«Қазақстанда көрсетілген ақшаны жұмсайтын біздің өзіміздің де проблемаларымыз жеткілікті» - деді Азат Перуашев.

Мұндай мәселені қою үшін барлық құқықтық негіздер бар деп есептейді фракция депеутаттары. Мәселен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес меншік құқығы  заңмен қорғалған. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен  айыруға болмайды.

Кипр Республикасының Конституциясына сәйкес ешқандай да салық, баж немесе кез-келген түрдегі мемлекетке төлемдердің кері күші болмайды.

«Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының» 17-бабында әркім мүлікті иелену және кез-келген мүлкінен айырудан қорғау құқығы қарастырылған.

«Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы»  Еуропалық конвенцияның  N 1 Хаттамасының 1-бабында әрбір жеке немесе заңды тұлғаның өз меншігін құрметтеу құқығы танылады.

- Ресей Федерациясының ресми органдарының еуроаймақ елдерінің және Кипрдің шешімдерін  «әдiлетсiз, кәсiби емес және қауiптi» деп атап, өз азаматтарының және өз елінің экономикалық мүдделерін қорғауға кірісуі кездейсоқтық емес, - деп атап көрсетті «Ақ жол»-да.

         Ресейлік БАҚ-ы бұл мәселе бойынша үкіметтің адам құқықтары жөніндегі халықаралық  сотқа, халықаралық экономикалық арбитраждарға және өзге де халықаралық органдарға жүгіну ниеттері жайлы хабарлайды. Дәл осы уақытта ҚР Конституциясының 11-бабында Республика өзiнiң шегінен тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бергеніне қарамастан не қазақстандық СIМ-і, не бiздiң Үкiмет болып жатқан жағдайларға көңіл аударған жоқ.

          Осыған  байланысты демократиялық фракция депутаттары Үкіметтен Қазақстандық кәсіпорындардың, банктердің, ұлттық компаниялардың және ҚР азаматтарының Кипр оффшорлық аймақтарында депозиттері бар ма, олардағы ақшаның сомасы қанша және 80% тәркілеуде олардың ішіндегі қанша сомасы Қазақстан үшін жоғалатынын  хабарлауды сұрайды.

         Егер де, бұл ақшаларды заңсыз жолмен алынған деп бағамдауға негіз болса, онда оған бiздiң мемлекеттің құқығын мәлімдеу және елімізге оларды қайтаруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдана ма?

         Соңында, Қазақстанның адал азаматтарының және Кипрдегі қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау үшiн үкiмет қандай шаралар қабылдауды қарастыруда?

Сауалға парламент фракциясының депутаттары Азат Перуашев, Екатерина Никитинская, Азамат Әбілдаев, Меруерт Қазбекова, Нұрлан Жазылбеков, Талғат Ерғалиев, Алмас Тұртаев қол қойды.

Сауал жарияланғанан соң, «Ақ жол» ҚДП фракциясының төрағасына Ұлттық Банк басшысы бұл тақырып бойынша берген түсініктемесіне сілтеме жасаған журналистер шықты. Григорий Марченконың айтуы бойынша, қазақстандық азаматтар мен компаниялардың Кипр банктерінде депозиттері жоқ. Оған Азат Перуашев былай жауап берді:

-Марченко мырза Ұлттық Банктың мониторингтік мәліметтеріне сүйенетін болуы керек. Бірақ, банктерге қаражат аударымдары тікелей емес, яғни аралық төлемдер және офшорлы аймақтар арқылы жүргізілетіні де құпия емес. Сондықтан да, тек кипрлық дерек көздерінен сауал арқылы алынған ақпараттар түспейінше, кипр биліктің шешімдері біздің азаматтарымыздың мүддесін қозғамайды деп айтуға әлі ерте.

 

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша өз жұмысын жалғастыра береді.

 

3 сәуір  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі