«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаклық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Түзету енгізу қажеттігінің негіздемесі |
|
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы |
|||||
1 |
Жобаның 1-бабы жаңа 27-тар-мағының жаңа тармақшасы
16-баптың 3-тарма-ғының 2-абзацы |
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау ... 3.... |
16-баптың 3-тармағының 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Өтініш беруші сертификаттау жүргiзудiң алдында
азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға, жеңіл
және өте жеңіл авиация персоналын даярлаумен, қайта
даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын
авиациялық оқу орталықтарын, жеңіл және
өте жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушыларды,
авиация жұмыстарымен айналысатындарды және/немесе жалпыға
арналған авиация мақсатында ұшуды орындаушыларды
қоспағанда, сертификаттық зерттеуге жасалатын алдын
ала қорытындыны ұсынуға мiндеттi.». |
Сертификаттаудың қосымша рәсімдерінің пайда болуымен және коммерциялық тасымалдауда пайдаланылмайтын жеңіл әуе кемесін пайдалану шығындарының күрт ұлғаюына байланысты «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» (бұдан әрі – ҰҚҚО) РМК алдын ала қорытындысы мен сараптамасына қатысты қолданыстағы Заңның талабы жеңіл авиацияның дамуына және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді және сертификаттау рәсімін қайталауға алып келеді. Жеңіл авиация мен оқу орталықтары үшін сертификаттау кезінде қымбат қосымша рәсімдерді алып тастау қажет. |
|
2 |
Жобаның 1-бабы жаңа 27-тар-мағының жаңа тармақшасы
47-баптың 2-тарма-ғының 7-абзацы |
47-бап. Әуе
кемелерiн пайдалануға рұқсат ету және ... 2. ... Бекiтiлген үлгi конструкциясы жоқ
әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын
сертификаттауды уәкiлеттi органның қарауындағы
ұйымды және (немесе) әуе кемелерiн пайдаланушыларды
бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып,
азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге
асырады. |
47-баптың 2-тармағының 7-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Авиация жұмыстарын және жалпыға арналған мақсаттарда ұшуды орындайтын жеңіл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды авиация саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органның қарауындағы ұйымды және (немесе) әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады.». |
Заңның 47-бабы 3-тармағының 2-абзацы азаматтық
авиация саласындағы уәкiлеттi органның
қарауындағы ұйымның әуе кемелерiнiң
үлгiлерiне тиiстi рұқсаттары бар бiлiктi персоналы болуы
тиiс екендігін айқындайды. Алайда ҰҚҚО инспекторлары
тиісті рұқсаттары болмаса да, әртүрлі үлгідегі
әуе кемелеріне сараптама жүргізуді жүзеге асырады. |
|
3 |
Жобаның 1-бабы жаңа 27-тар-мағының жаңа тармақшасы
(47-баптың 3-тармағының 4-абзацы) |
47-бап. Әуе
кемелерiн пайдалануға рұқсат ету және 3. ... Бекiтiлген үлгi конструкциясы жоқ
азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға
жарамдылығы туралы актiнi азаматтық авиация саласындағы
уәкiлеттi органның қарауындағы ұйымның
инспекторлары және (немесе) әуе кемелерiн пайдаланушыларды
бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдар жасайды.
|
47-баптың 3-тармағының 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Авиациялық жұмыстарды және жалпыға арналған авиация мақсатында ұшуды орындайтын жеңіл авиацияның азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы туралы актіні азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйымның инспекторлары және (немесе) әуе кемелерiн пайдаланушыларды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдар жасайды.» |
Алдыңғы позицияға сәйкес. |
|
Депутаттар Н. Жазылбеков
А. Перуашев