Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Осыдан тура үш жыл бұрын, 2009 жылдың 26 наурызында Қазақстанның Киото Хаттамасына қосылуды ратификациялағаны белгілі. Аталған құжатқа сәйкес біздің еліміз парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту жөнінде өзіне міндеттемелер алды. Басқа жағынан алғанда, Киото Хаттамасы («В» қосымшасы) Қазақстан үшін халықаралық сауда жүйесіне эмиссиялық квоталармен кіру мүмкіндіктерін ашты.
Халықаралық эксперттердің бағалауы бойынша (мәселен, британдық Energy&Emissions, Ltd» компаниясының) 1 квотаның СО2-экв 15 евро және 340 млн.т (базалық жыл) және 90 млн.т. көлемде жыл сайынғы биржалық бағасымен бұл жүйеге кіру біздің елімізге отандық кәсіпорындарды модернизациялауға және баламалы энергетиканы дамытуға сауда басталған бірінші жылы 6 млрд-тан астам АҚШ долларын, келесі түсімдерден жыл сайын 500 млн шамасындаАҚШ долларын тартуға мүмкіндік берер еді. Аталған мүмкіндіктерді посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдер (Латвия, Эстония, Украина) пайдаланып қалды, бұл мұндай әрекеттердің орынды екендігін тікелей растау болып табылады.
Сонымен қатар Киото хаттамасын ратификациялаған 3 жылдан кейін де Қазақстан түсініксіз себептермен көрсетілген Хаттаманың «В» Қосымшасына енбей отыр, ал бұл оны жоғарыда аталған мүмкіндіктерден қазіргі уақытқа дейін айырып отыр. Жоғарыда келтірілген эксперттік бағалауды есепке алсақ, ұлттық экономиканың айырылып қалған пайдасы (сауданың эмиссиялық квоталарын пайдаланбаудан) осы кезеңде бірнеше миллиард АҚШ долларын құрайды.
Салыстыру үшін: кейбір мәліметтерге қарағанда, Украина Киото хаттамасына және «В» қосымшасына қосылғаннан кейін халықаралық инвестиция ретінде экономиканы модернизациялауға 30 млрд шамасында АҚШ долларын алған.
Халықаралық саудаға эмиссиялық квоталармен қосылудың және шетелдік әріптестерден қаржы алудың орнына уәкілдік берілген мемлекеттік орган атынан ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі экономиканың нақты секторына қосымша қаржылық жүктеме түсіретін өздерінің эмиссияларын өнеркәсіптік кәсіпорындары төлейтін квоталардың ішкі нарығын енгізуде.
Сонымен экономикаға түсім және модернизацияға инвестиция әкелудің орнына біздің елде компанияларға нұқсан келтіретін және үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік туғызбайтын мүлдем кереғар амал жүзеге асуда.
Осыған байланысты, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден экономиканы модернизациялауды халықаралық қаржыландыру бойынша Киото хаттамасының қолданыстағы тетіктерінің пайдаланбауының себептері туралы, сондай-ақ Қазақстанның көрсетілген Хаттаманың «В» Қосымшасына қосылуының перспективасы туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары
А.Перуашев
Е.Никитинская
А.Әбілдаев
А.Рысқали
М.Қазбекова
Н.Жазылбеков
А.Тұртаев